Қазақстан мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы және перспективасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

XXІ-ғасыр Қазақстан мұнайының ғасыры болады.

Н. Назарбаев.

Қазақстан мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы және перспективасы.

Алматы, 2003

Жоспар

Кіріспе

Қазақстан мұнай-газ кешенінің даму тарихы.

І 1. Қазақстан республикасының мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы мен негізгі проблемалары

  1. Мұнай-газ потенциалы.
  2. Мұнай өндіру қарқыны.
  3. Мұнай өңдеу көлемі.

2. Құбыр жүйелерінің мүмкіншілігі

2. 1 КТК құбыры және оның проблемасы

ІІ. Мұнай саласындағы шетелдік инвестиция мен компаниялар

Қорытынды

ІІІ. Мұнай-газ кешенінің Қазақстан экономикасындағы маңызы.

Кіріспе.

Әр мемлекеттің қаншалықты дамығандығын оның отын-энергетикалық кешенінің даму қарқынына қарап бағалауға болады. Сол отын энергетикалық кешенінің бір саласы- мұнай-газ өнеркәсібі Қазақстан Республикасы экономикасының маңызды саласына айналды. Табиғаттың халқымызға берген байлығы мұнай-газды қарқынды пайдаланып қалу, әлемде энергияның дәстүрлі емес көздерінің қолданысқа түсу мүмкіндігіне де байланысты болып отыр.

Мұнай үлкен байлық.

Сол мұнай қоры бойынша әлемдегі бестікке кіру мүмкіндігін ойласақ және мұнайдан түскен табыс бюджеттік түсімнің 30-40 процентін құрайтының ескерсек, мәселенің өзектілігі өз-өзінен ашылады. Осындай себептерге байланысты мұнай-газ саласын тиянақты зерттеу қажеттілігі туады.

Сондықтан біз ғылыми жұмысымызды осы тақырыпты жан-жақты талқылауға арнадық. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты мұнай-газ кешенінің қазіргі кездегі жағдайын, болашағын бағалдау, және экономикамыздағы маңызына тоқталу.

Тарихына көңіл бөлдік және кейбір салалардың (өңдеу, өндіру) кемшіліктеріне, даму перспективаларына баға бердік. Біз бұл жұмыста мұнай саласын тарихи - экономикалық аспект тұрғысынан қарадық. Ғылыми жұмысқа мерзімді басылымдардың, электронды ақпарат құралдарының, интернеттің, оқу құралдарының, ғылыми еңбектердің материалдары пайдаланылған.

Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің тарихы ертеден қалыптасқан. Өлкедегі мұнай туралы алғашқы мәліметтер І-Петрдің 1717-жылы Хиуаға жіберген А. Бекович-Черкасск әскери экспедициясынан түсті.

Патша өкіметінің билігін нығайту үшін жүргізілген көптеген ғылыми экспедициялар Қазақстанның жекелеген аудандарының табиғи ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтер беріп отырды.

1768-1774-жылдары Ресейдің ғылым акедемиясы Қазақстан териториясына бірнеше экспедициялар жіберді. Оларды белгілі ғалымдар П. С. Паллас, И. И. Лепехин, И. П. Фальк (Орал маңына), С. Г. Гмелиным (Манғышлак түбегіне) басқарды.

Кейіннен геологиялық іздеу жұмыстарын маман инженер геологтар жүргізді. Олар тапқан мұнай кен орындары орыс және шетел кәсіпкерлеріне берілді.

1899-жылы қарашада Орал-Ембі өлкесіндегі Қарашұңғыл скважинасынан 1- мұнай фонтаны атқылады. Тәулігіне 20-25 тонна мұнай берген скважина барлығы 5 мың тонна мұнай берді.

Бұл скважина Петeрбургтік кәсіпкерлер В. Е. Грум-Гржимайло, Леман, Деппельмайердің компаниясына қарайтын.

1910-жылы Леман ағылшын кәсіпкерлерімен бірігіп Орал-Каспий мұнай қоғамдастығын құрды.

Ғасыр басында қазақ жерінің мұнайы туралы мол зерттеулер жүргізілді бірақ мұның бәрі барлау немесе беткі қабатты ғана бұрғылау жұмыстарынан тұрды.

Бірінші өнеркәсіптік ізденістер Орал-Каcпий мұнай қоғамы жүргізген Доссор, Иckин, Мақаттағы терең бұрғылау жұмыстары болды. Соның ішінде Доссор сәтті болды 1911-жылы 29-сәуірде 225-метрлік скважинадан қуатты мұнай фонтоны атқылады.

Доссор фонтоны ағылшын, неміс, орыс өнеркәсіп-шілерінің арасында едәуір бәсекелестік туғызды.

Осы жылдары 10-нан астам мұнай қоғамдастықтары құрылды. Соның ішінде ірілері: Орал-Каспий мұнай қоғамдастығы, Эмба, Эмба-Каспий, Aғайынды Нобелдер серіктестігі ағылшын және неміс капиталистерінің қолында болды.

Қазақстан териториясындағы 1-мұнай құбырын 1912-жылы Эмба қоғамдастығы салды.

Бұл 6-дюмдық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 65 км-ге созылды.

Доссордан Ракуша поселкісіне одан әрі теңізге созылды.

1913-жылы Ракуша поселкасында Эмба мен Орал-Каспий мұнай қоғамдастықтары 2 мұнай өңдеу заводын салды. Олардың жылдық өнімі 250 мың тоннадан болды.

Революцияға дейінгі Қазақстандағы ең көп мұнай өндіру 1914-жылы (273 мың тона) болды.

Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің дамуының келесі сатысы Кеңес билігінің орнауымен, кен орындарын шет елдерден тартып алумен байланысты болды.

1923-жылы «Ембімұнай» тресі құрылды 1926-1927-жылдардағы тресті өнімінің ішкі рыноктағы салмағы 3% болды.

Сол кезде КСРО-дағы смазкалық майлардың 90% Ембі мұнайынан жасалды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан мұнай өнеркәсібінің дамуына әсер етті.

1940-жылы жылдық мұнай өндіру 700-750 мың тоннаға жетті.

Бұрғылау жұмысының даму деңгейі бойынша Қазақстан Одақтың басқа мұнайлы аудандарынан артта қалды.

Себебі барлау-бұрғылау жұмыстарына электр энергиясы қолданылмады. Бұрғылау іштен жанатын двигателдерді қолдану арқылы жүргізілді. Бұрғылау станцияларының тек 25% ғана қанағаттанарлық жағдайда болды.

50-жылдардың басында Қаратон, Терең-Өзек т. б кен орындары ның ашылуына байланысты мұнай өндіру арта бастады. Бірақ өндіру ақырындап өсті. 1965-жылы жылдық өнім 2 миллион тоннаға жетті.

60-жылдардың басынан бастап ірі мұнай-газды 4 аймақ ашылды.

Оңтүстік Маңғышлақ, Үстірт, Ақтөбелік Орал маңы, Батыс Мұғалжар.

1969-жылы мұнай өндіру жылына 10 миллион тоннадан асты.

1979-жылы Теңіз кен орны ашылды.

№37 скважинадағы аварияны жыл бойы жоя алмау кеңес технологиясының артта қалғанын көрсетті. Мұндай кен орнын жекелей игеруге КСРО-ның шамасы жетпейтіні белгілі болды. Себебі елде мұндай орасан зор проектіге жұмсайтын күш жоқ еді.

Бірқатар батыс мұнай компаниялары кен орнының мүмкіншілігіне зерттеу жүргізді.

Шеврон корпороциясы мен Кеңес Одағы арасында 1990-жылы маусымда келіссөз жасалды.

Мұның аяғы 1993-жылы біріккен кәсіпорын Теңізшевройлды құрумен аяқталды.

Қазақстан барланған мұнай және газ қоры жағынан дүние жүзінде 12-орынды иеленеді.

Қазіргі кезде құрлықтағы нақты дәлелденген, мұнай қоры -3, 6 1 млд тонна, мұнай қоры газ конденсаты 1, 9 трлн кув метр, табиғи газ -1, 7 трлн кув м көлемінде болған.

Диаграмма №1

1997-жылғы бірінші қаңтардағы көмірсутек шикізатының қоры.

Дерек көзі:100 лет нефтегазовый промышлености Казахстана.

Қазақстанның мұнайы мен газы дүние жүзінің дәлелдеген көмірсутек қорының 2%-н құрайды.

Диаграмма №2

Дүние жүзіндегі Қазақстанның баланстық мұнай қоры бойынша орны ДДерек көзі: С. Ж Даукеев баяндамасы 1997-жыл маусым

Қазақстанның мұнай-газ ауданының көлемі-1, 698000кв м, онда 160-тай кен орындары орналасқан.

Жалпы болжанып отырған мұнай-газ ресурсы (Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін қоса есептегенде) 13 миллиард тонна мұнай және конденсат көлемінде, ал табиғи газ 6 триллон кув м.

Республиканың мұнай-газ потенциалын 2000-жылы ашылған.

Қашаған кен орны (жалпы қоры 7млд. тонна) 1 өте қатты нығайтты.

Қазіргі уақытта Батыс Қашағанда бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен құрғақта және Каспий теңізінің шельфіндегі болжанып отырған мұнай қоры-12 млд. т, газ конденсаты-1, 6 млд. т табиғй газ-5, 9 трлн. куб метр.

Бұрғылауға дайындалып қойылған құрылымдардағы перспективалық қор -5, 5 млд. тонна мұнай эквиваленті көлемінде деп есептелініп отыр. Мұның алынатын қоры -2 млд. тонна көлемінде.

Каспий теңізінің Қазақстандық секторы мұнай-газ өнеркәсібінің ары қарай дамуына үлкен ықпал ететін өте зор мүмкіндіктерге ие.

Мысалы: Қашаған кенорны.

Теңіз, Қаламқас кенорындарының жалғасы Каспий теңізінің шельфінде созылып жатыр.

Өнеркәсіптік категориялы мұнай қоры Қазақстанның алты облысында шоғырланған және республиканың барлық территориясында бірдей емес. Қазақстаның батысындағы төрт облысқа 95% бастапқы немесе 94% қалған алынатын мұнай қоры тиесілі. Бұл жерде өндіріліп жатқан кенорындарының 98, 2% және 100 млн. тоннадан асатын барлық кенорындары бар.

Батыс Қазақстандағы қалған мұнай қорларының көп бөлігі (64%) Каспий маңы ойпатында орналасқан.

Соның ішінде мұнай қорының молдығы жағынан Атырау облысы 1-орында. Мұнда 929, 2 миллион тонна барланған мұнай қоры бар 75 кенорындары кіреді. Атырау облысынан кейін мұнай қоры жағынан ірі Маңғыстау облысы болып саналады

Бұл облыс көп жылдар Қазақстанның негізгі мұнай өндіруші облысы болып келгенін айта кету керек .

Бұл жерде 70-тен аса кенорындары бар. Оның ішінде 27-і қарқынды өңделуде.

Өлкедегі ірі кен орындары:

1999-жылы 12-тамызда Офшшор Казахстан Интернейшнл Оперейтинг Компаний (ОКИОК) компаниясы Каспий теңізінің Атырау қаласынан оңтүстістік-шығысқа 75 км қашықтықтағы Шығыс Қашаған аумағына теңіздегі тереңдігі 3, 5-4 м, жобалық тереңдігі 4500 м №1 барлау ұңғымысын салады. 2001-жылы қаңтарда №1 барлау ұңғымасы бұрғылау жұмысын аяқтайды. Ұңғыма жұмыс барысында тереңдігі 4000 метрлік палезой құрлымынан 600 м. куб/тәулігіне2

Мамандардың пікірінше 770 км кв аумақты алып жатқан мұнайлы өлке ірі кен орны Теңізден бірнеше есе асып түседі.

Теңіз -Атырау облысының Ембі ауданында. Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км қашықтықта орналасқан.

1979-жылы ашылған Теңіз кенорны дүние жүзіндегі соңғы 20 жылда ашылған ең ірі кенорны. Ғалымдардың пікірі бойынша Теңізде 3 млд. тонна мұнай (24 млд. баррель) 1800 млд. куб. м аса ілеспе газ бар. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.

Қарашығанақ (мұнайгазконденсат) -Батыс Қазақстан облысының Бұрлы ауданында, Орал қаласынан 150 км шығысқа қарай орналасқан. Кенорны 1979- жылы ашылған 1996-жылғы

1-қаңтардағы қалған қоры-192 лмн. т мұнай, 624, 5 млн. т конденсат

1, 3 трлн. куб. м газ

Қарашығанақ кенорнының жалпы көлемі-450 кв. м

1984-жылдан бері мұнай өндіріледі. Өндірілген мұнай көлемі-4, 4 млн. т, газ-4, 2 куб. м3 құраған

Таблица№1

1997-жылғы маусымдағы көмірсутек шикізаты қорының

баланстық құрлымы

КОНДЕНСАТ: КОНДЕНСАТ
:
КОНДЕНСАТ: Қарашығанақ
: 90, 8
КОНДЕНСАТ: Жаңажол
: 3, 9
КОНДЕНСАТ: Имашы
: 3, 0
КОНДЕНСАТ: Барлығы
: 97, 7
КОНДЕНСАТ: Қалған кенорындары
: 2, 3
КОНДЕНСАТ: МҰНАЙ
:
КОНДЕНСАТ: Теңіз
: 33, 6
КОНДЕНСАТ: Өзен
: 9, 8
КОНДЕНСАТ: Қарашығанақ
: 9, 0
КОНДЕНСАТ: Қаламқас
: 4, 7
КОНДЕНСАТ: Қаражамбас
: 4, 7
КОНДЕНСАТ: Жаңажол
: 4, 4
КОНДЕНСАТ: Құмкөл
: 3, 8
КОНДЕНСАТ: Солтүстік Бозашы
: 3, 7
КОНДЕНСАТ: Жетібай
: 3, 4
КОНДЕНСАТ: Кеңқияқ
: 2, 2
КОНДЕНСАТ: Барлығы
: 78, 9
КОНДЕНСАТ: Қалған кенорындары
: 21, 4
КОНДЕНСАТ: ГАЗ
:
КОНДЕНСАТ: Қарашығанақ
: 70, 9
КОНДЕНСАТ: Имашы
: 7
КОНДЕНСАТ: Жаңажол
: 5, 5
КОНДЕНСАТ: Урихтау
: 2, 2
КОНДЕНСАТ: Шағырлы-Шалышты
: 1, 1
КОНДЕНСАТ: Теңге
: 1, 1
КОНДЕНСАТ: Қаламқас
: 1, 1
КОНДЕНСАТ: Шынары
: 1
КОНДЕНСАТ: Жетібай
: 0, 9
КОНДЕНСАТ: Барлығы
: 90, 8
КОНДЕНСАТ: Қалған кенорындары
: 9, 2

Дерек көзі:100 лет нефтегазовый промышлености Казахстана

Мұнай өндіру өнеркәсібі тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары күрт төмендеп кеткенімен 1998-жыл мұнай өндіру 1990-жылғы көрсеткішке жетті (25 млн. т) . Соңғы жылдары мұнай өндіру жыл сайын 5 млн. тоннаға өсіп отыр . Мұны мына диаграммадан көруге болады.

Диаграмма №3

Мұнай өндіру көлемі(миллион тонна)

Дерек көзі:Центральная Азия Кавказ 2001 №3Түркістан 2002 26-желтоқсан.

Қазақстан мұнай өндіруде адам басына шаққандағы көрсеткіштен Ресейден озып кетті бұл көрсеткіш Ресейде 2, 2 млн. т болса, Қазақстанда 2, 3 млн. т4

Республикада өндірілетін мұнайдың көп бөлігін соңғы жылдары отанымыздың мұнай өндіру саласына көп қаржы салып, сол арқылы мұнай өндіру саласының қарқындап дамуына көп ықпал етіп жүрген шетелдік және бірікен кәсіпорындар өндіруде.

Мысалы 2000-жылдың 1-жартысында республикадағы барлық өндірілген мұнайдың 60% Теңіз, Қарашығанақ және Құмкөл кенорындарында өндірілген.

Бұл кенорындарында жұмыс жасап жатқан компаниялар Теңізшевройл, Қарашығанақ Интеграциялық Ұйымы, Хариккейн компаниясы. Теңізшевройл республикадағы барлық өндірілетін мұнайдың 1/3 жуығын өндіреді.

Оны мына таблицадан көруге болады

Таблица№3

Теңізшевройлдың 1994-2000-жылдардағы мұнай өндіру

көрсеткіші

:
1994: 1994
1995: 1995
1996: 1996
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
: Күніне мың баррель
1994: 45
1995: 51
1996: 100
1997: 138
1998: 166
1999: 190
2000: 216
:

Республикадағы жалпы өндірілген өнімнің

%-мөлшері

1994: 11, 1
1995: 12, 4
1996: 21, 8
1997: 26, 7
1998: 31, 9
1999: 31, 7
2000: 32, 6

Дерек көзі: Нефть Казахстана:локоматив или тормоз развития националь-ной экономики Центральная Азия и Кавказ 2001 №3 46-бет

1998-жылы республиканың 4 облысында орналасқан 25 кәсіпорын мұнай өңдеумен айланысқан. Олардың орташа жылдық қуаты -305 млн. тоннадан аса болса да, олар барлығы 26 млн. тонна өнім өндірді, яғни 85%-тік мүмкіншілігін пайдаланған.

Мұнай өндіру өнеркәсібінің одан әрі дамуына кері әсерін тигізіп отырған факторлар:

  • Қазақстан мұнайын сыртқы рынокқа шығаратын мұнай құбырларының мұнай өткізу мүмкіншілігінің аздығы.
  • Ресей мұнайын өңдеуге бағытталған мұнай өңдеу заводтарының отандық мұнайды өңдеуге байланысты қолайсыздықтар.
  • Мұнай-газ саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың құрал-жабдығы мен технологиясының ескіргендігі.

Мұнай өңдеу.

1999-жылғы Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің үлес салмағында шикі мұнайдың үлесі-16% болса, мұнай өнімдерін шығару небәрі -4%6 болған.

Мұның себебі республикада бар-жоғы үш-ақ мұнай өңдеу заводы бар.

Олардың өзі кеңес дәуірінен қалған толық күшімен жұмыс істемейді.

Шымкент әсіресе Павлодар МӨЗ-ры Ресейден (Батыс Сібір) әкелінетін мұнаймен жұмыс істеуге бағытталған. Себебі кеңес дәуірінде мұнай-газ мәселелері республикалық дәрежеде емес, яғни әкімшілік бөліну бойынша емес, географиялық аймақ бойынша қаралды.

Мысалы: Павлодар МӨЗ-ты Қазақстанның солтүстік Ресейдің батыс облыстарының, Шымкент МӨЗ-ты Ташкент облысының мұнайға сұранысын қанағаттандару үшін салынған.

Сол сияқты Қазақстанның орталық, солтүстік және оңтүстік облыстарының көпшілігі, яғни ең ірі тұтынушылар, Ресейдің Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Волгоград, Саратов, Новокуйбышев, Орск, Омск МӨЗ-тарының өнімдерімен қамтылған. КСРО-ның құлауымен бұл МӨЗ-тары Ресейдің юрисдикциясына кетті де, нәтижесінде Қазақстанда мұнай өнімдерімен қамтамасыз етудегі дисбаланс бұзылды.

Қазақстанда МӨ-саласында 11 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде жалпы өнімнің 90%7 Атырау, Павлодар, Шымкент МӨЗ-тары шығарады. Олардың жалпы өнім өндіру мүмкіншілігі жылына-18, 5 млн. т.

Инвестиция жөніндегі комитеттің мәліметі бойынша МӨЗ-ары қазіргі уақытта республиканың сұранысын толық қанағаттан-дырмайды. Мұнай өңдеу қуаты 60% аспайды.

Таблица№4

Мұнай өнімдерін өндіру және мұнай өңдеу қуатының

жобасы

:
1995: 1995
1996: 1996
2005: 2005
: Мұнай өңдеу көлемі
1995: 10854
1996: 11500
2005: 19000
:
1995:
1996:
2005:
: Автобензин
1995: 2186
1996: 2400
2005: 3800
: дизелдік отын
1995: 3303
1996: 3700
2005: 6100
: Мазут
1995: 3791
1996: 4000
2005: 6600

Дерек көз:100 лет нефтегазовый промышлености Казахстана.

Таблица №5

МӨЗ-тарының көрсеткіші және жобасы

Заводтар: Заводтар
Өңдеу: Өңдеу
1994: 1994
1995: 1995
1996: 1996
1997: 1997
2005: 2005
2010: 2010
Заводтар: Атырау
Өңдеу:

Алғашқы өнім соның

ішінде өндірістік

1994: 4785, 1
1995: 4244, 8
1996: 4450, 9
1997: 4107, 8
2005: 6000
2010: 6000
Заводтар:
Өңдеу: автобензин
1994: 497, 4
1995: 455, 7
1996: 490, 3
1997: 501, 7
2005: 1443
2010: 1443
Заводтар:
Өңдеу: дизельдік отын
1994: 1379, 2
1995: 1326, 1
1996: 1402, 2
1997: 1324, 9
2005: 1800
2010: 1800
Заводтар:
Өңдеу: мазут
1994: 1946, 8
1995: 1847, 5
1996: 1731, 4
1997: 1590, 4
2005: 1459
2010: 1459
Заводтар:
Өңдеу: керосин
1994: 2
1995: 0, 5
1996: 20, 2
1997: -
2005: -
2010: -
Заводтар: Павлодар
Өңдеу:

Алғашқы өнім соның

ішінде өндірістік

1994: 2085, 2
1995: 3000, 2
1996: 2932, 3
1997: 1607, 3
2005: 13000
2010: 13000
Заводтар:
Өңдеу: автобензин
1994: 961, 2
1995: 986, 9
1996: 929
1997: 444, 3
2005: 3260
2010: 3260
Заводтар:
Өңдеу: дизельдік отын
1994: 959, 8
1995: 815, 7
1996: 817, 3
1997: 507, 4
2005: 3843
2010: 3843
Заводтар:
Өңдеу: мазут
1994: 678, 6
1995: 572, 8
1996: 635, 6
1997: 377, 2
2005: 2100
2010: 2100
Заводтар:
Өңдеу: керосин
1994: 81
1995: 110
1996: 119, 6
1997: -
2005: 1140
2010: 1140
Заводтар: Шымкент
Өңдеу:

Алғашқы өнім соның

ішінде өндірістік

1994: 3704, 5
1995: 3609, 3
1996: 3743, 7
1997: 3475, 6
2005: 1
2010: 1
Заводтар:
Өңдеу: автобензин
1994: 747, 8
1995: 736, 4
1996: 876, 7
1997: 872, 2
2005: 2500
2010: 2500
Заводтар:
Өңдеу: дизельдік отын
1994: 1132, 3
1995: 1161, 9
1996: 1071, 9
1997: 988, 3
2005: 2800
2010: 2800
Заводтар:
Өңдеу: мазут
1994: 1546, 8
1995: 1372, 6
1996: 1490, 8
1997: 1238, 1
2005: 2000
2010: 2000
Заводтар:
Өңдеу: авиокеросин
1994: 7, 1
1995: 138, 2
1996: 128, 1
1997: 147, 7
2005: 850
2010: 850

Дерек көзі: Н. Надиров Высоко вязкие нефти и природные битумы

Қазақстан МӨ-саласының кемшін жағын төмендегіден көруге болады:

2000-жылы МӨЗ-тары 31, 9%ғана жұмыс істеген Ал елдегі өндірілген өнімнің тек 20% ғана өңделген, Ресейдегі көрсеткіштен 3 есе аз. Қазақстан МӨЗ-тарының кемшілігі мұнай өңдеу тереңдігінің төмендігі және өндірілген мұнай өнімдерінің төмен сапалылығы. Мамандардың санауынша республиканың МӨЗ-ры жоғарыдағы кемшіліктерге байланысты жылына 15 млн. дол шығын шегеді екен.

Республиканың мұнай өңдеу саласын дамыту үшін қажет жағдайлар:

-республиканың өзін-өзі қамтамасыз етуі үшін мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің өндіру көлемін артыру және шығарылатын мұнай өнімдері сапасын(дүние жүзілік стандартқа шейін) көтеру.

-жоғары сапалы мұнай өнімдерін шығару есебінен мұнай-газ кешенінің экспорттық мүмкіншілігін арттыру.

-мұнай-газды кешенді пайдалану және мұнай өңдеу тереңдігін алдыңғы қатарлы шетелдік фирмалар дәрежесіне шейін көтеру.

Қазіргі кезде Қазақстан мұнайы экспортқа Атырау -Самара, Жаңажол- Кенқияқ, КТК мұнай құбырлары арқылы шығуда. Атырау - Самара және Жаңажол-Кенқияқ-Орск мұнай құбырларының жалпы мұнай өткізу мүмкіншілігі 20 млн т көлемінде.

Бұл мұнай құбырлары Қазақстан мұнайын Ресей мұнай өңдеу заводтарына және Транснефть жүйесі бойынша алыс және жақын шет елдерге жеткізеді.

1642 км созылған Павлодар-Шымкент магистралды мұнай құбыры Сібір кенорындарының “қара алтынын” қысқа жолмен Қазақстанмен, Орта Азияның (Ферғана мен Чарджоу) МӨЗ-рына жеткізеді.

Таяу уақытқа шейін Қазақстан мұнайын тасымалдау және оны МӨЗ-рына жеткізу өзара технологиялық тәуелсіз үш мұнай құбырлар жүйесі бойынша жүргізіледі.

-Батыс Қазақстанның мұнай құбырлар жүйесі “Маңғыстаумұнайгаз”, “Қазақойл-Эмба”, “Өзенмұнайгаз” ААҚ-ның өндірген мұнайларын тасымалдайтын.

-“Ақтөбемұнайгаз” АҚ-ның өндірген мұнайын Орск МӨЗ-на тасымалдайтын мұнай құбыры.

-Шығыс Қазақстан мен Орта Азия мұнай құбыры жүйесі.

Таблица №5

Негізгі мұнай құбыры магистралдарының техникалық

Сипаттамасы.

Мұнай құбырлары: Мұнай құбырлары
ІскеҚосыл ғанжылы:

Іске

Қосыл ған

жылы

Ұзын дығы(км):

Ұзын дығы

(км)

Диам метр(мм):

Диам метр

(мм)

Қуаты млн. т. жпроектфакт:

Қуаты млн. т. ж

проектфакт

МАСсаны:

МАС

саны

Мұнай құбырлары:

Өзен-Ақтау

Өзен-Атырау

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау

Теңіз-Грозный

Прорба-Құлсары

Ембі мұнай құбырлары

Павлодар-Шымкент

Құмкөл-Қарақойын

Кеңқияқ-Орск

ІскеҚосыл ғанжылы:

1966

1970

1979

88-90

1986

77-83

77-83

1990

1968

Ұзын дығы(км):

142

683

62

678

103

4156

1642

200х2

400

Диам метр(мм):

500

1000

500

1000

500

200, 500

800

500, 700

300

Қуаты млн. т. жпроектфакт:
  1. 3, 2
  1. 9, 1

8/15 8/ 15

  1. -
  1. 3
  1. 7
  1. 13

15 5

5 3

МАСсаны:

4

6

4

3

2

1

12

1

4

Дерек көзі:Н. Надиров Высоковиязкие нефти и

природные битумы.

Атырау - Самара мұнай құбырының кейбір бөліктері 1934-жылдан бері пайдаланылады.

Жыл сайын аварияның саны 500-700-ге дейін болып 1, 58 млн тоннаға дейін мұнай шығындалады.

Республикамыздың ішкі тұтыну мөлшері (15 млн тонна) өндіру көлемінен әлде қайда аз.

Ішкі тұтыну мөлшері келешекте 30-млн тоннадан аспайды деп күтілуде, яғни біздің сыртқа шығаратын мұнайымыз бар.

(Бұл туралы мәліметті кестеден көруге болады)

Жоғарыда көрсетілгендегідей Қазақстанда көмірсутектердің мол қоры бар, яғни көмірсутек шикізатын экспортқа шығару басымдылыққа ие. Мысалы:

2001-жылы Қазақстан орта есеппен тәулігіне 803 мың барель мұнай өндірді. Оның 558 мың баррелі экспортқа шығарылды. 2002-жылы мұнайды экспорттау 39, 49 млн тонна болды.

Қазақстан мұнайын әлемдік рынокқа шығаратын ірі құбыр желісінің болмауы Қазақстан мұнай өнеркәсібінің дамуына кері әсерін тигізіп отыр деп айтуға болады.

Болашақ салынбақшы құбыр жобалары мыналар:

  1. Ақтау-Баку- Джейхан.
  2. Қазақстан-Иран.
  3. Қазақстан- Қытай

(Картаны қараңыз)

Қазақстан мұнайын әлемдік рынокқа шығару жобаларының ішінен Каспий Трубопроводы Концорциумы (КТК) құбыржелісі жобасы нақты жүзеге асты.

КТК 1992-жылы Ресей, Қазақстан, Оман сұлтандығы өкіметтерінің ұсынысымен Теңіз кенорнын Ресейдің Қара теңіз жағасындағы Новоросийск портымен жалғастыру үшін салынған.

1996-жылы КТК қайта құрылады. Бұл келісім бойынша концорциумның 50% акциясын халықаралық мұнай компаиялары иеленді. Сонымен КТК бұрынғы Кеңес жеріндегі жекеменшік компаниялар қаржыландыратын ірі жобалардың біріне айналды. Сонымен қазіргі уақыттағы КТК дағы құрылтайшылардың үлес салмақтары:Ресей Федерациясы -24%, Қазақстан Республикасы-19%, Оман сұлтандығы-7%, Шеврон компаниясы (АҚШ) -15%, ”ЛУКАРКО” (Ресей) -21, 5%, Росснефть-Шелл (Ресей-Нидерланд) -7, 5%, Мобил (АҚШ) -7, 5%, Аджип (Италия) -2%, Бритиш Газ(Англия) -2%, Қазақстан Пайплайн (Қазақстан-АҚШ) -1, 75%, Орикс (АҚШ) -1, 75%. 10 КТК мұнай құбырының негізгі параметрлері:

Жылдық мұнай өткізу мүмкіншілігі: алғашқы уақытта-28 млн. т кейіннен-67 млн. тоннаға жеткізу көзделуде.

Құбыржелісінің жалпы ұзындығы-1380 км. Соның ішінде Қазақстан территориясы арқылы-452 км, Ресей территориясы арқылы-1128 км өтеді.

Құбыржелісінің диаметрі-28/40/42 дюмъ.

Теңіз-Новороссийск бойындағы көліктің тарифі (доллар/тонна) -25, 0011 Соның ішінде Қазақстан территориясы бойынша-5, 39, Ресей жері бойынша-19, 61.

Таблица№6

КТК жүйесі бойынша тасымалданатын мұнай көлемінің жобасы

Жылдар: Жылдар
2001: 2001
20022004:

2002

2004

20052007:

2005

2007

20082011:

2008

2011

20122015:

2012

2015

20162025:

2016

2025

Жылдар: Қазақстан мұнайы
2001: 8804
20022004: 21665
20052007: 27881
20082011: 35594
20122015: 43090
20162025: 50764
Жылдар: Ресей мұнайы
2001: 1692
20022004: 6535
20052007: 20119
20082011: 12407
20122015: 14909
20162025: 16237
Жылдар: Барлығы
2001: 9736
20022004: 28200
20052007: 38000
20082011: 48000
20122015: 58000
20162025: 67000

Дерек көзі: Т. Мансуров Казахстан-Россиское отношение в эпоху перемен Москва-2001

Мұнай құбыры құрлысның жалпы құны -2, 3млд. доллар өндіруші компаниялар есебінен қаржыландырылады. Мұнай құбырының өткізу мүмкіншілігін көтеру төрт сатыда жүргізілмек.

Жобаның толық құны -4 млд. долларға бағалануда. Кейінгі қаржыландыру концорциум тапқан жекешот есебінен қаржыландырылмақ.

Алдағы 40 жылда КТК сенімді кіріс көзі болмақ. Есептеулер бойынша құбыржелісін пайдалану кезеңінде Ресейдің орталық және жергілікті бюджеті23, 5 млд. д салық түсімдері және пайда түрінде, ал Қазақстан 8, 2 млд. пайда көрмек. Экономикаға, әлеуметтік ортаға ішкі жалпы өнімге қосымша қосылу есебінде республикаға ондаған млд. доллар кіріс кіргізеді деп бағалануда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Мұнай мен газдың қазіргі жағдайы
Мұнайдың және мұнайда еріген газдың қорлары
Қазақстанның отын - энергетика оты кешені
КӘСІПОРЫНДАРДА ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық астары
Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары
Көлік кешені, темір жол
Қазақстандық өнеркәсіптік корпорациялардың инвестициялық саясаты
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz