ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Жоспар
КІРІСПЕ
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптастырудың объективті қажеттілігі
1.2 Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында қалыптасу кезеңдері
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары
1.4 Кәсіпкерлік қызметтің негізі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
ІІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӘСІЛІ
РЕТІНДЕ
2.1 Кәсіпорын (фирма) табыстары және оларды бөлу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан
мынадай сөзін эпиграф етіп алуға болады: Кәсіпкер болу – басқаның
істегенін іcтемеу. Екінші жағынан жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй
былай деген: Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында
ұйымдастыратын адам. Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі
Ричард Кантильон ендірді. Бұл ағымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында
табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін
жатқызған.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап
қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген
қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік – жаңашылдық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда
бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер
бола алмайды. Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік ұғымда бар.
Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ
бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт
қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа
жұмсап, жаңашылдықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдар
мен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар
құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен
қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен
оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес бұл – табыс әкелетін
адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық
қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты
жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық
әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер
бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет
термині қолданылады.
Кәсіпорын кәсіпкерлік қызмет өндірістің звеносының негізі болып
табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма ұғымын
баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар:
фирма термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс
енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті
жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын
өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда. Ал барлық
халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық
тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен
айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.

Кәсіпкерлік дамуының әлеуметтік саладағы бағыттары халықтың тауарлар
мен қызметтер жөніндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру және халықты
жұмыспен қамту, табиғатты ұтымды пайдалану және табиғатты қорғауды
қамтамасыз ету болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік қызметі халықтың бір
бөлігін жұмыспен қамтамасыз етеді. Ендеше бұл кәсіпкерлікте еңбек ететін
жұмысшылардың және кәсіпкерлердің қызметі олардың өмір сүру құралы болып
табылады.
Кәсіпкерлік бірнеше нышандардан тұрады, нақты айтсақ, тұлға
кәсіпкерлігі және бірлескен кәсіпкерлік. Өз тарапынан бірлескен
кәсіпкерліктің екі түрі бар: отбасы меншігіне негізделген кәсіпорын және
бірнеше жеке тұлғалардың алға қойған мақсаттарына жетуіне байланысты жәй
серіктестік құрып бірігуі.
Кәсіпкерліктің тұлға кәсіпкерлігі нышанын жүзеге асырушы адам
іскерлікті өз атынан жүргізеді және бизнесті өзі басқарады, барлық
материалдық шығындармен өзі жабдықтайды және барлық жауапкершілігі өзі
мойнына алады. Ал бірлескен кәсіпкерлік нышанын жүзеге асырушылар ортақ-
үлестік меншікке, яғни отбасы мүшелерінің үлестік меншігіне және жәй
серіктестің үлестік қоры арқылы құрылған меншікке негізделеді.
Отбасы меншігіне негізделіп құрылған отбасы бизнесі қазіргі таңда, шет
елдердің тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, ел экономикасының дамуына
айтарлықтай дәрежеде өз үлестерін қосып отыр. Айталық, Ұлыбританиядағы
барлық әрекет ететін фирмалардың 75%-ын отбасылық бизнес және де отбасылық
бизнестегі еңбек ресурсы елдегі тұрғындардың жартысын құрайды. Еуропалық
Одақтастыққа кіретін елдердің отбасылық фирмалары барлық әрекет ететін
кәсіпорынның 85%-ын, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 90%-ын құрайды. Отбасы
бизнесі, көбіне бөлшек саудада, қоғамдық тамақтандыру орындарында,
шаруашылық қожалықтарында, қызмет көрсету саласында жүзеге асырылады.
Кәсіпкерліктің қайсы бір нышаны болмасын олардың қалыптасып дамуы
рынокты экономикалық ортаның маңызды факторы болып табылады. Кәсіпкер
өзінің табысын жоғарылату арқылы қоғамға қажетті тауарлар өндіреді және
қызметтер ұсынады. Сонымен қатар кәсіпкер басқа кәсіпорындардың өзіне
қажетті тауарлары мен қызметтерін пайдаланып, олардың да дамуына мүмкіндік
жасайды. Және де барлық кәсіпкерлер салық төлеу арқылы бюджетке өз
үлестерін қосады. Жұмыс орындарының осы салада көбеюі салық салу
объектілерінің көбеюімен бара-бар. Ал салық – бюджет саласында еңбек
ететіндердің жалақысының негізгі көзі болып табылатындығы өзімізге
белгілі. Сонымен қатар әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды осы бюджет
арқылы орындалады. Салықтардың бюджетке келіп түсу деңгейі үкіметтің
басқару тиімділігін көрсетеді. Демек, жеке дара меншік негізінде жүзеге
асырылатын кәсіпкерліктің дамуы қоғам байлығының үлғаюына тікелей немесе
жанама әсерін тигізеді.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды жетелдету қоғамдық өндірістің тиімді
қызмет етіп, әрі қарай өсуіне оның жаңа сапасына көшу арқылы ғана жетуге
болады. Яғни, қоғамды ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қатар
өндірістің түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің өсуіне бағыт беру. Оладың
өсуіне көптеген әртүрлі бағыттағы факторлар әсер етеді. Қоғамдық өндіріс
деңгейінің жоғары болуы еліміздің экономикасының, соның ішінде ұлттық
байланыстың өсуіне әсерін тигізеді.
Өркениетті елдердің дамуының негізгі осы кәсіпкерлік болып табылады.
Жеке меншігі дамыған елдерде кәсіпкерлік қызметке қолайлы әлеуметтік-
экономикалық орта құрылған және де олар экономикалық жетістіктерге жетіп,
өз азаматтарының өмір сүру деңгейін жоғарылатқан. 1970-1980 жылдардағы
ғылыми техникалық революцияның жеткен жетістіктері капиталистік елдерде
кәсіпкерлердің жедел дамуына себеп болды. Осыған байланысты кадрларды
дайындаудағы білім деңгейі жоғарылады, елдер мен аймақтар арасындағы өзара
ақпараттық, іскерлік, сауда байланыстары күшейіп, әлеуметтік өзгерістер
енді. Кәсіпкерлік істің жеделдетілуі экономикасы жоғары дамыған елдер мен
бірқатар дамушы елдер экономикасында да көрініс тапты. Кәсіпкерліктің
қалыптасуы мен дамуына тән бұл бағыттар да біздің елге қатысты болып отыр.
Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлерге жан-жақты жағдайлар жасалына бастағанына
өзіміз куә болып отырмыз. Оның заңды негіздері тұрғысындағы базасы жылдан-
жылға күшейе түсуде.
Кәсіпкер – қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өмірдің негізгі
субъектісі болып есептеледі. Қазіргі ауқытта қоғам өміріндегі басты
бағытымыз - әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыру. Осыған орай
Қазақстан Президенті елімізде кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін
шешу жолдарын атап көрсетті. Өз тәжірибемізден байқағанымыздай,
экономикалық еркіндіктің жоқтығы адамның құлшынды бастамасын, өз бетінше
шешім қабылдауын, өз өмірінің қожасы болуына шек келтіреді.
Жеке меншік қатынасының тиімді әрекет етіп дамуы осы меншік негізінде
өз іскерлігін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің тұрмыс деңгейлерін, яғни
олардың табыстарының жоғарылауына мүмкіндік береді. Кез келген кәсіпкер
өзінің еңбекқорлығы арқылы қандай да бір іс-әрекетпен айналысу нәтижесінде
барынша тұрақты табыс табуға мүдделі болғандықтан, олар өздерінің
кәсіпкерлік өсу деңгейін көтеру үшін барлық күш жігерін жұмсауға тырысады.
Осылардың нәтіжисінде олар өздерінің тұрмыс жағдайын жақсартып, төлем
қабілеттерін арттыруға мүмкіндік алады.
Тұрмыс жағдайларының жақсаруы мен төлем қабілеттерінің жоғарылауы
кәсіпкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің білім деңгейлерін көтеруге,
олардың көптеген ақылы қызметтерді, соның ішінде ақылы жоғары сапалы білім
алу, медициналық қызметтерді пайдалануларына мүмкіндік береді. Ал бұл
адамдардың қоғамда өздерін тұлға ретінде сезініп, ары қарай кәсіпкерлік
қызметін жалғастыруға кең жол ашады. Кәсіпкерлердің тұрмыс дәрежесінің және
өмір сүрі салтының сапалы өзгеруі нәтижесінен олардың патриоттық сезімінен
оянуы орын алады. Яғни, кәсіпкерлер өздерінің іскерлігін жанамалау
есебінен, өз кәсіпорындары атынан демеушілік жасауға, қайырымдылық қорларға
қатысуға, садақалар беруге тырысады. Демеушілік пен қайырымдылық қорлары
қоғамымызға, яғни елдегі тұрғындардың өмір сүруіне, әсіресе әлеуметтік
жағынан әлсіз қорғалған адамға қажетті көмектердің бірі болып есептеледі,
ал садақа беру біздің ата-дәстүрімізде қалыптасқан қасиеттердің бірі болып
саналады. Сайып келгенде, салауатты кәсіпкерлікті жүзеге асыру –
қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық қатынастарының неғұрлым мазмұнды да
өркениетті, салиқалы да иманжүзді сипатқа ие бола білуіне оң әсерін тигізер
хақ. Сондықтан да кәсіпкерлікті оның ішінде кәсіпкерлікті тек жалаң
экономикалық тұрғыдан талдау сыңаржақтықты көсетеді. Оған әлеуметтік,
рухани, мәдени шараларды жүзеге асыру, қала берді, этникалық генофондты
сақтау тән міндет. Олай болса кәсіпкерлікті одан әрі шыңдау оны тағы басқа
тұрғылардан қарап зерттеу, дамыту шынайы ғылыми әдіснама деп түсінеміз.
Осы тұрғыдан алғанда кәсіпкерліктің өндірістік қатынаста аймақтық
ресурстарды тиімді пайдаланып қызмет жасауы кәсіпкерлердің тұрмыс
жағдайларын жақсартумен қатар, республикамыздағы басы бос еңбек күшін
жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін арттырады, басқаша айтқанда, жаңа жұмыс
орындарын қалыптастырады. Ал тұрғындардың бір кәсіпорында қалыпты еңбек
етуі сол жерде тұрғылықтануына мүмкіндік береді. Яғни, кәсіпкерлік бей-
берекет миграцияны азайтуға да өз үлесін қосады.
Демек, кәсіпкерлікті дамыту мынадай әлеуметтік-экономикалық
мақсаттарға жетуге көмектеседі:
1. Өндіріске қосымша материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тартуға;
2. табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдалануға;
3. тұтыну тауарлары мен қызметтерінің сапасын жоғарылату және олардың
түрлерін көбейтуге;
4. миграцияны азайтуға, адамдарды тұрғылықтандыруға.
Кәсіпкерлікті дамыту, түтеп келегнде, тұрғындардың табыстарын, өмір
сүру деңгейлерін көтеруге және әртүрлі әлеуметтік-рухани мәселелерді шешуге
де өз оң ықпалын тигізеді.
Қазақстанда кәсіпкерліктің әрекет етуінің қысқа мерзіміне қарамастан
ол ұлттық экономиканың маңызды секторы болып есептеледі. Кәсіпкерліктің
әсер етуіне толық жағдай жасай отырып, оның болашақта елдің жалпы
экономикалық деңгейін одан әрі жақсартуға, атап айтсақ, сұраным мен
ұсынымды өндіру мен қызмет көрсетудің сапалық және сандық көрсеткіштерінің
артуына тигізер әсері мол болары анық. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда
кәсіпкер өз мақсаттарын орындай отырып, қоғам мүддесіне де жұмыс жасайды.
Оны республикамыздың экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің орны мен қосқан
үлесінің жылдан-жылға өсуінен бйқауға болады: кәсіпкерліктің тиімділігі
оған капиталдың тез арада бейімделіп, тұрғындардың бір бөлігін жұмыспен
қамтудан көрінеді.
Қорыта келе айтсақ, кәсіпкерліктің Қазақстан экономикасында қажеттігі,
алатын орны және маңызы мынандай жәйттермен анықталады:
- өндіріске, негізінен, жергілікті табиғи, материалдық, еңбек және қаржы
ресурстарын тартуға оң ықпалын тигізеді;
- отандық тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға, түрлері және
санын көбейтуге мүмкіндік береді;
- адамдардың тіршілік ету жағдайларын жақсартып, кез келегн еңбекке
баулауға бейімдейді;
- адамдардың белгілі бір орынға тұрғылықтануына өз әсерін тигізеді.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы, экономикасы дамыған елдердің тәжірибесінен
көріп отырғанымыздай, әртүрлі кезеңдері, қиын-қыстау жағдайларды өз
басынан өткізеді. Сондықтан да келесі тармақта Қазақстан экономикасындағы
кәсіпкерліктің қалыптасу және даму эволюциясына талдау жасаймын.

Кәсіпкерліктің қалыптасып дамуын дұрыс түсіну үшін алдымен оның даму
тенденцияларын, басқа құбылыс процестерімен байланысын анықтау керек. Ол
қандай басты тарихи кезеңдерді басынан кешті және осы уақытқа дейін қандай
дәрежеге жеткеніне тоқталу керек. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуын осы
уақытқа дейін, негізінен, төрт кезеңге бөләге болады:
Бірінші кезең – алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917
жылға дейінгі аралық. Бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты
дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырды.
Екінші кезең ел басына Октябрь революциясының келуімен 1986 жылға
дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде елде социялистік жүйенің орын алуы
және оны жақтаушылардың идеологиялық көзқарастарына байланысты тәуелсіз
меншік иелерінің әрекетіне жан-жақтан қысымшылық жасалынып, олардың
кәсіпкерлік қызметіне жол берілмеді.
Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО-ның Жеке еңбек қызметі туралы
заңы шыққанынан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызуға болады. Бұл уақыт
аралығында кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің өзіндік
еңбегі арқылы жүзеге асырылды.
Ал төртінші кезең 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты
қамтиды. Яғни, егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз
Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап, осы бүгінге дейін аралық
жатады.
Алдымен, алғашқы кезеңге толығырақ тоқталып өтелік. Адам баласы
Қазақстан территориясында, онымен іргелес аумақтағы сияқтағы сонау тас
дәуірінде өмір сүрген.
Аймақтық табиғат климат жағдайы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
өзгереді, осыған сәйкес адамның еңбек құралдары мен кәсіптері де өзгеріп
отырады. Осы кезеңде жеке меншікке негізделген таптық қоғамның құрылу
үрдісі орын алып, түрлі қоғамдық-экономикалық формациялардығы отбасылық
қатынастар дамыды. Яғни, қола дәуірінде халықтың қоғамдық құрылысы мен
отбасылық-некелік қатынастарында мәнді өзгерістер болды. Жеке отбасылар
оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық-қауым ішінде мүлік теңсіздігі
өсті.
Алғашқы кезеңде адамдар, негізінен, мал өсіру мен егіншілік, үйдегі
кәсіптер, яғни мал шаруашылығы нәтіжесінен тамақ өнімдерін өндіру және киім
мен аяқ киімдер тігілетін шикізаттарды өңдеу, кен өндіру мен өңдеу, темір
ұсталығы, құю мен зергерлік ісі және барлық кәсіпшілігімен айналысты.
1917 жылдарға дейін елімізде өзінің ұлттық өндірістік қатынастарының
әлсіздігіне байланысты кәсіпкерлік қызмет әрекеті ыдыраңқы сипатта болды,
қажетті даму деңгейіне жете алмады, негізінен ол жәй ұдайы өндіріс
шеңберінен аса алмады.
Кейінірек қазақ шаруаларының рынокпен байланысуының ұлғаюына Ресей
патша үкіметінің салық саясаты ықпал жасады. Кәсіпкерлік қазан төңкерісінен
кейін біршама жанданып, өнеркәсіп өндірісінде шаруашылығында орын алды және
бөлшек сауданы да қамтыды.
Шаруашылықты қалпына келтіруге байланысты партияның кезекті мәселесі
атты Х Бүкіл Одақтық Коммунистік партия конференциясында жеке
кәсіпорындарды кеңейту қажет екендігі айтылған. Ал 1921 жылы майдагерлік –
қолөнер шаруашылығы мен шағын өндірістерді жеке кәсіпоырн нышанында дамыту
қарастырылды.
Өткен ғасырдың 20-жылдарында майдагерлік-қолөнершілер кәсіптері және
сонымен қатар басқа кәсіппен шұғылданатын жеке кәсіпорындардың әрекеттері
заңмен шектелген жоқ. Бұл уақыт аралығында өндірушілер мен жеке
кәсіпорындардың іскерлігін арнайы Салық туралы декреттер қабылданған.
1921 жылдың шілде айында патенттік төлемдер белгіленген. Мұндай төлемдерге
барлық мемлекет меншігінен өзге сауда және өндіріс орындары енді, ал
өндірушілердің табыстары табыс салығымен реттеліп отырды.
Кәсіпорындар жаңа экономикалық саясаттың орнатылуына байланысты
мемлекеттің қатаң бақылауында болды. Шаруашылық капиталын кеңестік мемлекет
толық қадағалау үшін жеке кәсіпорындарды ашудың кейбір шарттарын заңды
түрде қарады. 1923 жылдың наурыз айында барлық іскерлік ететін және қайта
ашылып жатқан кәсіпорындарды міндетті түрде тіркеу қажет болды.
Капитал тауар айналымы тез қайталанып отыратын тұтынуды және қызмет
көрсетуді қамтиды. Өткен ғасырдың 20-жылдардың ортасында КСРО аумағындағы
халық тұтынатын тауарлардың барлық өндіретін бұйымдарының 30%-ын
кәсіпорындар өндірді.
Меншіктен түсетін табыс социализмге қарама-қайшы болғандықтан оның
қоғамға келтіретін пайдасын ескермей 1926 жылы Қазақ Автономиялы Кеңестік
Социалистік Республиасының Орталық Комитетінің 18 ақпанда қабылданаған
Конститутциясында кәсіпкерлікке жол берілмейтіндігі көрсетілді. Және де
1928 жылдың 22 тамызындағы Бай шаруашылығынконфискациялау туралы қаулысы
жеке меншіктің жойылып, ортақ меншікке көшудің негізі болды. Өткен ғасырдың
20-шы жылдарының аяғынан бастап әкімшілдік-әміршілдік жүйеге көшіп,
жоғырадан үстемдік етіле бастады.
В.И.Ленин өткен ғасырдың 20-жылдарының басында Кеңестік Одаққа шағын
жеке өндірісті және сауданы дамыта отырып, оның болашағынан қорыққан жоқ.
Және де бұл жаңа экономикалық саясат елдегі экономикалық жағдайды
дамытудың және шаруашылық байланыстарын қалпына келтірудегі жалғыз ғана жол
осы деп тапты.
Бірақ, одан кейінгі үкімет басына келген дамдардың саясаты бұл жолға
қарама-қарсы болып шықты. Мемлекет тарапынан қысымшылық жасалып,
өндірушілер саны бірте-бірте азайып отырды. Және шағын қалалар мен ауылдық
жерлерден өндірушілердің ауыл шарушылық емес саладағы кейбір тауарларды
өндіру мен қызмет көрсету сұранысы қанағаттандырылмай қалды. Бірнеше
жылдардан өткен соң, яғни 1976 жылдың 3 мамырында майдагерлік-қолөнер
кәсіпшілігі туралы ережелер қабылданып, КСРО Министрлер Кеңесінде
бекітілді. Онда кәсіпкерлер өндіретін тауарлар мен қызметтерге тыйым
салынған.
Демек, бұл жарлықта халық сұранымындағы еңбек арқылы өндірілетін
кейбір қызметтер түрі рұқсат етілетін бөлімдеріне енбей қалған. Мысалға,
ақылы медициналық қызмет, жалданып білім беру, шет тілдерін үйрету, тоқу,
саяхатшылар мен демалушыларға қызмет көрсету.
Екінші кезеңдегі кәсіпкерлік 1978 жылғы Қазақ КСР Конститутциясының 17-
бабы бойынша еңбек қызметі түрінде әрекет етуге толық құқылы болатын.
Яғни, еңбек қызметі Қазақ КСР Конститутциясында қабылданған социалистік
экономиканың бір саласы болып саналады.
Елдің негізгі заңында Майдагерлік-қолөнер кәсіпшілігі, ауыл
шаруашылығы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласында еңбек қызметіне,
сондай-ақ азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің тек өзіндік еңбегіне
негізделген басқа да қызмет түрлеріне рұқсат етіледі. Мемлекет еңбек
қызметін қоғам мүддесіне пайдаланылуын қамтамасыз етіп, оны реттеп
отырады, - делінген. Бірақ кәсіпкерлердің мақсатын анықтайтын, олардың
жүзеге асырылуын реттейтін мемлекеттік мекемелердің бақылауын қадағалайтын
еңбек қызметіне қатысты заң 1986 жылға дейін қабылдаған жоқ. Сол
себептен, елде кәсіпкерлікке қызметінің әрекеттері негізінен көлеңкелі
экономика түрінде орын ала бастады.
Және бір көңіл аударарлық жайт, шаруашылықта кездесетін күнделікті
халыққа қажетті қызметтің кейбір түрлерін көрсетуде еңбек қызметі
мемлкеттік мекемелермен бәсекеге түсе білді. Олардың бәсекеге
қабілеттілігін халықтың кәсіпкерлік қызметіне сұранысымен анықтауға болады.
Ал енді осы негізгі заңның 13-бабында өзіндік меншікті пайда табу
мақсатында қолдануға болмайтындығы туралы айтылған. Яғни, осы 13-бап
жоғарыда айтылған 17-баппен қайшылыққа келіп, оның орындалуын жоққа
шығарады. Бұл жерден біз еңбек қызметінің негізінде жатқан әркімнің өз
жұмыс күшіне деген меншігі мен өзіндік меншік ұғымдарының мән мазмұнын
теориялық тұрғыдан терең ашылмағандығын, олардың өзара байланысы жоғарыда
көрсеткеніміздей, кейбір ұқсастықтары елеусіз қалғандығы көрінеді.
Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс — төтенше таралған,
кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп
мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген
ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру
= + -
= + +
+
=
= + +
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал
меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелерінің кемуі. Табыс ұғымы жалпы
мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал
жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып
қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет
көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік
бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және
басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі колданылатын таза табыс үғымы жалпы табыс және
материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы (юлып
саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің
қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс
алудың шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне
жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға
болады:
- Жалпы табыс (ЖТ) — бұл тауарлардың белгілі мөлшерін
сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне
көбейтуге тең.
- Орта табыс (ОТ) — жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің
мөлшеріне бөлу (К)
ОТ = ЖТ К
- Шекті табыс (ШТ) — бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында
жалпы табыстың үстелуі
ШТ = ЖТ К
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып,
кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.
Пайда — кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы. Таза пайда
экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері
қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда
экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза
пайдасын қамтиды.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып
табылады. Пайда дегеніміз — тауар өткізуден және қызмет
көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға
жұмсалған шығындардың айырмасы.
Былайша айтқанда, пайда — бұл өндірістің айналымының қаржылық
қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі
экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға
оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның
басқа бөлігі — қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда
құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін
емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп,
ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz