Маңғыстау облысы өнеркәсібінің облыстың физикалық-географиялық жағдайына әсері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Шымкент институты
Тарих және заң факультеті
«География» кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Маңғыстау облысы өнеркәсібінің облыстың физикалық-географиялық жағдайына әсері »
Орындаған: 7442-25 тобының
5-курс студенті Джурабаева М.
Ғылыми жетекшісі:
м-г. ғ. к., аға оқытушы Оспанов Е. С.
Шымкент 2010
Мазмұны
1 Маңғыстау өңіріне физикалық-географиялық сипаттамма . . .
1. 1. Физикалық-географиялық орны және жер бедері . . .
1. 2. Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары . . .
1. 3. Климаты және ішкі сулары . . .
1. 4. Топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі . . .
2. МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ӨНЕРКӘСІБІ . . .
2. 1. Экономикасының даму тарихы . . .
2. 2. Экономикалық-географиялық орны мен жағдайы . . .
2. 2. 1. Өнеркәсіптің дамуы . . .
2. 2. 2. Минералдық ресурстар . . .
2. 3. Мұнай және газ өндірісі . . .
3. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ОБЛЫСТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . .
3. 1. Өлке экологиясы, оны игеру қиыншылықтары . . .
3. 1. 1. Сумен қамтамасыз ету және қорғау . . .
3. 1. 2. Облыстағы экологиялық мәселелер . . .
3. 1. 3. Адам денсаулығына геоэкологиялық жағдайдың әсері . . .
3. 2. Өңірдің геоэкологиялық жағдайына мұнай-газ өндірісінің әсері . . .
3. 3. Маңғыстау жертарабы және оны игерудің жаңа бағыттары . . .
3. 4. Маңғыстау өңірін көгалдандыру мәселелері . . .
қорытынды . . .
пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүкіл дүниежүзі елдері су қорларына қол жеткізу мүмкіндіктерінің бірдей еместігі, су бөлудегі өндіру мен бақылау саласындағы бәсекелестік, жанжалдарға соқтыруы ықтимал екендігін ұғынып отыр, ал су қорларын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі ынтымақтастық, тек трансшекаралық су тұтыну проблемаларын ғана емес, сонымен бірге адам дамуы проблемасын шешетін құралға айналуы ғажап емес. Тәуелсіздік алған сәттен бастап трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану мен қорғау проблемасы Қазақстан үшін тұрақты және қауіпсіз дамуды қамтамасыз етудегі басым мәселелердің біріне айналды. Трансшекаралық өзендер жағдайын табысты шешуге тек Қазақстанның ғана ұлттық қауіпсіздігі емес, сонымен бірге Орталық Азия аймағы мен Ресейдің шектес облыстарының қауіпсіздігі де байланысты, өйткені Қазақстан аумағында туындайтын проблемалар, бүкіл аймақтың өзара іс-қимыл жүйесіне ықпал еткі мүмкін.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Îðòàëûº Àçèÿäà¹û ê¼ïòåãåí åëäåð ñèÿºòû ²àçàºñòàí ¾øií äå ñó ºîðëàðû ò½ðàºòû ¸ëåóìåòòiê ýêîíîìèêàëûº äàìóäû áåëãiëåéòií áàñòû ôàêòîðëàðäû» áiði áîëûï òàáûëàäû. Ðåñïóáëèêà àéìà¹û áîéûíøà æåð ¾ñòi ñó ºîðëàðû òûì ¸ðêåëêi îðíàëàñºàí æ¸íå åä¸óið ê¼ï æûëäûº жûë iøiíäåãi äèíàìèêàìåí ñèïàòòàëàäû. Åëäi» êëèìàòòûº åðåêøåëiêòåðiíå áàéëàíûñòû æåð ¾ñòi ñó ê¼çäåðiíi» áàðëûº à¹ûìû äåðëiê ê¼êòåìãi ìåçãiëãå ñàé êåëåäi. Îñû æà¹äàé ñîíäàé-ຠñóìåí æàáäûºòàóäû» òðàíñøåêàðàëûº ê¼çäåðiíå áàéëàíûñòûëûº ñó ºîðëàðû ìåí àéìàºòàðûí ¸ðêåëêi ºàìòàìàñûç åòiëóií ñàáàºòàéäû. Iñ æ¾çiíäå åëäi» á¾êië àóìà¹û òåê ñó ºîðëàðûíû» òàïøûëû¹û ìåí ñó ê¼çäåðiíi» ëàñòàíóûíàí ¹àíà òóûíäàìàéòûí á½ë ýêîíîìèêàëûº ¼ñó êåçå»iíäå å» æî¹àð¹û äå»ãåéãå æåòòi, ñó øàðóàøûëû¹ûíû» ê¾ðäåëi àõóàëû, ñîíûìåí áiðãå ñó øàðóàøûëû¹û æ¾éåñiíi» ñóäû áåé áåðåêåò ïàéäàëàíóû ìåí òèiìñiç áàñºàðóûíû» ñàëäàðûíàí îñûíäàé õàëãå äóøàð áîëûï îòûð. Òàáè¹è îðòàíû ºàëïûíà êåëòiðó ºàáiëåòòiëiãi ìåí àíòðîïîãåíäiê ñàëìຠæ¾êòåìåñi àðàñûíäà¹û áàëàíññûçäûº, ýêîëîãèÿëûº æàéñûçäûºòàðäû» á¾êië åëäi» íåãiçãi ñó àëàïòàðûí ºàìòóûíà ñåáåï áîëäû. Æà¹äàé, åëäi» áið êåçäåãi ñó øàðóàøûëû¹ûí áàñºàðóäà¹û áiðû»¹àé æ¾éåñiíi» æ¾ðãiçiëãåí ðåôîðìàëàðìåí æåêåøåëåíäiðóäi» ñàëäàðûíàí á¾ëiíóiìåí äå øèåëåíiñå ò¾ñòi, àë æ¾éåíi ñî¹àí ñ¸éêåñ ðåôîðìàëàó áîë¹àí åìåñ. Îñûëàðäû» áàðëû¹û òåê ñó øàðóàøûë¹û ñóáúåêòiëåðiíi» ¹àíà åìåñ, ñîíûìåí áiðãå ê¼ïòåãåí ñó øàðóàøûëû¹û îáúåêòiëåði ì¸ðòåáåñiíi» àòºàðûìäûº ìiíäåòòåðií ê¼ìåñêiëåíäiðiï æiáåðäi. Осыған байланысты су ресурстарын реттеу жұмыстарын жүйелі реформалауды қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың нысанасындағы зерттеулер жүргізу барысында келесі мақсаттар мен міндеттер айқындалды:
- Қазақстанның су ресурстарына баға беру;
- Қазақстанды сумен қамтамасыз етуіндегі трансшекаралық мәселелерді анықтау;
- Трансшекаралық мәселерді шешу жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектілері: Қазақстан Республикасының су қоры, су қорымен қамтамасыз етілуі, сырттан келетін су қорлары, Қазақстанды сумен қамтамасыз етудің трансшекаралық мәселелері.
Тақырыптың жаңашылдығы. Тұщы судың едәуір бөлігі (44%) Қазақстанға шектес мемлекеттерден құйылады, сондықтан трансшекаралық су ағындары ерекше маңыздылыққа ие. Республикадағы 8 өзен су алабының барлығы, олардың су арналарының бірнеше мемлекеттің аумағында роналасу жағдайлары бойынша да, сондай-ақ өзен ағыстарының құйылу шарттары бойынша да халақаралық му алаптарына жатады. Еліміздің су қорлары Қытаймен, Қырғызтанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен бірге пайдаланады. Осыған байланысты трансшекаралық су ағындарын реттеу осы елдер арасындағы халықаралық келісімдердің көмегімен шешуге болады.
Теориялық және әдіснамалық негізі: Жұмыстың басты методологиялық негіздері болып статистикалық, жүйелілік, салыстырмалы және әдеби материалдарға талдау жасау әдістері саналады.
Зерттеу жұмысының жазылуының практикалық базасы: Қолданылған әдебиеттер мен дерек көздері негізінен алғанда отандық басылым беттерінен алынды. Негізгі әдебиет ретінде Бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен қолданылды. Төле би ауданының әкімшілігінің мәліметтері. Төле би ауданының статистика басқармасы. Бұқаралық ақпарат құралдарынан Қазақстан-ZAMAN, Егемен Қазақстан және көптеген басқа газеттер де көбірек пайдаланылды. Сонымен бірге интернет желісінен алынған мәліметтер кеңінен пайдаланды.
1 Маңғыстау өңіріне физикалық-географиялық сипаттамма
1. 1 Физикалық-географиялық орны және жер бедері
Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20 наурызында құрылды. Бұған дейін бұл аймақ Атырау облысына қарады. 1988 ж. қайтадан Атырау облысы қарамағына берілді. 1990 ж. Маңғыстау дербес облыс атанды [1] .
Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік батысында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 16, 7 млн га, оның 12, 7 млн га-ы жайылымдық жер болып есептелінеді. Экономикалық қатынас, жан-жақты байланыс тұрғысынан алғанда бұл аймақтың орналасу реті өте тиімді. Өйткені облыстың батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі арқылы Шығыс Европаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстанмен, оңтүстік шығысында Қарақалпақстанмен, солт. мен солт. -шығысында Атырау, Ақтөбе облыстары шаруашылықтарымен шектесіп, күнбе-күнгі тығыз байланыс мүмкіндігінде Ақтау форты қазақ мемлекетінің, оның болашақ теңіз флотының дүние жүзілік аренаға теңіз су жолы арқылы шығатын орталығына айналуда. Сондай-ақ Ақтау әуе қолы қатынасының да дүниежүзілік маңызы бар қатынас жолына айналып, Алматы - Ақтау - Стамбул ұшағы ұша бастады. Маңғыстау облысы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы қытымыр, тым ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, нағыз континенталь-шөл далаға жатады. Осы жерде өсетін закөл қойы, қазақтың түсайыр түйесі, қысы-жазы жайылыммен өсіп-өнген Адай жылқысы осы аймақтың қым-қиғаш, айнымалы табиғатының өзіне лайықты түліктері болып табылады. Маңғыстау өңірінде өнеркәсіптің 1960 жылдардан бастап қауырт дамуына байланысты бұл аймақ тек қана мал шаруашылықты аймақ емес, өндірісі жан-жақты жедел дамыған ірі өнеркәсіпті облыстар деңгейіне көтерілді. Дүниежүзілік маңызы бар мұнай мен газ қоры, жылдам нейтронды энергия көзі, стратегиялық-қорғаныстық маңызы бар бағалы рудалар мен минералдық тыңайтқыштар, көмірдің мол қоры, құрылыстық ұлутас, ақ боры мен әлі алынбай жатқан табиғи асфальты (кир) бар аймақ. Бұған қоса Маңғыстаудың емдік суы мен байлығы, шұбаты мен қымызы әлі де болса тереңірек игерілуін күтіп жатқан әлеуметтік тұрғыдағы табиғи мүмкіндіктер көзі болып саналады. Маңғыстауда шикізат өндірумен қатар өнеркәсіптің шикізатын өңдейтін саласы да қауырт дамып келеді. Өзен жағалауындағы Қазақтың газ айдау заводы, Ақтаудағы пластмасса, кен байыту заводтары, БН-350 ре-акторы, Италиямен бірігіп салынған тіс пастасын шығаратын заводы қазіргі таңда халық игілігі үшін қызмет жасайтын ұжымдық еңбектің ұйтқылы орындары болып есептеледі. Сондай-ақ Ақтау қаласында құс фабрикасы, ет комбинаты, сүт заводы, көкөніспен жабдықтаушы 6 га «Шаруа» жылыжай ұжымдық шағын кәсіпорны жұмыс жасайды.
Қазір Маңғыстау облысының шаруашылықтары мен қожалықтарыңда 650 мыңнан аса қой-ешкі, 50 мыңға жуық жылқы, 35 мыңға тарта түйе өсіріледі.
ә) Жер бедері. Каспий мен Арал, Жем мен Бегдашы аралығын алып жатқан байтақ дала бір-біріне ұқсамайтын шөл далаға тән қандай да көрініс болатын болса, оларды көпсінбестен айқара ашылған құшағына рет-ретімен сыйғызып, табиғатқа тән өсімдікпен орналастырылған ұлан-ғайыр кеңістік Маңғыстау жері болып табылады.
Маңғыстауды 1950 ж. далалық байқаудан өткізген жайылымдық-мелиоративтік трестің мәліметіне қарағанда түбектегі жер бедерінің алуан түрлілігі айқын байқалады. Осы экспедиция байқау жүргізген 6 млн. 245 мың га жерден егіншіліктің үлесі 0, 01%, жайылымдық - 75, 1%, құмдық жер - 5, 5%, сор - 10, 2%, аңғар, жар, егістік алқап - 6, 4%, тақырлар - 0, 6%, сулы жерлер -1, 3%, басқалай пайдасыз, қолайсыз жерлер - 0, 89% болып келеді. Маңғыстау облыстарына қарасты жер өзінің рельефтік ерекшеліктеріне қарай бірнеше аймақтарға бөлінеді [2] .
Бозащы түбегі. Бұған Бозащы жарты аралы түгелімен кіреді. Бұл жарты аралдың орта жоны бір қалыпты қоңырлы, құмды, бұйратты жазықтық болады да, теңізге қарай ойысқан етегі сортаң, сор мен ащылы соранды кебіртең, кейбір жері қайраңды тегістік болып келеді. Жарты аралдың шығысы теңіз деңгейінен - 26 м төмен жатқан Қайдақ сорымен көмкеріле келіп, оңтүстікінде теңіз деңгейінен - 24 м төмен жатқан Қаракешу, содан батысқа қарай - 19 м белгідегі Қошақ сорымен жалғасады. Ал терістік батысы мен терістігі теңіз деңгейінен - 19-27 мтомен жатқан Каспий теңізімен қоршалған. Орталық таулы Маңғыстау. Бұған батыс және шығыс Қаратау жоталары мен оңтүстік және солтүстік Ақтау тізбектері кіреді. Бұл өңір өзінің жер бедері жағынан тектонико - эрозиялық және аридті-денудациялық (судан, желден, мұздан беті тегістеліп кеткен) аласа таулар тіркесіне жатады. Бұл ауданның жер бедері сан алуан биік шоқылар, таулар, жоталар, адырлар мен аңғарлар, бөктерлер, жекелеген терткілдер, эрозиялық өңірлер және су ағатын сайлардан құрылады. Таулы Маңғыстау - ұзындындығы 117 км, ені 10-15 км-ге созылған батыс және шығыс Қаратаумен оған жарыса жатқан оңтүстік және солтүстік Ақтаулардан тұрады. Орташа биіктігі 300 - 400 м, биіктігі 532-556 м-ге жететін От-ман, Бесшоқы Қаратаудың ең биік таушоқыларының санатына жатады. Қаратау сілемдері тек Шығыс Қаратаумен бітпейді, ол одан әрі жалғасып Бесоқты тауы, Қарашық, Қарамая, Кендірлі сілемдерімен ұштасып жалпы ұзындығы 300 км-ге дейін созылады. Сол сияқты солтүстік және оңтүстік Ақтауларда батыс басын Таушық, Дәніспан маңынан бастап тұмсығын Үстірт шыңына тіреп, терістік беті Күйекжол арқылы Түзбайыр тауына жетіп жығылса, екінші беті Алаешкі, Жабайұшқан таулары арқылы жалғаса Бекет ата шыңына үңіле Үкінің ойынан таусылады. Солтүстік Ақтаудың орташа биіктігі 300-327 м болады. Тау жоталары терістікке қарай қоңырлық баурай, ірілі-уақты сала болып Бозащы жазығына жалғасып кетеді.
Ал оңтүстік Ақтау солтүстік Ақтауларға қарағанда аласалау болып келеді де оңтүстік және оңтүстік батысқа қарай аласарып, бірте-бірте оңтүстік Маңғыстау жазығына жалғасады. Батыс аймақ - Түпқараған т ү б е г і . Түбек солтүстік және батыс беті Каспий теңізімен қоршала келіп үстіңгі беті бір тегіс жазықтық бола биіктігі 140-200 м теңізге үңілген жағалық шындар сілемін құрайды. Шың жағалауында солтүстіктен оңтүстікке :<арай әр түрлі ұзындықта орналаскан және бірнеше бұтақтарға тарамдалған ірілі-уақты сулы, сусыз алқаптар, тұйық сайлар кездеседі. Түпқараған түбегінің оңтүстік беті солтүстгіне қарағанда аласалау: 200 м-ден 70 м-ге дейін, кей жерлері 30 м-ге дейін аласарып сай-салалары адырлы алқаптарға айналады. Бұлардың ішіндегі ең ірілері Саура, Түлкілі, Сақа Құдық, Қарлыбас алқапты-аңғарлары Түпқараған дөңінен басталып теңізге барып тіреледі. Алқаптың аяқталар жерлерінде азды-көпті су көздері бар, оларды шаруашылықтар пайдаланады.
Оңтүстік батыс адырлы айм а қ . Таулы Маңғыстаудың оңтүстік бетіндегі Ақтаулар оңтүстік - батысқа қарай аласара түседі де бірқатар жері тегістікке ұштаса көпшілік жері жыра, сай, әр түрлі салаларымен жинақтала келіп, сусыз үлкен аңғар-алқап құрайды. Батыс жағының ені 5-6 км-дей болып Шақырған, Сартаған, Қарақыздан басталған алқап Құйылысқа келіп жинақталып, одан әрі оңтүстікке қарай Ұзын-бас сайымен ұштаса Байқасқа тауының астымен Қарақия ойпатына құлайды. Қарақия сорын Қарақия тауы қоршап жатыр. Сордың батысы Боржақты адыры арқылы Исан түбегіне жалғасып одан әрі құмды мүйіс арқылы теңізге сұғына бітеді. Сордың жалпы көлемі 27000 га. Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төменде жатыр. Қарақия сорының теңіз беті бір тегіс 0, 30 м-лік белгідегі қоңырлық болып келеді де арасында табиғи деңгейі төмен, ұзындығы 20 км-ге жуық ағысты алқаптар кездеседі. Оның теңіз деңгейімен салыстырғанда кей жері - 8, орта жері - 20, ал теңіз жағасына жақындаған сайын - 28 м-ге дейін төмендейтін жерлері кездеседі. Шығыс құмдық аймақ. Шығыс құмдық аймақ жер бедері мен өсімдік құрамына сәйкес жоғарыда айтылған 4 ауданға қарағанда өз ерекшеліктерімен көзге түсіп оқшауланады. Шығыс құмдық ауданға кіретін Мырзайыр, Басқұдық, Итқара құмы, Тышқан құм, Сеңгір құм, Бостан құм, Сенек, Аққұдық, Қарынжарық құмдары бірі жақын, бірі алыс әр түрлі биіктіктегі шыңтауларымен қоршалған. Құмдық аудандардың тау сілемдері қойнауына орналасқан аралық сор, одан ары құмға ауысып бұталы болып келуі өзіндік микроклиматтың ерекшеліктерімен Маңғыстаудың шаруамен айналысатын тұрғындары үшін ең қолайлы қыстақ орындар болып есептелінеді. Шығыс құмдық ауданның жалпы жер көлемі 220 мың га-ға жуық [3] .
Оңтүстік Маңғыстау жазығы. Оңтүстік Маңғыстау жазығы терістігін Өзен, Жетібай дөңінен бастап оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, оңтүстік - батыс беті Каспий теңізін жағалай Бегдашыға тірелсе, оңтүстік -шығысы Тайғыр, Көкімбай дөңі арқылы Сақ - сорқа, Қарынжарық құмдарын жағалай Шағала сорға барып тіреледі. Жалпы көлемі бүкіл Маңғыстау жерінің жетіден біріне жуығын алып жатқан бұл тегістік өзінің жер бедері, топырақ және климаттық ерекшеліктерімен өз алдына бөлек, бір аймақ болып есептеледі. Оңтүстік Маңғыстау жазығының ең бірінші ерекшелігі мұнда су көздері өте тапшы, бар суының өзі ащы болып келеді. Топырағы оңтүстікке жүрген сайын ащы-карбонатты қопыраңқы, бос кепіршік атып қабыршақтанып жатады. Жаңбыр, қар сулары топыраққа тез сіңіп кетеді, сондықтан бұл жазықтықта сай- сала, су ағар жыра ете сирек кездеседі. Керісінше ойдым-ойдым қазаншұңқырлар, ортасы сор (Қауынды, Жазыгүрлі) немесе әр түрлі формадағы жан-жағы төрткіл қыраттарымен көмкерілген терең шұқыр, астау ойлар, шөпті-шөпсіз төбелер, бір-біріне тіркесе қатар түзеген төрткіл белес-белес қаражалдар, адырлар болып келіп, шыңға жақындағанда топырағы қатайып, қабыршық тас араласып, соған сәйкес жер бедері, өсімдіктер дүниесі өзгере бастайды.
Оңтүстік Маңғыстау жазығының негізгі өсімдігі татыр, түбі бос ұзын сабақты боз жусан, ол да келдеу-көлдеуде ғана кездеседі. Сонымен қатар қатқылдық-тегістікке ауысар тұста күйреуік, бұйрығын, бұталардан қаттықара өседі. Оңтүстік Маңғыстау жазығы жерінің сортандығы мен шөбінің ащылығына байланысты тек қана күз, қыс айларында болмаса наурыз айы туысымен мал ұстауға қолайсыз.
Үстірт жоны немесе Оңтүстік Ү с т і р т . Үстірт жоны Маңғыстаудың Қаройынан Күйкеннің тұмсығынан басталатын Ақшабас, Қаратүйе, Кертті, Аққуыс, Жосалы, Қараған-Босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек, Сүйірше сияқты жағалай ұшпа шындар мен жарқабақты таулар бөліп тұрады. Солтүстіктегі Бейнеу мен Ақжігіттен шыға басталып, оңтүстіктегі түрікмен жеріне сұғына кіріп, Қырықсегіз теппеден аяқталатын, ал батысы Қараған-Босағадан шығып, қарақалпақтың қасқа жолына тірелетін ұлан-ғайыр дала Үстірт жоны болып табылады. Оңтүстігінде Қожантай, Ботақан, Алтынтапқан, Түзелбай, Жаңбыршы құдықтарының үстімен Қара елді мекеніне қарай тартылған шекарада қарақалпақ пен Маңғыстау малшылары жылма-жыл көктем шыға кездесіп жатады.
Үстірт жонына Қаратүлей, Есенқазақ, Елтеже, Шылпық, Ақсексеуіл, Белсексеуілдің түлейлері орналасқан. Түлейдің өзі және оны маңайлаған жердің топырағы бос, сортаң тартып, соған сәйкес шөбі де бұталы күйректеу келеді. Оңтүстік - шығыс Үстіртке қарай шөп, жусан азайып көбіне бұйрығын, сиректеу күйреуікпен алмасады. Одан әрі солтүстік -шығысқа қаптаған қара баялыш, ойдым-ойдым жусан, бұйрығынды құба жондар жалғасып кетеді. Үстірт жонының құйқалы жері - негізінен Көкесем құдығынан басталып Сарықамыс бағытына қарай созылып жатқан Мұзбел жотасынан терістікке қарай, сондай-ақ ең жақын деген Сыпырашың ернегінен бастап Үстіртке қарай есептегенде 50-70 км - ге дейінгі Қарнау деп аталатын жердін жайалысы құнарлы болып келеді [4] .
Үстірт жонын негізінен көктемнен бастап қоңыр күзге дейін пайдаланады. Оңтүстік Үстірт жоны мен солтүстік Үстірт жонын Сам және Матай құмдары бөліп жатыр. Сам және Матай құмдарының терістігінен басталатын солтүстік Үстірт жоны батысында Қарақұм, Жем ойпаты мен терістігінде Шалқар, шығысында Борсықтың құмы мен Арал теңізіне
тіреледі.
1. 2. Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары
Маңғыстау жер қыртысының құрылымы негізінен пермь, триас, юра, бор дәуірі шөгінділерінің нәтижесінде пайда болған әр түрлі жыныстардан тұрады. Маңғыстау жерін Каспий теңізінің жартылай қоршап жатуы және оның деңгейінің бірде жоғарылап, бірде төмендеуі маңайында орналасқан аймақтардың ауа-райына немесе өсімдіктер дүниесіне ғана емес, геологиялық құрылымына да айтарлықтай әсер еткені даусыз. Түбектің кез келген бұрышынан мұнай мен газдың атқылауында бір кездегі осы аймақты қымтай құшағына алып, кейін тартылып қалған Тетис мұхиты мен оның қазіргі замандағы көзі Каспийдің атқарар орны орасан зор. Сондықтан да мамандардың дәлелдегеніндей қазіргі Маңғыстаудың жер қыртысындағы көрер көзге сайрап жатқан геологиялық түзілімдердің көпшілігі бұл аймақтың түгелімен су астында жатқан көне дәуірімен тұстас келеді. Палеозой дәуірінің соңы мен мезозой дәуірінің бас шамасындағы пермь, триас кезендерінен ( бұдан бұрырынғы 190 млн. жыл шамасы) қалған құм, тас, саз, сланец, көк сұр әк тастар қазіргі Қаратау баурайларынан жиі кездеседі. Батыс және шығыс Қаратау мен оның сілемдері сол пермь және триас кезеңінің шөгінділерінен түзілген ежелгі жыныстары болып табылады.
Юра (бұдан 140-150 млн. жылдар бұрын шамасы) кезеңінің қалдықтары құм, саз карбонатты жыныстар күйінде түбектің өне бойынан түгел табылады.
Маңғыстаудағы юра қабаты шамамен 1300 м-ге дейін жетеді. Жетібай, Өзен кен орындарында бұл қабаттан қазірде мұнай алынып отыр [5] .
Маңғыстауда ең көп кездесетін тау жынысының бірі бор (бұдан 115-120 млн. жыл шамасы бұрын) кезеңінің қалдықтары. Солтүстік пен оңтүстік Актау және олардың арасындағы ірілі-уақты алқаптар негізінен бор ) ірінің шөгінділері құм, тастан ақмергель ор, өктас, саз тастардан тұрады. Бор дәуірінен қалған, жел мен судың және күннің әсерінен адам таңқаларлық әр түрлі бейнедегі отыр тастарды жиі кездестіруге болады. Кайнозой дәуірінің палеоген (30-65 млн. жыл шамасы бұрын) кезеңінің жұрнақтары түбектің кез келген пұшпағында кездеседі. Палеогеннің аяқ кезеңі олигоцен тұсында (бұдан 30-40 млн. жыл шамасы бұрын) теңіз қайтадан тасып, қазіргі Маңғыстау түп-түгел су астында жатады. Бірақ теңіз қайтадан қайтып тау жоталары пайда болып, қара жер көріне бастайды. Неоген тұсы (20-30 млн. жыл шамасы бұрын) кезінде Каспий оқтын-оқтын тасып, Оңтүстік Маңғыстау жоталарын қайта-қайта су басып, қазіргі ұлутастар қабатын құраған. Геологиялық жас дәуір бас-аяғы ең соңғы бір млн. жыл ауқымымен шектелетін ширектік кезеңнің қалдықтары да бұл түбекте өте мол. Каспий жағалығы, Қарақия ойпаты мен Бозащы түбегі сол ширектік кезең шөгінділерінен тұрады. Жоғарыдағы көріністерге қарағанда Маңғыстауда алғашқы құрғақ жер триас дәуірінің аяқ кезеңінде, бұдан 190-200 млн. жылдар шамасында қазіргі Қаратау қыраты жатқан тұстан пайда өңір көп уақытқа дейін су астында Қаратаудан кейін орталық Маңғыстау мен Үстірт судан босаған; Бозащы түбегі тіптен беріде құрғаққа айналған деген қорытынды шығарылуда.
Сан ғасырлар бойы табиғаттың осыншама таңқаларлық мол өзгерістері Маңғыстау жер қойнауын қабат-қабат қазынаға толтыра берген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz