Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың экономикалық мәні


Мазмұны
Кіріспе
I. Ғылыми-техникалық саясат туралы жалпы түсінік.
1. 1. Ғылымды дамыту.
1. 2. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың экономикалық мәні.
1. 3. Ғылыми-техникалық -инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi
1. 4. Ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өндiрiстер құру саласындағы әлеуеттi басымдықтар
II. Ғылыми-техникалық және инновациялық стратегияның жалпы түсінігі.
2. 1. Стратегияның мақсаты және оны жүзеге асыру қағидаттары
III. Ғылыми-техникалық саясат төңірегінде әлемдік экономика үрдістерін талдау.
3. 1. Әлемдiк экономиканың даму үрдiстерiн талдау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында көптеген дамыған және дамушы елдер өздерінің өндірістік - өнеркәсіптік саласының дамуы үшін ғылым мен техниканы жетілдіруге басты назарды салуда.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.
Сол себепті, біз бұл жұмыста еліміздегі ғылыми-техникалық стратегия мен саясатқа, ондағы инвестицияларды үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және өнім өндіруде ғылымның даму маңыздылығына көңіл бөліп тоқталамыз.
I. Ғылыми-техникалық саясат туралы жалпы түсінік.1. 1. Ғылымды дамыту.
Ғылыми әзiрлемелердiң қажет болмауы, соның салдарынан өнеркәсіптегi инновациялық белсендiлiктiң деңгейiнiң төмендiгi өндiрiс факторларының өнiмдiлiгiн жоғарылату, нақ ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс есебiнен мүмкiн бола тұра, экономиканы реформалаудағы ғылым рөлiнiң жете бағаланбауынан туындап отыр.
Дамыған индустриялық елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ғылымның дамуының қағидатты ерекшелiктерi бар. Дамыған елдерде iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың жыл сайын ұлғаюы, ғылымның жеке сектормен ықпалдасуын ынталандыру есебiнен жаңа жетiстiктердi жеделдете игеру, ғылымның корпоративтi секторын құруға және дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге ғылыми-техникалық әлеуеттi бағдарлау байқалып отыр. Атап айтқанда, 2000 жылы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелерге арналған мемлекеттiң шығыстары: АҚШ-та 246, 2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2, 9 %), Жапонияда 94, 2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 3, 0%), Германияда 45, 8 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2, 35%), Францияда 28, 0 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2, 25 %), Швецияда 7, 6 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 4, 0 %) құраған. Еуроодақ өз мүшелерiне ғылымға арналған салымдар деңгейiн ІЖӨ-нің 2, 5 %-iне дейiн жеткiзудi ұсынып отырғанын атап өту керек.
Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландыру көлемi IЖӨ-нiң 0, 2 %-iн құрап отыр, бұл жеткiлiксiз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн көздей отырып, 2010 жылға ғылымды қаржыландыруды IЖӨ-нiң 2 % және 2015 жылы 2, 5-3 % деңгейiне дейiн жеткiзуге кезең-кезеңмен өтудi жүзеге асыру қажет.
Бiрқатар ғылыми тақырыптарды қаржыландырудың жеткiлiксiз болуы мен тоқтатылуы жас ғылыми кадрлардың ғылым саласынан кетуiне, ғылымның материалдық-техникалық базасының моральдық және табиғи тозуына әкелдi.
Ғылымды реформалаудың мемлекеттiк саясатын басымдықпен жүргiзу қажет.
Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты бағыттары:
-әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бiрi ретiнде ғылымды айқындау;
-жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған ғылымды көп қажетсiнетiн әрi ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық таза өндiрiстi құруға бағытталған зерттеулердi дамыту;
-ғылыми жетiстiктердi нақты iске асыруға ықпал ететiн тетiктер мен ынталандыру жүйесiн құру;
-жаңа жетiстiктердi экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру (сұранысты ынталандыру) және оларды отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң пайдалануы үшiн жағдайлар жасау (ұсыныстарды ынталандыру) ;
-ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн материалдық базаны нығайту;
-кадр әлеуетiн сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау;
-ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату үшiн ғылыми ұйымдарды аттестаттау және тiркеу жүйесiн дамыту;
-ғылымның мемлекеттiк емес секторын қалыптастыру мен дамыту, оны қолдаудың мемлекеттiк тетiктерiн жасау;
-талантты жас ғалымдарды қолдау;
-мамандарды әлемнiң ең үздiк ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткiзу;
-грант негiзiнде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiктерiн жасау мен жетiлдiру;
-қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық қауымдастыққа интеграциялануын қамтамасыз ету.
Ұсынылған шараларды iске асыру индустриялық-инновациялық саясатты барабар ғылыми қамтамасыз етудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
1. 2. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың экономикалық мәні.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметтiң түпкi нәтижелерi - өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi - елдiң экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi.
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi ұйымдастырудан көрiнiс табатын жаңа iлiмдер үлесiне ІЖӨ өсiмiнiң 80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң өзектi факторы, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негiзгi құралы болып отыр.
Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты еңсеруге, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2, 8-3, 2% және 12, 4-14, 0%-тi құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.
Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi шағын кәсiпорындардың әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында болып отыр.
Шағын кәсiпкерлiктi iрi кәсiпорындармен бiрiктiру (кооперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң негізгi қызметiне қатыссыз қызметтер көрсету жөнiндегi функцияларын шағын бизнес субъектiлерiнiң бәсекелестiк ортасына беру тетiгiн әзiрлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстердi, оның iшiнде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу және шағын және iрi бизнестiң франчайзингтiк қатынастарының кең таралуы есебiнен дамыту үшiн жағдай жасау керек.
Қазақстандық өндiрушiлерге ғылыми әзiрлемелердi рыноктық тауар деңгейiне жеткiзу тәжiрибесi жетпейдi, менеджмент, маркетинг және талдау саласындағы жоғары бiлiктi мамандар жеткiлiксiз. Осыған байланысты қазақстандық мамандарды жетекшi шетелдiк ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдамаға жiберу және отандық кадрлар даярлау үшiн республикаға жоғары бiлiктi шетел мамандарын тарту тәжiрибеге енгiзiлетiн болады.
Қазақстандағы ғылымның қазiргi таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзiрлемелер мен қажетсiз өндiрiстер санының көптiгiмен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әлеует және оны пайдалану инновациялық қызметтi дамытудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болуы тиiс.
Зияткерлiк меншiктi пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметтi дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiнiң теңдестiру есебiнен зияткерлiк меншiктiң тиiмдi шаруашылық айналымы зияткерлiк меншiк жемiсiне сұраныс пен ұсыныс бiрлiгiн, ғылыми-техникалық зерттеулердi дамытуды, оларды өнеркәсiпте iске асыруды, бәсекеге қабiлеттi жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiсi мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.
Инновациялық дамудың базалық моделi негiзiнде iшкi (өcipу) және сыртқы (трансферт) инновация көздерiнiң арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсiру стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке зерттеулерге негiзделген өзiндiк технологияларын белсендi жетiлдiретiн алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансфертi стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулi елдерде де iске асырылады.
Сонымен, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары:
-мемлекеттiң қатысуымен маманданған венчурлiк қорлар құру және венчурлiк капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу;
-инновациялық қызметтiң мемлекеттiк, салааралық, салалық және өңiрлiк сипаттағы маманданған субъектiлерiн құру енетiн инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
-инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау;
-өнеркәсiптiң базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптacтыру;
-технологиялардың өркениеттi рыногы үшiн жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгiлерiн қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертiн ынталандыру;
-отандық кәсiпорындардың үздiк әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуiн жандандыру;
-халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi қаржы-кредит және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылу тиiс.
1. 3. Ғылыми-техникалық -инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәттi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.
Қазiргi Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде.
Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.
Инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамалар
Жеткiлiктi дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндiрiстiң кеңеюiне қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнiмге сұраныстың көлемiн бағалауға мүмкiндiгi болмайды. Мемлекет инвестицияларды үйлестiру функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бiрлесiп жүзеге асыру кезiнде ғана компанияларға пайда түсiредi.
Инвестицияларды үйлестiрудiң осы үлгiсiн қолдану мемлекеттiк және жеке институттарда белгiлi бiр әлеуеттiң болуын көздейдi, оған көптеген дамушы елдердiң қолы жетпейдi.
Іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бастамалар
Іскерлiк ынтымақтастық жөнiндегi белсендi мемлекеттiк саясат шеңберiнде бастамалар кәсiпкерлермен мынадай бағыттарда iскерлiк қарым-қатынасты нығайтуға тiкелей бағытталуы мүмкiн:
-сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат көзi болып табылады;
-жабдықтарды жеткiзушiлер олармен бiрге өндiрiстiк тәжiрибе жинайды;
-ресурстарды жеткiзушiлер өндiрiстiң жаңа идеялары мен әдiстерiнiң пайда болуына ықпал етедi, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзi болып табылады.
Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар мен ресурстарды, қызметтер көрсетудi жеткiзушiлер топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс iстейтiн басқа да мамандандырылған ұйымдар сол бiр аймақтың шеңберiнде бiрлесiп жұмыс iстейдi.
Рыногы жеткiлiктi деңгейде дамымаған елдерге рынокты тереңдетудiң және iскерлiк ынтымақтастықты дамытудың жинақтаушы процесiн қозғалысқа келтiру үшiн ұйытқы (өзiнiң табиғаты жағынан ол мемлекеттiк немесе жеке болуы мүмкiн) қажет болуы мүмкiн.
Рынокты алмастыру
Бұл көзқарас үкiметтiң рынокты толық ығыстырып шығару әрекеттерiмен байланысты. Өнеркәсiптiк өсуге серпiн беру үшiн мемлекеттер нарықтық бағалауды ақпаратпен және мемлекеттiк секторда жинақталатын бағалармен ауыстыру ырқына бой ұрады. Мұндай әрекет жемiстi бола бермейдi.
Филиппиннiң 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы тәжiрибесi жеке кәсiпкерлердiң беделдi топтары үкiметке күшті ықпал еткен кезде не болуы мүмкiн екенiн көрсеттi.
Өзiнiң одақтары үшiн ел iшiнде бизнес жүргiзу үшiн жаңа мүмкiндiктер туғызу ниетiмен 1979 жылы Филиппин үкiметi $5 миллиард сомаға "ipi индустриялық жобалардың" жаңа Стратегиясы туралы хабарлады (олардың барлығы капиталды көп қажет ететін ауыр өнеркәсiпте жүзеге асырылды) . Бiр жылдан кейiн Стратегия қарсыластарының қысымымен үкiмет осы жобаларға қайтадан экономикалық және қаржы сараптамасын жүргiзуге келiстi. Көп кешiкпей бұл процеске саяси және қаржы қайшылықтары өз ықпалын тигiздi. 1987 жылдың соңына қарай алғашында ұсынылған жалпы құны $ 4 миллиард болатын ($ 5 миллиардтан) он бiр жобаның бесеуi жүзеге асырылмайтын жоба ретiнде тоқтатылды. Тұтастай алғанда жалпы құны $ 800 миллион болатын төрт жоба ғана пайда әкелдi.
Әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, Стратегияны iске асыру кезiнде инвестицияларды үйлестiру және iскерлiк ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бастамаларға баса көңiл аударылатын болады. Қаржылық қолдау үлестiк қатысу қағидаттары негiзiнде ғана даму институттары арқылы көрсетiлетiн болады. Бұл ретте жеке сектор, оның iшiнде екiншi деңгейдегi банктер негiзгi тәуекелдердi өз мойындарына алатын болады.
Мемлекет қосылған құнның технологиялық және экономикалық тiзбегiн (ҚҚТ) дәйектiлiкпен дамыту арқылы бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын өндiрiс орындарының бiртұтас жүйесiн құруға бағытталған жобаларға Даму институттары арқылы қатысатын болады. Бұл бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң барлық өлшемдерiне сәйкес келетiн түпкi өнiм үшiн жұмыс iстейтiн көп салалы кәсiпорындарды құруға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi әлемдiк практикада экономика салаларын ҚҚТ ретінде қарастыруға негiзделген дамыту стратегиясын әзiрлеу және талдау әдiсi жасалған және кеңiнен қолданылады.
Бұл әдiстiң мәнi әрбiр саланы түпкi өнiмнiң құнын ретiмен қосып отыратын өндiрiстер тізбегi ретінде қарастыруға болатынына келiп саяды.
ҚҚТ арқылы салаларға талдау жасау әдiстемесi тiзбекте қозғалысқа келтiретiн немесе онда басым күштерге байланысты ҚҚТ-ның екi негiзгi түрiн бөлiп көрсетедi. Осыған байланысты ҚҚТ құрылымдық тұрғыдан алғанда тiк және көлбеу тiзбектер болып бөлiнедi.
ҚҚТ көлбеу құрылымдарындағы экономикалық белсендiлiк, әдетте, бiр компанияның шеңберiнде шоғырланады. Мәселен, бiр компанияның өзi-ақ шикiзат өндiредi, оны ұқсатады, өз бетiмен қосалқы бөлшектер шығарады және өнiмдi жинайды.
ҚҚТ көлбеу құрылымдарында белсендiлiк көптеген шаруашылық жүргiзушi субъектілерi бойынша бiрдей етiп бөлiнген: компаниялардың бiреуi өнiмнiң дизайнымен айналысады, басқалары жинақтаушы бөлшектерiн шығарады, үшiншiлерi оларды жинайды.
Әдетте, өндiрушiлер басым жерде ҚҚТ тік құрылымды болады, ал сатып алушылар басым жерлерде көлбеу құрылымды болады.
Тұтастай алғанда, кiм ҚҚТ-ға барынша әсер етсе, ең үлкен қосылған құнды сол алады.
Автомобиль саласының қазiргi ҚҚТ автомобильдiң қосалқы бөлшектерi мен бөлшектерiн шығарушылардан, автомобильдi әзiрлеп шығаратын (дизайн) және жинайтын кәсiпорындардан, сондай-ақ дистрибьюторлардан тұрады. Бұл ретте машиналар жинайтын кәсiпорындар тiзбекке негiзiнен ең жоғары қосылған құнды алу нысанында барынша зор ықпал етедi.
Киiм тiгу ҚҚТ сатып алушылық ҚҚТ-ның айқын мысалы болып табылады. Ол дизайнерлiк фирмалардан, көтерме бағамен сатушылардан, бөлшек сауда дүкендерiнен, тоқу фабрикаларынан, шикiзатты өндiрушiлер мен өңдеушiлерден және киiм тiгу фабрикаларынан тұрады. Осы тiзбекте дизайнерлiк фирмалар және көтерме бағамен сатушылар төтенше роль атқарады. Олар ең жоғары қосылған құнды алады, сол арқылы ненi өндiру керектiгiн анықтайды.
Кейбiр елдерде халық табысының өсуi, тауар өндiрушiлерге қойылатын экологиялық және басқа да талаптардың күшейтілуi қосылған құнды орналастыруға елеулi әсер етедi. Мысалы, Гонконгте жалақының елеулi өскенiне және киiм мен аяқ киiм шығару индустриясында өзiнiң бәсекелестiк артықшылығын жоғалтып алғанына қарамастан, ел ҚҚТ-дан шығып қалған жоқ. Себебi АҚШ-қа киiм мен аяқ киiм жеткiзуге квота алуда Гонконг компанияларының тәжiрибелерi мен қажеттi байланыстары бар. Егер АҚШ үкiметi квоталарды жойса, қытай компаниялары өнiмдi тiкелей жеткiзумен айналысар едi.
Өндiрiстiк және сатып алушылық ҚҚТ құрылымы
1. Өндiрiстiк ҚҚТ (автомобиль жасау, компьютерлер, авиация құрылысы, электр машиналары)
Отандық және шетелдік
жеткізіп берушілер
2. Сатып алу ҚҚТ (киім-кешекті, аяқ киімді, ойыншықтарды, үй тауарларын дайындау)
Шетелдік нарық АҚШ нарығы
Қазақстан жағдайында өздерiнiң құрамында кендi өндiрумен, оны байытумен, бастапқы және қайталама металл, iлеспе элементтер (алтын, күмiс, сирек жер металдары) шығарумен айналысатын өндiрiс орындары бар "Қазақмыс" ААҚ және "Қазмырыш" ААҚ ҚҚТ-ның тiк құрылымының жарқын мысалы болып табылады. Алайда ҚҚТ осымен үзiлiп қалады. Бұдан кейiн өнiмдi өңдеу басқа елдердiң компанияларында жүргiзiледi, оларға аталған кәсiпорындар ресми түрде қатыспайды, бұл олар алатын қосылған құнды едәуiр азайтады.
"Қазақстантрактор" ААҚ ұтымсыз өндiрiстiң мысалы болып табылады. Бұл кәсiпорын шынжыр табанды тракторлар құрастыру үшiн негiзгi тораптарды басқа кәсiпорындардан сатып алу қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Бұл ретте ол осы жинақтаушы тораптар мен бөлшектердi өзiнiң бәсекелестерiнен сатып алады. Сайып келгенде, трактордың түпкiлiктi бағасы бәсекелестерiнiкiнен үнемi жоғары болып шығады.
Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру үшiн ықтимал бәсекелес өндірістердi, оның iшiнде әлемдiк рыноктардың даму үрдiстерi мен жеке сектордың бастамаларын ескере отырып, экономикалық ҚҚТ-не құратын экспортқа бағдарланған өндiрiстердi айқындау мақсатында экономика салаларының даму деңгейiне кезең-кезеңмен талдау жасап тұру қажет.
Сонымен бiрге Қазақстан салалық ҚҚТ-ларда өзiнiң орнын табу мақсатында әлемдiк және өңiрлiк рыноктарды зерттеудi күшейтуi қажет. Бұл мiндет әлемдiк экономикаға, оның iшiнде тiптi шикiзат секторына қосылуды басынан бастауға тура келетiнiмен қиындай түседi.
ҚҚТ бүкiл тiзбегiн қайтадан қалпына келтiрудi көтермелеудiң қажеттiлiгi бола қоймас, тек қосылған құны барынша жоғары элементтердi немесе әлемдiк рыноктарға шығуға және қосылған құны барынша жоғары экономикалық белсендiлiктерге одан әрi қадам басуға мүмкiндiк беретiн элементтердi ғана көтермелеу керек.
Осыған байланысты мемлекеттiк қолдау қазiргiдей ҚҚТ жекелеген элементтерi бойынша iшiнара емес, оның барлық негiзгi элементтерi бойынша кешендi түрде көрсетiлуi тиiс. Басқаша айтқанда, қолдау жеке алынған кәсiпорынға немесе салаға емес, тiптi әртүрлi салалардағы, бiрақ бiрыңғай ҚҚТ шеңберiнде өзара байланысқан салалардағы барлық немесе негiзгi кәсiпорындар бойынша көрсетiлуi керек. Мемлекеттiң үйлестiрушi және жоспарлаушы қызметi осымен тұжырымдалмақ.
Экономика салаларына және әртүрлi өндiрiстерге ҚҚТ әдiстерiн ескере отырып талдау жасау үшiн Маркетингтiк-талдама зерттеулерiнiң орталығы құрылатын болады. Орталықты құруға рыноктар маркетингi және оларды терең зерделеу саласындағы консалтингтiк қызмет көрсетудiң отандық нарығының туындауы мен қалыптасуының бастапқы сатыда тұрғаны, талдау зерттеулерi шығыстарының шамадан тыс жоғары екенi және жеке сектордың әлемдiк деңгейде жүзеге асырылатын рынокты талдау зерттеулерiне зәрулiктi бастан өткеруi түрткi болып отыр. Мемлекет орталық құра отырып осы саланың қарқынды дамуына едәуiр серпiн бередi. Консалтингтiк қызмет көрсетудiң отандық рыногының өсуi және қалыптасуы бойынша орталықтың мемлекеттiк ретiндегi қызмет етуi орынсыз болады және ол 3-тен 5 жылға дейiн орта мерзiмдi перспективада жекешелендiрiлетiн болады.
1. 4. Ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өндiрiстер құру саласындағы әлеуеттi басымдықтар
Қазiргi экономикалық дамудың негiзгi сипаттамаларының бiрi озық ғылыми-технологиялық әзiрлемелердiң негiзiнде белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жасалған технологияларды кезең-кезеңiмен ауыстыру процесiмен байланысты оның әркелкi сипаты болып табылады. Технологиялық құрылымдардың ауысуы сәтiнде алдындағы кезеңде көш басында болған елдер капиталдың құнсыздануына және бұрынғы өндiрiстерде iстеген қызметкерлердiң бiлiктiлiгiнен айырылуына тап болады. Жаңа өндiрiстiк-технологиялық жүйенi қалыптастыруда жетiстiктерге қол жеткiзiп үлгерген елдер дәстүрлi жұмсау салаларынан сырғып бара жатқан капиталды тарту орталықтарына айналады.
Стратегия индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz