Шағын бизнес кәсіпорынының дамуын басқару ( МИРАС МБ ЖШС-і мысалында)


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

Тақырыбы:, , Шағын бизнес кәсіпорынының дамуын басқару,, (“МИРАС МБ” ЖШС-і мысалында)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. НАРЫҚТЫ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ6

1. 1. Шағын бизнес экономикалық тұрақтылық пен даму кепілі6

1. 2. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы15

1. 3 Республикадағы шағын бизнесті жетілдірудің бағыттары23

2. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ “МИРАС МБ” ЖШС МЫСАЛЫНДА27

2. 1. “МИРАС МБ” ЖШС-нің басқару жүйесіне талдау27

2. 2. “МИРАС МБ” ЖШС-нің қаржылық-шаруашылық іс-әрекеті38

2. 3. Шағын кәсіпорындағы табысқа бағытталған басқаруды жетілдіру45

ҚОРЫТЫНДЫ52

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР56

КІРІСПЕ

Еліміз егемендік алып ес жиғалы бері 10 жыл өтті. Кешегі өткен күнге көз жүгіртіп қарайтын болсақ, жетпіс жыл отаршылдық саясатты ұстанған Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау қажеттілігі бүгінгі таңда экономикалық саясаттың басымды өрісі ретінде танылған. Шағын кәсіпкерлікті дамыту халықты жұмыспен қамтамасыз ету, тұтыну тауарлары нарығында отандық өндірушілерді орнықтыруда маңызды болып табылады.

Республикада шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда бірқатар шаралар жүзеге асырылған. Кәсіпкерлікті қолдауда басты назар Елбасының арнайы тапсырыстарынан орын алып, бұл мәселені шешу Үкімет пен әкімдердің міндеттерінде белгіленген. Экономика және сауда министрлігінің жанынан кәсіпкерлерді қолдау департаменті құрылған. 1997 жылдың тамыз айынан «Кәсіпкерлікті қолдау қоры» өз жұмысын бастады.

Арнайы мемлекеттік құжаттармен қатар қолдау көрсететін мемлекеттік емес институттар өнімді қызмет етуде. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін 14 халықаралық ұйым қалыптасқан. Бұл ұйымдар тек қаржымен ғана қолдау жасмай, сонымен бірге оқу жоспарлары, техникалық көмек, кенес беру қызметтерін көрсетеді. Олардың ішінде Европалық даму және қайта құру банкі, Іскер адамдар орталығы, ТАСИС бағдарламасы, Европалық Бірлестік Комиссиясы, Европалық концорциум қаржыландыруындағы іскерлік байланыс орталығы, Сорос Қоры, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдаушы Орталық Азиялық-Американдық қоры белсенді әрекеттерді жүзеге асыруда. Ақпараттық, маркетингтік қызмет, тауар жылжуы, ішкі нарық саласында Сауда-өнеркәсіптік палатасы үлкен көмек көрсете алады. Бүгінде Қазақстан Әлемдік даму және қайта жарақтандыру Банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Европа Даму Банкі, Исламдық Даму Банкі сияқты беделді қаржы ұйымдарының мүшесі болып отыр.

Жергілікті жерде шағын және орта бизнесті басым дамытудың саясатын түбегейлі жүргізіп, оларға бизнес жоспарына сәйкес қаржылай көмек көрсетуді жүзеге асырады. Кәсіпкерлік қырларын үйрену мақсатында шетелдік әріптестерді шақыру, инвестицияларды тиімді жобаларға жұмсау аясында нақты шаралар белгіленіп, орындалуда. Елбасы кәсіпкерлікпен шұғылданушыларды жөн жосықсыз тексеріп, ығыр еткен айла-тәсілден құтқарып, жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін пәрменімен көмектескен болатын.

Кәсіпкерліктің көсегесін көгерту әрбір екі кісінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Өйткені, іскер азаматтардың біліктілігі өз алдына, ал шағын өндіріс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз ету өзіндік мәселе болып табылады. Міне осы аталған жағдайлар дипломдық жұмыстың маңыздылығын, заман талаптарына сай келуін дәлелдей түседі.

Дипломдық жұмыс объектісі болып табылатын “МИРАС МБ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағын бизнеске жатқызылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

- кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол - шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау. “МИРАС МБ” ЖШС басшылығында мұңдай құқық еркіндігі бар;

- кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдік пен жауапкершілікті қажет етеді. “МИРАС МБ” ЖШС бұл мәселеде Заңға сәйкес жұмыс жасайды;

- кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. “МИРАС МБ” ЖШС коммерциялық сауда-саттықпен айналысады.

Яғни, “МИРАС МБ” ЖШС-нің кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қаланған.

Шағын бизнес - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес, бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік. “МИРАС МБ” ЖШС қызметінде өзіндік стильге, іскерлікке бет бұрған шағын кәсіпорын.

Дипломдық жұмыста нарықты экономикадағы шағын бизнестің мәні, мазмұны және ерекшеліктері баяндалған. Қазақстандағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуына зерттеу жасалынып, республикадағы шағын бизнесті жетілдірудің бағыттары көрсетілген. Сондай-ақ “МИРАС МБ” ЖШС-нің коммерциялық әрекетінің нәтижелері, экономикалық-қаржылық көрсеткіштері анықталып, талдау жасалынған.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. НАРЫҚТЫ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Шағын бизнес экономикалық тұрақтылық пен даму кепілі

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшу және оның оның әзірше монополиялық биік деңгейін сақтау кезікнде экономикалық өрлеудің басты күші - шағын бизнесті дамытудың зор маңызы бар.

Монополизм еркін рыноктың аласапыраның және еркін бәсекелестік мүмкіндігін жоя отырып экономикалық және технологиялық прогресске қарсы әсер ететін факторларды жасайтыны белгілі. Яғни монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор әлемдік тәжірибеде кең етек алған, енді біздің елімізде де дамып келе жатқан шағын бизнес. Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі шағын бизнес халықтың әл ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Бұл жағдайды төменде көрсетілген кестеден айқын байқауға болады.

Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестіктің өзгеруіне өте сезімтал. Сонымен қатар экономикадағы бәсекелік сипатты қолдай отырып, орта таптың қалыптасуының негізін қалайды. Осындай әлеуметтік базаны дамытпастан нарықтық реформаларға жоғары баға беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың әділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын бизнесті кең бағытта қолдаған шет елдердің тәжірибесі айғақтайды. Мысалы АҚШ та жалпы өнімнің қырық процентті және еңбекке қабілетті халықтың елу үш процентті оның үлесіне тиеді. Ірі корпорацияларға қарағанда шағын кәсіпорындар технологиялық жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай кәсіпорындардың тауарларды экспортқа шығаруға да мүмкіншіліктері де мол. Олардың үлесіне Германия, Италия, Жапония сияқты елдерде тауар экспортының қырық проценттіне жуығы тиеселі екен.

Кесте 1-Жұмыспен қамтылғандар арасындағы шағын бизнес үлесі.

Ел аты: Ел аты
Үлесі: Үлесі
Ел аты: Ел аты
Үлесі: Үлесі
Ел аты: Италия
Үлесі: 80%
Ел аты: Румыния
Үлесі: 27%
Ел аты: Ұлыбритания
Үлесі: 76%
Ел аты: Венгрия
Үлесі: 24%
Ел аты: Жапония
Үлесі: 73%
Ел аты: Словакия
Үлесі: 23%
Ел аты: Бельгия
Үлесі: 72%
Ел аты: Польша
Үлесі: 23%
Ел аты: Франция
Үлесі: 69%
Ел аты: Россия
Үлесі: 15, 2%
Ел аты: Германия
Үлесі: 64%
Ел аты: Беларусь
Үлесі: 5%
Ел аты: АҚШ
Үлесі: 53%
Ел аты: Қазақстан
Үлесі: 7, 2 %

Шағын бизнес, кесте деректері дәләлдеп отырғандай, өркениетті елдерде әлеуметтік мәселерді шешудің басты күші бола отырып, тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Экономикалық және статистикалық мәліметтер бойынша шағын бизнес субъектілерінің ролі тіпті дамыған елдер де артқаны байқалады. Қазақстанда көрсетілген дерек 2001 жыл нәтижесімен белгіленген, қазіргі соңғы деректер бойынша шағын бизнесте қамтылған үлесі 15 %-ға жеткен, дегенмен әлі де дами түсуі тиіс.

Шағын бизнес динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік тап пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.

Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым роль атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына диверсификацияланып жатыр.

Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықты экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-ғы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар. АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағын бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін - жылдық табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады.

АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-іне жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 53%-іне, көтерме сауданың 64%-іне, бөлшек сауданың 72%-іне, қызмет саласының 57%-іне ие болып тұр.

Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен қысқарту кезінде шағын кәсіпкерлік жұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын бизнес даму мысалы көрсеткендей шағын бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ сауда министрлігінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25%-ке дейін үлес қосады.

Негізгі бағдарлама - бұл инкубаторларды дамыту. Инкубаторлар - бұл университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармалар жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты - жаңа кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсету болып табылады. Себебі - көптеген кәсіпкерлер өз ісін бастағысы келгенімен, мүмкіндігі жоқ, осындай кәсіпкерлерге инкубаторлар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа, қаржыландыру көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік, жекеше болуы мүмкін.

Шағын бизнес субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отыра, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте, шағын бизнестің дамуынан келесі тауқыметтер шешімін табады :

- Экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпалы;

- Қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

- Тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның сапасының жоғарлауы;

- Өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;

- Жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;

- Қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі;

- Адамның творчестволық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

- Еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;

- Жерді, щикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;

- Мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алуы немесе жалға алуы;

Аталып өткен шағын бизнестің экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экоомиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру шағын кәсіпорындардың тиіиділігіне байланысты болады.

Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет ереді. Шағын бизнес нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіп, белсенді роль атқарады.

Соңғы уақытта дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде шағын бизнестің дамуы үлкен орын алып тұр. Егер 1950-і жылдары АҚШ-та орташа шамамен жыл сайын 130 мың фирма тіркелсе, 60-ы жылдары -220 мың, ал 70-і жылдары - 350 мың, ал 90-ы жылдары жыл сайын 600 мың фирмаға дейін орташа шамамен тіркелген. Бұл құбылыстың себебі шағын бизнестің дамып отырған қоғамдық тұтынушылықты дер кезінде қанағаттандыра алу қабілетімен, ғылыми техникалық прогресс барысында өндірістік құрал мен жабдықтардың жетілділігімен және аралас экономикадағы әр түрлі меншік формаларының біркелкі мүмкіндігімен түсіндіріледі. Шағын бизнес шешім қабылдау мен оны жүзеге асырудағы еркіндік, іскерлік, нәтижелерге толық экономикалық және праволық жауапкершілік, сондай ақ творчестволық ынта және жігермен сипатталады.

Шағын бизнестің нарықты экономика субъектісі ретінде төменгідей артықшылықтары бар:

- Шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен оперативтік;

- Салыстырмалы түрдегі аз шығындар, әсіресе басқаруға;

- Жергілікті жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез бейімделу;

- Шағын бизнес субъектілерінің іс әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;

- Жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зор мүмкіндіктері, кәсіпкерліктің дамуы;

- Қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі;

- Капитал айналымының жоғары болуы;

Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында шағын және орта кәсіпорындардың бірқатар бәсекелестік артықшылықтары аталған. Бір қызметкерге шаққандағы қажетті қор мөлшерінің аз болуы, шағын кәсіпорындар жергілікті еңбек және материалдық ресурстарды ірі кәсіпорындарға қарағанда кеңінен қолданады. Табысқа жету жолында жеке ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да үлкен әсер етеді. Шағын бизнес субъектілері жергілікті нарықтағы сұранысты өте жақсы біледі, кей кезде нақты тұтынушының тапсырысы бойынша тауар шығарады, адамның үлкен санына өмір сүруі үшін қаржы береді, кәсіпқой мамандарды даярлайды. Кейбір мемлекетттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын бизнес алдыңғы орында тұрады.

Шағын бизнес субъектілерінің кемшіліктері қатарына тәуекелдің жоғары болуы, нарықтағы тұрақсыздықтың жоғары деңгейі, Ірі кәсіпорындарға тәуелді болуы, басшылықтың біліктілігінің төменгі деңгейі, қаржы ресурстарын тартудағы қиындықтар, істі басқарудағы жетіспеушіліктер. Әрине шағын бизнес субъектілерінің сәтсіздіктері ішкі және сыртқы факторларға байланысты болады. Сонымен қатар өндірістік және сауда кәсіпорындар дебиторлық қарызды өтеудегі қиыншылықтарды көрсетеді. Дипломдық жұмыс объектісі болып табылатын сауда саласында жоғарыда аталғандармен бірге дұрыс орынның болмауы, қойма шаруашылығын басқарудағы қиыншылықтар, қазіргі уақытта шағын бизнесті жүргізу үшін арнайы білім қажет. Кей кезде шағын бизнестің басшысы жақсы коммерсант болғанымен, өндірістік мәселелерде ешқандай тәжірибесі жоқ болады және керісінше жағдай да болуы мүмкін.

Шағын бизнестің субъектілерінің сәтсіздікке ұшырауы кәсіпкерлердің дайындығы төмен болуымен айқындалады. Кәсіпорын басшылары жұмысты бірлесіп атқарса, онда тиімділік артады. Себебі бірлескен шешім қабылдаудың маңызы өте зор. Бір мезетте пайда болып, содан кейін жоқ болатын қоғамдық қажеттіліктерді тұрақты түрде іздестіру және оған бейімделу шағын бизнес стратегиясының негізін құрайды.

Бизнес - бұл адамдарды, яғни тұтынушыларды өз қаржысын сізге беруге ынталандыратын өнер. Бизнес үлкен өнер. Бұл өнер коммерция заңдарына, кәсіпкерлердің үлкен еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.

Кәсіпкерлердің өздеріне ғана тән ерекше этикасы және дүниетанымы бар. Бұл жағдайға қарап, біз кәсіпкерліктің ерекше бір философиясы бар екенін айтуымызға болады.

Кәсіпкерлік философиясы өндіріс пен қоғамның дамуының әсерінен әрқашанда өзгеріп тұрады. Ал кәсіпкерлік философиясының негізі тұрақты болып келеді. Себебі - қоғамдық өмір мен адамдардың қатынастары өзгеріп тұрады, ал нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз.

Кәсіпкер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет жасайды. Әр нәрсе, әр тенденция мәңгі болмайтындықтан нарық субъектілерінің мінез-құлқы әрқашанда өзгермелі. Нарықты экономикада әр процесс циклді жүреді.

Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі шағын бизнесті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің: саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әр-бір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.

Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-і, көтерме сауданың 60%-і, бөлшек сауданың 80%-і тиеді. Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуға көмек береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі - басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі. Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әр бір министрлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық ставкасы қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73%-іне ие болып отыр.

Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын даыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылды. 1995 жылы Ресей Федерациясында “Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы” заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әртүрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-і келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі принципке негізделген:

  • Федералдық Қордан жұмсалатын әр бір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек.
  • Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады. Қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.

Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары мен орталықтары барлық региондарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша әртүрлі жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің инфрақұрылымын құру жобалары да қаржыландырылады.

Ұлыбританияда шағын бизнес субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2 миллион фунт стерлингтен аспайтын, активтер сомасы 1 миллион фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар

жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызметі бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық мәселелерді қалай шешу керек екенін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі туралы, нарықты қалай зерттеу керек екендігі туралы кеңестер. Шағын бизнес жөніндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әртүрлі семинарлар мен курстар ұйымдастырып тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында кәсіпкерлер үшін ссудалық кепілдеме береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлейді.

Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатыр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға - жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда - 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген. Шағын және орта бизнесте жұмысқа қабілетті халықтың 59%-і шұғылданады. Статистикалық мәліметтер бойынша 1988 - 1995 жылдары шағын және орта кәсіпорындар саны жыл сайын 4, 5%-ке, ал жұмыспен қамту болса 0, 25%-ке өсіп тұрған. Шағын және орта кәсіпорындар жыл сайын өндірісті 2%-ке, ал экспортқа шығаруды 2, 5%-ке арттырған. Бұл деректерге қарап, шағын және орта бизнестің ел экономикасында маңызды орынға ие болып тұрғанын байқаймыз.

Франция Үкіметінің шағын және орта кәсіпорындарға байланысты жүргізіп жатқан саясатынан мемлекеттің бұл секторда үлкен мүдделері бар екенін аңғаруға болады. Бұл мүдделер екі үлкен программаларда жарық көрді:

  • Францияда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту жобасы;

- Шағын және орта кәсіпорындарға бағытталған 37 шара.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның микроортасына талдау
Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсері
ЖШС «НҰР» жеке кәсiпорынының автоматтандырылған құжат алмасу жүйесiн жасау
«Nur-ali trade» ЖШС-н басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі
Аймақтардың инвестициялық саясатын қарастыру
Шағын кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау «Perfect» ЖШС мысалында
Ұлыбританиядағы шағын бизнес
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған несиелік мәселелерді қарастырып, оларды тиімді несиелендіру арқылы шешу жолдарын зерттеу
Туристік қызмет нарығында заманауи-ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz