Бәсеке - негізгі нарықтың элементі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кiрiспе 3
1. Бәсеке – нарықтың негізгі элементі 5
2. Нарықтық бәсекенің әртүрлi құрылымдарының салыстырмалы сипаттамасы 7
3 Монополиялық бәсеке 24
4 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері 25
5. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау
26
6. Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер 32

Кiрiспе

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға өту жолында көптеген
қиындықтар мен кедергiлерге тап болуда. Оның объективтiк және субъективтiк
себептерi бар. Солардан туындап отырған қазiргi дағдарыс кезеңiнен тез
шығудағы маңызды шарттардың бiрi — экономикалық бiлiм берудi осы замандық
деңгейге көтерiп, жоғарғы бiлiктi кадрлар даярлау. Менiң ойымша, ол үшiн
дамыған Батыс елдерiнiң тәжiрибелерi мен экономикалық ой-пiкiрлерiн оқып-
үйрену қажеттiлiгi даусыз.
Нарық механизмiнде жеке-дара адам ұйымдар “ненi”, “қалай”, және “кiм
үшiн” деген үш экономикалық проблеманы шешу үшiн өндiрушiлер мен
тұтынушылар рынокта өз еркiмен кездесiп, баға мен өндiрiстiң көлемiн
анықтайды.
Бұл фактiнi бағалау үшiн нарықтық экономиканы қалыптасқан мысал
ретiнде алайық. Шеттен тауарлар тұрақты түрде әкелiнбесе, бұл қала аштыққа
ұшырар едi, бiрақта жан-жақтан, тiптi шет, шалғай елдерден тауарлар
тоқтаусыз әкелiнедi. Сөйтiп, қала тұрғындары өмiр сүруге қажеттi шаруашылық
процестерiнiң тоқтамайтынына кәмiл сенедi.
Тәуелсіздiкке қол жетуi Қазақстанның көптеген дамыған және дамушы
мемлекеттермен экономикалық байланыстарын жолға қоюға,бұрынғы
әрiптестерiмен қарым-қатынастарды қайта құруға, дүние жүзiлiк рынокқа кiру
жолымен iлгерi басуға мүмкiндiк бередi. Сыртқы экономикалық қызметтi
ырықтандыру мемлекеттiң бұл саладағы монополиясын жойды, кәсiпорындардың,
фирмалардың және жеке тұлғалардың шетелдiк әрiптестерiмен емiн-еркiн
байланыстар орнатуына мүмкiндiк бередi, қызмет саласында бәсекелiк негiздер
қалады. Қазiргi кезде республикада бiрлескен кәсiпорындар саны күрт
көбеюде, дүние жүзiндегi аса iрi компаниялардың өкiлдерi ашылуда, табиғи
ресурстарды бiрлесе пайдалану, шикiзат пен материалдарды өңдеу жобалары
жүзеге асырылуда, аграрлық салада прогрестi технологиялар енгiзуде және
тағы басқа. Менiң ойымша бәсекелестiк нарыққа қажеттi. Ендi осынған
тоқталайық. Бәсеке сөзi қақтығысу, жарыс деген сөздi бiлдiретiн латынның
concurrentia деген сөзiнен шыққан. Экономикалық тiлмен айтқанда,
бәсеке - бұл олжалы мәміле үшiн, барынша көп тиiм алу үшiн нарықтық
қатынастарға қатысушылар арасындағы күрес.

1. Бәсеке – нарықтың негізгі элементі

Бәсекелестiк бар нарықта, пайдасын көбейту үшiн өндiрушiлер өзiнiң
өндiрiс ығындарын мүмкiндiгiнше төмендетуге тырысады. Осының нәтижесiнде
өнiмдiлiк артып, шығындар кемiп, компания өзiнiң бөлшек саудадағы бағасын
түсiруге мүмкiндiк туады. Сонымен бәсекелестiктiң арқасында өндiрiстiң
тиiмдiлiгi артып, баға төмендейдi. Бәсекелестiк, сонымен бiрге,
өндiрушiлердi тауардың сапасын жақсартып, ұсынылатын тауар мен қызмет
көрсету түрлерiн тұрақты көбейтiп отыруға итермелейдi.
Бәсекенiң түрлерiне тоқталатын болсақ, бәсеке екiге бөлiнедi:
■ жетiлген бәсеке, яғни таза бәсеке;
■ жетiлмеген бәсеке.
Жетiлген бәсеке дегенiмiз – фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды.
Сатылатын тауарға баға деңгейiн рынок белгiлейдi. Осы жағдайда фирма өз
пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары
барынша аз болатын өндiрiс көлемiн iздеу арқылы көбейте алады.
Қарастырылып отырған бәсеке көңiл бөлуiмiздiң екi себебi бар:
бiрiншiден, белгiлi жағдайларда жетiлген бәсеке ресурстарды бөлуде
тиiмдiлiкке жеткiзедi, қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн қоғамның шектелген
ресурстарын сүлiктей сорады. Екiншiден, бәсекелi экономика талдауға
оңтайлы, демек түсiнуге оңай. Бiрақ нақты дүниеде “жетiлмеген” бәсеке
басым, яғни ол жетiлдiрiлген бәсеке де емес, жетелдiрiлмеген монополистiк
те емес. Мұндай бәсеке тек қана бiрнеше фирманың ағымдағы баға ерекше
тауарларды ұсынулары кезiнде болады. Сала бойынша шоғырлануды қалай
өлшейдi? Бұл үшiн “төрт iрi фирманың үлесi” көрсеткiшiн қолданады. Ол жалпы
сала өндiрiс көлемiнде сол төрт iрi фирманың үлесiне тиетiн процентін
есептейдi. 1987 жылы өңдеушi өнеркәсiпте жалпы өндiрiс көлемiнiң 15-i
жоғары шоғырланған салада өндiрiлдi, ал мұндағы төрт iрi фирманың үлесi 60
процентке тең.
Бәсекедегi iркiлiс, бөгелiс заңдар мен психологиялық факторлардың
әрекетiнен болады да, бәсекелестердiң санын, күшiн азайтады немесе бәсеке
күшi табиғи деңгейден төмен жағдайда кездеседi.
Бәсекенiң ең елеулi кедергiлерiне, бөгелiстерiне заңға байланысты
шектеулер мен өнiмдердi саралау жатады. Бiрiншiсiне патенттер, яғни
саладағы жаңа фирмалар мен сыртқы сауданы тежейтiн заңдар енедi. Патенттер
өнер тапқыштарға жаңа тауар шығыруға, енгiзуге немесе процесске ерекше,
яғни монопольдiк құқық бередi, сөйтiп мемлекет өнер тапқыш қызметi
ынталандырады, әсiресе, iрi көлемдегi жаңалық жақтарына көңiл бөледi.
Салада жаңа фирмалардың құрылуын суды, электр энергиясын, табиғи газдарды,
телефон байланысын пайдалануға артықшылық беру арқылы да шектейдi. Сыртқы
сауданы шектеу үкiметтiң шетел фирмалары өнiмдерiне жоғары кеден тарифын
немесе квота енгiзуiне негiзделген.
Әрбiр тауарлардың өзiнiң орнын босатып, бәсекелестi тауар – субститут
болатынын куәландырады. Нақтылап айтқанда, фирманың белгiлi тауарлары сол
саланың басқа тауарларынан сараланып бөлектелген, себебi тең баға
жағдайында тұтынушылар басқалардан оларды артық бағалайды немесе керiсiнше,
елемеуi мүмкiн. Айталық, пепси-кола мен кока-кола бiрдей бағамен сатылуы
мүмкiн, бiрақ тұтынушылардың белгiлi тобы бұл сусындардын бiрiне ғана көңiл
бөледi.

2. Нарықтық бәсекенің әртүрлi құрылымдарының салыстырмалы сипаттамасы

Жетiлмеген бәсекелестiк жағдайында монополистың бағаға белгiлi бiр
билiгi бар. Баға деңгейiне бақылаудың көлемi жетiлмеген бәсекенiң
фирмаларына байланысты әр түрлi. Бастысы монополист сапалы түрде пайда ең
жоғары болатын баға деңгейiн iздейдi және соны белгiлейдi. Яғни монополист
өзi өзгерте алмайды.
Жетiлмеген бәсекенiң үш үлгiсiн ерекше атап көрсеткен. Олар –
монополия, олигополия, өнiмдердi дифференциялау.
Монополя - өзiнiң саласындағы бiрден-бiр өндiрушi және сол маңайда ондай
тауар субституттарды өндiретi басқа салалар жоқ.
Монополия сөзi екi грек сөзiнен шыққан —“монос”— бiр және
“полео”— сатамын. Нарықтық қатынастарға қатысушылардың қайсыбiрi толығымен
нарықты өзiне бағындырады (монополияндырады).
Олигополия — екi түрге бөлiнедi: бiрiншi түрдегi олигополия —
кiлең бiр тектi өнiмдерi бар базаның салалары және олардың кәсiпорындарының
көлемi де үлкен. Екiншi түрдегi олигополия — сараланған (ұқсас емес)
тауарларды сататын бiрнеше сатушы болғандағы жағдай.
Сараланған (дифференциаланған) өнiмдер бар кезде сатып
алушылар тауарлардың белгiлi түрiн артық көредi: дүкеннiң үйге жақын болуы
яғни, жұмыс орнының, тауардың сорты, сауда маркiсi немесе сыртқы
безендiрулерi, сатушылардың сүйкiмдiлiгi де мәндi рөл атқарады. Егер ұнаған
тауардың бағасы тауар — субституттың бағасынан жоғары болса, сатып алушы
екеуiнiң бiреуiн алады.
Өнеркәсiптi ұйымдастырудың оңды жақтары – монополия мен
жетiлген бәсеке. Мұнда көптеген фирмалар бiр тектес тауарлар өндiредi және
олардың бiрде-бiрi нарықтық бағаны белгiлемейдi.
Екi полюстың арасында жетiлмеген бәсекенiң аралық түрлерi
жатыр: бiрнеше фирмалардың басымдылығы айқын олигополиямен монополистiк
бәсеке. Мұндай жағдайда аздаған айырмашылығы бар тауарлар өндiретiн
фирмалар саны көп болады. Басымдылық жағдайда үш немесе төрт фирмалар
болады. әдетте мұндай салаларда өндiрiстiң тиiмдiлiк көлемi жалпы нарықтық
сұраныспен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Олигополиялық салаларда өнiмнiң
жалпы көлемiнiң 20, 30 немесе 40 пайызын өндiретiн фирмалар ғана ең тиiмдi.
Өйткенi тараулардағы көрсетiлген бәсекенiң кедергiлерi олигополистiк
құрылымдардың паида болуына әкелiп соғады.
Одан әрi талдаудың бел ортасында олигополия мiнездiк үш
басты типi тұрады: құпия олигополия, басым олигополия және монополистiк
бәсеке. Бiрiншi жағдайда олигополистер түгелдей келiсiп жұмыс iстейдi
немесе өзара тәуелдiлiктi жақсы түседi, нарықтық баға және өткiзiлетiн
өнiмнiң саны жалғыз ғана монополистiк жағдайға сәйкес келедi.
Саладағы өткiзу көлемiнiң 60-70 процентiн iрi компаниялары
бар рынокта бiрнеше стратегиялық мүмкiндiктер қалыптасады. Мұнда рыноктың
бiр бөлiгiн бәсекелестерге беру керек, содан кейiн өзiңдi нарықтық 60-80
процентiн бақылайтын фирма — монополист ретiнде ұстауға болады. Мұндай
нарық олигополияның басымдылығы деп аталады.
Монополистiк бәсеке ұқсас емес, бiрақ бiр-бiрiмен байланыстысы
тауарларды сататын көп сатушылар бар жерден көрiнедi. Бұл құрылымды алғаш
рет Э.Чемберлин талдады. Жетiлген бәсеке жағдайындағы сияқты, мұнда
көптеген сатушылар мен сатып алушылар, фирманың салаға кiруi мен шығуы
еркiн болады және әрбiр фирма басқаларының бағаларына тiкелей әсер етпейдi.
Монополистiк бәсекеде айырмашылық тауарларды дифференциалау орын алады, ол
сатушыларды төмендеген сұраныс жағдайына әкеледi. Дифференциалдаудың
қарсыластары тауардың түрлiлiгiн, стандарттаудың қажеттiлiгiн айтады.
Дифференцалдауды жақтаушылар көп түрлiлiктi қалап, тауарлардың ұқсастығына
қарсы тұрады.
Монополиялық бәсеке жағдайында әжептәуiр көлiмдегi бәсекенiң
монополиялық қысымының қосымның кiшкене қосымшасымен симбиозы жүредi.
Осыдан барып монополиялық бәсекенiң қайсы бiр ретте таза күйдегi бәсеке мен
монополияның ”қорытпасынан” туған ерекше белгiлерi бар. Оларды
қарастырайық:
Нарықта әрекет ететiн кәсiпорындардың саны көп, бiрақ та ол таза
бәсеке жағдайларында нарықтың қатынастарға қатысушы фирмалардың санынан
бiршама аз. Көбiнесе, бұл 20-70 фирмалар. Фирмалардың саны монополиялық
бәсекенiң негiзгi белгiлерiн қалыптастыруда анықтағыш болып табылады.
Монополиялық бәсекенiң белгiлерi:
■ жалпы нарық көлемiндегi әрқайсысының үлесi шамалы ғана
болатындай, фирмалар едәуiр көп, осыған орай әрбiр фирманың бағаға
бақылауы да шамалы;
■ өндiрiс көлемдерiн шектеу мен бағаларды реттеу жөнiнде фирмалардың
жасырын келiсiм жасауы мүмкiн емес дерлiк;
■ Көбiнесе фирма өзiнiң қаржы-экономика саясатын, бәсекелестердiң
жаубын ескерместен құрады, себебi бәсекелес фирмалар әжептәуiр көп.

1. Нарықта фирмалар шығаратын өнiмнiң дифференциациясы келесi нысандардан
көрiнедi:
■ сапасы бойынша қызмет көрсету параметрлерi мен ерекшелiктерi,
материалдар, жекелеген детальдар, жасалу дизайны, жалпы жұмыс
және кейбiр бөлiктер мен түйiндердiң жасалу сапасы бойынша,
берiктiк пен мәңгiлiк дәрежесi, жұмыстың сенiмдiлiгi бойынша
ерекшелiктер;
■ сату жағдайлары мен сол кезде көрсететiн қызметтер бойынша
ерекшелiктер: қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығы, бағдарламалы
сервис;
■ өнiмнiң орналасуы мен олардың сатып алушыларға қол жетерлiк
дәрежесi бойынша ерекшелiктер: бұл дүкеннiң немесе сауда
орталығының орналасу орны бойынша, мысалы, тәулiк бойы, үзiлiс
кезiнiң, демалыс күнiнiң болуы немесе, болмауы ерекшелiктерi;
■ соны орауышты қолдану белгiлi сауда белгiлерi мен маркаларын
пайдалану, жарнаманың көмегiмен өткiзудi ынталандырудың
көмегiмен жасалған тауардың алдамшы ерекшелiктерi.

2. Бағаны бақылау дәрежесi монополиялық бәсекеге қатысушы фирмалардың
бiршама көп санымен шектелген.
3. Монополиялық бәсекелi салаға ену, көбiнесе өте жеңiл жүзеге асады.
Бiрашама iрi капиталда қажеттiлiк жоқ. Алайда қаржы шығындары таза
бәсекеге қарағанда көбiрек, себебi өнiмнiң өзiндiк түрiн жасап
шығаруға ақша жұмсауы қажет.
4. Бағалық және бағасыз бәсеке бiр-бiрiне iлесiп жүредi. Бағасыз бәсекеде
өзiнiң сауда белгiсiн, маркасын, таңбасын iздеу жарнамалау ерекше орын
алады.
5. Монополистiк бәсекенiң белгiлерi ең таза түрде бөлшек саудада, жеңiл
өнеркәсiпте байқалады.
Егер қандайда бiр өнiмнiң барлық өндiрiсi бiрнеше кәсiпорындарда
шоғырланса, онда төртiншi нарық үлесi олигополия – туралы айтуға болады.
Оған келесi белгiлер тән:
1) фирмалар саны екi қиыр шет: таза монополия мен монополиялық бәсеке
арасында қобалжып турады, демек, фирмалардың саны екi мен жиырманың
арасында өзгерiп отырады.
2) олигополиялар шығыратын өнiмдер стандартты және дифференциалды болуы
мүмкiн. Көбiнесе, өнеркәсiптiк сұраныс тауарлары (шикiзат, өнеркәсiп
үшiн материалдар, машиналар, қондырғылар) стандартталған, ал тұтыну
тауарлары дифференциалданған.
3) бағаны бағылау деңгейi жоғары. Бақылау әр алуан түрлерде жүзеге
асырылады:
• сұраныстың сынық қисығы. Олигополиялық фирмалар бiр-бiрiмен
бәсекелес, олардың iшiнде баға жөнiнде келiсiм жоқ. Нәтиже
олигополиялық нарыққа қатысушылардың бiрi бағаны өзгерткен кездегi
бәсекелес фирмалардың мiнез-құлықтарымен анықталады.
Айталық, нарықта үш фирма әрекет ететiн болсын. Графиктерде (1-сурет)
олардың бiрiнiң баға жағдайы бейнеленген. Қазiргi кезде фирма өнiмнiң
бағасы ОР деңгейiнде қалыптасқан болсын. Осы фирманың өнiмiне сұраныс
қисығы қандай түрде болады? Бұл бiрiншi фирманың iстеген баға өзгерiсiне
баға олигополистердiң жауабына байланысты болады.
Бұл жағдайда, көбiнесе екi жауап болуы мүмкiн:
• iлесу – олигополистер бiрiншi фирманың кез келген баға өзгерiсiне
iлеседi, оның баға әрекетiн қайталайды.
• Елемеу – егер олигополистер бiрiншi фирманың баға өзгерiсiне ешқандай
жауап қайтармаса.

Р
Р
Д2 Д2 бәсекелесулер
Р Д1 бәсеклестер iлесуде
Д1 ескермеуде
Д2 Д1

О Q О
Q

1-cурет. Олигополия сұраныстың қисық сызығы.

Iлесу жауабын таңдаған кезде (Д1Д1) бiрiншi фирманың бағаны кез келген
төмендетуi оны сатудың шамалы ғана өсуiне әкеледi, өйткенi екi бәсекелес
те оның соңынан ередi және оған бағадан қандайда да болсын басымдылық алуға
жол бермейдi.
Осыған ұқсас пайымдауларды бiрiншi фирма бағаны арттырған жағдайда да
келтiруге болады: басқа фирмалар да оның соңынан бағаны арттыратын
болғандықтан, бiрiншi фирма нарықтан ысырылып шығарылмайды және сатудағы өз
үлесiнен айырылмайды.
Елемеу жауабы жағдайында (Д2Д2) егер бiрiншi фирма бағаны
төмендетсе, онда ол басқа екi бәсекелестiң есебiнен (олар бағаның
төмендеуiне жауап қайтармайтындықтан) сатудың әжептәуiр өсуiне қол
жеткiзедi.
Егер де бiрiншi фирма бағаны жоғарылатса, онда ол нарықтан ысырылып
шығырылады (ол бәсекелестердiң бағасынан жоғары бағамен сататын болады,
демек, сату кезiнде олардың пайдасына қарай айырылады).
Елемеу жауабы кезiнде сұраныс iлесу жауабына қарағанда бiршама икемдi
екендiгiн байқау қиын емес (Д1Д1 және Д2Д2 қисығының иiлуiн салыстырғанда).

Қандай жауап басым болады?
Егер олигополистердiң арасында құпия келiсiм болмаса, онда бағаны
төмендеткен жағдайда бәсекелестер оны iстеген фирманың мысалына iлесетiн
(сонымен, оған өз есебiнен сату көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бермей), ал
бағаны жоғарылатқан кезде оны елемейтiндiгiн (соның есебiнен сату көлемiн
ұлғайта отырып, бәсекелестi нарықта ысыру) ұйғару қисынды. Сөйтiп,
олигополистiң сұраныс қисығы Р нүктесiнде “сынды”.
■ Құпия келiсiм, не болмаса олигополиялық фирмалар арасындағы бағаны
бекiту, нарықта бөлу немесе үлестiру жөнiндегi келiсiм. Құпия
келiсiмдердiң бiр түрi – картель—баға мен өндiрiс көлемi жөнiндегi
жазбаша келiсiмдер үшiн кедергiлер де бар;
• Келiскiсi келетiн фирмалардың шығындары мен сұранысындағы едәуiр
ерекшелiктер;
• Фирмалардың саны көп кезiнде келiсу қиын;
• Алаяқтық, яғни құпия, келiсiмде ескертiлмеген бағаның
төмендетiлуi, жасалуы мүмкiн;
• Iскерлiк белсендiлiктiң деңгейi (құлдырау, көбiнесе, жасалған
келiсiмдердiң бұзылуына әкеледi);
• Құпия келiсiм олигополиялық құрылымға жаңа фирманың енуi кезiнде
өзгеруi немесе бұзылуы мүмкiн мұны болдырмау үшiн қоршау
қолданылады;
• Құқықтық кедергiлер (АҚШ-тағы трестке қарсы заңдылықтар,
Қазақстандағы монополияға қарсы заңдылықтар).
■ Бағадағы азаттық – бұл тура құпия келiсiмсiз “Фирмалар қатарласыңдар”
принципi бойынша бағалық мiнез-құлықтың үйлесiмi. Қатысушылардың iшiнен
баға белгiлеу сұрақтары жөнiндегi озат фирма ерекшеленедi. Бұл фирма
бiрiншi болып бағаны өзгертедi, қалғандары оның соңынан ередi. Көбiнесе
озат фирмалар өзiнiң iшкi баға белгiлеуiнде “шығындар қосу” принципiн
қолданады, оған сәйкес есеп бойынша шығындар саласына, салықтарды
төлеген соң фирма алуды жоспарлайтын, шамамен алынған пайданы ескеруде
мүмкiншiлiк беретiн үстеме қосылады.
■ Олигополиялық салаға ену кедергiлердiң тұтас кешенiмен шектелген.
Олар:
• масштаб тиiмi, оған сәйкес өнiм бiрлiгiне төмен шығындар болуы
үшiн iрi өндiрушi болуы қажет. Сөйтiп, салаға ену қажет
капиталдың төменгi деңгеймен шектеледi;
• патенттердi иелену өзге фирмалардың енуiн шектейдi;
• стратегиялық шикiзатты бақылау;
• жарнама шығыстары;
• өзге фирмалардың қатысуына мүмкiндiк бермейтiн нарық билiгiнiң
күшеюi мен нарық үлесiнiң артуы мақсатындағы бiрiгу тиiмi.
■ Баға саясатын қалыптастырған кезде бәсекелестердiң жауабы да
ескерiледi, яғни баға белгiлеу өрiсiнде келiсiлген әрекет
жүргiзiледi. Алайда бағалық келiсiмдер, көбiнесе, олигополистерлiң
едәуiр қаржылық мүмкiншiлiктерiмен сүйемелденетiн бағасыз бәсекемен
үйлеседi.
■ Олигополия машина жасау, электр техникасы, электр өндiрiсi саласын,
маңызды металдар өндiрiсiн қамтиды.

Монополия бәсекенiң мұратын бұзғаны үшiн айыпталса, бәсеке ертеден-ақ
экономикалық мәселердi оңтайлы шешуге әкелетiн күш ретiнде қарастырылады.
Алайда, таза (жетiлген) бәсеке сияқты нарық құрылымы нақты өмiрде ешқашан
болған емес, жоқ әрi болмайды да. Бұл — нарық қатынастар әрекет етуiнiң
мұратты үлгiсi, нарықтың басқа құрылымдарының әрекет етуiн бағалау белгiсi.
“Көрiнбейтiн қол”, яғни бәсеке жағдайларында қалыптасатын нарықтық
бағалар, әсерiмен өндiрiс барынша аз орташа шығындарымен жүзеге асырылады.
Демек, өндiрушi ресурстарды тиiмдi пайдаланады. Өндiрiс көлемi қаншалықты
көп болса, ол соншалықты көп табыс алады. Осыған орай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері
Нарықтың инфрақұрылымы мәні және негізгі элементтері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы мәлімет
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Нарық оның механизмі мен қызметі
Нарық: түсінігі, қатынастары, құрылымы
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы
Нарық қатынастарының даму кезеңдері
Пәндер