Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Жоспар
1 Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні 1
1.1. Валюта қатынастарының мәні мен ерекшеліктері 1
1.2 Валюта бағамы, оның экономикаға әсері 5
2 Халықаралық және аймақтық валюта–несие, қаржы ұйымдарына талдау 8
2.1 Халықаралық валюта жуйесінің даму кезеңдері 8
2.3 Еуропалық валюта жүйесіне талдау 12
2.4 Халықаралық валюта және қаржы несие-рыноктарына талдау 14
3 Қазақстан Республикасында валюта жүйесінің қалыптасуы және дамуы 18
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
1 Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
1.1. Валюта қатынастарының мәні мен ерекшеліктері
Валюта (итальян сөзі, сөзбе–сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық – төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек
бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші
болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың
өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын
жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда – саттық байланыстарының
кеңеюіне әсер етті.Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау,
ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына
байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда – саттықты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай–ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауарлар
айналымының ұлғаюы– ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым– қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың – өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің
шаруашылық қарым– қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі
жылдан жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процессінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де
әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы
саналады. Халықаралық тауар айналымында әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған
халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграцилануы (экономикалық одаққа
кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және
керісінше айналуын туындатады. Бұл халықаралық валюта есеп айырысу және
несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюталық катынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік
ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Валюта катынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі
Мысырда, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған.
Валюта катынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен
оған, өз кезегінде өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де
әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта катынастары құқықтық
нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда
болды. Валюта жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта
экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық заңдылық тұрғысынан – ол
белгілі бір қоғамдық– экономикалық формация шегінде мемлекеттік – құқықтық
түрде ұйымдасқан валюта – экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің
құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады.
Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі
дегеніміз – мемлекеттік заңдармен белгіленген, елдің валюталық қатынастарын
ұымдастыру нысаны (формасы). Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма–
қол формада (банкнотта, монета) және қолма– қол емес формада (банктік
шоттағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және
коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері:
• ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
• халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы
• валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;
• валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
• халықаралық есептеулердің нысандары;
• халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы
орныққан тәртіп;
• халықаралық валюта – қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар
(Халықаралық валюта қоры МВФ, Халықаралық даму банкі –МБРР және
т.б.)
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты
экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас
пен төлем айналымын тепе – теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі
халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды
кеңейтуге, немесе керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердіқ
бірі.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
• ұлттық валюта бірлігі;
• ресми алтын – валюта қордың құрылымы;
• ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптасатыратын
механизмі;
• валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость
валюты)
• валюталық шектеуелердің деңгейі;
• мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру
тәртібі және т.б.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны)
паритеті жатады.
Валюта курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы
немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының
бағасы.
Паритет – валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет
валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме –
дәл келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі
валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны. Бұл жүйе дүниежүзілік
капиталистік шаруашылықтың бірте– бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда
болып, кеінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық
валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері
қалыптаса бастады.
Дүниежүзі валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие – қаржы институттарымен
халықаралық – шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бұл ереже – шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда – саттық
процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс – әрекеттілігінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты – кебір мемлекет пен үкіметтер жаңынан болып
тұратын әртүрлі валюталық шектеуді және тамыр – таныстық (протекционизм)
әрекеттерді түп – тамырымен құртуға мумкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады.
Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша
есептеу қатынастарын, сондай–ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. Дүниежүзі валюта жүйесі деген ұғымға кіретін ішкі және
сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін
түйін– әлемдік ақша белгілері. Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден бір түрі
болып алтын, кейін құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу
қажет болды. Біртіндеп аналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп
айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла
бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі
элементтері қалыптасты. Олар:
• әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта,
халықаралық валюталық өлшем);
• валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
• валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
• валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
• халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (
Мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі
ЭКЮ ді , ал 1989 жылы қаңтардан евроны енгізді);
• халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін
үйлестіру;
• әлемдік валюта нарығы мен алтын нарыңының ережесі;
• мемлекет аралық реттеу институтының статусы–1944 жылдан
Халықаралық валюта қоры бекітілді.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) – Дүниежүзілік валюта жүйесінің
шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін
ұйым. Ол 11957 жылы Рим шарты боынша құрылған Жалпы нарык одағындағы
мемлекеттердің экономикалық жане валюталық ынтымағының дамуынан бастау
алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру,
еуропалық саяси, экономикалық жане валюта одағын – Еуропалық одак (ЕО)
құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жуйесінің
элементтері дүниежузілік валюта жуйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дуниежузілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның
құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне,
әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің муддесіне
сайкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе
дүниежүзілік валюта жуйесі әлсін-әлсін дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен
және жаңа валюта жуйесінің құрылуымен ұштасады.
1.2 Валюта бағамы, оның экономикаға әсері
Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны
халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір
арақатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің
арақатынасы, яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша
өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өдшемінің бағасы валюта бағамы деп
аталады.
Валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие-қаржылық
операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы (шығарушы) шетел
валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің
валютасы бұл мемлекеттің жерінде күнбе-күнгі жағдайда ақша қаражаты ретінде
айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы (әкелуші) шетелден сатып алған
тауарларға төлеу үшін шетел валютасын сатып алады.
Валюта бағамы қайта есептеу коэффициентті емес, ол шетел валютасымен
немесе халықаралық валюталық өлшемдермен (СДР, ЭКЮ) көрсетілген осы
мемлекеттің ақша өлшемінің бағасы. Валюта бағамы валюта нарығындағы
сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе-күнгі айналым процесінде
валюталарды салыстыру барысында қалыптасады. Валюта бағамын қалыптастырудың
негізі не? Тауардың бағасы оның құны (шығыны) негізнде құралатыны сияқты,
ақша өлшемінің бағасы оның сатып алу мүмкіндігінің негізінде қалыптасады.
Валюта бағамының қалыптасуы - көп факторлы процесс. Валюта сұраныс пен
ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар:
• инфляция қарқыны;
• процент мөлшерінің деңгейі;
• бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;
• төлем балансының жағдайы.
Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар.
Мысалы, егер басқа факторлар кері әсер етпесе, басқа елдермен салыстырғанда
елдегі инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын, оның валютасының бағамы
соғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляциялық құнсыздануы оның сатып
алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта бағамының құлдырау тенденциясын
тудырады.
Мемлекеттің активтік төлем балансында оның валютасына шетел
борышқорларының сұранысы артады, сол кезде оның бағамы көтерілуі мүмкін.
Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде процент мөлшері жоғары болса,
онда ол шетел капиталының құйылуына, валюта сұраныстың көтерілуіне, оның
бағамының жоғарлануына әсер етуі мүмкін. Мысалы, 80 – жылдардың алғашқы
жартысында АҚШ жоғары проценттік мөлшер саясаты (басқа да факторлармен
қатар) Батыс Еуропа мен жапониядан 500 млрд. доллар астам мөлшерде
инвестицияның құйылуына жағдай жасады. Қорытындысында доллардың бағамы
көтерілді, ал осы факторлардың әсерінен инвестор-елдердің валютасының
бағамы төмендеді.
Сонымен қатар валюта бағамына әртүрлі саяси, саудагерлік,
психологиялық факторлар да әсер етуі мүмкін.
Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістерінің әр түрін қолданады.
Ол әдістердің негізгілері мыналар:
• валютаоық интервенция (орталық банктің ұлттық валютаға шетел
валютасын сатып алып-сатуы);
• орталық банктің ашық нарықтағы операциялары (бағалы қағаздарды
сатып алып-сатуы);
• орталық банктің проценттік мөлшер деңгейін және \ немесе
міндетті резервтер нормасын өзгертуі.
Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын
(қатынасын) анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды.
Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және
жанама. Тікелей котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен
көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама
котировка деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір
санының (мөлшері) көрсетуі. Жанама котировка әдәсін Ұлыбритания, ал 1987
жылдан бастап бірен-саран АҚШ қолдануда.
Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ
долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және
резервтік құрал ретіндегі ролімен түсіндірілді. Банктер сауда-өнеркәсіп
клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс-курсті негіз етіп
алады. Кросс-курс – ол екі валюта бағамдарының үшінші валютаға (әдетте АҚШ
долларына) қатысты арақатысы. Мысалы, егер швейцария банкі швейцарлық
франкінің ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе, онда оны марка
мен франк бағамдарын долларға салыстырумен шығарып алады. Мысалы,
1,6790 ГФР маркасы = 1 АҚШ доллар
1,4940 швейц.фр. = 1 АҚШ доллар, онда
1 ГФР маркасы = 1,4940 : 1,6790 = 0,8898 швейц. фр.
Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы бағамы –
ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы
бағамы банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей
котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары.
Олсардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.
Сондай-ақ ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады.
Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу
мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан
тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарықтағы
қолданатын негізгі бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы ірі
коммерциялық банктер белгілейді.
Валюта нарығына басқа қатысушылар банкаралық бағамға бейімделеді. Ол
банк клиенттері үшін баға белгілеу негізі ретінде қолданылады. Биржалық
бағам анықтама сипатында болады. Биржалық котировка валютаны сатып алу –
сату үшін биржаға түскен арыздарды жүйелі түрде салыстыру негізінде
құрастырылады.
Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді.
Ұлттық валюта бағамының төмендеуі, әдетте, экспортшыға тиімді, себебі ол
қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы, доллармен) түскен түсімді арзандаған
ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенің бағамы 20 теңгеден 25-ке дейін
төмендесе, онда 1 долларға келетін үстеме 5 теңгеге тең) айырбастаған кезде
экспорттық сыйақы (үстеме) алады. Демек, экспортшылар бағасы орташа әлемдік
бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы
ұлғайту үшін ұмтылады.
Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебі валютаны келісім-шарт бағасымен
сатып алу қымбатқа түседі (жоғарыдағы мысалда доллар 20 теңге емес 25 теңге
тұрады). Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көрсетілген іс-
жүзіндегі қарыз төмендейді, бірақ сатып алуы қымбатқа түсетін шетел
валютасымен көрсетілетін сыртқы қарыз өседі.
Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының
өсуі, негізінде, халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін
тигізеді. Валюта бағамының ауытқу салдары елдің валюта-экономикалық және
экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты
болады.
2 Халықаралық және аймақтық валюта–несие, қаржы ұйымдарына талдау
2.1 Халықаралық валюта жуйесінің даму кезеңдері
Халықаралық валюта жүйесі – динамикалык, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс
елдері экономикасындағы, дүниежузілік шаруашылықтағы өзгерістер мен
қажеттіліктерге сәйкес бірте-бірте өрістеді. Өз дамуы барысында халықаралық
валюта жүйесін негізгі төрт кезеңнен өтті және сол кезеңдер халықаралық
валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.
Халықаралық валюта жүйесінің бірінші түрін алтын стандарт жүйесі деп
атайды. Бұл жүйе XIX ғасырдың соңына қарай қалыптасты. Ол кезде бірқатар
мемлекеттердің валюталары ел ішіндегі рыноктарда алтынға еркін
айырбасталды.
Алтын стандарт жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
• әрбір валюта бірлігінде белгілі алтын мөлшерінің болуы;
• валютаның алтынға айырбасталу мумкіндігінің ел ішінде де,
мемлекет шекарасынан тысқары жерлерде де сақталуы;
• алтын кұймалардың монетаға айырбасталуы, алтынның еркін
экспортталуы мен импортталуы және халықаралық алтын рыноктарында
еркін сатылуы;
• алтынның ұлттық қоры мен ел ішіндегі ақша ұсынысы арасындағы
қатаң байланыстың болуы.
Алтын стандартқа негізделген халықаралық есептеулердің механизмі катаң
курс бойынша жүргізіледі. Алтын стандарттың басқа түрлеріне, алтын монета,
алтын құйма және алтын девиз стандарттары жатады. Алтын стандарттың бір
түрінен екінші түріне көшу дүниежүзілік капитализм жүйесінің дамуы
барысында жүзеге асып отырды.
Капиталистік шаруашылықты жүргізудің бірте-бірте күрделенуі,
дүниежузілік шаруашылық байланыстарының кеңеюі мен тереңдеуі, экономикалық
дағдарыстардың циклдық кайталанулары экономиканы реттеуді күшейтудің
объективті кажеттігін тұғызып, мемлекеттің экономикалық процестерге
араласуын күн тартібіне қойды. Экономикаға мемлекеттің араласуының кушеюі
алтын стандартпен анықталатын катаң валюта курсының реттелетін, өзара
байланысты валюта курсына айнала бастауына әсер етті.
Екінші жүйе – алтын девизді стандарт жүйесі 1922 жылғы Генуя
конференциясы шешімінің нәтижесінде пайда болды. Кейінрек бұл шешімді
капиталтстік елдердің көпшілігі қолдады. Алтын девизді стандарт
жағдайында банкноттар алтынға емес, баска елдің девиздеріне (банкноттар,
векселбдер, чектер) айырбасталып, содан кейін ғана алтынға ауыстырылатын
болды. Девиз валюта ретінде доллар мен фунт стерлингі қабылданды. Алтын
девизді стандарт іс жүзінде реттелетін валюта курсы жүйесіне, ең алдымен
алтын-валюталық стандарт жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары еді.
Алтын – валюталық стандарт жүйесі XX ғасырдың 30-жылдарында пайда
болып, 50-жылдардың соңына қарай толық қалыптасты. Бұл жүйе бойынша қаңғаз
ақшаларды алтынға айырбастау тоқтатылды. Алтын – валюталық стандарт жүйесі
Бреттон-Вудс (АҚШ) қаласында 1944 жылы өткен халықаралық конференцияда
қабылданып, өз күшіне кірді. Бреттон-Вудс валюталық жүйесінің негізгі
белгілеріне мыналар жатады:
• елдер арасындағы түпкілікті ақшалай есеп айырысу қызметін алтын
атқарады;
• әр түрлі елдердің валюталары кұнының өлшемі ретінде және
халықаралық несие төлеу құралы болып американдық доллар
бекітілді;
• басқа елдердің орталық банктері мен үкімет мекемелері АҚШ-тың
казначейліктерінде 35 долларлы бір трояндық унция мөлшеріндегі
алтын курсы бойынша айырбастайды.
Унция – ағылшын өлшем жүйесіндегі масса бірлігі. Алтынның валюталық
бағасы ресми баға ретінде құралып, 1988 жылға дейін аса көп өзгерістерге
ұшыраған жоқ.
• валюталарды өзара салыстыру және оларды айырбастау алтын мен
доллар арқылы көрсетілген ресми валюталық партеттер негізінде
жүзеге асырылады;
• әрбір ел өз валютасы курсының тұрақтылығын басқа бір елдердің
валюталарына салыстырмалы жағдайда қамтамасыз етуге міндетті
болады;
Валюталардың рыноктық курсы белгіленген алтын немесе доллар
паритеттерінен 1%-тен артық ауытқымауға тиіс. Паритеттерді өзгерту
жұмыстары төлем балансы тұрақты түрде бұзылған жағдайда ғана жүргізіледі.
• мемлекетаралық валюталық қатынастарды реттеу Бреттон-Вудс
конференциясында құрылған халықаралық валюта қоры арқылы жүзеге
асырылады;
Бреттон-Вудс келісімі халықаралық валюта жүйесінің дамуындағы маңызды
кезең болды. Тұнғыш рет халықаралық валюта жүйесі үкі1метаралық
келісімдерге негізделді. Бреттон-Вудс жүйесі алтын долларлық стандартты
орнықтыру арқылы халықаралық сауда айналымын кеңейтуге, өнеркәсібі дамыған
елдердегі өндірістің өсуіне едәуір ықпал жасады.
60-жылдардың соңына қарай Бреттон-Вудс жүйесі күшейе түскен
дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру процесімен қайшылыққа келе
бастады. Трансұлттық корпорациялар қызметінде валюталық алып-сатарлықтар
көбейді. Алтын-долларлық стандарт іс жүзінде бірте-бірте тек қана долларлық
стандарт жүйесіне айнала бастады. Ол аз дегендей АҚШ-тың өз экономикасы
бірқатар қиыншылықтарға тап болды, олардың ең бастысы Батыс Еуропа елдері
мен Жапонияның экономикалық қуаты артып, олардың ықпалының күшеюі 60-
жылдардың соңына қарай доллардың позициясын шайқалтты. Еуропа елдеріндегі
доллардың қоры орасан зор сомаға жетіп, дербес еуродоллар рыногын
қалыптастырды. Айталык, 90-жылдардың басында АҚШ-тан тыс елдердегі
доллардың көлемі 300-млрд. Доллардан асып түсті. АҚШ-тың төлем балансының
тапшылығы шектен шығып кетті.
Бреттон-Вудс жүйесінің долларды алтынға айырбастау жөніндегі талаптары
АҚШ экономикасына көптеген ауыртпалықтар әкелді.
70-жылдарлың басында Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді. АҚШ
алтынды ресми бағасы бойынша долларға айырбастаудан бас тартты.
Дүниежүзілік рынокта алтынның бағасы күрт жоғарылап кетті.
Халықаралық резервтегі валюта бірліктері
1976 жылы Халықаралық валюта қорының (МВФ) Кингстондағы (Ямайка)
кезекті кеңесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің жаңа негіздері қаланды.
Ямайка келісімдеріне сәйкес халықаралық валюта механизмі ендігі уақытта
былайша құрылатын болады:
1. Алтынның құн өлшемі ретіндегі және валюта курстарын анықтаушы
кызметің жойылды, сөйтіп бұдан былай алтын бағасы еркін анықталатын
кәдуілгі тауарға айналды. Сонымен қатар ол ерекше өтімді тауар
болып қа-
1. ла береді. Қажет болған жағдайда алтын сатылады және одан түскен
валюта төлемдер үшін пайдаланылады.
2. СДР (special drawing right - SDR) - қарыз (займ) алудың арнаулы
кұқығы стандартының мақсаты оны негізгі резервтік төлем қаражаты
(авуар) жасап, басқа резервтік валюталардың ролін төмендету.
3. Әр елге ұлттық валюта курсының өздері таңдаған тәртібін орнықтыру
құқығы беріледі. Мемлекетаралық валюталық қатынастар ұлттық ақша
бірліктерінің қалықтау (плавающий) курсына негізделеді. Ақшалардың
тербелу (колебания) курсы екі факторға: а) валютаның ішкі, ұлттық
рыноктағы нақты сатып алу кабілетіне; б) халықаралық рыноктардағы
ұлттык валютаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты
болады.
90-жылдардың бас кезінде қалықтау курсы факторын жүзеге асыруға
байланысты халыкаралық валюта жүйесін ұйымдастырудың күрделі схемасы пайда
болды.
Ол үшін, біріншіден, жекелеген ұлттық валюталар өз курстарын анықтау
үшін тірек (опора) болар валюта бірліктерін таңдап алады, екіншіден, валюта
курстарының тербелу дәрежесі бірдей емес болғандықтан, тек жекелеген
валюталардың курстары ғана белгіленген диапазонда тербеледі де, басқа
валюталардың курстары еркін өзгере береді.
Ямайка келісімдеріне сәйкес қарыз алудың арнайы құқығы ұжымдық
валюта есебінде қабылданды. 1969 жылы СДР қарапайым несие құралы ретінде
құрылып, доллардың алтын мәніне сәйкестендіріледі. 1974 жылдан бастап
валюталардың қалықтау курсы енгізілуіне байланысты СДР-дың алтын мөлшері
жойылды. Ендігі уақытта бұл валюталық курсы 16 елдің валюталардың орта
шамасына (средневзвешенный) негізделген валюталық корзина арқылы
анықталатын болды. 1981 жылдан бастап СДР бес валюталар қосындысына
(американдық доллар, немістің маркасы, жапонның иенасы, француздың франкі
және ағылшындық фунт стерлингі) сүйену арқылы есептеледі.
Валюталық корзина дегеніміз – бір валютаның орташа курсын басқа
валюталардың белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі. Валюталық корзинаның
мөлшері оның құрамындағы валюталарға және олардың долларға қатысты рыноктық
курсына тәуелді. СДР проценттер төлейді. Егер елдің СДР-дағы авуарлары
олардың бөлген қаржысынан артық болса бұл ел процент алады және керісінше
СДР-дағы авуарлары бөлген қаржысынан кем болса процентті осы елдің өзі
төлейді. СДР бірлігі шартты. Ол МВФ-ке мүше елдер үшін бөлінген квота
негізінде есептеліп МВФ-тың арнайы есеп шотында сақталады. Бұл квоталар
еркін ауыстырылатын (конвертируемый) валюталарды сатып алуға немесе төлем
балансының тапшылығын өтеу үшін пайдаланылады. Дегенмен, капиталисттік
елдердің жалпы валюталық резервтеріндегі бұл квоталардың үлесі небәрі 6%-
тей ғана.
Көптеген экономистердің айтуы бойынша СДР-ді резервтегі валюта емес,
кредит есебінде қарастыру қажет. Жалпы пікір мынадай: СДР резервтегі
валютаның да, кредиттің де ролін ойнайды. Мәселе оны қалай қарастыруда.
Біреулер оны зебра сияқты ақ жолақты қара мал десе, екіншілері - қара
жолақты ақ түсті мал дегенді айтады.
Тағы бір ұжымдық резервтегі валюта бірлігі болып, валюта корзинасының
құны негізінде анықталатын - ЭКЮ саналады. ЭКЮ - Еуропалық Одаққа мүше
елдердің 12 валютасының негізінде жасалған. Әрбір валютаның корзинадағы
салмағы мүше-мелекеттің Еуропалық Одақтың ұлттық өніміндегі жеке үлесіне
және Одақтың ішкі экспортында алтын орнына байланысты анықталады.
1 ЭКЮ шамамен 1,3 американдық долларға тең.
ЭКЮ-дің эмиссия (шығару) көлемі СДР-дың шығару көлемінен артық. СДР
сияқты ЭКЮ-де қолма-қол ақшасыз нысанда - ұлттық немесе коммерциялық
банктердің есебіне аударып жазу әдісімен жүзеге асады.
Еуропалық валюта жүйесіндегі әрбір Еуропалық Одақ елінің валютасының
ЭКЮ арқылы көрсетілген негізгі курсы белгіленген. Осы негізгі курсқа сәйкес
валюталардың өзара курстары есептеледі және бұдан ақиқат курстың ауытқуы
2,25%-тен аспауы тиіс.
ЭКЮ-ді жасаудыңнегізгі мақсаты Еуропалық Одаққа мүше жекелеген
елдердің валюталарының курстарын тұрақтандыру. Осыған байланысты тағы бір
себеп АҚШ долларының алтын орнына жүруіне жеткілікті сенімнің болмауы.
ЭКЮ-ді жасау Еуропалық Валюта жүйесін доллардың шайқалуларынан және
АҚШ-тың жаппай экономикалық үстемдігінен құтқару әрекеті еді.
ЭКЮ-дің СДРға қарағанда қолдану өрісі кеңірек, ол тек ресми
байланыстарда ғана емес, жеке меншік секторда да пайдаланылады. Айталық,
ЭКЮ валюта бірлігі есебінде бірлескен қорларда және халықаралық валюта-
несие, қаржы ұйымдарында; ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірыңғай бағасы
ретінде; Еуропалық Одаққа мүше елдердің орталық банктері валюталық
интервенция жасағанда т.б. жағдайларда қолданылады. Жеке меншік
(коммерциялық) ЭКЮ еурооблигациялық заемдарды, банктердің депозиттері мен
кредиттерін қаржыландыратын валюта есебінде пайдаланылады. Еуропалық валюта
жүйесіне кіретін елдер валюталарының ондағы үлесі мынадай: неміс маркасы -
30,4%, француз франкі – 19,3%, ағылшын фунты – 12,6%, итальян лирасы – 9,9%
голланд гульдені – 9,5%,бельгиялық франк – 7,8%, даниялық крон – 2,5%,
испандық песет – 5,2%, португалдық эскудо – 0,8%, гректердің драхмасы –
0,7%, люксембургтің франкі – 0,3%.
Еуропалық экономикалық Одақтастық құрыларда біртұтас Еуропалық валюта
жасау мәселесі қарастырылған жоқ болатын.Бірақ, 70-жылдардың ортасынан
бастап біртұтас валюталық одақ құру жолдары белсенді түрде іздестіріле
бастады. Еуропалық Одақтастықтың жетекшілері АҚШ долларына альтернативтік
валюта бірлігін жасауға ұмтылуымен қатар, валюталар шайқасын тиімді бақылау
үшін валюталардың интеграциясынжүзеге асыруға мүдделі болды.
2.3 Еуропалық валюта жүйесіне талдау
Еуропадық Одақ шеңберінде өткен күрделі келіссөдердің нәтижесінде 1979
жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды.
Еуропалық валюта жүйесі – ұлттық валюталардың экономикалық интеграция
шеңберінде қызмет етуімен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын
көрсететін халықаралық валюта жүйесі.
Еуропалық валюта жүйесі үш элементтен тұрады:
1. ЭКЮ – Еуропалық Валюта жүйесінің негізі;
2. Валюта курстары мен интервенцияларының механизмі;
3. Валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын кредиттеу (несиелеу)
механизмі.
Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:
• Еуропалық Одақ елдері ішінде сенімді валюталық тұрақтылықты
орнату;
• тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу;
• экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, еуропалық
ынтымақтастыққа жаңа екпін беру;
• халықаралық экономикалық және валюталық қатынастарға
тұрақтандырушы фактор ретінде әсер ету.
Еуропалық валюта жүйесінің атқарушы механизмі ЭКЮ-ді қалыптастыру және
реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады.
Еуропалық валюта жүйесі валюталық резервтердің Одаққа мүше елдердің
бәріне бірдей ортақ болуына кепілдік береді. Еуропалық валюта жүйесінің
қызмес т етуі және дамуы Делор жоспары дегенмен тығыз байланысты.
Еуропалық Одақтың көрнекті қайраткері Ж. Делор Еуропа
валюталарынбіріктіру жөнінде үш сатылы жоспар ұсынды:
1. Еуропалық Одақтың жекелеген елдері арасында үйлестірілген
экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру;
2. Еуропалық Одақтың орталық банкісін құру;
3. ұлттық валюталарды Еуропалық Одақтың ортақ валютасына ауыстыру.
1990 жылы Еуропалық валюта жүйесіне қатысушы елдер қатарына Англия,
Испания, Португалия қосылды. 1991 жылы біртұтас Еуропалық экономикалық
кеңістік құру жөніндегі Маастрихт келісіміне қол қойылды. Осы келісімге
сәйкес Еуропалық Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары валюталық Одақ
құруды құптады.
Батыс Еуропа елдері валюталары курсының тербелуін реттеу мақсатында
құрылған Еуропалық валюта жүйесі 15 жыл бойына өзіне жүктелген қызметті
ойдағыдай атқарды.Дегенмен 1992 жылдың күзінен бастап бұл жүйе жүрісінен
жаңылды. 1992 жылдың қыркүйегінде Еуропалық валюта жүйесінен ағылшынның
фунты бөлініп шықты, испандық песет пен португалиялық эскудо девальвацияға
(құнсыздануға) ұшырады. Бұл оқиғалардың басты себептерінің бірі аталған
елдердің орталық банктерінің биржалық алыпсатарлардың валюталарды
құнсыздандыру мақсатындағы әрекеттеріне тосқауыл болуға қабілетсіздігі
болды. Осының салдарынан 1993 жылы Еуропалық Валюта жүйесіне енетін сегіз
ақша бірліктерінің бесеуі (Францияның және Бельгияның франкі, даниялық
крона, жоғарыда көрсетілген песет пен эскудо) солар үшін белгіленген
курстың ең төменгі деңгейіне дейін құлдырады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz