Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КIРIСПЕ 2
I НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИIМДI ЖҮЙЕСI РЕТIНДЕ 4
1.1 Нарық туралы жалпы түсiнiк 4
1.2 Нарықтың түрлерi және қызметтерi 12
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМЫТУДЫҢ НЕГIЗДЕРI 17
2.1 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың
өзiндiк ерекшелiктерi 17
2.2 Елiмiзде нарықтық қатынастардың тиiмдiлiгiн арттырудың 21
ықпалы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасының өз егемендiгiн алып, нарықтық экономикаға
өтуiне байланысты экономикамызда күннен-күнге нарықтық қатынастар
күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады.
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 14 жыл
бұрын бүкiл шаруашылық және экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан
нарықтық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы нарықтық қатынастардың
қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екендiгi
белгiлi болып отыр.
Елiмiздiң нарықтық қатынасқа өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар
пайда болып, нарық инфрақұрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың
қызмет ету механизмi күрделене түстi.
Нарықтық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу
мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың нарық арқылы тәуелсiз түрде өзара
әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Бүгiнде елiмiзде көрiп отырғанымыздай қаржы нарығы, еңбек нарығы,
валюталық нарық, бағалы қағаздар нарығы, тауар мен қызметтер нарығы,
капиталдар нарығы және т.б. нарықтары қалыптасып, олар өз қызметтерiн әр
түрлi формада iске асыруда. Алайда қандай нарық болса да, оның нақты түрiне
байланыссыз, нарық экономикасы қызмет етуi, оның негiзгi үш басты
элементтерiне сүйене отырып көрiнiс табады: баға, сұраныс пен ұсыныс және
бәсекеге байланысты. Осы элементтердiң жиынтығы нарық жүйесiн құрайды.
Жоғарыдағы барлық экономикалық жүйелер басты үш сұрақты қажет етедi.
Оларға: Не өндiру керек? Қалай өндiру керек? Кiм үшiн өндiру керек?
Нарықтық экономикада бұл сұрақтар нарықтық механизмнiң көмегiмен тиiмдi әрi
тұтынушыларды басты орынға қойып, олардың сұранысын максималды
қанағаттандыруға және өнiм өндiрудi тиiмдi жүргiзу мақсатында шешiледi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын елiмiз дамуы үшiн маңызды
болып табылатын “Нарықтық қатынастардың дамуы” деп алдым. Бұл тақырыптың
өзектiлiгi нарықтық қатынастардың қызмет ету ерекшелiктерiн талдап, оның
ұлттық экономиканың тиiмдi дамуындағы орнын көрсету болып табылады. Сонымен
қатар экономикалық теория негiзiнде нарықтық қатынастардың қызмет ету
ерекшелiктерiн талдап, оның ұлттық экономиканың тиiмдi дамуындағы орнын
көрсету болып табылады.
Менiң осы мақсатқа жетудегi мiндеттерiм:
• Нарықтық экономиканың мәнi мен түрлерi және соған байланысты жалпы
шаруашылықтағы қызметтерiн талдау;
• Нарықтық механизмнiң экономикалық мәнiн және оның қызмет етуiндегi
басты принциптерiн қарастыру;
• Нарықтың экономикадағы артықшылықтары мен кемшiлiктерiн атап өту және
олардың елiмiздегi көрiнiсiн сипаттау;
• Нарықтың негiзгi элементтерiн және олардың бiр-бiрiмен өзара
байланыстарын анықтау;
• Қазақстан Рсепубликасында нарықтық қатынастардың қалыптасу
ерекшелiктерi мен оның дамуын сипаттау;
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын нарықтық қатынастарды және нарықтың
қызмет ету механизмiн, нарықтық ортаны дамытып, оны жандандыру және оларды
мемлекеттiк және халық болып қолдау мен iске асыру бүгiнгi күн тәртiбiндегi
өзектi мәселелердiң бiрi.

I НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИIМДI ЖҮЙЕСI РЕТIНДЕ

1.1 Нарық туралы жалпы түсiнiк

Нарық әлемдiк өркениеттердiң жетiстiктерiнiң бiрi. Нарықтық қатынастар
мәнiн анықтауда нарық түсiнiгiнiң екi жақты маңызы бар екенiнен шығу керек.
Бiрiншiден, нарық өз мағынасында айырбас, айналыс сферасында iске
асырылатын өткiзудi бiлдiредi. Екiншiден, нарық – бұл өндiру, бөлу, айырбас
пен тұтыну процестерiн қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар
жүйесi.
Нарықтық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу
мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың нарық арқылы тәуелсiз түрде өзара
әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Нарықтық экономикада экономикалық теория негiзiнен ресурстардың
шектелген жағдайында қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен
топтардың материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға
мен бәсекеге байланысты шектеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу,
айырбастау және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда
максималды деңгейге жеткiудi көздейтiн болады.
Экономикалық байланыстар өнiмдердiң өндiрушiлерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бiр жақтан, өндiрушiлер, басқа жақтан тұтынушылар
арасында көп түрлi айырбас жүрiп отырады. Осындай айырбас процестерi
қоғамдық еңбек бөлiнiсiмен белгiленедi. Бұл бiр жағынан өндiрушiлердi
ажыратады, еңбек әрекеттерiне сәйкес оларды бiр-бiрiнен оңашаландырады.
Екiншiден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тударады.
Осындағы бiрiншi жағдай әр өндiрушiлердiң шаруашылық жүргiзуде экономикалық
тұрғыдан жекешеленуiне, тәуелсiздiгiне ұласады, сөйтiп нарық қатынастарының
субъектiлерiнiң қалыптасуының экономикалық негiзiн құрайды. Екiншi жағдай
тауарларды сатып алу-сату эквиваленттiк негiзде жүрiп отыратын айырбастар
процестерiнде көрiнiс табады. Осы кезде өндiрушiлер тауар өндiрудi және оны
өткiзудi, шығындарды өтеудi, өндiрiстi кеңейтудi және жетiлдiрудi –
барлығын өз еркiмен дербес шешедi. Тауар – ақша қатынасы жағдайында айырбас
процестерi нарықтық қатынастар формасында болады.
Экономикалық теорияда осыған ең қарапайым түрдегi жауап: нарық
адамдардың сатушы және сатып алушы болып бiрiн-бiр тауап кездесетiн жерi.
Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиi қолданылатын нарыққа анықтаманы
француз экономисi А.Курно мен экономист А.Маршал бередi. Олар нарықты:
“нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгiлi нақты рынок алаңы емес,
ол сатып алушылар менсатушылардың бiр-бiрiмен өте еркiн жағдайда келiсiмге
келетiн, кез-келген жалпы экономикалық аудан; еркiндiк сонда – бiрдей
тауарлардың көп ұзамай тез арада теңелiп отырады”. Бұл анықтамада
айырбастың еркiндiгiмен бағаның белгiленуi нарықтың басты критериi деп
көрсетiлген.
Ағылшын экономисi У.Джевонс нарықтың критериi деп сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы өзара қатынастардың “тығыздығына” назар аударады.
Бұның айтуы бойынша, тығыз iскерлiк қатынасқа түскен және қандай болмасын
сондай тауарлар туралы келiсiм жасасқан кез келген адамдардың тобы ол нарық
болып табылады.
Нарықтың мәнiн анықтағанда, оның екi жақты мағынасы бар екенiнен
бастау керек. Бiрiншiден, нарық (маркет) деген түсiнiк өзiндiк мағынада
өткiзу деген түсiнiктi қалыптастырады, бұл айырбас, айналыс сферасында орын
алады. Екiншiден, нарық - өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн
қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi. Бұл меншiктiң
әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесiн
пайдалануға негiзделген, экономкалық iс-әрекеттердiң күрделi механизмi.
Сондай-ақ, айналыстан бөлек нарық қатынастарына келесiлер жатады:
• Екi субъектiнiң өзара байланыстары нарық негiзiнде болғанда,
кәсiпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен
байланысты қатынастар;
• Еңбек нарығы арқылы жұмыс күшiн жалдап пайдалану процесi;
• Белгiлi бiр пайызға несие берудегi несиелiк қатынастар жиынтығы;
• Шетел фирмалары мен бiрлескен кәсiпорындардың айырбас процестерi;
• Тауар, валюта, қор биржалары мен басқа да нарықтардан тұратын
нарықтық инфрақұрылымдардың iс-әрекет процестерi.
Осы нарықтық қатынастардың бiздiң экономикада тез орын алуына жол ашу
үшiн нарықтық байланыстарды қамтамасыз ететiн жалпы шаруашылық құрылымдар
мен қызметтерге қолайлы орта қалыптастыруымыз керек. Экономикада нарықтық
дамуына келесiдей шарттардың болуымен iске асады:
• Меншiктiң алуан түрлi формаларына (жеке меншiкке кооперативтiк,
акционерлiк, мемлекеттiк меншiкке) жол ашу. Бұл шартқа бiрте-бiрте
қоғамның әлеуметтiк жағдайлары мен құрылымдық сипатын бұзбайтындай
етiп жайлап өту керек;
• Мемлекттiк реттеулердi сақтай отырып, өндiрiстi демократияландыру. Бұл
шартта есте болатын жағдай: нарық экономикасы өзiн-өзi толық тиiмдi
реттей алатын жүйе болып табылмайды. Нарықтық қатынастарда белгiлi
дәрежеде реттеп отыруды қажет етедi.
• Нарықтың үш негiзгi элементiн бiрiктiретiн тауарлар мен қызметтер
нарығын, өндiрiс факторларының нарығын, қаржы нарығын бiрiктiретiн
нарықтық инфрақұрылымды жасау және оның қызметiн жақарту;
Нарықтық факторлардың екiншi тобына құқықтық заңдарды жасаумен
байланысты шаралар жүйесi және шаруашылық жүргiзудiң нарықтық әдiсiне көшу
туралы экономикалық заңдар мен тәртiптердi қабылдау жатады. Бiрiншiден,
меншiк пен шаруашылық жүргiзудiң көптүрлi формалары қалыптасу үшiн және
орынсыз пайдалануға жол бермейтiн, нақты шаралардың болуы қажет. Екiншiден,
экономиканың жетекшi салаларында құрылымдық өзгерiстер жүргiзiп тапшылықты
жою керек. Үшiншiден, шетел капиталының қатысуымен және аралас
кәсiпорындарды құру арқасында экономикалық ашық жүйеге айналдыру болы
птабылады.
Сондай-ақ нарықтық қатынастардың дамуы ең алғашында жекелеген тауарлар
айырбасы негiзiнде жүзеге асып отырды. Мысалы, бiр қап ұнға бiр балта және
тағы сол сияқты айырбас формалары сипатында болды. Ал бүгiнгi таңда
экономиканың күрделенiп, оның салаларының және салаiшiлiк құрылымының әр
түрлi формаларының дамуына байланысты және жаһандану процестерiнiң одан
сайын күрделене түсуi негiзiнде нарықтық қатынастарда күннен-күнге
күрделене түсуде.
Нарық экономикасы қызмет етуi, оның белгiлi элементтерiнiң болуын
талап етедi. Осы элементтердiң жиынтығы нарық жүйесiн құрайды.
Нарық қатынастардың бiрiншi элементi және өте маңызды элементi -
өндiрушiлер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлiнiсi процесiнде
қалыптасады – бiреулерi тауарды өндiредi, екiншiлерi оны тұтынады. Бұл
жағдайда өндiрушiлер мен тұтынушылардың бiр-бiрiмен байланысы, әрқайсысының
әрекеттерiнiң нәтижелерiн айырбастау арқылы жүрiп отырады. Нарық
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негiзделедi және
нарықтар қатынастар негiзiнде iске асып отырады. Нарықта өндiрушiлердiң
басты мақсаты өздерiнiң өндiрiс көлемiнде пайдасын максималдап, өндiрiс
шығындарын минималдауға ұмтылады. Ал тұтынушылар өздерiнiң бюджеттiк сызығы
мүмкiншiлiгiне байланысты қажеттiлiктерiн толық өтеуге ынталы болады.
Нарық экономикасының екiншi элементi – баға. Бағаны жеке талдап
танысайық. Бұл жерде тек екi мәселенi ескертемiз. Бiрiншi, баға нарықта
сұраныс пен ұсыныс нәтижесiнде қалыптасады, яғни бұл жетiлген немесе еркiн
бәсекелестiк жағдайда орын алады. Екiншi жеке бiр фирманың немесе бiрнеше
фирманың, мемлекеттiң және сыртқы факторлар әсерiнен баға рыноктан бағадан
өзгеше болып қалыптасады. Бұл жағдай көбiнесе нарықтың жетiлмеген
бәсекелестiк жағдайына сәйкес келедi. Мысалы, нарықтық баға ол осы нарыққа
қатысушы көптеген фирмалардың орта тиiмдi бағалары негiзiнде, сұраныс пен
ұсыныстың арақатынасында қалыптасады. Осы нарықтық бағаның қалыптасуын және
нарықтың тепе-теңдiгiн келесi 1-шi суреттен көре аламыз:

Баға (Р)
Ұсыныс (S)

P0 Е

Сұраныс (D)
Q0 Өнiм көлемi (Q)

Сурет-1 – Нарықтың тепе-теңдiгi және нарықтық бағаның қалыптасуы

1-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, нарықта ұсыныс пен сұраныс орын
алады. Олар өздерiнiң заңдылықтарына байланысты нарықта белгiлi бiр орынға
ие болады. Ал осы сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесiнде нарықтық баға
(Р0) және тиiмдi өндiрiс көлемi (Q) қалыптасады. Осылардың барығының
қиылысу нүктесi нарықтық тепе-теңдiк (Е) деп аталады. Бiр шын өмiрде мұндай
тепе-теңдiк қолайлы жағдай орын алуы бола бермейд. Ол белгiлi бiр қысқа
мерзiмде ғана көрiнуi мүмкiн. Көбiнесе нарықтық жағдай осы тепе-теңдiк жан-
жағында орын алып отырады. Мысалы, мемлекет кейбiр тауарларға нарықта
жоғары баға белгiледi деп айталық, онда келесiдей жағдай орын алады:
нарықта баға өсуiне байланысты ұсыынс заңына орай өндiрушiлер өздерiнiң
өндiрiс көлемiн көбейтедi, ал тұтынушылар сұраныс заңына байланысты бағаның
өсуiне негiзделiп сол заттарды сатып алуын азайтады. Нәтижесiнде нарықта
өндiрiстiң өсуi және сұраныстың азаюынан өндiрiс орындарының шығарған
өнiмдерiне сұраныс болмай, олар дағдарыстық жағдайға душар болады. Осыған
байланысты өндiрiс орындары бағаны қайтадан төмендетуге немесе мемлекет
тұтынушылардың жалақысының өсуiн қамтамасыз етуге ынталы болады. Яғни,
қаншалықты тепе-теңдiк бұзылғанымен, ол белгiлi бiр мерзiмнен кейiн өзiнiң
тиiмдi орнына қайтадан оралады. Бiр сөзбен айтқанда нарықтың тиiмдiлiгi де
сол, ол өз өзiн реттеп отырады.
Нарық экономикасының төртiншi, негiзгi элементтерiнiң бiрi – екi
құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға
қажеттiлiк болып көрiнедi. Сұранысты қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы
болып табылады. Нарықтық қатынастарда сұраныс өндiрудiң ең тиiмдi әдiсiн
қолданудың және ресурстарды тиiмдi пайдаланудың стимулы болып табылады.
Кез келген сұранысты қалыптастырушы тұтынушы ұнатымдылығы мен артық
көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы тұтыну жоспарын
жасады делiк. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең
жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi. Тұтынушылық мiнез-құлығы мен
сұраныс теориясы осы параметрлердiң белгiленгенiң басшылыққа алып талдау
жасайды.
Сұраныс заңы - тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс шамасы
соғұрлым төмен болатынын айтады, яғни Q = QD (p) тәуелдiлiгi керi болып
келедi. Бұл сұраныс функциясының кестесiнде керi ылдиы бар деген сөз. Ол
(D) сұраныс қисығы деп аталады. Оны келесi 2-шi суреттен көре аламыз.
Суреттегi сұраныс функциясының керi тәуелдiлiгi, егер баға Р1 ден Р2-
ге дейiн өссе, сұраныс шамасы Q1-ден Q2-ге дейiн төмендейтiн түрiн
бiлдiредi.
Бұған келесi түрде түсiнiктеме беруге болады. Бiрiншiден адамдар
қымбаттаған тауарды басқа тауарға ауыстыра бастайды, екiншiден бағаның
көтерiлуiне байланысты өздерiн кедей сезiнiп олар осы тауарды тұтынуын
қысқарта бастайды.
Тауардың пайдалылығы бар ма немесе жоқ па, белгiлi бiр адам үшiн егер
пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол
игiлiк қандай деңгейде қажетiн тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр
тұтынушы өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес нарықта нарықтық баға
деңгейiн белгiлейдi.
Баға

Р2

Р1 Сұраныс (D)

Q2 Q1 Өнiм көлемi
Сурет-2 – Сұраныс қисығы ылдиы

Ұсыныс болса өз кезегiнде өндiрушiлермен тығыз байланыста және олар
нарықтық экономика дамыған қатынастарда сұранысқа бағытталып қызмет етедi.
Жалпы сұраныс пен ұсыныс материалдық игiлiктердi өндiрушiлер мен
тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететiн, нарық
механизмiнiң өте маңызды элементтерi. Ұсыныс ұсыныс заңы бойынша нарықта
бағалардың өсуiмен ұсыныс көлемi де өсiп отырады, яғни баға өсiмi мен
ұсыныстың өсуi тiкелей байланыста болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнде бесiншi элементi – бәсеке. Бәсеке
қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын,
экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист
ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi
жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету
механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”.
Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз
байланыста болады.
Бұл пайданың жоғары болуын және осының негiзiнде өндiрiс масштабын
кеңейтудi қамтамасыз етедi. Бәсеке нарық субъектiлерiнiң өзара әрекетiнiң
және пропорцияларды реттеу механизмiнiң формасы болып табылады.
Экономиканың белгiлi өкiлi А.Смит бәсекенi нарықтың “көрiнбейтiн қолы”
деген. Оның мәнi адамдар өз мүдделерiне сәйкес, өздерiнiң қара басының
қамын ойластырып әрекет етедi. Осы әрекеттердiң жалпы жиынтығы қоғамның
пайдасына шешiледi, олар осы бәсекелестiкке бара отыра қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенiң басты қызметi экономиканың реттеушiлерiнiң –
бағаның, пайданың нормасының, пайыздың және т.б. құралдардың мөлшерiн
анықтау болып табылады.

1.2 Нарықтың түрлерi және қызметтерi

Экономикада нарықтың түрлерi өте күрделi болады және ол экономиканың
барлық сферасында әсерiн тигiзедi. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай
жағдайлармен белгiленедi:
• Меншiк формаларымен (мемлекеттiк, жеке, аралас, ұжымдық);
• Шаруашылық субъектiлерiнiң әр түрлi формаларының экономикадағы үлес
салмағымен белгiленетiн, тауар өндiруiлердiң құрылымымен (мемлекеттiк,
арендалық, кооперативтiк, жеке меншiк кәсiпорындар);
• Тауар айналымы сферасының ерекшелiктерiмен;
• Шаруашылықтың құрылымдық бөлiмдерiнiң мемлекет иелiгiнен алыну және
жекешелендiру дәрежесiмен;
• Осы елде пайдаланылатын сауда түрлерiмен.
Сондай-ақ нарықты құрылымы жөнiнен келесiдей критериилер арқылы бөлуге
болады:
1. Нарық қатынастары объектiлерiнiң атқаратын экономикалық қызметi
бойынша:
• Игiлiктер мен қызметтер нарығы;
• Өндiрiс құралдарының нарығы;
• Ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
• Құнды қағаздар нарығы;
• Жұмыс күшi нарығы;
• Қаржы рыногы және т.б. рыноктар.
2. Нарықтарды сонымен қатар тауарлық топтар бойынша жiктеуге болады:
• өндiрiстiк қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
• халық тұтынатын тауарлар; азық-түлiк тауарлар нарығы;
• шикiзат пен материалдар нарығы.
Сондай-ақ ауылшаруашылық шикiзаттары нарығында азық-түлiкке және ауыл
шаруашылық шиiзаттарына қажеттiлiктердi қамтамасыз ететiн, ауыл шаруашылық
өнiмдер нарығы қалыптасады. Тұтыну тауарларының нарығының қалыптасуы осы
тауарлардың өндiрiлу көлемiнiң елеулi дәрежеде өсуiн тiлейдi, сатып
алушылық сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiктiң кең пайдаланылуын,
фирмалық дүкендердiң көбеюiн қалайды.
3. Бәсекенiң шектеулi дәрежесi бойынша мынадай нарықтар болады:
• Монополиялық нарық;
• Олигополиялық нарық;
• Салааралық нарықтар.
4. Тауарлар мен қызметтер нарығы.
• Тұтыну тауарларының нарықтары – азық-түлiк және азық-түлiк емес
тауарлар нарығы;
• Қызметтер нарығы – тұрмыстық, көлiк, коммуналдық қызметтер нарығы.
• Тұрғын үй немесе өндiрiстiк емес ғимараттардың нарығы.
5. Өндiрiс факторларының нарығы.
• Жылжымайтын мүлiктер нарығы;
• Еңбек құралдарының нарығы;
• Шикiзат пен материалдардың нарығы;
• Қуаттық ресурстрардың нарығы;
• Пайдалы қазбалардың нарықтары.
6. Қаржылар нарығы.
• Капиталдар немесе инвестициялық нарық;
• Несие нарықтары;
• Құнды қағаздар рыноктары;
• Валюта-ақша нарықтары жатады.
• Одан шығуына тосқауылдар көптеген салалар бойынша жоқ, яғни еркiн
нарықтық бәсеке қалыптасқан.
Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң
бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Нарықтың мәнi оның қызметтерi арқылы толыңғырақ анықталады. Нарық
мынадай маңызды қызметтер атқарады:
• Тауар өндiрiсiнiң және қызмет көрсетудiң өзiн-өзi реттеу қызметi. Бұл
мына жағдай арқылы көрiнедi: тауарға немесе қызметке сұраныс өскенде
өндiрушiлер өздерiнiң өндiрiс көлемiн немесе қызмет көрсету аясын
кеңейтiп бағаны жоғарлатады; нәтижесiнде өндiрiс немесе қызмет
көрсету қысқара бастайды;
• Ынталандыру қызметi, баға төмендегенде өндiрушiлер өндiрудi азайтады,
осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгiзу, еңбек
ұйымдастыруды жетiлдiру арқылы шығыдарды азайту мүмкiндiгiн
iздестiредi;
• Өндiрiлген өнiм мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау
қызметi. Бiрақ бұл қызмет тек тапшылық оқ өндiрiс жағдайында жүзеге
аса алады. Сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндiрiсте
монополия болмағанда, нарықта көптеген өндiрушi болып олар өзара
бәсекелес болғанда;
• Реттеу қызметi, нарық тепе-теңдiгi арқылы экономикадағы, өндiрiстегi
және айырбастағы негiзгi микро және макропропорциялар белгiленiп,
оларды нарық механизмi реттеп отырады;
• Шаруашылық өмiрдi демократияландыру, өзiн-өзi басқару принциптерiн
жүзеге асыру қызметi. Нарықтық құралдар әсерiмен қоғамдық өндiрiс
экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады, және
осының арқасында тауар өндiрушiлер әркелкi түрге, буындарға бөлiнедi,
яғни дифференцияланады;
• Нарықтық қатынастар негiзiнде экономиканың тиiмдi дамуын қамтамасыз
ететiн бәсекеге қабiлеттi экономика қалыптасады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк нарықта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық нарықта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады.
Нарықтық экономика қызмет етуiнiң механизмi үш басты қағидаға
негiзделедi:
• маржиналдық (шектi) талдау;
• балама талдау шығындары;
• экономикалық рационалдылық;
Маржиналдық талдау қағидасы негiзiнде нарықтық субъектiлер мiнез-
құлқы құрылады, оған орташа емес, шектi шамалар шешушi әсер етедi. Нарытың
тауарларға толуы, рыноктық бағалардың өзгеруi нәтижесiнде нарықтық
экономиканың бiр қалыптан екiншiсiне өтуi бiр деңгейде жүредi. Бұл жаңа,
шектi субъектiнiң сұраныс немесе ұсыныс түрiнде нарықтық экономикаға әсер
етпеуiнен болады. Жетiлген нарық жағдайында үлкен немесе сұраныс пен
шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң шексiз саны болған кезде, осылардың
әрқайсысы шексiз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол нарықтық
кеңiстiктiң үздiксiз қызмет етуiн қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен
ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болуы мүмкiндiгiн болдырмайды, тауар
өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы нарық ылғи да ұстап отырады.
Балама талдау шығындардың қағидасы. Балама талдау шығындары
ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсiлдерiнен немесе кәсiпкерлер қызметiне
байланысты туындаған тiкелей шығындар мен алынбаған пайдалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік меншік: қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары
Меншік экономикалық категория түрінде
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Жекешелендіру
Фирма қызметтерін ұйымдастыру қызметтері
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
Нарық жағдайында кәсіпорын салық толеуші ретінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: қалыптасуы және даму кезеңдері
Пәндер