AD-AS және IS-LM үлгiлерiнiң бiр-бiрiмен байланысы


Жоспар
Кiрiспе3
1. 1. AD-AS және IS-LM үлгiлерiнiң бiр-бiрiмен байланысы. 4
1. 2. IS қисығына бюджеттiк салық саясатының әсерi. 7
1. 3. LM қисығы. 8
1. 4. Жиынтық сұраныс қисығы. 10
Қорытынды. 12
Тесттер13
Есеп. 17
Қолданылған әдебиеттер. 19
Кiрiспе
Макроэкономиканың микроэкономикадан бiрден-бiр айырмашылығы онда экономикаға үшiншi жақтан мемлекет араласатындығы екенi белгiлi. Мемлекет экономикаға әсер етуi үшiн белгiлi бiр саясаттар жүргiзу арқылы ғана араласа алады. Ал осы саясаттардың ең негiзгiлерiнiң бiрi мемлекеттiң салық-бюджет және ақша-несие саясаты болып табылады. / (1), 5-6 б. /
Өз кезегiнде салық-бюджет саясатын тауар нарығында iске асырса, ал ақша-несие саясатын ақша нарығын реттеуге пайдаланылады. Мұнда тауар нарығы IS, ақша нарығы LM деп аталатындығы бiзге белгiлi. Ал бұл екi нарық бiр-бiрiмен тығыз байланысты, өйткенi бiреуiнiң өзгерiсi екiншiсiне деәсер етедi.
Сондықтан мен макроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдiк” деп алдым.
Жұмыс барысында AD-AS және IS-LM модельдерiнiң бiр-бiрiмен байланысын және IS және LM қисықтары, сондай-ақ бұл нарықтарға салық-бюджет және ақша - несие саясаттарының әсерi туралы тоқталдым.
Жұмыстың соңында осы тақырыпқа байланысты тест сұрақтары және есептер берiлген.
1. 1. AD-AS және IS-LM үлгiлерiнiң бiр-бiрiмен байланысы.
Бөлiмнiң мақсаты нақты экономика секторының (тауар нарығының) және ақша нарығының өзара әсерiнiң тереңдетiлген талдауын көрсету. Тауар нарығы түсiнiгiнде қызмет көрсету мен тұтыну игiлiгiнен өзгешелiгi жоқ деп айтуға болады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбiр ерекшелiктер бар, дегенмен олра өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткенi тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әр түрлi айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негiзiнен табыспен байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. / (2), 207 б. /
Ақша нарығы - бұл қысқа мерзiмдiк несиелiк құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетiгi. Бұл нарықты облигация нарығынанажыратып қарастыру керек.
Бұл бөлiмнiң мiндетi, осы нарықтардың құрылымын тура анықтаудан тұрады, бұл жердегi маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу.
Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменiң ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етедi. IS-LM үлгiсiн ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс “кресi”) 1937 жылы ұсынған.
А. Хансеннiң 1949 жылы шыққан “Монетарлы теория және қазыналық саясат” атты кiтабы арқылы ол көпшiлiкке мәлiм болады, содан кейiн ол Хикс-Хансен үлгiсi деп аталып кетедi. / (3), 237 б. /
IS-LM үлгiсi (инвестиция - қор жинағы, ұнамды өтiмдiлiк - ақша) - жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшiн қажеттi экономикалық факторда айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдiгiнiң үлгiсi.
Сондықтан да IS-LM үлгiсi AD-AS үлгiсiнiң нақтыланған түрi болып табылады. Инвестициялар пайыз мөлшерлемесiнiң терiс функциясы, ал тұтыну - нақты табыстың оң функциясы екенiн бiлемiз, демек жиынтық сұраныс теңдеуi төмендегiдей: / (3), 237 б. /
AD = C (Y) + I (R)
Ал ұсыныс, Кейнстiң айтуынша, мынадай болады:
AS = C (Y) + S (Y)
Тауар нарығындағы тепе-теңдiк жағдайы келесi теңдiктi орындағанда ғана орын алады.
I (R) = S (Y)
Берiлген теңдеудi Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдiк жағдайы үлгiсiнен басқаша.
I ( R ) = S ( R )
Төмендегi теңдеу классикалық үлгiдегi тауар нарығындағы тепе-теңiктi көрсетедi. Бұл теңдеулердiң айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументiнде.
IS-LM үлгiсiнiң негiзгi теңдеулерi: / (3), 238 б. /
- Y = C + I + G +Xn- негiзгi макроэкономикалық тепе-теңдiк. Мұндағы:
- C = a +b (Y - T) - тұтыну функциясы.
- I = e - d * R - инвестиция функциясы.
- Xn= g - m’ * Y - n * R - таза экспорт функциясы.
- M / P = k * Y - h * R - ақшаға сұраныс функциясы.
Үлгiнiң iшкi айнымалылары:
Y (табыс), С (тұтыну), I (инвестиция), X n (таза экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме) .
Үлгiнiң сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттiк шығындар), M s (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесi) .
Эмприкалық коэффиценттер:
( a, b, e, d, g, m, n, k, h ) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
Қысқа мерзiм кезеңiнде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Y = Y*), баға деңгейi P тұрақты, ал пайыз мөлшерлемесi R және жиынтық табыс Y өзгермелi. P = const тұрақты, өйткенi барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндерi сәйкес келедi.
Ұзақ мерзiм кезеiнде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.
(Y = Y*), баға деңгейi Р өзгермелi. Бұл жағдайда айнымалы M s (ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгiдегi басқа айнымалылар - нақты шама болады.
IS қисығы тауар нарығындағы тепе-теңдiктi көрсетедi.
IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегi ( G, T ) пайыз мөлшерлемесi ( R ) мен жиынтық табыс (Y) арасындағы байланысты көрсетедi.
IS қисығының қарапайым түрi инвестициялар емн қор жинағы функцияларымен тығыз байланысты. IS қисығының бойындағы кез-келген нүктеде қор жинағы мен инвестицияның тең екендiгi көрiнедi. / (3), 238 б. /
1 (а) - суретте қор жинағы функциясы бейнеленген. Табыстың Y 1 -ден Y 2 -ге өсуiне байланысты қор жинағы S 1 -ден S 2 -ге өседi.
1 (ә) -сурете инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуi пайыз мөлшерлемесiн R 1 -ден R 2 -ге азайтады, ал инвестиция I 1 -ден I 2 -ге өседi. Бұл жағдайда I 1 = S 1 , I 2 = S 2 болады.
1 (б) -суретте IS қисығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесi төмен болған сайын, табыс деңгейi немесе жиынтық сұраныс соғұрлым жоғары болады. не жоғары немесе төмен қозғалтады. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар IS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады. Мысалы, егер кез келген пайыз мөлшерлемесiнде мемлекеттiк шығындар өсетiн болса, онда ол жиынтық сұраныстың өсуiне алып келедi. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай өсiредi. Керiсiнше берiлген пайыз мөлшерлемесiнде салық мөлшерi мен қолда бар табыстың төмендеуiн күту жиынтық сұранысты төмендетедi, IS қисығы солға қарай қозғалады.
/(3), 239 б. /
Қор жинағы
S
1 (а) -сурет. Қор жинағы функциясы. S 2
S 1
Табыс
Y өнiм
Y 1 Y 2 көлемi
Пайыздық мөлшерлеме
R R
R 1
R 2
Y Y
I 1 I 2 Инвестиция Y 1 Y 2
1 (ә) -сурет. Инвестиция функциясы. 1 (б) -сурет. IS қисығы.
Жоғарыдағы айтылған тұжырымды Кейнс кресiнiң үлгiсiн пайдаланып көрсетуге де болады.
1. 2. IS қисығына бюджеттiк салық саясатының әсерi.
1) . Пайыз және бағалы факторды алсақ пайыз қойылым әсер еткенде қисық бойымен қозғалады. G және T тұрақты. I ( r ) өзгередi дедiк.
2) . Пайыз қойылым өзгермейдi “ r ” тұрақты, ал G өссiн деп алайық, ал Т тұрақты болсын. Олардың қаншаға өзгеретiнiн көру үшiн олардың мультипликаторын қолданамыз. /(2), 217 б. /
Мемлекеттiк шығын мультипликаторы:
∆Y = ∆G \ 1 - MPS
3) . Салық өзгерсе, онда:
∆Y = - ∆T*MPS \ 1 - MPS
- Бюджеттiк салық саясаты жалпы сұранысты көбейтсе IS қисығы оң жаққа жылжиды. ( Т↓, G↑, AD↑)
- Бюджеттiк салық саясат жалпы сұранысты азайтса IS қисығы сол жаққа жылжиды. ( AD↓)
1. 3. LM қисығы.
LM қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдiктi көрсетедi.
LM қисығының графигi - ақша ұсынысының (M s ) белгiлi бiр мөлшерiнде ақша нарығындағы тепе-теңдiкке сәйкес келетiн пайыз мөлшерлемесi мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетедi. / (1), 126 б. /
LM қисығының графигi келесiдей: (2-сурет) / (3), 242 б. /
Ақша нарығының
нақты қоры LM қисығы
R M s R
LM
R 2
M’ D
R 1
M D
Y
M \ P Y 1 Y 2
2 (а) -сурет . Ақша нарығы. Табыс мөлшерiнiң 2 (ә) -сурет. LM қисығының нақты
Y 1 -ден Y 2 -ге өсуi ақшаға деген сұранысты қоры. Неғұрлым табыс жоғары
өсiредi, демек пайыз мөлшерлемесiн R 1 -ден болған сайын, пайыз мөлшерлемесi
R 2 -ге өсiредi. де жоғары болады.
2-сурет.
LM қисығы пайыздық қойылым мен ұлттық табыс арасындағы тiкелей тәуекелдiлiктi анықтайды.
LM қисығының қарапайым алгебрасы.
M \ P = L ( r, Y ) тепе-теңдiк.
L сызықты болса L (r, Y ) = e*Y - f*r
e, f - оң параметрлер. е - табыс деңгейi өскенде нақты ақша қорына сұраныс қаншаға өсетiнiн анықтайды. f - пайыз қойылымы өскенде нақты ақша қорына сұраныс қаншаға азаятынын анықтайды.
Сөйтiп, M \ P = e*Y - f*r => r = e \ f * Y - ( 1 \ f ) * M \ P бұл теңдеу LM қисығының қарапайым алгебрасы деп аталады. / (3), 243 б. /
Осылайша IS-LM моделi, яғни тауар және ақша нарықтарының тепе-теңдiгi IS-LM қисықтарының қиылысуынан пайда болады. (Сурет - 3) / (2), 212 б. /
IS-LM қисығы
R
LM
А
R*
IS
Y
Y*
Сурет-3
Мұнда IS : Y = C (Y-T) + I (r) + G
LM: M \ P = L (r, Y)
А нүктесi нақты шығыстар жоспарланған шығыстарға тең және нақты ақша қорлар сұранысы олардың ұсынысына тең.
AD-AS керi, жалпы ұсыныс баға өссе ол да өседi. Жалпы ұсынысты анықтайтын баға және жалақы немесе пайыз қойылымы. Ұсыныс өндiрiспе байланысты. /(2), 208 б. /
Y = F (K, L)
1. 4. Жиынтық сұраныс қисығы.
Ендi IS-LM моделiн пайдаланып AD қисығын график түрiнде алып көрейiк: (Сурет 4) / (3), 252 б. /
R LM (P=P 2 )
LM (P=P 1 )
IS
Y
Y 2 Y 1
Сурет 4 (а) IS-LM моделi.
Баға деңгейi
P
P 2
P 1
AD
Y 2 Y 1 Y
Табыс, өнiм көлемi.
Сурет 4 (ә) . Жиынтық сұраныс қисығы.
Жиынтық сұраныс теңдеуiн төмендегiше өрнектеуге болады.
Y = a + bG - f Ta + q M \ P
a, b, f, q - коэффиценттер.
4-шi суреттен көрiнiп отырғандай баға деңгейiнiң P 1 -ден P 2 -ге төмендеуi ақша ұсынысының нақты мәнiн төмендетедi, ал графикте LM қисығының солға жылжуымен бейнеленген.
Ақша ұсынысының азаюы пайыз мөлшерлемесiнiң ( R ) мәнiн көтередi, сондықтан инвестиция көлемi азайып, салыстырмалы қарағанда таза экспорт X n кемидi. Өнiм көлемi Y 1 -ден Y 2 -ге азаяды. / (3), 252 б. /
R LM 1 R
LM 2 LM
IS 2
IS IS 1
Y Y
R R
AD 2 AD 2
AD 1 AD 1
Табыс, өнiм көлемi Табыс, өнiм көлемi
Сурет-5 Сурет -6
Мемлекеттiк шығындардың өсуi салық мөлшерiн азайтады нмесе ақша жиынының өсуi жиынтық сұранысты оңға қарай жылжытады. AD қисығының бiр тектес қозғалысы IS-LM қисықтарынан мұлдем әр түрлi, ерекше қозғалыстарға келтiредi. Бұл қозғалыстар ынталандырушы ақша-несие және салық-бюджет саясатының шеңберiнде болады. / (3), 254 б. /
Қорытынды.
Қорытындылай келе, тауар нарығы және ақша нарығы тұрақты бiр-бiрiмен бацланысты болатындығын бiлдiк. Бiр нарықтың өзгерiсi екiншiсiне мiндеттi түрде әсер етедi. Осылайша осы екi нарықты IS-LM моделi деп аталып, олар өзара жеке бiр экономикалық жүйе құрып отыр.
Тауар нарығы - тек қана тауарлар мен қызметтердi тұтыну нарығы ғана емес, сондай-ақ инвестициялық ресурстары болып табылады. Ақша нарығы - бұл қысқа мерзiмдi несиелеу және ақшаны қарызға алу, яғни қаржы ресурстарымен байланысты нарық болып табылады. Оған қаржы институттары ( коммерциялық банктер, инвестициялық компаниялар, зейнетақы қорлары) жатады. /(2), 221 б. /
IS қисығы тауар нарығындағы тепе-теңдiгiндегi пайыздық қойылым мен ұлттық табыстың арасындағы байланысты көрсетедi. Бұл жағдайда жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс көлемiнiң теңдiгi қарастырылады.
LM қисығы пайыздық қойылым мен ұлттық табыстың ақша нарығындағы тепе-теңдiгiн көрсетедi. Бұл нарықта тепе-теңдiк жағдай ақшаға сұраныс пен ұсыныс қисығынаң қиылысында орындалады.
Сонымен IS-LM моделi экономикадағы негiзгi жүргiзiлетiн саясат салық-бюджет және ақша несие саясатының басты құралы болып табылады. Мұнда салық-бюджет саясаты тауар нарығына бағытталса, ал ақша - несие саясаты ақша нарығын реттеуге бағытталған. Сондықтан бiз экономистер үшiн бұл саясаттарды жете меңгеру қызметi туындап отыр.
Тесттер
/ (3), 257 б. /
- Ақша ұсынысы LM қисығының оңға қарай 1 \ к * ∆ М \ Р көлемiне қарай табыстың тепе-теңдiк жағдайын шамалап өседi, сондай-ақ көлемнiң өзгеруi шарт бойынша, егер:
а) LM қисығы және IS тiкше;
ә) LM қисығы IS қисығына қарағанда жатық;
б) LM қисығы тiкше, ал IS қисығы жатық;
в) LM қисығы жатық, ал IS тiкше.
- Төмендегi теңдiктердiң қайсысы тепе-теңдiк жағдайдағы экономикаға сәйкес келедi.
а) S - I = G - T;
ә) S + I = a + T ;
б) S + G = I + T;
в) S = (a-T) + I.
- Кейнстiк тұжырым бойынша тұтыну шығындары
а) Тұтыну шығындары қолда бар табысқа тiкелей қатысты;
ә) Қолда бар бар табыс өссе, тұтыну шығындары төмендейдi;
б) Егер қолда бар бар табыс өссе, онда оның үлес тұтынуға бағытталғанда төмендейдi;
в) Барлық жауап дұрыс;
а) және б) дұрыс.
- Егер алғашқы өнiм көлемi әлуеттен аз болса, онда
а) Баға деңгейi ақырындап төмендейдi және LM қисығын оңға қарай қозғайды;
ә) Баға деңгейi ақырындап көтерiледi және LM қисығын солға қарай жоғары қозғайды;
б) Баға деңгейi көтерiледi, LM қисығын оңға қарай қозғайды;
в) Баға деңгейi ұзақ мерзiмдi кезеңге анықталған көлемде бекiтiлген.
- Кейнстiк теорияны классикалықпен салыстыру себебi:
а) Кейнстiк теорияны экономиканы ұзақ мерзiмдi кезеңде түсiндiредi;
ә) Кейнстiк теория экономиканы қысқа мерзiмдi кезеңде түсiндiредi;
б) Классикалық теория экономиканы қысқа мерзiмде түсiндiре алмады;
в) Кейнстiк теория өзiнiң дәрежесiн мемлекеттегi ақша санының айналымымен байланыстырмайды;
г) ә) және б) жауаптары дұрыс.
- Берiлегн макроэкономикадағы классикалық тұжырымның қайсысын
Дж. М. Кейнс сынады ?
а) Сэй заңы;
ә) Ақшаның сандық теориясы;
б) Нарықтағы экономиканың өзiн-өзi реттеу теориясы;
в) Барлық жауаптар дұрыс;
г) а) және б) жауаптары дұрыс.
- “AD-AS” моделiнде баға деңгейiнiң өсуi мынаған алып келедi:
... жалғасыа) Тұтынуға шектi бейiмдiлiктiң өсуi;
ә) Мультипликатордың өсуi табысқа әсер етедi;
б) Мультипликатордың төмендеуi табысқа әсер етедi;
в) Мультипликатордың төмендеуi табысқа ешқандай әсер етпейдi;
г) Берiлген жауаптар дұрыс емес.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz