Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш

Жоспары:

Кіріспе

1. Мемлекеттік несиенің экономикалық мәні
1. Мемлекеттік несиенің нысандары және аспаптары
2. Мемлекеттік несие аспектілері

2. Халықаралық мемлекеттік несие
1. Мемлекеттік несие нәтижесі – мемлекеттік борыш
2. Мемлекеттік борышты басқару және үкіметтің іс-қимылдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы
органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша
қаражаттары да, сонымен бірге басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-несие
мекемелерінің) және халықаралық қаржы-несие институттарының ресурстары да
несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет
тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты
әдісі мемлекеттік несие болып табылады. Мемлекеттік несие —
жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының
жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да,
гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде
көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың
қайтарымдығында, мерзімділігінде және ашықтығында. Алайда бұл қатынастарды
банк несиесімен шатастыруға болмайды.
Мемлекеттің несиенің жекеше несиеден айырмашылығы:
Мемлекеттік несие
1) өндірістік мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
2) несие капиталы жұмылдырылады;
3) өтеу қосымша өнім немесе өндіріс процесінде пайда болатын құннан
жүргізіледі;
4) капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.
Жекеше несие
1) өндірістік және өндірістік емес мүқтаждар үшін жұмылдырылады;
2) төлем және сатып алу қаражаттары ж ұмылдырылады;
3) өтеу бюджет кірістерінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен)
жүргізіледі;
4) капиталды қолдану сферасын тарылтады.
1. Мемлекеттік несиенің экономикалық мәні

Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе
экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан, оның өндірістік сипаты болуы
тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы
қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі
қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты
стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын
мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар, олар үшін
пайыздар төлеу бюджеттердің — үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық
(республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары
кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет
кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан,
қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар "антиципацияландырылған
салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында)
қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.
Бұл функцияда мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі
болып табылады. Несиенің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша
мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландыруға
бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында
орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің
бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді,
қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Бұл
функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің
ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Ағымдағы кезенде пайдаланылатын қаражаттар несиегерге ондаған
жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар
есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік несиенің қайта бөлгіштік
функциясы сондай-ақ оның мерзімінен бұрын төлену қасиетінде көрінеді.
Сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердіің пайдасына қайта
бөлуге қол жетеді ("уақытқа қарай қайта бөлу").
Мемлекеттік несиенің екінші функциясы — реттеуші функциясы. Бірінші
кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша
ағындарын реттейді: несие капиталының рыноганда қаржыгер бола отырып, ол
бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нетижесінде несие
капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге
араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері"). Бұл
олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады.
Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы
ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді,
мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Мемлекеттік несие рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша
бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің
кезек күттірмейтін мүқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып
ажыратылады.
Ішкі несиеде мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер
кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті
органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда
болады.
Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің
жергілікті органдардың, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері,
банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары
араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал несие
алушы ел - рецидиент ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар,
фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің
несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің мівдеттемелері
ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық
қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен
немесе басқа активтерінен бюджет қаражатгары есебінен қарыздың сомасын
төлейді.
Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиегер ретінде
де бола алады.
Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы — күрделі жұмсалымдар:
басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру;
экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.
Несие капиталдары рыногыңда мемлекет гарант ретінде бола алады.
Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдіктер; банкроттық; саяси және басқадай
себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.
Мемлекеттік несиенің көздері — кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы
қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос
қаражаттар.
Мемлекет несие ресурстарын:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;

2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі
жұмсалымдарды қаржыландыру;
3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын
қаржыландыру;
4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

1. Мемлекеттік несиенің ңысандары мен аспаптары
2.
Ішкі мемлекеттік несиенің нысандары:
1) мемлекеттік қарыздар шығару;
2) коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін
мемлекеттік қарыздарға айналдыру;
3) қазынашылық несиелер.
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несие қатынастары болып көрінетін
мешекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен
қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар — нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және
белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет
пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:
Қарыздар Салықтар
1) ерікті сипаты; 2) 1) мәжбүрлеме сипаты; 2)
мэжбүрлеудің бұркемелі мәжбүрлеудің анық нысаны
нысаны

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы,
эмитенттер, табыстшық түрлері бойынша ажыратылады. өтеу мезгілі бойынша:
қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін),
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша
қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың
облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру
әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және
мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей
ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің
жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын
тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс
немесе лотереялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы
шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі
қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика үкіметі Мемлекеттік ішкі
қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы
айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі
ұтыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25,
50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи
және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364
күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі
қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратылды. Ұлттық жинақ
облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын
төленіп тұрады.
"Мемлекетк және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы"
Қазақстан Республикасының заңына, Бюджет кодексіне сәйкес қарыз алудың
мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет
кепілдік берген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан
Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары
жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру
мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық
банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі
жүргізіліп отырған ақша-несие саясатымен айқындалатын басқа да
мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты
жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. Қарызгерге қатысы бойынша:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының рыноктары бойынша: сыртқы мемлекеттік қарыздар;
ішкі мемлекеттік қарыздар.
3. Қарыз алу нысаны бойынша:
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару; қарыз шарттарын
(келісімдерін) жасасу болып бөлінеді.
4. Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
айналыс мерзімі 5 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді
Мемлекеттік эмиссиялық, бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда
(оны ұстаушылар үшін тек қана құжаттық нысанда), номиналды және
дисконтталган құны бойынша, сыйақының бекітілген және бекітілмеген
мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға қол қою тәртібін, оның
атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару,
орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету төртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың банктердегі
салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарга
айналдыру өдетте жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер олардың
капитапы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану
төуекелдіктері бойынша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің)
капиталына мемлекет қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің)
пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының
проблемалары пайда болады.
Қазынашылық несиелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджет
қаражаттары есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа
қаржылық көмек көрсету жөнщдегі ақша қатынастарын білдіреді.

1.2 Мемлекеттік несие аспектілері

Мемлекеттік несиенің өрістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай
келеді. Мемлекеттік қарыздарда - бұл қаражаттарды тартудың және оларды
кейін қайтарудың амалдары, төсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен
анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың
мерзімі, орналастыру амаддары (облигацияларды, боңдарды еркін сатып алу
және сату, жазылу, мөжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар
бойынша үтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп
(сатып) алу, мерзімсіз қарыздарда — пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері
де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру,
қайта қаржыландыру).
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде (МҚМ-да) мыналар әдістер болып
табылады: дисконттыц мөлшері, кесіп тастау бағасы, көрсетулі қуны бойынша
МҚМ-ды өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудіің төртібі (реті).
Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде — мемлекеттік банктердің
депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мүндай қолданудың
шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде
тартылатын ресурстардың улесі, қайтару мерзімі, табыстшық нормасы. Елдің
орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары — әдістері ұқсас
болады, бұл әдістер мүндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.
Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдімгі банк несиесінің
әдістеріне ұқсас болып келеді.

2. Халықаралық мемлекеттік несие

Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік несиелерді де тартады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік
несиенің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң
өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын
жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған
сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ, әр түрлі
елдердің мемлекеттік органдары несие мөмілелерінің қатысушылары болып отыр.
Халықаралық мемлекеттік несие — халықаралық экономикалық қатынастар
сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет
дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын
қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын
қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік
және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы
есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие
субъектісі мемлекеттік уөкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Халықаралық несие — бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің,
сондай-ақ басқа заңи және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне,
банктеріне және өзге де заңи және жеке тұлғаларына берілетін қарыздары.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық несие
сферасында мына валюта-несие ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр:
Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі және оның
ұйымдары - Дамудың Халықаралық Ассоциациясы, Инвестициялар Кепілдігінің
Көпжақты Агештігі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы, Европа Қайта Қүру және
Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары. Халықаралық
Валюта Қоры валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды
сақтауға бақылау жасау, қатысушы-елдер арасында валюталық шектеулерді жою,
оларға төлем баланыстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық
сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын
оларға техникалық көмек керсету мен елдердің экономикалық өлуетін іске
асыруға қабілетті жобаларды қаржылавдыру арқылы қолдап отырады.
Өзінің мені жағынан халықаралық мемлекеттік несие ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар
жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып
саналады.
Халықаралық несиенің қажеттігі экономикалық зандардың бүкіл
жиынтыгымен айқындалады.
Халықаралық несиенің дамуы мына факторларға байланысты болады:
1) еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу;
2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;
3) елдердің табиғи ресурстарымен және жұмыс күшімен өр түрлі
қамтамасыз етілуі;
4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп
шығудың қажеттігі;
5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;
6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы.
Халықаралық несиеке берілетін мемлекеттің несие ресурстары:
1) қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан;
2) ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің
меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары);
3) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.
Ақша нысанындағы халықаралық несие ұлттық валюталарда және еркін
айырбасталымды валюталарда беріледі.
Халықаралық несиенің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық
қызметі процесінде тауар және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.
Халықаралық несиеті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге,
экономикалықдамудыңдеңгейлерінтеңес тіруге, сыртқы сауданың өсуіне,
экономикалық бірігуді тездетуге жердемдеседі.
Халықаралық несиенің, негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады.
Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мөмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен
импортқа жердемдесу — сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады.
Сыртқы сауданы несиелендіру кезівде несиелерді беру, пайдалану және өтеу
елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі
оларға өздерінің мівдеттемелерін толық өрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік
береді.
Халықаралық несие нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен
шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуеа ресми көмек
ерекшеленеді. Көмек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады,
яғни көпжақты валюта-несие ұйымдары өздерінің пайдасын барынша көбейтуге
үмтылмайды, керісінше құрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді
қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, Халықаралық валюта
қорының несиелері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және
құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға
беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу
шарттарының бірі болып табылады.
Халықаралық экономикалық қатынастар практикасында сондай-ақ,
экспорттық немесе "байланыстырылган несиелер" нысаны қолданылады. Мүндай
несиелерді беру қарызгер елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін
несие олардың жеткізілімімен "байланыстырылады". Әдетте байланыстырылған
несиелер жеңілдік жағдайда беріледі, мұның өзі өз еліндегі жеткіліксіз
сұранымды тауарларды басқа елдердің рыноктарында қорғаудың қажеттілігінен
туады.
Экспорттық несиегерді пайдаланудын, елдің сауда балансына ықпал
жасайтын зардабы болады. қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал
бұл сауда балансының тапшылығын тудырады немесе көбейтуі мүмкін. Бүдан
басқа, экспорттық несиегер рецидиент-елдегі экономикалық өсуге ықпал
жасайды, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаггарды өндірістік сфераға салуға
мүмкін болар еді және болашақта ағымдағы қажеттіліктерді мезеттік
қанағаттандырудың орнына табыс өкелер еді, екіншіден, импортталатын
тауарлар неғүрлым сапалы және арзан тауарлар ретінде отандық тауарларды
ығыетырады немесе оларды өндіруді жаншиды.
Қазіргі жағдайда жабдықты, материалдарды, азық-түлікті сатып алу
кезінде дамыған елдерде сыртқы сауда үйыщары мен сыртқы экономикалық банк
контракттар мен келісімдер, соның ішінде өтемдік келісімдер негізіңде бұл
елдердің банктері мен фирмаларынан алатын банк және коммерциялық несиелерді
пайдаланады. Өтемдік келісімдер — бұл сыртқы сауда келісімдерінің түрі, бұл
келісімдер кезінде тауарды сатып алушы оның құнын басқа тауарлар
жеткізілімімен төлейді. Өтемдік келісімдер, өдеттегідей, шетел банктерінен
ұзақ мерзімді Іфедиттер алуды қарастырады, бұл несиелердің есебінен
шетелдік фирмаларға белгілі бір объектіні салу үшін олардан сатып алынатын
тауарлар төленеді. Жеткізілімнің құны салынған объектілер өнімінің экспорты
есебінен өтеяеді.
Несиені. өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие
рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектідерге назар аударылады:
1. Демократиялық саяси жүйеңі жасаудағы прогресс; мүны дсмократиялық
саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтыш,
экономикалық ррформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды
практикалық жүзеге асыруға кдбілеттідік деп түсіңеда.
2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық есуге жетудегі
жетісгіктер. Олар өзіне мыналарды кіріктіреді: фискалдық және монетарлық
саяеаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдығы
кезінде инфляцияның төиюнгі дсңгсйін үстап түру.
3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы жеке меншік
сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дөрежесі, жеке меншік
компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту,
корпорациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы
өзгерістер және төлем төртібі, экономикалық қызметті ырықтавдыру (баға
белгілеудің еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін
рыноктардың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ашықтық),
қаржы секторының ахуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы
делдалдығының дамуы, қор рыногының және банктік емес қаржы мекемелерінің
дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен
заңнаманың болуы).
4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні
мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу,
қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі,
менеджменттің деңгейі, технологаяларды беру арқылы бағаланады.
Сонғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиенер алды.
Сондықтан валюта қаражаттарын үтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде.
Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын кәсіпорындарды
қүру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін
белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы
тиіс.

2.1 Мемлекеттік несие нәтижесі - мемлекеттік борыш

Мемлекеттік несие қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.
Мемлекеттік борыш — бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген
мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса).
Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өңдірісті және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде
мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет
мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына,
қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш
мемлекеттік ишжәне сыртқы борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және
агымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп
мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл
сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады.
Агымдагы борыш — бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша
несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу
жөніндегі шығыстадД
Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей
Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уедесін алған
кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер, борышты несиегерлердің түрлері
(типтері) бойынша өзара бөліске салсақ, көбінесе Дүниежүзілік банкке,
Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын
ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар
көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын — қазынашылық міндеттемелерді,
Ұлттық банктің ноттары мен еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке
және заңи ұйымдар. Орналастырылған еурооблигацияларды өтеу мемлекеттік
борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың негізгі баптарының бірі
болып отыр.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы
болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі
және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған
елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары
экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың
біріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан,
банктерден, басқа қаржы және несие мекемелерінен қарызға алынған ақша
қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері
ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш "ұлттың өзіне өзінің қарызы" ретінде
қаралады және ұлтың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді.
Борышты басқару жөніндегі пайыздарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі
бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға
қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен
жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс псн байлық кемімейді,
мұның өзі, өрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие, мемлекеттік қаржыдағы оның ролі
Халықаралық мемлекеттік несие
Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік несие түсінігі, нысандары мен сыныптамасы
Мемлекеттік кредиттің теориялық аспектілері
Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз туралы
Халықаралық мемлекеттік кредит
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш
Мемлекеттік несие мәні
Мемлекеттік қарыз проблемасы
Пәндер