Халықтың өмір сүру деңгейінің және кедейшіліктің индикаторлар жүйесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3б
1 Экономикалық даму деңгейі және кедейшілік
1. 1 Қазақстандағы әлеуметтік - экономикалық
даму көрсеткіштері5б
1. 2 Еңбек нарығы8б
1. 2. 1 Жұмыспен қамтылу 8б
1. 2. 2 Жұмыссыздық10б
1. 3 Интегралды көрсеткіштер12б
1. 3. 1 Халықтың кедейлік индексі (ХКИ) 12б
1. 3. 2 Адам дамуының индексі(АДИ) 13б
1. 3. 3 АДИ гендерлік факторды есепке алғанда (АДИГФ) 16б
1. 4 Қазақстандағы Мыңжылдық Дамыту
Мақсаты (МДМ) 17б
2 Қазіргі кедейшілік жағдайын талдау
2. 1 Халықтың материалдық әл-ауқаты,
кедейшілік және теңсіздік19б
2. 1. 1 Табыстар19б
2. 1. 2 Шығыстар23б
2. 1. 3 Кедейлік және теңсіздік24б
2. 2 Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сүру деңгейі
және кедейшілік мониторингінің индикаторлары28б
3 Халықтың кедейшілік деңгейін төмендету
3. 1 Халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі қоғамдық
институттардың ролі36б
3. 2 Қазақстандықтардың өмір деңгейін көтеру және кедейшілікпен
күрес39б
Қосымша. Карталар
2004жаймақтар бойынша адам дамуының индексі43б
2004ж аймақтар бойынша халықтың кедейлік индексі44б
2004ж күнкөрістің ең төменгі деңгейі45б
2004ж аймағы мен тұрғылықты жері
бойынша кедейлік деңгейі46б
2004ж аймақтар бойынша кедейлік деңгейі47б
Қорытынды48б
Қысқартылған сөздер49б
Қолданылған әдебиеттер тізімі50б
КІРІСПЕ
Кедейшілік - халықтың ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтылуы біршама төмен деңгейде тұрған, сонымен қатар өзінің табиғи -физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін төмен деңгейде қанағаттандыратын бөлігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Кедейшілік деңгейінің өсуінің негізгі себебі еңбек рыногында жұмысшы күшіне деген сұраным теңгерімінің дұрыс болмауы нәтижесінде туындайтын жұмыссыздық болып табылады; еңбекақы, зейнетақы жəне жәрдемақы мөлшерінің төмен болуы; алыс елді мекендерде тұратын халықтың кедей тобын әлеуметтік жатсынуға әкелетін физикалық инфрақұрылымдардың нашар болуы; тегін білім беру және тегін медициналық көмек көрсетуге қол жеткізудің аздығы; халықтың кедей тобына берілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігінің төмендігі.
Бұдан басқа, халықтың кедей тобын дәстүрлі қамтып отырған - көп балалы отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер жəне т. б. əлеуметтік кедейшіліктен басқа, экономикалық кедейшілік кездеседі. Ол айлық жалақы мөлшерінің төмендігінен, оның уақтылы төленбеуінен, жасырын жұмыссыздық салдарынан жұмысқа қабілетті азаматтардың əлеуметтік құптауға болатын тұрмыс деңгейін қамтамасыз ете алмауына себеп болады.
Сонымен қатар, кедейшілік мəселесін шешу үшін қоғамның барлық институттары: мемлекеттік органдар, жеке сектор, үкіметтік емес ұйымдар, бірлестіктерді, кəсіби одақтарды қоса алғанда, белсенді қатысуы мен өзара іс-қимылы көзделеді.
Барлық елде қабылданған бағдарламалар "Қазақстан - 2030" ұлттық бағдарламасына, оған сәйкес қабылданған 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының даму Стратегиялық жоспарға сәйкес әзірленеді және 2000 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында Мыңжылдық Деклара-циясы шеңберінде қойылған Мыңжылдық даму мақсаттарын іске асыруға көзделген.
Бұл жұмыста көрсетілген халықтың өмір сүру деңгейінің және кедейшіліктің индикаторлар жүйесі адам даму концепциясының негізінде әзірленді, оған сәйкес:
- адам дамуы кейбір жағдайларда адам потенциалының дамуы ретінде аударылатын, адамдарды, бастысы ұзақ және сау өмір сүруге, білім алып және өмірдің лайықты деңгейіне қажетті қорларға қолжеткізе алуға мүмкіндіктер болып табылатын адам өмірінің барлық аспектілерінде, кеңірек талға -мен қамтамасыз ету процесі ретінде анықталды;
- кедейлік ол тек қана тамақтану, киім, тұрмыс үй, денсаулық сақтау және білім беру сияқты негізгі қажеттіліктерді қанагаттандыруга қажетті жеткілікті табыс немесе мүмкіндіктердің болмауы ғана емес, сонымен қатар сау жгне ұзақ өмір сүруге, білім берудің жеткілікті дәрежесіне, қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктеріне және өзге де әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді қанагаттандыруға жеткілікті табыс деңгейінің болмауы ретінде анықталады.
Адам дамуының және кедейшіліктің барлық аспектілерін сипаттау үшін өмірдің сапасын сипаттайтын көрсеткіштердің үлкен бөлігі қолданылады. Қазіргі уақытта БҰҰ өткізетін өмір сапасының халықаралық салыстыру тәжірибесінде өмір сапасын өлшеу үшін өмір сүру ортаның экологиялық параметрлерің демографиялық, экономикалық, құқықтық аспектілерің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және т. б. даму аспектілерін айқындайтын елдер деңгейінде 150-ге жуық көрсеткіштер пайдалынады. Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сүру деңгейінің және кедейшілік мониторингінің индикаторлар жүйесін әзірлеу барысында бұл көрсеткіштердің көбісі пай-даланылды, сонымен қатар адам дамуының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер пайдаланылды [3] .
Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі кешенді бағдарламасы болып 2003 жылы қабылданған 2003-2005 жылдарда Қазақстан Республикасының кедейшілікті азайту жөніндегі бағдарлама болып табылады, ол кедейлікті азайтудың сәйкес аясындағы мәселелерді шешетің жекелеген мемлекеттік және салалық бағдарламаларда қойылған мақсаттар мен міндеттірді қамтиды [4] .
Экономикалық даму деңгейі және кедейшілік
1. 1 Қазақстандағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштері
2004 жылы ЖІӨ өндіріс көлемі нақты айтқанда 1990 жылдың жоғарғы деңгейінен 3, 5% артық болды. Сонымен қатар Қазақстан 14жыл ішінде эко-номикалық дамуда үш кезеңнен өтті: 1) 1991-1995 жылдары өндірістің жыл сайын 8, 8% төмендеуі-нең 2) 1996-1998 жылдары ЖІӨ-нің өндіріс көлемі 1995 жылғы деңгейде қала берді; 3) Еліміздегі экономикалық потенциалды орнына келтіруде 1999-2004 жылдары орташа жылына 9% өсті.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) мәліметтері қарқынды экономикалық өсуді көрсетіп отыр. Ең жоғарғы қарқынды өсу 2001-2003 жылдары Қазақстаннан басқа (орташа жылына 110, 9%) Әзербайжанда байқалып отыр. Ал Ресейде экономиканың қарқынды өсуі бірталай төмен (107, 2%), индикаторлардың белгіленген мақсаты бойынша ЖІӨ-ді 2010 жылды 2000 жылмен салыстырғанда екі есе көбейту керек болатын-оның орташажылдық қарқынды өсуі 2001-2003 жылдары, 105, 7% ғана құрап отыр. Әлемдегі экономикасы тез дамып келе жатқан елге Қытай экономикасы жатады, оның орташа жылдық қарқынды өсуі 1998-2001 жылдары 107, 7% құрады. Сонымен Қазақстанды әлемдегі экономикасы дамып келе жатқан елдер санына жатқызуға болады. Бұл халыққа әлеуметтік көмек көрсету, ке-дейлікті қысқарту мен халықтың өмір сүру деңгейінің қалыпты өсуі жоспарын орындауға мүмкіндік береді.
2010 жылға дейін Қазақстанның экономикасы параболалы қүлгі бойынша дамып. ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны жоқ дегенде 9% құрайды. Осы арқылы 2010 жылы 2000 жылдың деңгейінен 2, 5 есеге, ал 1990жылдың деңгейінен екі есе көп болады. Бұл Қазақстанның ЖІӨ-мін 2000 жылдың деңгейін 2020 жылға салыстырғанда 5 есеге, 2030 жылға 8 есеге көбеюін көрсетеді.
Физикалық көлем индексінін экономиканың негізгі бессалалары бойынша қарастыруы экономиканың даму динамикасы белгіленген жылдары едәуір ерекшеленді.
Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 1994-1999 жылдар аралығында, атап айтқанда 6 жыл ішінде 1990жыл-дың жарты көлемін құрады, ал содан кейін өндірістіңөсуі байқалды. Осы арқылы 2006 жыл-дың деңгейін 1990жылдағы деңгейді асып түсуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі аз көлемді өсуде, 2004 жылы 60, 6% ғана құрады.
Құрылыста 1997 жылдан бастап жоғары қарқынды өсуді байқауға болады, бірақ алтыдан астам есе қысқартымды қалпына келтіруге ұзақ уақыт кетеді.
Көлікте тасымалдау көлемдері тауар өнімінің көлеміне байланысты, осы арқылы 2004 жылы 1990 жылдың деңгейіне тек 67, 3% құрады.
1990жылы экономиканың негізгі салалары бойынша ауыл шаруашылығымен өнеркәсіп ЖІӨ-нің 34 және 20, 5% құраса, 2004 жылы ЖІӨ өнеркәсіптің үлесі бір жарым есе көбейді (31, 1%-ға дейін), ал ауыл шаруашылығы керісінше 4, 3% есеге қысқар-ған (7, 9%-ға дейін) [9] .
ЖІӨ-де екінші орын деңгейін сауда алып отыр (11, 4%), бұрын ол бесінші орынды құраған (8, 2%) .
1991-2003 жылдарда Қазақстандағы ЖІӨ және экономиканың жекелеген салаларының физикалық көлем индексі
Баға динамикасындағы теңсіздікпен физикалық көлем индексінің теңдігі ЖІӨ салалар үлесінің өзгеруіне алып келеді. Ауыл шаруашылығымен көліктің физикалық көлем индексінің біркелкілігіне қарамастаң ЖІӨ бірінші саланың үлесі 4 есеге дейін қысқарғаң ал екіншісі керісінше 1, 2 есеге артқан. Бұл барлық экономикаға қарағанда, ауыл шаруашы-лығы бағасының 2, 5 есеге аз өскенін көрсетеді, ал көлікте керісінше -1, 9 есеге өскен.
Соңғы жылдары Қазақстанда шикізат бағытының өсуін байқауға болады. 1990 жылы ЖІӨ-нің 0, 5% тек қана мұнай газ секторы бағытымен байланысты болса, 2003 жылы 14, 3% жуық болды.
Өнеркәсіп өндірісі мұнай газ секторымен 36%-ға байланысты, құрылыс 39%-ға, көлік 11%-ға және жылжымайтын мүлік операциясы 3, 2%-ға байланы-сты. Экономиканың осы күйде дамуы экономикалық қауіпсіздікті төмендетеді және еліміздегі экономиканың бірқалыпты дамуына қауіп төндіреді.
Республикамызда 1993-2001 жылдары халықтың санының қысқаруы нәтижесінен 1990жылдағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 9%-ға-аз қарқынды қысқарып отырғаң сол арқылы 1990жылдың деңгейінен 2003 жылы көлемі асты. 1999 - 2004 жыл аралығында жан басына шаққандағы ЖІӨ 1, 9 есе-ге өскен - 4, 3 тен 7, 2 мың АҚІІІ доллары ұлттық валютаны сатып алу қабілеттігінің тепе-теңдігі (СҚТ) бойынша, бұл Қазақстанға ТМД елдер ішінді екінші орын алуға мүмкіндік береді, біздің баға бойынша СҚТ 9, 7 мың АҚІІІ долларына тең) [10] .
Әлемдегі жоғары дамыған елдердің жан басына шаққандағы ЖІӨ өндірісінің көлемі Қазақстанға қарағанда 4-5 есеге көп. Норвегия, Швеция, Германия және Жапонияда СҚТ бойынша 30 мың АҚІІІ долларынан асып отыр. Ал Шығыс Европада Венгриямен Чехияның көрсеткіштері Қазақстаннан екі есеге жоғары, ол 13-16 мың АҚІІІ доллары. Дүниежүзілік банктің классификаторлары бойынша Қазақстан орташа деңгейлі табысы елдер қатарына кіріп отыр. ЖІӨ салыстырғанда мемлекеттік бюджет шығысының көлемі соңғы 10 жылда 1991 жылға қарағанда азырақ, әлеуметтік қажеттіліктер шығынын толық шектеп отыр. Басқа мәліметтерге қарағанда 1995-2004 жылдардың мәліметтері көбірек салыстырмалы.
Сонымең егер әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке шығыстардың үлесі ЖІӨ-нің 0, 8% құраса, халықты әлеуметтік қолдаудағы өткір қажеттіліктер үшін 1999жылы 7, 9%-ға дейін алып келді. 2000-2004 жылдарда экономикалық жағдайдың едәуір жақсаруы, бұл қажеттіліктерге шығыстар үлесін 4, 9%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджеттегі білім беруге шығыстардыңүлесі 1995 жылдан 2001 жылғадейінһ ке-зенде екі есе қысқарды(ЖІӨ-ге 4, 5%-дан 3, 2%-ға), ал 2004 жылы бірталай өсті (3, 4%-ға) .
Басқа елдер ішінде білім беруге шығыстардың ең жоғарғы деңгейін ЖІӨ-ге пайызбен Белоруссиядан байқауға болады - 6%, және Украинада - 4, 2%.
Чехия, Венгрия және Польшада білім беруге шығыстардың деңгейі Қазақстанға қарағанда бір жарым есе жоғары - 4, 4, 5, 1, және 5, 4%-ға.
Денсаулық сақтауға шығыстар үлесі 1995жыл-дан 1998 жылға дейінгі кезеңде екі есе төмендеді (ЖІӨ-нің көлемдеріне 3, 0%-дан 1, 5%-ға), ал 2004 жылға 1, 6 есе өсті(ЖІӨ-нен 2, 4%-ға) .
Шығыс Европа елдерінде, Чехия, Венгрия, және Польшада бұл көрсеткіш сол қалыпты жоға-ры- 6, 7, 5, 1және4, 4%.
Сонымен Қазақстандағы білім берумен денсаулық сақтауға шығыстары көп елдер деңгейінен төмең сол сияқты дамығаң дамып келе жатқан және ТМД елдерінде алғанда.
1. 2 Еңбек нарығы
1. 2. 1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ
Экономиканың тұрақтануы еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысын көбейтеді және халықты жұмыспен қамтуды жоғарылатады. Республикамызда еңбек күші 2000-2004 жылдары жыл сайын орташа 157 мың адамға көбейген және 2004 жылы 7, 8 млн. асқаң экономикалық белсенді халық деңгейі 70%-жетті.
2000 жылдан бастап Республикамызда халықтың жұмыспен қамтылудың нақты өсуі байқалады. 2004 жылы еліміздің экономикасында 7, 2 млн. адам жұмыспен қамтылған, мұны 2000 жылмен салыстырғанда 10, 3%-ға жоғары, 2003 жылдан бастап сәйкесінше 2, 8%. Жұмыспен қамтылған халықтың деңгейі 15 жас және одан жоғары жастағыларға шаққанда 64% құрады (2000 жылы -57, 6%) .
Экономикамыздағы нарықтың өзгеруіне байланысты, орта және шағын бизнестің даму нәтижесінде, жеке меншік кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың үлесі өсуде. Өткен жылы жұмыспен қамтылғандар 5, 4 млн. жуық адам немесе жеке меншік кәсіпорындармен ұйымдарда 75, 3%, 1, 8 млн. адам, немесе 24, 7%- мемлекеттік мекемелермен ұйымдарда жұмыспен қамтылған.
2004 жылы ауылдық жердегі жұмыспен қамтылғандардың деңгейі қалалық жердегілерге қарағанда жоғары болды (92, 9% қарсы 90, 6%-ға) . Бұл көп жағдайда ауылдық жердегі халықтың өз бетімен жұмыспен қамтылуымен байланысты (55, 1% жұмыспен қамтылғандар санынан) .
1. 2. 2 Жұмыссыздық
Жұмыссыздық пен халықтың төменгі табысы Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі болып қала береді. 2004 жылы Республикамызда жұмыссыздық деңгейі 8, 4% қалыптасты. Қалалық жердегі жұмыссыз халықтың саны 416, 7 млн. адамды құрады (63, 3%), жұмыссыздық деңгейі 9, 4%. Ауылдық жерде, сәйкесінше 242, 1 мың адам (36, 7%) және 7, 1%. Ауылдық жердегі жұмыссыздықтың төмен деңгейі олардың өз бетінше жұмыспен қамтылуына байланысты.
2000жылдан бастап еуропаның кейбір елдерінде жұмыссыздық деңгейі көбеюде, әсіресе Шығыс Еуропа елдерінде.
Еңбек нарығында жас тұлғалардың жұмысына бейімделу мәселесі ереше өткірлікке ие болуда. Жалпы жұмыссыздық деңгейі төмендегенімен жұмыс-сыз жастардың үлесі (15-24 жастағы) едәуір көбірек. 2004 жылы осы жастағы топтың жұмыссыздық деңгейі 29% құрады, олардың жалпы санына алғанда. Жастардың жұмыссыздық деңгейі 14, 3% қалыптасты, бұл әлемге қарағанда 5, 9% жоғары [12] .
Соңғы жылдары ұзақ уақыттық жұмыссыздық деңгейінің төмендеп келе жатқаны байқалады. 2004 жылы бұл көрсеткіштің көлемі 5, 1% құраған ( 2003 жылға қарағанда 0, 2% төмен) . Бірақ ұзақ уақыт жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздардың үлесі әліде едәуір көбірек: жұмысы болмаған немесе сабағы бір жылдан жоғары 258, 3 мың адам (40, 3% олардың жалпы санынан) . Жұмыссыздар ішінде бір жыл және одан көп уақыт жұмыс іздеген ерлер 36, 5%, әйелдер 63, 5% құрады. Ерлер арасындағы ұзақ уақыттық жұмыссыздық деңгейі 3, 8%, ал әйелдер арасында- 6, 4% қалыптасты.
Жұмыс іздеу ұзақтығы бойынша жұмыссыз халықтың құрылымы жастық құрамы бойынша ерекшеленеді. Жұмыс іздеу ұзақтығы 25-39 жастағы тұлғалар арасында белгіленеді. Бір жыл және одан көп уақыт жұмыссыз болған жұмыссыздар ішінде олардың үлесі 42% құрады, ал 40-54 жастағы тұлғалар 31, 1%, 15-24 жастағылар - 21, 8% құрап отыр.
1. 3 Интегралды көрсеткіштер
1. 3. 1 Халықтың кедейлік индексі (ХКИ)
1998 жылы Қазақстанда алғаш рет халықтың кедейлік индексі есептелінген болатын. Қазақстан үшін ХКИ, БҰҰДБ ұсынылған, республиканың даму ерекшеліктерін ескеретін жғне өзіне төрт көрсеткішті қосатын 1 және 2 (сәйкесінше дамушы және дамыған елдер үшін) халықтың кедейшілік индекстері негізінде әзірленді.
- 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесі;
- 16 жасқа дейінгі білім берумен қамтылмаған жастардың үлесі;
- кіріс (тұтынудағы) күнкөріс минимум шамасынан төмен халықтың үлесі;
- жұмыссыздық деңгейі;
Жалпы алғанда республикалық деңгейде халықтың 30%-ға жуығы 60 жасқа өмір сүрмейді. Бұл туылған кездегі болжалынатын өмір ұзақтығының әлі күнге төмен болуымен байланысты - барлығы 1998 жылы 64, 5 жас және 2004 жылы 66, 2 жас. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштің динамикасының ұзақтығына байланысты, 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін халық үлесінің: 1998 жылдағы 33%-дан 2004 жылы 30, 3 %-ға қысқартылуы байқалады.
Өңірлік қимада бұл көрсеткіштің қарқыны 10 пайыздық тармақты құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша ең бишара Қарағанды облысының тұрғындары болып табылады, онда 1998 жылы 60жасқа дейін халықтың тек 37, 8 % ғана, ал 2004 жылы халықтың 36, 7% ғана өмір сүрді. Тіпті ең сәтті Астана және Алматы қалаларда халықтың төрттен бір бөлігі ғана 60 жасқа дейін өмір сүреді.
Халықтың санағы деректері бойынша орта білімі жоқ 16 жастағы жасөспірімдердің 10, 8% ешқайда оқымаған. Есептер, 2004/2005 оқу жылдарының деректер бойынша жүргізілген есептер, оқу жылының басына бұл көрсеткіш 1, 1%-ғадейін қысқаратынын көрсетті, яғни орта білімді алумен байланысты жағдай едәуір жақсара бастады. Өңірлік қимада бұл көрсеткіштің түрлері 1998/1999 жылдары 4, 9 - дан 16, 2%-ға дейің ал 2004/2005 жыл-дары -0-ден 12%-ға дейін шеңберде болған [13] .
ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша Қазақстан халқының 34, 5% 1999 жылы күнкөріс минимумынан төмен тұтыну деңгейі бол-ды, ал 2004 жылы 16, 1% құрады. .
Өңірлік аспектіде бұл көрсеткіштің саралануы өте мәнді. Бұл көрсеткіш бойынша 2004 жылға дейін республиканың оңтүстік, сонымен қатар Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстары ең төмені болып табылады, онда бұл көрсеткіштің мәні 1999 жылы 35%, ал келесі жылдары - 25% құрады. 2004 жылы кедейшілік белгілі төмендеді. Тек төрт аймақ бойынша бұл көрсеткіш 20% жоғары болды: Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстарында.
Жұмыссыздық деңгейі бойынша деректер, 1998-2000 жылдар үшін еңбек ресурстарының балансы негізінде есептелгең ал 2001-2003 жылдар үшін- жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық мәселелері бойынша 21 мың үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижелері, жұмыссыздықтың ең үлкен мәні 1999 жылы - 13, 5%-ға, және оның 2004 жылы 8, 4% деңгейге дейін төмендеуін көрсетеді. Өңірлік аспектіде бұл көрсеткіш 1998жылы 8-15% шеңберінде сараланады, ал 2004 жылы - 7-10%-ға.
Жоғарыда көрсетілген деректер негізіндегі Қазақстан халқының кедейлік индексінің есептеулері, 1999 жылы халықтың 26, 2%, ал 2004 жылы -20, 1% адам даму мүмкіндіктері тұрғысынан кедей болғаның 1999 жылы Атырау, Қызылорда, Павлодар және Оңтүстік-Қазақстан облыстарының тұрғындары ең бишара (халықтың үш бөлігі) болғанын көрсетеді. Кейінгі жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары ең бишара болды, ал 2004 жылы тек Атырау облысы - 23, 6%-ға. Ең жақсы жағдай Астана және Алматы қалаларында байқалды, онда 2003 жылы ХКИ 17% деңгейден төмендеді, бірақ 2004 жылы Алматыда 2004 жылы 18, 1 %-ға қайта жоғарылады. Қалған өңірлерде жағдай ұқсас: ХКИ 18, 9% (Алматы облысында) -23, 2% (Қарағанды облысында) шектерде болды.
1. 3. 2 Адам дамуының индексі (АДИ)
2004 жылғы адам дамуы жөніндегі бүкіл әлемдік есептерінің жинағы бойынша Қазақстан 78 орынды алып отыр. Қазақстандағы рейтингтпен АДИ төмендеуінің көрсетілуі, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының критерийлерінің келісімі бойынша БҰҰ-ның балалар өліміне баға беруіне байланысты, барлық ТМД елдері бойынша. Бұрын бұл көрсеткіш Кеңес Одағы кезінде қабылданған методология бойынша есептелетін.
Нәтижесінде, туылғанда күтілетін өмір ұзақтығының (КӨҰ) көрсеткішін төмендетуін қайта қарастырды - Арменияда 0, 8 жылдаң Азербайжанда 5, 2 жылға дейін. Қазақстанда туылғанда күтілетін өмір ұзақтығы (КӨҰ) 3 жылға дейін төмендетілді, бұл күтілетін өмір ұзақтығы индексін 50 мың тармаққа, ал АДИ 17 тармаққа төмендегенін көрсетеді. Егер күтілетін өмір ұзақтығы қайта қарастырылмаса, онда Қазақстандағы АДИ өсуі 78 орыннан әлемдегі 74 орында болушы еді.
Есептер 1990 жылдан 1995 жылдар арасындағы кезеңде Қазақстандағы адам дамуы индексінің 0, 776 дан 0, 726-ға дейін төмендегенін көрсетеді. Бұл 52%-ға күтілетін өмір ұзақтығының төмендеуіне, халықтыңжан басына шаққанда ЖІӨ өндірісінің 37%-ға, білім берумен қамтылудың 11%-ға қысқаруына байланысты. 1996-2004 жылдарда АДИ өсті, бұл 48% халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ өңдірісінің өсуімең 27%-ға күтілетін өмір ұзақтығының жоғарылауымен 25%-ға біліммен қамтылудың өсуіне байланысты болды.
Адам дамуы индексінің ақырын өсуіне қарамастан Қазақстанның аймақтық дифференциациясы осы көрсеткіш бойынша күшеюде. Егер 1990 жылы аймақтық АДИ жоғарғы мағынасының көрсеткіші аймақтық ДЦИ төменгі мағынасынан 6 %-ға жоғары болса, 2004 жылы 20% көрсетіп отыр. Біріншіден бұл аймақтық көлем өндірісінің жан басына шаққандағы ЖАӨ арасындағы айырмашылықтың сақталуына байланысты, 2004 жылы 12, 1 есені құрады. Жан басына шаққандағы табыстар бойынша аймақтық төменгі айырмашылығы - 2004 жылы 2, 9 есе болды. Осының нәтижесінде аймақтық табыс индексі ерекшеленеді. [14] .
АДИ динамикада қарастыруы, Қазақстанның аймағындағы адам дамуы 1995-1996 жылдары ең төменгі деңгейге жетті. Соңғы жылдардан бастап Қазақстан аймақтық адам дамуы деңгейі бойынша (АДИ) үш топқа шоғырланады:
- адам дамуының салыстырмалы жогаргы деңгейімен (Астана мен Алматы қалалары), олардың АДИ соңғы үш жылдары 0, 8 асады;
- адам дамуының орташа республикалық деңгейімен (Ақтөбе, Батыс-Қазақстаң Қараганды және Павлодар облыстары), 0, 777 - 0, 798 шеңберіндегі АДИ-мен;
- адам дамуыны салыстырмалы төмен деңгейімен (Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан және Оңтүстік-Қазақстан облыстары), онда АДИ 0, 77 шеңберінде[5] .
1. 3. 3 АДИ гендерлік факторды есепке алғанда (АДИГФ)
1999-2004 жылдардағы гендерлік ерекшеліктері күтілетін өмір ұзақтығы бойынша белгілі жоғарылады, оған қарамастан әйелдер арасында күтілетін өмір ұзақтығы 1 жылға, ерлерде - 0, 3 жылға өсті.
Экономикалық белсенді халық ішіндегі әйелдердің үлесі өсті, ал әйелдермен ерлердің жалақыларының арақатынасында 5, 9% төмендеді. Нәтижесінде халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіріс көлемдерінің әйелдерге жалақылардың пропорционалды төленуіне сәйкес келетін 2967 СҚП бойынша АҚШ долларына өсуіне қарамастан бір әйелге шаққанда ЖІӨ СҚП бойынша тек 2059 АШ долларына өсті.
Осы деректер есепке алынған адам дамуының жекелеген компоненттерінің индекстерін және жалпы халық бойынша және гендерлік қимада АДИ есептеулері адам дамуының барлық көрсеткіштердің, әйелдер және ерлер үшің екі жыл ішіндегі жақсаруын көрсетеді. Сонымен гендерлік теңсіздік адам дамуының негізгі барлық компоненттері бойынша жақсарды.
1. 4 Қазақстандағы Мыңжылдық Дамыту Мақсаты (МДМ)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz