Жиынтық сұраныс және ұсыныс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 1
І ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ 2
1.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс 2
1.2 Тұтыну және жинақтау 6
ІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ 10
2.1 Инвестициялардың функционалдық ролі 10
2.2 Тұтынуға бейімділік 15
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 20

КІРІСПЕ

Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар
күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады.
Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент -
өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтыну мен жинақтау iс-әрекетi болып
табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi
орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып
табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және
өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды.
Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде
қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк
шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және
ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр
түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып
алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып
ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, нарықтық экономикада тұтыну мен жинақтау
арқылы әр елдiң адамдардың жалпы өмiр сүру деңгейiн, соған байланысты
сұраныс қалыптастырушы ретiндегi экономикадағы маңызды орнын ескерiп өту
болып табылады.

І ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ

1.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс

Нарықтық механизмнің қызмет етуі барлық тауарлар, қызметтер және
өндіріс факторларының нарығындағы тепе-теңдікті тек орнатумен бітпейді, ол
сонымен қатар экономикалық жүйенің тұтас оптималды дамуын қамтамасыз етеді.
Осыған дейін нарықтық тепе-тендікті жекелеген жергілікті нарықтарда,
салыстырмалы қарағанда, бір-бірінен тәуелсіз және автономиялы түрде
орнайтын тепе-тендік деп жеңіл түсінгенбіз. Шынында, бұл процесс өмірде дәл
осылай жүрмейді.
Ұлттық экономиканың кандайында болмасын, барлық нарықтардың дамуы мен
реттелуіне бағытталған әрекеттер мезгіл мен экономикалық кеңістікте тұрақты
түрде бір-бірімен келісімді болуға тисті. Осы мәселелерді дұрыс шешу үшін
экономикалық жүйенің жекелей жоне жалпы тепе-тендік болмысын арнайы бөліп
алып талдау керек. Тауарлар нарығы тепе-тендік жағдайда болу үшін, болып
тұрған баға дәрежесінде болжам етілген өнімнің щығарылуы жиынтық сұранысқа
немесе жоспарланған жиынтық шығындарға тең болуы керек.
Жиынтық сұраныстың екі нысаны болады: натуралдық-заттық және құндық.
Жиынтық сұраныстың натуралдық-заттық нысаны халықтың, фирмалардың және
мемлекеттердің тауарлар мен қызметтерге қоғамдық қажеттігін көрсетеді. Оның
құрылымы, біріншіден, жеке және басқа өндірістік емес қажеттерді қамтамасыз
ететін өнімдер мен қызметтердің белгілі түрлерін алуы мүмкін; екіншіден,
барлық өндірістік құралдар мен өндірістік қызметтердің (технологияны
жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен дайындықтар, өндіріске қызмет
ететін информация, байланыс және т.б.) жиынтығы болуы мүмкін.
Жиынтық сұраныстың құн жагының мазмұны жиынтық табыстың әр дәрежесіне
тағайындалған отандық тауарлар мен қызметтер үшш жоспарланған шығындардың
сомасымен аныкталады.
Жиынтық сұраныс (AD) — бұл нарықта ақша формасында орын алып отырған
халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің қажеттері. Жиынтық сұраныстың
экономиканың секторларына сәйкес бөлінуіне қарай, оны (AD) төрт топқа
бөлуге болады:
тұтыну (С ) — үй шаруашылықтарының сұранысы;
инвестициялар (I) - кәсіпкерлердің күрделі жабдықтарға сұранысы;
мемлекеттің сатып алуы (G) — мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге
сұранысы;
таза экспорт (X) — отандық тауарларға шетелдіктердің сұранысы мен
шетел тауарларына отандастардың сұранысының айырымы.
Басқаша айтқанда, AD түпкі өнімдерге сұраныстың жалпы сомасына тең
болады:
С + I = G + X.
Егер сатып алушының табысы өссе, оның нақты тауарға сұранысы да өседі.
Осы сияқты, егер жалпы ұлттық өнім көбейсе, жиынтық сұраныс та өседі. Ал,
AD мен ЖҰӨ қатынастарын сипаттаудан бұрын, ЖҰӨ-нің өзгеруіне әсер ететін
жағдайлармен танысайық.
Макроэкономиканың фундаменталдық пропорцияларының біреуі, ол белгілі
уақыт мерзімінде барлық сатылудың құн мөлшері — ақша ұсынысының, оның осы
мерзімдегі экономиканың барлық секторларының арасындағы айналу санының
көбейтіндісіне тең болуға тиісті. Басқаша: егер бір жылда барлық ақша
массасы толық 5 айналым жасаса, яғни әрбір ақша бірлігі орта есеппен 5 рет
экономиканың бір секторынан басқасына өтіп отырса, онда елдегі түпкі
тауарлардың жылдық сатылымының көлемі 5-тің ақша ұсынысына көбейтілгеніне
тең болады. Біздің мысалда V = 5 жылдық айналымға. Айтайық, ақша ұсынысы
(М) 200 млрд ақша бірлігі, сонда:
MxV=200x5=1000 млрд ақша бірлігі=бір жылда сатылған барлық түпкі
тауарлардың құны;
MxV - баға дәрежесі х Q = ЖҰӨ;
бұнда 0 - бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің мөлшері.
Қорытып келгенде:
MxV=PxQ;
бүнда Р — бағаның дәрежесі.
Осы теңдіктен мынадай маңызды жағдайды айқындаймыз: жиынтық сұранысқа
ақша массасының көлемі және оның экономиканың секторларының арасындағы
айналысының шапшаңдығы әсер етеді.
Жиынтық ұсыныс (AS) кәсіпкерлер нарыққа жеткізген материалдық
игіліктер мен қызметтердің санымен белгіленеді. Осы жағдайда кәсіпкерлер
өндірістің потенциалдық көлеміне жетуге тырысады, өйткені экономикалық
жүйенің қандайы болмасын осыны мақсат тұтады. Ал өндірістің бұл көлемін
өндірістік шығындардың мөлшері белгілейді. Осының ішінде (шығындардың)
еңбек пен капиталдың орны маңызды болады. Осындай жағдайда жиынтық ұсынысты
ЖҮӨ-нің көлеміне теңестіруге болады:
А8=ЖҰӨ=баганың дәрежесі х 2; А8=жалақы + рента + процент + пайда.
Жиынтық ұсынысқа әсер ететін факторлар: өндірістің технологиясы, жеке
тауарлар нарығында өзгерістер тудыратын шығындар.
Ұзақ мерзімде өндірістің нақты көлемі үшін жиынтық сұраныстың маңызы
елеулі емес фактор болып табылады. Жиынтық сұраныс бағаның дәрежесін
өзгертеді, бірақ ол ЖҰӨ-нің нақты көлемін өзгерте алмайды. Сондықтан
Үкіметтің микродәрежедегі басты міндеті — жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсынысқа әсер ететін факторларды дұрыс белгілеп және соған сәйкес шараларды
жүзеге асыру болып табылады.
Нарық жағдайындағы ұлттық өндірісті реттеу механизмнің екі негізгі
бағыты бар. Бірінші — нарық жүйесі өзін-өзі автоматты түрде реттейді дейтін
классикалық бағыт. Осының өкілдері Д.Рикардо, Д.Стюарт-Милль, Ф.Эджворт,
А.Маршалл, А.Лигу. Екінші — кейнстік — нарық жүйесіне мемлекет қажетті
түрде араласуға міндетті (әсіресе депрессия жағдайында) деп есептейтін
бағыт.
Экономист-классиктер баға, жалақы, проценттік ставка икемді деп
түсінген, яғни, сұраныс пен ұсыныстың балансын сипаттап, жалақы мен баға оз
еркімен жоғары және төмен жылжып отырады. Бұлардың айтуы бойынша, жиынтық
ұсыныс AS, ЖҮӨ-нің потенциалдық көлемін керсететін тік түзу сызық түрін
алады. Бағаның төмендеуі жалақыны томендетеді, сондықтан толық жұмыспен
қамту сақталады. Нақты ЖҰӨ-нің көлемі азаймайды. Осында барлық өнім басқа
бағамен сатылады. Басқаша айтқанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі ЖҰӨ және
жұмыспен қамтуды темендетпейді, ол тек бағаны төмендетеді. Сөйтіп,
классикалық теория бойынша, мемлекеттің экономикалық саясаты тек бағаның
дәрежесіне әсер етеді, ол өндірістің көлемі мен жұмыспен қамтуға әсер
етпейді. Сондықтан мемлекеттің өндіріс көлеміне және жұмыспен қамту
процестеріне кірісуі қажет емес.
Экономикалық тепе-тендік туралы кейнстік көзқараспен танысайық.
Экономикалық ғылымда классицизм 30-жылдарға дейін үстемдік еткен. Осы
жылдары жарық көрген Дж.М.Кейнстің Жұмыспен қамту, процент және ақшаның
жалпы теориясы деген еңбегінде классикалық теорияның негізгі тұжырымдары
сыналды. Біріншіден, Кейнстің дәлелі бойынша, неоклассикалық үлгілерде
көрсетілгендей, экономика кедергісіз дамып отырмайды, ал жалақы мен бағалар
сонша икемді емес. Екіншіден, инвестициялар, жинақ және проценттің
ставкалары арасындағы негізгі байланыстар күмән тудырады. Осылардың
нәтижесінде, Кейнс бойынша, мемлекеттің кірісуінсіз, автоматты түрде тепе-
тендікке жету мүмкін емес. Жалақының қысқарылуының арқасында толық жұмыспен
қамтамасыз етілу мүмкіндігіне Кейнс сенбейді. Оның тұжырымы бойынша,
жұмыссыздықтың болуына қарамастан, жалақы төмендемейді және нарық тепе-
тендіксіз жағдайда қалады. Жалақының төменгі шегі болуына байланысты
жұмыссыздықтың белгілі көлемі ылғи болады. Осындай жұмыссыздықты жою үшін
жиынтық сұранысты кеңейту керек, бұл жағдай еңбекке сұранысты өсіреді.
Кейнстің дәлелдеуі бойынша, бағаның төмендеуі экономиканы қүлдыраудан
автоматты түрде алып шыға алмайды және проценттің ставка дәрежесі қолма-қол
ақшаның сұранысы мен ұсынысына тәуелді болады. Басқаша айтқанда,
тұтынушылар өз табыстарынан жинақ жасауға шешім алғанда, олар тұтынуға
тағайындалған табыстарының көлемінен жинақ жасайды. Проценттің ставкасы
қандай икемді болмасын, ол жиынтық сұраныстың төмендеуін тоқтата алмайды.
Сондықтан, тепе-теңдікке жұмыспен қамтамасыз ету толық болмаған жағдайда
жету мүмкін.
Осы аталған екі концепцияның экономикалық даму үшін қандайы қолайлы
деген сұрақ туады. Осылардың мынасы дұрыс, ал мынау олай емес деуге
болмайды. Нарық барлық жағдайды өзі ғана, мемлекеттердің кірісуінсіз шешеді
деп айту оңай емес. Кейнстің көрсетуі бойынша, мемлекет нарық экономикасына
әсер ете алады және бұл үшін оның қарамағында кажет құралдар бар.

1.2 Тұтыну және жинақтау

Жоғарыда айтылған болатын, тұтыну мен инвестициялар жиынтық сұраныстың
маңызды құрамы болып табылады. Ал инвестицияларға жинақтау манызды әсер
етеді.
Мынадай орынды сұрақ туады: I мен S-тің тепе-тендігінің классикалық
үлгісінін кейнстік үлгіден айырмашылығы неде?
Айырмашылықтары мынада:
Біріншіден, классикалық үлгі бойынша, соншама ұзақ мерзімді
жұмыссыздық болуының мүмкіндігі аз деп есептеледі. Бағаның иксмділігі
бұзылған тепе-теңдікті орнына келтіріи отырушы еді. Ал Кейнс ұсынған үлгі
бойынша, 1 мен S-тің тең болуы жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда
мүмкін болады. Толық жұмыспен қамтылған жағдайда тепе-теңдікке жету
инвестициялык процесс жанданғанда мүмкін болады.
Екіншіден, классикалық үлгі нарыққа икемді баға механизмінің болуы тән
деп тұжырымдайды. Кейнс бұндай жағдайдың болуына сенімсіздік бшдірді:
кәсіпкерлер өздерінің өнімдеріне сұраныстың құлдырауына тап болып, бағаны
төмендетпейді. Олар өндірісін қысқартып, жұмыскерлерді азайтады. Бұл оған
тән барлық әлеуметтік-экономикалық зардаптармен жұмыссыздықты тудырады.
Үшіншіден, жинақтар тек проценттің ғана емес (классиктердің
айтқанындай), олар табыстардың да функциясы болып табылады.
Инвестициялардың өсуі ЖҰӨ-ді есіреді және толық жұмыспен қамтамасыз
етілуге көмек береді. Осының негізінде мультипликатордың эффекті
(тиімділігі) жатады.
Мультипликатор деп табыстың өзгерулерінің инвестициялардың
өзгерулерінен тәуелді екенін көрсететін коэффициент аталады.
Мультипликатор концепциясының мәні мынада: автономиялық
инвестициялардың өзгерістері мен жалпы ұлттық өнім өзгерістерінің арасында
тұрақты байланыс болады.
Мультипликатордың эффекті мынадай жағдаймен байланысты:
инвестициялардың өсуі ұлттық табыстың өсуіне әкеледі. Бірақ, ұлттық
табыстың өсуінің мөлшері инвестициялардың алғашқы өсуінен артық болады.
Экономиканы тепе-теңдік жағдайға жеткізетін жалпы ұлттық өнімнің
оптималдық көлемін анықтайтын кейнстік теория мынаны көрсетеді,
Инвестициялар өскенде, ЖҰӨ-нің өсуі инвестициялардың бастапқы қосымша
өсуінен анағүрлым көп өседі. Инвестициялар эффектің (тиімділіктің) үдей
түсуіне, ұлғая түсуіне әкеліп соғады. Бастапқы эффектіден бөлек (басқа),
екіншілік, үшіншілік эффект туады — бір сферада жасалған шығындар, басқа
сфераларда өндірістің кеңейіп, жұмыспен қамтудың жоғарылауына әсер етеді.
Мультипликатор инвестициялардың өсуінен табыстардың өсуінің артығын
көрсететін сандық коэффициент болып табылады.
Мысалы, инвестицияның өсімі 10 млрд тең болсын, ал бұл ЖҰӨ-ді 20 млрд
өсіреді. Сонда, мультипликатор 2 болады. Егер ЖҰӨ 30 млрд өскен болса,
мультипликатор 3 болады.
Мулътипликатор = ЖҰӨ-нің өсіміинвестіщиялардың өсімі == АЖҮ
Аинвестициялар өсімі.
Бастапқы инвестициялар жұмыспен қамтудың көлеміне әсер етеді. Тауарға
сұраныстың өсуі өндірушілерді, өндірісті кеңейтуге, жабдықтар сатып алуға,
жұмыскерлер жаддауға итермелейді. Сөйтіп, бастапқы инвестициялар ұзақ
мерзімде жаңа инвестицияларды, жаңа жұмыс орындарын тудырып және ЖҰӨ-ді
өсіріп, ұлғаймалы ұдайы өндірісті жандандырады. Жабайы мысал келтірейік.
Айтайық жолдар жасау үшін мемлекет 1 млн инвестиция жұмсады. Егер қоғамда
қалыптасқан МРС 0,8 тең болса, онда мультипликатор К мынадай болады:
К = ІДІ-МРС) = 1(1-0,8)=10,2=5.
Ал ЖҮӨ-нің есімі қандай болады? Ол мынаган тең болады:
ДҮ=ДІхК= 1000000x5=5 млн.
Мынадай жағдай есте болғаны жөн. Мультипликатордың эффекті жұмыспен
толық қамтамасыз етілмеген экономикада орын алады. Осы қорытындының
заңдылық негізі бар. Шынында, егер қоғамның барлық ресурстары толық іске
тартьшған болса, қосымша жұмысшылар және қосымша өндірістік қуаттар қайдан
келеді?
Классикалық теорияның жинақ пен инвестициялар процестеріне көзқарасы
жинақтың көп болуының ұнамды екенін сипаттайды. Жинақтар жоғары болғаны
инвестициялардың көзінің мол екенін керсетеді. Сондыктан, классиктердің
айтуы бойынша, жинақ жасауға икемділіктің жоғары болғаны ұлттың көркеюіне
жол ашады.
Бірақ жинақтың мол болуы қоғамды қашан болмасын байыта бермейді.
Осыған дейін әңгіме автономиялық инвестициялар, яғни ЖҰӨ-нің көлемі мен
динамикасына тәуелді емес, капиталдық салымдар туралы болған. Автономиялық
инвестициялар, көбінесе, техникалық жаңалықтарды енгізудің нәтижесіндегі
капиталдық салымдар түрінде болады.
Жаңашыл адамдар жасаған осы жобалар, шынында, ЖҰӨ-нің жағдайымен және
оның көлемімен байлаиысты болмайды. Осыдан басқа, автономиялық
инвестициялар мемлекеттің капиталдық салымы болады.
Нақты жағдайда инвестициялар мен табыстардың өзара әсері орын алады.
Бастапқы салымдар түрінде жасалған автономиялық инвестициялар,
мультипликатордың эффектінің арқасында ЖҰӨ-нің әсуіне әкеледі. Іскерлік
белсенділіктің жандануы, жұмыспен қамтылудың өсуі кәсіпкерлердің әр түрлі
топтарының инвестиция жасауға икемділігін өсіреді. Міне, дәл осындай
инвестицияларды туынды (тәуелді, екіншілік) деп атау орын алған. Олар ЖҰӨ-
нің динамикасына тәуелді болады. Туынды инвестициялар, автономиялықтармен
қосылып, экономикалық өсуді шапшаңдатады, оны тездетеді және акселератордың
эффекті деген атақ алады (акселератор — жылдамдатушы). Бірақ жылдамдатудың
бағыты басқа жаққа бұрылып кетуі мүмкін. Мультипликация мен акселерация
эффектінің нәтижесінде табыстың төмендеуі туынды инвестицияларды да
қысқартады. Ал, осы жағдай өндірістің тоқырауына әкеліп соғады.

ІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ

2.1 Инвестициялардың функционалдық ролі

Макроэкономикалық пропорциялардың оптималды болуы сұраныс пен ұсыныс
механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Фирмалар, капиталдың өкілі бола отырып, өнім өндіреді, оны сатып ақша
алады және жұмысшы күшіне сұраныс білдіреді. Жұмыскерлер жұмысшы күшін
ұсынады. Осы үшін ақы алады және ондірілген өнімге сұраныс жасайды.
Фирмалар мен үй шаруашылықтарының өзара әсерінің негізінде тауарлар мен
қызметтер нарығында ЖҰӨ-нің тұтыну мен жинаққа бөліну пропорциясы
қалыптасады.
Тұтыну деп адамдардың материалдык жоне рухани қажеттерін
канағаттандыруға бағытталған тұтыну игіліктерін индивидуалдық түрде және
бірлесіп пайдалануы аталады. Құндық нысаны бойынша, бұл адамдардың
материалдық игіліктер мен қызметтер үшін жұмсайтын ақшасының сомасы болып
табылады. Сөйтіп, тұтынуға жинаққа кетпейтін, салық түрін алмайтын, шетел
есеп-шотында орналаспағандардың барлығы жатады. Адамдар, бүгіннен кері
болашақтағы пайдальшык молырақ болуы мүмкін деп қазіргі тұтынуын шектеуге
тырысады. Отбасы тұтынудың бастапқы ұясы болып табылады. Отбасының
шаруашылығында жалпы тұтыну бюджеті, тұрмыстық және жинақталған мүлік ортақ
болады.
Адамдардың тұтынуы экономиканың дамуын белгілейтін басты
көрсеткіштердің біреуі болып табылады. Жалпы ішкі өнімнің 23-нен 34-не
дейіні тұтынуға тағайындалады. Бұл адамдардың тұтынушылық тәртібін
калыптастырады. Тұтынушылық тәртіпті бағалау үшін тұтынушылық көңіл деген
көрсеткіш қолданылады. Осы көрсеткіш экономикалық циклды болжаудың негізін
құратын маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге жатады. Бұл бизнестің
қандайы болмасын қысқа мерзімдегі жоспарлауда және мемлекеттің экономикалық
саясатын анықтауда кең қолданылады.
Жинақтар деп кейінге қалдырылған немесе осы мерзімде тұтынылмайтын
табыстар бөлшегі аталады. Жинақтар табыстар мен ағымды тұтынудың айырымына
тең болады. Жинақтар болашақтағы өндірістік және тұтынулық қажеттіктермен
байланысты процесс болып табылады.
Сөйтіп, жинақтар — инвестиция жасаумен байланысты экономикалық
процесс; ағымды өндірістік және тұтынулық қажеттер шығындарының
пайдаланылмай қалған табыстары жинақталады. Жинақтарды фирмалар және үй
шаруашылықтары жасайды. Фирмалар жинақты инвестиция жасау үшін - өндірісті
кеңейтіп, пайданы көбейту үшін жасайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
Жалпы макроэкономикалық теңдестік
Жалпы макроэкономика
Сұраныс пен ұсыныс туралы
Жиынтық сұраныс қисығы
Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныстың мәні
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың мәні
Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қорының теориялық негіздері
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың мәні
Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
Пәндер