Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1 Кәсіпкерлік: мәні, түрлері мен қызметтері 3
2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы 10
3 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясаты 18
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе

Табысқа кенеліп, жетістікке жеткісі келмейтін жан болмас, сірә. Тіпті
адам баласының әрбір әрекетінің, ұмтылыс-құлшынысының түпкі себебі —
белгілі бір жетістікке жету, ілгерілеу емес пе? Ал кәсіпкер (бизнесмен)
осындай құлшынысы көптен көш ілгері адам. Көп түкірсе көл болады дегендей
кәсіпкерлердің қазіргі кездегі өскелең өміріміздегі ролі күннен күнге артып
келеді.
кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына
орасан роль атқаратыны мәлім. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты
экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер
алып келдi. Бүгiнгi күнi бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар
жасалынуда.
Елдiң жаңа экономикалық қатынастарға түсуi, оның жалпы экономикаға
тиiмдi ұштасуы, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине,
кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкiн емес.
Жұмысқа әдістемелік негіз болып Қазақстан Республикасы Президентінің
Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі жарлығы, ҚР Азаматтық
Кодексі және т.б. заңдар қолданылды.

1 Кәсіпкерлік: мәні, түрлері мен қызметтері

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік-
экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды
қамтиды. Мұнда құқықтық психологиялық, тарихи сәтте көрініс алады. Сондай-
ақ, кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына да қатысты
екені рас.
Буржуазиялық экономикалық теорияда "кәсіпкер" ұғымы 18 ғасырда
қолданыла бастады. А Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер — сауда-саттық мақсатты
жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік
иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның
нәтижесіне оған өзі иелік жасайды.
Ж.В. Сэйдің анықтамасы бойынша, ол — өндіріс факторларының қисынын
келтіріп ұштастыратын экономикалық қызмет атқаратын адам.
Бүгінгі таңда кәсіпкер деп, иелігіндегі қажетті құралдары (өзінікі
немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды
айтады. Бұлардың қатарына жататындар — шағын кәсіпорындардың иесі,
акционерлік қоғамның басқарушы, кооперативтің жетекшісі.
Капиталистік елдердегі 80 жылдардағы кәсіпкерліктің өсуі экономикалық
өсудің жаңа жағдайына дөп келді және олардың озық нәтижесі көптеген ерекше
факторлар мен себептерге байланысты.
Бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі кәсіпкерлік ҒТП-тің нәтижесіне;
капиталистік экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамасыз
ететін құралдарға, жұмыскерлерінің қалың топтарының творчестволық және
ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты болып
табылады.
Жалпы, қазіргі кәсіпкерліктің мәнін Батыс Еуропа және басқа елдердің
алдыңғы қатарлы көрнекті экономистерінің ілімдеріне сүйене отырып анықтау
дұрыс.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты
айтылып жүр. Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз — аталған
субъектінің (кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді
өткізуде және т.б. таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы
керек деген сөз. Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс
құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт.
Үшіншіден, өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты,
инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және
қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен
айналысу үшін — нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге
қолайлы жағдай туғызу.
Кәсіпкер дегеніміз кім? — Бұл сұраққа жауап іздестіру барысында
тікелей жеке адамдардың еңбекке бейімділігі мен қабілеттілігін және олардың
өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сипаттауға тура келді.
Осы орайда, кәсіпкер — қашанда өз бетінше шешім қабылдайды; белсенді,
жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімдік танытады; нысаналы нәтижеге
жұмыс істейді; сындарлы сынға және орынды мадаққа ашық, іскер адамдар
арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серіктестеріне қатаң талаппен
қарайды; адамдарды басқарып, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын
үйлестіріп отыруға бейім, икемді адамдар болып келеді.
Кәсіпкердің, нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы —
өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда
— кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен
баға арасындағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табыстарынан ажырата білу қажет.
Акция бойынша, дивиденд, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар
— меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте, бұл табыстық көзі — акционерлік
компанияның басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің
меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, кредит беріп немесе жалға алған жерде
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында
нарықта белсенді қызмет атқара отырып, түсірген пайда болып саналмайды.
Сонымен кәсіпкер — нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және дамытатын
белсенді тұлға болып табылады.
Кәсіпкерлік қажеттілік немесе тапқырлық (іскерлік) кәсіпкерлердің
бірімен-бірі байланысты төрт қызметтері арқылы сипатталады: Олар: а)
кәсіпкер — жер, капитал, еңбек ресурстарының, біркелкі өндіріс және қызмет
процесінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталылық білдіре отырып, оларды өз
қолына алады; б) кәсіпкер — бизнесті ұйымдастыру және жүргізу процесінде
кәсіпорынның әрекеттік бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын
негізгі шешімдерді қабылдау үшін міндеттеме алады; в) кәсіпкер — жаңашыл
(өнертапқыш) коммерциялық негізде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология
және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы бар
адамдар; г) кәсіпкер — жоғарыда айтылған оның үш қызметін талдаудан шығатын
қорытынды: ол тәуекелге бел буған адамдар. Кәсіпкер тек өзінің ісіне
жұмылдырылған қаржысымен тәуекелдікке бармайды. Сонымен бірге, ол өз
уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен де тәуекелге барады.
кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты
капиталы — ұшқыр қиял және тұтынушылардың психологиясын сезінуі. Нақ осылар
кәсіпкерге пайда түсіреді.
кәсіпкерлікті менеджменттен және оны басқарушыдан аражігін ажырата
білу қажет. Кәсіпкер — бұл меншік иесі әрі ол шаруашылықпен тікелей
айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге
баратын адам. Ал менеджмент — жалпы өндіріс пен тауар айналымын (бизнесті)
тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатындағы басқару жүйесі мен формаларының,
әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Менеджер — шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы
кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы. Ол өз әрекетінде мүліктік
жауапкершілікті мойнына алмайды. Яғни оның сөзсіз тәуекелге баруы өзінің
басқару орынан айырылуы деген сөз.
Кәсіпкер іс-қимылы мен тұрмыс-жағдайы, мінез-құлқына қарай екі түрге
бөлінеді. Біріншісі - бұрынғы классикалық кәсіпкерлік. шаруашылықтың
(кәсіпорын, фирма) қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып
нәтижелі әрекет жасайтын кәсіпкер. Екіншісі — қазіргі өтпелі кезеңде әрекет
жасайтын кәсіпкерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер қолда бар пайда көзін емес, әр
түрлі (ішкі және сыртқы) мүмкіндікті пайдалану арқылы әрекет жасайды. Олар
пайда көзінің жеткіліксіздігіне қарамастан талмай ізденудің арқасында сол
ортада бар барлық мүмкіндіктерді орынды және ұтымды пайдаланудың баламалы
жолдарын қарастырады. Демек, кәсіпкерліктің бірінші түрі қолда барғa
бағытталынса, ал оның екінші түрі өз мүмкіндігіне бағытталған, яғни олар
жаңашыл ізденімпаз адамдардың қатарына жатады.
Кәсіпкерлік ұйымдастыру-құқықтық жағынан: жеке-дара кәсіпкерлік,
компаниялар және серіктестік болып бірнеше түрге бөлінеді.
Жеке-дара кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың біршама шарттары
бар. Бұлар мемлекет тарапынан барлық шаруашылық салаларына олардың
меншігінің талан-таражға түспей, сақталуына кепілдің және нарықтық қарым-
қатынастардың барлық өкілдеріне заңда ескертілген жәйттерден тыс
жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркіндік беру; шаруашылықты
жүргізудің нарықтық бәсеке тәртібіне көшу; нарықтың қажетті инфрақұрылымның
(биржа, холдинг т.б. жүйелері) қалыптасуы; қолда бар пайда көзі, несие,
ақпарат құралының еркін де ашық болуы; бұрынғы заңдардың кәсіпкерлікке
қарсы баптарын алып тастау, сондай-ақ, қажетті баптар мен жаңа заңдарды
қабылдау тәрізді шарттардан тұрады. Бұл қазіргі заманғы классикалық
кәсіпкерлікті (кең мағынада өркениетті бизнесті) жолға қою шарттары. Әрине,
мәдениетті, өркениетті кәсіпкер болу оңай емес, ол көп уақытты, көп
ізденісті, мол тәжірибені қажет етеді. Сондықтан да болар, Батыс елдерінде
"бизнес дегеніміз — өнер" деген қанатты сөз кеңінен тараған. Мәселен, сіз
өз қабілетіңізді кәсіпкерлікте сынағыңыз келеді делік.
Сонымен, кәсіпкердің өкілі бизнестен түсетін табысты толық иемденетін;
сонымен бірге, оның олқылық-кемшіліктері мен ауыртпалығын, жауапкершілігі
мен тәуекелін өз мойнымен көтеретін жекелеген адам немесе отбасы екені аян.
"Мұндай бизнес іс тағдырының неғайбылдылығы мен беймәлімділігіне қарамай,
тәуекелге бел байлайтын әрі өз ісіне аса сенімді, халықпен қоян-қолтық
байланыс жасай білетін азаматтарға тән.
Компания. Сіз өз белсенділігіңіз арқылы кәсіпкерлік әрекетте табысты
боларыңызды сезіне түстіңіз делік. Енді кәсіпкерлік әрекетіңізді ұлғайтуды
ойластыра бастайсыз. Әрине, ол үшін сізге ғимарат, құрал-жабдықтар, көп
мөлшердегі сапалы шикізаттар қажет. Тағы да банктен кредит алуға
талаптануға болады. Бірақ банк сізден кепілділік немесе мүліктік салымды
талап етеді. Осы жағдайға байланысты кейде кәсіпкерлікпен айналысуға
қабілеті бар басқа адамды шақыруға да болады. Соның нәтижесінде жеке меншік
фирма компанияға айналады, яғни капиталы — бірнеше дербес мүлік иелерінің
бірлескен меншігіне негізделген фирма пайда болады.
Мұндай компаниялардағы капитал — аталған компанияға қатысатын
мүшелерінің қосқан ақшаларынан құралады. Олар: ақшалай, мүліктік,
патенттік, авторлық немесе басқа да құқықтық, және т.б. әр түрлі формада
болуы мүмкін. Олардың барлығында компания мүшелерінің, өзара келісімдері
бойынша ақшалай бағаланады. Сөйтіп компания капиталында оның әрбір
мүшесінің өзіндік үлестері болады.
Серіктестік — үлестері әр түрлі формалы және оның құрамынан шыққан
кезінде сондай алынатын барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке
араласатын шағын компаниялар болып табылады.
Серіктестік дегеніміз — бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың
бірлесе кәсіпшілік жасауы. Серіктестіктің мынадай түрлері бар; а) толық
серіктестік (серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның мүшелері өздерінің
барлық мүліктермен ортақ та толық жауапкершілікке болады); ә) коммандитті
серіктестік немесе сенім артқан cepiктестік. Мұнда серіктестік мүшелерінің
бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз мүліктері есебінен толық
жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан жарнасы көлемінде
ғана жауапкершілікте болатындықтан басқару ісіне араласпайды; б) шектелген
жауапкершіліктегі серіктестік. Серіктестіктің, міндеттемелері бойынша, оның
мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан жарналары көлемінде ғана
жауапкершілікте болады; в) қосымша жауапкершіліктегі серіктестік. Яғни, бұл
жерде серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның мүшелері ең алдымен өз
жарналары көлемінде, ал жарналары жетпей қалған жағдайда өз мүліктерінің
жарнаға тең көлемінде қосымша жауапкершілікте болады; г) серіктестіктердің
тағы бір ерекше түрі — акционерлік қоғамдар деп аталады. Бұл қаржысы
акцияларды сату арқылы жиналатын және сол акция иелеріне келешектегі пайда
есебінен дивиденд беріп отыратын серіктестіктер.
Акционерлік қоғам. Қазіргі таңдағы нарықтық экономикаға көшуге
байланысты жүргізіліп жатқан экономикалық реформаны жүзеге асыру, соның
ішінде меншік формаларын қайта құру ісінде акционерлік қоғам өзекті
проблемалардың біріне айналып отыр.
Жоғарыда қарастырылған серіктестіктер кәсіпкерлік әрекетті шектейді.
Себебі олардың мүшелері өздері қосқан үлестерін әу баста келісілген сол
формада ғана қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Мәселен, серіктестіктің бір
мүшесі үлесі ретінде ғимаратты берсе, ол одан шыққан кезде сол ғимаратты
өзіне қайтаруға талаптанады. Бұл жағдайда өндірісті тоқтату қажет болады.
Міне, осыдан сақтану үшін серіктестікті акционерлік қоғамға айналдыруға
болады. Мұндай қоғамда барлық қосылатын үлес тек ақшалай салынады да, оның
құрамынан шыққанда оның үлесі ақшалай қайтарылады. Сол арқылы қоғамның бір
мүшесінің одан шығуы өндірісті тоқтатудан құтқарады. Тек қана қоғамның ақша
капиталын аз мөлшерінде кемітеді. Бұл — жабық акционерлік қоғам.
Жабық акционерлік қоғамның мүшелері капиталға қосқан өз үлесін
дәлелдейтін акция алады. Және бұл қоғам бұндай әрекеттері бойынша,
жауапкершілігі шектелген серіктестік ретінде жұмыс істейді.
Акция — бұл оңың иесі акционерлік қоғам капиталына өз үлесін қосқанын
және оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы
бар екенін растайтын бағалы қағаз, Акционердің өз акциясына алып отыратын
табысы дивиденд деп аталады.
Қарапайым акция акционерлік қоғамның өз арасында бөлуге арналған
пайданың бір бөлігінен дивиденд алуға құқық береді. Сонымен бipге акцияның
бұл түрі акционерлердің жиналысында қатысуға және бір дауысқа құқық береді.

2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы

Әрине, кәсіпкерліктің түп-төркінін сонау Кеңес өкіметінің тұсындағы
кооперативтерден бастауға да болар еді. Бірақ мен қайта құру кезеңін аттап
өтуді жөн көрдім, себебі ол кездегі Қазақстандағы кәсіпкерлік эмбриональды
түрде еді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді
таңдап алған болатын. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Ресейдің
үлгісімен бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып
жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі
белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995
жылдар аралығы болып, осы мерізімде жүргізілетін іс бағдараламасы Жоғарғы
Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші
кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осымен байланысты көптеген
жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар
қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа
мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға
қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б.
Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның да кейбір түрлері:
биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар
мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі
корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас
экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс
бар. Ол сонау Столыпин реформасынан, одан бері Қазан төңкерісінен кейінгі
индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі
өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске
үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Кәсіпкер болу да
осындай кезеңді бастан кешірді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кәсіпкерлікпен шұғылданушылар мүлде
көбейіп кетті. Бұлар кәсіпкерлік деген қандай жолмен болса да ақшаны күреп
табу деп ойлады. Сөйтіп қыруар несиелер алып, ал ол несиелер инфляцияның
есебінен жабылып та жатты. Бірақ сол алғашқы үрдістің өзінде-ақ Бутя,
Акцепт тәрізді қазірде елге танымал болған фирмалардың негізі салынды, ал
базбіреулері (Әлемкоммерц секілді) құрдымға кеткен судай із-тұзсыз
жоғалды.
Алғашында Елбасы осы бизнес қарлығаштарын көптеген елдерге ертіп барып
та жүретін. Бұл біздің еліміздегі бизнестің дамуына орасан әсер етті.
Олардың ықпалына, белсенділігіне таңданбаған адамдар қалмады, сөйтіп олар
тіпті Үкімет билігіндегі орындарға тағайындалып та жатты. Алғашқы кездегі
жекешелендіру барысында бастапқы капитал иелері қалыптасқанымен көпшілігі
гиперинфляцияның тегеуірініне шыдай алмай күйреп кетті.
Нарықтандырудың барысын, оның неден басталғанын, қалай басталғанын
халық жете түсінбеді. Қазақстанда ырықтандыру 1992ж. мұнайдың, мұнайдан
шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін
жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер,
әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті,
елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті, оны
көтеру мүмкін болмай қалды.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс - жекешелендіру. Ол
жайында көп айтылды, көп жазылды. Мемлекеттік меншікті тезірек жойып, бәрін
жеке меншікке айналдырсақ, халық жұмыла жұмыс істеп, өндіріс жанданып, ел
байып, бәрі де орнына келеді деп ойланды. Тәжірибе жүзінде олай болмай
шықты. Жекешелендiру барысында елiмiзде үш бағыттағы (шағын, жаппай және
жеке жобамен) кәсiпорындар құрылған. Ауылдағы жеке шаруа, басқа құрылымдар,
сондай-ақ, қаладағы жеке және қауымдастық түрiндегi кәсiпорындар саны
есепке алынған.
Нәтижесінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі
кезеңінде де (1991-92 жж және 1993-95 жж) мүліктің үлкен талан-таражға
түсуіне жол берілді.
Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында экономикалық реформаны
жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы Президент қаулы қабылдады.
Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994-1995
жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бағдарламада Қазақстандағы
жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшеліктері, елдің өндіргіш күштері,
өндірістік қатынастар, өндірістік аппарат, игерілетін қазба байлық, елдегі
7 миллиондай еңбекке жарамды адам күші ескерілді. Бұдан басқа бағдарламада
энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің
құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет
екені айтылды. 1995 жылдың қараша айының 15-ші жұлдызында мемлекеттің өз
ақшасы –теңге енгізілді. Міне осы сәттен бастап кәсіпкерліктің дамуы
тұрақты бағыт ала бастады.
Реформаның барысында Қазақстанда 1994 жылдың күзінен үкімет
макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп,
инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің
несиеге алатын проценті де қауырт азайды. Ақша-қаражат саласында да осындай
түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды.
Бұл салыстырмалы түрдегі ел экономикасының тұрақтылыққа бет алғаны
кәсіпкерлік үшін өте маңызды болды.
Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді.
Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ
түгіл, олардың көпшілігі өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесiнде 1993-1995
жылдарға арналған бағдарламаларда инфляцияны төмендету, өндірістің
құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшiн жағдайлар жасау жоспарынан
ешнәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған
қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын
айтуға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады. 1992
жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда
14,6%, 1993 жылы - 28%, 1994 жылы - 48%, ал 1995 жылы - 45% жетті.

инфляциядан бас көтере бастағанымызда еліміздің 1997 жылдың маусымында
Парламенті Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заң қабылдады.
Бұл Заң біздің Республикамыздың экономикалық тұрғыдан даму барысында
маңызды роль атқарды десек те болады. Өйткені алғашқы коммерсанттарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк дамыту туралы ақпарат
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Ұсақ бизнес деген ұғым және оның маңызы
Банктік реформа және теңге жүйесі
Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыру
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі жағдайы
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер