ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
I ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНЕ
СӘЙКЕСТЕНДІРУ 3
1.1 Ұлттық экономиканың экономикалық тепе-теңдікте қызмет етуі 3
Ұлттық экономиканың экономикалық тепе-теңдікте қызмет етуі 7
1.2 Ұлттық есеп жүйесі 9
II ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМДІ ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ 13
2.1 Жалпы ұлттық өнімнің дефляторы 13
2.2 Ұлттық экономиканың ұдайы өндірістік және салалық құрылымы 17
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

КІРІСПЕ

Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың
неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер
мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық
конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік
сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды.
Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының
арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер
ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді. Осы замандағы макроэкономикалық
зерттеулерде тепе-теңдікке бағытталу көбінесе экономикалық агенттердің
күтімдеріне түзету жасауға негізделеді, ықтималдық процесс деп түсініледі.
XX ғ. 40—60 жж. күтімдер концепциясының (негізін қалаушы швед
экономисі Г.Мюрдаль) дамуы, макроэкономикалық мәселелерге жататын бірнеше
экономикалық теорияларды, атап айтқанда экстраполяциялық, адаптивтік және
рационалдық күтімдер теорияларын қалыптастырды: осы теориялар
макроэкономикада жаңа классикалық мектеп деп аталады.
Неоклассиктер макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз
информация, экономикалық субъектілердің болжауларының қателіктерінің
немесе, мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде
пайда болған, экономикалық конъюнктураның ауытқуларын жатқызады. Бұл
жағдайда, экономикалық субъектілердің күтімдеріне сәйкес келетін
(болжамдалған қателік дәрежесін есепке алғанда) экономиканың болмысының
практика жүзінде қандайы болмасын, ол тепе-теңдік болмысы деп ұйғарылады.
Ал экономикада рационалды субъектілер әрекет еткендіктен, олардың
күтімдері, әдетте, орынды деп есептеледі және тепе-теңдікке жету үшін
мемлекеттің кірісуі қажет болмайды.

I ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНЕ
СӘЙКЕСТЕНДІРУ

1.1 Ұлттық экономиканың экономикалық тепе-теңдікте қызмет етуі

Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің
мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған
жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы
және өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді.
Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін,
экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.
Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
• ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
• ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды
айқындау;
• инфляцияның табиғатын талдау;
• экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;
• экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің
себептерін зерттеу;
• ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
• мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен
формаларын теория жүзінде дәлелдеу.
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық
бағыттарының ерекшеліктері болады.
Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын
агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық
табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың
жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді көздейді.
Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар)
агрегатталған жиынтықтар деп қаралады.
Осының нәтижесінде экономикалық өндірістердің іс-әрекеттерінің
мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім
шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға — жиынтық өндірушілер деп
қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық
өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп
қаралады.
Екіншіден, макроэкономикалық таңдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер
мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп
қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер
етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен
дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы
субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға
әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан
басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың
субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа
елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық
нарықтық қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.
Микро және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика
таңданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі;
экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі
субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады.
Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.
Экономикалық теорияда макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен
әдістері туралы мәселелер осы күнге дейін толық шешілмей отыр. Осы мәселе
макроэкономикалық мектептер арасында әр түрлі, кейде мүлде қарама-қарсы
пікірлер тудырып отыр — біреуі мемлекеттің ұлттық экономикаға кірісуін
толығынан мүмкін емес десе (марксистік емес классикалық экономикалық
теорияның мектебі), басқалары, керісінше, мемлекет макроэкономикалық
мәселелерді шешуде басқа рөл атқарады деп тұжырымдайды (ортадокстық
марксизм).
Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін әр қалай
түсінудің теориялық негізін нарықтың өзін-өзі реттеу қабілетін және оның
экономикалық дамудың дағдарыссыз жүргізу қабілетін әр түрлі түсінігін
құрайды. Осы замандағы макроэкономикалық теорияның сан алуан бағыттары мен
мектептері бар. Кейбір жекелеген экономикалық ой-пікір ағымдарының өкілдері
бір мәселе туралы қарама-қарсы пікір білдірсе, екіншісі туралы — келісім
білдіреді, ал келесі мәселе туралы консенсус табуға тырысады. Осындай
жағдайлар осы дәуірдегі экономикалық теорияны ғылыми тұрғыдан
классификациялауды елеулі қиындатып отыр.
Осы мектептер мен бағыттардың ерекшелігін сипаттағанда кейбір
жағдайларды атап өткен жөн болады.
Бір жақтан, кейнсшілер мен неокейнсшілер, екінші жақтан,
неоклассикалық синтез бен монетаризм арасындағы айырмашылық, олардың
теориялық постулаттарының ерекшеліктерімен байланысты болып отыр. Апғашқы
екі бағыттардың негізгі постулаттары мыналар: нарық экономикасы өзін-өзі
реттей алмайды, информация жетімсіз, жинақтар және инвестициялар жасау
шарттары бір-біріне парапар келмейді, бағалардың икемділігі төмен. Бұлар
экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды ынталандыру мақсатпен мемлекеттің
экономикаға белсенді кірісуін қажет етеді. Кейнстік және неокейнстік
бағыттардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы, олардың әр түрлі нарықтардың
қандайының жетімсіздігі артық екенін әр түрлі түсінуімен байланысты кеңіс
бойынша — еңбек нарығының, неокейнсшілер бойынша - тауарлар мен қызметтер
нарығының.
Неоклассикалық синтез бен монетаризмнің бастапқы жаратылуы
классикалық мектеппен байланысты болған. Бұл мектеп нарық экономикасы өзін-
өзі реттейді, баға туралы информация тиімді және бағаның икемділігі жоғары,
табыстар өндіріс факторларының шекті өнімділігіне сәйкес бөлінеді деп
тұжырымдайды. Сонымен қатар, осы екі бағыттың Дж.М.Кейнстің
макроэкономикалық теориясынан алғаны аз емес. Неоклассикалық синтездің
өкілдері (мысалы, П.Самуэльсон) кеністік теорияны кәсіподақтың еңбек
нарығын монополиялап алған жағдайындағы экономиканың қызмет ету
механизмінің ерекше жеке көрінісі деп тұжырымдайды. Макроэкономикалық ой-
пікірдің бағыты болып табылатын монетаризмнің (негізін қалаушы М.Фридмен)
негізгі ерекшелігі нарық механизмін реттеудегі және мемлекеттік ақша
саясатын талдаумен байланысты инфляция мәселелерін шешудегі ақшаның
мағынасын зерттеу болып табылады. Институционалдық — социологиялық бағыттың
тарихи мектебінің ерекшелігі, оның негізгі зерттеу объектісі нарықтың
теориялық үлгілері емес, дамудың әр кезеңдеріңдегі нақты экономикалық
жүйелер болып табылады. Осы мектептің макроэкономикалық теорияға қосқан
елеулі үлестерін атап өтейік: экономиканың циклмен тербелуін зерттеу;
негізін Н.Д.Кондратьев жасаған ұзақ толқынды циклдар теориясын
қалыптастыру; экономикалық дамудағы ҒТП, әр түрлі әлеуметтік топтар мен
институттардың рөлін анықтау; әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді
шешудегі нарықтың жетімсіздіктерін талдау; мемлекеттің инновациялық және
әлеуметтік саясатын дәлелдеу.
Әр түрлі мектептер өкілдерінің көзқарастары бір-біріне ұқсамаса да,
олардың басым көпшілігі макроэкономикалық саясаттың басты мақсаты — нарық
экономикасының қызмет етуінің тиімділігін және әлеуметтік бағытталуын
жоғарылату деп мойындайды. Осы міндетті жүзеге асыру қажеттігі мемлекеттік
макроэкономикалық саясатты мынадай негізгі мақсаттарды орындауға бағыттауды
тілейді:
• тұрақты және тиімді экономикалық өсу;
• жұмыспен толық қамтамасыз ету;
• бағаның жалпы дәрежесінің тұрақтылығы;
• әлеуметтік әділет және жұмысқа қабілеті жоқтарды экономикалық жағынан
қамтамасыз ету;
• мемлекеттің сауда және төлем балансының тұрақты болуы.
Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен
байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.
Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын
өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып
алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс
факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік
ресурстардың сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты
қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты
қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында
ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар
мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-
теңдік болғаны.
Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бүдан көп бұрын экономист-
классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен
тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды.
Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс кездеп жасайтын іс-әрекеттерінде
экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-
теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.
Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін
тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.
Микродорежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың,
қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен
ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік —
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша
айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс
болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті.
Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын,
нөлге тең болады. Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп
қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс
факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты
экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт
етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы
деуге болады. Бірақ қайшылықсыз әлемнің осындай үлгісін зерттеу,
бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. Және осы мақсатқа жетуге нақты
экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге
мүмкіндік береді.

1.2 Ұлттық есеп жүйесі

Ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен
шаруашылық практикада әр түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады.
Осындай көрсеткіштердің бірнеше түрі ұлттық өндірістің қосынды
көлемінің шамасын бағалау үшін пайдаланылады. Бұған жататындар: жалпы
қоғамдық өнім (ЖҚО), түпкі қоғамдық өнім (ТҮҚӨ), таза қоғамдық өнім (ТҚӨ),
таза ұлттық енім (ТҮӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҮТ), жеке
табыс (ЖТ), арадағы өнім АО.
Алдыңғы үш көрсеткіштер біздің елде көп уақыт бойы жылдық өндіріс
нәтижесін бағалаудың негізгі көрсеткіштері болып келген. Оларды есептеудің
методологиялық негізін, қоғамдық өндірістің материалдық және материалдық
емеске бөлінуіне сәйкес, қоғамдық еңбекті (өндірілген өнімнің құнын
жасаудың жалғыз көзі болып табылатын) өнімді және өнімді емес деп бөлетін
марксистік доктрина құрайды. Өнімді деп тек материалдық сферада жұмсалған
еңбек түсінілген. Бүл түсінік натуралдық-заттық формасы бар өнімді
өндірумен және оны түпкі тұтынушыларға жеткізумен байланысты болған.
Статистикалық әдіс бойынша, жалпы қоғамдық өнім ЖҚӨ материалдық
сфераға жатқызылған (өнеркәсіп, ауыл мен орман шаруашылығы, құрылыс, жүк
таситын көлік, өндіріске қызмет көрсететін байланыс, қоғамдық тамақтандыру
салалары және т.б.) салаларда жасалады, бір жылда өндірілген барлық
игіліктердің сомасы деп есептелген яғни, осы өнімнің сатылу, немесе,
сатылмауына байланысты емес, тек оның өндірілген ақиқаты ғана есептеліп
бағаланған. Осы көрсеткішті есептеу методологиясы бойынша онын құрамына
арадағы өнім АӨ, жыл бойы өндіріс процесінде қолданылған өнім жатқызылған.
Нәтижесінде өндірістік циклдың әр сатысында бірдей тауарларға жұмсалған
шикізат, материалдар, инструменттер, отын және қуат шығындары қайталанып
есепке алынады.
Қайталанған есепті жою мақсатпен түпкі қоғамдық өнім ТҮҚО — жалпы
өнім және арадағы өнімнің айырымы — көрсеткіші қолданылады. Осы көрсеткіш
арқылы тұтыну заттары мен инвестициялық тауарлардың шығарылуына жұмсалған
ақша қаражаттарының шығындарына баға беріледі.
Материалдық-заттық құрамы жағынан, ТҮҚӨ тұтыну заттарымен
инвестициялық өнімдерден тұрады, ақырғыларға, біріншіден, өндірістен шыққан
еңбек құралдарының орнын толтыруға және оларды өсіруге бағытталған, бір
жылда жасалған еңбек құралдары; екіншіден, кәсіпорындардың қоймасындағы
еңбек заттары мен өнімнің сапасының өсімі жатады. ТҮҚӨ құндық құрылымына
жататын екі негізгі элементтер болады: амортизациялық жарналар (А) және
өндірілген ТҚӨ-нің ақшалай эквиваленті. Соңғысы, марксистік түсінік
бойынша, жаңадан жасалған күн немесе ұлттық табыс ҰТ деп аталады. ҰТ
құрамынан, оны пайдалану кезеңінде мынадай элементтер бөлініп шығады:
тұтыну қоры ТҚ, қор жинау қоры ҚҚ және таза экспорт ТЭ (экспорт пен импорт
айырымы). Сөйтіп, оның құрамына өндіріс процесінен шыққандардың орнын
жабуға баратын еңбек құралдары жатқызылмайды.
Әр түрлі макроэкономикалық көрсеткіштердің бір-бірімен байланыстарын
былай бейнелеуге болады:
ЖҚО - АО = ТҮҚӨ;
ТҮҚО - А = ТҚО = ҮТ = ТҚ+ҚҚ+ТЭ.
Ұлттық есептің БҮҮ статистикалық комиссиясы жасаған
стандарттық жүйесі әлем практикасында 1953ж. бастап қолданылып келеді.
Ұлттық есеп жүйесі (ҰЕЖ) бүл, бір жақтан, шаруашылық, жүргізуші
субъектілердің тауарлар сатып алуға жұмсалған шығындарын көрсететін, екінші
жақтан — олардың шаруашылық қызметтері нәтижесінде тапқан табыстарын
көрсететін, баланстық экономикалық таблицалардың жиынтығы болып табылады.
ҰҮЕЖ негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде
материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды.
Сол себепті бұларда барлық төленген тауарлар мен қызметтер есепке алынады.
ҰЕЖ-де өндірістің мына түрлері ғана есепке алынбайды: үй шаруашылықтарының
ішкі тұтынуға бағытталған өндірісі және бизнес сферасының ішінде
тұтынылатын аралық өнім өндірісі.
ҰЕЖ негізінде мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер есептеледі:
Жалпы ұлттық өнім. Бұл осы елде бір жыл ішінде өндірілген түпкі
игілікгердің нарықтық кұны. Өзінің экономикалық мағынасы жағынан, ол ТҮҚӨ-
ге жақын болады, бірақ одан материалдық емес өндіріс қызметтерінін кұнына
артық болады. Біздің елде ЖҮӨ БҮҮ-ның методологиясы бойынша 1988 ж. бастап
есептеліп келеді.
Жалпы ішкі өнім. Осы көрсеткішті ЖҮӨ-нің модификациясы деп қарауға
болады. Бірақ, оған ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы
барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады. ЖҮӨ мен ЖІӨ-
нің айырмашылығы екі жақты болады. Бір жақтан ЖЮ есептегенде ЖҮӨ-нен осы
елдің ресурстарын шетелде пайдаланудың нәтижесінде түскен табыстардың
сомасын (жалақы, проценттер, дивидендтер, т.б.) алып тастау керек. Екінші
жақтан, ЖІӨ-ді есептегенде ЖҮӨ-ге шетелдіктердің осы елден алынған,
аталғанға ұқсас, табыстарын қосу керек. Таза ұлттық өнім — бұл қолданудан
шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі
өнімдер мен қызметтердің сомасы. Бұл ЖҮӨ-нен амортизациялық жарнаның
сомасының көлемінде төмен болады.
Ұлттық табыс. ТҮӨ жасауға қатынасы бар барлық өндірістік ресурстарды
жеткізетіндердің табыстарының көлемін сипаттайды. ТҮӨ-нің тек жалғыз ғана
компоненті - бизнеске салынатын жанама салықтар — экономикалық ресурстардың
ағымдағы үлесін көрсетпейді. Сондықтан жанама салықтың көлемі ҮТ
есептегенде ТҮО-нің ақшалай көлемінен алынады.
Жеке табыс халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын жоне осы
жағдайдың ҰТ-тын қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді.
Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын
салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасының көлемі және әлеуметтік
сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, ал халыққа жасалатын
трансферттік төлемдер (зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар) қосылады.
Адамдардың өз еркімен жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін,
қарамағындағы (билігіндегі) табыстар деген көрсеткіш қолданылады. Осыны
есептеу үшін ЖТ-тан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алынады. Елдің
барлық даму тарихының қорытынды нәтижесін есептеу үшін ұлттық байлық (ҰБ)
деген көрсеткіш қолданылады. Ұлттық байлық — бұл елдің осы уақыт мерзіміне
дейін жинақтаған материалдық игіліктерінің жиынтығы болып табылады. ҰБ-тың
құрамды элементтері: материалдық және рухани өндірісте қызмет ететін
қоғамның барлық құрал-жабдықтары; халықтың мүліктері; материалдық және
мәдени байлықтар (мұражайлардың экспонаттары, жер қойнауы, ормандар,
сулар); материалдық емес рухани байлықтар (адам капиталы, ғылыми-техникалық
ой-өрістер жетістіктері, информациялық ресурстар, халықтың рухани мұрасы).
Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен жүріп отырған қоғамның
әлеуметтік-экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банк
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негіздері
Несие беру
Материалдық емес байлық
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Банктер жүйесі
Айналымға несие құралдарын шығару
Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларының дамуы
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқару саясаты
Пәндер