Қазақстан Республикасындағы сүт өнімінің өзіндік құнын жүйелік талдау және болжау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: “Қазақстан Республикасындағы сүт өнімінің өзіндік құнын жүйелік талдау және және болжау” (ҚР статистикалық агентсвасының кейінгі 10 жылдық деректері бойынша)

Мазмұны

Кiрiспе . . .
3
Кiрiспе. . .:
  1. ДИПЛОМ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . .

1. 1 Сүт және сүт өнiмдерiнiң маңызы . . .

1. 2 Республикада сүт өнiмдерi өндiрiсiнiң даму тарихы . . .

1. 3 Сүт шаруашылығының дамуына ғалымдардың қосқан үлесi . . .

1. 4. Республикада сүт өндiруге әсер ететiн жағдайлар . . .

1. 5 Сүт өнiмiн есептеу және бағалау тәсiлдерi . . .

3:

7

7

8

13

14

22

Кiрiспе. . .:
  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ - СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ

ЭКОНОМЕТРИЯЛЫҚ МОДЕЛДЕРМЕН БОЛЖАУ . . .

2. 1. Эконометриялық моделдер туралы жалпы түсiнiк . . .

2. 2 Өнiмнiң өзiндiк құнын талдау әдiстерi . . .

2. 3 Динамикалық өсу қисықтары негізінде

құрылатын экономикалық тренд модельдері . . .

2. 3. 1 Адаптивті модельдер және олармен болжау . . .

2. 4 Iрi қара мал шаруашылығы өнiмдерiнiң

өзiндiк құнын талдау әдiстерi . . .

3:

23

23

26

28

41

54

Кiрiспе. . .:

3. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТАСТИСТИКАЛЫҚ АГЕНТСТВА ДЕ-

РЕКТЕРІ БОЙЫНША СҮТ ӨНIМДЕРIН ЭКОНОМИКАЛЫҚ - СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ НӘТИЖЕЛЕРI. .

3. 1. Республиканың мал шаруашылығының қазiргi

экономикалық жағдайы . . .

3. 2 Республикада кейiнгi 10 жылда сүттi iрi қара мал өнімдері . . .

3. 4 Сүт өнімінің өзіндік құнын экономикалық-статистикалық

талдау . . .

  1. Республика деңгейінде сүт өнімінің өзіндік құнын болжау

нәтижесі . . .

3:

60

60

62

71

79

Кiрiспе. . .: ҚОРЫТЫНДЫЛАР ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР . . .
3: 88
Кiрiспе. . .: ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 90

КIРIСПЕ

Мемiлекеттiмiздiң ауылшарушылығының өндiрiстерiн ұйымдастыру-да және басқаруда жасалып жаттқан әртүрлi iс әрекеттердi экономикалық әдiстермен талдау, оның iшiнде өндiрiлген өнiмнiң өзiндiк құнын экономикалық статистикалық талдау және болжау бүгiнгi таңдағы ең көкейтестi мәселердiң бiрi.

Өндiрiстiң тиiмдiлiгi - материалдық, қаржылардың дұрыс бөлiнуiмен, еңбек шығындарының нақтылы дұрыс есептелiнуiмен, өндiрiсте ұйымдастырыу және басқару жұмыстарының дұрыс жүргiзiлуiмен, сонымен қатар өндiрiстiк қорлармен құралдарды дұрыс пайдалануымен анықталады.

Өндiрiстiң пайдалы дамуына ғылыми тұрғыда қараудың да маңызы зор. Өндiрiстiң ғылыми негiзде дамуын болжау үшiн, әрбiр әсер етушi факторлардың қаншалықты әсерлiлiгiн, яғни тығыздық күшiн, әсерлiк дәрежесiн анықтау қажет.

Өндiрiстiң ұтымды дамуы өндiрiлетiн өнiмге кететiн шығындарға да байланысты. Ал өндiрiстiк шығындардың азаюын қамтамасыз етуде өнiмнiң өзiндiк құнын жүйелi түрде қарап талдау қазiргi экономика ғылымындағы ең маңызы проблемалардың бiрi.

Экономикалық көрсеткiштердi жүйелiк түрде талдау және зертеу әдiстерi, олардың қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мүмкiншiлiктерiн ескере отырып әр түрлi ресурстарды тиiмдi пайдалануды көздейдi және қазiргi жаңа ғылыми бағыт болып саналады.

Экономикалық көрсеткiштерге әсер ететiн факторларды реттеуде, әр түрлi жұмыстарда тәуелдi түрде жүйелi талдауда, қазiргi ғылыми жетiстiктердi қолдану, шаруашылық процестерiнiң өндiрiстiк функцияларын тұрғызып моделдеу әдiстерiн пайдалану ең маңызды iс, ол қазiргi ғылыми жетiстiктердiң талабы.

Шаруашылықта қолданылатын қалыптасқан жоспарлау басқару және ұйымдастыру әдiстерi жаңа өндiрiстi ұтымды, тиiмдi ұйымдастыруда бүгiнгi таңда жеткiлiксiздiгiн көрсеттi.

Жүйелi әдiстiң мазмұнды принципi әлеуметтiк-эконо-микалық құбылыстардың жаңа зерттеу объектiлерiн құруға, бұл объектiлерге құрылымды мiнездеме беруге көмектеседi, өндiрiстiң барлық салаларында жаңа зерттеулердiң қалыптасыуына ықпалын тигiзедi.

Жоғарыда көрсетiлген тұжырымдарға байланысты бiз осы дипломдық жұмысымызда экономико-статистикалық талдау және болжау әдiстерi арқылы мал шаруашылық өнiмдерiн, оның iшiнде түтынушыларға бiрiншi кезекте ең қажеттi өнiм сүт және сүт өнiмдерi болғандықтан осы өнiмнiң Республикамыздағы бүгiнгi қалпын көрсету және оларды алдыңғы кезеңдерде ұтымды ұйымдастыру барысында ескеретiн, оларға әсер ететiн факторларды анықтау және оларды ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеп ғылыми тұжырымдар жасамақшымыз.

Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру кафедрасының рұқсаты бойынша, дипломдық жұмысты агрожүйелерiн моделдеуң кафедрасының ғылыми тақрыбының негiзiнде, “Республикамызда сүт өнiмiн өндiру көрсеткiштерiн экономикалық-сатистикалық талдау және болжау” тақырыбымен Қазақстан Республикасының статистикалық аганствасының кейiнгi 10 жылдық статистикалық материалдарын оқып, зерттеп және жинау арқылы орындалу керектiгiне байланысты өндiрiстiк практика кезiнде Алматы қаласындағы орналасқан Республикалық статагентствада көп уақыт осы көрсетiлген материалдарды iздеумен және зерттеумен, сонымен қатар жинаумен айналыстым.

Осы жұмыс бойынша жасалған, реттелген және жиналған, сонымен қатар тұжырымдалған, Республикада сүт өнiмiн өндiруге байланысты керектi статистикалық материалдар, осы дипломдық жұмыста арнайы кестелерде келтiрiледi. Сонымен қатар дипломдық жұмыста мал шаруашылығының ең тұрақты және тиiмдi өнiмi ретiнде сүт өндiрудiң өзiндiк құнын зерттеудегi әдiстер мен қазiргi заманың талабына сай ұсыныстар жасалынады. Қазақстан Республикасында сүт өндiретiн шаруашылықтардың кейiнгi 10 жылдық қортынды статистикалық мәлiметтерi бойынша мұндай талдауды өткiзу мен нәтижелердi бағалау тәртiбi, сонымен қатар эконометриялық моделдердi құру әдiстерi қарастырылады.

Дипломдық жобаны орындауда Республикамыздың статистикалық агенствасның мәлiметтерi (1995-2005 ж. ж. ) аралығындағы пайдаланылды.

Керектi мәлiметтердi жинау әдiстемеci

Дипломдық жұмыста қойылған мақсатқа жетуге керектi мәлiметтердi Республикамыздың кейiнгi (1995 . . . 2005 ж. ж. ) 10 жыл аралығындағы мал, оның iшiнде iрi қара шаруашылығының экономикалық көрсеткiштерiн зерттеуден басталады. Ол үшiн Республикада iрi қара мал шаруашылығы туралы жарыққа шыққан арнайы әдебиеттегi экономикалық көрсеткiштердi зерттедiк. Мына [1 . . . 15] әдебиеттердi оқып, талдадық. Бұдан шыққан қорытындылар, тұжырымдалған экономикалық көрсеткiштер дипломдық жұмыстың 1 . . . 2 бөлiмдерiнде келтiрiледi.

Сандық статистикалық мәлiметтердi жинауда Қазақстан Республикасының ұлттық статистикалық агентствасынан керектi статистикалық жиынтықтарды алдық.

Қаладағы бұл статистикалық агентстваның мекен жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, Жароков көшесiнiң бұрышы. Телефоны:262-66-45 және 262-13-23.

Айта кететiн бiр жай, барлық керектi материалдарды бiрнеше статистикалық каталогтен, компьютерде жасалған базадан және үштүрлi статистикалық жиынтықтан (сборник) алдық. Себебi осы кәсiпорынның кейiнгi екi жылда бiрнеше рет тұрақты орны және аталуы өзгерді. Осы себептi статистикалық жиынтықтың аты екi-үш рет басқаша аталатын болды. Бiздiң бұл мекемеден тапқан материалдарымыз былай аталады:

- сельское хозяйство Республики Казахстан (статистический сборник), Государственный комитет РК по статистике и анализу, Алматы: 1995.

- сельское, лесное и рыбное хозяйство Казахстана. (Статистический сборник), Национальное статистическое агентство РК., Алматы: 2000.

- сельское, лесное и рыбное хозяйство Казахстана. (Статистический сборник), Агентство РК по статистике, Алматы: 2003.

Дипломдық жұмысты орындауда И. В. Поповичтiң “Методика экономических исследований в сельском хозяйстве”, -М. : “Экономика”, 1977 [5] кiтабында келтiрiлген экономикалық зерттеулерде қолданылатын әдiстемелер пайдаланылады.

  1. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕР ШОЛУ

1. 1 Сүт және сүт өнiмдерiнiң маңызы

Сүт - табиғаттың ең құнды өнiмi. Адам организмi құрамындағы қоректi заттарының 98-99%-iн пайдаланады. Сүттiң жоғары қоректiк қасиеттерiн келесi деректерге қарап бiлуге болады: бiр литр сүт құрамындағы белок мөлшерi -150 г сиыр етi, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг нан құрамындағы белокқа тең. Сүттiң жарты литрге адамның амин қышқылдарына тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандырады, ал сүттiң бiр литрi адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттiлiгiн толық, белокқа қажеттiлiгiн жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттiлiгiнiң 1/3 бөлiгiн қамтамасыз етедi.

Америка ғалымдарының деректерi бойынша, сүт қанты адамның орталық нерв жүйесi үшiн құрылыс материалы болып табылады, ал балалардың ақыл-ойының дамуы iшкен сүт мөлшерiне байланысты екенi анықталады.

Сүт адамның жүрек қызметiне қолайлы әсер етедi. Ағылшын дәрiгерi он жылдан астам уақыт iшiнде жүргiзген ғылыми iзденiсте 45-59 жастағы 5000 ер адмды бақылаған. Нәтижесiнде сүттi жақсы көретiн адамдар, оны iшпейтiн адамдармен салыстырғанда жүрек ауруларымен 10 есе сирек ауыратындығы анықталған.

Сүт және сүт өнiмдерi маңызы жағынан халықты тағаммен қамтамасыз етуде екiншi орын алады. Сондықтан сүттi сиыр шаруашылығын жамыту, сүт өндiрудi ұйымдастыру және оның сапасын жақсарту, шикiзаттың алғашқы қасиеттерiн сақтай отырып, әртүрлi сүт өнiмдерiн дайындау технологиясын игеру-малшылардың, әсiресе, мал мамандары-зоотехнитердiң басты мiндетi.

Қазiргi кезде сүттiң ең құнды бөлiгi-белок, тек 45%-ке пайдаланылады.

Өнiмнiң сапасы мен шығымы тек сүт құрамындағы компоненттер мөлшерiне ғана емес, сонымен бiрге физикалық-химиялық, технологиялық қасиеттерге де байланысты, ал олар әртүрлi жағдайлармен (мал тұқымы, азытандыру деңгейi) аынқталады. Сондықтан, осы сұрақтар төңiрегiнде терең, жан-жақты бiлiм алмай, сүт өнiмдерiн дайындауды жақсарту жолдарын iздеу мүмкiн емес. Зоотехникалық жағдайларға байланысты сүттен сүт өнiмдерiн дайындаудың технологиялық ерекшелiктерi зерттелмеген. Қазiргi кезде сүт өнiмдерiн дайындау технологиясын жетiлдiруде бұл өте маңызды мәселе, себебi бұл сұрақтардың шешiмi дайындалған сүттен неғұрлым көп өнiм дайындау үшiн қай аймақта қандай мал тұқымын өсiру қажет, сауын сиыр табынындағы малдың жасы нешеде болуы керек, қандай азықпен, қалай қоректендiрiлуi керек екенiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

1. 2 Республикада сүт өнiмдерi өндiрiсiнiң даму тарихы

Ол кейiнгi ғасырларда берiден санасақ Ресеймен тығыз байланысты, мұнда XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап тауарлы сүт өндiрiлетiн мал шаруашылығы дамыды. Бұл кезде негiзiнен қол күшi әдiсiмен қортылған (ерiтiлген) май мен iрiмшiк дайынддалатын. XIX ғасырдың соңында Түрксiб темiр жолы салынғаннан кейiн, май мен iрiмшiк өңдейтiн зауыттар салына бастады. Сiбiр-iрi сүт шаруашылығы мен май өңдеу орталығына айналды. 1894 жылы Қорған қаласына жақын жерде бiрiншi май өңдеу зауыты салынды және Сiбiрде өндiрiлетiн барлық сүттiң 90%-нен май шайқап, шет елдерге сату iсi жолға қойылды.

Алғашқы кезде сүт өндiрiсi кооператив түрiне дамыды. Соңынан, қоғамдық мал шаруашылығы ұйымдастырылғаннан кейiн, сүттi дайындау, өңдеу және сату жүйесi қайта құрылды. Халық шаруашылығынан үлкен бiр саласы болып есептелген мемлекеттiк сүт өндiрiсi құрылды. 1939 жылы КСРО ет және сүт өндiрiсi министрлiгi құрылып, барлық мемлекеттiк сүт кәсiпорындары осы мекемеге қарайтын болды.

Қазақстан ертеден ақ дүниежүзiлiк май нарығына енген болатын. Республика аумағында негiзiнен Сiбiрге жақын солтүстiк шығыс аудандарында шағын зауыттар салына бастады. Сол кезеiнiң қиындықтарын, май зауыттарының жағдайы мен техникалық жабдықтауын көз алдына елестету үшiн цифрларға жүгiнейiк. Май шаруашылығы жақсы дамыған. Семей өңiрiнде сол кезде жұмыс iстеген 134 зауыттың 119-ы ғана механикаландырылған болаты. Тек үш зауытта бу қолданылып, басқаларында ат күшi пайдаланылды. Ол кезде жұмысшылар үшiн бұл үлкен көмек болды, себебi олар бейнетi ауыр қара жұмыстан босатылды.

1928-1932 жылдары Қазақстанда 100-ге тарта (май және iрiмшiк өндiргiш) зауыттар салынып, бiрiншi бесжылдықта май өндiру мөлшерi екi есе артты. Одақ бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан кейiн үшiншi орынға ие болды.

Республиканың оңтүстiгiнде алғашқы өндiрiстiк iрiмшiк базасы ашылды. 1932 жылы 203 тонна iрiмшiк өндiрiлдi. Осы уақыттан бастап Қазақстанның жеке сүт өндiрiсi өркендедi.

Ауыл шаруашылығын коллективтендiру арқасында шикiзат қоры құрт көбейiп, осының нәтижесiнде екiншi бежылдықта сүт өнiмiнөндiру екi есе артты. 1937 жылы Қазақстанда 11, 6 мың тонна май өндiрiлiп, одақтық көрсеткiштен жоғарылады. Май шығару өндiрiсi бес есе артты. Мұның бәрi бейбiтшiлiк уақытында емес, контреволюцияға, қарсы күрес, ауылды өркендету, өндiрiстi қайта құру кезеңiнде жүрдi. Сонымен бiрге, Қазақстан қосымша шығынды талап еткен аса ауыр ашаршылық жылдарын басынан өткiздi.

Сүт өндiру мекемелерiн мемлкет қарауына топтау нәтижесiнде, оларды iрiктеу, техникамен жабдықтау мәселелерiмен айналысуға, мүмкiндiк туды. С. Г. Курмангалиев пен М. К. Кожахметовтың (1992) деректерi бойынша бiрiншi бесжылдықтағы 11, 2 мың тоннаның орнына, 1940 жылы бiр май зауыты орта есеппен 44, 5 мың тонна өнiм шығарған.

Елдi индустрияландыру барысында ауыл тұрғындары қалаға көштi. Осыған байланысты қала халқын сүт өнiмдерiмен қамтамасыз ету қажеттiлiг туындады. Соғыс жылдары республикада 20 сүт өңдеу зауыты салында (М., Алматы, Жамбыл, Темiртау, Ақтөбе, Кереку областары) .

Соғыстан кейiнгi жылдары iрiмшiк, ашыған сүт өнiмдерiн, сүт консервiлерiн шығару қарқынды дамыды. Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Шемонаиха, Луговой, Мерке, Буркен т. б. мехникаландырылған, iрiмшiк зауыттары салынды. Олар қазiргi күнге дейiн өз өнiмдерiнiң сапасын жоғалтқан жоқ.

Алпысыншы жылдары республикадағы барлық сүт өңдейтiн 304 өндiрiс орыны толығымен буға көшiрiлiп, электрлендiрiлдi. Жетi жыл аралығында республикада 13 iрi қалалық сүт зауыты, 59 май-iрiмшiк зауыты, 19 қайнатылған iрiмшiк дайындау цехтары бой көтердi. Осы уақытта 184 ұздiксiз май шығару жүйесi, 56 сүт ыдыстарын жуып, сүт құятын автомат жүйесi, 70 платинкалы автоматты пастерлеу қондырғысы, сүзбе, базмұздақ, қайнатылған iрiмшiк, басқа өнiмдердi өлшеп орайтын автоматтар өндiрiске кiргiздi. Өндiрiсте жоғары жұмыс өнiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн сүт, сондай-ақ сүт өнiмдерiн құятын қапшықтар, вафлиге оралған брикеттелген балмұздақ арналған үздiксiз меканикаландырылған жолдар, қуатты копрессорлы тоңазытқыш қондырғылар пайда болды. Осының бәрi сүт өнiмдерiн дайындау өндiрiсiне iз қалдырды. 1940 жылмен салыстырғанда 1965 жылы сүт өнiмдерiн өңдеу өндiрiс 251 есе өсiп, 502 мың тоннаға, оның iшiнде iрiмшiк өңдеу 27 есес өсiп, 8, 1 мың тоннаға, май дайындау 3, 7 есе өсiп, 34, 8 мың тоннаға жеттi.

Сүт өндiрiсi жоғарғы қарқынмен даму үстiнде болғанмен техникалық жабдықтау деңгейi қанағаттандырылықсыз едi. Қалалық сүт зауыттарында жабдықтардың жеткiлiксiздiгiне байланысты, қағаз қапшықтарға құйылған сүт аз өндiрiлетiн болды, ал iрiмшiк дайындау зауыттарының мехканикаландыру деңгейi өте төмен болғандықтан, көп жұмыс қолмен iстелiндi.

Алпысыншы жылдардың ортасында республика сүт өндiрiс мекемелерiнiң 30%-iнде канализациялық және тазалау қондырғылары болған жоқ, тек 10%-iнiң ғана су құбыры болды. Тоңазытқыш қондырғылары да жетiспедi, қосымша және қосалқы цехтар болған жоқ. Сондықтан сол жылдардағы ең басты мiндет-қолда бар өнеркәсiптердi қайта құрып, уақыт талабына сәйкес техникамен жабдықтау.

Қазақстанда сүт өнеркәсiбiнiң дамуына VIII бесжылдықта 68 млн. сом қаржы жұмсалды. Қостанай, Ақмола, Есiк, Қаратау, Балқаш қалаларында жаңа сүт зауыттары iске қосылды. Осы уақытта екi құрғақ сүт өндiретiн, бiр iрiмшiк өндiретiн зауыттар, сыйымдылығы 4600 тонна 9 май қоймасы салынды. Жаңа құрылыстар мен ескi өнеркәсiптердi қайта құру нәтижесiнде сүт өнiмдерiнiң өндiрiсi артты. Ұлттық сүт өнiмдерi (қымыз, шұбат, құрт, iрiмшiк) өндiрiле бастады. 1975 жылы 44, 8 мың тонна май, 17, 8 мың тонна iрiмшiк, 907, 2 мың тонна қаймағы алынбаған сүт өнiмi, 3 мың тонна қаймағы алынбаған сүт алмастырғыш, 4 мың тонна майсыз iрiмшiк өндiрiлдi. Олардың 33-i қалалық сүт зауыты, 48-i iрiмшiк және 135-i май зауыттары едi. Сонымен бiрге бұл салады сүт консервiлерiн шығаратын зауыт және 30-дан астам ұсақ сүт зауыттары бай едi. Осы өндiрiс орындарының бәрi 18 облыстық сүт комбинаттарына бiрiктiрiлiп, кейiн өндiрiстiк бiрлестiк деп аталды.

Қазақстанның сүт индустриясы бұрынғы одақтық республикалар арасында өнiмнiң негiзгi тұрлерiн өндiруден алдыңғы орындарға ие бола бастады. Мысалы, республика одақ көлемiнде қаймағын алмаған сүт өнiмдерi мен балмұздақ өндiруден 3-шi, iрiмшiк өндiруден 4-шi, май өндiруден 5-шi орынға шықты.

Тоғызыншы, онынышы бесжылдықтарда сүт өнiмiн өндiру қуатын дамытумен қатар, өнiм сапасын, өндiрiс тиiмдiлiгiне, өнiмнiң қоректiк заттардың толық пайдалануға басты назар аударылды. Бiрақ, бұл мәселлердi шешу үшiн шикiзаттың өндiрске жеткiзлу тәжiрибесiн қайта қарап, шаруашылықтардан келiп түсетiн сүт сапасын жақсарту жолдарын iздеу қажет болатын. Себебi, шикiзат сапасы ең алдымен шығарылатын өнiм сапасы мен өндiрiс тиiмдiлiгiне әсер етедi.

Тапсырылатын сүт сапасын жақсарту үшiн сүттi әр шаруашылықта қабылдап, өңдеу орнына жеткiзуге арнаулы көлiктер пайдаланылды. Бұл жағдай өнiмдi тасымалдау шығынын азайту, сүттiң сапалық құрамы мен қасиетiнiң жақсы сақталуына мүмкiндiк туғызды.

Республикадағы сүт комбинаттары XII бесжылдық жылдары iшiнде жыл сайын 3 млн. тонна өнiм қабылдап өңдейдi, ал 1990 жылдың басында сүт өндiрiсiнiң құрамында 186 сүт қабылдау, өңдеу мекемелерi болды. Негiзгi өндiрiстiк қор құны 3336, 5 млн. Сом құрады. Кейбiр ескi құрылыстар жаңа техника мен озық технологияларды пайдалануға жарамайды. Тоңазытқыштар жетпегендiктен, қаймағын алмаған сүт пен майсыз өнiмдердiң маусымдық қорын дайындау мүмкiн емес. Ебебi, сақтау ыдысының көлемi 10 мың тонна, ал сақтау қажеттiлiгi 20 мың тонна. Өндiрiстiк қуаттың қосалқы өнiмдердi өңдеуге мүмкiндiгi жоқ. Жалпы алғанда, тәулiгiнде 16, 5 мың, тонна шикiзат өңделедi, ал өңдеудi қажет ететiн өнiмнiң көлемi 29 мың тонна.

Қазiргi кезде май өңдеу аласының қуаты толық пайдаланылмайды (барлығы 66%), ал iрiмшiк өңдеу өндiрiсiнiң қуаты сүранымның 27-30% қанағаттырмайды. Сүт өндiру негiзiнен маусымдық жұмыс болғандықтан өндiрiс қуаты толық пайдаланымайды.

Сүт өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк-техникалық базасын одан әрi нығайту жұмыстарын аймақтық ерекшелiктердi, техникалық жағдайды ескерек отырып жұргiзу керек.

1. 3 Сүт шаруашылығының дамуына ғалымдардың қосқан үлесi

Қазақстан Республикасында сүт шаруашылығының дамуы көптеген елдердiң әсiресе, Ресей ғалымдары мен қоғам қайраткерлерiнiң есiмдерiмен тығыз байланысты. Ресейде сүт шаруашылығымен алғаш рет XIX ғасырдың басында айналыса бастады. Мәскеу ауыл шаруашылық қоғамының iргетесын қалаушы Н. Н. Муравьев мал қорасы мен ңсүт қоймасын ұйымдастырыпң, ңМал қорасын басқару туралы жетекшiлiкң деген кiтап жазды. Бұл кiтапта сиыр сауу әдiстерi, сүттi суыту, сақтау тәсiлдерi сипатталды.

В. П:Бурапашев 1838 жылы “Сүт өнiмдерi технологясы” деген кiтап шығарды. Сүттiң химиялық құрамын талдау алғаш рет Петров академиясының (қазiргi ТАША) химия кафедрасында жүргiзедi. Сонымен бiрге, сүт шаруашылығының дамуы Н. В. Верешагин, А. А. Калаптар, Г. С. Инихов, Я. С. Зайковский, М. М. Казанский, Г. С. Инихов, Я. С. Зайковский, М. М. Казанский, Р. Б. Давидов, тағы басқа ғалымдардың еңбектерiмен тығыз байланысты.

Н. Н. Верешагин iрiмшiк қайнату орнын ұйымдастыруды. Оның бастамасымен ең алғашқы сүт мектебi ашылды. Ол - вологда майын дайындау технологиясының авторы. А. А. Калаптар отандық сиыр тұқымдарының сүтiн зерттеу жұмыстарын бастады. Ол сүт сынау лабораториялары ен мамандар дайындайтын мектеп ашты. Алғаш рет сүт шаруашылығының көрмесi мен съезiң ұйымдастырды. ±алым 300-ден астам сүт шаруашылығы жайлы мақалалар, кiтаптар жазды.

И. И. Мечников ашыған сүт өнiмдерiнiң адам үшiн маңызын ғылыми тұрғыдан дәлелдедi, соның арқасында оларды өндiру арта түстi. Ол ашыған сүт өнiмдерiн дайындауға арналған ашытқыларды ұсынды, ал ңМечниковтың ұйыған сүтiң бүгiнгi күнге дейiн кеңiнен белгiлi. Елiмiздiң көтеген зауыттары бұл өнiмдi шығарады.

Я. С. Зайковский өз еңбектерiнде сүтiң химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерiн зерттеген. Г. С. Инихов осы күнге дейiн сүт өнiмдерiнiң биологиялық қасиеттерiн зерттеген жалғыз ғалым А. Ф. Войткович мал төлдерiн азықтандыруда пайдаланылатын ацидофилин өнiмдерiнiң дәрiлiк диеталық қасиетiн ашты. С. В. Паращук сүттi биологиялық бағалау әдiсiн ұсынып, ұлтабар ферментi мен пепсинның қасиеттерiн зерттедi. Р. Б. Давидов өз лабораториясының қызметкерлерiмен бiрiгiп, сүт консервiлерiн дайындау технологиясының ғылыми негiздерiн ұсынды.

1956 жылы сүт өндiрiсiнiң Ұлттық бiрлестiгi құрылып, сүт өндiрiсi саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiп озық шаруашылықтарда мал шаруашылығының өнiмiн арттыру, сүт өндiру гигиенасы мен оның сапасын жақсарту, сүт алу, өңдеудiң озық тәсiлдерiн, тиiмдi пайдалану жетiстiктерiн насихатттады.

Дүниежүзiлiк сүт федерациясы жыл сайын сессия, төрт жылда бiр конгресс өткiзедi. Осындай конгрестердiң бiрi 1982 жылы бiрiншi рет бұрынғы Кеңес Одағында өттi.

1. 4. Республикада сүт өндiруге әсер ететiн жағдайлар

Сүттiң құрамы да, оның мөлшерi де көптеген жағдайларға байланысты. Солардың iшiдегi ең бастылары: тұқым қуалаушылық, азықтандыру, күту жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын және суалу маусымының ұзақтығы және т. б.

Сүт өндiруге тұқым қуалаушылықтың әсерi. Сұрыптау және азықтандыру жағдайын, күтiмiн жақсарта түсу негiзiнде өнiмдiлiгi әр түрлi сиыр тұқымдары пайда болды. Сонымен қатар бiр тұқымға жататын мал iшiнде де ата-тегiне (генотип) байланысты өнiмдiлiгi де әр түрлi сиырлар бар.

Мұндай тұқымаралық ерекшелiк сиырды бонитировкалау талабында ескерiлген.

1. 1-кесте

Сиыр сүттiлiгiне қарай жасалған 1 класс стандарты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымда өнім сапасын басқару
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шығындарын басқару
Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Агро маркетинг
Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
ҚР ауылшаруашылық тауар өндірушілердің агромаркетингтік қызметінің даму үрдісін талдау
Тамақ өнеркәсібінің дамуы
Маркетинг- өнімнің бәсеке қабілеттігіне жетудің кешенді жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz