Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері 4
Ақша реформасы және оның әдістері 8
Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері 13
Валюталық заңнаманы ырықтандыру 17
Жаңа тұжырымдама бұрынғы бастамаларды дамытады 24
Ақша – кредит саясаты және қаржы жүйесінің тұрақтылығы 30
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35

Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері

Ақша айналысы ҚР Ұлттык банкі туралы ҚР заңына сәйкес реттеледі.
Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін
анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың
тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазақстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі
банктердің иикассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген
жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырып қарағанда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялык банктер
корреспонденттік шотардағы қаражат қалдығының шегінде қолма-қол ақшамен
нығайтылып отырды, онда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының
лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасының шамасын Ұлттық банктің
корреспонденттік шотындағы екінші деңгейдегі банктердің қаражат мөлшерін
реттеу арқылы, яғни банктердің өтіміділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл акша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл
аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша
базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз
әсерін тигізеді.
Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына
тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде,
сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды.
Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы колма-қол ақшаның
мултипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруте болады. Ақшаның
мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдығына
әсерін тигізеді. Мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша
массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық банк ақша
айналысын және инфляция деңгейін реттеу
үшін міндетгі резервтер нормасы, қайта каржыландырудың пайыздық
мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы
операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету)
секілді ақша-несие саясатынның аспаптарын пайдаланады.
Халықаралык тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің міндетті
нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге
ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.
Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік
белсенділікті төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана
алмайды, өйткені несие берілетін салалар азайып, айналыстағы акша массасы
кемиді.
Қазақстанда 1993 жылдың қаңтарынан 1994 жылдың мамыр айына дейін
міндетті резерв нормасы 18-20%-дарға белгіленді, 1994 жылдың мамырынан
бастап ол теңгедегі және шетелдік валютадагы банктің депозиттік
міндеттемелері бойынша 30%-ға дейін көтеріледі. Міндетті резерв
нормаларының арттырылуы ақшалай мультипликатордың 1,61-ден 3,1-ге дейін
құрт өсуіне себепші болды.
Банк резервтерінің (Ұлттык банктің корреспонденттік шоттарындағы
каражат) артығымен өсуіне байланысты резервтеудің баламалы тәртібіне
көшудің ғана мүмкіндігі пайда болған жоқ экономикалық нормативтерді
орындайтын банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттың шамасын, әдетте
резервтік талаптардан кем ұтамаута тиісті болатын. Ал, резервтік
талаптардың нормативі 1995 жылы 20%-ға дейін кемісе, 1996 жылдан бастап 15%-
ға дейін төмен түсіп кетті.
Айналымдағы акша массасын реттеудің тиімді құралына қайта
қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат
арқылы коммерциялық банктерге несие береді.
Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің тұрғысынан алғанда есептік
мөлшерлеме дегеніміз - артык резервтердің шығыны болып
табылады. Сол себепті де оны Ұлттық банк кемітеді, бұл өз кезегінде
коммерциялық банктердің қарыз (ссуда) алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың
есебінен коммерциялық банктерге берілетін несие ақшаның ұсынылуын
арттырады.
Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын
тежейді, бұл несие ресурстарының және банктерге берілетін несиенің мөлшерін
азайтады, өз кезегінде айналымдағы ақшанын, массасын кемітеді.
Ұлттык банк инфляцияны тежеу мақсатында қайта каржыландырудың мөлшерлемесін
1994 жылдың қаңтар-ақпан айларында 270% деңгейінде, осы жылдың наурыз-тамыз
айларында 300% деңгейінде белгіледі. Инфляцияның кемуі мен айырбас
бағамының тұрактануына қарай мөлшерлеме біртіндеп кеміді. 1994 жылдың
соңында 230%, 1995 ж. - 52,5%, 1996 жылдың қыркүйек айында - 30%, 1997 ж. -
24%. Көріп отырғанымыздай, пайыздық саясат инфляцияны жылдам тежеудің әрі
ақша айналысын реттеудің тиімді аспабы болып табылады екен.
Инфляция айтарлықтай төмен болған жағдайда пайыздық мөлшерлемелер
экономикада ақша массасының өсуін ынталандыру мақсатында пайдаланылады.
Бүгінгі таңда Қазакстанда инфляцияның деңгейі 6-4-7% жағдайында қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі 7%-ке белгіленген.
Ашық нарықтағы операция айналымдагы ақша мөлшерлемесін реттеу
процесінде айрықша орын алады. Бұл операция, бір жағынан, кұнды қағаздарды
Орталық банктің сатуын және сатып алуып ұйғарса, екінші жағынан, құнды
қағаздарды коммерциялык банктердің, қаржы компанияларының, хылықтың сатуын
және сатып алуын ұйғарады.
Орталық банк құнды қағаздарды сату және сатып алу арқылы резервтерді
банк жүйесіне таратады немесе оларды бұл жүйеден алып тастайды, осылай ету
арқылы ол айналымдағы ақша массасын көбейтеді немесе азайтады. Қазақстанда
мұндай құнды қағаздарға мемлекеттік
қазынашылық облигациялар жатады. Оны үкімет бюджет тапшылығын және
ноталарды жою үшін Ұлттық банк арқылы шығарады. Ұлттық банк осы кұнды
қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің ең аз шамадағы
резервтерініц шамасы артып, клиентурамен жасасатын активтік қарыз
операцияларын ұлғайтуға мүмкіндік алады, эмиссиясы артады. Ұлттық банк
коммерциялық банктерге құнды қағаздарды сатқан жағдайда, керісінше, олардың
резервтелген қаражат сомасы кемиді, ал банктерде несие ресурстары азайып,
ақша массасы төмендейді. Соңғы жылдары (2001-2005 жж.) ҚР Ұлттық банкі
белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша массасын реттеудің бір әдісіне ақша
нарығындағы валюталық интервенция жатады.
Мұнай мен металдың әлемдік бағасының көп өсуіне байланысты Қазақстанға
шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның
құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы
жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге жиі күш
жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталык алтын
резервін ұлғайтты. Ол 2005 жылдың басында 11,0 млрд доллардан асты. Ұлттық
банк, сондай-ақ, 5,0 млрд АҚШ долларынан көп мөлшерде Ұлттық мұнай
сақтандыру қорын құрды.
Экономиканың тым қызып кетуі теңгенің шектен тыс нығайтылуы және
инфляцияны тежеу мен айналымдағы ақша мөлшерін реттеу секілді мәселелер
осылайша шешілетін болды.
Ұлттық банк пен Қазақстан үкіметі елдегі акшаның айналысын басқару мен
реттеуде ақша-несие саясатының аталмыш кұралдарын ептілікпен пайдаланып
жүр.

Ақша реформасы және оның әдістері

Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және
реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің (толық немесе ішінара)
жаңғартылуын көрсетеді.
Жаңа акша бірлігін енгізумен байланысты ақша реформасы -экономиканы
дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және оның кезекті тұрақтылығын
көрсетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан, Қазақстанда 1993 жылы
жүргізілген ақша реформасы мемлекеттің экономикалық саясатымен тығыз
байланысты. Ол макроэкономикалық тұрақтылыққа және кезекті ақша-несие,
баға, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету мақсатымен
жүргізілді.
Әлемдік тәжірибеде акша реформасы нуллификация, ревальвация,
девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.
Латынның nullificatio сөзінен нуллификация шығады және ол жою
деген мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте
құнсызданған акша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі.
Осы процедура есепке алуды жеңілдетеді, өйткені материалдық
құндылыктардан іске аспаған акшалай каражаттар мен жинақ ақшалардың барлығы
іс жүзінде жойылады.
Қазакстанда акша реформасы нуллификация әдісімен жүргізілді, яғни
ескі құнсыздалған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа
Қазақстандық ақша белгілері - теңгелер енгізілді. 16 жасқа толған
адамдардың бірі ауыстырып алатын мүмкіндігі бар ең жоғары шамадағы ақша
өлшемі 100 мың рубльді құрады. Ауыстыру тек бір рет қана жасалды, ол туралы
паспортта белгі койылған болатын.
Девальвация латынша de - төмендеу, valko - тұрмын дейтін
сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің
бағамын шетел валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді.
Қазакстанда, 1999 ж. қырқүйегінде Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі
экономикалык дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты теңге
бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды (егер 1999 ж.
кыркүйегіне дейін теңгенің долларға катысты курсы 76 теңге болса, ол 130
теңге дейін түсті). Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте
жағымды рөлін атқарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың
құйылуына себеп болды.
Ревальвация латынша re - жаңару және valko - тұрмын дейтін
сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта
қалыптастыруды немесе ұлттык валюта бағымының шетел валютасымен
салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама-қарсы.
Қазакстанда теңгенің ревальвациясы, мұнай мен металға әлем бағаларының
күрт өсіп шетел валютасының көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж. болды.
Егер 2003 ж. дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына карағанда 155 теңгеге
дейін өссе, соңғы 2 жылда (2003-2004 жж.) ол 1 АҚШ долларға 130 теңгеге
дейін түсті.
Латынның denominatio сөзін аударғанда деномииация қайта атау
дегенді білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа ақша бірліктеріне ауыстыру
жолымен акша белгілерінің көрсетулі кұнын ірілендіруді, яғни ескімен
салыстырғанда жаңа бір атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып алу қабілетін
көтермелеу жолымен бағалар масштабын ірілендіруді керсетеді. Деноминацияның
негізгі қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады,
нәтижесінде есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша
айналым жүйесі реттеледі.
Деноминация тауарлар меп көрсетілетін кызметтердің, тарифтердің,
жалақылардың, зейнетақы мен жәрдемақының, банктің есепшоттарындағы қаражат
қалдықтардың және т.б. бағаларға сәйкес бір мерзімде қайта
есептеумен қоса жүреді.
Деноминация бүгінгі таңдағы Қазақстанда өткізілмеген, бірақ Ресейде
1998 ж. ол 10001 сәйкестілікпен жасалған (реформаға дейінгі 1000 руб.-жаңа
1 руб.).
Қазакстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігі бірқатар ерекше
себептермен түсіндіріледі:
* көп жыл бойы әкімшіл-әміршіл және жоспарлы-орталық тандырылған шаруашылық
жүйелері халык шаруашылығының барлық салаларында сәйкессіздіктің туындауына
себеп болды.
Оның ішінде, тұтыну заттарының өндірісіне қарағанда өндіріс құралдарының
өндірілуі басым. Экономика шикізаттарға бағытталды, Қазақстан КСРО-нің
бірден-бір шикізат көзі болды, инфрақұрылым қалып жатқан кезде кен-тау
өндірісі дамуға бет алды;
бағалау көп жағдайда төмендеген немесе нақты орындалған деңгейден қалмауға
тырысқан кезде жоспарлы және мемлекеттік тапсырмаларды орындау дәрежесіне
карай өткізілді, бірақ бұл жалақы және басқа ресурстардың қор шамасында
көрінген жоқ. Сонымен, экономика тиімділігінің төмендеуіне әкеліп
соқтыратын шаруашылықты жүргізудің шығын механизмі кұрылды;
орталықта бекітілген баға өнімнің өзіндік кұнынан кем артта қалып отырды,
ал кәсіпорындардың шығындары мемлекетті ақшалай көмегімен жабылып отырды.
Экономикның шығындылығынан, үлкен өнімсіз ысырап-
тардан мемлекеттік бюджеттің тапшылығы туды.
КСРО ыдырауы, экономика құдырауы, КСРО акша жүйесінің құлауы,
Қазақстанның рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттык акша жүйесінің болмауы -
Қазақстанда ақша реформасын өткізу кажеттілігінің басты себептері болды.
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты ұлттық ақша жүйесін
құру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол Қазакстан Республикасының
ұлттық валютасын енгізу туралы 1993 ж. 12 карашада шыкқан ҚР Президентінің
Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен ұлттык валюта теңге
айналымға енгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру мерзімі 1993 ж. 15
карашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961-1992 жж. рубльдері мен
Ресей банкінің 1992 ж. рубльдері қолма-қол акшаға ауыстырылуы, сондай-ақ
рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500 рубль үшін 1 теңге ауысу
бағамымен ауыстырылды.
16-ға толған және одан ересек Қазақстан азаматтарының барлығы 100 мың
рубльден аспайтын соманы ауыстыра алатын. Ауысым тек бір рет жасалды.
ҚР Ұлттык банк теңгенің валюталык бағамын бекітті: 1 АҚШ доллары - 4
теңге 70 тиын. Теңге 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100-дік купюралармен шығарылды.
Бірінші қағаз ақша, кейін ұсақ тиындар шығарылды. Кейінгі жылдары инфляция
бірден өсіп, оған сәйкес бағалар мен жалақыда көтерілді. Инфляцияның өсу
қарқымы екі белгімен есептелді.
1994 ж. бастап 200, 500, 1000, 2000 теңге купюралары шығарылды. Мыс-
никель корытпасынан 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік ақшалар басылды. 1995 ж.
аяғында Жібек жолы топтамасын құрайтын жоғары сапалы төрт алтын ақша
шықты. Топтамаға 57,74 гр. жалпы салмағымен 1, 2, 5, 10 мың теңгелік алтын
ақшалар кірді. Топтаманың бағасы 816 АҚШ доллары болды. Келесі жылдары
бұрынғыдан үлкен купюрамен - 5000 және 10000 теңгелер шықты. Қазақстандық
теңгенің өткен жолына ретроспекторлы сараптама жүргізетін болсақ,
Қазақстанда нарық өзгерістерін өткізу нәтижесінде, олардың бірінші қадамы,
мемлекеттің бағаларды реттеуден бас тартып, ол 1994-1996 жж. бірден
девальвацияланды. Оған сәйкес инфляцияда өршіп, оның өсу карқыны үш, тіпті
төрт дәрежені кұрды, ел гиперинфляция үстем алған терең экономика
дағдарысына кірді.
Себебі, ел нарық өзгерістеріне дайын емес еді. Іс жүзінде нарықтық
инфрақұрылым болған жоқ, бұрынғы республикалар арасында экономикалык
байланыстар үзілді, меншікті жекешелендіру мен мемлекеттен айыру ешқандай
құкықтық негізсіз өтті, бұрынғы жетекшілердін бұндай жағдайда тәжірибесі,
жеткіліксіз болғандықтан көптеген кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатты.
Бағаларды еркін жіберу мен қатал ақша-несие саясатының нәтижесінде
ақша жиынының артығы қысқарып, төлем қаражатының тапшылығы келді. Елді
төлем дағдарысы жаулап алды.

Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері

Инфляциямен күресу және инфляцияға карсы арнайы бағдарламаны жетілдіру
экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.
Осындай бағдарламаның негізінде инфляцияны анықтайтын себептер мен
факторларды талдау, оны ойдағы деңгейге дейін азаюту немесе жоюға себепкер
болатын экономикалык саясаттың шараларының жиынтығы жату керек.
Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны қысқартуға бағытталған, экомомиканы
мемлекеттік реттеудің шаралар жиынтығы болып ұсынылады. Осы шараларды ұзақ
мерзімді сипатты мақсаттар мен әдістерді енгізетін стратегиялык және қыска
мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп бөлуге болады.
Инфляцияға қарсы стратегия акша-несие, бюджеттік, радикалды акша
реформаларын өткізгенге дейін сапықтык шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
Инфляцияға қарсы тактика ағымдагы инфляцияның қысым жасауын азайтатын кысқа
мерзімді әрекет шараларын білдіреді. Оның әдістері сұранысты бірге өсірмей
ұсынысты кенет көбейіуіне мүмкімдік береді. Мысалы, бағалар мен жалақы
қатынастарына қатаң бақылау (бағалар мен жалақының өсуін уақытша тоқтату),
кәсіпкерлікті салыктық ынталандыру, өмірлік манызы бар салалар мен
өндірістерді мемлекеттік шаруашылық шығындарды қолдау.
Қазіргі тәжірибе экономика жағдайына байланысты инфляцияны реттеудің
екі нұсқасын бөліп көрсетеді:
- Дефляция (латынша deflatio, ұрлеп шығару деген мағына
береді) саясаты ақша жиынының, несиелердің, жалақылардың, ең аяғы төлем
қабілеті бар сұраныстың шектеулі өсімімен байланысты. Бірақ, бұл саясат
экономиканың тым қызып кетуін тежеу мақсатымен экономикалық өсудің
талаптарына ғана сай келеді.
Табыстар саясаты стагдефляция (инфляцияның экономиканың

құлдырауымен қоса жүруі) кезінде колданылады, мемлекеттің бақылауымен
жалақылар мен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін, тіпті
олардың толық тоқтауы немесе өсу шектерін анықтап көрсетеді.
* Инфляцияға карсы саясаттың нұскалары елдегі жағдайларға және осы немесе
басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымдылықтарға байланысты
таңдалады. Егер экономикалық өсуді тежеу мақсаты қойылатын болса, онда
дефляция саясаты өткізілуші еді, егер экономикалық өсу ынталандыру
мақсатымен болса, онда артықшылықтар табыс саясатына беріледі.
* Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіптен директивті
нарықтық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен өтті, оның
маңызды себептері тәртіпке келтірілген экономикалык байланыстардың бұзылуы,
ауыл шаруашылығынан кейін өнеркәсіп тауарлары мен өнімдеріне бағаларды
босату, энергетикалық дағдарыс, экономика құрылымындағы көшірулер және
т.б., яғни жоғарыда аталған осы себептер инфляцияиың факторлары болып
табылады.
Қазіргі уакытта баяу инфляция (5-7%) сақталып отыр. Қазақстанда
бейімделу саясаты әзірленді, яғни экономиканың барлық субъектілері өз іс-
әрекетгерінде – бәрінен бұрын теңгенің төлем қабілеттілігінің төмендеу
шығынын есепке ала отырып, инфляцияға көңіл қойып отыр. Бұл жерде шығынды
өтеу үшін негізінен инфляцияның шамасыыа карай пайыз мөлшерлемесінің
индексациялау әдісі қолданылады. Мысалы, сыйақыға банктен несие алу үшін
инфляцияның деңгейіне байланысты пайыздық мөлшерлемені көтереді, яғни кайта
қаржыландыру мөлшерлемесі + инфляция + маржа.
Инфляцияға қарсы саясатты әзірлеу үшін бастапқы пункт тамыры қайта
өндіру механизмінде жатқан инфляция теориясының дамуы болып табылады. Ұзак
инфляция факторынын тежейтін шаралар анықталып және инфляцияға қарсы ұзақ
мерзімді стратегияның әзірленуін білдіреді.
Бұл жалпы шараларға мыналар жатады:
- экономиканы сауықтыру, Қазақстан 2003-2015 жж. индустриалды-
инновациялық даму стратегиясын (ИИДС) кабылдаумен және оны жүзеге асырумен
экономиканың шикізаттык бағытынан жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті
экономикаға өтуге тырысады;
* саналы инвестициялык саясатқа көшу. Қазақстан инфлясының бір жақтылығынан
зардап шегіп келеді, барлык шетел инфляцияларының 90%-ы шикізатқа, кен
өндіру салаларына салынады. Осыған байланысты ИИДС-сы республикамыздық
шетелдік және ішкі инвестициялардың маңызды бөлігін өңдеуші өнеркәсіпке
бағыттауға ниет етіп отыр.
* дәстүрлі емес тауарларды (тұрғын үй, жер, бағалы қағаздар және т.б.)
нарықтық айналымға белсенді тарту. Қазақстан тұрғын үй бағдарламасын,
ипотекалык бағдарламасы, жаңа Жер кодексін әзірлеумен тұрғын үй құрылысын,
ипотека жүйесін дамытуға және тұрғын үй мен жерді нарықтық айналымға
белсенді қосуға көңіл бөліп отыр;
* қызмет көрсету нарығын дамыту. Республикада бұл бағытта белсенді жұмыс
жүріп жатыр. Инфрақұрылым, қызмет көрсету аясы (оның үлесі ЖІӨ-нің 50%-нан
астамын кұрайды) даму үстінде;
* экономика мен қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын кіші және орта
бизнесті дамыту. Бұл бизнес негізінен халық тұтынатын тауарлар өндірісінде
және саудада, қызмет көрсету аясында болады. Ол мықты бәсекені
қалыптастырады;
* саналы каржы-несие жүйесін кұру. Бұл қатынаста Қазақ-
станның белгілі бір жетістігі бар. Үнемі салык салуды, сақтандыруды,
зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асырып отыратын, қазіргі заман
талабына сай оның банк жүйесі бар.
Инфляцияға қарсы саясаттың формалары мен әдістері кайта
өндірудің механизмдерімен қоса ақша-несие, бюджеттік, салықтық шаралардың
кең көлемін көрсетеді. Ұлттык банк инфляцияға карсы шаралар сияқты ақша
айналымын реттеуде ашык нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың
мөлшерлемелерін, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің
бекітілуін өзіне қосатын ақша-несие саясатын колданады. Ұлттық банк ақша
жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен
қызмет көрсетуінің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістермен әсер етеді
Ақша айналымының тұрақтылығы экономиканын тұрақты дамуын нақты
білдіреді. Сондықтан неоклассикалык және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша-
несие және қаржылык шараларды қолдануға бағыттайды.
Кейнсиандыктар баяу инфляциядан тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз
етуді көреді. Баға мен еңбекақы өсуінің уақытша тежелуін, кәсіпорынның
салықтық ынталандыруларын, халықтың жинақ акшасын, өмірлік маңызы бар
салалар мен өндірісті қолдауды қосқанда олар мемлекеттің ең белсенді
реттеуші әрекетін ұсынады.
Кейнсиандық теорияның қарсыластары монетарист теориясының кәсіпкерлері
акша-несиені реттеудің көмегімен, оның ішінде инфляциямен күресу жолымен
тұрақты экономикаға жетуге тырысады. Олар мемлекеттің экономикаға үнемі
араласу тәжірибесін қолдамайды. Монетаристер инфляцияның негізгі факторы -
ақша жиынындағы өзгерісті көре тұра, олар өндірістің уақытша құлдырау
(стагфляция) бағасымен ғана мүмкін болатын күресті, яғни инфляцияны ұзак
мерзімді ақша феномені деп мойындайды. Осылайша, олар теңгерімді бюджетке,
ақша эмиссиясына шектеу коюды жөн көреді.
Қазакстан бұл екі теорияны накты экономикалық, әлеуметтік-саяси
жағдайлар есебімен экономиканы тұрактандыруда және ақша айналымында
инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.
Ақша айналымын тұрақтандыруға және инфляцияны шектеуге ақша
реформалары да бағытталған.

Валюталық заңнаманы ырықтандыру

Валюталық операциялар мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің маңызды
көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан осындай операцияларды жүргізуді
реттеудің және экспорт-импорт валюта бақылауы жүйесін жетілдірудің маңызы
зор. Осы орайда қолданыстағы Заңға сәйкес валюталық реттеудің және
бақылаудың мақсаты мен міндеті қалай айқындалған?
– 2005 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу
және бақылау туралы” Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес валюталық реттеудің
мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатқа ықпал ету болып
табылады, ал бұл мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін міндеттер ретінде
мыналар айқындалған:
— валюталық құндылықтардың айналыста болу тәртібін белгілеу;
— Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға одан әрі енуіне жағдай
жасау;
— валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпарат базасын
қамтамасыз ету.
Осы Заңның нормалары 2005 жылдан бастап кезең-кезеңмен жүзеге
асырылған валюталық режімді ырықтандырудың ақырғы сатысына көшуді
қамтамасыз етті. Мәселен, Заңға сәйкес 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап
капитал қозғалысының валюталық операцияларын жүргізуге және заңды және жеке
тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар ашуына рұқсат етілген тәртіп толық
алынып тасталды, экспорттық валюталық түсімді қайтаруға арналған 180 күн
болып бірыңғай белгіленген мерзім жойылды. Осылайша, капитал қозғалысы
операцияларына қойылған тікелей шектеулер болмай, теңгенің ағымдағы
операциялар бойынша ғана емес, сонымен қатар күрделі операциялар бойынша да
толық айырбасталымдылығына жағдай жасалды.
Қабылданған валюталық заңнаманы ырықтандыру – Қазақстанның әлемдік
экономикаға одан әрі қосылу мақсатын іске асыруға арналған қажетті қадам.
Дегенмен, бір жағынан, егер валюталық шектеулерді алып тастау және
капиталдар қозғалысының еркіндігі кәсіпкерлік қызметтің үлкен еркіндігін
білдірсе және сыртқы экономикалық қызметті дамытуға түрткі болса, онда,
екінші жағынан, капиталдың жоғары деңгейде жұмылдырылуы (капитал ағындары
бағытының кенеттен өзгеру мүмкіндігі) елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін
тәуекелдерді ұлғайтады.
Заңда сыртқы экономикалық конъюнктураның күрт өзгеруіне жедел әрекет
жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, сыртқы күйзелістерге жауап ретінде
арнайы шаралар қабылдау мүмкіндігі белгіленген. Елдің экономикалық
қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген
жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті валюталақ операциялар
жүргізуге арнайы рұқсат режімін енгізуге құқылы. Заңда белгіленген арнайы
рұқсат режімін енгізудің талаптары осы тетікті қолданудың айрықшалылығын
және дағдарыс шешілгеннен кейін ырықтандырылған валюталық режімге қайта
оралудың міндеттілігін нақты ескереді.
Валюталық операцияларды жүргізуге қойылған тікелей шектеулерді алып
тастаған кезде, осындай валюталық операцияларды жүргізудің экономикалық
тұрғыдан лайықтылығына ықпал ететін жанама шаралар қолдану арқылы
валюталық реттеудің мақсатына жетуге болады, – мысалы, салықты реттеу,
қаржы ұйымдарына арналған нормативтерді белгілеу шаралары және т.б. Арнайы
рұқсат режімін енгізу қажеттігін бағалауды қоса алғанда, осындай
макроэкономикалық саясат шараларын қабылдаудың күшті талдамалық және
ақпараттық негізі болуы тиіс.
Бүгінгі күні кездесетін валюталық реттеу үдерістері:
— ірі валюталық операцияларды тіркеу,
— мейлінше маңызды валюталық операциялар туралы хабарлау,
— экспорттық-импорттық валюталық бақылау,
операцияларды жүргізу фактісінің өзіне шектеулер қоймастан, өзінің алдына
валюталық операциялардың сипаты және көлемі туралы шынайы ақпарат жинау
мақсатын қояды.
Тиісінше валюталық бақылаудың негізгі мақсаттарының бірі резиденттер
ұсынатын ақпараттың уақтылығын және шынайылығын қамтамасыз ету болып
табылады.
– Үстіміздегі жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды
лицензиялау жойылғаны белгілі. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Ақша айналысын басқару және реттеу
Ақша айналысының эволюциясы
Банктің мәні және оның қызмет көрсету аясы
Ақша айналысын реттеудегі Ұлттық банктің рөлі
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері
АҚША БАЗАСЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша айналысы және формалары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Пәндер