ТМД интеграциясының экономикалық, әскери жақтарын қарастыру


ЖОСПАР
Кіріспе3
І. ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан6
1. 1 Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық құрылуы6
1. 2 ОАЭҚ шеңберіндегі интеграцияның тереңдеуі9
ІІ Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық және Қазақстан13
2. 1 Қазақстанның қоғамдастықтағы ролі13
ІІІ ТМД-дағы экономикалық қауымдастықтар21
3. 1 ГУУАМ - саяси-экономикалық бірлестік ретінде21
Қорытынды26
Қолданылған әдебиеттер тізімі29
Кіріспе
XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл - Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В. И. Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат көзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық - құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік - экономикалық және валюталық - қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда - экономикалық және өндірістік - технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.
Ж ұмыстың өзектілігі . Қазіргі дүниежүзілік дамуда ғаламдану үрдісі жүруде. Ал сол ғаламданудың бастамасы интеграция. Біз XXІ ғасыр интеграция ғасыры деп айтсақ жаңылмаймыз деп ойлаймын. Қазіргі таңда барлық мемлекеттер интеграциялануға ұмтылуда, өйткені әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай оқшау экономика еш уақытта дами алмайды. Интеграцияланудың теріс жақтарынан гөрі оң жақтары басымырақ. Міне сондықтан да Қазақстан Республикасы дамудың интеграция жолын әр уақытта қолдайды. Интеграция әр уақытта да өз өзектілігін жоғалтпаған. Оған деген қызығушылық, КСРО ыдырап, әр бір бұрынғы Одақтас мемлекет өз тәуелсіздігін алғаннан кейін үдей түсті.
Жұмыстың өзектілігі оның ғылыми-теориялық негізі де дәлелдейді. Қазіргі кезеңде отандық дипломатия қызметінің даму шеңберінде алдынғы кезекте оның практикалық аспектісі орын алады. Дипломатиялық сферада жұмыс істеуші мамандар үшін, Қазақстанның ТМД елдерімен сауда - экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да байланыстарын ұйымдастыруда тиімді тұстарын пайымдауы, қажеттіліктерін анықтауда көмек ретінде ғылыми зерттеулердің қажет екендігі анағұрлым сезіледі.
Тақырыптың өзектілігін негіздейтін тағы бір факт, қазіргі кезде Қазақстанның ТМД-ның басқа елдермен белсенді қарым-қатынасы және жасалып жатқан екіжақты, көпжақты келісімдер. Мемлекеттер арасындағы қатынастардың көлемінің кеңеюі және дамуына байланысты ТМД органдарының іс-әрекеті күрделеніп, кеңейе түсуде.
Халықаралық қатынастар тарихы көрсеткендей, мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси, ғылыми және мәдениет салаларындағы толыққанды қатынастарды орнату кезеңінде мемлекетаралық институттар маңызды роль атқаратының көреміз.
ТМД елдерінің проблемаларын зерттеу, оның қазіргі даму тенденцияларын анықтау тәжірибесі Қазақстан сыртқы саясатының қалыптасуына негіз бола алады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмысты жазудағы автордың мақсаты қазіргі кездегі ТМД-ның ролі мен маңызын анықтау және осыған байланысты Қазақстанның позициясын көрсету. Жүйелі түрдегі посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістерді зерттеу және олардың халықаралық қатынастарға ықпалын жан-жақты ашып көрсету. Осы мақсаттарды жүзеге асырудағы міндеттер :
- Интеграциялық дамудың әлемдік маңызын зерттеу;
- Интеграция теориясын қарастыру;
- ТМД құрылуындағы мәселелерді қарастыру;
- ТМД интеграциясының экономикалық, әскери жақтарын қарастыру.
Деректемелер. Жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға негіз болған деректерді сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар - дипломатиялық құжаттар мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері; ТМД елдерінің екіжақты және көпжақты келісімдері; баспасөз материалдары.
Жұмыс жазу барысында автор келесі деректерге сүйенеді: ТМД шеңберінде көптеген салаларға арналып қабылданған құжаттарды қолдандым. Бірқатарын атап өтер болсақ, олар - “Соглашение о создании Содружества Независимых Государств”, “Алматинская декларация”, “Устав Содружества Независимых Государств”, “Соглашение о Таможенном союзе”, “Договор о создании Единого экономического пространства между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан” т. с. с. Бұл жұмыста мынадай мемлекет қайраткерлерінің еңбектерім қолдандым. Олар, Н. Ә. Назарбаевтың “Сындарлы он жыл”, “На пороге XXІ века”, “Евразийский союз: идеи, практика и перспективы“, Н. Р. Исингариннің ”10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решении“, ”Проблемы интеграции в СНГ“, “Транспорт магистраль экономической интеграции в СНГ”, ”Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции“. К. Токаев:”Под стягом Независимости“, ”Дипломатия Казахстана” т. б.
Баспасөз материалдарына тоқталар болсақ, “Казахстанская Правда”, “Панорама”, “Евразийское сообщество”, “Экономист” т. б.
Мемлекетаралық құқықтық мәселесімен танымал ғалым, еңбектері халықаралық мамандар арасында кең тараған М. А. Сәрсенбаевтың кітабы, бұл еңбектерде автор ТМД-ның саяси-құқықтық аспектілерін ашып көрсеткен.
Осы негізде бұл жұмыстар белгілі бір дәрежеде назар аударғанымен, бірақ, ТМД елдерінің қалыптасуы мен даму тарихы тереңірек әлі де болса зерттелмеген.
І. ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан
1. 1 Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық құрылуы
XXІ ғасыр адамзат тарихындағы ең дүбірге толы кезеңі. Әрине, сол дүбірлі оқиғалардың бірі де Кеңес Одағының социалистік лагерінің ыдырауы. Әлемдік қауымдастықтың қатары жаңа тәуелсіз мемлекеттер қатарымен толыға түсті. Бұрынғы Одақтас мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерінің аясында экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтармен бірде жеңіп, бірде жеңіліп дамып келеді. Қазіргі таңда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси егемендіктерінің халықаралық саяси стадиясының орнығуы аяқталды деп айтуға болады, тек бұл ғана емес қаржы-валюта, әлеуметтік-экономикалық жүйелері де құрылып бітті. Жаңа құрылған мемлекеттер арасындағы қатынастар үзілуге шақ қалды. Көп жылдар бойы орныққан экономикалық байланыстар да әлсірей бастады, ал бұл болса өз кезегінде әрбір жаңа мемлекеттердің экономикасына кері әсерін тигізді.
Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістің, әлеуметтік өмірдің мен интеграцияланушы мемлекеттердің ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздігін нығайтуға деген қажеттіліктің салдарынан туған халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа ағым. Бұл тақырыптың, Орталық Азиядағы интеграциялық үрдіске кіретін әрбір мемлекеттің дамуында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе жағдай жасауында да өз өзектілігін атап көрсетуге болады.
Президент Н. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында: «Ұлттық мүдделерді қорғауды. Сондай-ақ таяудағы және алыс перспективалардағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз - интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайтуға қарсы тұру емес, басқа мемлекеттің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем болуы тиіс» - деп атап көрсетті. 1
Орталық Азиялық интеграциялық үрдістің ерекшелігі жаңа тәуелсіз мемлекеттің тарихының, мәдениетінің, әлеуметтік-саяси, экономикалық негіздердің ұқсастығында. Бұл аймақтағы этнотерриторялдық жүйенің күрделілігі кейбір халықаралық немесе аймақтық қақтығыстың ошағына айналуы мүмкін және осы мәселелерді шешуде интеграциялық үрдістің тереңдігі басқа қажетті әдістермен қатар ол да шешуші роль атқаруы мүмкін.
Орталық Азиядағы су ресурстары мемлекеттер арасында теңдей бөлінбеген. Ірі-ірі деген өзендердің басы, ортасы, аяғы әр түрлі мемлекеттерде орналасқан. Тәуелсіздікті алғаннан кейін бірінші жылдардың өзінде-ақ бұл мәселе өз өткірлігін аңғартқан болатын. Осы аймақтағы ең ірі гидрологиялық жағдайлардың бірі Арал болып табылады. Әрине бұл мәселелерді интеграциялық құрылым шеңберінде бірге отырып шешкен шешім ең дұрысы деп ойлаймын.
Орталық Азиядағы интеграциялық ағымның спецификалық ерекшеліктерінің бірі аймақтағы барлық Мемлекеттердің теңіз-транспорттық коммуникациясына жолдың болмауы. Бұл аймақтарда кейбір державалардың болуы баланстың бұзылу мүмкіншілігін тудырады, ад бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі мүмкін, ал интеграциялық үрдістер барлық жағдайда айтылғандарға жауап ретінде және қатысушы топтардың геостратегиялық мүдделерінің өзара байланыстылықты, яғни корреляцияны талап етеді.
Назарбаев ТМД елдері үшін интеграциялық ынтымақтастық экономикалық қажеттілік қана емес, бұл керек десеңіз жақсару, тұрақтылық, керек десеңіз ертеңгі күнге деген стимул деп көрсетті.
Қазіргі таңда әлем өзара интеграциялық жүйе үрдісінде дамуда. Әлемнің көптеген аймақтарында сауда, экономикалық, валюталық, кедендік және саяси бірігулер болып жатыр. Бұл объективті және заңды үрдіс. Интеграция қазіргі таңда әлемдік дамудағы күшейіп келе жатқан тенденцияның бірі. XXІ ғасыр ол - интеграция ғасыры. Интеграциялық үрдістің өзара бағыныштылығын сезіну адамға әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұрынғы Кеңестік республикалар өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ішкі және сыртқы саясатын, саяси, экономикалық, әкімшілік, қаржылық реформалар жүргізу жолымен жасай бастады. Бұрынғы Кеңестер Одағының құрамына кірген мемлекеттердің алдында күрделі таңдау тұрды:
- Қол жеткізілген егемендікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу;
- Күшті мемлекеттің ықпалына қалып, олардың шикі зат көзіне айналу;
- Біріккен Еуропаны мысал, үлгі ете отырып, бұрынғы Кеңестер кеңістігінде жаңа еуразиялық даму орталығын құру.
Осылайша бұрынғы КСРО территориясында жаңа интеграциялық топтар пайда бола бастады: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Кедендік Одақ, Орталық Азиялық Кеңес, ГУУАМ т. б.
Экономика сөз жоқ, интеграцияның анағұрлым маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстар, сондай-ақ геосаяси жағдайдың ерекшелігі жиынтық экспорттық және транзиттік-көліктік әлеуметті тиімді пайдалану қажеттілігін талап етеді. Оның үстіне жоғарыда көрсетіп кеткен екі жақты негізде шеше алмайтын мәселелер бар. Атап айтсақ, суэнергетикалық ресурстарын және транзиттік-көліктік әлеуетін келіскен түрде, сондай-ақ ұтымды пайдалану, ауқымды экологиялық, яғни Арал теңізі ауданындағы апаттың салдарын бірлесіп еңсеру; аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру; терроризмге, діни экстремизмге және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі бірлескен қызметті үйлестіру туралы болып отыр.
Орталық Азия мемлекеттерін аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы (БЭК) шартқа 1994 жылы 30 сәуірде қол қоюмен нақты жүзеге асты. Қатысушылары Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан (1998 жылы 26 наурыздан бастап Тәжікстан шарттың толық құқықты қатысушысына айналды) .
Бұл келісімнің 1 бабы бойынша былай делінген: «Біртұтас Экономикалық Кеңістік Қазақстан Республикасын, Қырғызстан Республикасын, Өзбекстан Республикасы араларындағы, 1994-2000 жылдарға Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы арасында экономикалық интеграцияның тереңдеуі үшін бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылып отыр, бұл бойынша тауар, қызмет көрсету, жұмыс күшінің еркін қозғалысына, бірлескен кредиттік-есептік, бюджет, салық, баға, кеден және валюта саясатын қамтамасыз етеді»2.
Шартты дамыту тұрғысында 1994 жылы шілдеде президенттердің шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары - Премьер-министр кеңесі, Сыртқы Істер Министрінің кеңесі, Қорғаныс Министрлер кеңесі және олардың тұрақты қызмет істейтін жұмыс органы - Атқару комитеті құрылды. Атқарушы комитетке координациялық-кеңестік, болжау-сараптау, ақпараттық қызмет және Мемлекетаралық Кеңес пен оның институттарының шешімдерінің орындалуын бақылау, қадағалау жүктелді. Әрбір мемлекет Мемлекетаралық Кеңесте бір дауысқа ие. Шешім - жалпының келісімімен-консенсус арқылы жүзеге асады. Премьер - министр, Сыртқы Істер Министрлерінің кеңесі, Қауіпсіздік Министрінің кеңесінің мәжілісін жарты жылда, бір реттен кем болмауы тиіс. 3
Сөз болып отырған уақытта Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімдерге қол қойылды, оның капитала қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналарынан қалыптасады. Сонымен бірге Орталық Азия елдеріндегі экономикалық реформалар деңгейіндегі елеулі айырмашылық, Орталық Азия Одағының біршама оқшаулығы осы ұйымның шеңберіндегі жұмыстың жаңа нысандарын қажет етті. Сондықтан Мемлекетаралық Кеңестің мәжілісінде (1998 жылы 17-18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы - Орталық Азиялық Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді. Мемлекетаралық кеңес 1996 жылы тамызында Ресейді байқаушы ретінде қабылдады, 1999 жылы шілдесінде тап осындай мәртебені Грузия, Түркия және Украина алды.
Әлемнің жетекші мемлекеттерінің Орталық Азия мен Закавказға деген қызығушылықтары бірнеше себептермен түсіндіріледі:
- Біріншіден, олардың территориясы арқылы әуе-коммуникациялық жолар өтетін Азияның геостратегиялық маңызды жерінде орналасқан;
- Екіншіден, бұл аймақта - жер қазба байлықтары - қымбат металдар, темір рудалық шикізат, энергетикалық ресурс, соның ішінде Каспий үлкен қызығушылық тудырып отыр;
- Үшіншіден, бұл аймақ өте ауқымды, аз игерілген дайын өнімнің рыногы, ол табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланған сайын өсе түспек;
- Төртіншіден, жаңа тәуелсіз мемлекеттің өндірістік сферасында ықпалды позицияны ұстана отырып, әсіресе экспорт, транспортта, көрші мемлекеттер мен аймақтарға экономикалық жағдайларына әсер етуге болады;
- Бесіншіден, дәстүрлі көп ғасырлар бойы Ресей ықпалы мен ресей экономикасымен байланыстың әлсіреуі. Сондықтан аймақтың өзіндік дамуына қажеттілік, басқа саяси және экономикалық күштердің ықпалын тез қабылдағыш;
Орталық Азиялық мемлекеттерінің тәуелсіздік алуы мемлекетаралық ынтымақтастық пен аймақтық интеграция мәселелеріндегі жаңа стратегиялық тәсілдерді айқындауды қажет етті. 4
Орталық Азия елдерінің тиісті шарттары мен келісімдерінің орындалуына талдау жасау олардың саяси, сауда-экономикалық, әскери мәселелерін кең ауқымы бойынша ынтымақтастықты дамытудағы ұмтылсын көрсетеді. Қазақстанның ұстанымы өзара тиімді байланыстарды және әртарапты ынтымақтастықты дамыту, тереңдету жөніндегі қарқынды жұмысты жалғастыру қажеттігіне көңіл бөлуінен көрінеді. Бұл Орталық Азия халқының түпкі мүдделеріне жауап береді.
1. 2 ОАЭҚ шеңберіндегі интеграцияның тереңдеуі
2000 жылы 14 маусымдағы Душанбедегі ОАЭҚ мемлекетаралық кеңестің Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Қоғамдастықты дамыту перспективалары мен Орталық Азия аймағының су энергетикалық ресурстарын бірлесіп пайдалану туралы ой-пікір алмасты. Тараптар халықаралық су энергетикалық консорциумын құру туралы келісімге қол қоюға қатысты Қазақстанның ұсынысын қабылдады, консорциум аймақтың барлық мемлекеттері мүдделерінің жолында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. 5
ОАЭҚ шеңберіндегі интеграцияны тереңдетуге ұмтыла отырып, президенттер 2005 жылы кезеңге дейін арналған қоғамдастықтың даму стратегиясын бекітті. Бұл құжат экономикалық өзара іс-қимылдардың төмендегідей басымдық берілетін бағыттарда қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыруды көздейді.
- Сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру;
- Су және энергетикалық ресурстарды бірлескен түрде және ұтымды пайдалану;
- Көліктік-коммуникациялық жүйені дамыту саласында келісілген саясаттарды жүргізу;
- Қалыптасқан шаруашылық байланыстарды жетілдіру және импортты алмастыратын өндірісті дамыту;
- ОАЭҚ елдерінің халықтар арасындағы гуманитарлық мәдени байланыстарды кеңейту үшін мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
ОАЭҚ мемлекеттерінің 2002 жылы дейінгі кезеңге арналған біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдарының бағдарламасы бекітілді. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан ең алдымен еркін сауда аймағын, сосын тауарлардың, қызмет көрсетудің және капиталдардың ортақ рыногына шыға отырып, кеден одағын, төлем және валюта одақтарын кезең-кезеңмен құру арқылы экономикалық интеграция мен өзара іс-қимылдарды тереңдетуге уағдаласты. 6
Мемлекетаралық автокөлік жолдары мен теміржол траспортында, транзиттік жүкті үшінші елдердің рыногына шығаруды қамтамасыз етуде; Транс-Азия-Европа (ТАЕ) жолдарын жобалауда оң нәтижелер бар. Мемлекетаралық жерлерді жалға беру, автокөлікті, фармацевтикалық өндірісті және денсаулық сақтау салаларында келісімдер бар және олар жүзеге асырылуда.
Егер Еуропа құрлығының тарихына көз жүгіртсек, ол құрлық бүгінгі күнге дейін бірнеше ауыр соғыстар мен конфронтациялар, көптеген елдерге әрқашан қауіп төну жағдайында күш кешу сияқты аласапыранға толы жолды жүріп өткенін көреміз. Алайда, бұл қиындықтың барлығы тек интеграциялық процестердің арқасында ауыздықталғаның байқаймыз. Мысалы: Еуропаның екі ірі мемлекеті Германия мен Францияны алатын болсақ, екі ел тарихында да қан төгіс соғыстар болған олар 1870, 1914-1918, 1939-1945 жылдардағы соғыс. Бұл соғыстар тек Еуропаны емес, бүкіл әлемді тітіркендірді. Франция және Германияның сол кездегі басшылары де Голь мен Адэнауэр ол мемлектеттердің қауіпсіздігін конфронтациялар мен соғыстардан бас тартып, экономикалық ынтымақтастық жолына түсу керектігін сезініп, Еуропа бейбіт дамуға бет алды. 1951 жылы Еуропаның Болат және Көмір ұйымы 1957 жылы «Орталық Рынок құру туралы» Рим келісімінен кейін Еуропаның интеграциялық үрдісі серпіліс алып, 1993 жылы Маастрихт келісімі бойынша Еуропалық Одақ құрылды.
Немесе АСЕАН мүше елдерінің аймақтың интеграциялық тәжірибесін алайық. Оңтүстік-Шығыс Азияның бұл аймағы 60-80 жылдары «ұрыс даласы» болатын (Вьетнам соғысы, Камбоджа шиеленісі, т. б. қарулы қақтығыстар) . Бұл елдердің арасындағы жанжалдар себебі негізінен экономикалық жайттардан туындаған еді, мысалы, балық аулауға байланысты шекаралық тартыстар, су және орман ресурстарын қолдану т. б. Сонымен бірге бұл аймақтағы ірі көлемдегі соғыстардың болуына сыртқы факторлар да әсер еткен болатын, яғни «қырғи қабақ» соғысы кезеңі, аймақтан тыс мемлекеттің тікелей араласуы.
Дегенмен, 90 жылдары АСЕАН-ның сәтті құрылуы нәтижесінде бұл аймақ жайлап, әсіресе, Үндіқытай жарты аралы, соғыс даласынан рынокқа айналды. Оңтүстік-Шығыс Азияда геосаяси парадигмадан геоэкономикалық парадигмаға өту кезеңі болды. Аймақтың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға ұмтылысы АСЕАН-ға мүше елдердің 1992 ж 2 қаңтарда болған ІV конференциясында Сингапур Декларациясына қол қоюдан байқалады.
Экономикалық интеграцияның маңыздылығы жөнінде айта келе, АҚШ-тай ірі, күшті мемлекеттердің де мұндай бағытқа мұқтаждығы бар екенін айта кету керек. Бұған дәлел, АҚШ, Мексика және Канада құрған экономикалық НАФТА ұйымы. Экономикалық ахуалы мықты бола тұра, өз арасында экономикалық ынтымақтастықты күшейтуді жолға қойған бұл елдердің ұстанған экономикалық бағыты интеграциялық өмір саясатының маңызын арттыра түседі. Осы айтылғандардың бәрін түйіндей келе, әлем бүгінде - ғаламдық, аймақтық блоктар жиынтығы. Орталық Азия мемлекеттері де өзекті мәселелерді бірігіп шешуге, интеграциялануға талпынуда.
Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздік алуы нарықтың экономиканы құруда жаңа стратегиялық қадамдарды сонымен бірге мемлекетаралық ынтымақтастық және интеграциялық процестерді жеделдетуі, заман талабына сай құруға бағытталады. Орталық Азиялық мемлекеттерінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелердің ұқсастығы елдердің шешімін табуда ынтымақтастықты тереңдетуді талап етеді. Ортақ шекаралар, көліктік және сол сияқты коммуникациялық байланыстың болуы, табиғи шикізат қорының молдығы, өнеркәсіп өндірісті кооперацияға, біріккен кәсіпорындар құруға және агроөнеркәсіптік кешендер құруға алғышарттар жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz