Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері туралы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 1
Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері туралы 3
1.1. Экономикалық құбылыстарды танып білудің әдістері және әдіснамасы 3
1.2. Экономикалық құбылыстар - танып білудің сатылары 24
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

Кіріспе

Адамзат ерте кезден-ақ танымның ғылыми әдістерінің күмәнсіз пайдасын
ұғынды. Ағылшын философы Ф.Бэкон әдісті, қараңғыда жолаушының жолына жарық
түсіретін шырақпен теңеді. Ол, жолмен ілби басып келе жатқан ақсақтың өзі
жолсызбен жүгірген жаннан озатынын айтты.
Қоғамдық өндірістің даму заңдылықтарын танып-білу, шаруашылықты
өрістетудің стихиялы күшінен босануға, тіпті болмағанда, оның күйретуші
салдарын азайту үшін қажет. Экономика ғылымы әр кәсіпорын, ел және әлемдік
шаруашылық ауқымындағы экономикалық дамудың объективті логикасын
мүмкіндігінше толық және терең тануға ұмтылады, сондықтан экономист-ғалым
зерттеу құралдарын игеруі тиіс. Ол зерттеу әдісі болып табылады. Ғылыми
әдіс зерттеудің принциптері, әдістері және құралдарының жанды бірлігі
ретінде барша ғылым үшін біркелкі емес. Қоғамдық процестермен құбылыстарды
оқып үйрену үшін, тек жаратылыстану ғылымына тән құралдарды таңдап алуға
болмайды. Тіпті, жаратылыстануда кең тараған эксперименттеу тәсілі
экономикада айтарлықтай шектеулі шегінде қолданылуы мүмкін. Сондықтан
әдісті шексіз еркін қолдану мүмкін емес. Ол ғылымның кеңістіктік және
әлеуметтік әсер ету аясының мәнімен айқындалады. Әр ғылымда зерттелетін
пәннің спецификасына сәйкес ғылыми таным әдісінің өз ерекшеліктері болады.
Әдіс экономиканы танудың сенімді құралына ие етеді, зерттеу барысын
тәртіпке түсіреді, күш пен уақытты айтарлықтай сақтау мүмкіндігін ашады.
Теориялық жұмыстың тереңдігі, зерттеудің әдіснамалық қамтылуына айтарлықтай
дәрежеде тәуелді екенін баса көрсету керек. Ғалым айналаны өзінің идеялық,
жалпы алған білімі мен кәсіпкерлік деңгейі арқылы ғана емес, әдісті меңгеру
дәрежесімен, конструктивті ойлай білуі арқылы да таниды.
Экономиканың зерттеу, шаруашылық процестерінің даму заңдылықтарын
тереңірек ашу мәселесін алға тартады.
Экономикалық зерттеулер шаруашылық процестерінің даму заңдылықтарын
аса тереңірек айқындау мәселелерін қояды. Ол үшін зерттеушілер ғылыми
танымның әдіснамасындағы танымды аса терең игеруі және экономикалық нақты
жайды теориялық тану әдістерін меңгеруі міндетті. Әдіс ғалымды танымдылық
тәсілдермен және нақтылы шаруашылық процестерін зерттеудің құралдарымен
жарақтандырады. Бұл кәсіпорынның, басқа салалардың және жалпы елдің
экономикасының ілгері жылжу жайын анықтау, әрі қарай даму бағытын және
шараларын тағайындау үшін қажет.

Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері туралы

1.1. Экономикалық құбылыстарды танып білудің әдістері және әдіснамасы

Экономикалық құбылыстарды танып білу процесі кез келген ғылымдағы
сияқты мейлінше күрделі процесс. Экономикалық дүниенің өзі секілді таным
процесі ғылыми зерттеудің әр түрлі әдістерін қолдануды көздейді. Әдіс
дегеніміз зерттеу тәсілі болып табылады. Әдіс - бұл жәй бір есіктің ашқышы
немесе желбезекті кілт емес, яғни өз бетімен ғылымда қандай да болмасын
жаңалықтарды жасау мүмкіндігін бере бермейді. Әдіс - теориялық танып
білудің жалпы амалдарының жүйесі, практикалық қолдану мен құру тәсілі және
экономикалық құбылыстар туралы білімдер жүйесін құру тәсілі мен
дәлелдемесі. Экономикалық құбылыстарды танып білудің әдістері, басқа
ғылымдардың әдістері тәрізді адамдардың нақты тіршілігіндегі іс
әрекеттеріне бастау алады және экономикалық өмірдің объективті даму
заңдылықтарының және логикасының бейнеленуі болып саналады. Әдіс өздігінен
пайда бола салмайды, ол зерттейтін пәнімен анықталады. Экономикалық
ғылымның зерттейтін пәні, адамдардың тіршілік ету процесі кезінде пайда
болған өзара экономикалық қарым-катынастарының жүйесі болып саналады.
Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері жайлы мәселе - ол
экономикалық құбылыстар мен процестердің қалай және қандай жолдармен
зерттелетіндігі туралы мәселе. Әдістер екі топқа бөлінеді: жалпы және
спецификалық.
Жалпы әдістер бүтіндей экономикалық шынайы жағдайдың ғылыми
меңгерілуіндегі амалдарды, жалпы философия негізін дүние танымдық тінін,
экономиканы зерттеудің әдіснамалық түйінін береді. Бұл әдісті әдіснамалық
амалдар және экономикалық әдістеменің бағытын анықтаушы ретінде атауға
болады.
Еуропадағы XVIII-XIX ғ. пайда болған бірінші экономикалық ғылымдардың
жүйелері қандай да бір философияның негіздеріне сүйенген. Мысалы, А.Смиттің
"Халықтар байлығы" еңбегінде жүзеге асырылған экономикалық жүйесі,
көпшілігінде философ-эмпирик Дж.Локтың қағидаларына негізделінген;
Д.Рикардоның "Саяси экономикасының бастамасындағы" баяндалған экономикалық
жүйесі, философ-рационалист Б.Спинозаның қорытындыларымен айрықша
байланыстылығы бар; К.Маркстің "Капиталында" келтірілген экономикалық
жүйесі, Гегельдің диалектика ілімінің әдіснамалық негізіне бағытталынған.
Спецификалық әдістер - ғылымның әр салаларына арналған әдістер.
Экономиканы статикада немесе белгілі қозғалыста, кәсіпорындардың тұтастай
немесе бөліктерінің дамуын қарастыруға болады.
Кез келген қоғамның экономикалық өмірі жекелердің немесе топтың
мүдделері мен материалдық, саяси рухани өзара байланыстылығының аса күрделі
процестері болып саналады. Соған байланысты танымның жеке әдістерінің
өзінің танымдық шектері бар. Сондықтан экономикалық процестерді зерттеу
кезінде жеке әдісті ғана емес, белгілі жүйелікте әр түрлі әдістердің
қолдану талап етілетіндігін білуіміз керек, Мысалы, кез келген ғалым үшін
танып білудің бастамасы сол немесе басқа процестердің, құбылыстардың
субъективтік қабылдануына негізделінеді. Сонан кейін ғалым математикалық
аппараттың көмегімен сандық бағасын, синтездің, талдаудың және ғылыми
абстракцияның көмегімен, оларды ұқыпты зерттейді және т.б. Зерттеу
нәтижесінде әр түрлі заңдылықтар немесе түсініктер, экономикалық үлгілер
бөлініп шығуы мүмкін.
"Ғылымның даму тенденцияларының ұқыпты талдауы көрсеткендей дамыған
ғылымдағы әдіс ғылыми айналымынан толықтай жойылады ... ғылыми әдістер
арсеналының өсуін ғылыми әдістің дамуындағы тенденциялардың бірі деп айтуға
болады. Ғылымға ертеректе жат болып келген ғылыми емес әдіс, тәсіл, танымы
нағыз ғылымиға айналады. Бұл ғылыми саланың кеңеюімен, оның пәндік аясының
өсуімен қатар жүреді және өз кезегінде ғылыми танып білудің ережесіндегі
және үлгісіндегі өзгерістердің нәтижесі болып саналады".
Сондай-ақ бұл қорытындыны өмірдің барлық жағдайына қолдануға болмайды.
Экономикалық процестердің немесе құбылыстың қандай да бір бөлігін зерттеу
кезінде тек бір әдіс немесе бір тәсіл ғана қажет болуы мүмкін. Аналитикалық
мақалаға кәсіпорынның айлық, тоқсандық немесе жылдық экономикалық
қызметінің нәтижелері жайлы талдау және синтез жасау жеткілікті деп
ұйғарылады.
Құбылыс қозғалыста, даму жағдайында зерттелетін болса, экономикалық
теория нақты жайды толық қамтиды, өйткені, экономикалық процестер үнемі
пайда болады, дамиды, жойылады да тарих шежіресіне енеді. Диалектиканың
жүйеленген теориясында қарама-қайшылыққа басты орын беріледі. Гегель қарама-
қайшылықты бірін-бірі өзара болжаушы және бір мезгілде өзара жоққа шығарушы
бірлік ретінде қарастырған. Гегель қарама-қайшылықты, әрқилы дамудың ішкі
импульсі "моторы" ретінде бағалаған. Әлбетте мұның толық мағынасында
экономикаға қатысы бар.
Экономикалық процестерін зерттеу кезінде К.Макконелл және С.Брю
"Экономика" деген еңбегінде қазіргі нарықтық жүйеде, барлық экономиканы
және шаруашылық іс-әрекетінің басқа салаларын басқаруда қарама-
қайшылықтардың бар болатындығын айқындайды. Соның мысалы, К.Макконелл және
С.Брю "Экономика" атты кітабында келтірілгендей: "Әлсіз әрі кемшіліксіз
экономикалық жүйенің болуы емес". Осыған орай, олар мемлекеттік экономика
секторының әрі қажеттілігін, әрі "дәрменсіздігін" дәлелдеп, табысты бөліп
таратудың тепе-теңдік пайдасын және тепе-теңдік қарсылығын тұжырымдай
келіп, нарыққа "қарсы", нарықты "қолдау" дәлелдерін ұсынады.
Адамзат қоғамында басқа кез келген құбылыстар сияқты экономикада
байыпты ғылыми танымды қажет етеді. Осындай зерттеулер үшін ғылыми
экономикалық теорияның әдіснамасын жасады. Экономикалық теорияның
әдіснамасы экономикалық нақты жайды түрлендіру процесін зерттеудің әдістері
жайлы ғылым болып саналады. Экономикалық теорияның әдіснамасы экономикалық
ғылымда әр түрлі мектептердің және бағыттардың бар екендігін болжайды,
солардың түсінігіне лайықты экономикалық құбылыстарды зерттеуге әр түрлі
амалдарды пайдаланады және қалыптастырады. Экономикалық теория
әдіснамасының көмегімен нақты шындықты зерттеу тәсілдері, әдістері және де
сол немесе, басқа экономикалық нақты жайдың әрі қарай дамуы анықталады.
Экономикалық теорияның әдіснамасында философиялық әдістерге
негізделген әр түрлі көзқарастар бөлініп шығады. Нақты өмірді қарастыратын
ең жалпы амалдарды және тәсілдерді бөліп алу қажет: материализмді және
идеализмді, диалектиканы және метафизиканы.
Материализм дегеніміз адам санасының сыртқы дүние бейнесін жалпы
танымдар арқылы қабылдауы.
Идеализм сананың, абсолют идеяның өзін-өзі тануы деп түсіндіріледі.
Диалектика - "адам ойының болмысы және танып білудің жалпы заңдары
жайындағы ғылым". Әдетте метафизика "бір мәнді дүние картинасын жасауға
немесе болмыстық үзінділерді абсолюттеуге және жекелендіріп қарастыруға
тырысушы тенденция".
Егер жүйенің жеке элементі тиянақты талдауды немесе шаруашылық
қатынастарының ішкі құрылымын анықтауды қажет еткен жағдайларда экономиканы
метафизикалық тәсілмен зерттеуге рұқсат етіледі. Бұл кезеңдерде олардың кез
келген өзгерістері есепке алынбайды.
Америкалық мектептің саяси экономикасының негізін салушы Дж. Кларк
бірінші рет "Байлықты таратып бөлу" атты кітабында, динамикада және
статикада қоғамның табыстарын бөлу және өндірісті ұйымдастыру
технологиясының және техникасының жағдайы қарастырылған.
Сонымен бірге жалпы көзқарастармен бірге сенсуализм рационализм,
иррационализм сияқтылар да айтылады. Сонымен қатар, олардың кейбіреулері
бір-бірімен сиымды және олардың байланыстылығы танып білудің жаңа
қағидаларын береді, мысалы; материалистік диалектика немесе механистік
материализм, идеалистік диалектика және т.б.
Олардың әр қайсысына барлық мүмкіншілігіне қарай шынайы өмірде орны
бар. Бірақ зерттеушілер өзара байланыса келісуінен оны қырын бөле отырып,
сипаттамаларды білу әдістерінің бірін абсолют етіп көрсетеді және жалпыға
бірдей сипат береді.
Экономикалық ғылымда философиялық жалпылама қарастыру қырымен қатар
мынадайларын бөліп көрсетеді:
субъективтік, неопозитивист - эмпирикалық; бақылау және эксперимент;
жүйелі - құрылымдық. Қазіргі танып білу әдістері (гипотеза әдісі, ойша
эксперимент) ғылыми зерттеулерде "субъективтік" сәттердің өсуіне әкелді.
Экономикалық талдаудың объектісіне субъективтік қырынан қарағанда
субъектінің ("гомоэкономикус") шаруашылық әрекеті болып саналады, яғни
экономикалық ғылымның тақырыбы адамзат баласының "қажеттіліктің шекараларын
анықтайтын іс-әрекеттері туралы ғылым" болып есептелінеді. Осындай қырынан
келген кезі де басты категория - қажеттілік, пайдалылық. Экономика
шаруашылық жүргізуші субъектінің түрлі нұсқадан таңдау жасау теориясы болып
қалыптасады.
Неопозитивті - эмпирикалық амал кезінде танып білудің басты атқарушы
құралы зерттеудің техникалық аппараттары (экономикалық-математикалық
әдістер, кибернетика және т.б.). Қазіргі кезде танып білудің ғылыми
әдістерінің зерттеулері техникалық құралдармен жабдықталған. Соңғысын
аппаратсыз, компьютерсіз және басқа да техникасыз, қуат жеткізгіштерсіз
көзге елестету мүмкін емес. Техника ғылымның жемісі бола отырып, ғылымды
"жасай" бастады. Осындай қырынан келу кезінде елдің экономикасын
макроэкономикаға (барлық қоғамның экономикасына), микроэкономикаға
(кәсіпорындардың, фирмалардың экономикасына) және мезоэкономикаға
(территориялық бірлестіктердің, саланың экономикасына) бөледі.
Неопозитивті - эмпирикалық әдіс білімнің формальданған құрылымдарына
негізделген. Сондай-ақ бұл әдіс математикалық теорияда қолданылатын
аксиомалы-дедуктивтік схемаларға негізделінеді. Мұнда ғылыми теория құрудың
кейбір тәсілдері және зерттелетін құбылыстың мазмұнды жақтары білімнің
аясынан тысқары қалады. Ескерілетін жәйт, бұл әдістің қарастыратын құбылысы
статикада формальды білім сияқты беріледі, қалыптасушы, дамушы құбылыс
сипатында ұсынылмайды.
Ғылыми танымға модельдік амалды енгізу қазіргі ғылыми әдебиетте
кеңінен таралуда. Сонымен бірге мағынасы бойынша "модель" термині онын
зерттелуіне танымдық іс-әрекет тәріздес бағытталған басқа объектіні
алмастырушы, аралық объекті деп түсіндіріледі. "Модель" және "түпнұсқа",
тап сондай ұқсас сияқты арақатыста болады, сөйтіп модельді талдау кезінде
формальды-логикалық қырынан қараудан құтыла алмайсыз. Ойлаудың болмысқа,
ақиқатты идеяға қатысы нағыз жалпыға бірдей қатынастар болып саналады. Егер
оның шынайы және идеалды қатынастары құрылымын бірінің екіншісіне өтуінің
қажетті тетігі деп қарастырсақ, біз үлгі түсінігінің қисынды мәртебесін
оның мәнін анықтадық. Шындығында, егер моделі ақиқатты идеалды бейнелейтін
болса, онда ғылыми танып білудің мұндай әдісі өзін ақтайды. Осындай әдіс
басқалармен қатар ғылыми танымға қажет, өйткені ол сана деңгейінің
қорытындысын болжамдап, кейде эксперименттік тұрғыдан расталуы бірталай
артта қалады.
Экономикалық әдебиетте "экономикалық теорияда әдіс ретінде жалпы
талдап қорыту әдісі қолданылады" деген көзқарас бар. Автордың келтірген
мысалда, индукция, дедукция әдісінің мазмұны көбірек сипатталынады. Бірақ
жинақтау әдіс ретінде барлық ғылымда бар. Мысалы, медицина және химия
салаларындағы көптеген тәжірибелер негізінде адам ауруларының себепті
факторларына, қорытындылар жасалынады. Экономика саласында жиналған
тәжірибелер негізінде белгілі бір қорытындылар жасалады. Мысалы, тауардың
белгілі түріне сұраныс өндірістің дамуына немесе оның қысқартылуына
әкеледі, бірақ қандай да болмасын шешімді қабылдау үшін бұл тауарларға
сұраныс бойынша сансыз көп мәліметтерді жинақтап қорыту және осының
негізінде олардың тенденциясын анықтау керек және де тандап алынған
қорытындысы шығарылып шешімі қабылданады.
Әдіснамалық ғылымда ақыл-парасат, танып білу және әрекет негізі болып
саналатын рационалдық әдіс бөліп көрсетілген. Ақыл-парасатты сезім
көрсеткіштерінен ажыратылмайды, бірақ ол оған шексіз сенуге тиіс емес.
Танып білу сезімдерінен ақыл-парасатты ажырату мұмкін емес.
Рационализаторлық әдіс - тұтас экономикалық жүйенің, нақты жүйені реттеуші
экономикалық заңдардың, қоғамның экономикалық "анатомиясының" зерттелуін
қажет етеді.
Кенэ экономикалық таблицасы - осындай қырынан келу шыңы. Қарастырылып
отырған қырынан келу, экономикалық теория қоғамдық өнімнің тұтынуын және
таралуын, өндірісін реттеуші зкономикалық заңдарды зерттейді деп есептейді.
Танып білудің тағы бір әдісі сенсуализм (лат. сөзі sensus-сезім) болып
саналады.
Аталған әдісте танып білудің негізі ретінде сезім, сезінушілік
реакциясы алынады, мұнда бұл әдісті қолданушы зерттеушілер білімнің
барлығын сезім органдарының қабылдау, түйсіктерінен шығарып тастауға
тырысады. Танымның бұл әдісін жеке өздігінен қарастыруға болады, бірақ
бақылаусыз, эксперимент, жасаусыз, қандай да болмасын сезінушілік
реакциялары жайлы айту қиын.
Сондықтан бақылау және эксперимент сезіммен қабылдаудың алдында түрып
аналитикалық пайымдауға мүмкіндік туғызады. Яғни экономикалық құбылыстарды
танып білудің әдістері сияқты бақылау және эксперимент ақыл-парасатылықтың
қорытындыларын жасау үшін пайымдау, ойлау, түсіну және ақылдың қорытынды
жасауына өте-мөте қажет.
Итальян социологы және саяси экономия маманы Вильфредо Паретто
қоғамдық құбылыстарды зерттеудің қисынды - эксперименттік әдісін негіздеді.
Оның пікірінше қоғам туралы ғылымдар тәжірибелердің дәл мәліметтеріне, яғни
эмпирикалық, эксперименттік мәліметтерге негізделуі тиіс. В.Паретто ойлары
бойынша солар ғана тек ғылыми дұрыс және сенімді қорытындыларды қамтамасыз
етуі мүмкін. Бұл жерде оған келіспеуге болмайды, бірақ та мұнда адамдардың
мүдделері және әрекеттері туғызушы, экономикалық процестерге қатысты
әлеуметтік-экономикалық құбылыстарын өзара байланыстарын және негіздеу,
айқындау маңызды.
Танып білудің әдіснамасында маңыздырақ әдісті жүйелі -құрылымдық
қырынан келу болып табылады. Адамзат қоғамы белгілі құрылымға ие әлеуметтік-
экономикалық жүйе болып келеді, оның элементтері өзара әрекеттесе отырып,
экономикалық процестердің ықпал жасауына қарай өзгеріледі. Сонымен қатар
қоғамның экономикалық құрылымына экономикалық процестер мен экономикалық
заңдар ғана емес, адамдар және олардың жетекшілерінің, яғни жеке
адамдардың, әлеуметтік топтардың, жеке елдер мен аймақ адамдарының
бейімділіктері мен мүдделері ықпал жасайды.
Нәтижесінде материалдық өндірістің дамуы жүргізіледі, ол адамзат
қоғамының тіршілік көзінің негізі болып есептеледі.
Сөйтіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы ғана емес, сонымен
бірге материалдық базасының құрылымы дамиды және өзгереді, соған сәйкес
қоғамдық жүйесі де өзгереді. Сондықтан құрылымдық өзгерістердің жүйелілігін
қадағалап және бұл процестің салдарын және себептерін анықтай отырып,
олардың өзгерісін және дамуын қадағалауға болады.
Өндірістің қандай болса да тәсілі жүйесінің зерттелуі, оның тарихын
зерттеу болып табылады, өйткені ол құбылыстар өткен сатылы дамуында өзіне
тән ерекшеліктерді жоя отырып, әрдайым жаңа сапасында келмейді. Керісінше
әрі қарай өз дамуында бұл құбылыс өзінің айтарлықтай жаңа ерекшеліктерін
жасайды. Қозғалыс өзін-өзі байыта отырып, анағұрлым күрделі бола түседі.
Сондықтан ақиқатта, сол сияқты теория тарихы да ізсіз жойылмайды, тек қана
өзгерілген түрінде сақталынады.
Жүйелі құрылымдық қырынан қарастыру экономикалық құбылыстарды
қозғалыста, кеңістікте және уақыттағы өмір сүру тетігін ашу мүмкіндігімен
құнды болып келеді. Сонымен экономикалық құбылыстың нақтылы күйін жақсы
бейнелейді. Қоғамның даму зандылықтарының танылуы, құрамдас бөлігінің
бүтіндей органикалық бірлестігінде дамуын және пайда болуын зертгеуі арқылы
мүмкін. Бұл дамудың заңдылықтарын, өндірістік қарым-қатынастарда пайда
болушы элементтердің мазмұнын және олардың бірлестігін ашу мүмкіндігін
береді. Мұндай қырынан келу біреу емес, бірақ саяси экономия үшін қажетті
болып саналады. Сонымен бірге қарастырылатын қыры таным әдісінің барлық
жағынан, ақиқаттысы немесе мінсізі болуы мүмкін емес. Құрылымның
элементтерін жүйелі өзара байланыстықта және өзара шарттастықта қадағалау,
зерттелетін құбылыстың пайда болу тарихына жауап бермейді немесе оған әр
уақытта жауап берілуі мүмкін емес.
Экономикалық жүйенің қандай да бір дамуының тарихын зерттеуі табиғи-
тарихилық қырынан келуді білдіреді.
Бұл жоқтан бар болмайды. Әр құбылыстың өз ілгергі тарихы бар, тарихы
болады дегенге саяды. Құбылыстар тарихилығы жалпыға мәлім, бірақ бір тарихи
құбылыстан, басқаға ауысуы ауыспалы кезеңнің проблемасын есептемегенде,
жеткілікті айтылмады.
Алайда ауыспалы кезең, ауыспалы экономика, аралас экономика әр түрлі
деңгейдің элементтері болып саналады.
Өйткені ауыспалы кезең бір күйден басқа күйге ауысу құбылысының уақыт
өлшемі болып есептелінеді. Мұнымен қатар экономикалық құбылыстың ішінде
айтарлықтай өзгерістер жүреді, бұлардың өзгермелі экономикалық құбылыс
жағдайларына эсер етпеуі мүмкін емес. Сонымен ауыспалы кезең түсінігімен
шектелмеу керек, яғни зерттелетін құбылыс қырларының әр жағының белгілі
түсінігі бар. Сонымен қатар, диалектикалық танымның маңызырақ қағидасы
тарихилық немесе эволюциялық қыры кейбір ғалымдардың назарына ілікпеуде.
Әйтсе де, ғылыми әдебиетте тек экономикалық құбылысқа қатысы бары ғана сөз
етіледі, бірақ ол жеткілікті мәлімет алу мүмкіндігін бермейді.
Кеңес Одағының экономикалық әдебиетінде табиғи-тарихилық қырынан
келуді теріске шығару және түсінбеушілік, тауарлық өндіріс рөлінің
кемітілуінде немесе оны мойындамауда, яғни құндылық қатынастар заңдарының
ескерілмеуінде болды. Табиғи-тарихилық қырынан қарауды теріске - шығарылу
көрінісі қоғамдық қатынастардың, кеңестік экономика даму кезеңдерінің және
экономикалық салада кеңес үкіметі басшыларының волюнтаризмі және
субъективизмі нәтижесі болып шықты. Бұл социализмді дамытудың бір сатысынан
басқа сатысына жеделдетіп көшу (негізінен социализмнің жеңісі, сонан соң
біржолата өркендеген социализмге көшу) шынайы экономикалық процестердің
жеткіліксіз нығаюына арқа сүйеді.
Сөйтіп, экономикалық процестерді зерттеу кезінде табиғи - тарихилық
амалды теріске шығару немесе саналы, түрде елемеу теорияда және
шаруашылықты жүргізудің практикасында жаман әсерін тигізді. Сонымен бірге,
табиғи-тарихи қырынан қарау кеңістікте және уақтылы нақты жағдайларда
экономикалық құбылыстардың даму процесінің әсер етуі сияқты түсіндіріледі,
мұнда бір күйден басқаға ауысуы жүреді.
Табиғи-тарихи қырынан келу бар екендігі жоққа шығарылмайды, бірақ
тарихилық және қисынды бірыңғай әдістің бар болуын болжайды. Өйткені, кез
келген құбылыстың, соның қатарында экономикалық құбылыстың да, оның тарихы
неден басталса, зерттелуі де, содан басталады. Сонымен бірге сол немесе
басқа экономикалық құбылыстың даму тарихы басқа экономикалық құбылыстардың
қатынастарының бар болуымен қатар жүзеге асырылуымен түйіндесіп отыр.
Зерттеушілерге зерттелінетін құбылыстың өзіне ғана тән фактілері және
заңдылықтары ғана керек. Егер тарихшы фактілерді және оқиғаны уақыт
жүйесінде және оқиғаның болған жерінде тіркейтін болса, ал экономист өзіне
тән ішкі заңдылықты және зерттелетін экономикалық құбылыстардан шыққан
экономикалық фактілерді таңдайды.
Жалпы танып білудің әдістері төмендегі қағидаларда пайдаланады:
• сараптау (зерттелетін объектілерді жеке элементтерге бөлу) және
синтез (жеке элементтерді бір тұтас етіп біріктіру);
• индукция (жеке деректерден жалпыны шығару) және дедукция (жалпыдан
жекеге жылжу);
• абстракция (дерексіздену кезінде басқа қасиеттерден пәннің маңызды
қасиеттерін бөлу), "басқа да тең жағдайларда" жол беру, жинақтау (жалпы,
соның ішінде орташаланған немесе ең ықтимал сипаттамалары) талдап қорытылуы
және т.б.
Танып білудің бұл қағидалары негізінен формальды қисыннан
құрылғандыктан ресми - қисындар деп белгіленуі мүмкін.
Экономикалық ғылыммен зерттелінетін кез келген экономикалық жүйе
экономикалық қатынастардың әр алуан бірлігі, күрделі тұтастығы болып
саналады, олардың әрқайсысы өзінің жалпы экономикалық жүйедегі ерекше рөлін
зерттейді.
Қарастырылатын экономикалық құбылыстың дамуын билеуші, құбылыстың
мазмұнын, заңдылықтарын, ерекшеліктерін және оның қасиеттерін дұрыс түсіну
үшін ең алдымен бұл құбылысты құрамдас бөліктерге (элементтерге) бөлудің
сараптамалық жігін жасау керек және жалпы жүйеде бөліп көрсетілген
жақтардың белгіленуін және рөлін ұқыпты зерттеу керек. Сонан кейін
зерттеуші ғылыми танымның келесі кезеңіне синтездеуге көшеді. Мұнда
бөлінген жақтар бір тұтас болып қайта бірігеді. Қайта бірігудің процесінде
зерттелінетін экономикалық құбылыстың және элементтердің барлық
құрамдарының ішкі аралық байланыс заңдылығы айқындалады және барлық
құбылыстың және оның бөліктерінің дамуының жалпы заңын қарастыратын
құбылыстың мазмұны ашылады. Сонымен, зерттелінетін экономикалық құбылыстың
жеке жақтарға (элементтерге) бөлшектенуі және бүтіннің тиісті бөлігі сияқты
олардың әрқайсысының зерттелуі талдауы деп аталынады. Ал бөлшектелінген
және талдап шығарылған жақтардың бір тұтастыққа қайта бірігуі, іштей
байланысқа тұтастығы синтез делінеді. Талдау және синтезді танымның ғылыми
әдісі ретінде, әлеуметтік қоғамды зерттеушілерде сондай-ақ жаратылыстану
ғылымдары өкілдері қолданады.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылым өкілдері, сонымен бірге экономика
ғылымдары, ғылыми абстракция әдісін кеңінен пайдаланады. Абстракциялаудың
басы зерттелінетін құбылыстың аналитикалық бөлшектенуінде, оның іштей
байланысқан жақтарында жатыр. Сонымен бастапқыда сыртқы көрінісі жағынан
құбылыстың жалпы сипаттамасын береді. Сонан кейін зерттеушінің ойы ішкі
байланысқа өрбиді және айтарлықтай ерекшеліктері айқындалынады, оның
субстанциясын жасаушы және мазмұны анықталынады. Сонғысының танылуы
зерттеушіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық статистика
Атаулы терминологиялық сөз тіркестері
МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСТЕРІ
Қазіргі микроэкономика пәні
Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі
Экономикалық талдаудың негізгі принциптері, талдау функциялары
Экономикалық болжаудың мәні
Экономикалық тәрбие беру
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қорларды толтыру теорисы бизнес-жоспар бойынша есеп шығару
Пәндер