Тың жерлерді жаппай шеру ауыл шаруашылығын экстенсивті дамыту саясаты


Жоспар
1 Кіріспе. Тың трагедиясы2
2 Топырақ қабаты неге бұзылып барады?5
3. Жер қоры6
4 Топырақ эрозиясы8
6 Жер бетінің өзгеруі10
6 Тың жерлерді жаппай шеру ауыл шаруашылығын экстенсивті дамыту саясатының жалғасы. 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі13
1 Кіріспе. Тың трагедиясы
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - демекші бұрын біздің ата-бабаларының осы жердің арқасында, еңбек бел буып күн көрген. Оларда “экономика” деген сөзден хабар болмаса да олар жерді құнарлы түрде шере алған. Шаруашылықтағы тыңайған жерлерді шеру 1954 жылы қаңтар-наурыз айларынан бастап пайдалана бастады.
Тың игере бастаған соң ауыл шаруашылық жағдайы біршама жақсара бастады.
Тың шеруде олар көшіп-қонып жүрген. Қыста қыстауда, жазда жайлауда, күзде күздеуде, жүрге. Олар осылай жердің, топырақтың бұзылуынан сақтаған. Топырақты олар барынша күткен, соң төккен т. б. пайда заттар пайдаланған. Олар көбіне құнарлы жерді пайдаланған. Бұрынғы кезде көп жерлер құнарлы болған. Патша үкімет кезінде осы құнарлы жерлер үшін бірі-біріне қарсы шығып жер үшін бір-біріне соғыс ашып отырған. Бұрынғы ата-бабаларының жерді күтімді пайдаланған. Қазір көп жерді елдер жақсы пайдаланбайды.
Егер жақсы өнім алу үшін, біз не істеуіміз керек. Жерді өнімді пайдаланған керек.
1. Осы бір құдай қалап ел болғанда, ақпарат беттерінде өзіміздің кейбір ағайындарымыздың тың шеру заманын жер - көкке сызғыртып сыйғызбай мадақтап жазған, мақалаларды қиналтады. Дегенмен көргені мол, зияны адам аттарымыз осы бұрмалаушылыққа тойтарыс берер, қарсы пікір жазар, сол бір қасіретті кезеңнің ақиқатын қопара ақтарар, шындықты білмей өскен кейін жастарымыздың көзін ашар деген ойда едім. Өкінішке қарай, уақыт өткен сайын ол ойым іске аспайды. Тіпті еті үйреніп кеткен бе, өзімізбен аралас-құралас жүрген бір журналист-жазушымыз “Құдай-ау білмеппіз ғой, тың шеру жылдарында халқымызға көптеген шілікті, дүниелер келген екен ғой”, - деп таңдай қаққанын естігенде, мынау не айтып тұр деп таң-тамаша қалдым.
Адам болып жаратылған соң негізгі мақсат тек қарып тойдырғанда болмаса керек. Мал емеспіз, ұлтымыздың әр жерден төбесі бір көрініп селдіреп, қорлық пен мазақты қатар көре бастауы тың шеру кезінде оның байқалды. Сол 60-жылдарда ғой, “Целинный край” газетінде “Человек в ушанке” деген хабарлап халқымызды қорлап, тіпті есекке де теңеп фельетон жазылғаны. Оны Ақмоладағы көнекөз қазақтары әлі ұмыта қоймаған шығыр.
Тың көтереміз деп келгендердің күні-түні арақтан көз ашпай мас күйінде қандастарымызды тағы жануарларды көргендей қуа жөнеліп, тепкінің алғаны ма? Ондай қорлыққа шыдай алмаған ағаларымыз жер-жерлерде қарсы шығып, бой көрсеткендерін, мәселен Ақмола базарының ішінде үлкен ақсақалдарымыз шананың жетегін қару қылып сілтей жапырғандығын көріміз көрген. Сол уақыттағы тың өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Т. И. Соколовтың “Қазақ халық емес, оларды немістермен будандастыру керек” деген сандырағын өзімізге айтқызу үшін қазақтың ішінен шыққан кейбір бос белбеу зиялысымақтарымызды сарнатып, оны іс жүзіне де асыра бастағанын қалай естен шығаруға болады? Олардың Қостанай облысындағы қарындасымыз Д. Жақсылықоваға шошқа бақтырып, неміс жігітіне тұрмысқа шығарып, сол үшін еңбек ері атағын бергізуі соның айғағы. Бұл қарындасымыздың осындай қадамға баруын барша қазақ қыздарына үші етіп, мына аналарыңнан сендер де өнеге алыңдар дегендей ұран тастайтын, көзқаман болып бара жапқан қазақ комсомол жетекшілеріне газет-журнал беттеріне мақалалар жазғызып шулатып, екілендіріп қойды.
Ертең халқымыз айтпаушы ма еді: “Ұл бала өсіріп отырып болашақ жер иесін тәрбиелейміз, қыз бала өсіре отырып болашақ ұлтымызды тәрбиелейміз - деп. Бұл ой Плутарх еңбегінде де бар. Сонда осынау сөре зер салсақ Т. И. Соколов секілділердің арам пиғылы ашыла түсіп, қазақ халықтың тамырына балта сілтегенін аңғару қиынға сақтайды.
Тың өңірінде соңғы кезге дейін лауазымы жоғары қызметке алынысынан түсуі осы бір саясатқа байланысты болғандығын ұлт зиялылары жақсы біледі.
Орталықтың осындай өктемдігінің салдарынан қазақтың ел, жер аттары жаппай жойыла бастайды. Өзен-көл жағаларының ығында қар көп түспейтін мал-жанға ыңғайлы түйістерінде орналасқан қаншама қазақ ауылдарында қазақ мектептері жабылды. Сөйтіп оларға әрі жол салынбай, келешегі жоқ ауылдар деген айдар тағылып, өз жерімізде отырсақ та ешкімге қажет болмай тоз-тозымыздың шыққаны ақиқат.
Жоғарыда айтылған қасиеттері халқымыз басы өткеріп жатқанда тіпті бертін жылымыз орнап ес жия бастаған кездің өзінде 1990 жылы кезекті бір өтіп жатқан кеңестің сессиясында сол кездей облатком төрағасы өзіміздің қандастарымыз сол қызметте қазақ халқының атымен отырғандығын тарс ұмытып, көптеген ауыл атауларын өзінің байырығы ана тілінде сөйлетуге қарсы болып; “Мы так не можем” деген бекіттірмей тастады.
“Жер нан тілінде сөйлемейінше ел сөйлемейді”. Деген қағиданы елегісі де, білгісі де келмеді.
Аждаһадай жылжып жаһандану келеді. Оның соңынан құр далаңдап, еріксіз еріп кете бермей ел болып, жалың болып ұлттық стратегиямызды жасып, өзімізді сақтап қалудың қамына кірісуіміз шарт. Әрбір азаматты қазақ тілінде сөйлетуіміз керек. Ұлтымыздың адамгершілік қасиеттерін тілімізді, дінімізді, ділімізді күнбе күн марапаттап, ешкім жалтақтамай қызғыштай қорғап, тездетіп іске асыру әрбір қазақпын деп туған, жерін басып жүрген азаматқа парыз, қарыз болмақ.
2. Ертеде ата-бабаларымыздың “экология” деген ғылымнан түсінігі бола қоймаса да жерді мал шаруашылығы үшін тиімді пайдалана білген. Олар қысқы қыстауда, көктемде көктеуде, жазда жайлауда, күзде күздеуде көшіп қонып жүріп топырақты экологиялық бұзылудан сақтаған. Сондықтан да ол кездерде қазіргі жиі кездесетін топырақтың желмен ұшып, шаң борандатуы атымен болған емес. Адам табиғат ресурстарын өз қалпына келтіруді, тиімді пайдалануды мүлде қолға алмай келеді.
2 Топырақ қабаты неге бұзылып барады ?
Тың көтерген жылдары егістіктің агротехникалық шараларын бұрмалаушылық салдарынан солтүстік облыстардың кейбір аудандарында топырақ қабаты жұқа жерлер жылтырап, жел эрозиясына ұшырады. Қазіргі егістіктерде эрозияға қарсы әртүрлі шаралар қолданылады. Негізінен топырақ - жер бетінің тіршілік ұясы. Ол мыңдаған жылдар бойы табиғаттың дүлей күшімен түзіліп отырады, адамдардың кері әсерінен әп-сәтте жойылып кетуі де әбден мүмкін.
Жалпы топырақ қабаты түзілуі көп уақытқа созылатын күрделі процесс.
Қазіргі планетада адам санының өсуіне байланысты ауыл шаруашылығының көптеген салаларын дамытуға қажетті жер көлемі тым азайып кетті. Алайда топырақтың табиғаттың басқа бөліктерінен ерекше ғажайып қасиеті топырақ көптеген микроорганизмдердің, көп клеткалы организмдердің қатысқанымен, өздігінен тазаланып қалпына келе алады. Сондықтан топырақ қабатын тазартып, оны адамзаттың игілігіне пайдалануға кез келген уақытта мүмкіндігі бар.
Тек бұған жеткілікті қаржы бөліп, топырақ экологиясын сауықтыру үшін дұрыс көзқарас болса болғаны.
Жалпы күтіп, баптай білсең жердің, оның құнарлы топырағының берері мол.
Егер агротехникалық шараларды толық пайдаланып, ғылым мен тәжірибенің оның үлгілерін кеңінен іске асыра білсек қазіргі егістікке пайдаланып жүрген жерлерді гектар шығымдылығын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік бар. Сонда ғана жаңа жерлерді шерудің көлемі азаймақ. Бір жер бетін жырту, жойылымдарында рациональды эрозияға ұшырайды.
3. Жер қоры
Белгілі мәліметтер бойынша адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд. га құнарлы жерлерден айрылған. Өңделетін жерлер мен жалпы құнарлы жерлердің ауданының кемуі жоғары жылдамдықпен жалғасуда.
Дүние жүзінің жер қоры туралы мәліметтер
3. Ауыл шаруашылық жерлері соның ішінде:
а) егістік
б) жайылым
1, 5
2, 8
10
20
0, 20
0, 60
Топырақтардың жойылуы, халық санының артуы адам басына шаққандағы жердің интенсивті түрде келуіне әкеліп соғады. 1950 жылы дүние жүзінде 1 адамға 0, 24 га егістік жер келсе, 1983 жылы 0, 15 га-ға дейін кеміген.
Топырақ маңызы мен қасиеттері топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор.
Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.
В. В. Докучаев ХХ- ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстығы, тіршілік ету зандылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады. Топырақ - зат айналымның маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады; одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент-ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру комплексінде энергия мен химиялық элементтері шоғырланады.
Топырақтың санитарлық кедергі ретіндегі маңызы өте зор. Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуымен байланысты. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен сулы ерітінділерді тазартуға күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті. Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.
Топырақ жүйелері туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарда тіркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады.
Топырақтану ғылымның негізін салушылардың бірі В. В. Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынан атап көрсеткен. В. В. Докучаев “топырақ - ландшафттың айнасы” деген.
4 Топырақ эрозиясы
4. Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда - “Бұзамын” деген мағынаны білдіреді. ) дегеніміз, оның су немесе жердің әсернен бұзылады. Су және жел немесе дефеляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде - ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады. Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болады. Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді. Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақ пен шабындың саздақ топырақтар - жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзіледі.
Адамның қызметі нәтижесінде эрозияның процестердің жылдамдығы бірнеше рет артып кеткен.
Өсімдіктер топырақты тамырлармен бекітіп тұрады. Өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері су және әсіресе, ауа ағыстарының күші арттырады. Өсімдік жабыны одан біршама ара қашықтықтағы топырақты да қорғайды. Олардың шекаралас кеңістікке әсері айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егістік қорғайтын орман өсіру осыған негізделген.
Жер ресурстарына зияны келтіретін (эрозиямен суарудан соң) үшінші үлкен фактор бұл азуы. Топыраққа өніммен бірге әкетілетін қоректі заттарды қайтарудың анағұрылым экологиялық әдістеріне органикалық тыңайтқыштарды енгіру, шөп, себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру жатады. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттың кемуімен байланысты. Топырақтардың құнарлығының жойылуы олардың интенсивті өңдеуге, ауыр ауыл шаруашылық құралдармен өңдеу нәтижесінде тығыздануы, ластануы, ең алдымен қышқылдық жауындар мен қышқылдық тыңайқыштарды енгіруге байланысты болып отырады.
Көптеген жерлер өсімдік өнімі алуға байланысты емес мақсаттарда пайдаланылады. Оны әр түрлі құрылыстар, ғимараттар салуға, қала территориясы, жолдар, аэродромдар, қалдықтарды сақтау, пайдалы қазбаларды өндіру, су қоймаларын салу және басқа да мақсатта қолданады. Аталған жерлер кейін де өсімдік өнімін алуға пайдалануға жарамсыз болып қалады.
6 Жер бетінің өзгеруі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz