Қазақстанда меншіктің даму ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Экономикада меншіктің мәні

  1. Меншік ұғымы және түрлері
  2. Меншік нысандары

2 Қазақстанда меншіктің даму ерекшеліктері

2. 1 Меншікте мемлекетті реттеу

2. 2 Меншік және меншік құқығы

2. 3 Меншік қатынастары олардың экономикадағы рөлі

3 Қазақстанда меншікті басқарудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам -өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді (жер -қоғамдық өндірістің басты құралы) . Өндіріс нәтижелерін иелену қоғамдық экономикалық қатынастар щеңберінде материалдық игіліктерді адамдар бірлесе игеру арқылы жүзеге асады. Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774жж. ) «Экономикалық кесте» (1758ж. ) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өніділігі ролінің басымдылығы көрсеткен. Меншікті молайтудағы еңбекшінің егін шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің басымдылық ролін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады.

Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті Уильям Петти,

Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар алғаш рет қоғамның тапқа яғни жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші болып жіктелуіне негіздеді. Уильям Петтидің «еңбек -байлықтың атасы, жер-оның анасы» деген қанатты сөздерді өзінің мәнін осы күнге дейін жойған жоқ.

Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон (1809-1865 жж. ) меншікке өзінің көзқарасын «Кедейліктің философиясы» деген еңбегінде баяндаған болатын. Онда ол ұсақ буржуазиялық және жеке меншікті дәріптеп, капиталистік меншікті сынады. Прудон «Меншікті -бұл ұрлық» деген сөзінің мәні бар. Меншіктің мұндай сипаттамасы кең тараған жоқ және ғылыми сынға ұшырады.

К. Маркстің тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік -бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстік теорияға сәйкес - құралдар, заттар және т. б. меншіктің заттық мазмұнын құрайды. Алайда «меншік» ұғымы тек қана заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәрсені - қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық қасиеті.

Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері - Рональд Коуз ( 1910ж. ) және Армен Алчиан (1914ж. ) қосты. Бұл теория кейінірек Й. Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р.

Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық -міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде «ойын ережесін» білуі қажет. Меншік, кімге жатады, және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?

Олардың ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:

  1. иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген денелік (күш-қуаттылық) бақылау құқығы ;
  2. пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы;
  3. басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы;
  4. табысқа деген құқық, яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу құқығы;
  5. егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы;
  6. қауісіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқа ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;
  7. игілікті мұрагерге беру құқығы;
  8. игілікті иелеудегі мерзімсіздік құқығы;
  9. сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;
  10. жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;
  11. қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік -бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

1 Экономикадағы меншіктің мәні

1. 1 Меншік ұғымы және түрлері

Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталды:

  1. екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну;

ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;

б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі,

в) субъектілік-объектілік талдау.

  1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұны екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.

Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардан тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету -қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмін еместігін білдіреді.

  1. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндіушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.

Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құраддарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдай өндіріс процесіне тартылған.

Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы жүретін тауар айырбасы болып табылады.

  1. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы. Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады-өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа да нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде -өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде - жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құраларынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.
  1. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
  2. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.

Меншіктің қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:

а) иелену (затты иеленуге жүзеге асыру, қожалық ету) ;

ә) пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу) ;

б) бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау -сату, айырбастау сыйға тарту т. б. )

Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады. Әрине, әртүрлі игіліктерді иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құрал-жабдығын иелену процесін, сонымен қатар оның әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау маңыздырақ. Өндіріс құрал-жабдығына деген меншіктің экономикалық қатынастары кез келген экономикалық моделін (нарықтық,

әміршілдік-әкімшілдік, мемлекеттік, аралас, және т. б. ) құрастырушы болып табылыды.

Адамзат қоғамның даму тарихына меншіктің тайпалық немесе қауімдастық түрлері белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жеке адам жердің меншік иесі болып, оны өндіру сол адамның өзіне және оның отбасына берілді. Ол өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан қауімдастыққа біріге бастап, қауімдастықтың меншігін құрады. Қалалық мекендер құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық меншігіне айналады. Бұл жерде қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің бейнесі ретінде көрінеді. Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық, жеке еңбектің және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса түсті. Ослардың ішінен кеінрек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілдік-әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да (1917-1991жж. ) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымында -88, 6% құрады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекетік меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқиды.

Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының қалыптасуы, экономиканың салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді. Ол экономика үшін аса қауіті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты. Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр. Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы - мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40% щеңберінде бекітілді.

Жеке меншіктің дамуы ΧІΧ-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық мектебі «жеке» термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген. Жеке меншік ұғымы тұғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектің және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізінде жасалған жер учаскісі табысы мен жалға берілген басқа да қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдем ақы, стипендия, зейнет ақы және т. с. с. ) есебінен жасалды. Жеке меншіктің даму кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік -бұл билеп-төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердің (иегердің өз еркі ғана бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан мемлекеттің араласуы қажет болды. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда. Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, мағынасы өзгереді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық, акционерлік және кооперативтік түрде - меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болды.

Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік - колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Қазіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толықтырылды. Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған. Өндірістік кооперативтер - бұл тауар мен қызмет көрсетуді бірге өндіру мақсаты, азаматтардың өз еркінде.

Кооперативтер Англияда ΧІΧ-шы ғасырдың басында пайда болып, кейінрек мұндай ұжымдар көптеген Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу және өткізу бойынша пайда болады. 100 жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімінің 60%-ы келеді. Меншіктің кооперативтік түрінің нарықтық экономика жағдайында кооперативтік кәсіпорынның толық өзінше болуы - оның өндірісі дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарлығын иеленеді. Мұнда, қозғаушы күші - меншік иесі, топтары - кооперативтің экономикалық мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативі - айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде тұтыну кооперативінің алғашқы ұйымдары ΧΧ-шы ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуының басты мақсаты - тауарларды сатып алуда шаруа мен тұтынушыны сауда дәлдалдарынан құтқару. Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта тұтыну кооперациясы өзінің қызметін қалада да, ауылдық жерлерде де жүзеге асаырады. Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халақаралық байланыста болды. Меншіктің бір түрінен басқасына өтуді эволюциялық жолмен бәсекелестік күрестің, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-ның негізінде жүзеге асады немесе бұрынғы Одақта болған мемлекеттік және

колхоздық меншік зорлық-зомбылық жағымен қалыптасуын айтамыз. Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал»-латынның «municipalitet» немесе немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан, «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін-өзі» басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік - аумақтық құрылымдарды басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады. Әртүрлі экономикалық жүйе щеңберінде меншіктің басқа түрінің басым болуы, оның басқа түрінің - мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуын жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті, экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.

1. 2 Меншік нысандары

Меншік -тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айырмашылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:

  1. Жеке иемдену нысандары;
  2. Ұжымдық иемдену формалары;
  3. Қоғамдық иемдену нысандары жатады;

Қандай да бір тип аясында қандай бір түрлер болуы мүмкін. Осылайша:

  1. Жеке меншік:

а) жеке;

ә) жеке еңбектік;

б) жеке капиталистік болып бөлінеді.

  1. Ұжымдық меншік:

а) серіктестіктер;

ә) кооперативтік;

б) акционерлік;

в) ортақ өндіріс болып бөлінеді.

  1. Қоғамдық меншік:

а) жалпы мемлекеттік;

ә) муниципалдық болып бөлінеді.

Шаруашылық практикада меншік типтерінің, нысандарының және түрлерінің мәнін ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметті ұйымдастыруының қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан, шаруашылық жүргізу нысандары меншік объектілерін пайдаланумен, сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің негізі болып табылады.

2 Қазақстанда меншіктің даму ерекшеліктері

2. 1 Меншікте мемлекетті реттеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік: қатынастары, мағынасы, иесі
Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
Жеке меншік формалары
Комуникация және ақпарат
Қазақстан Республикасындағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері
Меншік және экономикалық жүйе
Жекешелендірудің экономикалық аспектілері
Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері, өндірістік құрылымы
Мемлекет - саяси ұйым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz