Интеграциялық үдерістердің дамуы


Интеграциялық үдерістердің дамуы.
Әлемнің қоғамдастық географиясына тікелей ықпал ететін әлем нарығының заңдары қолданатын, аймақтық экономикалық мемлекетаралық біріктіру маңызды саласы болып саналады. География жағынан, ол әлемнің экономикалық картасының өзгеруі, экономикалық қарым-қатынастар субъектерінің әлуеті мен күшін біріктіруі және қайта бөлуі деп санау керек.
Бүгінгі күнде ұлттық экономика ұйымдарының әр түрлі дәрежесінде және әр түрлі көлемінде аймақтық біріктіру топтастардың бір қатары бар. Олардың ішінде Еуропалық одақ біріктірудің тереңдігі бойынша да, масштабы бойынша да ең маңыздысы. Бұл одақ 1994 жылға дейін, 350 млн адамға жуық халығы бар, он екі мемлекетті қоса, біріктірген. Ал 1995 жылдың 1 қаңтарынан 22 млн. адам халқы бар 3 Батыс Еуропа елі оған қосылды.
1991 жылы бұрыңғы Еуропалық қоғамдастық елдерімен Маастрихт келісімге қол қойылған. Ол күшіне 1993 жылдың 1 қарашасында кірді және оның негізгі мақсаты ЕО шегінде валюталық - экономикалық және әскери-саяси одақ құру. 2000 жылда ЕО тікелей мүшелігінен тыс Батыс Еуропада тек Норвегия, Исландия жәнеШвейцария ал - Лихтенштейн уақытша қалған.
АҚШ, Канада және Мексика арасындағы шарттасылған, және 1994 жылдың 1 қаңтарынан күшке кірген, еркін сауда жөніндегі Солтүстік америкалық келісім (НАФТА) - біріктірілген топтастыру жағынан ғана емес, экономикалық күші және халық саны жөніндегі маңызды көз қарас болып тұр. Ол 390 млн. адам халқы бар аймақтарды қамтамасыз етеді.
1991 жылы Латын Америкасында Меркосур топтастыруы пайда болды. Ол 200 млн. адамға жуық халық саны бар Уругвайды, Парагвайды, Бразилияны, Аргентинаны біріктірді. 1995 жылдың 1 қаңтарынан Меркосур еркін сауда аймағы кеден одақ болуы жөнінде жарияланды. Бұл өзара сауданы ырықтандырудың белгісін ғана емес, үшінші елдер үшін біркелкі кедендік тарифтердің келісуін де көрсетеді.
1994 жылы Батыс Еуропа төрт елдерінің - Австрияның, Финляндияның, Швецияның, Норвегияның - ЕО қосылу жөніндегі мәселесі шешілуде. Бірінші үшеуінде басқарушы құрылымдар және өткізілген референдумдар оң шешімге келді, ал Норвегиядағы референдум теріс жауап берді, өйткені ол бұл елде осыған дейін 22 жыл бұрын өтті. Сонымен бірге, бір қатар жылдар бойы алты Шығыс Еуропа елдерінде ЕО кіргізу жөніндегі мәселеқарастырылды. Ол елдерге қатысты ЕО бірінші белесте өз құрылымына оларды ішінара біріктіру жөнінде бағдарлама қабылдады.
Орталық-Шығыс Еуропа елдерінің бұл механизмге үйренуі үлкен проблемаға айналды. Бұл елдердің аграрлық секторы қиын жағдайларға түсті. ¤йткені, бір жағынан, салаларды мемлекеттік қолдау мүмкіншілігі төмендеді. ЕО салыстырғанда Орталық-Шығыс Еуропа елдерінде ырықтандырылған аграрлық нарық болды. Ол Дүниежүзілік кеден ұйымының және жалпы Дүниежүзілік қоғамдастықтың принциптік мақсаттарына сәйкес келеді.
Қарама-қарсы түрдегі проблемалар ЕО аграрлық нарығына жаңа елдерді Батыс Еуропа мүшелігіне біріктіруінде тұды: Австрия және Скандинавия елдері өз ауыл шаруашылығында мемлекеттік қолдаудың оданда күшті жүйесі болды. Оны ЕО-қа кіргенде олар жалпы бірыңғай жүйемен ауыстыру керек екен. Ал бұл фермерлер және оларды қолдайтындар жағынан теріс пікір тудырды.
Проблема шешу үшін бұл елдерге фермерлерді мемлекеттік қолдаудың бағадан тыс әдістерін қолданудағы еркіндіктің елеулі дәрежесі ұсынылды. Бұл ЕО-ң қазіргі аграрлық саясатының принциптеріне қарсылық етпейді. Бірақ осы сияқты істер Норвегияның ЕО-қақосылмау жөніндегі шешіміне әсер еткен жоқ. ¤ткізілген референдумның теріс нәтижесіне ықпал еткен елеулі себебтердің бірі - ауыл шаруашылығына қолданыстағы ірі қаражаттандыруды жою келешегі.
Басқа рыноктарда да күрделі проблемалар мен қарама-қайшылықтар бар. Шығыс Еуропа елдерін қабылдау мәселесінде әсересе елеулі кедергі болып тұрған - ондағы қолданыстағы тоқырау салаларды, ең алдымен қара металлургия мен кен өндіру өнеркәсібі, мемлекеттік тікелей және жанама қаржыландыру.
ЕО-ты жаңғырту бағытының бірі - Еуропалық валюта жүйесін Еуропа валюта одағына қайта құру және бірыңғай ақшалай өлшеміне көшу. Жалпы дүниежүзілік нарықтың дамуы соңғы кезде қарама-қайшылықтың жеке күрделіліктің жоғары дәрежесімен айрықшылығы бар. Халықаралық экономикалық байланыстарға қатысушылар тобы кеңейді, экономикалық өсімнің географиясы көп жақты болуда.
Сонымен қатар дүниежүзілік нарықтың жағдайын бірігіп реттеу бойынша, 80-ші жылдардың ортасынан, «жеті» елдердің валюта бағымын келісіп реттеу бойынша, біріктіру келісімдердің топ-тобымен өсімінреттеу бойынша елдердің күшеюі өсіп жатыр.
Еуропалық экономикалық және валюта одағына ЕО мүшелігіндегі елдердің санынан 11 мемлекет кірді - Ұлы Британия, Греция, Дания және Швециядан басқалары. Кірмеген 4 ел қазіргі белесте (Ұлы Британия) бұны өзіне пайдалы емес деп санады, немесе кіру үшін қажетті бюджеттік тапшылық және құнсыздану мөлшері бойынша белгілері орындалмады. Экономикалық валюта одағының қызметі сонымен, ЕО-да шектелген сияқты.
Бар проблемаларға қарамастан, аймақтық біріктіру өзара экономикалық байланыстар жүйесінің тиімділігін өсіру қабілеттілігін көрсетеді және бұл тек Еуропада ғана кездеспейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz