Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
І Кіріспе 3
Қазақстанның инвестициялық саясаты 3
Капиталды шетке шығарудың себептері 7
Сыртқы және ішкі инвестиция 9
Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы.
20
ҚОРЫТЫНДЫ 28
Пайдаланған әдебиеттер: 30

І Кіріспе

Қазақстанның инвестициялық саясаты

Шетелдік инвестицияларды пайдалану қай ел үшін болса да объективті
қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен
қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.
90-жылдардың орта шенінде дүние жүзіндегі қаржы капиталы 3 трлн.
долларға жетті. Бұл ақша дүниежүзілік қаржы рыногының негізі. Осы ұшан-
теңіз қаржының бір бөлігін Қазақстанға қалай тартуға болады? Тарту керек пе
жоқ па? Бұл арада екі ұдай әңгіме бар. Біріншісі, шет елдік инвестицияларды
Қазақстан экономикасына белсенді түрде тарту қажет. Ол үшін қолайлы
инвестициялық ахуал жасау керек деген ресми көзқарас. Екіншісі,
Қазақстанның байлығын оңды-солды таратып, халықаралық монополиялардың
тұзағына түсеміз және ол тұзақ бірте-бірте тынысыңды тарылтады, яғни елдің
экономикалық және саяси тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді деген көзқарас.
,,Инвестиция,, түсінігі – көп қырлы құбылыс, оның бірнеше мағыналық
анықтамасы бар:
- ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал-жабдық,
технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс
жүзеге асырылады;
- соңғы кездері бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнінде сөз болады;
- мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады, өйткені кең мағынада
алғанда, ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар белгілі
бір процесс болып табылады;
- осы процестің әлеуметтік-экономикалық салдары бойынша оны экономиканың
дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір механизм ретінде бағалауға болады.
Экономикада капитал түсінігі синоним ретінде қолданылады. Бұл
мағынада, халықаралық зкономикалық қатынастардың формасы ретінде
халықаралық капитал қозғалысы динамикалық категория қызметін атқарады.
Халақаралық капитал өз қозғалысында әр түрлі факторлармен және себептермен
байланысты, әр түрлі мақсаттарды көздейді. Бұлардың ішінде жоғары пайда алу
ерекше орын алады, ол әр алуан формада болуы мүмкін: өнеркәсіптік, банктік,
ссудалық займдар бойынша проценттер, жер өсімі және т.б.
Әлемдік аренада капитал әр түрлі институционалдық инвесторлар
арқылы екі формада болады:
- кәсіпкерлік капитал;
- ссудалық капитал.
Кәсіпкерлік капиталдың өзі халық шаруашылығының кез келген саласына
салынуы мүмкін, ол мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: бағалы
қағаздарды немесе қор құндылықтарын сатып алу және сату; шетелдерде
өздерінің кәсіпорындарын сату, төл компаниялар мен филиалдарды құру, аралас
типтегі кәсіпорындарды құру және басқалар.
Салу формалары бағалы қағаздарды немесе мүлікті меншіктену
құқығыныңболуына байланысты ерекшеленеді. Барлық жағдайларда
инвестицияланған капиталдың қолданылуына бақылау жүргізудің белгілі
дәрежесі айқындалған.
Бақылау қызметін жүзеге асырудың толықтығы дәрежесіне байланысты ол
екіге бөлінеді: тікелей немесе жанама (портфельдік) инвестициялар. Тікелей
инвестициялар шетелдік кәсіпорындарды тікелей басқаруға құқық береді және
инвестор өндірісті басқару процесіне тікелей қатысады.
Екінші жағдайда, шетелдік кәсіпорындарды бақылау құқығы едәуір
тарылады және оның айырықша құзыреті – пайданың белгілі бөлігін алумен
шектеледі. Тікелей және портфельдік шетелдік инвестицияларды шектеудің
маңызды әдістемелік мәні бар, алайда олардың арасындағы шекаралар шартты
түрде белгіленген.
Дегенмен, маңызды айырмашылық төмендегі белгілерде айқын көрініс
тапқан: қолданылу мерзімі бойынша портфельдік инвестициялар уақытша болып
есептеледі және алыпсатушылық сипатта болады. Ал тікелей инвестициялар
экономиканың дамуын қаржыландыруға ұзақ мерзімде әсер етеді.
Табыс алу ауқымы бойынша, портфельдік инвестициялар банктік проценттен
артық болатын, капиталдың тұрақты табысын алу мақсатын көздейді. Тікелей
инвестициялар инвесторға табыс алуға мүмкіндік береді. Олар: капиталға
кіретін табыс, толық кәсіпкерлік пайда, қызметтердің барлық
бағыттарыбойынша фирманы бақылаумен қамтамасыз етілетін барлық пайдалар
(сауда, инвестициялау, қаржыландыру, кооперация, ғылыми-техникалық қызмет
көрсету және т.б)
Пайданы алу ауқымы мен оның тиімділігі бойынша тікелей инвесициялар
жанама инвесициялармен салыстырғанда жоғары тиімділікке қол жеткізумен
ерекшеленеді.
Инвесициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей
инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс
орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтің жаңа формаларынығжедел
түрде енуін және т.б, сонымен бірге ұлттық эконмиканың құрылымын өзгертеді.
Елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп бойынша ұлттық меншік
шетелдік инвестор полюсіне қарай ығысуын туындатады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы түбегейлі өзгерістер 80- жылдар
аяғына болды.
Бұл әлемдегі миграцияланатын капиталдың теңбе-тең күшеюі арқылы жүріп
отырды. Жиынтық капитал 1995 жылы 1258 млрд. долларға жетті, ол 1990
жылдың деңгейімен салыстырғанда 3 есе көп болды, ал миграцияланатын капитал
құрылымында шетелдік тікелей инвестициялар едәуір ұлғайды. Оның деңгейі
1995 жылы 325 млрд. жетті, яғни 80-жылдармен салыстырғанда 3,5 есе өсті.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, инвестициялық ресурстардың ағымын екі
себеп ынталандырды жекеленген елдердің дамуының біркелкі еместігі және
индустриалдық жедел өсуі. Капитал импортының жоғары деңгейі өндірістік
саламен салыстырғанда әлемдік сауданың жедел өсуіне ықпал етті.
Осылайша, 1990-1995 жылдары әлемдік экоспорт 1,5 есеге өсті,
өзгеріссіз бағалар бойынша ол ІЖӨ-нің өсу қарқынынан 2-3 есе көп болды.
Шетелдік тікелей инвестициялардың сомасының ұлғаюы шетелдік капиталдың
қатысуымен жасалған өнімнің өтуіне зор ықпал етті, ал тармақталған жүйесі
250 мың филиядан тұратын 40 мың трансұлттық корпорациялар әлемдік эспорттың
23-і қозғалысын басқарады, олардың жартысы ішкі фирмалық жеткізулерді
құрады.
Капиталды шетке шығару - халықаралық экономикалық қатынастардың
жетекші нысаны.
Капиталды шетке шығару, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен
халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны.
Капиталды шетке шығару тауар экспортының көп жылдық монополиясын
бұзды. Капиталды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
басым ролге ие болуда. Экономикалық ынтымақ және даму ұйымының деректтеріне
қарасақ 80-жылдарды тікелей инвестициялардың орташа жылдық қарқыны 34
процентке жетіп, дүниежүзілік сауда қарқынынан 5 есе артық болған.
Капиталды шетке шығару дегеніміз - капиталдың бір бөлігін ұлттық
айналымнан шығарып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік
процесі мен айналымына кіргізу.
Ең алғаш капиталды шетке шығарумен өнеркәсібі дамыған елдер
шұғылданады. Олар өз капиталдарын дүниежүзілік шаруашылықтан тысқары
мемлекеттерге шығарды. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы бұл процестің
шеңберін ұлғайта түсті, сөйтіп капиталды шетке шығару дамыған елдермен
қатар дамушы елдердің де тіршілігіне айналды. Бұл арада “Жаңа индустриалды
елдердің” іс-әрекеттері екпінді.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі
капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан,
іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылды. 90-
жылдардың басында бүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-
200 млрд. долларға жеткен.
ХХ-ғасырдың екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсіп
келеді. Қазіргі таңда өзінің өсу қарқыны бойынша капитал экспорты тауар
экспортын да, өнеркәсібі дамыған елдердің ішкі жиынтық өнімі өсуінің
қарқынын да артта қалдырды. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі
оның халықаралық ауысуын (миграциясын) күшейтті.
Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз - капиталдың меншік иелерінің
табыс көзі ретінде, елдер арасындағы қарама-қарсы қозғалысы. Мұның өзі
әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушы да, импорттаушы да болатын
жағдай, яғни қарама-қарсы инвестициялар.

Капиталды шетке шығарудың себептері

Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері:
1. шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен
ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. жергілікті рыногтың монополизациялау мүмкіндігі;
4. капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
5. саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал.
Капиталды шетке шығаруға мүмкіндік беретін және оны ынталандыратын
факторларға мыналар жатады:
1. Капиталды шетке шығарудың қозғаушы күші ұлттық экономикалардың өзара
байланысы мен өзара үйлесуі. Өндірістің интернационалдануы капиталдардың
халықаралық қозғалысына игі әсер етеді және жеделдетеді.
Капитал экспорты, әсіресе оның тікелей инвестиция нысаны ұлттық
өндірісті халықаралық өндіріске айналдырып, халықаралық өнім шығаруды
ынталандырады.
2. Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы. Бұл трансұлттық корпорациялардың
еншілес компанияларды қаржыландыруы. Әр елдегі заңды немесе жеке
тұлғалардың бір халықаралық корпорация шеңберінде салалық, технологиялық
т.с.с. мамандануы арқылы орнайтын экономикалық қатынастары халықаралық
өнеркәсіп кооперациясы деп аталады.
3. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық саясаты.
Бұл саясат экономикалық өсу қарқынын бәсеңдетпей, алдыңғы қатарлы
өнеркәсіп салаларын қолдауға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге
бағытталған.
4. Дамушы елдердің экономикалық бағыты.
Бұл дамушы елдердің шетелдік капиталдардың қатысуымен өздерінің
экономикалық дамуын жеделдетіп, ,,кедейшілік шеңберінен,, шығуға
ұмтылыстары дәрежесін көрсететін бағыт.
5. Экологиялық факторлар. Экологиялық нормалардың қатаңдануына байланысты
халықаралық корпорациялар өндірісті өнеркәсібі дамыған елддерден дамушы
елдерге қарай көшіруге тырысады.
6. Капиталдар тасқынын реттейтін және бағыттайтын халықаралық қаржы
ұйымдарының да ролі маңызды.
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа
да құнды қағаздарды алу үшін);
- орта және ұзақ мерзімді халықаралық несиелер мен қарыз капиталдарын
өнеркәсіп және сауда корпорацияларына, банктерге т.б. мекемелеріне беру;
- экономикалық көмекті тегін беру немесе несиені төмендетілген процентпен
беру;

Сыртқы және ішкі инвестиция

Капиталдың ауысуы мен шетелдік инвестициялардың айырмашылықтарын
ажырата білу қажет.
Капиталдың ауысуы деп – шетелдік әріптестермен бірігіп жасаған
операциялар үшін төлемдерді, капиталды орналастыру мақсатында шетелдік
компаниялардан акциялар мен облигациялар сатып алуды, басқа да құнды
қағаздар портфелін диверсификациялауды (шаруашылық қызметін жаңа сфераларға
тарату) айтамыз.
Шетелдік инвестиция дегеніміз - қабылдаушы елдегі компанияның
қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Тікелей инвестиция деп - капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішіне жергілікті
тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды
орнықтыру да кіреді.
Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік
рынокта өз биліктерін жүргізеді. Тікелей инвестициялардың көмегімен
халықаралық корпорациялар шетелдік кәсіпорындарға толық иелік етеді немесе
іс жүзінде кәсіпорынды басқаруға мүмкіндік беретін акционерлік капиталдың
басым бөлігін сатып алады.
Егер, шетелдік инвестордың иелігінде компанияның акционерлік
капиталының 25 проценті болса, онда кәсіпорын сол инвестордың бақылауында
болады .
Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында
бөлінуі қазіргі халықаралық экономиканың құрылымына айтарлықтай әсер етеді.
Сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылықтың жекелеген бөліктерінің
арақатынасын көрсетеді.
Тікелей инвестиция саласында жетекші ролді өнеркәсібі дамыған елдер
атқарады. Тікелей инвестиция саласында жетекші ролді өнеркәсібі дамыған
елдер атқарады. Тікелей инвестициялардың 4 тен 5 бөлігі солардың үлесінде.
Сондықтан дамыған елдер бір мезгілде капиталды ірі импорттаушылар да,
экспорттаушылар да болып отыр. 1995 жылы шетелдік тікелей инвестициялардың
көлемі 235 млрд. долларға артып, 2,5 трлн. доллар деңгейіне жетті.
Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі - портфель
инвестициялары. Олар ірі корпорациялардың, мемлекеттік және жеке меншік
банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.
Қарыз капиталының халықаралық рыногы ақша рыногы және капиталдар
рыногы болып екіге бөлінеді. Ақша рыногы негізінен қысқа мерзімді (1 жылға
дейін) несиелер рыногы болып келеді. Мұндай несиелер айналымдағы қаражатты
толықтыру үшін пайдаланылады.
Капиталдар рыногы банк несиелері мен ұзақ мерзімді займдардан
құрылады. Олар облигацияларды шығару және сатып алу түрінде кездеседі.
Орта және ұзақ мерзімді несиелер: негізгі капиталды толықтыру үшін;
акцияларды сатып алумен байланысты несие, қаржы операциялары үшін;
филиалдар ашу үшін; шетелдегі инвестициялардың құрылымын жетілдіруді
қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Капиталды шетке шығарудың портфель инвестициясы нысаны жөнінде айтатын
болсақ, оның дүниежүзілік шаруашылыққа әсері екі түрлі болып келеді. Бір
жағынан, ол капиталдың халықаралық ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Екінші
жағынан, капиталдың бақылаусыз қозғалысы елдердің төлем балансының теп-
теңдігін бұзып, валюта курсын тұрақсыздандырады. Оған қоса шетел
капиталының көлемді импорты ұлттық капиталды ығыстырып, оның әрекеттену
аясын тарылтуы мүмкін.
Экономикалық көмекті өнеркәсібі дамыған елдер тегін, немесе
жеңілдетілген несие түрінде береді. Дүние жүзі мемлекеттеріне экономикалық
көмек беруде алғашқы екі орынды Жапония мен АҚШ иемденеді. Мысалы,
,,Шетелдік мемлекеттерге көмек жөніндегі заңға сәйкес 1994 жылы АҚШ-тың
шетелге көмегі 13 млрд. доллар болды. Көмек берілген елдердің ішінде
бірінші орында Израиль (3 млрд. доллар), екінші орында Египет (2,1 млрд.
доллар) тұрды. Көмектің 65 процентті тегін, 35 проценті жеңілдетілген несие
түрінде берілді. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ашық,
рыноктық экономика жүйесін қалыптастыру; демократияның дамуына жәрдемдесу.
Бүгінгі таңда капиталды тарту мәселесінде Қазақстанның әзірше
бәсекелестік қабілетінің жоқтығын айтуға тиіспіз.
Біз әлі қызметткер көрсету және инфрақұрылымды дамытудың шетелдік
инвестор дағдыланған деңгейіне жеткен жоқпыз.
Көптеген заңдарда, нормативтік актілерде шетелдік салымшылармен жұмыс
істеу жүйесінің өзінде әлі айқындық жоқ. Инвестордың жолындағы басты
кедергі орталықта да, жергілікті жерлерде де-бұрынғыша бюрократия болып
табылады.
Біз әр инвестормен жеке тіл табысуға мүмкіндік беретін жеңілдіктер
мен преференцияларың икемді жүйесін сөзсіз орнықтыруға тиіспіз.
Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасын әзірлеу
қажет, ол мынадай қағидаларды қамтуға тиіс:
1. Біздің елімізге шетелдік бизнесмендердің келуіне байланысты барлық
әкімшілік рәсімдерді оңайлату. Біз визалар алу, шекара және кеден
бақылауларынан өту, жумыс істеу құқығына және ел ішінде жүріп-тұруға
рұқсаттар беру жөніндегі барлық ережелерді және тағы басқаларын қайта
қарауымыз керек.
Күллі іскер әлем қарым-қатынас жасасатын ағылшын тіліне
қазақстандықтарды жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет. Бұл бәрінен бұрын
мемлекеттік қыметшілермен қызмет көрсету саласында істейтін адамдарға
қатысты, өйткені, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ірі бизнес тілдік
кедергілерді бар елде нашар бейімделеді. Нақ сондықтан да дамыушы елдердің
көпшілігі осындай, бір қарағанға ұсақ мәселелерге мейлінше салиқалы назар
аударады.
Біздің авиажелілеріміздің, әуежайларымыздың, ондағы қызмет көрсетудің
қолайлылығына, жоғары сапалы мейманханалардың, телекоммуникациялардың
болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесменге
неғұрлым жеткілікті ықылас көрсету, оның уақытын үнемдеу боуға тиіс бұл
қызметтердің құны оны әдетте екінші кезекте ғана толғандырады.
2. Инвестицияларға немесе кредиттерге салық үзілістерін, жеңілдікті
ставкаларды, салық шегерімдерін беруді қоса алғанда, салық жеңілдіктерін,
жеделдетілген аммортизацияны, жеңілдікті кеден бажын және тағы басқаларын
енгізуге баруға турады. Олар мемлекеттік басымдықтарды іске асыру үстінде
жаңа құрылыс салу жайында әңгіме қозғалған жерде және тек қана сонда болуға
тиіс.
Тым жан-жаққа шашырай берудің қажеті жоқ, қарапайымнан күрделіге
қарай жүріп отыру қажет. Бүгін біздің инфрақұрылым обьектілеріне-
энергетикаға, газ және мұнай құбырларына, әуежайларға, мейманханаларға,
байланыс құралдарына, автомобиль және темір жолдарға, су құбырларына назар
аударуымыздың қажеттігі айқын Бұл міндеттерді шешпейінше, елде қолайлы
инвестициялық ахуалдың, экспорт пен сауданың,бизнестің өмір сүруін
қамтамасыз етудің күллі жүйесінің жақсы жұмыс істеуі мүмкін емес.
Импортты алмастыру және, бәрінен бұрын, халық тұтынатын тауарларды,
тағам және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу өнімдерін алмастыру жайында
байсалды түрде ойлану қажет.
Ақыр соңында, аймақтың басымдақтардың әрі ең алдымен халықты жұмыспен
қамту тұрғысынан айқындау қажет. Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі
басымдықтар жүйесімен қатаң ұластырылуға тиіс. Бұл ретте жеңілдіктер
берудің барлық ықтимал қиянаттарына сенімді тосқауыл қоя отырып, мейлінше
ұқыпты түрде ойластырылған жөн.
1. Жер мен жылжымайтын мүлікке берілетін құқық түріндегі гранттар,
қызметкерлерді оқытуға арналған демеу қаржы, әртүрлі алымдарды азайту
түріндегі субсидиялар сияқты нысанды да пайдалану қажет. Бірақ тағы да
басым болып табылатын салаларда ғана.
2. Үкіметтің капиталды сыртқа шығаруға, әртүрлі қызметтер мен жергілікті
шикізатты артықшылықты пайдалануға арналған кепілдіктерін күшейту қажет.
Үйлестірілген және оралымды жұмыс жүргізу үшін төте шетелдік
инвестициялармен айналысатын арнайы мемлекеттік орган құру қажет.
Капиталды шетке шығарудың қазіргі кездегі ерекшеліктері.
70-жылдардан басталған капиталдар рыногының интернационалдануы
рыногтық экономика елдері арасындағы капиталдар ауысуы көлемінің ұдайы
өсуін көрсетіп отыр. Тікелей және портфельдік инвестициялар көлемінің жалпы
өсуі, қысқа және ұзақ мерзімді несиелер сомасының ұлғаюы, еуровалюта
рыногындағы операциялар санының көбеюі соның дәлелі.
АҚШ зерттеушілерінің есептеулері бойынша 1993 жылы дүние жүзіндегі
қаржы капиталы 3 трлн. доллар көлемінде болған. Бұл капиталдардың сомасы
өнеркәсібі дамыған жеті елдің жылдық мемлекеттік бюджеттері қосындысының
төрттен үш бөлігін құрайды.
Шетке шығарылатын капиталдардың иелері негізінен өнеркәсібі дамыған
елдер. Капиталдардың ауысуы дамыған елдердің өзара қатынастарында кең етек
жайған.
Өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі капиталдар ауысуын бірнеше
деңгейде қарастыруға болады. Бірінші деңгей: АҚШ-Батыс Еуропа - Жапония;
екінші деңгей - өнеркәсібі дамыған жекелеген елдер арасында; үшінші деңгейі
-өнеркәсібі дамыған елдердің аттас салалары арасында.
Капитал ауысуының (миграцияның) субъектілері ретінде макро және микро
деңгейлерді ажыратады.
Макродеңгей - капиталдың мемлекетаралық ауысуы.
Микродеңгей - халықаралық монополиялар капиталдарының ішкі
корпорациялық арналармен қозғалысы.
Соғыстан кейінгі жылдары капиталдар ауысуы қарқынды дамыған аймақ
Батыс Еуропа болды. Еуропадағы капитал импортының алдыңғы шебінде
Ұлыбритания келеді. Ол шетелдік инвестициялардың Еуропаға келетін
бөліктерінің басым көлемін өз экономикасына тартуда. Мысалы, 80-жылдардың
соңында Еуропалық Одақтағы американдық инвестициялардың 40 проценті,
Жапондық активтердің 50 проценті Ұлыбритания шоғырланды. Жыл сайын 300-ден
астам шетелдік компаниялар Англиядағы инвестицияларының өрісін кеңейтіп,
толықтырып келеді. Ұлыбританияда өндірілген таза өнімнің 20 процентті,
өңдеуші өнеркәсіптегі күрделі қаржының 21 процентті шетелдік фирмалардың
осы елге қосқан инвестициялық үлесі.
Еуропадағы капиталдың ең ірі экспорттаушылары - Еуропалық Одақ,
Скандинавия елдері және Швейцария. Олардың шетелдік инвестициялары 1991
жылы 634 млрд. доллар мөлшерін құрады. Батыс Еуропа өзінің капиталын
бірінші кезекті Солтүстік Америкаға (1985-1990жылдары 123 млрд.доллар).
және Шығыс Еуропаға (141 млрд. долл.) бағыттады. Өз кезегінде АҚШ
таратылған инвестициялар және шетке шығарған капиталдардың көлемі бойынша
өнеркәсібі дамыған елдердің алдында келеді. 1994 жылы шетелдік фирмалар АҚШ
экономикасына 60 млрд . доллар салған. АҚШ өзінің инвестициялық
қажеттіктерінің 13-ін капитал импортының есебінен қанағаттандырады. АҚШ
пен Батыс Еуропа елдерінің өзара инвестициялары әрдайым ұқсас, жетекші
салаларды- машина жасау мен химия өнеркәсібін қаржыландырып келеді.
90-жылдардың бірінші жартысында дүниежүзілік классификация бойынша
капиталды шетке шығарушы ең ірі елдердің қатарында Жапония (53 процентті) ,
Швейцария және Тайвань болды. Ал ең ірі қарыз алушылар қатарынан АҚШ (27
процент), Ұлыбритания, Мексика, Сауд Арабиясы елдері көрінеді.
Капиталды шетке шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі
өндіріске тартылатын капиталдар көлемінің өсуі болып отыр. Портфельдік
инвестициялардан тікелей инвестицияларға көшу тенденциясы байқалады.
Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және қызмет
көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді.
Жаңа инвестициялық салымдар көлемінің 50 проценттен астамы қызмет
көрсету саласының еншісіне еніп отыр.
90-жылдардың тағы бір ерекшелігі құнды қағаздар рыногының іріленіп
өсуі.
1993 жылдың соңына қарай қорлар рыногындағы жеке меншік капиталдың
сомасы 555 млрд. банкілік долларға жетті.
90-жылдары капиталдар рыногын интернационалдау процесінің негізгі
ерекшелігі айқындалды. Оның мәні мынада. Егер 70-80- жылдары
интернационалдау процесі көбінесе рыноктық экономикасы дамыған елдерді
қамтыған болса, 90-жылдары ол дамушы елдерге, ең алдымен Оңтүстік-Шығыс
Азия және Латын Америкасы елдеріне тарады. Бұл олардың ішкі қаржылық
мүмкіндіктерінің артып, валюталық жағдайларының нығаюын және қарыз беру
мүмкіндіктерінің өсіп, ұлттық қаржы рыноктарының дамуын көрсетеді.
80-жылдардың соңы және 90-жылдардың басы ,,жаңа индустриялды елдер,,
мен өзге дамушы елдердің арасындағы капитал ауысуының белсенді түрде дами
бастағанын көрсетті. Капиталдар рыногында бұрынғысынша мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция мәні және оның экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері туралы
Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Инвестицияның экономикадағы рөлi және шетелдік инвестициялар
Шетел инвесторының толық иелігіндегі кәсіпорынды құру
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері
ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Пәндер