Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
І. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 6
1.1 Жекешелендірудің мақсаты 6
1.2 Жекешелендірудің негізгі бағыттары 7
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ 14
2.1 Ауыл шаруашылықтарды жекешелендірудің мәні 14
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің жетістіктері мен
кемшіліктері 15
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ
ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ 21
3.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері 21
3.2 Жекешелендірудің шетелдік тәжірибесі 25
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

КІРІСПЕ

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында дамуымыздың он жылдан астам тарихымыз
бар экономикасы саласында қарама-қайшылықты құбылыс екені даусыз.
Прогрессивті мәні бар формалар және жекешелендіру процесі әр түрлі
себептерге байланысты халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын күрт
төмендетуге алып келді. Аса негізгі әлеуметтік мәселе – халықтың әл-
ауқатының деңгейін көтеру толық жүзеге аспады. Негізгі себептердің бірі –
жекешелендіру үрдісі арқылы аса өзекті мәселелердің бірі - өндіргіш
күштердің жаңа жағдайларға бейімдей отырып, түбірінен қайта жаңғырту
мәселесі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік социализм дағдарысы, бұрынғы ҚСРО
біртұтас экономикалық аймағаның ыдырауы және де Қазақстанның халықаралық
экономикалық қатынастарға тартылуы сауалдарымен сабақтас болып келді.
Тарихи дамудың сабақтастығы және өзектілігі және өркениеттің қандай да
болмасын кезеңдерінде трансформациялау құбылыстарының уақыт және кеңістік,
жүзеге асыру құралдары мен қозғаушы күштері арасында күрделі диалектикалық
байланысын көрсетеді. Қоғамдық даму факторлары түбегейлі реформаларды
жүзеге асырудың әр түрлі модельдердің құрылымдық элементтерінің себеп-
салдары, тәуелді байланыстарын жүйелейді. Саяси құқықтық немесе әлеуметтік,
экономикалық, тіптен технико-технологиялық жағдайларының жетекші роль
атқаруы тарихи пісіп жетілген қатынастарға тікелей байланысты. Әр кезеңдегі
реформалардың жетекші буыны болып, өндіргіш күштер немесе өндірстік
қатынастар, немесе қондырма қатынастары элементтері қызмет атқару мүмкін.
Осы тұрғыдан посткеңестік дәуірде өтпелі кезең ЖТН елдерінде әр қилы болып
қалыптасатыны түсінікті мәселе.
Қоғам дамуында құбылыстардың себеп-салдарлы байланысы негізгі
қатынастары мен туынды қатынастардың өзара қайшылықты түр өзгерту, жаңғырту
құбылысын теріске шығармайды. Мысалы, мемлекеттік меншікке негізделген
өндіріс тиімділігі үздіксіз төмендеп, еңбек мүдделеріне қайшы құбылысқа
айналды. Жеке адам мүддесі мен қоғамдық мүдде арасындағы қайшылық
мемлекеттік меншіктің аса маңызды кемшілігіне айналады. Енді, қоғамның
барлық дертінің кілті мемелекеттік меншік сияқты көрінеді. Ал, негізгі
қатынас – меншік пен еңбек арасындағы тәуелді байланыс – дамудың қайнар
көзі көлеңкеленіп қалды.
Мемлекеттік соцализм өз дамуында аса ірі жетістіктеріне жеткеніне
қарамастан, негізгі әлеуметтік мәселе – еңбек пен капитал арасындағы
қайшылықты түбегейлі шеше алмады. Қайта оны жаңа негізде, мемлекетті
капитал мен мемлекеттендірілген жалдама еңбек арасындағы қайшылықтарға
айналдырды.
Мәселен, жекешелендіру құбылысы әлеуметтік жағдайларды түбірінен қайта
құруға есептелгенімен, Қазақстан өндіргіш күштерінің даму тарихын,
заңдылықтары мен бағыт-бағдарларын толық ескерді деп мойындау ақиқатқа
сәйкес келмейді. Техникалық жағынан мешеу ауыл шаруашылығын, жалпы
агроөнеркәсіптік кешеннің және т.б. салаларда жекешелендіру құбылысының
әлеуметтік сипатта жеке дара үрдіс жүргізуі, объективті себептермен қатар
субъективті көзқарастардың реформа дәуірінде белең алуына да байланысты.
Аса елеулі мәселе - өндіргіш күштер даму деңгейі терістелді. Яғни,
Қазақстан халық шаруашылық салаларының технико-технологиялық деңгейі мен
техникалық-экономикалық дәрежесін зерделенудің жетпей жатқандығын көруге
болады[1]. Жекешелендірудің әдіс-тәсілдері мен түрлері көп жағдайда
қалыптасқан технологиялық және экономикалық байланыстарды ыдыратты. Әрине,
Одақтық кеңістіктің тарауы оның бастама пункті (көзі) болғанын теріске
шығара алмаймыз. Осыған байланысты үш сабақтас мәселені ескеру қажет.
Біріншіден, өндіргіш күштер ұғымы мен оның құрылым элементері туралы
теориялық және іс-тәжірибелік көзқарастарға баға беру; екіншіден бәрімізге
белгілі, бұрынғы ҚСРО кезіндегі Қазақстан өндіргіш күштері даму деңгейін
сыңдарлы зерделеу қажеттігі; үшіншіден, нарық қатынастарына өту кезеңіндегі
өндіргіш күштер элементтерінің даму тенденцияларын бағамдау, қоғамдық
шаралар кешенін бағдарлау қажеттілігі.

І. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1.1 Жекешелендірудің мақсаты

Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға
ауысуына қажеті жағдайды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде
меншік иелену дербестендіру (персонификация) негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық
құрылымның шамалы рынокты жолмен тездетіп қалыптасуы, мемлекеттік меншік
объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;
- тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының
қалыптасуы;
- бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясыз-дандырумен
қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнестің дамуы;
- ірі және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке
жаңғырту проектісін шығару (реализация);
- шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық
шаруашылық құрылымның қалыптасуы;
- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық
құрылым жүйесінің күшеюі және дамуы.
Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі
салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды анықтайды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жататын объектілер тізбегі
осы бағдарламамен байланысты. Жыл сайын Үкіметпен бекітіледі.

Мемлекеттік меншік объектілері 2 классификациялық топтарға бөлінеді:

- мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жатқызылатын объектілер;

- жекешелендіруге тыйым салынған объектілер.
І Қазақстан Республикасының меншігінен шығарылып тастаған,
жекешелендіруге жатпайтын объектілер:
жер, су, әуе кеңістігі, жануар және өсімдік әлемі, табиғи ресурстары,
т.б.

1.2 Жекешелендірудің негізгі бағыттары

Жекешелендірудің негізгі бағыттарында жекешелінген әдістері мен
нысаналар кешені арқылы түсіну және жекешелендірілген объектілердің әр
топтарының айрықшаландыруымен байланысты іске асырылады.
Критерийлер барысында кәсіпорындарды жекешелендірудің негізгі
бағыттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- объектінің халық шаруашылық мағынасы;
- салаға қатыстылығы;
- қызметкерлер саны;
- негізгі қорлардың құны. Кәсіпорынның және ұйымдардьң жұмыс
істеушілер санына байланысты шартты төмендегідей бөлінеді:
- жұмыс істеушілердің саны 20 адамнан кем емес кіші
кәсіпорындар;
-жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000 адамға дейінгі орта
кәсіпорындар;
-жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан астам ірі кәсіпорындар.
Жекешелендіру объектісіне жыл сайынғы тізімі жасалған кезде жекешелендіру
салалардың, аймақтарды және басқа объектілердің ерекшеліктерін ескере
отырып кәсіпорынның кіші, орта және ірі топтарына жатқызылатыны анықталуы
мүмкін.
Осы топтарға жатқызуға байланысты бағдарлама мемлекеттік иелігінен алу
және жекешелендірудің процестерін нақты бағытталуының ашылуын қарастырады.
Ол бағыттар келесідей:
- жеке жобалар бойынша ірі және бірегей мүлікті кешендерді
жекешелендіру;
- орта кәсіпорындардың бірақ жекешелендірілуі;
- кіші кәсіпорындардың аукцион және конкурстық сауда, коммуналдық
шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету арқылы қалыптасқан кіші жекешелендіру.
Жекешелендірудің жеке жобалары халық шаруашылығының шешуші саласы
базалық кәсіпорындарының оңтайлы ұйымдық құрылымын жасауға мүмкіндік береді
және олардың басқарылуында жеке және мемлекеттің қатысуын анықтау, отандық
сонымен қатар, шетел инвесторларын тарту, жобаны дайындау кезеңдерінен
басталады.
Жеке жобаларға ерекше әлеуметтік өнім немесе қызмет түрі бар және
мемлекеттің табиғи монополиясында болатын бірегей сатылар жатқызылады:
- істің таңдаулылығы жан-жақты және объектінің бәсекелес бола
алатындығы, сонымен бірге оның өмірлік кешен құнының бағалануы;
- ұйымдастыру құрылымдық мәселеге сай технология, монополиясыздандыру
бойынша ұсынылатын өзгерістер жүйесі;
- жекешелендіру нысаналарын және әдістерін таңдау. Жеке жобалардың
өтуі (реализация) келесі әдістермен орындалады:
- қосымша түсінік жағдайындағы белгілі бір инвестицияларды сату;
- аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;
- басқаруда келісім-шарт жасау;
- акциялардың ашық сатылуы.
Басқаруға келісім-шарт занды немесе жеке тұлғаларға қолдануға құқық
беретін тәсіл болып табылады. Берілген әдіс объектіні жекешелендірілген
кезде экономикалық орынсыз немесе алдын ала болған жағдайларда қолданылады.

Көпшілік жекешелендіру республиканың көп тұрғындарына өз меншігі
құқығының орындалуына мүмкіндік жасады, бағалы қағаздар мен жұмыс істеуге
тәжірибе алуға рұқсат етеді (жекешелендірілген инвестициялық купондардың
акцияға ауыстырылуы, т.б. операциялар).
Сондай-ақ көпшілік жекешелендіру өз қатысушыларына таңдау еркіндігін,
бәсекелестік, процесті басқарудағы қарапайымдылығы және жылдамдығын
қамтамасыз етеді.
Барлық тұрғындардың көптеген қатысуына меншікті тиімді бөлуге
мүмкіндік қалыптастырады.
Көпшілік жекешелендіруді басқару мақсатты шаралар көмегімен
калыптасады:
- Республика тұрғындарына жекешелендірілген инвестициялық купондарды
бөліп беру;
- коммерциялық негізінде жұмыс істейтін инвестициялық
жекешелендірілген қормен жүйелі мекемелер.
Кіші жекешелендіру тұтыну нарығын тауар және қызметпен қамтамасыз
ететін көптеген меншік иелерінің пайда болуына нақты тұғырын
қалыптастырады. Ол жекешелендіруге жатқызылатын өлшемі өте үлкен емес, 200
адам істейтін кәсіпорын мен ұйымдарды қамтиды.
Осы бағыт айналасында жекешелендірілген объектілердің негізгісі
көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет өрісі
болып табылады.
Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:
бірінші кезеңде, объектілерді таңдау және опардың жекешелендіру
мерзімін анықтау қажет;
екінші кезеңде, объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын
дайындау;
үшінші кезеңде, объектінің сатылуы.
Бұл процесс ашық сипатта болу керек, ал меншік ең жоғары бағаны
ұсынған сатып алушыға ауысуы тиіс.
Кіші жекешелендірудің негізгі ерекшелігі болып ұлттық бағдарлама
сатып алушы аукциондарда, коммерциялық конкурста жекешелендрілген тұрғын үй
купондардың 50% тұратын мемлекеттік меншіктің сатып алған төлемін
қарастырады. Қазақстандағы жекешелендіру мәселелері Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығында (23 желтоқсан 1995 ж.)
жекешелендірудің келесі процестері іске асырылды.
Президенттің осы Жарлығына байланысты жекешелендірудің нақты
элементтері анықталған. Бірегей жекешелендіру түсінігінің мазмұны,
объектілері, субъектілері, түрлері және жекешелендіру қағидалары берілген.
Жекешелендіру дегеніміз мемлекеттік меншікті жеке тұлғаларға және шетелдік
заңды тұлғаларға арнайы процедура шеңберінде сатуды білдіреді.
Жекешелендірудің субъектілері болып саналатындар:
- сатушы, мемлекеттік орган, жекешелендіруді іске асыратын уәкіл.
Жекешелендіру процесінде мүлікті сатып алушы жеке тұлға, мемлекетгік
емес заңды тұлға немесе шетел занды тұлғасы бола алады.
Жекешелендіруді жүргізетін негізгі қағидалары ретінде жариялылық,
бәсекелестік, құқықтық ауысуы, сатылуға қойылған объектілер туралы
мәліметтердің дұрыстығы және жекешелендіруді жүргізудің заңды лауазымды
тұлғалар жауапкершілігі болып табылады.
Жекешелендірудің объектілері болып мемлекеттік мүліктің келесі түрлері
болады:
-өндірісті және өндірісті емес бөлімшелер және кәсіпорынның мүліктік
кешен ретіндегі құрылымдық бірлігі, олардың жекешелендіруі тұйық
технологиясының циклы;
- кәсіпорынның мүлкі, кәсіпорынның құрамына жекешелендіруге жататын,
оның ісіне қолданылатын мүліктің барлық түрлері кіреді (ғимараттар, құрал
жабдықтар, шикізат, өнім, т.б.);
- шаруашылық серіктестіктерде жарғылық қордың акциялары мен
үлестері.
Жекешелендіру - саудадағы сатулар, тікелей адресті сатулар түрінде
іске асырылады.
Республикада жекешелендіру процестерінің тездетілуі және оның
құрылымының өзгертуі мақсатында арнайы бағдарлама құрылды[2].
Жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Республикада
1996 жылы жеке кәсіпорындардың салмағы 86%, сонымен бірге өнеркәсіпте 86%,
ауыл шаруашылығында 95%, құрылыс 60%, саудада 85%-ға жетті.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік әлеуметтік-экономикалық
саясатын жүргізіп келеді.
Меншік қатынастарын түбірінен өзгерту жүзеге асты, жаңа мемлекеттік
құрылым қалыптасып, бұрынғы өміршілдік жүйе құрдымға кетті деп айтуға
болады. Қазақстанның өзіндік іс-тәжірбиесі ХХІ ғасырға есептелген жаңа
экономикалық саясатты қалыптастыруды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда
тәуелсіздік жылдары жинақтаған нарықтық реформалардың іс-тәжірбиесін
зерделеп, өндіргіш күштер құрылымын түбірінен жаңартуға бағытталған іс-
әрекет бағдарламасын қалыптастыру міндеті тұр.
Мемлекеттік макроэкономикалық саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ете
отырып, әлеуметтік реформаларды тереңдету үшін шаруашылық тұлғалары
деңгейінде жүргізілетін микроэкономикалық саясаттың негізгі құрылымдық
элементтерін айқындау, қалыптастыру ұзақ мерзімдік нысанаға айналуы тиіс.
Ал, бұл мәселе ғаламдық ҒТП даму бағдарымен, Қазақстанның әлемдік базар
қатынастарындағы орнын болжаумен де тікелей сабақтас.
Мемлекеттік меншік жүйесін түбегейлі өзгерту үрдісі кешенді әлеуметтік
шаралардың жиынтығын көрсетеді. Ал, жекешелендіру- меншік иесін табу,
меншіктеу ұғымдары арқылы ғана өз мәнін анықтай алады. Олай болса, мемлекет
меншіктеу ұғымдары арқылы ғана өз мәнін анықтай алады. Олай болса, мемлекет
меншіктің негізгі иесі емес, тек заң жолымен бөтендердікін (халықтың)
еңбегін өзіне иемденіп алған құқықтық аппарат түсінігі шығады. Мемлекет
өзінің қаржы саясаты арқылы 70 жылдан астам уақытта шаруашылық тұлғаларының
қосымша еңбегін қорландыру арқылы меншік нысандарын түзеді. Ал, оның меншік
тұлғасы болып көрінуі, тек заң-құқықтық айнаға тәуелді қатынас.
Жекешелендіру-меншікті мемлекет иелігінен алу (ішкі мәні жекешелендіру
үрдісі) мен экономикадағы мемлекеттің тікелей шаруашылық жүргізу
өкілеттілігін шектеу (экономиканы беймемлекеттендіру) процестері әр қилы
ұғымдар. Мәні мазмұндары сәйкес келмейді. Оның арғы астары шаруашылық
жүйесіндегі мемлекеттік, салалық, аймақтық монополия құбылыстарынан арылу
мәселесі, яғни нарықтық бәсекелестікті дамыту арқылы әлеуметтік
экономиканың серпінді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Ал, Қазақстан заң бағдарламасы жекешелендіру және мемлекет иелігінен
алу жігін ашып көрсеткенімен, жалпы сипаты тек жекешелендіруді айқындап,
нарықтық ортаны қалыптастырудың негізгі жолы - меншікті жекешелендіру деген
идея өзекті мәселеге айналды. Нарықтық қатынастардың тұлғасы ретінде жеке
меншік тұлғалары болуы қажет деген пікір қанат жайды. Мемлекеттік
меншіктің нарықтық ортаға бейімделу формалары өтпелі кезең үшін аса маңызды
мәселе екенін дәлелдеу объективті, субъективті жағдайларға байланысты аса
күрделі мәселеге айналды. Мемлекеттік меншікті жалға беру, басқару
өкілеттігін беру, концессияға шарт жасау, біртіндеп сатып алу жолдары
заңдарда ескерілген, бірақ толық қолданылмады. Кейінірек, жалға беру, өтеу
мерзімін ұзарту мәселелерді заң жүзінде жекешелендіру бағдарламаларынан
алынып тасталды.
Яғни, арендаға беру идеясы тумай жатып, көктей солды. Осындай
жағдайда, ғалымдар ұсынған біртіндеп мемлекеттік мүлікті сатып алу идеясы
мүлік комитеті тарапынан қолдау таппады.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

2.1 Ауыл шаруашылықтарды жекешелендірудің мәні

Ұсақ буржуазиялық жекешелендіру психологиясы. Мақсаты, жеке меншіктің
прогрессивті сипаты ұранан желеу етіп, қоғамдық, ұжымды, топтық
экономикалық қатынастар исі шыққан меншіктің барлығын жекешелендіру. Бұл
жеке шаруашылық, жеке меншіктің өндіргіш күштерінің даму деңгейіне
байланысты өлшем бірлігі қалыптасуын ескермеді.
Үшінші бағдар, тоталитарлық, мемлекеттік социализм жүйесін
демонтаждауға байланысты адамның барлық құқықтық еріктерін қалпына келтіру
үшін қоғам байлығындағы оның үлесін анықтау, заңдастыру арқылы мемлекеттің
экономикалық жауапкершілігін айқындау қажеттігі. Бұл үрдістің ішкі мәні,
онда жанды еңбек пен қорланған еңбек байланысын күшейтіп, қоғамдық
ассоциациялардың жеке-дара (индивидуалды) меншік құқығын жүзеге асырылуына
көрсететін қолдауын айқындайды. Жеке меншік, жеке-дара меншік т.б. меншік
түрлерінің өндірістік үрдісінде әрекеттесуі, енді нарық қатынастар
ауқымында жүзеге асады.
Жекешелендіру, мемлекеттің экономикалық қызметін шектеу үрдісі ТМД
елдері үшін әлеуметтік әділдік қағидаларын қалпына келтіру қозғалысы. Бұл
жаппай жекешелендіруде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үшін купондық т.б.
механизмдерін методологиялық жағынан жетілдіру қажет және басқа
жекешелендіру түрлерімен үйлестіру қажет еді.
Мәселен, мемлекеттік, акционерлік, жеке меншікті кәсіпорындар жүйесі
шаруашылық саласында өзара байланысты дамиды. Жоғары дамыған капитал,
еңбек, тауарлар, қаржы, рыноктері, бағалы қағаздар, инвестициялар рыногы
нашар дамуы жекешелендірудің өзіндік ерекше құбылысқа айналуын
көрсетеді[3].

2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің жетістіктері мен
кемшіліктері

Мемлекеттік меншікті және мемлекеттік шаруашылық жүйесінің
монополиясы, жеке-дара үстемдігі - екі түрлі құбылыс ретінде өтпелі кезеңде
ерекше реттеу, жаңарту нысандары деп қарау қажет. Мәселен, бағаның
ырықтандырылуы (1992) өндіріс салаларының ерекшелігін қалай ескерді немесе
бірыңғай экономикалық кеңістіктің ыдырау жағдайында ҚР жүргізетін
экономикалық саясат бағыт-бағдары және әдіс-тәсілдері жекешелендірудің
ғылыми негіздерін сараптауды жүзеге асырды ма деген сауалдар өмірден
нақтылы жауабын табуда.
Нарықтық экономикаға өту кезкңінде жалпы жекешелендірудің кешенді
стратегиялық байланысын және де кезектілігін сақтау Қазақстан үкіметі
жүргізген саясатта толық жүзеге асырылмады. Нарықтық романтизм реформа
идеологтарына – экономистер, саясаттанушылар, басқарушы т.б. барлығына тән
болды. Бұл субъективті жағдай. Ал объективті жағдай – жаңа тәуелсіздік
алған мемлекеттік бірыңғай экономикалық кеңістігі болмауы, қаржы тапшылығы.
Қазақстанда жекешелендіруді жүргізудің ең үлкен кемшілігінің бірі -
құрылымдық өзгерістер меншік түрін өзгертуден бұрын жүргізілмегенінде екені
даусыз. Мемлекеттік меншікке сүйене отырып (орасан зор әлеуметтік механизм
плюс экономикалық потенциал) үкімет кез келген ұйымдық шараларды жүргізуге
мүмкіндік алады. Ал, мақсат бағыттары ішінде ең маңыздылары демонополизация
- мемлекеттің шаруашылық тұлғасы қызметін шектеу, салалық және
территориялық, аймақтық ұйымдастыру - басқару жүйесін жетілдіру арқылы
Қазақстандық бірыңғай нарықтық кеңістікті – бәсекелестік механизмін
қалыптастыру қажеттігі болды. Ал, бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің
қаржы-финанс жағынан сауықтандырылуын, басқару жүйесін жетілдіру - алғы
шарт екенін ескеруді талап етеді. Бұл міндет, тек енді ғана, үкіметтің 1996-
1998 жж. Экономикалық бағдарламасының негізі деп мойындалды.
Бәсеке мен кәсіпкерлікті дамыту үшін салалық басқару ұйымдарын тарату
немесе меншікті билеу өкілеттілігін шектеу де жеткілікті. Нарықтық
экономика негіздері меншіктің және шаруашылықтың көп түрлілігіне де тәуелді
әр деңгейлі құбылыс-мемлекеттік меншіктің қайшылығы неде, оны қалай жоюға
болады, оның мемлекеттік шаруашылық жүргізу жүйесімен өзара байланысы,
ерекшелігі неде екенін айқындап алмастан, әйтеуір, мемлекеттік меншікті
тарату басты мақсат деген теріс пайымдау ойда қалады. Іс жүзінде бұл саясат
жүзеге асты, бұл ел экономикасына елеулі қиыншылықтар алып келді. Мәселен,
Қытай мемлекеттік меншікпен қатар өмір сүретін жеке-дара еңбек ету, әр
түрлі меншікке негізделген бірлестіктерге рұқсат ету арқылы да өндіріс
салаларының көпшілігінде бәсекені күшейтудің жолдарын қалыптастырды[4].
Әлеуметтік экономия мен әлеуметтік саясаттың өзара ұқсастығы мен
айырмашылығы заң-құқық негізде біржақты шешіліп, дамудың көп бағыттылығы
және әр кезеңдігі ескерілмеді деп айтуымызға болады. Экономикалық саясат
дегеніміз басқару-ұйымдастыру принциптеріне сүйенеді, ал әлеуметтік
экономия объективті экономикалық заңдардың жүзеге асу механизмін көрсетеді.
Екеуінің де мақсаты – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының
прогрессивті өсуі, бірі- объективті құбылыс, екіншісі-қоғамдық сана және
ресурстарға байланысты. Ал, көп жағдайларда әлеуметтік саясат қысқа
мерзімдік мақсаттарға бағынышты болады, үздіксіз жалғастырылып отыратын
саяси шешімдердің жүйесі ғана.
Қазақстан жағдайында жекешелендіру процесі, негізінен, өндіріс пен
кәсіпорындарды шаруашылық тұлғаларына беру арқылы өнімнің көлемін де,
сапасын да арттыру, жұмысқа деген ынта-ықыласты күшейту, еңбек тәртібін
нығайту, аз күшпен көп өнім өндіру, әркімнің басына бір қиқулап жүретін
басшыларды азайту, ақыр соңында, өнім мен өндіріс құрал-жабдықтарын талан-
тараждан қорғау мақсатында жүргізілуі тиіс болды. Яғни, өте көп міндет
жүктелді. Түбегейлі реформалар мемлекеттік меншікті жекешелендіру, жалға
беру, басқаруды шетел мамандарына жауаптау, акционерлеу, ұжымдық және шағын
түрлері қарастырылды. Бұл экономикалық кеңістіктің іс-әрекет ету механизмін
қалыптастыруға бағытталған-ды. Жекешелендіру процесінің біздегі ерекшелігі
- жекешелендірілген кәсіпорындардың өндірістік құрылымдарын өзгертуіне
мемлекеттік орындар формальды түрде құқықтық жағынан шектелгенді. Бірден-
бір жол монополияға қарсы шағын, орташа кәсіпкерлікті дамыту арқылы
нарықтық бәсекелестікті қалыптастыру бағыттары ғана. Ал, бұл мәселе -
демонополизациялау Қытай, Чили, Мексика сияқты елдерде жекешелендіруден
бұрын жүргізілді, яғни орташа, шағын жеке кәсіпорындар жүйесі нарықтық
бәсекені қалыптастырады. Екіншіден, мемлекеттік кәсіпорындар меншік иесін
өзгертпестен кәсіпорын ұжымдарының толық шаруашылық жүргізілуңне беріледі
және мемлекеттік жәрдемақы тоқталады, яғни нарықтың тұлғасына айналады.
Кәсіпорындар өз өндірісін өзгертуі, жаңартуы рынокқа байланысты
жүргізіледі. Қазақстан бағдарламасында демополизациялау және жекешелендіру
қат-қабат қатар жүргізілуі тиіс болды. Нәтижеде үрдіс бақылаудан сырт
қалды.
Жекешелендіру процесі антимонополиялық комитеттің және парламенттің
тікелей бақылыуымен жүргізілуі көптеген елдерге тән сипат. Ал, Қазақстан
жағдайында жергілікті өкімет орындары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендірудің мәні, түрлері және қазақстандағы жекешелендіру үлгісі
Кеңестік дәуір кезіндегі ауыл ахуалы
Меншік мемлекет иелігінен алу
Жекешелендіру негіздері
Қазақстан Республикасындағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері
Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері, оның мәні, жүргізу әдістері
Қазақстандағы мемлекеттік иелігінен алу мен жекешелендіру
Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы
Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің мәні мен маңызы
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
Пәндер