Инвестиция түсінігі, шығарудың негізігі мәні, факторлары мен себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 1
1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ СИПАТТЫҚ БЕЛГІЛЕРІ. 3
1.1 Инвестиция түсінігі, шығарудың негізігі мәні, факторлары мен
себептері. 3
1.2 Инвестицияның тепе-теңдігі және атқаратын қызметі 9
2. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 17
2.1 Тікелей инвестиция 17
2.2 Портфельдік инвестиция 22
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ 24
3.1 Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы
24

КІРІСПЕ

Шетелдік инвестициялар тарту ісі мемлекеттен нақты
қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына
қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері
мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей
шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның
өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы да
мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс.
Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел
жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктсрін арттыруға көмектеседі.
Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын андумен қатар,
капиталистік бәсекелік күресте шындалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру
тәжірибесін ала келеді.
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше
шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларга
қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел
инвестицияларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы
керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар
етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық
интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған рыноктық экономикалардың шетелдік
инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді. Мысалы, XX
ғасырдың соңына қарай шетелдіктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд. доллар тең
өндірістік қорларды иемденді. Бұл соманы көзге елестету үшін Австралия
сияқты дамыған елдің жалпыұлттық өнімінің құнымен тең десек те жеткілікті.
Бұл әрине, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бірақ Америка
бизнесмендері 80%-тік шетел капиталының ел экономикасына құйылуын белсенді
түрде қолдайды және үкімет тарапынан да бұл жағдай толық қолдау табуда.
8, 48
Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы
капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық
мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына
мүмкіндік берсе, екінші жағынан өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық
капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы
мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.
Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы
үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары
деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен
тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін
пайдаланады. Сондықтан да, шетелдік инвестициялардың басты мақсаты
басқа мемлекеттерде жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде
төлеуге, жаңа техникалық құрал-жабдықтарды алуға және үлкен рынок құруға
мүмкіндік береді.

1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ СИПАТТЫҚ БЕЛГІЛЕРІ.

1.1 Инвестиция түсінігі, шығарудың негізігі мәні, факторлары мен себептері

"Инвестициялар" түсінігі - көп қырлы құбылыс, оның бірнеше
мағыналық анықтамасы бар:
Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал-жабдық,
технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс
жүзеге асырылады.
Соңғы кездері бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнінде сөз
болады.
Мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады, ойткені кең
мағынада алғанда, ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар
белгілі бір процесс болып табылады.
Осы процестің әлеуметтік-экономикалық салдары бойынша оны
экономиканың дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір механизм ретінде
бакылауға болады.
Экономикада "капитал" түсінігі синоним ретінде қолданылады. Бұл
мағынада, халықаралық экономикалық қатынастардың формасы ретінде
халықаралық капитал қозғалысы динамикалық категория қызметін атқарады.
Капиталды шетке шығару, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық
қатынастардың маңызды нысаны. Капиталды шетке шығару тауар экспортының көп
жылдық монополиясын бұзды. Капиталды шетке шығару халықаралық экономикалық
қатынастар жүйесінде басым рөлге ие болуда. Экономикалық ынтымақ және даму
ұйымьның деректеріне қарасақ 80 жылдары тікелей инвестициялардың орташа
жылдық қарқыны 34% -ке жетіп, дүниежүзілік сауда қарқынынан 5 есе артық
болған.
Капиталды шетке шығару дегеніміз - капиталдың бір бөлігін ұлттық
айналымынан шығарып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің
өіндірістік процесі мен айналымьна кіргізу. Ең алғаш капиталды шетке
шығарумен өнеркәсібі дамыған елдер шұғылданды. Олар өз капиталдарын
дүниежүзілік шаруашылықтан тысқары мемлекеттерге шығарды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы бұл процестің шеңберін ұлғайта
түсті, сөйтіп капиталды шетке шығару дамыған елдермен қатар дамушы
елдердің де тіршілігіне айналды. Бұл арада Жаңа индустриалды елдердің іс-
әрекеттері екпінді.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі
капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан,
іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылады. 90 -
жылдардың басында бүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-
200 млрд. долларға жеткен. XX ғасырдың екінші жартысында капиталды
шетке шығару үнемі өсіп келеді. Қазіргі таңда өзінің өсу қарқыны
бойынша, капитал экспорты тауар экспортын да, өнеркәсібі дамыған елдердің
ішкі жиынтық өнімі өсуінің қарқынын да артта қалдырды. Капиталды шетке
шығару көлемінің жедел өсуі оның халықаралық ауысуын (миграцнясын)
күшейтті.
Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз - капиталдың меншік-
иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағы қарама - қарсы
козғалысы. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушы да,
импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама - қарсы инвестициялар.
Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасындағы капитал қозғалысы кеңінен
дамып отыр. Бұл елдердердің әрқайсысы бір мезгілде капиталды шетке
шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер
арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз
елінде капитал қорлары жетіспепеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел
капиталының келуі бәсекелік қабілеті төмен ұлттық капиталды
ығыстырады. Шетке капитал шығарушы немесе шеттен капитал әкелуші елдердің
ара жігін айыру өте қиын. Капитал негізінен - кәсіпкерлік және қарыз
формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей
инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін
немесе жергілікті компаниялар акцияларынын бақылау пакетін сатып алу
мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады. Қарыз капиталы қарыз
өсімін әкелетін заемдар, несиелер түрінде шығарылады. Қазіргі
уақытта әр түрлі салаларды қаржыландыратын шетел инвестициясының жедел
даму тенденциясы байқалып отыр. 1993 жылы дүние жүзіндегі қаржы
капиталының көлемі орасан зор мөлшерге - 3 трлн. долларға жетті. Бұл
ақшалар дүииежүзілік қаржы рыногының негізін құрайды.
Халықаралық каптал өз қозғалысында әртүрлі факторлармен және
себептермен байланысы әр түрлі мақсатты көздейді. Капиталды шетке
шығарудың негізгі себептері:
1.шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы,
2.дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен
ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы,
З. жергілікті рыноктың монополизациялау мүмкіндігі,
4. капитал экспортталатын елде шикізатпен жұмысшы күшінің болуы,
5.саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал.
Капиталды шетке шығаруға мүмкіндік беретін және ынталандыратын,
факторларға мыналар жатады:
1.Капиталды шетке шығарудың қозғаушы күші ұлттық экономикалардың өзара
байланысы мен өзара үйлесуі. Өндірістің интернационалдануы капиталдардың
халықаралық қозғалысына игі әсер етеді және жеделдетеді. Капитал
экспорты, әсіресе оның тікелей инвестиция нысаны ұлттық өндірісті
халықаралық өндіріске айналдырып халықаралық өнім
шығаруды ынталаңдырады. Халықаралық өнім дегеніміз - бүкіл дүниежүзілік
рынокқа өткізілетін өнім.
2.Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы. Бұл транс ұлттық
корпорациялардың еншілес компаниялардың қаржыландыруы. Әр елден заңды
немесе жеке тұлғалардың бір халықаралық корпорация шеңберінде салалық
технологиялық т.с.с. мамандануы арқылы орнайтын
экономикалык қатынастары халықаралық өнеркәсіп кооперациясы деп аталады.
3. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық саясаты. Бұл саясат
экономикалық өсу қарқынын бәсеңдетпей, алдыңғы қатарлы өнеркәсіп салаларын
қолдауға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
4. Дамушы елдердің экономикалық бағыты. Бұл дамушы елдердің шетелдік
капиталдардың қатысуымен өздерінің экономикалық дамуын жеделдетіп,
"кедейішлік шеңберінен" шығуға ұмтылыстары дәрежесін көрсететін бағыт.
5. Экологиялық факторлар. Экологиялық нормалардың қатаңдануына.
байланысты халықаралық корпорациялар өндірісті өнеркәсібі дамыған елдерден
дамушы елдерге қарай көшіруге тырысады.
6. Капиталдар тасқынын реттейтін және бағыттайтын халықаралық қаржы
ұйымдарының да рөлі маңызды.2,111
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарыиа тікелей инвестициялар,
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және
басқа да құнды қағаздарды алу үшін),
- орта және ұзақ мерзімді халықаралық несиелер мен қарыз
капиталдарын өнеркәсіп және сауда корпорацияларына, банктерге т.б.
мекемелеріне беру,
- экономикалық көмекті тегін беру немесе несиені төмендетілген
процентпен беру.
Инвесторлардың өз капиталын салу мынадай себептерге байланысты
болады:
- Тауарлар мен қызметтер нарығының толығуы;
-Білікті жұмысшы күші, шикізат пен энергия ресурстарының
төменгі құны;
Бұл шетел инвесторларына инвестициялар мен тұтыну тауарларын өткізуді
кеңейтуге мүмкіндік берді, аймақтың ыңғайлы географиялық жағдайы елеулі
түрде оның ұйымдастыруы мен техникасын жеетілдірді.
Дамыған елдер халқының қоршаған ортаны қорғау нормаларын қатаңдатуға
қатысты ұлғайып бара жатқан белсенділігін ескере отырып, дамушы
елдер территориясындағы бірінші реттік қайта жасау өндірістерінің көбін
қайта орналастыру қажет болып отыр. Қабылдаушы жақтың шарттары
есебінен пайданы жоғарылатудың және технологиялық өндірістер
құрылымын үйлестірудің қолайлы мүмкіндіктері жасалды.

Бірақ шетел инвестицияларының барлық формаларының ішінде Шығыс Еуропа
капиталдың тікелей салынуына көңіл аударды. Өйткені, бұл форма бағалы
қағаздар нарығындағы тәуекелділікті жойды, қаржыландыру шарасын жеңілдетті
жөне капиталды тарту мен пайдалану шығындарын төмендетті. Сонымен бірге
Шығыс Еуропаға тартылған барлық тікелей инвестицияның 90%-ке жуығы
Венгрия, Польша мен Чехияның үлесінде. Бұл жерлерде бір тұрғынға
шаққанда инвестицияланатын капитал сомасы тисінше 692$, 342$, және
142$ болды. Басқа мемлекеттерде бұл көрсеткіш бірнеше ондаған
долларды ғана құрайды.
1 Капиталды тартудың мұндай салық параметрлері төмендегідей:
- әлеуметтік және саяси жағдайдың тұрақтылығы;
- жекешелендіру процесінің үлкен демократиялығы;
- “ашық есік” саясатын ертерек қолдану;
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жекешелендіру қарқыны төмен, экономика
мен саяси жағдайдың тұрақсыздығын туындататын. тәуелділіктердің болуы
бар елдерде (Болгария, Словакия, Румыния) капиталдың динамикалық ағымының
болуы мүмкін емес.
Шетел капиталы ағымының елдік векторы ең алдымен Батыс Еуропа
елдеріне сүйенеді, ал олардың 13-і ғана АҚШ-тың үлесінде.
Еуропадан шетел капиталын тартудың төмендегідей ерекшеліктері бар:
-салалық құрылым бойыша шетелдік салымдарды пайдалану палитрасы әр
алуан;
- алғашқы жылдары қаржылар өнеркәсіптің дәстүрлі салаларына салынды;
- өңдеуші өнеркәсіп сферасына капиталды орналастырудың жоғары үлес
салмағы;
- халық шаруашылығының жоғары технологиялық салаларын тікелей шетел
инвестицияларын арттыру тенденциясы;
- өндеуші өнеркәсіптегі капиталдың жоғары үлесі, көлік өндірісінің
(жеңіл, жүк, көліктері, автобустар), сонымен бірге телебайланыс, сауда
және қаржылық секторы;
- жердің сауда айналымына кіру проблемасы, сонымен бірге оны, алу шарасы
ауыл шаруашылыгы сияқты салаға мұқият көңіл аударудан алыстатты;
Өзіміз білетіндей, шетел капиталы белгілі бір елге әр түрлі жолмен
тартылады, бірақ Еуропада бірлескен кәсіпорын (БК) сияқты жол кеңінен
таралған.
Өйткені, жаңа бизнес инвесторға маңызды қосымша шығындарсыз өндірісті
жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Мұнда жинақтаған тәжірибе мен серіктестік
іскерлік байланыстарда негізгі құралдар болып табылады.
Бірақ бірлескен кәсіпорындардың 50%-тен астамы шетел капиталының 100%-тік
тарту объектісі (үлесті сатып алу есебінен толық меншіктеу;) болып
табылады.

Әсіресе соңғы формалар Болгария, Венгрия және Румыния
сияқты елдерде кеңінен таралған.2,125

Салыстырмалы түрдегі аз уақытқа қарамастан, капиталды
тарту процесі ұлттық экономика параметрлерінде маңызды түрде көрініс
тапты:
- жекешелендіру процесін жеңілдетті;
- бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
- өндірістердің халықаралық бірлесуіне елдердің қатысу дәрежесін
арттырды;
Осылайша тарихи қысқа мерзімдерде автомобиль, компьютерлік жүйелер
өндірісі және тағы басқалар едәуір өсті;
- банктік және сақтандыру жүйелерін реформалау белсенді түрде жүрді;
- көптеген елдер шетелдерге тауар шығаруда өз орнын кеңейтті. Шетел
капиталдарын тарту салдарынан туындайтын негативті параметрлер санынан
мыналарды атап өту керек:
- елдің экспорттық саясатын инвестор елдің ішкі нарығындағы мақсаттарын
бұру;
- Шығыс Еуропа елдері территориясындағы жоғары рентабельсіз
прогрессивті емес дәстүрлі салаларды қайта орналастыру;
- елдің сауда баланысындағы пассивтің ұлғаюы;
- экономикалық өсу қарқыны - тікелей шетел инвесторларын тартуға
тура байланысты болмайды.
Өз ресурстарының жеткіліксіздігі әсерінен бүкіл экономиканы реформалау
үшін Шығыс Еуропа мемлекеттері шетел капиталын импорттап алуға мәжбүр
болды. Капиталдың өсуінің жоғары қарқындары 90-жылдардан бастап
белгіленді, 1990 жылға қатысты келесі 5 жылға қойылған инвестициялар
көлемі 43 есеге үлғайды және бірнеше млрд. $-ға жетті.

1.2 Инвестицияның тепе-теңдігі және атқаратын қызметі

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді,
экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді.
Кейнсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі немесе
инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс
процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу
соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестер немесе
капиталдың құрылымына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті
жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші
субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі
болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы).
Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен
байланыстылығы ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине
инвестиция қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп. ауыл шаруашылығы
және де кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда "жинақшы" мен
инвестор – сәйкес алайда, бір мсзгілде кәсіпкер де, жұмыскер де
бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының рөлі едәуір,
сондыктан жинақ пен ивестициялау процестерінің сәйкес келмеуі
экономиканың тепе - теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын
атап өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда
нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Егер
ипвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда
қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші
жағдаймен байланысты; инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі
қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы
шешуші фактор процессін ставкасының деңгейі болады. Инвестор
ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша
ресурстары банкке орналастыруы да ықтимал. Егер процент нормасы күтіліп
отырған пайда нормасынан төмен болса, инвестиция жүзеге аспайды,
керісінше. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан
жоғары болса кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады. Процент нормасы
инвестициялар мен жинақтар арасындағы өзара байланысты графикпен былайша
суреттеуге болады:

Сурет-1. Жинақ пен инвестицияның
өзара теңдігі .

Графикте жинақ пен инвестицияның өзара теңдігі көрсетілген.
II -түзу сызық инвестиция; SS - түзуі жинақ; ордината осіндегі
процент нормасы (r); абцисса өсіндегі жинақ пен
иивестиция. Олай болса. ивестиция процент нормасының қызметі;
I=I (r) әрі кемитін қызмет процент ставкасы жоғары болса,
иивестиция дәрежесі төмен болады. Жинақта процент нормасының
қызметі S=S(r) бірақ, ұлғайтқыш, өсетін rо-ге тең процент
дәрежесі бүкіл экономика көлеміне жинақ пен инвестицияның
теңдігін қамтамасыз етеді, ол r1 және r2 дәрежелер бұл жайдан
ауытқуды көрсетеді.
Мына бір жайды ескеру керек: процент дәрежесі мен инвестиция және
жинақ көлемдерінің арасындағы қызмет байланыстары жаңа классиктер мектебі
теориктерінің еңбектерінде орын алған. Инвестицияның кейнсиандық
тұжырымында, ал жинақ болса Дж. Кейнстің пікірінше табыстың қызметі:
S=S(V), Бұл жерде Дж. Кейнстің пікірі, мысалы, жинақ көлемі процент
ставканың мөлшерімен байланысты деген А. Маршалдың пікірінен өзгеше.
Сонымен, инвестиция процент ставкасының қызметі де ал жинақ табыстың
қызметі. Демек, қазіргі кейнсиандық концепцияның мәні мынада болады:
инвестиция мен жинақ қозғалысы, әр түрлі факторлармен анықталады. Жинақ
пен инвестиция теңдігін талдау графигіне әлі ораламыз, бірақ басқаша
жағдайда. Ал қазір инвестициялық процеске ықпал ететіін жайларды анықтауды
жалғастырайық..
Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық. салудың
деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны
ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе
төмен деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.
Инвестициялардың, жинақ пен табыстың өзара әрекетін
анықтаушы маңызды макроэкономикалық пропорцияларды былайша сипаттауға
болады: Ү=С +I яғни, ұлттық табыстың пайдаланылған бөлігін
тұтынушы (С) және жинақ (I) шығындардың сомасына тең. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Халықаралық сауданың теориялары
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Жұмыссыздық, инфляция
Экономикалық өсудің кейнстік модельдері
Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі
Компания табыстарының себептері
Пәндер