Мекен ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымын талдау


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.

2. Кәсіпорынның өндірістік қызметін талдау;

3. Мекен ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымын талдау;

4. Кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау;

5. Мекен ЖШС қызметін жетілдіру ұсыныстары.

Қорытынды.

Кіріспе

Нарықтық экономиканы дамытудың әрбір кезеңінде экономикалық қызметтің негізгі тұтқасы кәсіпорын болып табылады. Бұл жұмыста сол кәсіпорындардың бірі Мекен Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің қызметіне талдау жасалынды. Осы өндірістік тәжірибенің негізгі объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, қаржылық, ұйымдастырушылық жағдайы сипатталынды. Ал жалпы бұл жұмыстың мақсаты теориялық және ғылыми негізделген білімді өндірістік кәсіпорында қолдану мен кәсіпорын денгейінде қарастыру болып табылады. Сонымен қатар, бұл кәсіптік тәжірибеде кәсіпорында қабылданатын басқарушылық шешімдермен танысу және экономикалық басқарушылық жағдайларда өз бетінше шешім жасау қабілеттілігін жетілдіру. Сондықтан бұл өндірістік тәжірибенің есеп беру жұмысындағы негізгі мәселе осы Мекен ЖШС-тің қызметіне жалпы талдау жасалып, оның нақты мәліметтерімен жұмыстың мақсатына жету болып табылады. Ол үшін ең алдымен бұл кәсіпорынның негізгі өндірістік және қаржылық қызметі қарастырылады, сосын оның ұйымдастырушылық құрылымына сипаттама беріліп, соңында кәсіпорынның жұмысына қатысты қосымшалар барынша берілген. Оған оның негізгі құжаттары және қаржы шаруашылық қызметінің сонғы үш жылғы көрсеткіштері, жылдық баланс және келісім-шарттардың мысалдары сияқты нақты мәліметтер ықпал етті деуге болады. Сонымен қатар жұмыс соңында осы кәсіпорынға қатысты және қолдануға мүмкін болатын бірнеше ұсыныстар мен қызметінің жетілдіру жолдары келтірілген.

1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.

Мекен Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің 1994 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде тіркелген болатын. Кейіннен кәсіпорын 2000 жылы 20 шілдеде қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты қайта тіркелді.

Жалпы Мекен ЖШС-гі Қазақстан Республикасы Алматы қаласы П-Лумумба көшесінде орналасқан. Жарғылық капиталының мөлшері 1 тенгені құрайды. Ол қатысушылар арасында Құрылтай шарт бойынша бөлінген. Қатысушылар саны үшеу және олар 20, 60, 20 пайыздық үлесте құрылтай шартында берілген.

Кәсіпорынның мақсаты- тұтынушылардың қоғамдық өнімдерге жұмыс, қызмет көрсету сұранысын қанағаттандыру арқылы пайда табу болып табылады, яғни құрылыстық, монтаждық және жөндеу жұмыстарын сапалы және жауапкершілікпен орындау және салу. Осыған байланысты бұл Мекен ЖШС-не Құрылыс істер жөніндегі комитеттің Қазақстан Республикасы аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау құқығы жөнінде Мемлекеттік Лицезия берілген болатын, қосымшада. Бұл құжатта Мекен ЖШС сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жүзеге асыратын жұмыс немесе қызмет түрлерінің тізбесі ұсынылған. Ол рұқсат берілген қызмет түрлеріне келесілер жатады:

  • үйлер мен ғимараттарды тіреу және қоршау жұмыс құрастырмаларын тұрғызу:-металл құрастырмаларын монтаждау мен арматураларды орнату; -құйма бетон құрастырмаларды орналастыру; -іргетастарды орналастыру; - құрама бетон және темір-бетон құрастырмаларын монтаждау; -тас, кірпіш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру; -қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру.
  • Әрлеу жұмыстары;
  • Жөндеу-құрылыс жұмыстары:-үйлер мен ғимараттардың тіреу және қоршау құрастырмаларын; -шатыр жабындарын және құрастырмаларды; -сыртқы және ішкі инженерлік тораптарды, газбен жабдықтау тораптарынан басқа; -құрастырмалар мен жабдықтардың қаптау, шегендеу, оқшаулау, тоттануға қарсы, химиялық т. б. қорғаныш қаптамасын жөндеу; -аумақтарды көкейту жөніндегі жөндеу жұмыстары;
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі инжинирингтік қызметте:-сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында делдалдық қызмет көрсету; -үйлер мен ғимараттарды жобалау, салу немесе жөндеу жөніндегі конкурстарға, сауда-саттықтарға қатысуға арналған тендерлік құжаттамаларды әзірлеу ; -мердігерлік ұйымдардың күшімен құрылыс өндірісін ұйымдастыру; -рұқсаттамалық құжаттамаларды ресімдеу; -құрылыс тапсырысшысы міндетін жүзеге асыру.

Кәсіпорынның басқару органдарына: жоғары басқару органы - қатысушылардың жалпы жиналысы; атқару органы- Серіктестіктің директоры жүзеге асырады. Серіктестікте қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясы құрылған, ол үш жылға және үш адам саны бойынша ұйымдастырылады. Бұл негізінен ҚР-ның Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы 22. 04. 1998 жылғы заңға сәйкес Мекен ЖШС-нің Жарғысына енгізген.

2. Кәсіпорынның өндірістік қызметін талдау.

Әр кәсіпорынның өндірістік қызметін қарастырғанда оның атқаратын қызметінің ерекшелігіне көңіл бөлу қажет. Ал бұл жағдайда құрылыс саласында жұмыс істейтін кәсіпорын болғандықтан, мұнда негізінен құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстары болады. Сонымен қатар, айта кету керек бұл кәсіпорын негізінен тендерлік ашық конкурстарға қатысу негізінде мемлекеттік және жеке тапсырыстарды жүзеге асырумен щұғылданады. Бұл конкурсқа қатысу шарттарына сәйкес болғандақтан бұл кәсіпорын үйлер мен ғимараттарды әсіресе Алматы облысы бойынша мектептерді жобалау, салу және жөндеу жөніндегі конкурстарда, сауда -саттықтарда айтарлықтай табыстарға ие болып отыр. Мысалы, 2001 жылы Алматы облысының әкімшілігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша жарияланған конкурсына келесі құрылыстық объектілерді салудың мердігерлерін анықтау мақсатында:

Қарасай ауданының Шамалған бекетіндегі және Каменка ауылындағы мектептер ;

Қарасай ауданындағы Тұрар ауылындағы Байсалбаев атындағы Орта мектептің оқу корпусының екінші бөлігінің құрылысын аяқтау;

Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы мектеп құрылысы;

Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылының мектептері.

Осы конкурс нәтежиесінде тендер бойынша Мекен ЖШС-гі Қарасай ауданындағы Тұрар ауылының мектебінің құрылыстық жұмысын аяқтауды жеңіп алды және құрылыс қызметін жүзеге асырды.

Ал жалпы Бұл кәсіпорынның Алматы облысының оқу орындары бойынша жұмыстары келесі кестеде берілген:

Алматы облысы бойынша оқу корпустарының шығындар реестрі, 2002 ж. : Кесте1

Жұмыстардың орындалуы: Жұмыстардың орындалуы
Тендерлік сомасы: Тендерлік сомасы
Нақты орындалған: Нақты орындалған
Жұмыстардың орындалуы:

Ішкі жылу жүйесін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары

-Шамалған колледжі

-Қарой ауылының мектебі

-Бағана аулындағы балалар үйі

-Өтеген батыр орта мектебі

Барлығы

Жаңа құрылыс салу

Жанатұрмыс ауылында жаңа орта мектеп салу

Кровельді жөндеу

-Вадник ықшам ауданындағы №15-ші орта мектеп

-Чапаев ауылындағы орта мектеп

Тендерлік сомасы:

185

17

465

175

1285

3863

515

365

Нақты орындалған:

1845689

1699862

4232354

175

12427905

39597064

5073387

3556113

Жұмыстардың орындалуы:

Барлығы

Жиынтығы

Тендерлік сомасы:

88

6028

Нақты орындалған:

8656890

60081859

Бұл кестедегі мәліметтерге сәйкес орындалатын жұмыстардың тендерлік бағасы мен оның нақты құны арасындағы біршама айырмашылықтардың болатынын көруге болады. Сонымен қатар кәсіпорынның атқарған қызметтеріне байланысты ол шығындар кейде үнемделеді және кейде тендерлік құнынан жоғары бағаға түседі, яғни ол құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізетін объектіге байланысты деуге болады.

Егер де Мекен ЖШС -нің өндірістік объектілерінің бірі Каблис Жырау көшесіндегі жалпы тұмыстық үй, яғни он бес қабатты және 70 пәтерлерден тұратын үйді алатын болсақ, онда ол объект болып саналады-салынатын, жөнделетін, қайта құрылатын мекеме, ұйым немесе ғимарат.

Ал тапсырыс беруші -ол объект бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлерді жалдайтын мемлекеттік немесе жеке ұйым, бұл мысалда ол Алматы облысының әкімшілігі.

Тапсырыс алушы немесе мердігер объект бойынша құрылыстық жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. мұнда ол Мекен ЖШС.

Осы аталған екі қатысушылар арасында арнайы келісім-шарт объект бойынша жасалады. Мысалға Мекен ЖШС осы тұрмыстық үйді қайта құру, жөндеу және құрал-жабдықтар орнату бойынша құрылыстық-жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру туралы тапсырыс берушімен келісім-шарт жасасты. Бұл құжатта екі жақтың құқықтары мен міндеттемелері, сапаға деген талаптар, төлем мерзімдері және ережелері мен бағасы анықталған.

Келісім-шарт бойынша объекттегі жұмыстардың баламалы құны 1169 тенге. Бұған материалдар, шикізат, құрал-жабдықтар, құрылыстық-монтажды жұмыстардың құны кіреді, сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттамға сәйкес қызметтер мен шығындар да жатады.

Бұл объекті көпқабатты және 70 пәтерлерден тұратын тұрғын үй болғандықтан оның техникалық және экономикалық, бағалық көрсеткіштерін қарастыратын болсақ:

Объектінің технико-экономикалық көрсеткіштері: Кесте2

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Өндіріс кезең-індегі саны: Өндіріс кезең-індегі саны
Көрсеткіштер:

Ғимараттың құрылыстық ауданы

Пәтерлер ауданы

Тұрғын үйдің ауданы

Пәтерлер саны

Өлшем бірлігі:

м. куб

м. кв.

м. кв.

70

Өндіріс кезең-індегі саны:

8915, 15

2999, 65

2999, 65

70

Объектінің бағалық көрсеткіштері: Кесте3

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Барлығы: Барлығы
Құрлыс-мотаждыжұмыстар:

Құрлыс-

мотажды

жұмыстар

Көрсеткіштер:

Жалпы базистік немесе сметалық құны

Жалпы нарықтық құны

Үлестік құны

Құрылыстық көлемі 1 м. кубтың базистік құны

-нарықтық құны

Пәтердің 1м. кв. ауданының базистік құны

-нарықтық құны

Тұрмыс үйдің 1м. кв. ауданының базистік құны

-нарықтық құны

Өлшем бірлігі:

мың тенге

мың тенге

тенге

тенге

тенге

тенге

тенге

тенге

Барлығы:

9594453

11993067

53, 06

4386, 05

223, 21

2898, 5

223, 21

2898, 5

Құрлыс-мотаждыжұмыстар:

8922841

11153552

49, 65

3638, 01

195, 56

2719, 4

195, 56

2719, 4

3. Ұйымдастырушылық құрылымын талдау.

Әрбір кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуде ұйымдастырушылық құрылымын да ескеру қажет. Жалпы кәсіпорын құрылымы оның мөлшері мен атқаратын қызметтерінің күрделілігіне байланысты құрылады. Ал бұл Мекен ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымы кәсіорынның атқаратын негізгі қызметтерінің түрлеріне қарай жасалған. Мұндағы негізгі қызмет өндірістік техникалық бөлімшенің және қаржы бөлімінің үлесіне тиеді. Мекен ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымы:

Бұл құрылым әрбір бөлімше қызметін жүзеге асырудп басқа бөлімшелермен тығыз өзара қарым-қатынаста жұмыс істейді және бір-біріне тәуелді деуге болады. Сонымен қатар әр бөлімнің ішінде білікті мамандар қызмет атқарады.

4. Қаржы-шаруашылық қызметін талдау.

Басқару шешімдерін қабылдау үшін ең негізгі ақпарат көздерінің бірі бухгалтерлік баланс болып табылады. Әр кәсіпорын мемлекеттік заңдарға сәйкес өзінің экономикалық қызметі туралы есеп беруді құрады. ҚР-дағы барлық субъектілері қаржылық есеп берулерін Қазақстан Республикасы Президентінің Бухгалтерлік есеп туралы 26. 12. 1995 жылы қабылданған жарлығына сәйкес жүргізуі керек. Бұл құжат бойынша қаржылық есеп беру тұрады:

-бухгалтерлік баланс; - қаржы-шаруашылық қызметтің нәтежиелері туралы құжат; -ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп беру.

Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын қарастыру үшін ең алдымен оның негізгі қаржы көрсеткіштерін талдау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Nur-ali trade» ЖШС-н басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі
«Barakat invest» ЖШС-нің экономикалық-қаржылық жағдайы
CAPITAL PROJECTS LTD ЖШС - ның менеджмент жүйесі
2013 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі
Кәсіпорынның сату бөлімі
Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау
Дәріхана деректер базасын жобалау
«ВКТ Строитель» ЖШС-ндегі жүргізіліп отырған кадрлық саясатының ерекшеліктерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйесінің әзірлемесін ұсыну
Кәсіпорынның қаржылық ұйымы
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz