Меншік пен еңбек арасындағы байланыс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе: Меншік пен еңбек арасындағы байланыс 3
Жекешелендіру үрдісі 4
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру 6
Қазақстандағы жекешелендіруді жүргізу 10
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру үрдісі 14
Ауыл шаруашылығының жеке меншік құқығы. 18
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 27

Кіріспе: Меншік пен еңбек арасындағы байланыс

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында дамуымыздың он жылдан астам тарихымыз
бар экономикасы саласында қарама-қайшылықты құбылыс екені даусыз.
Прогрессивті мәні бар формалар және жекешелендіру процесі әр түрлі
себептерге байланысты халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын күрт
төмендетуге алып келді. Аса негізгі әлеуметтік мәселе – халықтың әл-
ауқатының деңгейін көтеру толық жүзеге аспады. Негізгі себептердің бірі –
жекешелендіру үрдісі арқылы аса өзекті мәселелердің бірі - өндіргіш
күштердің жаңа жағдайларға бейімдей отырып, түбірінен қайта жаңғырту
мәселесі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік социализм дағдарысы, бұрынғы ҚСРО
біртұтас экономикалық аймағының ыдырауы және де Қазақстанның халықаралық
экономикалық қатынастарға тартылуы сауалдарымен сабақтас болып келді.
Тарихи дамудың сабақтастығы және өзектілігі және өркениеттің қандай да
болмасын кезеңдерінде трансформациялау құбылыстарының уақыт және кеңістік,
жүзеге асыру құралдары мен қозғаушы күштері арасында күрделі диалектикалық
байланысын көрсетеді. Қоғамдық даму факторлары түбегейлі реформаларды
жүзеге асырудың әр түрлі модельдердің құрылымдық элементтерінің себеп-
салдары, тәуелді байланыстарын жүйелейді. Саяси құқықтық немесе әлеуметтік,
экономикалық, тіптен технико-технологиялық жағдайларының жетекші роль
атқаруы тарихи пісіп жетілген қатынастарға тікелей байланысты. Әр кезеңдегі
реформалардың жетекші буыны болып, өндіргіш күштер немесе өндірстік
қатынастар, немесе қондырма қатынастары элементтері қызмет атқару мүмкін.
Осы тұрғыдан посткеңестік дәуірде өтпелі кезең ЖТН елдерінде әр қилы болып
қалыптасатыны түсінікті мәселе.
Қоғам дамуында құбылыстардың себеп-салдарлы байланысы негізгі
қатынастары мен туынды қатынастардың өзара қайшылықты түр өзгерту, жаңғырту
құбылысын теріске шығармайды. Мысалы, мемлекеттік меншікке негізделген
өндіріс тиімділігі үздіксіз төмендеп, еңбек мүдделеріне қайшы құбылысқа
айналды. Жеке адам мүддесі мен қоғамдық мүдде арасындағы қайшылық -
мемлекеттік меншіктің аса маңызды кемшілігіне айналады. Енді, қоғамның
барлық дертінің кілті мемелекеттік меншік сияқты көрінеді. Ал, негізгі
қатынас – меншік пен еңбек арасындағы тәуелді байланыс – дамудың қайнар
көзі көлеңкеленіп қалды.

Жекешелендіру үрдісі

Мемлекеттік социализм өз дамуында аса ірі жетістіктеріне жеткеніне
қарамастан, негізгі әлеуметтік мәселе – еңбек пен капитал арасындағы
қайшылықты түбегейлі шеше алмады. Қайта оны жаңа негізде, мемлекетті
капитал мен мемлекеттендірілген жалдама еңбек арасындағы қайшылықтарға
айналдырды.
Мәселен, жекешелендіру құбылысы әлеуметтік жағдайларды түбірінен қайта
құруға есептелгенімен, Қазақстан өндіргіш күштерінің даму тарихын,
заңдылықтары мен бағыт-бағдарларын толық ескерді деп мойындау ақиқатқа
сәйкес келмейді. Техникалық жағынан мешеу ауыл шаруашылығын, жалпы
агроөнеркәсіптік кешеннің және т.б. салаларда жекешелендіру құбылысының
әлеуметтік сипатта жеке дара үрдіс жүргізуі, объективті себептермен қатар
субъективті көзқарастардың реформа дәуірінде белең алуына да байланысты.
