ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ МАКРО –ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКIШ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI


ЖОСПАР
КIРIСПЕ2
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ МАКРО -ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКIШ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI. 6
1. 1 Экономикалық өсудiң эволюциясы және әдiстерi. 6
1. 2 Экономикалық өсудiң факторлары мен түрлерi. 9
II. ҚАЙТА ЖАНДАНУ КЕЗIНДЕГI ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ15
ҚОРЫТЫНДЫ24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР26
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Оң жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.
Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”. /(1) /. Сондықтан да болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек. / (2) 112б. /
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады. Халық снының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш.
Оның тиiмдi болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек.
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр / (3), 202б. /. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындамыз. ТМД және Орта Азия елдерi iшiнде қаржылық реформаны ең тиiмдi жүргiзiп отырмыз және ұлттық қорымыз егемендiк алғандағы нолдiк дәрежеден қазiр 9 млрд. теңгеге жеттi. Ендi бiзге шетелдiк елдерде экономикалық тұрғыдан жоғары деңгейде қарайтын болды. Елiмiздiң сыртқы саясатта өзiндiк орны да арта түстi. Соңғы уақыттарда бiздiң экономикалық өсуiмiздi бiрқанша жоғары дәрежелi экономистер “Казахстанская экономическая бум” деп айтып жүр. Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай бағасының өсуiмен тiкелей байланысты болып отыр. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды / (1) /.
Мiне осыдан келiп мен курстық жұмысымның тақырыбын “ Экономикалық өсу макроэкономикалық көрсеткiш ” деп алдым. Жұмыс барысында жалпы экономикалық өсудiң әдiстемелiк негiзi және оның Қазақстандағы ерекшелiгi қарастырылды.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ МАКРО -ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКIШ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI.
1. 1 Экономикалық өсудiң эволюциясы және әдiстерi.
Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта дамыды.
Қазiргi экономикалық өсу теориясы негiзгi екi бағытта құрылды: 1) классикалық (неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау Ж. Б. Сэйден алып және Дж. Б. Кларк, Р. Солоудың еңбектерiмен аяқталды. 2) кейнсиандық (неокейнсиандық) макроэкономикалық тұрақтылық теориясы / 2, 6-7 б. /.
Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта классикалық теория XIXғ. және XX ғ. Басында экономикалық өсуде басты орында болды.
Ұлы экономистер А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус және К. Маркс халықтар байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Р. Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т. Харрод, Е. Домар) ; неоклассикалық (Р. Солоу) ; посткейнсиандық (Н. Калдор) ; / 2 8-9 б. /.
Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен кiредi. Кейинсиандық теорияның басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай болмай қалған жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi / 4, 341 б. /.
Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудағы басты шарт бұл iшкi ресурстар жиыны, яғни шетел көмегi емес, капиталдың қорлануы және халықтың өсуi.
Неоклассикалық модельдiң жалпы көрiнiсi келесi көрсеткiштерде:
- Өндiрiстiк функция, яғни тоқтаусыз еңбек және капитал комбинациясы санына байланысты өнiмнiң белгiленген мөлшерiн беруге мүмкiншiлiк беретiн.
- Еңбек ұсынысы функциясы. Халықтың тұрақты экзогендi өсу қарқыны, ал адам-сағат та тұрақты өседi.
- Жинақ функциясы.
- Рыноктағы қызметтердiң тепе-теңдiгi.
Яғни неоклассикалық модельде басты орында өндiрiстiк функция тұрады / 2, 13 б. /.
Экономикалық өсудiң кейнстiк моделi
Бiз экономиканың өсуiнiң өзi бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы - халықтың жағдайын көтеруге негiз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуiне баға беру үшiн, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстiк өсу үлгiсi негiзiнде логикалық құрал қолданылады, бiзге белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк моделi / 4, 341 б. /.
Кейнстiк өсу моделiнiң қарапайым түрi Е. Домар болып табылады, бұл моделде қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады.
Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың У-ке қатынасы (K / Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек 1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол - капитал.
Инвестицияның өсуi экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуiнiң факторы болып табылады. Егер берiлген мезгiлде инвестиция және I-ға өссе, онда мультипликатор әсерiмен жиынтық сұраныс келесiге өседi: / 4, 342 б. /.
∆Y AD = ∆I * m = ∆I ( 1 / 1 - b ) = ∆I 1 / s
m - шығын мультипликаторы;
b - тұтынуға шектi бейiмдiлiк;
s - қор жинағына шектi бейiмдiлiк;
∆Y AS = a * ∆K - жиынтық ұсыныстың өсуi;
а - капиталдың шектi өнiмдiлiгi.
Капиталдың ∆K өсiмшесi инвестицияның I көлемiмен қамтамасыз етiледi, осыдан ∆Y AS = a *I.
Экономиканың өсуiнiң тепе-теңдiгi сұраныс пен ұсыныстың теңестiрiлуiнiң шартында пайда болады. Яғни инвестицияның өсiмшесi капиталдың шектi бейiмдiлiгiне тең болуы керек.
Тепе-теңдiк шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан, I = S6 ал S = sY; s = const болғанда, табыс деңгейiнiң көлемi инвестицияның деңгейiне пропорционал болады, сонда ∆Y / Y = ∆I / I = a * s.
Сондықтан, Е. Домар теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдiк өсу қарқыны және қолда бар өндiрiстiк қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шектi өнiмдiлiгiне және қор жинағының нормаларына тура пропорционал немесе ∆Y / ∆K - капиталдың қайтарылуының өсiмшесiне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бiрдей қарқында өседi / 4, 343 б. /.
Егер моделде берiлген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдiк тұрақсыз болуы мүмкiн. Е. Домар моделiнiң кемшiлiгi экономиканың тек қана қысқа мерзiмiн қарастырады.
1. 2 Экономикалық өсудiң факторлары мен түрлерi.
Әрине қандай пән болмасын оның өзiнiң басқалардан ерекшелеп тұратын факторлары және түрлерi болады.
Экономикалық өсу факторларына нақты өндiрiс көлемiнiң кеңеюiмен байланысты оның өсiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын анықтайтын үрдiстер.
Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн / 5, 313 б. /.
Нақты факторларға негiзгi бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық ұсыныс пен өндiрiстiң динамикасын көрсететiн факторлар:
- еңбек ресурстарының сандық және сапалық өсуi;
- негiзгi капиталдың сапалы құрамының көлемiнiң өсуi;
- өндiрiстi ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;
- табиғи ресурстардың шаруашылық айналымының сандық және сапасының артуы;
- қоғамды ксiпкерлiк қызметтiң дамуы.
Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады: нарықты монополизациялаудың төмендеуi, өндiрiстiк ресурстарға бағаның төмендеуi, пайдаға салықтың төмендеуi, несие алу мүмкiншiлiктерiнiң артуы және т. б. / 5, 313 б. /.
Жанама факторларға сондай-ақ сұраныс және бөлу факторлары да қатысады. Сұраныс факторы өспелi өндiрiс көлемiнiң мүмкiншiлiгiне әсер етедi. Осы факторлар iшiнен басты факторларды да көрсетуге болады. Оларға: сұраныс, яғни төтынушылардың көбеюi, инвестициялық және мемлекеттiк шығын, жаңа рыноктар табу арқылы экспорттық өсу және олардың әлемдiк рынокта бәсекеқабiлетiнiң жоғары болуы.
Егер нақты өндiрiс көлемi деңгейiне сұраныс динамикасы табиғи бұрынғы қалпында болса, онда экономика өсу қарқынының құлдырауы немесе рецессиясы орын алады. Бұл жағдайы 1-шi суреттен көруге болады / 5, 314б. /.
P AD 0 N 0 N 1
AS 0 AS 1
E 0
E 1
1000 2000 3000 Q
1-сурет. Сұраныс динамикасы табиғи қалпындағы экономикалық өсу.
Бұл графиктен көретiнiмiз экономикалық жүйе ең алғашында Е 0 тепе-теңдiк нүктесiнде болады. Сонан кейiн нақты табиғи өндiрiс көлемi 1000-нан 2000 ақша бiрлiгi деңгейiне көтерiледi. Яғни жиынтық ұсыныс ұзақ мерзiмдi интервалда N 0 -дан N 1 -ге жылжиды. Ендi мұған жиынтық сұраныс тұрақты деп есептесек, яғни ол AD 0 көлемiнде қалады. Бұдан шығатын қорытынды экономикада жоспарланбаған тауарлар мен материалдардың көлемi артып кетедi. Соның салдарынан кәсiпкерлер өндiрiс көлемiiнiң көбейiп кетуiмен және сұраныстың бұрынғы деңгейiнде өзгерiссiз қалуымен бағаның бұрынғы деңгейiн ұстап тұра алмайды. Олар осылайша тым артық өнiмдердi өткiзу үшiн бағаны түсiруге мәжбүр болады. Осы уақытта кәсiпкерлер өздерiнiң өндiрiс жоспарын өзгертiп немесе өндiрiс көлемiн қысқартып әр түрлi шаралар атқарады. Яғни Е 1 нүктесiне жиынтық ұсыныс AS 1 болып жылжайды. Бұдан келiп экономикада толық емес жұмысбастылық пайда болып, жұмыссыздық деңгейi өсiп, экономикалық өсу оң нәтижеге жете алмайды.
Бөлу факторы экономикалық өсуге келесiдей жағдайлар туғызады:
- салалар, кәсiпорындар, аймақ бойынша ресурстардың бөлiнуi;
- табыстың бөлiу тәртiбi шаруашылықта қызмет етушi субъектiлер арасында болуы; / 5, 315 б. /.
Бұл факторлар экономикалық жүйе өсуiнiң мүмкiншiлiгiне әсер ете отырып, оның тиiмдiлiгiн көрсетедi. Осындай ресурстардың бөлiну факторы экономикалық өсудiң тиiмдiлiгiн, яғни ресурстарды тиiмдi қолдана отырып, пайдалы өндiрiс көлемiн максималдау болып табылады.
Экономикадық өсу экономикадағы прогрессиялық қозғалысқа байланысты деп бiр анықтама келтiрсек ал екiншi экономикалық өсу бұл халық басына шаққандағы ЖҰӨ-нiң өсуi / 2, 32 б. /.
Егер әскери-саяси мәселе болса онда көбiнесе алғашғы анықтама қолданылады, ал халықтың тұрмыс деңгейiне байланысты екiншi анықтамаға жақынырақ боламыз. Экономикалық өсу қандай болмасын барлық әлеуметтiк-экономикалық жүйеде басты қызметтi атқарады. Экономикалық өсудiң басқа экономикалық категориялардан ажырата көрсететiн бiрнеше бегiлерi бар:
- Негiзгi факторлардың құрылымы мен деңгейiн анықтайды.
- Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, ұлттық экономиканың жағдайымен сипатталады.
- Экономикалық өсу динамикалы түрдегi заңдылық үрдiс
- Ол тек қана елдiң iшкi экономикалық қызметiне ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты.
- Бұл макроэкономикалық көрсеткiш бола отыра, микроэкономиканы да қатар бақылайды. Яғни салааралық және индустриялық дамудағы негiзде / 2, 47 б. /.
Экономикалық өсудiң негiзгi мақсаты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң өсуi, ол бiрнеше жағдайда көрiнедi:
- Халықтың орта кiрiсiнiң өсуi, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
- Бос уақыттың өсуi.
- ҰТ өсуiнiң халықтың орта тобы арасында бөлiнуi.
- Әр-түрлi товарлар және қызмет көрсетулердiң санының және сапасының өсуi.
Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты экономика ғылымдарында экономикалық өсудiң екi түрiн, яғни интенсивтi және экстенсивтi экономикалық өсу. Алғашқысы нақты факторлардың, яғни жұмыс күшi, еңбек құралдары, жер, шикiзат, отын-энергетикалық ресурстардың қолдануымен байланысты /5, 315б. /.
Экстенсивтi өсу түрi экономикалық ресурстардың, жаңа кәсiпорындар ашылуымен, еңбек және табиғи ресурстардың табиғи өсуiмен байланысты сипатталады. Экстенсивтi өсу түрiне:
- Технологияда инвестицияның артуы;
- Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
- Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;
Интенсивтi өсу нақты факторлардың сапалы түрде өсуiмен байланысты.
Интенсивтi факторларға:
- Ғылыми техникалық прогрестi дамыту;
- Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы;
- Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту; / 6, 375 б. /.
Бұдан көретiнiмiз экономикалық интенсивтi өсу қоғамның негiзгi өсуiндегi басты орында болып отыр. Ол әсiресе дамыған елдерде орын алуда. Өсудiң осы түрi ғана шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалануға әкеледi.
Экономикалық өсудiң екi түрiнiң жiктелуiн келесi суреттен көрсек.
(2-сурет ) / 5, 316 б. /.
2-сурет. Экономикалық өсудiң екi түрi және оның жiктелуi.
Экономикалық өсудi өлшеу әдетте келесi көрсеткiштерден тұрады:
- ЖIӨ-нiң өсуi немесе ұлттық табыстың өсуi;
- ЖIӨ және ҰТ-тың өсу қарқынының жан басына шаққандағы мөлшерi;
- Өндiрiстiк саладағы жан басына шаққандағы өсу қарқыны.
Экономикалық өсудiң тиiмдi жақтарымен қатар егер ол дұрыс iске аспаса адамзат баласына зиянды жақтары да бар. Оған мысал ретiнде экологиялық проблемаларды алуға болады / 2, 53 б. /.
II. ҚАЙТА ЖАНДАНУ КЕЗIНДЕГI ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.
Талайдан келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды / 7, 175 б. /.
Қайта жандану кезеңiнде экономикаға әлемдiк тәжiрибелер бойынша мемлекет мiндеттi түрде араласып, экономикалық реформалар жүргiзуi керек. Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездiң оң жетiстiктерi мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшелiктерiн қамтамасыз ету принциптерiне негiзделген шаралар жүйесi.
Реформалардың атасы Қазақстан Респуликасының Конституциясы болып табылады. Жоғарыда айтып өткендей елдiң тұрақты дамуы үшiн ұзақ мерзiмдi стратегия керек екенi белгiлi, осыған орай Елбасымыз “Қазақстан - 2030” атты озық мерзiмдi стратегиясын ұсынды. Ал қалғаны осы стратегия ретi бойынша әр салаларға арнап қысқа және ұзақ мерзiмд бағдарламалар және стратегиялар шығарылады.
Әрине, нарықтық экономикаға көшкендiктен мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өту үшiн жекешелендiру саясатын жүргiзу керек болды. Мұндай нарықтың реформалары жүргiзiлгеннен соң ол халыққа, жалпы экономикаға 90-шы жылдардан кейiн керi әсер етiп, 90-шы жылмен салыстырғанда экономикамыз құлдырап кеттi, жұмыссыздық деңгейi өстi, халықтың өмiр сүру деңгейi төмендедi /7, 206 б. /.
Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын жақсарту бұл қоғамдық дамудағы республиканың әлеуметтiк - экономикалық саясаты арқылы iске асырылады. Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi индикаторы: халықтың табысы, еңбек ақының мөлшерi, зейнет ақы көлемi, мемлекеттiк минималды еңбек ақы деңгейiмен өлшенедi.
ЖIӨ-нiң құлдырауы 90-шы жылмен салыстырғанда 1995 жылы 38, 5% болды. Макроэкономикалық тұрақтылық елiмiздiң экономикалық саясатының және ұлттық Банк жүргiзген шараларға байланысты 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0, 5%-ке өсуiмен және инфляцияның айтарлықтай төмендеуiмен көрiндi. Елiмiз осыдан бастап экономикалық даму сатысына өттi / 3, 201 /.
1999 жылы сәуiрде ақшаны еркiн айналымға жiберу отандық товарлардың бәсекелестiгiн қалыптастырды. Сол жылы ЖIӨ-нiң өсуi 1, 7%-ке жеттi.
Отандық товар өндiрушiлердiң қызметтерiн активизациялау, iшкi және сыртқы рыноктағы сұраныстың өсуi бұл негiзгi 1999-2001 жылдардағы экономикалық өсу болды. Нақты ЖIӨ 2000 жылы 9, 8%, ал 2001 жылы оның өсу қарқыны 13, 5%-ке жеттi / 3, 202 б. /.
1999 жылы экономикалық активтi халықтың өсуi байқалды. Кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн ынталандыру жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге мүмкiншiлiк бердi. Ол көрсеткiштер: 1999 жылы 13, 5%, 2000 жылы 12, 8%, 2001 жылы 10, 4% болды.
Қазақстанда 1991-1995 жылдар 1990 жылмен салыстырғанда ЖIӨ көлемi 38, 6%-ға төмендедi, яғни жылына шамамен 8%-ды құрап отырды. 2000 жылға дйiнгi ЖIӨ көлемiнiң өсу қарқыны байқалғандығымен 1990 жылмен салыстырғанда 69, 3%-құрады. Ал соңғы 2001-2003 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық өсiмi 30%-дан астам болды. Сонда ЖIӨ динамикасына назар аударатын болсақ Қазақстанда экономикалық дағдарыс және өсудi параболалық түрде көруге болады екен (3-сурет ) / 8, 38 б. /.
3-сурет. 1990 - 2003 жылдардағы Қазақстандағы экномикалық дағдарыс пен қайта жанданудың параболалық диаграммасы.
Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жұмысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде.
Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға өту үшiн 2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды.
У (ЖІӨ млн. тг)
(1991-1992жж млн рубль)
- Экономикалық көрсеткіштер
- Жалпы ішкі өнім табыс сомасы ретінде
Date: 5-18-2004 / Time: 22:17 SMPL range: 1991 - 2001 Number of observations: 11
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz