Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері 3
1. Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі 3
2. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы 4
3. Қазақстанның қазба байлықтары 5
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат ресурстары 7
Қолданылған әдебиеттер тізімі 9

Кіріспе

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың
және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың
үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы
басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау
жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық
- табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар
заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.
Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі принциптер
негізінде жүргізілуі керек:
1. Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан
үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп,
сақталып отыруы керек. Табиғат - қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен
берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат
өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек.
Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл
принципті сақтамау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.

Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері

1. Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау
үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.
Ресурстардың жіктелуі.
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу
қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен
тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылатын ресурстардың түрлері: қалпына келетін, салыстырмалы қалпына
келетін, қалпына келмейтін.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар
жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары.
Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Көміртегінің қосылыстарынан
тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады. Себебі,
олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады.
Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект,
қышқылдық жаңбырлар және т.б. тұғызатын атмосфераның ластануымен тығыз
байланысты.
Алюминийді қорыту өндірістің энергия сыйымдылығының жоғары болуымен
сипатталады. 1 т металл алу үшін 7 т көмір жанғанда бөлінетін энергияға тең
энергия қажет. Сонымен қатар, алюминий өндірілетін негізгі шикізат –
бокситтің қоры шектеулі. Ол басқа химиялық элементтердің шайылуы
нәтижесінде тропиктік топырақтарда түзіледі.

2. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі
немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық)
артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер тұғызуын түсінеміз.
Ластандырушы өаттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға
қажет заттың оптималды концентрациядан арттық болуы да жатады.
Ластанудың жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде
бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
• шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды(антропогенді);
• пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірісті, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны),
шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар
мен мемлекеттерден енетін);
• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
• қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера
және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты
сулары, өзен сулары және т.б.);
• әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы,
өнеркәсіп орындарының ішінде, пәиер ішінде және т.б.;
• әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен
элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу,
электромагниттік), физико-химиялық (аэрозольдер), биологиялық
(микрбиологиялық және т.б.);
•әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп
орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – жүз және мың жыл тұратын
(азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл
(көмірқышыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы,
күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).

3. Қазақстанның қазба байлықтары

Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд.
тоннадан астам. Көмір бассейіндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен,
Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле, Төменгі Іле және Орал-Каспий
жатады.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы
ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және табиғи ресурстарды тиімді қолдану
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері
Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Пәндер