БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ТОПТАСТЫРУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
І. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. 5
1. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ТОПТАСТЫРУ. 5
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 9
І І. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАЛАПТАРЫ
12
1. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ 12
ҚОРЫТЫНДЫ 26
БИБЛИОГРАФИЯ 29
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық экономикаға көшуінен, шаруашылық
субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу
арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін
бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар
арасындағы мұндай қызметтестік - әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-
бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын
болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді
өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді
интернационализациялау - әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен
қызметтерінің түрлі ұйымдық - құқықтық нысанын пайдалануға әкелді. Бұл таза
шарттық нысан немесе заңды тұлға құруға әкелетін ұйымдық-құқықтық нысан
болуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпкерліктің түрлі нысанына байланысты, мемлекет бір
фирманың екіншісіне қосылуын не толық енуін пайдаланады. Ал бірлескен
кәсіпкерлік қызметтің субьектілері басқа қатынаста өздерінің әрекет
бостандығын сақтайды.
Көптеген ірі шаруашылық субьектілерінің қызметтерінің маңызды құрамдас
бөлігі болып халықаралық инвестиция табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың негізгі тенденциясы есебімен
сыртқы экономикалық айналымға қатысуда белсенділік танытуда. Сондықтанда,
шетел инвестициясын тарту экономикалық саясатымыздың басымды бағыттарының
бірі болып табылады. Бірақ, еліміздің экономикасы ұзақ уақыт әлемдік
шаруашылықтан бөлініп қалуынан және осы аймақта жеткілікті тәжірибесінің
болмауынан қызметтестіктің ерекше нысаны-шетел инвесторы қатысатын
бірлескен кәсіпорын құруды қажет етті.
Мұндай қызметтестік нысаны болып бірлескен кәсіпорын табылды (БК). Айта
кету керек, халықаралық тәжірибеде қабылданған “goіnt venture” түсінігі ТМД
елдеріндегі “бірлескен кәсіпорын” түсінігінен ерекшеленеді. Егер “goіnt
venture” деген ұғым қатысушылардың қандай да бір мемлекетке қатыстылығына
тәуелсіз бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданса, ал “бірлескен кәсіпорын”
ұғымы бұған қарағанда тар, яғни қатысушылары әртүрлі мемлекеттен болатын
бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданады. Осылайша, Қазақстан
Республикасындағы “бірлескен кәсіпорын” халықаралық тәжірибеде қабылданған
шетел капиталы қатысатын кәсіпорын ұғымымен өте ұқсас.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бірлескен кәсіпорынның қызметін
құқықтық реттеу ұлттық және ұлтаралық деңгейде жүзеге асуда. Республикамыз
көптеген халықаралық екі және көп жақты шарттарға, келісімдерге,
конвенцияларға қол қойып, бірнеше әмбебап конвенцияларға қосылды. Ал ұлттық
деңгейде, экономикаға шетел инвестициясын тартуға бағытталған заңнама
базасы жасалды.
Осы жұмыс Қазақстандағы бірлескен кәсіпорынның дамуының, қызметін
ұйымдастырудағы негізгі талаптарының ерекшеліктерін қарауға, сонымен қоса
қызметтерін реттеу аймағындағы әрекет етуші құқықтық базасына анализ
жасауға бағытталған.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Біріншісі, “бірлескен кәсіпорынның” ұғымына
жалпы сипаттама және оның еліміздегі және әлемдегі даму тарихы жөнінде
айтылған.
Екінші тарау бірлескен кәсіпорынды құруға, басқаруға және оның
қызметіне қажетті негізгі талаптарға арналған.
Ал үшінші тарау бірлескен кәсіпорынның Қазақстан Республикасының
аумағында, Қазақстан Республикасының заңнамасымен құрылуы мен оның қызметін
құқықтық реттеу анализіне арналады.
Бұл жұмысымда М. Богуславскийдің, Л. Лунцтің, Н. Вознесенскаяның, Н.
Шебанованың, С. Сағындықованың, Қ. Мауленовтың, М. Сарсенбаевтың т.б.
еңбектерін және көптеген заң актілерін пайдаландым.
І. Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы
1. Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оны топтастыру
Батыс әдебиетінде “бірлескен кәсіпорын” ұғымы - Ұлыбританияда XVІ -
XVІІ ғасырларда теңіз саудасымен айналысқан Merchant Ventures немесе
Gentlemen Adventures бірлестігін анықтау үшін пайда болған. Бірігіп тауар
сатып алып, оларды тәуекел мен шығынды есептей отырып, қайта сату
Adventures түріндегі бірлестікке әкелді. Осындай шарттасудың сәйкесті
нысаны салдарынан “goіnt stock” туындай отырып, ол жауапкершілігі шектеулі
заңды тұлғаның, яғни іncorpated goіnt stock companіes-тің туындауының алғы
шарттарын ұсынды.
Бірақ, “goіnt venture” ұғымы туралы шетел мемлекетінің заңнамаларында
және сот тәжірибесінде, экономистер мен заңгерлердің еңбектерінде ешқандай
ортақ түсінік берілмеді. Бұл ұғымды түсіндіргенде, үш сипаттамалық жағдайда
қарастырамыз:
1) goіnt venture - кәсіпорындардың көп не аз тұрақты негіздегі өзара
пайдалы қызыметтестігі.
2) жалпы үлестегі мұндай қызметтестікке қатысушылардың мүддесі
шаруашылық байланысты сақтауға деген қарапайым ықыласына ұласады, яғни
goіnt venture - бұл, тұрақты шаруашылық байланыстанда үлкен құбылыс.
3) goіnt venture - осындай қызметтестікті құқықтық рәсімдеу үшін
белгілі бір заңи құралдарды пайдалануды болжайды.
Алғашқыда “goіnt venture” ұғымы әртүрлі ұлттарға қатысты
кәсіпорындардың бірлескен іскерлік бастамасын белгілеу үшін пайдаланды,
бірақ біртіндеп бір ұлттың кәсіпорындарының бірлескен қызметіне қолданды.
Қазіргі кезде дамыған елдердің сыртқы және ішкі бірлескен қызметінде
бірдей құқықтық нысан пайдаланылады.
Ал “бірлескен кәсіпорынның” тар мағынасына келсек, мұнда да тұтас ұғым
жоқ. Мысалы: “аралас қоғам”, “аралас компания”, “аралас фирма”, “бірлескен
кәсіпкерлік”, “бірлескен иеліктегі кәсіпорын” т.б.[1]
Англо-американ құқық жүйесінде “серіктестік“ (partnershіp) ұғымы
қолданса, Германияда бірлескен кәсіпорынды жиі “кәсіпкерлер одағы” немесе
“ашық сауда серіктестігі“ деп атайды. Ал Сауд Арабиясында және Кувейтте
бірлескен кәсіпорынды “lіmіted partnershіp” – “шектелген серіктестік“ деп
атайды.
Кеңес әдебиетінде және өзге де социалистік елдерде “бірлескен“ не
“аралас“ кәсіпорын түсінігі қолданды.
Шетел авторларының пікірлері бойынша бірлескен кәсіпорын (әрі қарай БК)
қандай мақсатпен, кіммен, қайда және қанша үлеспен құрылуына тәуелді бір-
бірінен өзгеше болады. Оларды сипаттамалық белгілері арқылы төмендегіше
топтастыруға болады:
1. БК-ның орналасу мекен-жайына байланысты, яғни қатысушылары әртүрлі
мемлекет өкілдерінен құралғандықтан, келесі негізде:
- Өнеркәсібі дамыған елдер - өнеркәсібі дамыған елдер;
- Өнеркәсібі дамыған елдер - дамушы елдер.
Ал Кеңес үкіметі кезінде төмендегіше топтастырылды:
- Социалистік және өндірісі дамыған капиталистік елдер;
- Социалистік және дамушы елдер.
2. Серіктестік құрылымына байланысты:
- Тек жеке капиталдың қатысумен;
(дамыған елдерге тән).
- Жеке фирмалардың және мемлекеттік кәсіпорындардың не ұйымдардың
қатысуымен;
(дамушы елдерге, кезінде социалистік елдерге тән болды).
- Ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен;
(барлық елдерге тән).
3. БК-ға қатысушы серіктестердің қосқан капитал үлесіне байланысты :
- Енгізетін капитал үлесі бірдей серіктестердің тең қатысуымен;
- Шетел капиталының көп үлеспен қатысуы. Бұл нысанда шетел серіктесі
БК–ның қызметіне жоғары дәрежелі бақылауды қамтамасыз етуге ұмтылады, ал
жергілікті серіктес кәсіпорында өз үлесін көбейту үшін қажетті қаржы
құралдарын иеленбейді.
- Шетел серіктесінің қатысу үлесі аз не төмен дәрежеде. Бұл нысанда БК
ұлттық кәсіпорынға ұқсас, ереже бойынша мемлекет ұсынған әртүрлі
жеңілдіктерді пайдаланады.
4. Қызмет түріне, яғни серіктестердің алдына қойған мақсаттарына
сайкес:
- Ғылыми нәтижелер мен тәжірибе біріктіру, жаңа өнім, ноу- хау, құрал
–жабдықтар дайындау үшін жобалар әзірлеу мақсатында құрылған ғылыми
сипаттағы БК;
- Өндіріс үрдісінде және өнімді өткізу кезіндегі шығынды төмендету
мақсатында шетел инвесторы құрған өнеркәсіптік сипаттағы БК;
- Шетел серіктесінің кәсіпорнына толықтай өнімді өндіру үшін
қажетті арзан шикізатты және жартылай фабрикатты жергілікті
нарықтан сатып алу мақсатында құрылған сатып алушы БК;
- БК орналасқан елде және үшінші елде өнімдерін өткізуді жүзеге
асыратын, жаңа нарықты игеру мақсатында құрылған - өткізуші БК;
- Әртүрлі қызмет түрлерін байланыстыратын кешенді БК;
БК құру ережеге сай мына мақсаттардан тұрады:
- Әлемдік жүйеде капиталалмасуын және еңбек бөлінісін толық тарту
есебінен экономиканың тиімділігін арттыру;
- Озат ғылыми - техникалық жетістіктермен басқару тәжірибелерін
жұмылдыру;
- Ғылыми - техникалық жетістіктердің тәжірибелік игерілуін тездету;
- Қосымша материалдық және қаржылық ресурстарды тарту;
- Тиімсіз импортты қысқарту.
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасында Қазан төңкерісіне дейін шетел қатысатын
кәсіпорындар қызмет етті. Олар, әсіресе, қазба өнеркәсібінде болды.
Мысалы: ағылшын-француз Спаск-Успен мыс рудасын өндіретін акционерлік
қоғамы, Ембі мұнай кенімен айналысқан Батыс Орал мұнай қоғамы.
Осыдан кейін, БК Қазақстанда қайта құру кезінде пайда болды. Бұл
кезеңде БК-ның құрылтайшылары кооперативтер бола отырып, оларды шетел
инвестициясы қатысатын кәсіпорынға енгізу экстенсивті түрде өсті. 1989 жылы
шетел қатысатын кәсіпорынның 8-і тіркелсе, 1990 жылы олардың саны 15-ке
жетті.[2]
БК-ды құруға арналған үшін нақты құқықтық баспа 1990 жылы 7 желтоқсанда
қабылданған “Шетел инвестициясы туралы” Қазақ КСРО-ның заңы болды. Осы
заңға тіркелген қосымшада өндірістік өнімдер мен қызмет көрсетулердің
тізімі көрсетілді де, оларды жүзеге асырушы шетел инвестициясын
пайдаланатын кәсіпорындар арнаулы жеңілдіктер алды.
БК құрлымын коммерциялық және делдалдық кәсіпорындар иеленгендіктен,
олар төлем тапшылығының балансына мәнді салым енгізбеді және ішкі нарықты
өндірістік тауарлармен толтыруға аса ықпал көрсетпеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін БК саны едәуір өсті.
1992 жылы шетел инвестициясы қатысатын БК-ның жарғылық қорының құны
және жобалауда капиталды шоғырландыру бойынша бірінші орынды Шығыс
Қазақстан облысы алды. Мұнда Жапон, Ақш, Австрия, Қытай және т. б. елдер өз
капиталдарын енгізуге ұмтылды. Олардың қатысуымен он екі БК құрылып, БК-ды
қызметке қосатын жарғылық қордың жалпы валюталық бөлігі 182,8 млн долларды
құрады. Шетел инвесторы үшін, бұл облыс бай шикізат базасымен қызығушылық
тудырды.
Қалалар арасында тіркелген БК-дар саны бойынша бірінші орынды Алматы
қаласы алды. Алматыдағы БК-ның қызметі халық тұтынатын тауарларды өндіру,
азық-түлік өнімдерін өндіру, алдыңғы қатарлы технология енгізу, түсті
металл және алтын кенін толықтыратын техниканы енгізу, құрылыс, телерадио
аппараттарын өндіру, ауыз суды тазалау бағытында болды.
1993 жылдың басында БК-дардың арасында өнімді импорттайтын кәсіпорын
көбейсе, экспорт операциясын жүзеге асыратын кәсіпорындар азайды. Біріншісі
елу екіге дейін өссе, екіншісі он алтыға дейін кеміді.
1996 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 2624 БК тіркеліп(1995 жылы 1
қаңтарда-2025 БК), оның 656 қызмет атқарды, тіркелгендердің 75% немесе 1968
БК ешбір өндіріске салымдарын салмады және ешқандай қызмет көрсетуді жүзеге
асырмады.
Қазіргі кезде БК-дар Қазақстанның барлық облысында қызмет етуде. Оның
ішінде 368-і(56%)- Алматы қаласында, 39-ы(6%)- Қарағанды облысында, 32-
сі(4,8%) - Атырау облысында, 24-і(3,6%) - Алматы облысында, 26-сы(4%) -
Оңтүстік Қазақстанда, 24-і(3,6%) -Павлодарда, 18-і(2,7%) -
ШығысҚазақстанда, 17-сі (2,6%) - Ақмола облысында, 14-сі (2,1%) - Семей
облысында, 11-і (1,7%) - Талдықорған облысында, 10-ы (1,5%) - Жамбыл
облысында орналасқан.[3]
Ал БК-ның аз шоғырланған жерлері - Қызылорда, Маңғыстау, Торғай,
Жезқазған облыстары.[4]
Қазіргі кезде ҚР-да БК-ның қызметіне серіктес елдер ретінде әлемнің 90-
ға жуық елдері қатысуда. Қызмет етуші БК-ның көпшілігі Еуропа және Азия
мемлекеттерінің фирмаларымен құрылған. Сонымен қатар, 70-тей БК өз қызметін
американдық фирмалармен жүзеге асыруда. Аса белсенді қызметтестікті БК
бағытында Түркия, Қытай, Ресей, Германия, Оңтүстік Корея, Италия, Пакистан,
АҚШ орнатуда.[5] Бұл елдермен Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық
туралы шарт жасап қана қоймай, капитал енгізуді өзара қорғау және
көтермелеу туралы келісімді бекітті. Сөз жоқ, тиісті халықаралық шарттар
Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат тудыруға әсер етті.
АҚШ әлі де елімізге капиталдарын енгізуде белсенділік көрсетіп отыр.
Бұл күнде 230-дан астам Қазақстан-Американ БК-дары тіркелген.[6] ҚР-ның
Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша
елімізде Американдық инвестицияның көлемі 1,9 млрд доллардан тұрып, бұл
шетел инвестициясының жалпы сомасының 28% құрайды.[7]
Қазақстан экономикасындағы БК-дар болашақта дамудың жарқын көрнісі
ретінде мұнай өндіру өнеркәсібінде қызмет етуде.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел инвестициясын тартудың келесі салалық
құрылымы бақылануда.(1-диаграмманы қараңыз).
Қазақстанда шетел инвестициясын өндіруші салаға тарту тенденциясы
экономикадағы қызметтерінің тиімділігі шектелгенге дейін сақталуда. Бұл
жағдай көптеген шетел сарапшыларының пікірі бойынша “голландиялық аурудың”
пайда болу қауіпі төніп тұр, яғни экономиканың белгілі бір жеке салалары
инвестиция есебінен қанығу қауіпі.
Мұндай қатынастар маңызды инвестициялық заңнаманың дамуын ұсына отырып,
экономиканың инвестицияланбай қалып қойған салаларына БК қызметін
ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді.

1. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
БК көздейтін экономикалық жағдайдың және мүдделердің жан-жақтылығы,
олардың іске асыруға тиесілі заңды құрылымның әртүрлі болуына әкелді Жалпы,
БК болып бірнеше серіктестердің өз мүдделерін заң тұрғысынан анық
бейнеленген бірлестікті құру табылады. Мұндай бірлестіктегі серіктестер
күшінің қатынасы мен қызметтестігі әрбір нақты жағдайларда әртүрлі болуы
мүмкін.
Қатысушылардың мүдделерінің әртүрлілігіне қарамастан, оларды тең
дәрежедегі серіктестер болып, заңды талапқа сайкес құрылымды таңдау қиынға
түседі (мысалы: серіктестікке, компанияға не бірлестікке қатысты құқықтық
нормалардың жергілікті жүйесі, инвестиция туралы жергілікті заңнама,
жергілікті шаруашылық құқығы т. с. с).[8]
БК құру туралы шарттардың мазмұнын және нысанын анықтау үшін тек
азаматтық құқықты пайдаланып қана қоймай, халықаралық құқықты, БК
орналасқан елдің ерекшеліктерінде білуіміз қажет.
БК жоба дайындалған елде, әдетте, БК ұйымдастырылады. Кәсіпорын нысанын
реттейтін құқықтық нормаларда, БК мүшелеріне өз міндеттері бойынша толық
жауапкершілікті не шектелген жауапкершілікті кепілдейтінін нақтылап алуымыз
қажет.
Жауапкершілікті шектеу туралы мәселені қарастырып қана қоймай, жүзеге
асып жатқан құқық нормаларымен сауда серіктестігінің құқықтық нысанын
таңдау туралы шартты рәсімдегенде икемділік кепілдемесін беретінін түсініп
алу қажет. Бұл БК құрылымын өзгерту мүмкіндігіндегі жеке жағдайларда
қажет.[9]
Бас директор басшылық қылатын француз құқық жүйесіндегі акционерлік
қоғамның құрылымы бас директор және директорлар кеңесі басқаратын ағылшын
құқық жүйесіндегі жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғамнан және төраға
мен бақылаушы кеңес басшылық ететін неміс құқық жүйесіндегі акционерлік
қоғамнан ерекшеленеді. Мысалы: Англияда азаматтық құқықтың жеке субьектісі
болып табылатын компанияның үш түрі қызмет жасауда:
1. Қатысушылардың жауапкершілігі пайдаларының номиналдық сомасымен
шектелген компания;
2. Қатысушылардың жауапкершілігі белгілі бір кепілденген сома шегімен
шектелген компания;
3. Қатысушылары шектеусіз жауапкершілікте болатын компания.
Франция және ГФР-сы құқығындағы акционерлік қоғам компанияның бірінші
түріне сайкес келеді. Бірақ, Франциядағы әкімшілік кеңес пен неміс
құқығындағы бақылаушы кеңес және ағылшын құқығындағы директорлар кеңесі тең
емес.[10] Құқықтық нысанды таңдау серіктестің ұжымдық органы келісімімен
бірлескен кәсіпорынға қатысу құқығын беру және серіктестіктегі қатысушы
акционерлердің кәсіпорын басшыларынан қажетті ақпаратты талап ету
мүмкіндігіне т. б бірнеше басқа мәселелердің қатарына әсер етеді. Көптеген
құқықтық жүйе мұндай мақсатқа арнайы ұйғарым шығарады.[11]
Құқықтық нысанды таңдау үшін серіктестердің жыл сайын ақпаратты
таратуды жүзеге асыру міндетіне қатысты мәселелерде мәнді болуы мүмкін.
Нақты құқықтық нысанды таңдау кезінде икемді не қолайлы шарт дайындау
мақсатында, бас тартулар мен ауытқулар болуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпорынды құру құрылтайшыларымен негізгі шартын жасасқаннан
басталып, оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап
аяқталады.
Бірлескен кәсіпорынды құру туралы негізгі шарт бірлескен кәсіпорынның
қызмет нысанын, міндетін, мақсатын және кәсіпорын капиталындағы серіктестер
үлесінің қатынасын бекітетін міндетті бөлімдерден және жарғыдан тұрады.
Мақсатты нақты тұжырымдау сол мақсатты қате интерпретациялау тәуекелін
азайтады.
Бірлескен кәсіпорынды құру туралы шарт бірлескен кәсіпорынның нысанын,
түрін анықтайтын әртүрлі аспектілерді және бірлескен кәсіпорынның қызметін
басқаруға, бақылауға, валюталық ассигнованияға қатысты мәселелерді
қарастырады.
БК қандай да бір себеппен таратқан кезде серіктестер арасында
технологияға құқықтық бөлу мәселесі жиі кездеседі. Бөлуге, сонымен қатар,
кассадағы барлық жинақтар және аз көлемдегі басқа да активтер жатады. Басқа
активтер қолма-қол сатылуы мүмкін. Мұндай сатып алу салық салуға
жатқызылады.[12]
Кез-келген технологияны және басқа активтерді беру толығымен жүзеге
асады, яғни БК технологияға өз құқығын береді де, ал бірлескен кәсіпорынның
серіктестерге болашақта көрсететін технологиялық және консультациялық
қызмет көрсету міндетін бермейді.
БК тәуелсіз кәсіпорындар арасында ұзақ мерзімді өндірістік кооперацияны
дамыту үшін құрылады. Мұндай, БК құқықтық қатынаста, бірлескен кәсіпорынды
құру туралы жеке шартпен реттеледі. Осыдан келіп БК құру туралы шарт
мынадай мақсаттардан тұрады:
- Бірлескен кәсіпорынды құру;
- Бірлескен кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекіту;
- Құрылымды өзгерту мүмкіндігін анықтау және осындай тектегі БК мен
жеке серіктес кәсіпорын арасындағы кооперацияға әсер етуі қандай бейнеде
болатынын бекіту.
БК өз қызметін тарату не қайта құру жағдайында тоқтатады.
Бірлескен кәсіпорынның мүлкін меншіктенушілердің немесе меншік иесі
уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында
шешім қабылдауға уәкілдік берген органның шешімі бойынша бірлескен
кәсіпорын белгілі бір негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін.
БК қызметінің тоқтатылуынің әртүрлі негіздері бар:
1) Экономикалық негіздер - бұл, БК құру жобасынан туындайтын бірлескен
кәсіпорынның экономикалық пайдасыз болуы. Мысалы: алғышарттардың
сенімсіз бағалануынан немесе типтік талаптарға қосымша өзгертулер
енгізуінен;
2) Серіктестердің өздеріне тәуелді негіздер. Мысалы: банкрот болуы,
қаза табуы және т. б.;
3) Жеке қатысушылардың шартты бұзуы;
4) Бірлескен кәсіпорынды құру жобасымен байланысты мемлекеттік
рұқсаттан туындайтын құқықтық себептер;
5) Басқа да шарттық себептер.
Осы негіздер бойынша БК-ды тарату туралы талапты заң актілері және
серіктестер арасындағы шарттар негізінде талап қоюға құқық берілген
серіктестер және мемлекеттік орган, ал банкрот болған жағдайда несие
берушілер де сотқа беруі мүмкін. БК тарату туралы сот шешімімен жүзеге
асыру жөніндегі міндеттер, оның мүлкін меншіктеушіге, меншік иесі уәкілдік
берген органға, бірлескен кәсіпорынды таратуға құрылтай құжаттарында
уәкілдік берген органға не сот тағайындаған басқа органға не тұлғаға
жүктелуі мүмкін. Бірлескен кәсіпорынды тарату және қайта құру тәртібі
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және өзге де заң актілерімен
реттеледі. Сонымен қатар, жарғылық қордағы үлесі көбірек қатысушы бірлескен
кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, басқа қатысушы
(қатысушылар) кәсіпорыннан шыққан қатысушыға мүліктегі үлесін төлеп, бұл
кәсіпорынды қайта құруға құқылы.[13]
Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне тиісті жазба жасалғаннан кейін
бірлескен кәсіпорынды таратылуы аяқталды, ал бірлескен кәсіпорынның өмір
сүруі тоқтатылды деп есептеледі. БК маңызды міндеттерінің бірі нәтижесі
серіктестер арасындағы болуы ықтимал үлкен қайшылықтарды басынан бастап
жою. Сондықтанда БК құру туралы шарт көлемді болып келеді.[14]
Тәжірибе серіктестер арасындағы даулар мен қарсылықтардың алдын-алу
үшін барлық маңызды аспектілерді нақтылап және барлығын қамту қажеттілігін
көрсетуде. Сондықтанда келіссөз үрдісінде маңызды орынды негізгі шарттың
құрамды бөлігіне қажетті болатын қосымша шарт алады. Бірақ та, олар
келісіліп негізгі шартта қосымшалануы мүмкін. Оған мыналар жатады:
- Инжиниринг туралы, ноу - хау және технологияны беру туралы
шарттар;
- Жер участігін пайдалану және оған құрлыс жұмысын жүргізу туралы
шарттар;
- Лицензия, патент беру туралы, сауда белгісін иелену туралы
шарттар;
- Технологиялық жәрдем беру туралы; менеджмент,маркетинг туралы
шарттар;
- қызметшілер үшін ашық конкурс өткізу туралы шарттар;
Бұл шарттар, БК құру туралы негізгі шартпен бірге, БК ұзақ мерзімдік
қызметін және оның серіктестері мен серіктестіктері арасындағы өзара
қатынасын анықтауы тиіс.
Қосымша келісімнің әрекеті бірлескен кәсіпорынның барлық өндірістік
шеңберіне және жеке маңызды салаларына таралуы мүмкін.
Қосымша келісім көлемі БК қызметінің түрлері мен мөлшеріне тәуелді.
Ережеге сайкес, инвесторлар келесі құқықты иеленеді:
-капиталының үлесіне тәуелсіз бақылаушы органда артықшылықты шетелдік
серіктестік иеленеді;
-қызметтерінің жеке саласында жергілікті инвестордың бақылауы тиылады;
-қатысу үлесіне тәуелсіз шетел инвесторына бақылау құқығы беріледі;
-инвесторлар арасындағы дауды БК тұратын жерден тыс елдегі төрелік
сотпен шешеді;
-БК таратылған кезде капиталды әкетуі шексіз;[15]
Лизензия сату және ноу-хау технологиясын беру туралы мәселелрге көп
көңіл аудару қажет. Егер бір шетел серіктесі бірлескен кәсіпорынның билік
етуіне өз ноу-хауын ұсынса не патентті пайдалануға, ой еңбегінің өзге де
нәтижелерін қолдануға рұқсат берсе, онда БК қызмет етуші елдегі
технологияны беру және ой еңбегінің нәтижесін құқықтық қорғау туралы шарт
ережелеріне анализ жасау керек. Технологияны беру туралы шарт бірнеше
мемлекетте арнайы рұқсатты талап етеді (мысалы: Аргентина, Мексика,
Испания).[16]
Бірлескен кәсіпорында технологияны беру жеке келісім бойынша не
лицензиялық келісім бойынша жиі БК туралы келісімнің бөлігі болып табылады.
Бірлескен кәсіпорынға технология берген кезде оның иесі технологияны БК
шегінде пайдалануға мүдделі болса да, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz