Судың гигиеналық маңызы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1.1Судың гигиеналық маңызы. 3
3.1. Гигиеналық талаптар 4
4. СанПин 2.1.4.559-96. 5
4.1. Судың құрамында болатын ластағыш қоспалардан тазалау 5
Қағаз өндіру орындарынан шығатын сарқынды суларын тазарту жолдары. 8
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 11

Кіріспе

Жер бетіндегі судың жапы мөшері 14 млн км3 шамасында. Бірақ қолданыста
жарамды тұщы сулардың стационарлық қоры гидросфераның 0,3% көлемін ғана
алып отыр. (4 млн км3 шамасында)
Біздің жер шарымызда су үнемі айналымда болады. Дүние жүзі мұхиттарының
бетінен жылына шамамен 412 мың м3 су буланады, ал оларға қайта түсетін
жауын-шашынның жылдық мөлшері 310 мың км3 шамсында болады 1,8.
Табиғатта су таза күйінде кездеспейді. Бұған мысал ретінде жауын-
шашынның құрамында 100 мгл дейін жететін әр түрлі ластағыштар дәлел бола
алады.
Қалаларды, ауылдарды және өндіріс мекемелерін ортақтандырған су
жүйесмен қамтамасыз ету техникалық - экономикалық және ұйымдастырған
шаралардан тұратын күрделі жүйе болып табылады. Олардың рационалды түрде
бақыланып отырылуы қала мен ауылды жерлердің санитарлық жағдайының деңгейін
анықтап, халықтың тіршілгіне қолайлы жағдай туғызады.
Адамзат тіршілігінде маңызды зор тұщы су қорларын шектелген және жер
беті мен жер қойнауларында әркелкі таралған8,10. Бұндай сулардың көп
мөлшері өндіріс орындардың тұрмысына қажет болса, кейбір мөлшері ауыл
шаруашылығында, балық аулауда қызметі зор.
Қазіргі кезде адамдардың тіршілік қолданысының артуы нәтижесінде
тұрмыстық және шаруашылық бағытта судың бағасы арттырылуда. Орта шамамен
бір адам тәлігіне 250 литр су пайдаланады 1,6. Бұдан су дефициті қауіпті
туу мүмкін, ал бұл өз алдына табиғи су қорларының тиімді пайдалану
мәселелерін туындатады.
Біздің заманымызда үнемі қолданыста болатын су сапасының деңгейін
жоғары дәрежеде екеніне күмән келтіруге болады.
Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша қазіргі кезде қалалық су
тасымалдау жүйесінің 60( жуығы авариялық жағдайда. Одан басқа қала
сыртындағы ауылдар мен ауылды жерлері есептемегенде, ал бұдай жерлерде
табиғи судың сапасы санитарлық нормалардан әлде-қайта алыс 3,6. Көптеген
өтіп жатқан ғылыми конференциялардың мәліметтеріне сүйенетін болсақ біздің
краннан тек ішуге ғана емес, тіпті тұрмыстық шараларға жарамсыз су ағып
жатыр. Тұрмыстық қолданысқа бағытталған су алдын-ала тазалығыш
қондырғыштарда улансыздандырылып, тазаланады. Бұндай сулар негізінен беткей
қорлардан алынады. Тазалану барысында су сақтау қоймаларына жеткен кезде
СанПиНа ең жоғарғы нормаларына сәйкес келді Бірақ көп киллометрлі
коррозияға ұшыраған труболармен жылжыған кезде, оның сапасы күрт
төмендейді, мөлдірлігі азайып, иісі пайда болады, құрамында темір, мыс,
мырыш және тағы басқа ауыр металдардың мөлшері жоғарылап, суға әр түрлі улы
компоненттермен қоса конструкциялық және герметизделген материалдардан
бактериялар түседі. Ал бұндай ластанған су адам организімне түсіп әр түрлі
аллергияның және қан ауруларының тууына алып келуі мүкін 5,9.
Міне осындай және тағы басқа күрделі мәселерге байланысты бұл жұмыстың
негізгі мақсаты ретінде:
- судың гигиеналық маңызымен танысып химиялық құрамын анықтау
- су сапасының стандарттық нормативтерімен танысу
- суды тазарту жолдарын ұсыну болып табылады.

1.1Судың гигиеналық маңызы.

Су қолданысының нормативтері.
Бір қала немесе ауыл тұрғынына тәулігіне қажетті судың мөлшері мекен
ету ортасының климаттық ерекшеліктері мен тұрғындардың тіршілік ету
деңгейіне тәуелді. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып СНиПА-ға “судың
қолдану нормалары енгізілген. Бұл нормаларға тұрғын үйлер, тұрмыстық-
коммуникалдық қызмет көрсету және тамақтану мекемелерінің суды қолдану
нормалары кіреді. Кейбір ірі қалалардың сумен қамтамасыз ету жүйелері 2-
есе жоғары нормалармен шектеледі (Алматы, Қарағанды, Астана). Бұндай
ірі қалаларда суды қолданудың жоғарғы көрсеткіші 300 л- 500 л (бір
тәулікте).
Су қолданысының мөлшерін есептеу барасында тәуелділік және
маусымдық ерекшеліктерге назар аудару қажет. Ол үшін суды пайдалануының
орта шамаларын әр тектілік (неравномерный) коэффициенті ретінде алынып,
сағат бойынша–сағаттық пайдаланудың ең жоғарғы көрсеткішінің орта
шамасына, тәуліктік-тәулік бойы пайдаланған ең жоғарғы көрсеткіштің
орта шамасына қатынасымен анықталады. Судың әр тектілік коэффициентін
алдын-ала анықтау, жыл мезгілінің ең ыстық кезеңдедерінде және тәулік
бойы су ең қажет етілетін уақытында сумен толық қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді 10.
Судың эпидемиологиялық маңызы
Орталықтандырылған су жүйесімен тұрғындарды жабдықтандыру, яғни
белгілі бір сапалық көрсеткіштерге сай және ауру туғызу қабілеті жойылған
сумен қамтамасыз ету, сол тұрғындардың санитарлық деңгейін жоғарылатуға
мүмкіндік береді. Ал бұндай санитарлық көрсеткіштерінің эксплуатация
кезінде орындалуы өз алдына санитарлық қолайсыз жағдайлар мен
катастрофалар туғызады 7,13.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұжымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша
күнделікті өмірде пайдаланатын ас суы сапасының төмен болуы салдарынан
жыл сайын 5 млн дейін адам өліп отырады.
Нашар сумен қамтамасыз етуіне байланысты жыл сайын 500 млн дейін
тұрғындардың инфекциялық ауруларға шалдығу жағдайлары кездеседі6,9.
Осындай және болашақта туындайтын мәселелерге байланысты
тұрғындарды сапасы жоғары сумен қамтамасыз ету қазіргі кезде актуальды
меселелердің бірі болып отыр.
Химиялық құрамы
Табиғатта су таза химиялық қосылыс ретінде мүлдем кездеспейді. Өзінің
универсалды еріткіш қасиетін сақтай отырып, бойында әр түрлі қосылыстар
пен элементтің болуы және олардың өзара қатынасы сол судың табиғатын
анықтайды2,5.
Тұщы судың (ас суының) минералдану шегі (құрғақ қалдықта) 1000мгл
органолептикалық белгілеріне байланысты анықталады. Тұздылығы жоғары
сулардың қышқылдық және тұздылық дәмі болады. Тұщы сулардың құрғақ
қалдықтарын негізінен хлоридтер мен сульфаттар құрайды. Олардың су
құрамындағы шектік мөлшері хлоридтер үшін 350 мгл болса, сульфаттардың
мөлшері 500 мгл аспауы тиіс .
Миниралдардың ең төменгі деңгейі адам организмінің гомеостазы
адаптациялық реакцилар арқылы бір қалыпты сақталады. 100 мгл құрғақ
қалдығындағы ас суының оптимальды миниралдануы 200-400 мгл диапозонында
болады. Бұндай жағдайда су құрамындағы кальций 25 мгл, магний 10 мгл
мөлшерінен төмен болмауы тиіс 4 .
Судың кермектілігі оның құрамындағы кальций мен магнийдің болуына
байланысты. Бұл көрсеткіш көбінесе тұрмыстық жағдайда байқалады (ет пен
жемістің нашар пісуі, оброзование накипи және т.б.). Сонымен қатар судың
кермектілігінің жоғарғы корреляциясы оның құрамындағы тек кальций мен
магнидің болуына ғана емес, қосымша 12 элементке (беррилий, бор, кадмий,
калий, натрий және кейбір аниондар т.б.) тәуелді.
Соңғы жылдары судың құрамындағы тұздардың мөлшерінің төмен болуы
жүрек ауруларының пайда болуына алып келуі туралы мәліметтер бар 3,6.

Адам судан 10-85%-ке дейін қажетті фторды ала-алады. Су құрамында
фтор конденсациясы жоғары (2-8 мгл) геохимиялық аудандарда мекен ететін
тұрғындардың арасында эндемикалық аурулардың қатарына жататын флюороз
ауруына алып келді, яғни флюороздың пайда болуын ас суы құрамындағы фтор
концентрациясына тікелей байланысты5,6.
Фтор концентрациясы 1,4-1,6 мгл дейін жеткен кезде адамдардың
тістерінде сарғыш-қоңыр дақтар байқалады. Ал оптимальды мөлшерінен төмен
болуы (0,7-1,1 мгл) тіс кариесінің тууына алып келеді.

3.1. Гигиеналық талаптар

Ас суы эпидемиялық жағынан қауіпсіз органоплетикалық қасиеті жақсы,
химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы тиіс.
Судың сапалық көрсеткіштері су тасымалдаудың жүйесіне түскеннен
кейінгі құрамы мен қасиеттеріне байланысты анықталады.
Микробиологиялық көрсеткіштерге байлансты ас суы мына талаптарға
сәйкес болуы тиіс.
Судың 1 см3 микроорганизм саны (100 Гост 1896373
1 дм3 (коли-индекс) ішек таяқшасының саны (3 Гост 1896373

4. СанПин 2.1.4.559-96.

Ас суы. Ортақтандырылған ас суымен қамтамасыз ететін су жүйесіне
қойылатын гигиеналық талаптар. Су сапасын бақылау.
Бұл ережелерде ашық және жабық сумен қамтамасыз ету жүйсіне қойылатын
гигиеналық талаптар бекітіліп, су құрамында жиі кездесетін ұлы химиялық
заттардың мөлшерін қадағалайды. Бұл стандарт ас суы ретінде пайдаланатын
судағы 1345-ке жуық ұлы заттардың мөлшерін анықтайды.

СанПиН негізгі нормалары
Органолептикалық көрсеткіштері

Иісі, бал мөлшері 2
Дәмі, бал мөлшері 2
Түсі, градус бойынша 20 (35)
Лайлығы,(өлшем бірлігі формазин 1,5 (2)
бойынша) немесе мгдм3 (калоин
боынша)

Паразитологиялық және микробиологиялық көрсеткіштері

100 мл колиморфты термотолерантты Болмауы
бактерия саны
100 мл жалпы колиморфты бактерия Болмауы
саны
1 мл түзілетін жалпы микроб пен 50 жоғары емес
коллония саны
100 мл өсетін колифагтар саны Болмауы
20 мл сульфитті редуциялайтын Болмауы
клодострий спорасының саны
50 мл лямбий цистасының саны Болмауы

4.1. Судың құрамында болатын ластағыш қоспалардан тазалау

Фазалы-дисперсті классификацияны практика жүзінде қолдану, сумен
қамтамасыз ететін тұйық жүйедегі қалдықсыз технологиясын ұйымдастыруға
мүмкіншілік туғызады.Қолданылған суды тазалау, оларды қайта қолдануға
немесе қоршаған ортаны ластамай өзен мен көлдерге тастауға мүмкіндік
береді15.
Суды тазалау үшін қолданылатын технология, судың құрамында бар
заттардың түрлері және олардың мөлшері негізінде жасалады.
Бірінші топқа жататын гетерофазалы қоспаларды тазарту үшін, тұндыру
сүзу прцестері ал кейбір жағдайларға байланысты ерітіндегі тұнбаларды
бөліп алу мақсатында центрден тепкіш күш және флотация тәсілдері де
қолданылады. Сүзу прцестерін іске асыру үшін майда тесіктері бар торлар
(сеткалар) жоғары дисперсті аллюминий немесе темір гидроксидтері
пайдалынады.
Екінші топқа жататын микрогетерофазалы қоспаларға:коллоидты органикалық
және жоғары молекулалық қосылыстар жатады. Оларды бөліп алу үшін, алюминий
және темір гидроксидтері қолданылады.
Үшінші топқа жататын еріген молекулардан тазарту үшін, органикалық
заттарды тотықтырады. Активтенген көмірмен, не басқа да сорбенттермен
адсорбциялайды, органикалық еріткіштермен экстракциялайды, ұшатын
қосылыстарды десорбциялайды және т.б. Мұндай зиянды қосылыстардан құтылу
арнаулы қондырғыларда іске асырылады.
Ал, төртінші топқа кіретін электролиттерден тазалауды иондарға тән
қасиеттерге сүйене отырып шешуге болады. Нейтрализациялау немесе комплекс
түзу негізінде, аз диссоцияланатын немесе аз еитін қосылыс түрінде
өткізу; катионитті немесе анионитті қатты фазалардың бетіне сорбциялау,
жинақтау, фазалық күйін өзгертіп, газ немесе қатты түріндегі қосылыстарға
өткізу, сұйық фазаның бір бөлігіне жинақтау (экстрация, кері осмос);
иондардың электр өрісіндегі қозғалысын қолдану және т.б12,17.
Ашық су қоймаларынан ішетін суды дайындау үшін, оларды тұндырады,
түссіздендіреді және залалсыздандырады. Ал еге, суды жер астынан алатын
болса, онда оларды көп жағдайда тек қана залалсыздандырады.
Су тазалау станцияларына қондырғылардың жобасын жасау кезінде көптеген
жағдайларды ескеру керек. Қажетті көлемдегі су үздіксіз ағып отырып,
барлық тазалау процестерін толық жүріп үлгеруі тиіс. Суға қосылатын
реагентер, судың сапасы және олардың ағу көлемі бір-бірімен тікелей
байланыста болады.
Суды дайындау кезіндегі негізгі мәселердің бірі, ол- судың иісін,
түсін және дәмін бүлдіріп тұратын органикалық қосылыстардан құтылу. Оларды
оттегімен, озонмен тотықтырып, онан соң активтелген көмір, металл
гидроксидтері және ионалмасу смолаларында адсорбциялайды. Суды өңдеу режимі
және реагентерді таңдау, оның құрамындағы химиялық қоспалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы
Ауыз судың нормалық стандарты
Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері туралы ақпарат
Су - денсаулық факторы
СТУДЕНТТЕР ГИГИЕНАСЫ
Судың гигиеналық маңызы
Суды қорғау дисциплинасы
Ауаның физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы
Микроклимат. Ластану
Пәндер