Аса елеулі мәселе - өндіргіш күштер даму деңгейі терістелді. Яғни,
Қазақстан халық шаруашылық салаларының технико-технологиялық деңгейі мен
техникалық-экономикалық дәрежесін зерделенудің жетпей жатқандығын көруге
болады. Жекешелендірудің әдіс-тәсілдері мен түрлері көп жағдайда
қалыптасқан технологиялық және экономикалық байланыстарды ыдыратты. Әрине,
Одақтық кеңістіктің тарауы оның бастама пункті (көзі) болғанын теріске
шығара алмаймыз. Осыған байланысты үш сабақтас мәселені ескеру қажет.
Біріншіден, өндіргіш күштер ұғымы мен оның құрылым элементері туралы
теориялық және іс-тәжірибелік көзқарастарға баға беру; екіншіден бәрімізге
белгілі, бұрынғы ҚСРО кезіндегі Қазақстан өндіргіш күштері даму деңгейін
сыңдарлы зерделеу қажеттігі; үшіншіден, нарық қатынастарына өту кезеңіндегі
өндріргіш күштер элементтерінің даму тенденцияларын бағамдау, қоғамдық
шаралар кешенін бағдарлау қажеттілігі.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік әлеуметтік-экономикалық
саясатын жүргізіп келеді.
Меншік қатынастарын түбірінен өзгерту жүзеге асты, жаңа мемлекеттік
құрылым қалыптасып, бұрынғы өміршілдік жүйе құрдымға кетті деп айтуға
болады. Қазақстанның өзіндік іс-тәжірбиесі ХХІ ғасырға есептелген жаңа
экономикалық саясатты қалыптастыруды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда
тәуелсіздік жылдары жинақтаған нарықтық реформалардың іс-тәжірбиесін
зерделеп, өндіргіш күштер құрылымын түбірінен жаңартуға бағытталған іс-
әрекет бағдарламасын қалыптастыру міндеті тұр.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру.

Мемлекеттік макроэкономикалық саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ете
отырып, әлеуметтік реформаларды тереңдету үшін шаруашылық тұлғалары
деңгейінде жүргізілетін микроэкономикалық саясаттың негізгі құрылымдық
элементтерін айқындау, қалыптастыру ұзақ мерзімдік нысанаға айналуы тиіс.
Ал, бұл мәселе ғаламдық ҒТП даму бағдарымен, Қазақстанның әлемдік базар
қатынастарындағы орнын болжаумен де тікелей сабақтас.
Мемлекеттік меншік жүйесін түбегейлі өзгерту үрдісі кешенді әлеуметтік
шаралардың жиынтығын көрсетеді. Ал, жекешелендіру- меншік иесін табу,
меншіктеу ұғымдары арқылы ғана өз мәнін анықтай алады. Олай болса, мемлекет
меншіктеу ұғымдары арқылы ғана өз мәнін анықтай алады. Олай болса, мемлекет
меншіктің негізгі иесі емес, тек заң жолымен бөтендердікін (халықтың)
еңбегін өзіне иемденіп алған құқықтық аппарат түсінігі шығады. Мемлекет
өзінің қаржы саясаты арқылы 70 жылдан астам уақытта шаруашылық тұлғаларының
қосымша еңбегін қорландыру арқылы меншік нысандарын түзеді. Ал, оның меншік
тұлғасы болып көрінуі, тек заң-құқықтық айнаға тәуелді қатынас.
Жекешелендіру-меншікті мемлекет иелігінен алу (ішкі мәні жекешелендіру
үрдісі) мен экономикадағы мемлекеттің тікелей шаруашылық жүргізу
өкілеттілігін шектеу (экономиканы беймемлекеттендіру) процестері әр қилы
ұғымдар. Мәні мазмұндары сәйкес келмейді. Оның арғы астары шаруашылық
жүйесіндегі мемлекеттік, салалық, аймақтық монополия құбылыстарынан арылу
мәселесі, яғни нарықтық бәсекелестікті дамыту арқылы әлеуметтік
экономиканың серпінді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Ал, Қазақстан заң бағдарламасы жекешелендіру және мемлекет иелігінен
алу жігін ашып көрсеткенімен, жалпы сипаты тек жекешелендіруді айқындап,
нарықтық ортаны қалыптастырудың негізгі жолы - меншікті жекешелендіру деген
идея өзекті мәселеге айналды. Нарықтық қатынастардың тұлғасы ретінде жеке
меншік тұлғалары болуы қажет деген пікір қанат жайды. Мемлекеттік
меншіктің нарықтық ортаға бейімделу формалары өтпелі кезең үшін аса маңызды
мәселе екенін дәлелдеу объективті, субъективті жағдайларға байланысты аса
күрделі мәселеге айналды. Мемлекеттік меншікті жалға беру, басқару
өкілеттігін беру, концессияға шарт жасау, біртіндеп сатып алу жолдары
заңдарда ескерілген, бірақ толық қолданылмады. Кейінірек, жалға беру, өтеу
мерзімін ұзарту мәселелерді заң жүзінде жекешелендіру бағдарламаларынан
алынып тасталды.
Яғни, арендаға беру идеясы тумай жатып, көктей солды. Осындай
жағдайда, ғалымдар ұсынған біртіндеп мемлекеттік мүлікті сатып алу идеясы
мүлік комитеті тарапынан қолдау таппады.
Жекешелендіру құбылысы меншік қатынастарын түбірінен өзгертудің бір
қырын ғана көрсетеді. Яғни меншік иесін анықтау арқылы шаруашылық жүйесінде
негізгі тұлғалардың еркін кәсіпкерлік, еңбек мүдделерін ынталандыру
қызметін атқарады. Негізгі қатынас пен туынды қатынас арасындағы себеп-
салдарлы байланыс бір жақты емес. Өз кезегінде, шаруашылық жүйесінде пайда
болған туынды қатынастар меншік құқығына елеулі әсер ететін күшке
айналады. Мысалы, салық саясаты және қаржы-қаражат жүйесі, инвестициялық
саясат, техник-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық қатынастар меншіктің
кез-келген үлгілерін басып-жаныштайтын қоғамдық күшке айналуын терістеуге
болмайды. Сол себепті, мемлекеттік жалдама еңбек иелерінен жеке жалдама
еңбек топтары мен меншік иесі – кәсіпкерлерді қалыптастыру үрдісі
қайшылықты құбылыс. Әрі ұзақ мерзімге созылады, күрделі әлеуметтік
мәселелерді қамтиды.
Екінші бағдар, ұсақ буржуазиялық жекешелендіру психологиясы. Мақсаты,
жеке меншіктің прогрессивті сипаты ұранан желеу етіп, қоғамдық, ұжымды,
топтық экономикалық қатынастар исі шыққан меншіктің барлығын жекешелендіру.
Бұл жеке шаруашылық, жеке меншіктің өндіргіш күштерінің даму деңгейіне
байланысты өлшем бірлігі қалыптасуын ескермеді.
Үшінші бағдар, тоталитарлық, мемлекеттік социализм жүйесін
демонтаждауға байланысты адамның барлық құқықтық еріктерін қалпына келтіру
үшін қоғам байлығындағы оның үлесін анықтау, заңдастыру арқылы мемлекеттің
экономикалық жауапкершілігін айқындау қажеттігі. Бұл үрдістің ішкі мәні,
онда жанды еңбек пен қорланған еңбек байланысын күшейтіп, қоғамдық
ассоциациялардың жеке-дара (индивидуалды) меншік құқығын жүзеге асырылуына
көрсететін қолдауын айқындайды. Жеке меншік, жеке-дара меншік т.б. меншік
түрлерінің өндірістік үрдісінде әрекеттесуі, енді нарық қатынастар
ауқымында жүзеге асады.
Жекешелендіру, мемлекеттің экономикалық қызметін шектеу үрдісі ТМД
елдері үшін әлеуметтік әділдік қағидаларын қалпына келтіру қозғалысы. Бұл
жаппай жекешелендіруде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үшін купондық т.б.
механизмдерін методологиялық жағынан жетілдіру қажет және басқа
жекешелендіру түрлерімен үйлестіру қажет еді.
Мәселен, мемлекеттік, акционерлік, жеке меншікті кәсіпорындар жүйесі
шаруашылық саласында өзара байланысты дамиды. Жоғары дамыған капитал,
еңбек, тауарлар, қаржы, рыноктері, бағалы қағаздар, инвестициялар рыногы
нашар дамуы жекешелендірудің өзіндік ерекше құбылысқа айналуын көрсетеді.
Мемлекеттік меншікті және мемлекеттік шаруашылық жүйесінің
монополиясы, жеке-дара үстемдігі - екі түрлі құбылыс ретінде өтпелі кезеңде
ерекше реттеу, жаңарту нысандары деп қарау қажет. Мәселен, бағаның
ырықтандырылуы (1992) өндіріс салаларының ерекшелігін қалай ескерді немесе
бірыңғай экономикалық кеңістіктің ыдырау жағдайында ҚР жүргізетін
экономикалық саясат бағыт-бағдары және әдіс-тәсілдері жекешелендірудің
ғылыми негіздерін сараптауды жүзеге асырды ма деген сауалдар өмірден
нақтылы жауабын табуда.

Қазақстандағы жекешелендіруді жүргізу

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде жалпы жекешелендірудің кешенді
стратегиялық байланысын және де кезектілігін сақтау Қазақстан үкіметі
жүргізген саясатта толық жүзеге асырылмады. Нарықтық романтизм реформа
идеологтарына – экономистер, саясаттанушылар, басқарушы т.б. барлығына тән
болды. Бұл субъективті жағдай. Ал объективті жағдай – жаңа тәуелсіздік
алған мемлекеттік бірыңғай экономикалық кеңістігі болмауы, қаржы тапшылығы.
Қазақстанда жекешелендіруді жүргізудің ең үлкен кемшілігінің бірі -
құрылымдық өзгерістер меншік түрін өзгертуден бұрын жүргізілмегенінде екені
даусыз. Мемлекеттік меншікке сүйене отырып (орасан зор әлеуметтік механизм
плюс экономикалық потенциал) үкімет кез келген ұйымдық шараларды жүргізуге
мүмкіндік алады. Ал, мақсат бағыттары ішінде ең маңыздылары демонополизация
- мемлекеттің шаруашылық тұлғасы қызметін шектеу, салалық және
территориялық, аймақтық ұйымдастыру-басқару жүйесін жетілдіру арқылы
Қазақстандық бірыңғай нарықтық кеңістікті – бәсекелестік механизмін
қалыптастыру қажеттігі болды. Ал, бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің
қаржы-финанс жағынан сауықтандырылуын, басқару жүйесін жетілдіру - алғышарт
екенін ескеруді талап етеді. Бұл міндет, тек енді ғана үкіметтің 1996-1998
жж. Экономикалық бағдарламасының негізі деп мойындалды.
Бәсеке мен кәсіпкерлікті дамыту үшін салалық басқару ұйымдарын тарату
немесе меншікті билеу өкілеттілігін шектеу де жеткілікті. Нарықтық
экономика негіздері меншіктің және шаруашылықтың көп түрлілігіне де тәуелді
әр деңгейлі құбылыс - мемлекеттік меншіктің қайшылығы неде, оны қалай жоюға
болады, оның мемлекеттік шаруашылық жүргізу жүйесімен өзара байланысы,
ерекшелігі неде екенін айқындап алмастан, әйтеуір, мемлекеттік меншікті
тарату басты мақсат деген теріс пайымдау ойда қалады. Іс жүзінде бұл саясат
жүзеге асты, бұл ел экономикасына елеулі қиыншылықтар алып келді. Мәселен,
Қытай мемлекеттік меншікпен қатар өмір сүретін жеке-дара еңбек ету, әр
түрлі меншікке негізделген бірлестіктерге рұқсат ету арқылы да өндіріс
салаларының көпшілігінде бәсекені күшейтудің жолдарын қалыптастырды.
Әлеуметтік экономия мен әлеуметтік саясаттың өзара ұқсастығы мен
айырмашылығы заң-құқық негізде біржақты шешіліп, дамудың көп бағыттылығы
және әр кезеңдігі ескерілмеді деп айтуымызға болады. Экономикалық саясат
дегеніміз басқару-ұйымдастыру принциптеріне сүйенеді, ал әлеуметтік
экономия объективті экономикалық заңдардың жүзеге асу механизмін көрсетеді.
Екеуінің де мақсаты – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының
прогрессивті өсуі, бірі- объективті құбылыс, екіншісі-қоғамдық сана және
ресурстарға байланысты. Ал, көп жағдайларда әлеуметтік саясат қысқа
мерзімдік мақсаттарға бағынышты болады, үздіксіз жалғастырылып отыратын
саяси шешімдердің жүйесі ғана.
Қазақстан жағдайында жекешелендіру процесі, негізінен, өндіріс пен
кәсіпорындарды шаруашылық тұлғаларына беру арқылы өнімнің көлемін де,
сапасын да арттыру, жұмысқа деген ынта-ықыласты күшейту, еңбек тәртібін
нығайту, аз күшпен көп өнім өндіру, әркімнің басына бір қиқулап жүретін
басшыларды азайту, ақыр соңында, өнім мен өндіріс құрал-жабдықтарын талан-
тараждан қорғау мақсатында жүргізілуі тиіс болды. Яғни, өте көп міндет
жүктелді. Түбегейлі реформалар мемлекеттік меншікті жекешелендіру, жалға
беру, басқаруды шетел мамандарына жауаптау, акционерлеу, ұжымдық және шағын
түрлері қарастырылды. Бұл экономикалық кеңістіктің іс-әрекет ету механизмін
қалыптастыруға бағытталғанды. Жекешелендіру процесінің біздегі ерекшелігі -
жекешелендірілген кәсіпорындардың өндірістік құрылымдарын өзгертуіне
мемлекеттік орындар формальды түрде құқықтық жағынан шектелгенді. Бірден-
бір жол монополияға қарсы шағын, орташа кәсіпкерлікті дамыту арқылы
нарықтық бәсекелестікті қалыптастыру бағыттары ғана. Ал, бұл мәселе -
демонополизациялау Қытай, Чили, Мексика сияқты елдерде жекешелендіруден
бұрын жүргізілді, яғни орташа, шағын жеке кәсіпорындар жүйесі нарықтық
бәсекені қалыптастырады. Екіншіден, мемлекеттік кәсіпорындар меншік иесін
өзгертпестен кәсіпорын ұжымдарының толық шаруашылық жүргізілуіне беріледі
және мемлекеттік жәрдемақы тоқталады, яғни нарықтың тұлғасына айналады.
Кәсіпорындар өз өндірісін өзгертуі, жаңартуы рынокқа байланысты
жүргізіледі. Қазақстан бағдарламасында демополизациялау және жекешелендіру
қат-қабат қатар жүргізілуі тиіс болды. Нәтижеде үрдіс бақылаудан сырт
қалды.
Жекешелендіру процесі антимонополиялық комитеттің және паламенттің
тікелей бақылыуымен жүргізілуі көптеген елдерге тән сипат. Ал, Қазақстан
жағдайында жергілікті өкімет орындары, антимонополиялық комитет және
жекешелендіру, мүлік өкілдіктері әкімдіктері толық сараланбады. Қортындылай
келсе, жекшелендіру моделін әлуметтік басқару (экономикалық билік
тұрғысынан қарастырып, бірнеше жүйелерді көрсетуге болады:
А.) Негізгі блок. Қоғамдық реформалардың саси, әлеуметтік,
экономикалық жүйелерінің өзара байланысынан туындайтын екі құбылыс -
мемлекеттік шауашылық тұлғасы қызметін шектеу (экономиканы
беймемлекетттендіру) саясаты. Бұл әлеуметтік жүйелерді трансформациялау
заңдылықтарының негізі. Трансформациялау заңдылықтарыныңтарихи- генетикалық
негіздерін үйлестіру арқылы стратегиялық, тактикалық, политэкономикалық
заңдылықтардың өтпелі кезеңге тән сипаттамасын айқындау қажеттілігінен
туындайды. Саяси және әлеуметтік салалардағы реформалаудың экономикалық -
реформалаумен үндестігін қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті түбірінен
жаңарту процесінің әлеуметтік бағарының жалдамалы еңбек адамдарының
мүдделерімен ұштастырылуы - жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу
концепциясының пәрменділігін анықтайды.
Бұл қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыру нәтижесінде әлеуметтік
топтардың әл-ауқатын арттырумен ғана жүзеге асуы мүмкін. Негізгі мақсат
жекешелендіру емес, керісінше, сол арқылы мемлекеттік шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория негіздері (лекциялар)
Ұдайы өндіріс
Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдалары
Жекешелендірудің экономикалық аспектілері
Материалдық өндіріс
Экономикалық тиімділік
Қоғамдық өндірісті ұйымдастыру жолдары
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері
Қоғамдық шаруашылық
Экономикалық теорияның пәнінен дәрістер кешені
Пәндер