Қазақстан бойынша су ресурстары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе
2

2.Су ресурстары экологиясы 3
3.Су ресурстарының сапасын сараптауды жүргізудің тәртібі 5
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi 10
5.Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге
   асыратын органдар
11
6.Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу
   тәртiбi, мерзiмi, қорытындысы
11
7. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы
12
8. Қоғамдық экологиялық сараптама
15
9. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу тәртiбi
16
10. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы 17
11. Экологиялық сараптау саласындағы жұмыстарды лицензиялау 29
12. Қорытынды
20
13. Әдиебеттер тізімі
21

1. Кіріспе

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде.
Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар, көбінесе адам іс-әрекетінен
туындап отыр. Ең басты проблемалардың бірі – Жер шарындағы адам санының
артуы. Нәтижесінде, жер шарының тұрғындарынын азық-түлік, шикізат, жылу
энергиясы, киім-кешек және табиғат ресрстары қажет болып отыр. Оның үстіне
соңғы ғасырда адам баласы ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды
болмаған жетістіктерге жетті. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы,
табиғи қорларды барынша пайдалану қоршаған орта жағдайын нашарлаиып, адам
денсаулығына орасан зор зиян келтіруде. Қазірдің өзінде жер шарының
көптеген елдерінде азық-түлік, шикізат, су және энергия тапшылығы сезілуде.
Әлемдік эколгиялық проблемалардың бірі су ресурстарының экологиялық
жағдайы болып отыр. Ол – жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық
сапасының төмендеуімен және экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы
көрініс беруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістерге ірі дауылдар, су
тасқындары, жанартаулар атқылауы, жер сілкінуі, теңіздер мен мұхиттар
деңгейінің көтерілуі немесе тартылуы, өрттер, т.б. апаттар. Адамның
табиғатты өзгертуге байланысты іс-әрекеттері жер шарындағы тіршілік үшін
қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді өмірге алып келетін деңгейге
жақындады.
Табиғат адам баласының шектен тыс еркіндігі мен ағаттықтарын
көтермейді. Өз кезегінде табиғат адам жіберген қателіктерді жауап ретінді
экологиялық апаттарды сыйға тартады. Мысалы, қоршаған ортаның химиялық
ластануы жер шарында жиі-жиі байқалып отырған жылыжай эффектісі, озон
қабатының тесілуі, қышқыл жауындары сияқты әледік экологиялық
проблемарды туғызу үстінде. Аталған апатты құбылыстар бүкіл жер шарының
ырғақты тіршілік тепе-теңдігін бұзып, әлемдік климаттың өзгеру қауіпін
туғызып отыр. Оны біз соңғы жылдары жиі байқалатын қуаншылық, шөлейтену, су
экожүйелерінің тартылуынан көреміз.
Қазақстанда каспий теңізі деңгейінің көтерілуі мен арал, балқаш су
көздері деңгейінің төмендеуі жалпы ауа райы, фауна мен флораның қалыпты
тіршілігіне нұқсан келтіруде. Аталған су алаптары өңірінде мыңдаған гектар
орман-тоғай, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі жойылып, бұрынғы тмаша
табиғи жайылымдар мен шалғындықтардың орнына тіршілігі жойылған немесе
жойылыға жақын құмдар мен шөлдер, тортаң тақырла пайда болды.
Қазақстанда басқа да өзен, көлдердің экологиялық жағдайы мәз емес.
Әсіресе Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу және т,б, өзендері өндіріс
қалдықтары, тұрмыстық лас сулар арқылы таралатын ауыр металдармен және
химиялық зиянды заттармен ластанып, топырақтың құрамы өзгеруде.
Елімізде су айдындары проблемаларымен қатар топырақ құнарсызданып,
тақырлар мен шөлдердің аумағы артуда. Жайылымдардың, табиғат
ландшафтыларының өзгеруі табиғи ортаның сапасына кері ықпалын тигізіп отыр.
Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және
қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде
кешенді тұрғыда қарастыруды қажет етеді.

2. Су ресурстары экологиясы
Дүниежузілік су қорының ластануы бүкіл адамзат қаумының алаңдатып
отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Су айдындарының ластануын былайша
топтайды:
- биологиялық ластану:өсімдік, жануар, микроорганизімдер мен
ашуға бейім заттар;
- химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын
бұзатын заттар;
- физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс,
радиоактивті заттар.
Су құрамының ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың
құрамындағы химиялық еріген элементтер, бөлшектер және температура әр түрлі
болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалақ
көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы мемлекеттік стандарт
2874-82 (ГОСТ) брйынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су алабының ластануның негізгі себептері – тазартылмаған ағын суларды
өзен, көлдерге жіберу. Оның негізгі көздері:
- тұрғын-үй коммуналдық шаруышылықтар;
- өнекәсіп орындары;
- ауыл шаруашылығында тыңайтқыштардың мөлшерден тыс
қолданылуы;
- шаруашылықтан басқа да салалары.
Ағын суға құйылатын лас сулар бірнеше топқа бөлінеді. Оларды: қоспалар
(ерімейтін, коллоидті, ерітінділер), лас сулар (минералдық, органикалық)
бактериялық биологиялық деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 52
пайыз, минералды заттар 42 пайыздай болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын
сулармен және синетикалық жуғыш заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл
заттар химиялық ластану көздеріне жатады. Соның ішінде сулы экожүйелердің
пестицид, гербецид және басқа да химиялық улы заттармен ластануы
Қазақстанда кең етек алған. Мысалы, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-
бақша, жылыжай зиянкестеріне қарсы химилиялық заттар көп қолданылған.
Осының салдарынан ластанған судың сапасын өте төмендегендіктен, оның
микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайнуаттар, құстар зардап шегеді. Өз
кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлік арқылы да адам
организіміне түсіп үлкен зиянын тигізеді.
Қазірге кезде өзен, көл суларымен қатар жер атсы суы сулары да
сарқынды, шайында сулармен және еріген зияынды заттармен ластанып отыр.
Оның негізгі ластану көздері:
- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
- химиялық заттар мен тынайтқыштар;
- тұрмыстық қалдықтар;
- жер асты суымен жалғасатын құбырлар;ірі құрылыстар;
Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауруларды тарататын микробтар,
вирустар кездеседі.
Қазақстан жағдайында өзен, көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп
шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай
сипат алуда.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты және
т.б. зауыттардың сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын,
мырыш, сынап т.б. аур металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Іле-Балқаш алабы суының да сапасы нашар. Мұндағы ластағыш заттар –
ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Іле өзенінің ортанғы ағысы,
жалпы өзен экожүйесі көп жылдар бойы күріш алқаптарын игеруге байланысты
минералды тынайтқыштар мен химиялық улы заттарды өте көп қолдану салдарынан
зардап шегуде. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасылмалдау, Қапшағай су
қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы экологиялық жағдайды ушықтыра
түсуде.
Сырдария, Шу, Талас, Ақсу өзендерінің сулары салыстырмалы түрде таза
деп есптеледі. Соның ішінде Сырдария, Шу өзендері ауыл шаруашылығын
химияландыру салдарынан және дренаж суларымен ластануда.
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнайды көп өндіруге және теңіз
деңгейінің табиғи көтерілуіне байланысты экологиялыө жағдай шиеленісіп
отыр. Теңіз деңгейінің көтерілуі жүздеген мұнайқоймалары мен өндеу
нысандарын істен шығарады. Қазір Қаспий мұныйн игеру бүкіл әлемді
дүрліктіріп, шетелдік инвесторлар теңіз қара алтынын игеруге ұмтылуда. Ал
олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды
сақтауы екіталай.
Жер бетінде экологиялық жағдайдың шиеленісуі қоршаған табиғи ора
мапасына кнделікті бақылау жасауды қажет етеді. Әсіресе үлкен елді мекендер
мен қалаларда су құрамын бақылап отыру бүгінгі күннің талабы. өл үшін біз
өзіміө тіршілік етіп отырған мекеніміздің немен ластанып жатқанын алдын ала
бақылап біліп отыруымыз керек. Міне осы проблеманы мониторингтік бақылау
жүйесі жүзеге асырады.
Су ресурстарының Зардаптары Зардаптарды жою
ластануы жолдары
Биологиялық Адамның ауруға ұшырауыЛастану көздерін
анықтау
Химиялық Қоршаған ортаның Экологиялық
ластануы сараптама жүргізу
Физикалық Экономикалық шығындар Мониторингтік
бақылау

3. Су ресурстарының сапасын сараптауды жүргізудің тәртібі
Мониторинг – қоршаған орта сапасына бақылау жасау, баға беру және
болжам жасауды жүзеге асыратын жүйе.
Мониторингтік бақылау жүйесінің (МБЖ) ең бірінші кезектегі міндеті
қоршаған ортаның аймақтық, жергілікті және әлемдік деңгейдегі ластану
дәрежесін анықтау болады.
Жобалау алдындағы (жер таңдау актiсiне құжаттар) мен жобалық
құжаттарына және арнайы суды пайдалануды лицензиялау жөніндегі құжаттарына 
келiсiм берудi экологиялық сараптау бөлiмi жүргiзедi.
      Көзделген қызметке келiсiм алу үшiн тапсырыс берушi (заңды немесе
жеке тұлға) материалдарды мемлекеттiк экологиялық сараптауға табыс етуi
тиiс
(Мiндеттi түрде кезектiлiктiң сақталуы). 
1. Құрылыс, қайта жаңарту нысандары орналасқан жердi немесе басқа
көзделген қызметтi келiсу (жер таңдау)
      1.1. Мемлекеттiк экологиялық сараптауға берiлетiн жер таңдау
құжаттары келесi мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарымен келiсiлуi
тиiс:
• мемлекеттiк  санитарлық-жұқпалы ауруларды қадағалау басқармасы;
• жер ресурстарын басқару жөнiндегi  комитет;
• өсiмдiктер және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi басқарма (орман
шаруашылығының жерлерiнде құрылыс жүргiзгенде);
     1.2. Келiсiм алуға басқа құжаттармен бiрге тұпнұсқа түрiнде (немесе
анық көшiрмесi) жоғарыда көрсетiлген бақылау органдарының жазба
қорытындылары бiрге тапсырылуы қажет. Экологиялық сараптауға берiлетiн
жердi таңдау актiсiне комиссия төрағасынан басқа комиссияның барлық
мүшелерiнiң қолдары қойылған болуы тиiс.
     1.3. Құжаттарға сондай-ақ нысанды орналастыруға жұртшылықпен, немесе
көзделген қызмет мүдделерiн қамтитын басқа да субьектiлермен  келiсудiң
нәтижесiн көрсететiн, тұрғындардың жалпы жиналысының хаттамасы түрiндегi
материал қоса берiлуi тиiс.
     1.4. Қоршаған ортаға зиянды әсерi бар нысандарды орналастырғанда жердi
таңдау жөнiндегi материалдардың құрамында бұған қоса қызметтiң бұл түрiне
лицензиясы бар ұйым орындаған шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға
тигiзетiн әсерiн алдын ала бағалаған материалдар болуы қажет.
     1.5. Құжаттар iлеспе хатпен (өтiнiшпен) жолданады.
     1.6. Жолданған құжаттар басқарманың қабылдау бөлмесiне (№ 101 комната)
папкада, құжат тiгiлетiн мұқабада, файл-папкада тапсырылуы тиiс. 
2. Құрылыс жобаларын (қайта жаңарту),құрылыс нысандарының ТЭН-iн
(техникалық экономикалық негiздеме) келiсу 
      2.1. Жердi таңдау жөнiндегi материалдарға экологиялық сараптаманың оң
қорытындысы берiлген жағдайда тапсырыс берушi нысандарды салуға (қайта
жаңартуға)  жобалық құжаттарды жасауы және оларды экологиялық сараптауға
тапсыруды қамтамасыз етуi қажет. Жоба толық құрамда тапсырылуы  және
құрамында қоршаған ортаға тигiзетiн әсерi бағаланған (ОВОС – ҚОТӘБ)
материалдар болуы тиiс.
      2.2. Экологиялық сараптауға жолданатын жобалық материалдар кезектi
бақылау және қадағалау органдарымен келiсiлуi қажет:
• мемлекеттiк  санитарлық-жұқпалы ауруларды қадағалау басқармасы;
• жер ресурстарын басқару жөнiндегi  комитет;
• өсiмдiктер және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi басқарма (орман
шаруашылығының жерлерiнде құрылыс жүргiзгенде).
      2.3. Келiсiм алудың түпнұсқасы (немесе анық көшiрмесi), сондай-ақ
жобалық жұмыстарды жасау құқығы бар жобаны жасаушының лицензиясы сараптауға
берiлетiн жобамен қоса тапсырылуы тиiс.
      2.4. Экологиялық сараптауға түсетiн құжаттар тапсырыс берушi-ұйымның
(немесе жобаны жасаушының) бiрiншi басшысының қолы қойылып, расталған
iлеспе хатпен (өтiнiшпен) жолданады -     
2.5. Жолданған құжаттар басқарманың қабылдау бөлмесiне папкада, құжат
тiгiлетiн мұқабада, файл-папкада тапсырылуы тиiс. 
3. Мәлiмделiнген қызметтiң түрiне лицензия алу мақсатында экологиялық
қадағалау органдарының қорытындысын алуға құжаттарды келiсу 
3.1. Тапсырыс берушiлердiң (заңдық және жеке тұлғалардың) мемлекеттiк
экологиялық сараптаудың қорытындысын алуға қажеттi құжаттарының
тiзбесi:
1. Iлеспе хат;
2. Қызметтiң мәлiмделген түрлерiнiң тiзбесi;
3. Заңдық тұлғаның мемлекеттiк тiркелгендiгi жөнiнде куәлiгi;
4. Санақ карточкасы;
5. Жарғы;
6. Лицензияландырылған қызметтiң өндiрiстiк-техникалық жағдайы туралы
ақпарат.
7. Мамандардың бiлiктiлiк құрамы жөнiнде ақпарат;
8. Шаруашылық қызметтiң негiзгi бағыттары жөнiнде мәлiметтер көрсетiлген
қысқаша анықтама жазба;
9. Қоршаған ортаны ластауға рұқсаттың болуы;
10. Мәлiмделiнген шаруашылық қызметтi жүргiзуге бұрын берiлген лиценцияның
көшiрмесi.
     3.2. 3.1. пункiтiнде көрсетiлген құжаттар түпнұсқа (немесе анық
көшiрме) түрiнде тапсырылады.
     3.3. Қоршаған орта Министрлігі мен облыстық аумақтық басқармалар
аралығында өкiлеттiлiктi бөлiсу тәртiбiне байланысты экологиялық қауiптi
тiзбеге енетiн (атом энергиясын пайдалану, жарылатын және пиротехникалық
өнiмдердi өндiру мен сату, космостық ракета техникаларын, әскери қаруды
және басқаларды пайдалану) қызметтердiң түрлерiне, ҚР мемлекеттiк
құпияларын техникалық қорғау жөнiндегi қызметтiң барлық түрлерiне,
өнiмдердi шет елдерге шығару және шет елдерден кiргiзуге (жұмыс және қызмет
көрсету) экологиялық қорытындыны Қоршаған ортаны қорғау Мінистрлігінен
(Астана қ.) алу керек.  
4. Арнайы суларды пайдалану үшін рұқсат алу құжаттарының келісімі 
     4.1 қарастыруға Қазақстан Республикасында арнайы суларды пайдалануға
рұқсат беру және келісім туралы тәртібінің нұсқауы(2001ж)талаптарына
сәйкес жасалып құжаттар қабылданады.
     4.2 берілетін рұқсат және өз рұқсатының жасалуы үшін материалдар
мемлекеттік тілде және орыс тілінде белгіленген үлгі бойынша 2 данадан
толтырылып беріледі.
     4.3 арнайы суларды пайдалануға берілетін рұқсат құжаттарын басқармамен
төмендегі қолдану көлемінде қарастырылады:
1. жер беті сулары – іс әрекетегі және жобаланушы су қоймалары 1 млрд м
көлеміне дейін (обороналық нысандар және әскери бөлімдер, АЭС пен
мемлекеттік ерекше маңыздылығы бар нысандар, сонымен бірге шет ел
кәсіпорындарының нысандары).
2. жер асты сулары:
• бір ортаға бағыныңқы шаруашылық- ауыз суларымен қамтамасыздандыру үшін
көлемі 50 мың м тәулігіне дейін;
• техникалық су мен қамтамасыз ету және жайылымдар мен егіндіктерді
суландыру үшін –  көлемі 50 мың м тәулігіне дейін;
• жер асты суларын қатты пайдалы қазбаларды шығару мақсатында,
өнеркәсіптік және азаматтық нысандарында пайдалануына су тарту көлемі
50 мың м тәлігіне дейін.
Арнайы суларды пайдалануға берілген рұқсат құжаттары белгіленген көлемінен
жоғары болса су пайдалану мәлімдесі қоршаған ортаны қорғау Министрлігінде
жүзеге асырылады.(Астана қаласы).
     4.4 Келісім және рұқсат қағазы су пайдаланушының жазба түрінде өтініш
арқылы балансында суларды пайдалануды іске асыру үшін құрал жабдықтар мен
техникалық құрылғылары арқылы жүргізіледі. Рұқсат құжатында иеленуші
туралы, нысан, оның ерекшеліктері, кеңістіктегі шекарасы, түрі мен жалпы
суларды пайдалану белгілері, суларды пайдалану жағдайы, пайдаланылған су
ағымы, сапалы ағындар құрамы, тазарту құрылғылар саны және олардың
тиімділігі, жергілікті жердегі жер бедері  немесе ағын суларға рұқсат
берілетін нормативтік төгінділер мөлшері туралы мәліметтер болуы тиіс.
Рұқсат құжатына қосымша бас тоғандық(су жиынтықтары) құрылғыларын
пайдалану, мониторингтік және геологиляқ тексеру жұмыстарын көлемді
мөлшерде жүзеге асырылуында су пайдалану нысанының контурленген ауданы мен
белгіленген мөлшердегі  таулы- геологиялық байланыс сызбасы беріледі. 
Құжаттарды қарау мерзiмi 
     Экологиялық сараптауға түскен материалдар кезектiлiк тәртiбi бойынша
қаралады.Мемлекеттiк экологиялық сараптауда материалдарды қарау мерзiмi
тiркелген күннен бастап 3 айдан аспауы қажет.
     Жасалынған ескертулер орындалған   соң материалдар қайта экологиялық
сараптауға толық көлемде жiберiледi.
     Қайта экологиялық сараптама жасау 2 айдан аспауы тиiс.
     Арнайы суларды пайдалану құжаттары тіркеу күнінен бастап бір ай
қарастырылады.
     Жасалынған ескертулер орындалған соң тапсырылған зиянды заттарды
тастау шегi (ПДС-предельно-допустимые сбросы) жобалары үш ай мерзiмге дейiн
қаралады. 
 
Құжаттарды тәуелсiз (штаттан тыс) экологиялық сараптауларда қарау 
     Егер тапсырыс берушi құжаттарды тәуелсiз (штаттан тыс) экологиялық
сараптауға жолдаған жағдайда  тапсырыс берушi өтiнiште құжаттарды жолдаған
ұйымның атауын көрсетуi қажет (“Тәуелсiз экологиялық сараптау жасайтын
ұйымдардың тiзбесiн”қара).
     Өздерiне берiлген лицензияға сай тәуелсiз экологиялық сараптау
жасайтын ұйымдар сарапталатын құжаттарды сараптайды, ескертулер әзiрлейдi
және оларды мемлекеттiк экологиялық сараптауға жолдайды. Мемлекеттiк
экологиялық сараптама тәуелсiз экологиялық сараптаудың қорытындысына сәйкес
материалдарды келiсуге түпкiлiктi ресми сараптау қорытынды бередi не
болмаса оларды қайтарады және тапсырыс берушiге  жолдайды.
     Тәуелсiз экологиялық сараптауда құжаттарды қараудың мерзiмi және ақы
төлеу шартын тапсырыс берушi тәуелсiз сараптау жасайтын қай органмен де өзi
келiседi. Тәуелсiз сараптаудағы қаралатын құжаттар бойынша ескертулер және
ұсыныстар мемлекеттiк экологиялық сараптауға түскеннен кейiн жедел тәртiпте
қаралады.
     Мемлекеттiк экологиялық сараптаудан өтудiң бұл тәртiбi және
тапсырылатын құжаттардың құрамына қойылатын талаптар Қазақстан
Республикасының мына кезектi заңдары және нормативтiк актiлерiмен
реттеледi: “Қоршаған ортаны қорғау туралы” ҚР Заңы, “Экологиялық сараптау
туралы” ҚР Заңы, “Лицензиялау туралы” ҚР Заңы, “ҚР-нда жобалау алдындағы
және жобалық материалдарды мемлекеттiк экологиялық сараптаудан өткiзу
жөнiндегi Нұсқаулық”, “Кәспорындарды, үйлердi және ғимараттарды салу
жобалық-сметалық құжаттарын жасау, келiсу, бекiту және олардың құрам
тәртiбi жөнiндегi Нұсқаулық” А.2.2.-2001 ҚР Санитарлық нормалары және
ережелерi (СНиП РК), “Мемлекеттiк экологиялық сараптауды өткiзу тәртiбi
туралы” ТР және ҚОҚМ Комитетiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 2636 Хаты, ҚР
көзделген шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалауды өткiзудiң
уақытша нұсқауы БНҚ(РНД) 03.02.01-93, ҚР қоршаған ортаны қорғау
Министрлігі мен облыстық (қалалық) аумақтық қоршаған ортаны қорғау 
басқармаларының араларындағы өкілеттік бөлу тәртібі экологиялық сараптау
барысында (2003 жылдың 11 маусымындағы № 134 П Министр бұйрығымен
бекітілген), ҚР Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қырқүйектегi № 1440 Қаулысы, ҚР
Президентiнiң 19995 жылғы 17 сәуiрдегi № 2201 қаулысын орындау туралы ҚР
Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 Қаулысы, Өнеркәсiп саласында
қызметтiң лицензияландырылған түрлерiне Бiлiктiлiк талаптарын бекiту
туралы ҚР Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 Қаулысы, Екiншi қара
және түстi металдар нарық жүйесi туралы ҚР Үкiметiнiң 2000 жылғы 13
наурыздағы № 383 Қаулысы, Астық және азық-түлiктi қабылдау, сақтау, қайта
өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың жекелеген мәселелерi ҚР Үкiметiнiң
2000 жылғы 22 ақпандағы № 273 Қаулысы, ҚР Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
толықтырулар және өзгертулер енгiзу туралы ҚР Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 сәу
дегi № 522 қаулысы. 
Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексіне сәйкес, Қазақстан
Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық
сараптама жүзеге асырылады.
Экологиялық сараптама:
      - жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма
шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу және
экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау,
сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi
болдырмау мақсатында жүргiзiледi.

4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi
Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға мыналар жатады: 
      - жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары
қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдары;
      - табиғатты пайдалану мәселелерiне қатысты жоспарлау алдындағы және
жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлерi, болжамдардың, экологиялық
және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттiк органдар мен ұйымдар
қызметi негiзгi бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттiк инвестициялық
бағдарламалар, шарттар, келiсiмшарттар, оның iшiнде меншiк және
жекешелендiру нысандарын өзгертуге қатыстылары; 
      - қолданыстағы oбъектiлер үшiн қоршаған ортаға әсердi бағалау
материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары; 
      - кәсiпорындарды, объектiлер мен кешендердi, ғимараттар мен
құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға,
техникалық қайта жарақтауға, қайта бейiмдеуге, жоюға арналған техникалық-
экономикалық есептер және жобалар,  жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi
ресурстарын өндiру мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;
        - қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар
аумақтарын және шаруашылық қызметтi жүргiзудiң айрықша режимiндегi
аумақтарды салудың бас жоспарларының жобалары; 
      - көршiлес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе
оны жүзеге асыру үшiн көршiлес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды
пайдалану қажет болатын немесе көршiлес мемлекеттердiң халықаралық
шарттарда белгiленген мүдделерiн  қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет
жобалары;
      - жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, соның
iшiнде шетелден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды
негiздейтiн құжаттама;
      - табиғи ресурстарды пайдалануға немесе алуға лицензиялар берудi
негiздейтiн құжаттама.
    Мемлекеттiк экологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су ресурстары және оны тазалау технологиялары
Негізгі өзен бассейндері
Жер үсті суларының негізгі ластану көздері және ластаушы заттардың түрлері
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Сарысу өзені алабының көлдері
Қазақстанның табиғат ресурстары
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Ауа, су, топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсерін зерттеу
Қазақстандағы дәстүрлі емес энергия көздерінің күйі және ресурстарын бағалау
Диплом алдындағы іс-тәжірибе бойынша есебі
Пәндер