Құн формасының дамуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

1. Құн формасының дамуы4

1. 1. Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы4

1. 2. Құнның толық немесе кеңейтілген формасы5

2 Ақша ұғымы6

2. 1. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы6

2. 2. Ақшаның түрлері21

3. Айналымдағы ақша23

3. 1. Айналымдағы ақша жиыны және ақша базасы. 23

3. 2. Ұдайы өндіріс процесіндегі ақшаның маңызы26

Қорытынды29

Қолданылған әдебиеттер31

Кіріспе

Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі. Бара-бара өндіріс құралдарының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы, бір жерде егін салу пайдалы болса, екінші жерде мал өсіру пайдалы, ал басқа жерде, балық аулау пайдалы) адамдардың шығарған өнімдерінің саны (көлемі) олардың жеке басының керегіне, жарататын саннан (көлемнен) артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде “айырбастау” деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің “тауар” деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.

Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің (факторлары) салдарынан өнім өндірушілер өздерін бір түрлі (болмаса бірнеше түрлі) өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал, өздеріне керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің (өнімдердің) артығына ауыстырылып алатын болды.

Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:

  • натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Осыған байланысты айырбастау операциясы өріс алды.
  • Өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі, бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды.

Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға тікелей ауыстырудың бірқатар қиыншылықтары болды. Олар:

  • Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру үшін, қолында осы өндірушінің іздеп жүрген тауары бар өндіруші табылуы керек. Және сол екінші өндірушіге, бірінші өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт. Мысалы, егін егуші адам өзінің өндірген бидайын, теріге ауыстырғысы келсе, қолында терісі бар адамға, бидай керек болуы қажет. Басқаша айтқанда, тауар ауыстыру екі жақтың да қолында өзара керекті тауарлар болғанда ғана мүмкін. Мұнсыз тауар ауыстырылмайды. Ал, мұндай сәйкестік, өмірде кездесе бермейді.
  • Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде олардың құнын ескеру керек. Басқаша айтқанда, ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны баламалы болуы шарт. Мысалы, бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға болмайды. Өйткені, өгіздің құны бір қап бидайдан әлде қайда артық. Сондықтан бір қап бидайға, оның құнынан баламалы тауар іздеу керек. Бұда оңай іс емес.

Міне, сондықтан да, бара-бара тауар өндіру молайған сайын, соған байланысты, баламалық негізінде, айырбастау операциясыныңда дамуы, көптеген түрлі-түрлі тауардың ішінен бір тауарды бөліп (таңдап) алуды керек етті. Мұндай тауар өзінің ішкі және сыртқы мазмұнымен, ішкі және сыртқы саудаға өте керекті тауар болуы тиіс. Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен баламалап айырбастайтын болған. Мысалы: бір балтаның құны екі кило бидай болса, бір өгіздің құны - бес қап бидай т. с. с. Бұл мысалда, ақшаның міндетін бидай атқарады.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта=5 құмыра, 1қой=1қап бидай және т. б. ) .

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т. б. айырбастауға мүмкін болды.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді.

Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі- тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады яғни, тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну түрі тауарды өндірушінің өз қажетін емес басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны яғни, тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол-құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

Айта кететін жайт, кез-келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т. б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз -тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі - еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі бір қоғамдық жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа бір тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, я болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта - нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.

1. Құн формасының дамуы

1. 1. Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы

“Құн - тарихи категория. Құнның негізі - адам еңбегі. Құн - еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал оның еңбек теориясының негізін қалаушылар ХVII ғасырдағы ағылшын экономисі У. Петти, ХVII ғасырда өмір сүрген шотландық А. Смит, ХІХ ғасырдағы ағылшын бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті ХІХ ғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады. Тауардың екі жағының - тұтыну құны мен құнының-қайшылықтары болғанымен, ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.

Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да адамдар өз күш қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар болуы үшін өнімнің басқа бір өнімге айыбасталу қасиеті ол өнімді сату сатып алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны. Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл сатып алу сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі”.

Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы - құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді. Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т. б. айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосыннан қарағанда айырбасталатын екі тауардың ролі бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауар (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнын білдіретін материалдың ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның салыстырмалы (относительді) формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар (бірінші) құнның баламалы (эквивалентті) формасында болып есептеледі.

Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айырбас процесінің алғаш пайда болған кезіне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін кез келген әр түрлі тауарлар атқарды.

1. 2. Құнның толық немесе кеңейтілген формасы

Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды. Егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болды. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес, қайта айрықша эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал теңестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынадай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т. с. с. тауарларға тең болады. Айырбас дамуынаң жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталды.

Құнның екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік байланыстардың өрістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірушілер тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне айырықша мән беретін болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуге барған сайын зор рол атқарады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы адамдардың қолөнер кәсібімен шұғылданып, енді еңбек құралдарының дамуымен байланысты олардың еңбек дағдылары да жетіле бастады. Бұл кез, яғни егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді. Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра, арба, тоқыма станогі, қол диірмен, ат-тұрмандары сияқты көптеген еңбек құралдары әзірленіп, пайдалана басталды.

2 Ақша ұғымы

2. 1. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы

Сөйтіп, тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеп соқтырды. Бұл тауарға басқа тауарлар көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналды. Оның формуласы мына сипатқа ие болды:

4қап астық

1балта

1құмыра = 1 қой.

және т. б.

Жалпыға ортақ эквивалент ролін атқаратын тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер (мысалы, аң терілері, піл сүйегі, балық, мал және т. б. ) атқарды.

Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар ақша пайда болды. К. Маркстің сөзімен айтқанда “Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол - ақша”. Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.

Сөйтіп, айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай нысанға көшті. Оның үстіне әртүрлі тайпаларда, ақшаның міндетін атқарған тауарлар әр түрлі. Мысалы: Ежелгі Гректер, Римдіктер, Словяндар ақша орнына мал пайдаланған; Скандинав елдерінде ежелгі Орыстар - аңның, малдың терісін пайдаланған; Қытайда - тұз. Монголияда - шай, тағы сол сияқты. Бірақ осының өзінде де айырбастауда көптеген қиыншылықтар кездесті. Айтылған заттарды санау, (есептеу) өлшеу, оларды бір жерден екінші жерге тасу, сақтау, іріктеу деген сияқты қияметтері көп болды. Міне, осы жағдайлар және тауар өндірумен оны айырбастаудың көлемінің өсуі ақшаның міндетін атқаратын тауардың біртектілігін (однородность) оңай бөлшектенетінін, сақтағанда бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын талап етті. Ал, мұндай қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана тәлім болатын. Адамзат дүниесінің даму жолының әр кезеңінде ақшаның міндетін әртүрлі металдар атқарады: қола, мыс, күміс, алтын.

Ақшаның пайда болуы айырбастау процессіне де бірқатар өзгерістер енгізді.

Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда екі ғана кісі емес бірнеше тауар иелері қатынасады.

Екіншіден, ақша пайдаланудың арқасында бір ғана әрекетпен бітетін айырбастау процесі (бір тауарды беріп, екінші тауарды алу Т - Т), әр уақытта, әр жерде істелетін екі әрекетке айналды:

  • бірінші әрекет, тауарды ақшаға сату (Т - Д)
  • екінші әрекет, алған ақшаға басқа жерде, басқа уақытта, басқа тауар сатып алу (Д - Т) .

Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын енді керекті тауар сатып алғанға дейін мүмкіншілік алды. Ал, мұның өзі, ақшаны жинауға және оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз. Яғни, бұл несиенің (кредит) пайда болуына әсер етті.

Осындай өзгерістердің нәтижесінде ақшаның қозғалыс жолы тауардың қозғалыс жолынан бөлініп шықты. Басқаша айтқанда бұрын ақшаның міндетін атқарған тауарды беріп, соған балама басқа тауар алынатын. Яғни, тауар ақшаның қозғалыс жолы, айырбасталып алынған тауардың қозғалыс жолымен тығыз байланысты еді. Тек олар қарама-қарсы қозғалатын. Енді, ақша шыққаннан кейін ақша өз алдына, тауар өз алдына, айналатын болды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі-қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қол жазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланылғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуня” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа”(“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018ж. былай деген “біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны - “мал ұстайтын орын” деп аталынды.

“Капитал” сөзінің шығуыда малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі Скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүнін пайдаланды (үкі, түлкі және т. б. ) құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтардың, хазарлармен, византиямен сауда саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміспен 7000 руб. жүн табылды.

Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгес, хайква және т. б. Көлемі түймедей ақшыл қызыл бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Поленезияда Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды. Тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып олар ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны-қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат-қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.

Әлемде әр түрлі “экзотикалық ақшалар болған”. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай “монеталардың” диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісі соғады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны бір сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т. б. .

Жалпы эквивалент ретінде металдарда пайдалана бастады. Ежелгі Спарта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. ХVII ғасыр Солтүстік Америкада ( Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгекшелер қолданылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парламенттік басқару формасы
Экономикадағы құн формасы
Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Рахит (мешел)
Балалар қабілеттерін дамытуға арналған ойындар
Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру
Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы даму сатылары
Ақша айналысы мен заң
Пайыз және кәсіпкерлік табыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz