Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Ұлттық экономиканың экономикалық тепе – теңдікте қызмет етуі. 5
Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есеп жүйесі. 6
Жалпы ұлттық өнімді өлшеу әдістері. Жалпы ұлттық өнімнің дефляторы 9
Ұлттық экономиканың ұдайы өндірістік және салалық құрылымы 11
Рынокқа өту жағдайындағы саясат пен экономика 16
Мемлекет әлеуметтік саясаты. Лоренцтік сынық сызығы 20
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы
тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық
кезеңіндегі төлемнің балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен
бірге микроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық
қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға,
жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар
аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың даму барысындағы әр алуан пікір –
таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен
қарастырады. Экономика екі салаға, өте үлкен салаларға бөлінеді: 1.
Макроэкономика 2. Микроэкономика. Макроэкономика микроэкономикамен тығыз
байланысты. Жеке өнеркәсіптердің базасын зерттеу барысында микроэкономика
басқа өнеркәсіптердің бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада
тұтынудан түсетін табысты әртүрлі тауарларға бөлу көзделсе,
макроэкономикада керісінше, сол екі аралықтағы өзгерістер зерттелінеді.
Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс - әрекеттерінің
мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр – түрлі болған
жағдайындағы солардың тауар нарығындағы және өндіріс факторлары нарығындағы
өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас
болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы
болып табылады.

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелінетін негізгі мәселелер:

• Ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
• Ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды
айқындау;
• Инфляцияның табиғатын талдау;
• Экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;
• Экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өгерістердің
себептерін зерттеу;
• Ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
• Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен
формалары теория жүзінде дәлелдеу.
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің
макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.
Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін
сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни
ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін,
бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді
көздейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен
тұтынушылар) агрегатталған жиынтықтар деп қаралады.
Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері
былай тұжырымдалады: барлық бір – бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын
өндірушілер біріктіріліп бір тұлға – жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал
өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс
жасайтын барлық тұтынушылар деп қаралады.
Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер
мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір–бірінен тәуелсіз деп
қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалылық субъектілердің өзара
әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын
белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің
құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі
зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық
экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектілерінің
құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері
енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет
етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.
Микро– және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика
талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі;
экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі
субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады.
Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.
Экономикалық теорияда макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен
әдістері туралы мәселелер осы күнге дейін толық шешілмей отыр. Осы мәселе
макроэкономикалық мектептер арасында әртүрлі, кейде мүлде қарама–қарсы
пікірлер тудырып отыр – біреуі мемлекеттің ұлттық экономикаға кірісуін
толығынан мүмкін емес десе, басқалары, керісінше, мемлекет
макроэкономикалық мәселелерді шешуде басты рөл атқарады деп тұжырымдайды.
Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін әр қилы
түсінудің теориялық негізін нарықтың өзін-өзі реттеу қабілетін және оның
экономикалық дамудың дағдарыссыз жүргізу қабілетін әртүрлі түсіну құрайды.
Осы замандағы макроэкономикалық теорияның сан алуан бағыттары мен
мектептері бар. Кейбір жекелеген экономикалық ой–пікір ағымдарының өкілдері
бір мәселе туралы қарама–қарсы пікір білдірсе, екіншісі туралы – келісім
білдіреді, ал келесі мәселе туралы консенсус табуға тырысады. Осындай
жағдайлар осы дәуірдегі экономикалық теорияны ғылыми тұрғыдан
классификациялауды елеулі қиындатып отыр.
Осы мектептер мен бағыттардың ерекшеліктерін сипаттағанда кейбір
жағдайларды атап өткен жөн болады.
Бір жақтан, неошілер, екінші жақтан, неоклассикалық синтез бен
монетаризм арасындағы айырмашылық, олардың теориялық постулаттарының
ерекшеліктерімен байланысты болып отыр. Алғашқы екі бағыттардың негізгі
постулаттары мыналар: нарық экономикасы өзін-өзі реттей алмайды, информация
жетімсіз, жинақтар мен инвестициялар жасау шарттары бір – біріне парапар
келмейді, бағалардың икемділігі төмен. Бұлар экономикалық өсуді және
жұмыспен қамтуды ынталандыру мақсатпен мемлекеттің экономикаға белсенді
кірісуін қажет етеді. Тік және неотік бағыттардың бір–бірінен негізгі
айырмашылығы, олардың әр – түрлі түсінумен байланысты бойынша - еңбек
нарығының, неошілер бойынша – тауарлар мен қызметтер нарығының.
Неоклассикалық синтез бен монетаризмнің бастапқы жаратылуы классикалық
мектептен байланысты болған. Бұл мектеп нарық экономикасы өзін-өзі
реттейді, баға туралы информация тиімді және бағаның икемділігі жоғары,
табыстар өндіріс факторларының шекті өнімділігіне сәйкес бөлінеді деп
тұжырымдайды. Сонымен қатар, осы екі бағыттың Дж. М. тің макроэкономикалық
теориясынан алғаны аз емес. Неоклассикалық синтездің өкілдері тік теорияны
кәсіподақтың еңбек нарығын монополиялап алған жағдайындағы экономиканың
қызмет ету механизмінің ерекше жеке көрінісі деп тұжырымдайды.
Макроэкономикалық ой – пікірдің бағыты болып табылатын монетаризмнің
негізгі ерекшелігі нарық механизмін реттеудегі және мемлекеттік ақша
саясатын талдаумен байланысты инфляция мәселелерін шешудегі ақшаның
мағынасын зерттеу болып табылады. Институционалдық – социологиялық бағыттың
тарихы мектебінің ерекшелігі, оның негізгі зерттеу объектісі нарықтың
теориялық үлгілері емес, дамудың әр кезеңіндегі нақты экономикалық жүйелер
болып табылады. Осы мектептің макроэкономикалық теорияға қосқан елеулі
үлестерін атап өтейік: экономиканың циклмен тербелуін зерттеу; негізін Н.Д.
Кондратьев жасаған ұзақ толқынды циклдар теориясын қалыптастыру;
экономикалық дамудағы ҒТП, әртүрлі әлеуметтік топтар мен институттардың
рөлін анықтау; әлеуметтік және ғылыми–техникалық мәселелерді шешудегі
нарықтың жетімсіздіктерін талдау; мемлекеттің инновациялық және әлеуметтік
саясатын дәлелдеу.
Әртүрлі мектепттер өкілдерінің көзқарастары бір – біріне ұқсамаса да,
олардың басым көпшілігі макроэкономикалық саясаттың басты мақсаты – нарық
экономикасының қызмет етуінің тиімділігін және әлеуметтік және әлеуметтік
бағытталуын жоғарылату деп мойындайды. Осы міндетті жүзеге асыру қажеттігі
мемлекеттік макроэкономикалық саясатты мынадай негізгі мақсаттарды
орындауға бағыттауды тілейді, олар:
1. тұрақты және тиімді экономикалық өсу;
2. жұмыспен толық қамтамасыз ету;
3. бағаның жалпы дәрежесінің тұрақтылығы;
4. әлеуметтік әділет және жұмысқа қабілеті жоқтарды экономикалық жағынан
қамтамасыз ету;
5. мемлекеттің сауда және төлем балансының тұрақты болуы.

Ұлттық экономиканың экономикалық тепе – теңдікте қызмет етуі.

Ұлттық экономиканың тепе – теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір –
бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы
түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе – теңдік жағдай
орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың
сатып алған өнімдерінен барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған
өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары
нарығында тепе–теңдік орнағанын осы нарықта түскен өндірістік ресурстардың
өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын
ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың
шекті өнімініе тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының
саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің
сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе–теңдік болғанын көреміз.

Жалпы экономикалық тепе – теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист –
классиктердің назарын аударған. А. Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен
тұтынушылардың бір – біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды.
Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс - әрекеттерінде
экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе –
теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.
Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе–теңдіктің болу мүмкіндігін
тұңғыш дәлелдеген Л. Вальрас.
Микродәрежедегі жалпы экономиканың тепе–теңдіктің болуы, тауарлардың,
қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен
ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе–теңдік –
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша
айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс
болса, онда басқа нарықтарды осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті.
нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын,
нөлге тең болады.
Вальрастың тепе–теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймады.
Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының
тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге
тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе – теңдік жалп етіп тез өтетін,
өткінші жағдай бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ
қайшылықсыз әлемнің осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы
түсінуге жол ашады. Және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық
ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.
Экономикалық тепе–теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А. Маршаллдың
неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынады:
1. Өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын
экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді.
Нәтижесінде, нарықтағы тепе–теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан
артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының
артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала
отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
Осы замандағы макроэкономикалық зерттеулерде тепе–теңдікке бағытталу
көбінесе экономикалық агенттердің күтімдеріне түзету жасауға негізделеді,
ықтималдық процесс деп түсініледі.
XX ғасырдың 40 – 60 жылдары күтімдер концепциясының дамуы,
макроэкономикалық мәселерге жататын бірнеше экономикалық теорияларды, атап
айтқанда экстраполяциялық, адаптивтік және рационалдық күтімдер теорияларын
қалыптастырады: осы теориялар макроэкономикада жаңа классикалық мектеп деп
аталады.
Неоклссиктер макроэкономикалық тепе–теңдік түсінігіне жетімсіз
информация, экономикалық субъектілерінің болжауларының қателіктерінің
немесе, мемлекеттің экономикалық саясатының тқрақсыздығының нәтижесінде
пайда болған, экономикалық конъюнктураның ауытқуларын жатқызады. Бұл
жағдайда, экономикалық субъектілердің күтімдеріне сәйкес келетін
экономиканың болмысының практика жүзінде қандайы болмасын, ол тепе – теңдік
болмысы деп ұйғарылады.
Ал экономикада рационалды субъектілер әрекет еткендіктен, олардың
күтімдері, әдетте, орынды деп есептеледі және тепе–теңдікке жету үшін
мемлекеттің кірісуі қажет болмайды.

Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есеп жүйесі.

Ұлттық экономиканың қызметтеу нәтижесін өлшеу үшін теория мен
шаруашылық практикада әр түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады.
Осындай көрсеткіштердің бірнеше түрі ұлттық өндірістің қосынды
көлемінің шамасын бағалау үшін пайдалынады. Бұған жататындар:
1. жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
2. түпкі қоғамдық өнім (ТҮҚӨ )
3. таза ұлттық өнім (ТҰӨ )
4. жалпы ішкі өнім (ЖІӨ )
5. ұлттық табыс (ҰТ )
6. жеке табыс (ЖТ )
7. арадағы өнім (АӨ )
Алдыңғы үш көрсеткіштер, яғни ЖҚӨ, ТҮҚӨ, ТҚӨ біздің елде көп уақыт
бойы жылдық өндіріс нәтижесін бағалаудың негізгі көрсеткіштері болып
келген. Оларды есептеулердің методологиялық негізін, қоғамдық өндірістің
материалдық және материалдық емеске бөлінуіне сәйкес, қоғамдық еңбекті
(өндірілген өнімнің құнын жасаудың жалғыз көзі болып табылатын) өнімді және
өнімді емес деп бөлетін марксистік доктрина құрайды. Өнімді деп тек
материалдық сферада жұмсалған еңбек түсінілген. Бұл түсінік натуралдық –
заттық формасы бар өнімді өндіруімен және оны түпкі тұтынушыларға
жеткізуімен байланысты болған.
Статистикалық әдіс бойынша, жалпы қоғамдық өнім (ЖҚӨ) материалдық
сфераға жатқызылған (өнеркәсіп, ауыл мен орман шаруашылығы, құрылыс, жүк
таситын көлік, өндіріске қызмет көрсететін байланыс, қоғамдық тамақтандыру
салалары және тағы басқалары) салаларда жасалады, бір жылда өндірілген
барлық игіліктердің нормасы деп есептелген яғни, тек оның өндірілген
ақиқаты ғана есептеліп бағаланған. Осы көрсеткішті есептеу методологиясы
бойынша оның құрамына арадағы өнім (АӨ), жыл бойы өндіріс процесінде
қолданылған өнім – жатқызылған. Нәтижесінде өндірістік циклдің әр сатысында
бірдей тауарларға жұмсалған шикізат, материалдар, инструменттер, отын және
қуат шығындары қайталанып есепке алынады.
Қайталынған есепті жою мақсатпен түпкі қоғамдық өнім (ТҮҚӨ) – жалпы
өнім және арадағы өнімнің айырымы – көрсеткіші қолданылады.
Осы көрсеткіш арқылы тұтыну заттары мен инвестициялық тауарлардың
шығарылуына жұмсалған ақша қаражаттарының шығындарына баға беріледі.
Материалдық – заттық құрамы жағынан, ТҮҚӨ тұтыну заттарымен
инвестициялық өнімдерден тұрады, ақырғыларға, біріншіден, өндірістерден
шыққан еңбек құралдарының орнын толтыруға және оларды өсіруге бағытталған,
бір жылда жасалған еңбек құралдары; екіншіден, кәсіпорындардың қоймасындағы
еңбек заттары мен өнім запасының өсімі жатады. ТҮҚӨ құндық құрылымына
жататын ең негізгі екі элементтер болады:
1. амортизациялық жарналар
2. өндірілген ТҚӨ - нің ақшалай эквиваленті.
Соңғысы, марксистік түсінік бойынша, жаңадан жасалған құн немесе
ұлттық табыс ҰТ деп аталады. ҰТ құрамынан, оны пайдалану кезеңінде мынадай
элементтер бөлініп шығады: тұтыну қоры ТҚ, қор жинау қоры ҚҚ және таза
экспорт ТЭ (экспорт пен импорт айырымы). Сөйтіп, оның құрамына өндіріс
процесінен шыққандардың орнын жабуға баратын еңбек құралдары жатқызылмайды.

Әр түрлі макроэкономикалық көрсеткіштердің бір–бірімен
байланыстыратын былай бейнелеуге болады:

ЖҚӨ - АО = ТҮҚӨ;
ТҮҚӨ - А = ТҚО = ҰТ = ТҚ + ҚҚ + ТЭ.

Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі
әлем практикасында 1953 жылдан бастап қолданып келеді. Ұлттық есеп жүйесі
(ҰЕЖ) бұл, бір жақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлар сатып
алуға жұмсалған шығындарын көрсететін, екінші жақтан – олардың шаруашылық
қызметтері нәтижесінде тапқан табыстарын көрсететін, баланстық экономикалық
таблицалардың жиынтығы болып табылады.
ҰЕЖ негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық
және материалдық емес өндірістің айврмашылығы есепке алынбайды. Сол себепті
бұларда барлық төленген тауарлар мен қызметтер есепке алынады. ҰЕЖ – де
өндірістің мына түрлері ғана есепке алынбайды: үй шаруашылықтарының ішкі
тұтынуға бағытталған өндірісі және бизнес сферасының ішінде тұтынылатын
аралық өнім өндіріс.
ҰЕЖ негізінде мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер есептеледі:
Жалпы ұлттық өнім. Бұл осы елде бір жыл ішінде өндірілген түпкі
игіліктердің нарықтық құны. Өзінің экономикалық мағынасы жағынан, ол ТҮҚӨ-
ге жақын болады, бірақ одан материалдық емес өндіріс қызметтерінің құнына
артық болады. Біздің елде ЖҰӨ БҰҰ–ның методологиясы бойынша 1988 жылы
бастап есептеліп келеді.
Жалпы ішкі өнім. Осы көрсеткішті ЖҰӨ-нің модтфикациясы деп қарауға
болады. Бірақ, оған ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы
барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады. ЖҰӨ мен ЖІӨ-
нің айырмашылығы екі жақты болады. Бір жақтан ЖІӨ есептегенде ЖҰӨ-нен осы
елдің ресурстарын шетелде пайдаланудың нәтижесінде түскен табыстардың
сомасы (жалақы, проценттер, дивиденттер, және тағы басқа ) алып тастау
керек. Екінші жақтан, ЖІӨ - ді есептегенде ЖҰӨ - ге шетелдіктердің осы
елден алынған, аталғанға ұқсас, табыстарын қосу керек.
Таза ұлттық өнім – бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны
толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпті өнімдер мен қызметтердің
сомасы. Бұл ЖҰӨ-нен амортизациялық жарнаманың сомасының көлемінде төмен
болады.
Ұлттық табыс. ТҰӨ жасауға қатынасы бар барлық өндірістік ресурстардың
жеткізетіндердің табыстарының көлемін сипаттайды.
ТҰӨ-нің тек жалғыз ғана компоненті – бизнеске салынатын жанама
салықтар көлемі ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.
Жеке табыс халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы
жағдайдың ҰТ – тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін
көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ – тан корпорациялардың пайдасына
салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасының көлемі және
әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, ал халыққа
жасалатын трансферттік төлемдер (зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар)
қосылады.
Адамдардың өз еркімен жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін,
қарамағындағы (билігіндей) табыстар деген көрсеткіш қолданылады. Осыны
есептеу үшін ЖТ - тан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алынады.
Елдің барлық даму тарихының қорытынды нәтижесін есептеу үшін ұлттық
байлық ( ҰБ ) деген көрсеткіш қолданылады. Ұлттық байлық– бұл елдің осы
уақыт мерзіміне дейін жинақтаған материалдық игіліктерінің жиынтығы болып
табылады. ҰБ – тың құрамды элементтері: материалдық және рухани өндірісте
қызмет ететін қоғамның барлық құрал – жабдықтары; халықтың мүліктері;
материалдық және мәдени байлықтар (мұражайлардың экспонаттары, жер қойнауы,
ормандар, сулар); материалдық емес рухани байлықтар (адам капиталы,
ғылыми–техникалық ой-өрістер жетістіктері, информациялық ресурстар,
халықтың рухани мұрасы).
Ғылыми–техникалық революцияның ықпалымен жүріп отырған қоғамның
әлеуметтік–экономикалық прогресі ҰБ–ты өсіруімен қатар, оның құрылымындағы
материалдық емес байлықтың үлесін жоғарылытады.

Жалпы ұлттық өнімді өлшеу әдістері. Жалпы ұлттық өнімнің дефляторы

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ екі жақты әдіспен өлшенеді. Біріншіден, ол түпкі
пайдаланушылардың тауарлар мен қызметтерге жұмсаған шығындарының жиынтығы
болып өлшенеді. Екіншіден, ол өндіріс процесінде жасалған шаруашылық
қызметтері субъектілерінің табыстарының сомасы деп өлшенеді. ҰЕЖ жиынтық
таблицасында бірінші бағыт ЖҰӨ-нің өндіріс есебін, екіншіден – оның бөліну
есебінен сипаттайды. ЖҰӨ-нің осы әдістері негізінде есептелген көлемдері
бірдей болады, өйткені сатып алу (ақшаның жұмсау) және сату (ақшаны алу)
бір ғана келісімнің екі жағы болып табылады. Өнім өндірісіне жұмсалған
шығындар, сол өнімді жасауға және оны нарықта өткізуге адамдар, заттар және
ақша капиталын салғандар үшін табыс болып табылады. Осы жағдайды мына тепе
– теңдік арқылы байқауға болады:

Осы жылы жасалған шығындар көлемі = Осы жылы өндірілген өнімнен түскен
ақшалай табыс.

Шығын жағынан ЖҰӨ - ді өлшегенде шығындардың мынадай
негізгі түрлері қосылады:
• жеке тұтыну шығындарына ( С ) халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар
сатып алуға ( нан, сүт, сабын тағы басқа ), ұзақ мерзімде пайдалынатын
тауарлар сатып алуға ( автомобильдер, тұрмыстық техника және тағы
басқа ) және қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары
жатады;
• кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және
құрылыстар мен айналым қорларының запасының өзгертуге жұмсалатын
барлық шығындардан тұратын, жалпы жеке ішкі инвестициялар ( I d );
• тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуға (G), федералдық және
жергілікті үкімет органдарының түпкі өнімді және барлық өндірістік
ресурстарды сатып алуға жасаған шығындары. Жиынтық шығындарға
жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының жалғыз түрі –
трансферттік төлемдер. Бұлар ағымдағы өндірістің өсуін сипаттамайды,
олар тек мемлекет шығындарының қайта бөлу формасы болып табылады;
• таза экспорт (Хn) – жетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға
жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып
алуға жұмсаған шығындарының көлемінінің айырымы.
Сөйтіп, шығындар жағынан ЖҰӨ - ді өлшеуді теңдеу түрінде
көрсетуге болады:

ЖҰӨ = C + Jg + G + Xn
Мұнда: C – жеке тұтыну шығындары;

Jg – жалпы жеке ішкі инвестициялар;
Xn – таза экспорт:
G – тауарларды және қызметтерді мемлекеттің

сатып алуды;
ЖҰӨ - ді табыстар арқылы есептеу, шаруашылық іс-әрекеттер
субъектілерінің табыстарын бөлу (еңбек ақысы, ренталық төлемдер, процент,
пайда) және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу
тәртіптерін сипаттайды.
Табыстардың ең ірі бабы жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысы.
Табыстардың осы категориясына жеке және мемлекеттік кәсіпорындарының
жалдамалы жұмыскерлерге төлейтін жалақысы, сонымен қатар жалақыға жасалатын
көп қосымдар (кәсіпкерлердің әлеуметтік қамту қорларына, медициналық қызмет
көрсетушілерге жасайтын жарналары ) жатады.
Ренталық төлемдер R жердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері
алатын табыстар. Процент ақша капиталының меншік иесінің табыстарының бабын
құрайды. Пайда Р екі негізгі элементтен – корпорациялардың пайдасынан және
меншікке табыстан тұрады.
ҰЕЖ құрамындағы корпорациялардың пайдасы әр – түрлі бөлшектерге
бөлінеді: біріншіден, корпорация пайдасына салынатын салыққа; екіншіден,
дивидендтерге – акционерлерге, оның акциялары әкелетін табыс түрін алатын
пайданың бөлшегіне; үшіншіден, фирмалардың нақты активтерін өсіруге
жұмсалатын, корпорациялардың бөлінбеген пайдасына (құрал–жабдықтарға, құнды
қағаздарға, есепшотындағы ақша қаражаттарының өсуіне жасалатын
инвестициялар). ҰЕЖ–де меншік табыстарына корпоративтік емес кәсіпкерлік
сектордың пайдасына жатады.
Табыс төлеумен байланыссыз қаражаттарға амортизациялық жарналар А және
фирманың шығындарына жататын бизнеске салынатын жанама салықтар Nb жатады.
Жанама салықтарға акциздер, үстеме құн салығы, мүлік салығы, лицензиялық
төлемдер және баж салықтары жатады.
ЖҰӨ - нің табыс арқылы қорытынды есептерінің түрі мынадай болады:

ЖҰӨ = Z + R + K + P + A + Nb

ҰЕЖ – де ЖҰӨ ағымдығы нарықтық бағамен есептеледі. Сондықтан ол
өндірістің жылдық сомалық көлемінің номиналдық шамасын бағалайды. ЖҰӨ-нің
номиналдық көлеміне инфляцияның әсерін өлшеу үшін тауарлар мен қызметтердің
орта баға дәрежесіндегі өзгерістерін сан жағынан бағалау, ал мүмкіндік
беретін көрсеткіштің болуы қажет. Осындай көрсеткіш ЖҰӨ - нің дефляторы деп
аталады.
Дефлятор тұтынуға немесе инвестициялануға тағайындалған өнімдер мен
қызметтердің өте көбінің бағаларындағы өзгерістердің есепке алады. Сөйтіп,
ол тұтынулық бағалардағы өзгерістердің индексімен (бұны әдетте, сатып
алушылар есепке алып отырады) бірдей болмайды.
Номиналдық ЖҰӨ және оның дефляторының көлемі туралы мәліметтердің
негізінде өндірістің физикалық көлемін сипаттайтын нақты ЖҰӨ есептеледі:

Нақты ЖҰӨ = Номиналдық ЖҰӨ ЖҰӨ дефляторы ( бағалар индексі )

Ағымдағы өндіріс көлемінің базистік жылмен салыстырғанда өсу қарқынын
бағалауда нақты ЖҰӨ - нің көлемін анықтаудың маңызы өте жоғары болады.

Ұлттық экономиканың ұдайы өндірістік және салалық құрылымы

Макроэкономикалық аспектіде ұлттық экономиканың құрылымы елдің
өндірістік ресурстарының бір–бірімен нақты қалыптасқан қатынастар
жүйесімен; олардың мөлшерінің экономикалық агенттер арасындағы бөліну
мөлшерімен; осы агенттерінің арасында өндіріс бөлінуімен; сонымен қатар,
ұлттық өнімнің өндірілу процесінде, оны бөлуде, айырбастауда, тұтынуда
қалыптасқан құрамдық бөлінуімен сипатталады.
Экономикалық құрылымның қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді,
атап айтқанда қалыптасқан нарықтық конъюнктура, нарықтардың
монополияланудың сыйымдылығы және дәрежесі, ұлттық экономиканың
бүкіләлемдік шаруашылық байланыстар жүйесімен тығыз бірлесіп, іс -
әрекеттер жасау дәрежесі, өндіргіш күштердің даму дәрежесі, ғылыми
техникалық прогрестің масштабы, сипаты мен темпі, өндірістік ресурстардың
сапасы, территорияның көлемі мен инфрақұрылымен қамтамассыз етілуі әсер
етеді.
Экономикадағы құрылымдық байланыстарды сипаттайтын макроэкономикалық
көрсеткіштер арасындағы сандық қатынастар, пропорциялар деп аталады.
Агрегаттану дәрежесіне сәйкес, пропорциялар былай бөлінеді болады:
1. Жалпыэкономикалық – агрегаттар арасындағы қоғамдық еңбек юөлінісінің
құрылымына қарамастан (жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыс арасындағы,
тұтыну мен қорлану арасындағы инвестициялық және тұтынулық сұраныс
арасындағы, инвестициялық және тұтынулық сұраныс арасындағы)
қалыптасқан пропорциялар.
2. Қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымын көрсететін пропорциялар. Осы
екінші топ ішіндегілер былай бөлінеді:
• Салааралық порпорциялар;
• Ішкісалалық пропорциялар;
• Регионаралық пропорциялар;
• Мемлекетаралық пропорциялар.

Өндіріске макроэкономикалық талдау жасағанда, оның даму болашағына
байланысты, ұлттық өнімнің ұдайы өндірістік және салалық құрылымына назар
аударған жөн болады.
Қоғамдық өнімнің атқаратын қызметтеріне сәйкес оның құрамды
бөлшектерге бөлінуін көрсететін құрылымды, ұдайы өндірістік құрылым деп
аталады. Қоғамдық өнімнің ұдайы өндірістік құрылымына тұңғыш дәлелді талдау
жүргізген К. Маркс. Ол мынадай негізгі ұдайы өндірістік пропорцияларды атап
өткен:
• өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің натуралдық – заттық құрамын
сипаттайтын, өндірістік құрал – жабдықтар өндірісінің көлемі мен
тұтыну заттары өндірісі көлемінің арасындағы пропорциялар;
• өндірістік ұлттық табыстың еңбек пен капитал арасындағы бөлінуінің
құрылымын көрсететін, қажетті және қосымша өнім арасындағы
пропорциялар;
• жалпы қорланудың бөліну құрылымын көрсететін, өтеу қоры
• мен қорлану қорының арасындағы пропорциялар;
• ағымды қажеттерді қанағаттандыру үшін (тұтыну қоры) және болашақ
қажеттерді (қорлану қоры) қанағаттандыру үшін тағайындалған, әр
бөлшектердің атқаратын қызметтерінің рөліне сәйкес, ұлттық табыстың
бөліну құрылымын көрсететін, пайдаланған ұлттық табыстың қорлану қоры
мен тұтыну қорының арасындағы пропорциялар.
Өндірістің салалық құрылымы, өндірістік ресурстардың іс -
әрекеттерінің негізгі түрлеріне сәйкес қалыптасқан бөліну жүйесін және жеке
салалардың жалпы ұлттық өндірістегі үлесін сипаттайды.
Индустриалдық жағынан жоғарғы дамыған елдерде глобалдық салааралық
пропорцияларда мынадай өзгеріс заңдылықтары байқалады:

• ауыл шаруашылығымен салыстырғанда өнеркәсіптің дау қарқыны басым болып
отыр;
• жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде өндеу өнеркәсібінің үлесі
төмендеп отыр;
• жалпы ұлттық өндіріс көлемінде қызмет көрсету сферасының үлесі
жоғарылап отыр.
Өндірістің тиімді салалық және ұдайы өндірістік құрылымын
қалыптастыру – экономиканың өте маңызды мәселесі болып табылады. Нақты
қалыптасқан құрылымның тиімділік дәрежесі көп жағдайлармен, атап айтқанда,
өндірістің монополиялану дәрежесімен және қоғамдық еңбек бөлінісінің
дәрежесімен, ұлттық экономиканың бүкіл әлемдік байланыстар жүйесімен
ұштасуымен, ғылыми–техникалық прогрестің жетістіктеріне кәсіпорындарының
икемді болуымен, мемлекеттік құрылымдық саясатпен, т.б. байланысты болады.
Өндірістің тиімді құрылымын бағалау үшін екі критерий қолданылады:
статикалық және динамикалық. Бірінші былай дейді: жетілген бәсеке
болмысында өндіріс құрылымының оптималды жағдайының болғаны - ол өнімнің
бір түрінің қосымша көлемін өндіру, өнімнің басқа түрінің өндіру көлемін
төмендетпей мүмкін болмайды (Италияндық экономист В. Парето).
Белгілі жағдай – жетілген бәсекелестік теориялық абстракция болып
табылады, ал экономиканың нақты салалық құрылымы, оның экономикалыө тиімді
құрылымынан ауытқып тұрады. Сондықтан ғалым–теоретиктер өндірістік
ресурстардың бөліну құрылымының жетілгендігін сипаттайтын, тиімді
динамикалық критерий табуды мақсат еткен.
Осындай критерийді жасаумен экономикалық ғылымның негізгі екі
бағытының өкілдері айналысқан: молшылдық экономикасының және даму
экономикасының өкілдері.
Молшылдық экономика теорияларында ҒТП қаралмайды. Өйткені өз пайдасын
барынша көбейтуді көздейтін кәсіпорындары экономикалық жағынан тиімді
технологияларды қолданады деп есептеледі. Даму экономикасы теорияларында
ҒТП, керісінше, молшылдықтың көзі деп қаралып, оған басты рөл жүктеледі.
Статистикалық тиімділіктің қалыптасу шарттарын зерттейтін
неокласссикалық концепцияларында нарық шектелген мағынада қаралады –
сұраныс – ұсыныс үлгісін алған, өндірушілер мен тұтынушылардың айырбас
процесіндегі байланыстарының жиынтығы деп. Сондықтан бұл үлгілерде ҒТП
нарықтан тыс фактор деп есептеледі. Экономикалық даму теорияларында нарық
қатынастары кең мағынада қаралады – нарық механизміне тек өндірушілер мен
тұтынушылардың байланыстары ғана жатып қоймайды, оған кәсіпкерлердің бір –
біріне нақты әсер ету жүйесі жатады, немесе, олардың шектелген ресурстар
үшін және өткізу нарықтары үшін жүретін өзара сайыстары жатады. Осы
жағдайда тек білімдер (информация) ғана емес, ғылыми – техникалық
жаңалықтарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Социологиялық зерттеулер құрылымы, процесі, тәсілдері мен амалдары
Саясаттану ғылымы туралы жалпы түсінік
Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері туралы
Саясаттану пәні, ұғымдары,әдіс-тәсілдері мен қызметтері жайлы
Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
Пәндер