Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық негіздері
ЖОСПАР
Кiрiспе 3
I. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық негіздері 5
1.1. Мемлекеттік әлеуметтік саясат 5
1.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі 7
ІІ.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен
талдауы 12
2.1. Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң қалыптасуы және қазiргi жағдайының
талдауы 16
ІІІ Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету
бағыттары 18
3.1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары 18
3.2. Өмірде қатер туындаған кезде әлеуметтік қорғаудың негізгі тетіктері
21
Қорытынды 28
Қолданылған материалдар тізімі 31
Кiрiспе
Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк
және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он үш жылдың жүзі болды.
Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға
жақын қадамдар жасау үстiнде. Сол реформалардың iшiндегi әлеуметтiк
реформалар, мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты, халықты әлеуметтiк қорғау
жүйесi, халықтың әл-ауқаты сияқты мәселелер маңызды және өткiр күйiнде
қалып отыр. Халықтың әлеуметтiк жағынан аз қорғалуы және кедейлену мәселесi
экономикалық қиындықтарға байланысты, тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары күшейе
түстi. Осы жағдайларда халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң маңыздылығы арта
түседi.
Әлеуметтік қорғау – бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де
заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі
лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете
алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың
белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік
қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы,
өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында
әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай
төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың
нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауап қадамдар болды.
Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметттік
қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің
жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен
сипатталады.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді
қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың
кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты
Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін
ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жетілдірілген жүйесін әзірлеу
қажеттігі туындап отыр.
Қазақстанда осы мәселелер жөнінде яғни, халықтың әлеуметтік жағынан
қорғалуы, кедейшілік, халықтың әл-ауқаты жөнінде біраз ғалымдардың, оқытушы
профессорлардың еңбектері бар. Атап айтатын болсақ, Шеденов Ө.Қ.,
Говорухина Л.П., Кәрібжанова А.С., Қарағұсова Г., Нәжімеденова Ж.Ж.,
Мұхтарова К.С., Нигматуллин Н.З. т.б.
Мен өз жұмысымды осы кісілердің еңбектеріне сүйене отырып жаздым.
I. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық негіздері
1.1. Мемлекеттік әлеуметтік саясат
Әлеуметтік саясат – мемлекеттік ішкі саясаттың негізгілерінің бірі
боп табылады. Әлеуметтік саясат мемлекеттің халықты лайықты өмір сүруіне
еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеті. Нарықтық
экономикада әлеуметтік саясат басымдықты орын алады. Ол нарықтық
экономиканың түпкі мақсатын нәтижелілігін айқындайды. Бір жағынан тиімді
әлеуметтік саясат нарықтық экономиканың негізгі мақсаттарының бірі болса,
екінші жағынан – халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне әсер ететін фактор
болып саналады.
Әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті қоғам өміріндегі белгілі бір тепе-
теңдік деңгейіне қол жеткізу. Ол төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:
мемлекеттік гарантиялардың апаттар, табиғи және техногенды апаттарын
демографиялық жарылыстардың алдын алу немесе жою үшін ұсынылуы;
материалдық қорларды қайта бөлу және өмір сүрудің белгілі бір деңгейін
қамтамасыз ету бағыттарын күшейтіп әлеуметтік ауыртпалықты төмендету;
өмір сүру образын реттеу (салық арқылы, құралдар арқылы, қайырымдылық
қызметтері)[1].
Әлеуметтік саясат шаруашылықтың әр деңгейінде жүзеге асырылады:
микродеңгейде;
макродеңгейде;
интеграциялық деңгейде;
әлемдік деңгейде.
Микродеңгейде экономикадағы жеке шаруашылық субъектілерінің (фирма,
кәсіпорын, ұйым) әлеуметтік саясаты жүргізіледі. Макродеңгейде жалпы
мемлекеттік және аймақтық әлеуметтік саясат жүзеге асырылады. Интеграциялық
деңгейде екі немесе одан да көп елдің әлеуметтік саясаты үлестіріледі, ал
әлемдік әлеуметтік саясат глобалды әлеуметтік мәселелерді шешуге
бағытталады.
Әлеуметтік саясатты жүргізу әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру
үшін сәйкесінше экономикалық қорларды бөлуді қажет етеді.
Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік қатынастарының тұрақтылығын
дамытуға және қалыптастыруға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін,
азаматтардың өмір сүру сапасының деңгейін тұрақты көтеруге жағдай жасауға
бағытталады. Әлеуметтік саясат мынадай міндеттерді шешумен байланысты:
халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру, халықтың жеке әлеуметтік
топтарына көмек көрсету, азаматтарға әлеуметтік салада (білім беру,
денсаулық сақтау, мәдениет) игіліктермен қамтамасыз ету, әлеуметтік
сақтандыруда тең мүмкіншілік берілуін қамтамасыз ету.
1.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
Әлеуметтік саясаттың бөлінбес элементі болып, халықты әлеуметтік
қорғау жүйесі есептеледі.

Нарық халықты кепілді табыспен және жұмысбастылықпен қамти алмайды. Әр
түрлі себептерге байланысты азаматтар табыс деңгейіне денсаулық жағдайына
байланысты ерекшеленіп, жұмыссыздар, мүгедектер, толық емес отбасылар және
т.б. болып өмір сүреді. Әлеуметтік нарықтық экономиканың міндеті-халықты
әлеуметтік қорғау болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың объектісі
және субъектісі болады (1 сурет).
Халықты әлеуметтік қорғаудың объектілері мен субъектілері.
Сурет 1.
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі субъектісі болып, мемлекет
есептеледі. Басқалары – қоғамның барлық азаматтары және жеке әлеумет
топтары. Халықты әлеуметтік қорғау шаралары бір жағынан барлық қоғам
мүшелерін қамтыса, екінші жағынан жеке әлеуметтік топтарға бағытталады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
әр адамға өз қабілетіне байланысты табыс табуға мүмкіншілікпен
қамтамасыз етіледі;
өмір сүру минимумын ресми бекіту;
тұтынушылар мүддесін қорғау;
халықтардың табысын индексациялау.
Әлеуметтік қорғау жүйесі келесі топтарды қолдауға бағытталады:
жұмыссыздар;
зейнеткерлер;
мүгедектер;
ардагерлер (еңбек, соғыс);
балалары бар отбасылар;
жетім балалар;
оралмандар;
қуғын-сүргінге ұшырағандар.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы
Халықты әлеуметтік қорғау – бірнеше жүйелерден құралатын жүйе болып
табылады (2 сурет).
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы
Сурет 2.
Әлеуметтік қамсыздандыру - бұл кәрі және еңбекке қабілетсіз азаматтар,
сондай-ақ балалары бар отбасыларды қамтамасыз ету жүйесі.
Әлеуметтік көмек негізінен зейнеткерлерге, мүгедектерге, оралмандарға
және де апаттарға қатысқан азаматтарға көрсетіледі.
Әлеуметтік сақтандыру - бұл еңбекке қабілетін уақытша жоғалтуына,
кәрілігіне, мүгедектігіне, асыраушысынан айрылған жағдайына байланысты
азаматтарды материалдық жағынан қамтамасыз ету жүйесі.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму
деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік
институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ыннталандыру деңгейі таңдалған
әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым
тиімді және кешенді жүйелері келесі элементтерді қамтиды:
мемлекеттік жәрдемақылар;
міндетті әлеуметтік сақтандыру;
жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар
туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір
деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен
қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна
деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау
процесін реттеуге арналған.
Әлеуметтік көмек, азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты
есебінен қосымша қорғауға арналған.
Бұдан басқа азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін-өзі ерікті
сақтандыруы құқығы бар.
Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген
жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді.

нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауапты қадамдар болды.

Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда, нарықтық экономиканың бастапқы
қалыптасу кезеңінде экономиканың дағдарысқа ұшырауына байланысты қателіктер
жіберілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің Республикамыз
демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып есептеліп, халыққа
дұрыс жағдай жасау міндеттемесі алынды.
Әлеуметтік саясат моделінің жүйелі өзгерісіндегі ең бірінші жағдай
болып, оның муниципализациялануы табылады. Әлеуметтік саясат табиғаты
муниципалды болуы керек: адам өзі тұрған жерде, өзі жұмыс істеген орнында
және тіршілік етіп отырған ортасында қолдау табуы керек және оның
материалдық қамтамасыз етілу деңгейі оңай бағаланады.
Жоғарыдағыны ескере отырып, Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғау
жүйесіндегі реформаларды жүзеге асыруда, қоғам мүшелеріне әлеуметтік
гарантиялармен қамсыздануына, еркіндік пен құқық беретін жүйелі әлеуметтік
қорғауды белсенді түрде іздеу міндеті тұр.

талдауы
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, оның алдында қалыптасқан
халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қайта қарау мәселесі өткір болды. 1991-
1992 жылдары бұл саладағы заңдық және институтционалдық базалары түбегейлі
өзгеріске ұшырады.
Жекелегенде мынадай заңдар қабылданды: Семей ядролық полигонында
ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау
туралы(1992) және Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы (1992), және де Көпбалалы
отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы Президент Жарлығы (1992);
мемлекеттік сақтандыру Қоры (1992), Мемлекеттік жұмыспен қамту жәрдем қоры
(1991), Зейнетақы қоры (1991) құрылды.
1994 -1995 жылдары жаңа әлеуметтік қорғау жүйесінің бірқатар
концептуалды негізі салына бастады, бірақ оның ғылыми деңгейде екеніндігін
айту, әлі ерте еді. 1994 жылдың 1-сәуірінен бастап республикада жаңа
дербестендірілген әлеуметтік жеңілдіктер ұсыну тетігі енгізілді. Мұнда
халықтың белгілі бір категорияларына ең төменгі бір айлық жалақы мөлшерінің
есебінен ақшалай өтемақы ретінде ай сайын дифференциалданған төлемдер беру
қарастырылды[2].
Жұмыс істемейтін зейнеткерлердің зейнетақысы ең төменгі жалақының 2-
дүркін шамасынан аспағандықтан, оларға заңды түрде белгіленген жалақы
мөлшерінің белгілі бір пайызы ретінде, ай сайын өтемақылар төленіп отырды.
1996 жылдан әлеуметтік қамсыздандырудың орнын басқан, әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің қалыптасуы басталды.
Әлеуметтік саланы реттеу жөніндегі көптеген нормативтік актілер нақты
әлеуметтік-саяси мақсаттарды көздегенмен, жалпы алғанда әлі толық піспеген
болды немесе елдің нақты экономикалық мүмкіншілігін ескере алмады. Сонымен
қатар жаңа саяси жағдайда әлеуметтік мәселелерді шешуде ескі әдістемелер
сақталды және рыноктық трансформация жағдайында тұтас әлеуметтік саясат
концепциясы жоқ болды.
1999 жылдың 1-қаңтарынан Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы Заңына сәйкес, бұрынғы әлеуметтік зейнетақылар,
асыраушысынан айырылған жағдайда, жасына байланысты (тиісті стажы
жоқтарға), мүгедектігіне (1,2,3 топ мүгедектері, бала жасынан мүгедектер)
байланысты алатын тұлғалар, мемлекеттік жәрдемақы жүйесіне көшірілді, яғни
олар зейнетақы емес, мемлекеттік жәрдемақы ала бастады[3].
Жәрдемақылар халықты әлеуметтік қорғау органдары арқылы тағайындалып,
мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығын айналып өтіп, мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен төленіп отырды. 1999 жылдың басында азаматтарға жасына
байланысты жәрдемақы (зейнетақы алуға құқығы жоқ болғанда) 3-есептік
көрсеткіш мөлшерінде тағайындалды (2 мың теңгеге жуық), мүгедектерге (жалпы
ауруына сай) 2-4 мың теңге (тобына сәйкес), еңбек зардабы және кәсіби
сырқатына байланысты мүгедектер 3300-5280 теңге мөлшерінде жәрдемақы алып
отырды.
Асыраушысынан айрылған жағдайдағы жәрдемақы мөлшері 4 –тен 10 есептік
көрсеткішке дейін жетеді (максималды сомасы 6 және одан да көп балалары
барларға беріледі, 7 мың теңгеге жуық). Заңды негізде жетімдерге әлеуметтік
жәрдемақы көзделген: 3300теңге - бірінші балаға, 1980 теңге
кейінгілерінің әрқайсысына, тұрғын-үй жәрдемақысы, егер тұрғын-үй
коммуналды қызметтеріне шығындар, отбасы табысының 30 пайызынан асқан
жағдайда беріледі.
Жанұялық жәрдемақы, егер, жиынтық табыс әр жанұя мүшесіне шаққанда 2-
дүркін есептік көрсеткіш шамасынан кем болғанда беріледі. Табысты
анықтағанда, жалақы, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, жеке қосалқы
шаруашылықтан түскен ақшалай және натуралды мағынадағы табыстар алынады.
Әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен халықты әлеуметтік қорғау
1999 жылға дейін 1996 жылдың 18 шілдеде шыққан Міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы Заңымен реттеліп, соған сәйкес елдің азаматтарына
келесідей әлеуметтік гарантиялар ұсынылды:
зейнетақымен қамсыздандыру;
уақытша еңбек қабілетсіздігіне, жүктілігіне байланысты жәрдемақы;
сауықтыру сипатындағы қызметтер;
жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қолдау;
міндетті медициналық сақтандыру;
бала туылғандағы жәрдемақы;
жерлеу жәрдемақысы.
2.1. Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң қалыптасуы және қазiргi жағдайының талдауы
Халықтың әлеуметтiк жағдайын қорғау жөнiндегi заңдар мен бағдарламалар
және жүйелер, адамдардың құқығының декларациясынан туындап отыр. Онда
адамның өмiрi қоғамға жоғарғы құнды болып есептеледi. Сондықтан әрбiр
мәдениетi дамыған мемлекет өзiнiң азаматын мiндеттi түрде қорғайды. Ондағы
экономикалық және әлеуметтiк жағынан жұмыссыздықтан және табыстардың
төмендеуiнен, мүгедекттіктен, кәрiлiктен, ауырудан мiндеттi түрде қорғау
керек. Экономикалық бағдарламада халықтың жағдайын қорғау мәселесi, ол ең
алдымен қаржыландыру бағдарламасына байланысты. Ал қаржыландырудың өзi,
елдiң экономикасының жағдайына, оның жан басына келетiн табысына қарай
анықталады.
Халықтың әлеуметтiк жағдайын қорғау жүйесiндегi әлеуметтiк-
экономикалық негiздегi механизмнiң атқаратын қызметi, нарықтық экономикаға
күшеюіне байланысты бiр жақты мемлекеттiк жүйелер, әдiстер, бағдарламалар
және жоспарлар, сондай-ақ бұлардың заңды актiлерде тiркелiп бұлжытпай
орындалуы үлкен роль бiлдiредi. Ал, бiрақ бұл заң актiлерi бiрi орындалып,
бiрi орындалмай немесе жартылай орындалуы және де тұрақсыздығы экономикаға
көп әсерiн тигiзедi, халықтың жағдайын нашарлатуына әкелiп соғады. Ондағы
ең алдымен, зейнетақы мен жалақының, жәрдемақының уақытымен төленбеуi,
жұмыссыздық жағдайының өсуi, сонымен қатар бұл халықтың әлеуметтiк жағдайын
қорғауға үлкен әсерiн тигiзедi. Осының бәрi Қазақстан Республикасында
халықтың әлеуметтiк жағдайын қорғау жүйесiндегi әлеуметтiк-экономикалық
негiздегi механизмнiң атқаратын қызметiнiң үлкен бiр мәселесi болуда.
Нарықтық жағдайға қарасты тереңiрек көз салсақ бiздiң қоғамға
жұмыссыздықтың институтционалды түрi болып анықталады.
Сонымен нарықтық экономикаға көшуге байланысты, оның негiзгi атқаратын
мiндетi, ондағы тұтынушылардың құқығын қорғау, яғни халықтың әлеуметтiк
жағдайын қорғау, ол еңбек нарығындағы жұмысшыларды дамыту және әлеуметтiк
қорғаныс жүйесiн құру.
Әлеуметтiк қорғау жүйесi жұмыссыздықтың көлемiн азайтуды көздейдi.
Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтiк қорғау жүйесi
қайта қалпына келу және даму үстiнде, сонымен қатар оның тиiмдi
құрылымдарын iздестiру белсендi жүргiзiлуде.
Орталықтандырылған экономика мезгiлiнде, әлеуметтiк саясат дегенiмiз
әлеуметтiк қамтамасыз ету және қорғау саясатымен байланысты болған, қазiргi
таңда бұл саясат әлеуметтiк көмек деп танылып, сонымен қатар әлеуметтiк
басылымдық өзгерiстер енгiзiлдi.

бағыттары
3.1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары қазіргі жағдайды
талдаудан туындайды. Нарық жағдайларына сәйкес келетін және тұрақты ақылы
еңбекке ынталандыруды қалыптастыратын, әкімшлік шығындары төмен, халықты
қамту деңгейі неғұрлым жоғары жүйе құруды көздеу керек.
Жаңа жүйе адам өмірде тап болуы мүмкін негізі қатерлерде халықты
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған ынтымақты және
дербестендірілген жүйелердің, міндетті және ерікті сақтандырудан
элементтері қамтитын аралас жүйе құру қажет.
Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері
экономикалық өсуді қолдау элементтерін қамтуы, қатерлі жағдайлар туындаған
кезде барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әділ болуы; тиімді жұмыс істеуі
және халықты неғұрлым толық қамтуы тиіс.
Әлеуметтік салаға реттейтін заңнама ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz