Шағын бизнестің қазіргі заманғы шындық хал - жағдайы


Жоспары.
Кіріспе.
1. Шағын бизнес - оның мазмұны мен әлеуметтік-экономикадағы рөлі.
1. 1. Шағын бизнес дегеніміз не?
1. 2. Шағын кәсіпкерлік дегеніміз не?
1. 3. Бизнес пен кәсіпкерлік сөздерінің айырмашылығы мен байланысы.
1. 4. Шағын бизнестің әлеуметтік-экономикадағы рөлі.
2. Өтпелі экономика кезеңіндегі кәсіпкерлік.
2. 1. Осы кезеңдегі шағын бизнес және оның міселелері.
3. Шағын бизнестің құрылымдық-құқықтық формалары.
3. 1. Жеке тұлға.
3. 2. Заңды тұлға.
4. Қазақстандағы шағын бизнес.
4. 1. Шағын бизнестің дамуына кедергі келтіретін факторлар және оны шешу жолдары.
4. 2. Шағын бизнестің қазіргі заманғы хал-жағдайын санмен көрсету.
4. 3. Шағын бизнестің қазіргі заманғы шындық хал-жағдайы.
4. 4. Шағын бизнестің гүлденуіне «АТФБанктің» АҚ қосқан үлесі.
5. Шағын бизнесті дамытудағы әртүрлі бағдарламалар.
5. 1. Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 2005 жылғы 1 қыркүйекте Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында 2-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі.
5. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндама.
5. 3. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.
Қорытынды.
КІРІСПЕ
Жас егеменді Қазақстанның бірінші күннен құрылуынан бастап шағын бизнеске экономиканы қалыптасырудағы ең бір бастапқы рөлі беріледі, ал шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды заңды түрде мемлекеттік экономикалық саясаттың приоритеттік сферасы ретінде танылған. Кәсіпкерлік табиғи жолмен құрылған ал, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың түрлері мен әдістері ұзақ мерзімді әлеуметті-экономикалық реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикалық турғыдан дамыған елдерге қарағанда Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту тарихы он жылмен ғана саналады. Бұл мерзім ішінде кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудағы мемлекеттік бағдарламалардың төртеуі қабылданып іске асырылды. Қазақстанда бұл сала қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсері үлкен болмағанымен, шағын кәсіпкерлік іскер өмірдің ажырамас бөлігі болды. Өндірісі дамыған Батыс Еуроппа, Америка және Оңтүстік-Шығыс, Азия елдерінде кәсіпкерліктің үлесіне ішкі жалпы өнімнің жартысынан көбі келеді. Шағын бизнес - нарықтық экономикада экономикалық өсу қарқын, жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) құрылымы мен сапасын анықтайтын жетекші сектор болып табылады. Барлық дамыған елдерде шағын бизнестің үлесіне жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 60 - 70% келеді. Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, кез келген елдің экономикасында ірі өнеркәсіптермен бірге елдің экономикаының нақты секторының негізгі сегменті болып табылатын шығын кәсіпкерлік табысты да жемісті жұмыс істеп келеді. Экономиканың белсенді факторының қайнар көзі ретінде шағын бизнестің рөлі көптеген дамыған елдердің экономикасында қолдау тапқан. Өйткені, шағын бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өндірілген көлемінде орташа есеппен 50 - 60%-дан жоғарғы бөлігін құрайды. АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания секілді көптеген елдерде кәсіпорынның сандары жағынан 99, 3 -99, 7% -ның басым үлесін шағын және орта кәсіпкерлек деп аталатындар құрайды. Олар басқаларының ішінен жұмыспен қамтамасыз ету саны жағынан (мысалы, 500-ден кем емес адамдар) немесе негізгі қордың мөлшері жағынан көзге түседі. Шағын бизнестің өндірістегі үлесі өндірілетін өнімдердің жартысынан дерлік өндіреді. Дағдыдағыдай, мұндай кәсіпорындар үнемі жұмыс орны қысқартылып жататын ірі өнеркәсіптерге қарағанда жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етудің 75 - 80% береді. Шағын бизнестің артықшылығы - тез қаржы бөлу орнының толуы, өйткені, шағын бизнесті құруға ірі инвестициялар, қымбат және күрделі жабдықтар қажет етілмейді және оларды құру мерзімі аз. Сонымен қатар, шағын бизнесті өндірушілер көбінесе аймақтық нарыққа, нарық коньюктурасының өзгеруіне тез бейімделуге, халықты жұмыспен қамтамасыз етудің өсуіне бағытталады. Қазақстан Республикасының статистикалық Агентігінің есеп айыру мәліметері бойынша шағын бизнес кәсіпорындарындағы жалпы жұмысшылар саны қосымша қызмет пен келісім - шартпен жұмыс істеушілер санымен бірге есептегенде 2003 жылдың басында республика бойынша 692 мың адам құрады. Бірақ шағын бизнестің мәнісі мен мағынасы сан көрсеткіші жағынан емес. Бұл сектор өзінің мағынасы жағынан нарықтық болып табылады және осы заманғы нарықтық инфраструктураның негізін құрайды. Кәсіпкерлік әлемнің көптеген елдерінде гүлденуде. Осыдан 20 жыл бұрын шағын бизнестің белсенді дамуы өрбіді, әсірсе батыс экономикасында байқалды. 90 жылдар нарықтық экономикаға өтумен еске қалды. Бұл Шығыс Европа елдерінде көрініс алды. Қандай елдерде болмасын үкімен экономикалық жағдайды ымырашылдауға ұмтылу туралы қандайда бір шешім қабылдағанмен, шағын бизнес көп жағдайда қысқа мерзім ішінде пайда болды. Шағын кәсіпкерліктің дамуы ірі өнеркәсіппен салыстырғанда бір қатар артықшылығы бар, дәлірек айтсақ: экономикалық қайта құруды белсендіреді, кең көлемді еркін нарықты таңдайды және қосымша жұмысшы орнын береді, шығындардың орнын тез толтыруын қамтамасыз етіп, тұтынушының сұранымының өзгеруіне шапшаң әсер етеді. Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтерге толдыруға көмектеседі, сонымен қатар салалық және территориялдық монополизімді жеңіп шығады, белсенділікті өрбітеді, кеңейтеді. Шағын бизнес халықты жұмыспен қамтамасыз ету сферасында әдәуір потенциялды мүмкіндіктерге ие, атап айтқанда, ірі өнеркәсіпте технологиялық және тағы басқа да ерекшеліктерге байланысты қолданыла алмайтын жұмысшы күші қорын өндіруге іске тартады. Олар, зейнеткерлер, оқушылар, мүгедектер және сонымен бірге негізгі жұмыс уақытынан кейін тек қосымша ресми табыс табу үшін жұмыс істеуге талпынған тұлғалар. Ең бастысы, экономиканың бұл секторын құру - жасырын бизнеске позитивті альтернатива. Жасырын бизнестің нарықтағы монопольді орнын шағын кәсіпкерліктің ресми жұмыс істеудің қызметін заңды жолмен жетілдіру арқылы жояды.
Ақыры, шағын бизнесті дамытудың қажеттілігін тек ескі үлкен масштабты кәсіпорындарға өмір беру үшін ғана емес, сонымен қатар олармен бірлесіп одақ болуы өздері үшін де жалпы нарықтық экономика үшін де әдәуір пайда табуына көмектеседі. Бұл туралы келесі көрсеткіштер айтады: мысалы, АҚШ-та шағын бизнеске таза табыстың 34, 9% келсе, Жапонияда өнеркәсіптің өндіретін барлық өнімінің 56, 6% шағын бизнестің кәсіпорындарында өндіріледі.
1. Шағын бизнестің мазмұны мен әлеуметтік-экономикадағы рөлі.
Шағын бизнес.
Шағын бизнес жеке кәсіпкерліктің қазақстандық жүйесінің жиынтығы болып табылады. Анықтаманың өзінде айқан айтылып тұрғандай шағын бизнес - бұл нарықтық экономиканың субъектілерінің атқаратын белгілі - бір заңмен, мемлекеттік органдармен немесе тағы басқа өкілді ұйымдармен орнатылған кәсіпкерлік қызметі. Ал ғылыми жұмыстарда шағын бизнес бір ғана меншік иесі басқаратын аз ғана топ тұлғаларымен атқарылатын қызмет деп түсіндіріледі.
Шағын бизнес.
Шағын кәсіпкерлік - бұл ұйымдық - құқықтық форма емес, «шағын» термині тек кәсіпорынның көлемін ғана сипаттайды, ал кәсіпорынның шағын деген белгісіне ие болуы жұмысшы саны және мемлекеттік, муниципиальдық меншік үлесі мен жарылғы капиталы 25%-тен кем емес біріккен қоғамдық меншіктің үлесі болып табылады. Шағын бизнеске ғылымда және ғылыми қызметте жұмысшылар саны 100-ге дейін, ал өнеркәсіпп пен құрылыста жұмысшы саны 200-ден кем емес, басқа да өндіріс салаларында - 50 дейінгі адамдар, өндірістік емес салаларда - 15 дейінгі адамдары бар кәсіпорындары жатады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің жалпы бөлімінің бірінші тарауының 10 бабына сәйкес (1994 ж. 27 желтоқсан 2006. 05. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығы мен байланысы.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы жіне ол еңбектің басқа түрлерінен оқшаулырақ тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарварл университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883 - 1950) мін берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпигроф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан, кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Осы туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767 - 1832) былай денген: «Кәсіпкер - адамдарты өндірістің шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильион (1650 - 1734) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрде қарастыру жиі кездестіріледі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір - бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез - келген түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметімен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той -думан жасағанда, барлық күш - қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новатырлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Биснесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықтарды жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдары үнемі пара - пар ұғымдар ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новатырлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен алатын орны.
Атап көрсеткендей, XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамдың тұрақтылығы үшін жағдай жасалынады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау жасап көрейік.
Батыс елдерінің экономикалық әдебиеттерінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес - бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен - жағдайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметкер салаларында туады. Бірақ нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфлияциямен басталды, бұл пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді. Бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның иновациялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.
Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі дамуы жағдайында, ірі компаниялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондығтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми - зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.
АҚШ-тың сатып алу федералы басқармаларының ақпараты бойынша, 50 жылдардың ортасынан 70 жылдардың ортасына дейінгі шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Apple» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін оларды негізгі өндірушілердің біріне айналды.
Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы 10 жылда жаңа жұмыс орындарының 60%-ы 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтардың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқартуының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетілді.
Шағын бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополиялардың) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етілінеді. Олардың өндірісіне концеріндер мен келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын фирмалар мамандындырылады. Электроника, автомобмль және басқа салалардың кейбір ірі монополиялық кәсіпорындарда
20 - 30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен келісім қатынастары арқылы жұмыс істейді. Францияда, мысалы, шағын кәсіпорындардың 40%-ы ірі монополиялармен байланысты. АҚШ-та да осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4, 5 млн. адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдайлар кездеседі.
Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет етеді. Техникалық қызмет көрсету саласында кең өріс алады. Өте жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.
80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдардың еңбектерін қолданылуы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың 32%, Италияда 29%, Францияда 21% құрады.
Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептеуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер қызметкер (электронды есептеу машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және осы тәріздес) спектірі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет етпейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.
Шағын бизнес нарықтық экономикадағы маңызы өте жоғары. Шағын бизнессіз нарықтық экономика жұмыс істей де, дамый да алмайды. Оның қалыптасуы мен дамуы әкімшілдік - топтық экономикадан кәдімгі нарықтық экономикаға өтудегі өтпелі кезең жағдайында экономикалық саясаттың негізгі проблемасы болып табылады. Нарықтық экономикадағы шағын бизнес - экономикалық өсудің деңгейін, құрылымын және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) сапасын анықтайтын жетекші сектор. Жоғарыда айтып өткендей, көптеген дамыған елдерде шағын бизнестің жалпы ұлттық өнімдегі (ЖҰӨ) үлесі 60 - 70%. Сондықтан дамыған мемлекеттердің басым көпшілігінде шағын бизнестің қызметін барынша қолдайды.
Әлемдік экономикада саны жағынан көп болатын шағын фирмалар, компаниялар және кәсіпорындар жұмыс істейді. Мысалы, Үндістанда шағын кәсіпорындардың саны 12 млн. асады, ал Жапонияда 9 млн. . Бұл шағын бизнес тек АҚШ-ның өзінде -ақ ұлттық өнімнің жартысынан дерлік көбін берсе, ал 2/3 бөлігі жаңа жұмыс орнының өсуін береді.
Бірақ мәселе мұнда емес, шағын кәсіпкерлік нарық коньюктурасының өзгерістеріне жылжам және шашшаң әсер етеді, сонымен қатар нарықтық экономикаға қажетті икем береді.
Біздің жоғары монополды экономикамызда жоғары дәрежелі мағына беретін бәсекелестік ортаның құрылуына да елеулі үлес қосады.
Сонымен бірге, шағын кәсіпорындардың экологиялық жағдайға да аз әсер ететіндігін де ұмытпауымыз керектігін өз атымнан айтып өткім келеді.
Шағын бизнес ғылыми техникалық прогесстің (ҒТП) қажетті қатардағы бағыттарының жүзеге асуына, әсіресе элекроника, кибернетика және информатика облыстарында да айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Осы және тағы басқа шағын бизнестің мәндері оның дамуын маңызды фактор ретінде және елдің экономикасын реформалаудағы құрымды бөлігі ретінде жасайды.
Шағын бизнестің қажеттілігін терең және тәпшілеп түсіну үшін, әрине, ең алдымен жетекші елдердің шағын бизнесті дамудағы тәжірибесін қарау қажет.
Нарықтық экономикасы дұрас дамыған барлық шетелдерде шағын бизнестің мықты мемлекеттік қолдаулары бар. Мысалы, Германияда шағын кәсіпкерлерге жәрдем ақша (субсидия) жылына 4 млрд. евро құрайды. АҚЩ конгресінде шағын бизнес проблемаларын 2 комитет қарастырады. Ал бұлардың басында шағын бизнестің жұмысымен айналысатын әкімшлік тұр. Әрбір штаттың аймақтық бөлімдерінде 30 - 40 адамдар бар. Әкімшіліктің мақсаты - шағын бизнеске мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету. Әсіресе шағын кәсіпкерлердің саны өте жоғары Жапонияда нарықтық экономикада мемлекеттің көмегінсіз дами алмайтындарын әдейілеп бөліп қойған.
Шағын бизнестің дамуын ынталандыру факторы мемлекеттің салық саясаты болып табылады.
Салық саясатының мәні бірте - бірте салық ставкасын азайту және жеткілікті тар салық базасында салық салу базасын төмендету және салық льготасын кең көлемде қолдану. Кәсіпорындардың көлемі жағына байланысты салық ставкасын азайту шағын кәсіпкерлікке салық салу әдісінің негізгі бір әдісі болып табылады. Мысалы, АҚШ-да табысы 16 мыңға дейінгілерге льготалы салық ставкасы, ал табысы 50 мыңға дейінгілерге 15% салық, 25 мыңға дейінгілерге 25% салық ставкалары әрекет етеді. Ал жоғарғы ставка 34%.
Капиталистік экономикадағы шағын кәсіпкерлік алуан түрлі функция атқарады. Шындығында шағын кәсіпорындар жеке бөлшектер мен түйіндер жасауға мамандандырылса, ал ірі кәсіпорындар дайын өнімдерді жинауға бағытталынған. Кейде шағын кәсіпорындар аралық (делдалдық) жинаумен (жұмыспен) айналысады.
Шағын кәсіпорындардың орташа өмір сүруі 6 жылдай. Бірақ жаңа ашылып отыратын кәсіпорындар саны жабылып жатқандардың санынан асып түседі.
Әдетте, шағын кәсіпорындар сыртқы жағдайға тәуекелденіп отырады, олар сұраныстың соңынан жүре отырып, жаңа өнімдерді тез қабылдайды. Мысалы, Жапонияда шағын кәсіпорындар бір аптаның ішінде тәжірибел өнімдерді бітіріп тастауға шамалары бар, ал бұл ірі кәсіпорындарда шағын кәсіпорындарға қарағанда әжептеуір ұзақ уақыт алатын еді. Сонымен бірге шағын кәсіпорындар жергілікті нарық өтіміне соңғы өнімдерді өңдеуге де мамандандырылған. Негізінен бұлар шапшаң тозатын өнімдер: киім, аяқ ким, зергерлік бұйымдар және тағы басқалар.
Сонымен, дамыған елдерде дәл осы шағын бизнеске мемлекеттік масштапта көңіл бөлетіндігін тағы да айтып өткім келеді. Мемлекет шағын бизнесті ақша жағынан да, салық саясаты сферасында да әтрүрлі льготалармен қолдап отырады.
Қайта құру кезеңінде ТМД елдерінде экономикалық өзгерісте шағын бизнестің жолы болмады. Бұл кездерде шағын бизнестің пайда болуына демеу болатын батымды, әрекетті жүйелер болмады, сонымен бірге оларды қолдайтын шаруашылық механизмдер болмады. Шағын бизнесті мемлекттік қолдау бағдарламалары жетілдірілмеген еді.
Біріншіден, айтып өткендей, шағын бизнес нарық жағдайына қажетті мобильностпен қамтамасыз етеді, онсыз оның жоғары нәтижелігі мүмкін емес кооперациялар мен терең мамандықты құрайды.
Екіншіден, шағын бизнес тек қана тұтыну сферасында пайда болатын бос қуыстарды (ниши) тез толтырып қана қоймай, сонымен бірге шапшаң есесін қайтарады.
Үшіншіден, бәсекелестік жағдайын туғызады.
Төртіншіден, (бұл сірә, ең бастысы болар) онсыз нарықтық экономика мүмкін емес болатын кәсіпкерлік рухы мен ортасын туғызады.
Келтірілген кестеден шағын бизнес АҚШ-ның барлық экономикасының секторларында шағын бизестің құрған жұмыс орнының саны жағынан басым екендігі айқын көрініп тұр. Көріп тұрғанымыздай шағын бизнестің маңыздылығы осы кәсіпорындардың арасындағы профилдерімен біршама ажыратылынады.
АҚШ-да пайздық (%) қатынаспен жұмысшылар саны мен өнеркәсіптің салалары бойынша шағын кәсіпорынды бөлу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz