Инвестициялар және олардың қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
Инвестициялар және олардың қызметі 5
Ұқыптылық парадоксы. жанама инвестициялар 13
Инвестицияларға байланысты төлемдердің аударымы 17
Уағдаласушы Тарап пен Екінші Уағдаласушы Тарап Мемлекеті инвесторының
арасындағы даулар 20
Инвестициялардың құқықтық режимі 21
Инвестициялардың кепілдіктері 21
Зиянды өтеу 22
Инвестицияларға байланысты төлемдерді аудару 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25

КІРІСПЕ

"Инвестиция" деген термин бір Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы
Тараптың инвесторының аумағыңда бұл инвестициялар соңғысының заңдарына
сәйкес жүзеге асырылған шартында инвестицияландырылған салымдарының кез
келген түрін білдіреді және атап айтқанда, ерекше емес түрде мыналарды
қамтиды:
жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен оған байланысты басқа да мүліктік
құқықтар және ипотека, кепіл және басқалар түріндегі нақты қамтамасыз
етулер;
акциялар, салымдар (пайлар), облигациялар және қоғамдарға немесе
Уағдаласушы Тараптардың әрбірінің заңдарына сөйкес тіркелген өзге де заңды
тұлғаларға қатысудың басқа да нысандары;
несиелер, ақша қаражаттары бойынша талап ету құқықтары мен
экономикалық құндылыққа ие басқа да құқықтар;
авторлық құқық пен оған ұқсас құқықтарды қоса алғанда интеллектуалдық
меншік құқықтары, патенттер, лицензиялар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар
таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, шығу жерлерінің атаулары,
технологиялық процестер, ноу-хау және гуд вилл;
табиғат ресурстарының зерделеуге, барлауға, өндіру мен игеруге
арналған құқықтарды қоса алғанда Уағдаласушы Тараптардың әрбірінің
заңдарына сәйкес берілген шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арнал-ған
құқықтар.
Өздері жүзеге асырылған инвестициялардың нысандарын бұдан әрі өзгерту,
мұндай өзгеріс аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы
Тараптың заңдарына қайшы келмейтін жағдайда инвестициялар ретіндегі олардың
біліктемесіне әсер етпейді.
"Кірістер" деген термин кәсіпорынды басқарғанына пайда, дивидендтер,
өсімдер, сыйақы ретінде инвестициялардың нәтижесінде алынатын қаражатты
және Уағдаласушы Тараптардың әрбірінің заңдарына сәйкес алынатын басқа да
қаражатты білдіреді.
"Инвестор" деген термин Уағдаласушы Тараптардың әрбіріне қатысты:
- Уағдаласушы Тараптардың бірінің оның қолданылып жүрген заңдарына
сәйкес азаматы болып табылатын жеке тұлғаны;
- Уағдаласушы Тараптардың әрбірінің мемлекеттерінің заңдарына сәйкес
құрылған заңды тұлға құқығындағы немесе онсыз және оның аумағындағы кез
келген компанияны, ұйымды немесе ассоциацияны білдіреді.
"Аумақ" деген термин бір жағынан Қазақстан Республикасының және екінші
жағынан, Болгария Республикасының егемендігіндегі аумақтық теңізде, сондай-
ақ континентальдық шельф пен тиісті мемлекет егемендік құқығы мен
халықаралық құқыққа сәйкес заңдық өкілеттігін жүзеге асыратын ерекше
экономикалық аймақты қоса алғандағы аумақты білдіреді.
Уағдаласушы Тараптардың әрбірі өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап
инвесторларының инвестицияларын көтермелейді, қорғайды және мұндай
инвестицияларға өзінің заңдарына сәйкес жол береді.
Уағдаласушы Тараптардың әрбірі өзінің заңдарына сәйкес басқа
Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын толық қорғалу кепілдігін
береді.
Инвестициялардан түскен кірістер, ал екінші рет инвестициялаған
жағдайда (қайта инвестициялау) - екінші рет инвестициялауда (қайта
инвестициялау) түскен кірістер бастапқы инвестицияға секілді дәл сондай
қорғауды пайдаланады.
Уағдаласушы Тараптардың әрбірі өз заңдарына сәйкес өзінің аума-ғындағы
басқа Уағдаласушы Тараптың инвестициялық қызметі жүзеге асырушы
азаматтарының келуі, болуы, жұмысы мен жүріп-тұруына қатысты мәселелерді
қолайлы түрде қарайтын болады.
Уағдаласушы Тараптардың әрбірі өзінің аумағында басқа Уағдаласу-шы
Тараптың инвесторлары жасаған инвестицияларға және инвестицияларға
байланысты қызметке инвестицияларды басқару мен оларға иелік етуге кедергі
келтіруі мүмкін кемсітушілік сипаттағы шараларды болдырмайтын әділ де тең
құқықтық режим беретін болады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген режим, өзінің инвесторлары-ның
немесе кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларының инвестиция-ларына
байланысты инвестициялары мен қызметіне берілетін қолайлы режимнен кем
болып табылмайды.
Уағдаласушы Тараптардың әрбірі шетелдік инвесторлардың қызметіне
қатысты шектеу немесе ерекшелікке жол берілетін қызметтің салалар мен
аяларды айқындау құқығын өзінде қалдырады. Кез келген жаңа ерекшелік алайда
жоғарыда айтылған ерекшелік күшіне енгеннен кейін жасалған инвестицияларға
ғана қолданылатын болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Инвестициялар және олардың қызметі

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді,
ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына
тәуелді. Кейнсиаңдық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі
немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы
анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс
процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорыңдар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу
соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе
капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі — жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті
жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер
жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады
(мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы). Алайда бұл адамдар
қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе
инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп
тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы
болады. Мұнда "жинақшы" мен инвестор сәйкес. Алайда, бір мезгілде кәсіпкер
де, жұмыскер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының рөлі едәуір,
сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономиканың
тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап
өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына
немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Егер инвестордың
пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды.
Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау
кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және
мұндағы шешуші фактор процент ставкасының, денгейі болады (толығырақ басқа
тарауды қараңыз). Инвестор ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы
мүмкін, немесе ақша ресурстарын банкке орналастыруы да ықтимал. Егер
процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция
жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда
нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады. Процент
нормасы, инвестициялар мен жинақтар арасындағы өзара байланысты графикпен
былайша суреттеуге болады:
Графикте жинақ пен инвестицияның өзара теңдігі көрсетілген. ІІ— қисық
сызық инвестиция; SS — қисығы жинақ; ордината өсіндегі процент нормасы (r);
абцисса өсіндегі жинақ пен инвестиция. Олай болса, инвестиция процент
нормасының қызметі; I=I (r) әрі кемитін қызмет: процент ставкасы жоғары
болса, ивестиция дәрежесі төмен болады. Жинақта процент нормасының қызметі
S =S (r) бірақ, ұлғаятын, өсетін r0-ге тең процент дәрежесі бүкіл экономика
көлеміне жинақ пен инвестиция-

1-сурет.
ның теңдігін қамтамасыз етеді, ол r1 және r1 дәрежелер бұл жайдан ауытқуды
көрсетеді.
Мына бір жайды ескерту керек: процент дәрежесі мен инвестиция және
жинақ көлемдерінің арасындағы қызмет байланыстары жаңа классиктер мектебі
теоретиктерінің еңбектерінде орын алған. Инвестицияның кейнсиандық
тұжырымында, классиктер еңбектеріндегі сияқты процент нормасының қызметі
көрсетілген, ал жинақ болса Дж. Кейнстің пікірінше табыстың қызметі: S -
S(V). Бұл жерде Дж. Кейнстің пікірі, мысалы, жинақ көлемі процент
ставкасының мөлшерімен байланысты деген А. Маршаллдың пікірінен өзгеше.
Сонымен, инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинақ —
табыстың қызметі. Демек, қазіргі кейнсиандық концепцияның мәні мынада
болады: инвестиция мен жинақ қозғалысы, әр түрлі факторлармен анықталады. —
Жинақ пен инвестиция теңдігін талдау графигіне әлі ора-ламыз, бірақ басқаша
жағдайда. Ал қазір инвестициялық процеске ықпал ететін жайларды анықтауды
жалғастырайық.
Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың
деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны
ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен
деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.
Инвестициялардың, жинақ пен табыстық өзара әрекетін анықтаушы маңызды
макроэкономикалық пропорцияларды былайша сипаттауға болады:
Y= С + 1 яғни, ұлттық табыстың пайдаланылған бөлігін тұтыну (С) және
жинақ (I) шығындарының сомасына тең. Мұнда тұтыну табыстың қызметін
атқарады (42-суретті қараңыз), яғни С = С(Y).
Екінші жағынан, өндірілген ұлттық табысты былайша көрсетуге болады Ү =
С + S, мұндағы S - те (жинақ) табыс қызметін атқарады (тұтынуға бейімділік
пен жинаққа бейімділік графигін еске түсіру керек), олай болса S = S (V).
Сонымен, егер С + І = С + S болса, онда І = S, инвестиция қызмет r :
1=1(r), болады да, ал жинақ қызмет V : S = S(V) болады.
І(r) = S(V) теңдігі экономикада жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
арасындағы тепе-теңдік үшін белгілі бір пропорцияларды сақтаудың
маңыздылығын көрсетеді. Мәселенің күрделілігі мынада, жинақ пен инвестиция,
бұрын атап өткендей, әр түрлі факторларға тәуелді: "жинақтың табыстан",
"пассивті" тәуелділік тенденциясы байқалады, ал үнемі өзгеріп отыратын
инвестиция динамикалы өсудің дербес (автономиялық) факторларына тәуелді"
(П. Самуэльсон. Экономика, 264-бет).
Енді жинақ пен инвестицияның тепе-теңдігі жағдайындағы ұлттық табыс
деңгейін анықтайық. Графикалық талдауды қолдана отырып, кейнсиандық
концепцияның І = S түсіндіруінің класиктер теориясынан (1-сурет)
айырмашылығын қарастыралық.
Абцисса өсінде кескінделген ұлттық табыс деңгейі ордината өсінде
кескінделген жинақ пен инвестиция (S, I) (2-сурет), II сызығы ұлттық
табыстың кез келген дәрежесінде инвестяцияның өзгермегендігін көрсетеді.
Басқаша сөзбен айтқанда, II ұлттық табыстан (ҰТ) тәуелсіз, автономды. Бұл
маңызды жорамал немесе абстракция.
Нақты өмірдегі шындық жағдай ұлттық табыстың өсуі инвестицияны да
ұлғайтады. Графиктен көріп отырғандай, ұлттық табыстың өсуімен жинақ та
өседі.

2- сурет

Ұлттық табыстың қандай дәрежесіне ІІ мен SS арасыңда теңдік орнайды
екен? Графикті талдау Е нүктесінде ІІ және SS сызықтары қиылысады. Абцисса
өсімен тік сызық өсін жүгіртсек, ұлттық табыстың көлемі, ОN-ге тең болған
жағдайда инвестиция мен жинақ арасында тепе-теңдік деңгейі орнайды екен.
Алайда ұлттық табыстың бұл деңгейі жұмыс пен толық қамтуды FF сызығы
қамтамасыз ете алмайды. Бұл сызық S және І қиылысу нүктесінің оң жағынан
өтеді, сөйтіп Кейнстің ұлттық табыс тепе-теңдігі жұмыспен толық қамтылмаған
жағдайда да орын алады дегенді қуаттайды. N нүктесі ұлттық табыстың тепе-
теңдікте болуы жағдайын көрсетеді. І мен S арасындағы тепе-теңдік
бұзылғанда елдің экономикасы әрдайым соған қарай ұмтылады. Мұны толығырақ
қарастырайық.
Егер SS сызығы ІІ-ден артса, онда қоғамдағы жинақ көлемінің инвестиция
көлемінен көп екендігін сипаттайды. Сонда шаруашылықтың жағдайы қандай
болмақ? Бұл тауарлы өнімнің бір бөлігі өтпейді деген сөз (халықтың жинағы
бұрынғыдан көбірек болады), ал II - SS жағдайында адамдар тұтынуды
азайтады. Тауар өндіруші фирмалар сұраныстың азаюына жолығады да, өндірісті
бірте-бірте қысқартады. "Көрінбейтін қол" қоғамдық өңдіріс деңгейін
итермелейді, сөйтіп ұлттық табысты N нүктесіне қарай қозғайды. Егер SS
сызығы ІІ сызығынан төмен болса кері процесс орын алады.
S пен І тепе-теңдігінің классикалық моделінің кейнсиандық моделден
айырмашылығы неде? Бір қарағанда 1 және 2-суреттер тепе-теңдік ІІ және SS
сызықтарының қиылысу нүктесінде орын алатын сияқты. Айырмашылығы мынада:
біріншіден, классикалық модельде ұзақ мерзімді жұмыссыздықтың орын алуы
мүмкін емес сияқты. Бағаның икемді ықпалы бұзылған тепе-теңдікті қалпына
келтіреді. Ал, Дж. М. Кейнс ұсынған модель бойынша І мен S теңдігі
графиктен көрініп тұрғандай, жұмыспен толық қамту болмағанда да жүзеге
асады. 2-суретте ұлттық табыс деңгейі N нүктесінде жұмыспен толық қамту
деңгейінен төмен. Пунктирлі сызық, егер ұлттық табыс көлемі Ғ нүктесіне
жетсе, жұмыспен толық қамту орын алатындығын көрсетеді. Бұл деңгейге қалай
жетуге болады және бір мезгілде І мен S -тің теңдігін қалай сақтау керек?
График түрінде бұл мәселе былайша шешіледі: ІІ сызығын жинақ сызығында
ораласқан Ғ нүктесімен қиылысқанға дейін жоғары көтеру керек. Басқа сөзбен
айтқаңда, егер инвестициялық процесс жанданып, ұлғаятын болса, онда тепе-
теңдікке жету жұмыспен толық қамтылғанда ғана мүмкін. Ілгерілеп айтар
болсақ, инвестицияны мүдделендіру ісінде - мемлекет өте маңызды рөл
атқарады.
Екіншіден, классикалық модель рынокпен біте қайнасқан икемді баға
тетігін қолдайды. Кейнс бұл пікірге сенімсіздікпен қарады, оның ойынша
кәсіпкерлер өз өнімдеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты бағаны
төмендетпейді. Олар өндірісті қысқартады, жұмысшыларды жұмыстан шығарады,
нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар шиеленісіп, жұмыссыздық
барлық жерде етек алады да, рыноктық механизмнің "көрінбейтін қолы" тұрақты
түрде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ете алмайды.
Үшіншіден, (2-суреттен белгілі), жинақ классиктердің теориясы
көрсеткендей, процент деңгейі ғана емес, табыстың да қызметі.
Сонымен қоғам көлеміндегі өзара байланысты тауарлар мен қызмет көрсету
рыноктарының тепе-теңдігі, яғни жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара теңдігі
жинақ пен инвестицияның тепе-теңдігін сақтауды талап етеді. Инвестицияның
процент қызметін, ал жинақтың табыс қызметін атқаруы тепе-теңдік мәселесін
сақтауды өте қиындатады.
Жинақтың, инвестицияның, процент және табыс деңгейлерінің өзара
байланысын графикалық тұрғыдан былай кескіндеуге болады.
3, а-суретте табыс деңгейі мен жинақ деңгейінің тәуелділігі
көрсетілген. Айта кететін жай 42-суреттен айырмашылығы, абцисс өсіне

3 - сурет

жинақ ордината өсінде табыс деңгейі орналасқан 3, б-суретте өткен талдаудан
белгілі процент деңгейі мен инвестицияның тәуелділігі көрсетілген.
3, а-суреттегі (V0) нүктесі табыс деңгейіне (V0) сәйкес келетін жинақ
деңгейін (S0) көрсетеді. Бір мезгілде 3-суретте Е0 нүктесін де анықтаймыз
ондағы процент ставкасы деңгейі (r0) инвестиция көлемін І0 анықтайды.
Пунктирлі сызық бір деңгейдегі процент пен табыстың және инвестиция мен
жинақтың өзара байланысын көрсетеді. Егер табыс деңгейі V1-ге дейін
төмендейтін болса, онда жинақ графигіндегі Е1 нүктесіне сай келеді де, онан
көлемі азаяды. Азайған жинақ көлеміне инвестицияның төменгі деңгейі және
соған қарай жоғары процент (r1) сай келеді.
3, в-суреттің өзіндік ерекшелігі бар. Онда координат өсінде процент
ставкасы мен табыс деңгейі орналасқан. Осы координат жүйесінде "инвестиция
— жинақ" (ІS) сызығы (қисығы) құрылған. Ерекшелігі сол қисық сызық, бір
жағынан N және S сызықтарының өзара тәуелділігін, ал екінші жағынан І мен r
сызықтарының байланысын көрсетеді. Мысалы, егер осы сызықты жинақ пен
табыстың өзара тәуелділігін сипаттайды деп қарайтын болсақ, онда V көп
болған сайын, S-та көп болады. Бір мезгілде байқалатыны S-тің, І-нің көп
көлемде өсуін, ал r-дің осыған сәйкес азаюын көрсетеді. Есте сақтайтын бір
жай, ІS қисығының кез келген нүктесі бір мезгілде әрі І дәрежесі, әрі S
дәрежесі. (ІS қисығын құру туралы. Қараңыз: Л. Харрис. Ақша теориясы. М.,
1990, 297—299-беттер; С. Браганский, Я. Певзнер. Саяси
экономия. М., 1991,, 162—163-беттер). Бұл табиғи нәрсе, өйткені тепе-
теңдіктің шарты І = S.
Макроэкономикалық тепе-теңдік мәселесін ұғыну үшін ІS қисық сызығын
жүргізудің маңызы зор, себебі ол ақша рыногында орын алатын заңдылықтарды
ескеру үшін қажет.
Өйткені ІS қисығы нақты рыноктағы, яғни тауарлар мен қызмет көрсету
рыногындағы тепе-теңдікті көрсетеді. Алайда мәселені толық түсіну үшін ақша
рыногының тепе-теңдік шарттарын да білу қажет.
Осы кезге дейін біз ұлттық табыс деңгейін жинақ пең инвестиция теңдігі
негізінде талдау арқылы анықтап келдік. Алайда, табыс деңгейінің тепе-
теңдігін анықтаудың басқа да әдістері бар, мысалы, тұтыну мен инвестиция.

Ұқыптылық парадоксы. жанама инвестициялар

Жинақ және инвестиция процестеріне қазіргі көзқарастардың (алғашқы
Кейнс анықтама берген) классикалық тұжырымнан түбегейлі айырмашылығы бар.
Бұл айырмашылық П. Хейненің оқулығында жақсы көрсетілген. П. Хейне Дж.
Кейнстің пікірі туралы мынадай қорытындыға келеді, мұндай аргументтерді
(яғни классиктер аргументтері) экономикалық дамудың жоғары сатысына жеткен
елдерге қолдануға болмайды. Осындай дәрежеге жеткен елдердің жинаққа
(сақтауға) ұмтылуы әрдайым инвестицияға ұмтылушылық әрекеттен басым болады.
Бұл мынадай себептерге байланысты орын алады. Біріншіден, капиталдың
жинақталуының өсуімен оның қызмет етуінің шектеулі тиімділігі төмендейді,
өйткені, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті инвестиция есебі
Шетел банктері инвестицияларының маңыздылығы
Қазақстан Республикасында инвестициялық процесті қаржыландыру, нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру жолдарын дамыту бойынша, сонымен қатар еліміздегі инвестициялық аудиттің қазіргі жағдайын зерттеу және кешенді ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау
Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Инвестиция теориясы
Инвестиция түсінігі, шығарудың негізігі мәні, факторлары мен себептері
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық функциялары
Айналым активтерінің сипаттамасы және оны басқару саясаттары
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Пәндер