Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтікэкономикалық даму стратегиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1 Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму
стратегиясы 6
1.1. XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясаты 6
1.2. Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік
ахуалды жақсарту жолдары 10
1.3. Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен
алатын орны 12
2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеу 19
2.1. Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы
19
2.2 Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері 25
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық
және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің
тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік
ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді.

Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан
өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың
бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент Н.Ә. Назарбаев 1992
жылы жарық көрген “Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы” деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты
еліміздің мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді. Онда
айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Қазақстанның
бірінші Конституциясында көрініс тапты.
Бұдан кейін мемлекет алдында бой көтерген жаңа тактикалық
мақсаттардың іске асу шаралары белгіленді. Оны Президент Н.Ә.Назарбаев
өзінің 1993 жылы жазған “Қазақстанның болашағы – қоғамдық – идеялық
бірлігінде” деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент тәуелсіз еліміздің
одан әрі күшейіп, нығаюында қоғамдық ынтымқтастық пен жарастықты іске
асырудың жолдарын анықтады. 1996 жылы шыққан “Ғасырлар тоғысында”, одан
кейін 1999 жылы жарық көрген “Тарих толқынында”, 2003 жылы жазылған
“Сындарлы 10 жыл” аса ірі күрделі еңбектерінде Назарбаев қазақ халқының
өткені мен кеткенін, оның бүкіл тарихын ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын
ашық жазып көрсетті. Бұл еңбектерінде ол қазақтардың арғы төркіні мен шығу
тегін, даму жолдары әлемдік құрылыс шеңберінде,солармен тығыз байланыста
қарау керек екендігін ғылыми тұрғыда тұжырымдайды.
Ел Президенттің бұл шығармаларында Қазақстанды егемен мемлекет
ретінде сақтаудың басты шарты – қазақтар мен орыстардың және басқа этнос
өкілдерінің достығын нығайту, Орталық Азия халықтарының бірлігін сақтау,
аймақтың тең құқылық негізінде әлемдік қауымдастыққа енудің қуатты факторы
ретінде білікті нығайту ең басты өзегі ретінде қарастырылады. Ал осы
бірлікке қол жеткізудің ең маңызы шартын Президент мемлекеттік идеология,
мәдениет факторларымен тікелей байланыстырып қарайды. Өйткені, мәдениетті
бюджеттің соңында қаржыландыратын мемлекеттер ерте ме, кеш пе, кенжелеп
қалатыны тарихи кезеңдерден белгілі болып отыр... Идеология, мәдениет
қоғамның дамуында бастапқы элементтер екені енді түсінікті бола бастады.
Өйткені технология да, экономика, шаруашылық жүргізу әдістері де, қоғамға
қажетті бәрі де солардан шығатыны белгілі.
Үкімет сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне қарамастан, тұтас алғанда
макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалды. Сондай-ақ, өткен күрделі
кезеңде 1999 жыл бұрынғы заемдерды төлеуде шарықтау шегіне жеткенмен,
мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттемелерін орындауда Н. Балғымбаев
басқарған үкімет айтуға тұрарлық қызмет атқарды.
1999 жылы қараша айында Қазақстан үкімет басына Қ. Тоқаев басқарған
төртінші үкімет тағайындалды. Жаңа үкімет республика парламентінде өзінің
2000 – 2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынып бекітті. Ондағы
шешілуге тиісті басты проблемалар негізінен “Қазақстан - 2030” стратегиялық
бағдарламадан туындайды.
Бұл бағдарлама бойынша мынадай міндеттер көзделген:
Бірінші. Еліміздің қатаң бюджет мәселесін ескере отырып, одан тиісті
қорытынды жасау, бюджетті жоспарлауда жетімсіздіктер табылып жатса оны
түзету, кірісті жинақтауда резервтер болатын болса, оны іске қосу, яғни
қаржы көзімен әдіс-тәсілдерін жете пайдалану.
Екінші. Экономиканы, қаржы және заңдылық жүйесін реформалауды одан
әрі жалғастыру, әлеуметтік саладағы реформаларға баса назар аудару.
Үшінші. Елге инвестиция өте қажет. Сондықтан жаңа үкімет белгілі және
салиқалы инвестроларды іздеп тауып, олардың мемлекет экономикасына деген
ынтасын арттыру.
Төртінші. Үкімет сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту
қажет. Бұл саладағы жұмыс қазіргі кезде ешкімді қанағаттандырып отырған
жоқ.
Бесінші. Өндірісті жандандыру, үкімет отандық тауар өндірушілеге
қолдау көрсетіп, кіші және орта бизнестің мәселелерін шешу.
Алтыншы. Жаңа үкімет 2000 жылдың басына дейін зейнетақы қарызынан
құтылуы керек.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржылық
ресурстар, өздерінің жүктелген міндеттеріне ие болып, ал оның реттеушілері
қоғамның алға дамуының анықтаушы факторы болып есептелiнедi. Сонымен қатар
еліміздегі мол табиғат ресурстары, қоғам мен экономиканың дамуының
Мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау
механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнгі ауадай қажет болып отырған қаржы
тапшылығын жауып отыр.
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық
өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық
үрдістерді белгілейді.

Бүгінгі күні, Республикада Мемлекеттік шектеулік саясаты нәтижесінде
макроэкономикалық тепе-теңдікке жетеміз, - деп айтуға болады. Мемлекеттің
экономикалық саясатының белгіленген деңгейіне жету барысында реформалардың
келесі кезеңі ұсынылады. Бұл – экономикалық өсу және құрылымдық өзгерістер
кезеңі. Осы кезең Қазақстан халқына жіберілген Мемлекет Президентінің
жолдауында 2030 жылға дейін ұзақ мерзімді ең маңызды мақсаты болып
белгіленген, яғни “Экономикалық өсудің” іске асатын тұрақты және өсімді
қарқындарына жету ретінде (Н.Ә. Назарбаев, Қазақстан 2030) үлкен маңыз
беріліп отыр.

1 Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму
стратегиясы

1.1. XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясаты

Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық
мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: Қазақстан егеменді ел
ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы бағдарламасында (1992 жыл)
Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші
саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру
болатынын атап көрсетті:
— I кезең 1992-1995 жылдарды макроэкономикалық тұрақтандырудың екі
негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және
тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;
— II кезең (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізат базасын езгертуге
қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту,
сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал, жұмыс күші,
бағалы қағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін
қажет;
— III кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық типін жедел
қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға
жету және Қазақстанның әлемдік индустриальды елдер қатарына кіруі мен
әлемдік саудада позициясының нығайуымен сипатталады.
1997 жылдың қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында
өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қортындысы шығарылды,
тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асырауға көзделген
жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы қажет:
— 1998-2000 жылдар; 2001-2010 жылдар; 2011-2030 жылдар.
— Ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан Республикасы Президенті:
Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік-нарықтық экономика
құрудамыз деп тағы да атап көрсетті. Қабылданатын заңдар мен шешімдер
біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек.
Қазақстан - 2030 бағдарламасының бірінші кезеңінде (1998-2000
жылдар) көздеген мақсаттардың жүзеге асуын қорытындылағанда, Қазақстан
Республикасы Президенті 2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен
кездескенде осы бағдарлама әрбір басшының столындағы кітап болуы тиіс деді.
Президент ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың бірінші
кезеңі аяқталғанын атап көрсетті.
XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:
— әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі
дамыту;
— баскарудың тиімділігін арттыру;
— өндіріс секторына несие беру;
— экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
— аймақтық диспропорцияларды жою.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономика саясатының осы
бағыттарына кеңінен тоқталайық.
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп — ең маңызды мәселе халықты
жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде
жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда.
Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағып кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.
Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың
өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге, негізделген өндірістерді
құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі көзделеді. Ел Президенті:
Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында үлкен
тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің
жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік
нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болуы.
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдығы
біздің экономикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады. Әзірге
осы мәселені шешуге байланысты кешенді құрылымдық саясат жоқ. Отандық
шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда,
ауыл шаруашылығын өңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген
стратегиясы, импортты алмастыру бағдарламасы жоқ.
Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің
өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай өндіру үшін машина жасау
өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат
бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.
Осы жұмыстың негізгісі - бәсекеге қабілетті баға мен технологиялық
сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай міндет қойылды; — бәсекеге
қабілетті өндеу өнеркәсібін құру.
Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың дамуындағы
диспропорциялар, әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы
диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда
жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша
халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдары
халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде
жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастыратын
көшіп-қону саясатын жасау міндеті қойылды. Осыған байланысты кәсіпкерліктің
өмір сүру мен одан әрі даму мәселесі қойылды. Осы жерде халықты жұмыспен
қамту, азаматтық құқ, халықтың табыстары, нарықтың коньюнктурасын жақсарту,
нарықтық, бәсекені қажетті деңгейде ұстау және дамыту сияқты үлкен
мәселелердің бастаулары қиылысады.
XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік
экономикалық саясатының ен негізгі міндеттеріне толығырақ тоқталайық:
әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі қалыптасуын
жақсарту.

1.2. Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік
ахуалды жақсарту жолдары

Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ
тек қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек
қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке
адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар
қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік қызметті құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған
басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты
барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін
көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы
үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына
түрде белуге болады:
~ масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі
қатысушылары — жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ
экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік,
серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы
тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезенде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі
сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін
экономикалық базис болып табылады.
Атақты неміс ғалымы, экономист Йозефа Аиза Шумпетердің (1883-1950
жылдар) пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы немесе
басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа әдісін ендіруге, жаңа
өткізу нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа
кездерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Кәсіпкерлік бүл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз
бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік — барлық денгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау
мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және
әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын - жана
индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік
ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын
мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып
табылады.
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей,
нарық экономикасының негізгі қасиеті - кәсіпкерлік пен өндірістің
еркіндігі. А. Маршаллдың бойынша — кәсіпкер — экономикалық процестерді
жеделдетуші.
Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық
мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.

1.3. Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен
алатын орны

Атап көрсеткендей, XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше
назар аударылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын
алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек
өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған
мәселеге толық талдау керек.
Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті өсу үстіндегі
бала деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі
бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол
үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп
айналысуы қажет.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен
капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық
тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы
реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды
ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бүл
пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын
бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бүл өз кезегінде шағын бизнестің
қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды.
Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.
Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке
ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі
компаниялардың айбынының артуы ғылыми-техникалық революцияның болуымен.
шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа
өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта
компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар күн астындағы орын
үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі
қанағаттандырылмаған жана қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын
фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен
конструкторлық жұмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай
шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа
өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.
АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша. 50-інші
жылдардың ортасынан 70-інші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар
(жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан
көбін енгізген. Жаналық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100
адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания Apple жеке
компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін оларды негізгі
өндірушілердің біріне айналды.
Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде
айтарлықтай ролі бар. АҚШ-та соңғы 10 жылда жаңа жұмыс орындарының 60%-і 20
адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында
жұмыссыздықтың осы өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен
мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары
қысқаруының орның толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал
деп санады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын
бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың
(монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін
мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен
келісім шарт жүйелерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық жоспарлаудың мәні
Қазақстан республикасының экономикалық саясатының негіздері
Тауар сапасын арттыру концепциясы
Халықтың көші - қон ағымдарын талдау
Аймақтың экономикалық дамуы
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Экономикалық өсімнің мәні
Қаржылық есептің аудиті
Кәсіпорын персоналын дамыту
Туристік ресурстарды дамыту
Пәндер