Техногендік (өндірістік) сипаттағы төтенше жағдайлар


ЖОСПАР
Техногендік (өндірістік) сипаттағы төтенше жағдайлар2
Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері4
Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар6
Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызы13
Қолданылған әдебиеттер тізімі15
Техногендік (өндірістік) сипаттағы төтенше жағдайлар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.
Оның түрлері:
- Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және т. с. с. ) .
- Көлік жүйесіндегі апаттар.
- Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т. с. с. ) .
Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.
Апаттың тағы бір себептері - улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады.
Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақталмаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.
Міне, осылар жұмыс орындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады. Мысалы: 1971 жылы Минск теле-радио заводында жарылыс болып, өндіріс орны қирап, адам шығынына ұшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдық станциясында ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі. Мұндай жағдай Атырау химия, мұнай айыру заводтарында да болып тұратындығы ықтимал.
Апаттың тағы бір өте қауіптілігі - күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтеріліп жерге де жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол тұрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар және т. б. өміріне өте қауіпті.
Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою факторларымен байланысты.
1. Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалған заттар, объектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан жасалған тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бұйымдар және техникалар балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар зардап шегеді.
2. Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар:
- ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сұйық отынның газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны.
- жарылыстардан жарықшақтардың, сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі.
Жарылыстардан қирау, объектілердің жойылуы, адамдардың және жан-жануарлардың өлімі, жарақаттануы сияқты зардаптары болады. Жарылыстың нәтижесінде үлкен өрттер пайда болуы мүмкін. Неғұрлым жарылыстың қуаты күшті болса, соғұрлым оның экономикаға, қоршаған ортаға, адамдарға және экологияға әкелетін зияны зор болады.
Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануарларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығумен сипатталады.
Улы заттектер /сильно действующие ядовитые вещества/ жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды.
Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін.
Улы затпен зақымданудың бірнеше ерекшеліктері бар:
- аз уақыт ішінде жаппай улануға болады;
- ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады;
- аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді;
- әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда /тұйық, желсіз жерлерде/ ұзақ сақталуы мүмкін.
Улы заттармен зақымданудың жолдары:
- уланған ауамен демалғанда;
- улы тамшылардың теріге не көзге тиюі;
- уланған заттарды ұстағанда;
- уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.
Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлілері хлор мен аммиак.
Хлор жасыл-сары түсті өткір исі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады.
Оның қайнау температурасы - 34, 6 0 С. Яғни, хлор қыс кезінде де газ түрінде де қала береді. 5-7 атм. қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сұйыққа айналады. Суда жақсы ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулармен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады.
Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.
Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырған жөн. Тыныс алу жолдары зақымданғанда нашатыр спиртін иіскеткен дұрыс. Көзін, мұрнын, аузын 2-пайзды соданың ерітіндісімен жуған дұрыс. Хлор ауаға тарағанын естігенде үйдің жоғарғы қабатына ығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған территориядан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз. Бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын көтеруге болмайды. Хлормен уланған адамға нашатыр спиртін иіскету керек. Ыстық сүт, шай беріп жылы жерге науқасты орналастыру керек.
Аммиак - нашатыр тәрізді иісі өткір, түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан түрі /1:3 мөлшерде/ қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентрациясы адамның нерв жүйесіне қатты әсер етеді. Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.
Аммиактың ауаға тарағаны туралы хабар болғанда өзіңіз тұратын үйіңіздің не жұмыс бөлмеңіздің есік-терезесін, саңылауларды ылғал матамен, мақтамен тығыздап жабу керек, газ, электр жүйелерін тез ажырату қажет.
Өндірісте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көптеген улы заттардан сенімді сақтайды. Бірақ ол аммиактың, метихлоридтің, винилхлоридтің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені, мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс алу органдарын сақтайды.
Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, немесе сабынды сумен жақсылап жуады.
Аптечканың /АИ-2/ №2 ұясындағы таблетканы ішу керек.
Химиялық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.
Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
Ви-икс-газдары. Олар өз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді - 5, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.
Ашық жатқан су көздерін /көл, өзен/ өте ұзақ уақыт бойы - 6 айға дейін зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин - бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қайтпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге, дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.
Осы тәріздес улағыш заттың бірі - Зоман. Ол да теріге өтіп, тыныс алу органдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді. Өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып ісінуінен өледі.
Қорғаныс жолы: теріні қорғау құралдарын және противогаз пайдалну, панаханаларға, арнайы баспаналарға жасырыну.
Улы заттардың барлығын химиялық байқау құралдары арқылы анықтайды.
Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі - Иприт.
Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай сіңіп кетеді. Адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.
Адам Иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам тұншығып өледі.
Қорғаныс құралдары: противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.
Синиль қышқылдары. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы - 14 0 С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.
Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану.
Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.
Тұншықтырғыш улы зат (газ) - фосген.
Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3, 5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ол жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады. Адамды тыныс алу органдары арқылы зақымдайды. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Бұл газдан қорғану жолы противогаз бен баспананы пайдалану.
Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)
ӘКУЗ - шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.
ӘКУЗ - жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
ӘКУЗ - қайнайды (қайнау температурасы + 20 0 С) және атмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық қауіпті объектіге жақын тұратын халық онда қандай ӘКУЗ-дың пайдаланылатындығын білуге тиіс. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен демалу нәтижесінде болуы мүмкін.
Химиялық қауіпті объектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет:
- улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;
- жақын жердегі панаханаға немесе арнайы жасырынатын орынға, ал олар жоқ болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады;
Зақымдалған аумақпен жүрген кезде мына тәртіптерді мүлтіксіз сақтау қажет:
- жүгірмей және шаңдатпай тез жүру;
- төтенше жағдай ұйымдарының өкілінің бұйрығына дейін қорғаныс құралдарын шешпеу керек, жыраларды, шұңқырларды, батпақтарды, тоннельдерді және улы зат жинақталып қалатын басқа да орындарды айналып өту;
- зардап шеккендерге, балаларға, сондай-ақ өз бетінше қозғалмайтын қарттар мен балаларға қажетті көмек көрсету.
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілетін немесе істелінетін іс-әрекеттер:
Хлор - төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарды көтерілу қажет:
а) егер сіз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз, жоғарғы қабатқа көтеріліңіз;
б) егер сіз көшеде ( далада) болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз.
Аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет (жертөле) .
Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс құралын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты қымтаңыз:
- есек пен терезені жақсылап қымтаңыз;
- ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.
Егер дабыл сізді көшеде келе жатқан кезде берілсе, ықтимал зақымдану аумағынан шығып, желге қарсы жүріңіз.
Тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс органдарын аммиактан, метилхлоридтен және винилхлоридтен және басқа улы заттардан 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек.
Аммиак сумен жақсы жайылады (суланған мақта - дәке таңғышы көмектеседі) .
Егер противогаз жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшін сумен немесе ауыз суының 2% (хлор төгілген кезде) және лимон (бор) қышқылының 5% (аммиак төгілген кезде) ерітіндісімен шайылған кез келген матаны пайдаланыңыз.
Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзіңіздің немесе балаңыздың сұйық дәретімен шайылған мата таңғышын пайдаланыңыз.
Халықты ӘКУЗ - мен ықтимал зақымдану аумағынан көшуі негізінен улы бұлт жақындағанға дейін жүргізіледі.
Улы зат төгілген орынға аммиак суын, әк тұнбасын, кальцийленген соданың ерітіндісін немесе 60-80% және одан артық концентрациядағы каустикті құяды (шамамен 2 л. ерітіндіге 1 кг хлор) суды немесе ерітіндіні ыдырату үшін су шашыратқыш, өрт машиналарын, жылжымалы автожанармай, стансаларын, сондай-ақ химиялық қауіпті объектідегі гидрант немесе арнайы жүйе қолданылады.
Аммиак көп төгілсе, жайылған сұйықты топырақпен қорайды, ал төгілген жерді әлсіз қышқыл ерітіндісін себеді, сумен шаяды.
Егер газ тәріздес аммиак төгелісе, онда су шашыратқыш, өрт машиналарының, жылжымалы автожанармай стансаларының сондай-ақ химиялық қауіпті объектідегі гидранттың көмегімен буды жұту үшін суды шашыратады.
Сақтанудың жолдарының бірі болып, мақта-мата таңғыштарын пайдалану болады. Оларды дайындау жолдар үшін 50-100 см көлеміндегі дәке кесіндісінен жасайды. (Бастауыш сынып оқушыларына көлемі 80-40 см) . Отбасы бойынша бір қалыпты қалыңдығы 20-30 см (15-20 см) 1-2 см мата қабатын жаяды. Дәке кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Дәкенің ұшын екі байлау жұбы шығатындай етіп қияды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz