Экологиялық мониторинг: ұғымы, түрлері және Қазақстандағы жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: ЖУМАЛИЕВ Д.

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ

Мониторинг (лат. monitor - қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру) - қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-құралынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторнг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі концеренциясының алдында (1972) «бақылау» ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты мониторингке деген қажеттілік артуда. Мысалы, соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа химиялық қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор, бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілм және т. б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторнигтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиациялық, ғарыштық, т. б. деңгейдегі түрлері бар.

Экологиялық мониторинг - табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин «монитор» - сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

  • Базалық мониторинг - жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу.
  • Ғаламдық мониторинг - Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау.
  • Аймақтық мониторинг - белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау.
  • Авиациялық мониторинг - экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау.
  • Ғарыштық мониторинг - экоқұбылыстарды ғарыштық бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістердің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаның мониторингісі - адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ, мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі орталықтары құрылды.

Әлемнің дамыған елдерінде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсері міндетті бағалау негізінде кешенді жүзеге асырылады.

Бұл қағидаттың бір құқықтық көрінісі әлемнің көптеген елдерінің экологиялық заңнамасына енгізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау тәртібі болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кіреді.

Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдеріндегідей, қорлшаған ортаға әсерлі міндетті бағалаумен қатар, мемлекеттік сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсерді бағалау шаруашылық қызметті алдын ала экологиялық бақылаудың тетігі болып табылады.

Қоршаған ортаны первентивтік қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға теріс антропогендік әсердің алдын алу қағидаты әлемнің көптеген елдерінде кең қолдау тапқан.

Бұл орайда өңірдегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның аялық жай-күйін ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етілген көлемдерін ғылыми негіздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаның ластануын халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянды әсер етудің салдарын барынша ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспарланатын қызметтің әлеуметтік-экономикалық салдары да ескеріледі.

Мемлекеттің экологиялық сараптаманың қорытындылары негізінде кәсіпорындар жыл сайын қоршаған ортаны ластауға рұқсат алады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы экологиялық мониторингт і дамытудың деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді.

Өлшеу аппаратурасымен жарақтануы қажетті деңгейдің 40-тан 80%-іне дейін бола отырып, бақылау пункттерінің мемлекеттің желісі олардың оңтайлы санының 20%-ін құрайды. Бақылау және өлшеу техникалық құралдарының тозуы алынатын ақпараттың көлемі мен растығының азаюына әкеледі.

Түрлі министрліктер мен ведомстволар мониторингінің жүйесін жеткіліксіз ведомствоаралық үйлестіру қоршаған ортаның жай-күйін толық көлемде әділ бағалауды жүзеге асыруға және уақытылы жедел ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.

Ведомстволық мониторингтің барлық кәсіпорындары мен мекемелерін, сондай-ақ өндірістік мониторинг жүйелерін енгізе отырып, геоақпараттық жүйелер негізінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың экологиялық мониторингінің бірыңғай мемлекеттің жүйесін құру жөніндегі шараларды шұғыл түрде қабылдау талап етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мониторинг анықтамасы және экологиялық мониторингтің түрлері мен мақсаттары
Экологиялық мониторинг: тұжырымдамасы, әдістері және Қазақстандағы ұйымдастырылуы
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайы: мәселелер, мониторинг және шешу жолдары
Қазақстандағы экологиялық апаттар мен мониторинг: полигондар, қазіргі мәселелер және Арал экологиясы
2008 жылғы I жартыжылдықтағы Семей қаласының экологиялық жағдайы және мониторинг нәтижелері
Экологиялық қылмыстар: ұғымы, түрлері және Қазақстандағы құқықтық реттеу
Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экотуризмді экологиялық мониторинг негізінде дамыту
Әлемдік экологиялық проблемаларды шешу: мониторинг, сараптама және экологиялық басқару
Өскемен қаласының экологиялық жағдайы: техногендік ластану, мониторинг және қоршаған ортаны қорғау шаралары
Қазақстандағы жылу энергетикасы мен қоршаған ортаның өзара ықпалы: биоалуантүрлікті сақтау, энергия тиімділігі және экологиялық мониторинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz