Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету бағыттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кiрiспе 3
1. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық негіздері 4
1.1. Мемлекеттік әлеуметтік саясат 4
1.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі 6
1.3 Әлеуметтік қорғау жүйесінің шетел модельдері 10
ІІ.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен
талдауы 13
2.1.1. Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң қалыптасуы және қазiргi жағдайының
талдауы 16
ІІІ Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету
бағыттары 19
3.1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары 19
3.2. Өмірде қатер туындаған кезде әлеуметтік қорғаудың негізгі тетіктері
21
3.3. Әлеуметтік қорғау жүйесін құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етуді
жетілдіру бағыттары 24
3.4. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржылық және институционалдық
қамтамасыз етуді жетілдіру бағыттары 24
Қорытынды 26
Қолданылған материалдар тізімі 27

Кiрiспе

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында
әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он үш жылдың
жүзі болды. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық
экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Сол реформалардың iшiндегi
әлеуметтiк реформалар, мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты, халықты әлеуметтiк
қорғау жүйесi, халықтың әл-ауқаты сияқты мәселелер маңызды және өткiр
күйiнде қалып отыр. Халықтың әлеуметтiк жағынан аз қорғалуы және кедейлену
мәселесi экономикалық қиындықтарға байланысты, тәуелсiздiктiң алғашқы
жылдары күшейе түстi. Осы жағдайларда халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң
маңыздылығы арта түседi.
Әлеуметтік қорғау – бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де
заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі
лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете
алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың
белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік
қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы,
өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында
әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай
төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың
нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауап қадамдар болды.
Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметттік
қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің
жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен
сипатталады.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді
қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың
кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты
Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін
ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жетілдірілген жүйесін әзірлеу
қажеттігі туындап отыр.
Қазақстанда осы мәселелер жөнінде яғни, халықтың әлеуметтік жағынан
қорғалуы, кедейшілік, халықтың әл-ауқаты жөнінде біраз ғалымдардың, оқытушы
профессорлардың еңбектері бар. Атап айтатын болсақ, Шеденов Ө.Қ.,
Говорухина Л.П., Кәрібжанова А.С., Қарағұсова Г., Нажимеденова Ж.Ж.,
Мухтарова К.С., Нигматуллин Н.З. т.б.
Мен өз жұмысымды осы кісілердің еңбектеріне сүйене отырып жаздым.

1. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық негіздері

1.1. Мемлекеттік әлеуметтік саясат

Әлеуметтік саясат – мемлекеттік ішкі саясаттың негізгілерінің бірі
боп табылады. Әлеуметтік саясат мемлекеттің халықты лайықты өмір сүруіне
еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеті. Нарықтық
экономикада әлеуметтік саясат басымдықты орын алады. Ол нарықтық
экономиканың түпкі мақсатын нәтижелелігін айқындайды. Бір жағынан тиімді
әлеуметтік саясат нарықтық экономиканың негізгі мақсаттарының бірі болса,
екінші жағынан – халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне әсер ететін фактор
болып саналады.
Әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті қоғам өміріндегі белгілі бір тепе-
тендік деңгейіне қол жеткізу. Ол төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:
мемлекеттік гарантиялардың апаттар, табиғи және техногенды апаттарын
демографиялық жарылыстарды алдын - алу немесе жою үшін ұсынылуы;
материалдық қорларды қайта бөлу және өмір сүрудің белгілі бір деңгейін
қамтамасыз ету бағыттарын күшейтіп әлеуметтік ауыртпалықты төмендету;
өмір сүру образын реттеу (салық арқылы, құралдар арқылы, қайырымдылық
қызметтері)[1].
Әлеуметтік саясат шаруашылықтың әр деңгейінде жүзеге асырылады:
микродеңгейде;
макродеңгейде;
интеграциялық деңгейде;
әлемдік деңгейде.
Микродеңгейде экономикадағы жеке шаруашылық субъектілерінің (фирма,
кәсіпорын, ұйым) әлеуметтік саясаты жүргізіледі. Макродеңгейде жалпы
мемлекеттік және аймақтық әлеуметтік саясат жүзеге асырылады.
Интеграциялық деңгейде екі немесе одан да көп елдің әлеуметтік саясаты
үлестіріледі, ал әлемдік әлеуметтік саясат глобалды әлеуметтік мәселелерді
шешуге бағытталады.
Әлеуметтік саясатты жүргізу әлеуметтік инфрақұрылдымды қалыптастыру
үшін сәйкесінше экономикалық қорларды бөлуді қажет етеді.
Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік қатынастарының тұрақтылығын
дамытуға және қалыптастыруға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін,
азаматтардың өмір сүру сапасының деңгейін тұрақты көтеруге жағдай жасауға
бағытталады. Әлеуметтік саясат мынадай міндеттерді шешумен байланысты:
халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру, халықтың жеке
әлеуметтік топтарына көмек көрсету, азаматтарға әлеуметтік салада (білім
беру, денсаулық сақтау, мәдениет) игіліктермен қамтамасыз ету, әлеуметтік
сақтандыруда тең мүмкіншілік берілуін қамтамасыз ету.

Әлеуметтік ғылым тарихы

Әлеуметтік ғылымның алғашқы негізі, сол негізге сүйеніп мемлекеттің
әлеуметтік саясатының құрылуы социал-утописттермен байланысты. Әлеуметтік
утопия тарихы ХVІІ ғасырда идеялды қоғамның қажеттілігі мен мүмкіншілігі
айқындайтын трактаттардың пайда болуымен басталады. Уақыт өте социал-
утопистер идеялары әлеуметтік, экономикалық және құқықтық теорияларының
сызба зертханасына айналды. Олардың барлығы орта пікір теңдікке ұмтылуды
қаламайды – классикалық утопияда теңсіздікке жол беріледі (Мор, Сен-Симон,
Моррис) және қорғалады (Платон, Фурье, Уэллс), ал индивидтің физикалық және
рухани жағынан қанағаттану қағидасынан, жалпы еңбектің, техника
жетістігінің, меншіктің қайта бөліну есебінен қол жеткізіледі.
Утопия терминін алғаш рет Мор қолданып, оны идеалды қоғаммен
тенестірді.
Еркіндік пен теңдік демократиялы қоғам өмірінің алғы шарты ғана болып
қоймай, сондай-ақ Смит пен Канттың қортындысы бойынша нарықтық экономиканың
темірқазығы мен әділеттіліктің негізі. Канттың айтуынша еркіндік пен теңдік
адам құқығы перспективасынан қарастырғанда бір-біріне байланысты
бөлінбейтін мағына болып табылады.
Гегельдің айтуынша, меншікті иемдену адам еркіндігінің ең басты шарты
болып табылады. Гоббс қоғамдық келісім теориясын ұсынды, осы теорияға
сәйкес адамдар бір-бірімен ерікті негізде құрылып және өздерінің әлеуметтік
экономикалық саяси мәселелерін шешу үшін мемлекет құрулары қажет.
Смиттің жасаған нарықтық экономика моделі еркіндік пен тендікке
негізделген. Ол Заңды тұлғаларды мойындамады және де еңбек өнімі
еңбеккерлердің табиғи жалақысынан құралып, автоматты түрде жалпы игілік пен
әділеттілікке әкелетінін айтты.
Әлеуметтік статус теориясы – әлеуметтік стратификация концепциясының
құрамдас бөлігі. Бұл теорияны жасаған Г.Д.Мейн, одан кейін жалғастырғандар
Р.Линтон, Ф.Мерилл.
Жалпы түсінік бойынша, әлеуметтік статус – тұлғаның қоғамдағы жасы,
жынысы, шығу тегі бойынша алатын орны. Статустарды былай бөледі: туылғаннан
(әлеуметтік шығу тегі, ұлты) және қол жеткізілгеннен (білімі және
біліктілігі). Әлеуметтік саясат барлығына бірдей мүмкіншілікпен жағдай
жасап индивидтін статус мәртебесін алуын қалыптастыру керек.
Әлеуметтік стратификация концепциясы, бұл концепцияның негізін М.Вебер
жасап, әлеуметтік құрылымды көпөлшемді жүйе ретінде қарастырып, маңызды
орынды статус пен билікке берді.
Әлеуметтік бақылау теориясы (бұл теорияның негізін қалаушылар
американдық социологтар Росс және Ман).
Қоғамға әсер ету үшін индивидтің мінез – құлқына мемлекеттік механизм
арқылы дені сау әлеуметтік тәртіп орнатылады. Соңғысы қоғамда индивидтің
қай типі орналасқанына тәуелді. Парк бақылауды мемлекеттің әлеуметтік
саясатының құралы деп түсініп, сол құрал арқылы әлеуметтік күштермен адам
табиғаты арасындағы белгілі бір қатынасты қамтамасыз етуге болатының айтты.
Ол әлеуметтік бақылаудың үш формасын ұсынды:
Элементарлы санкциялар (соның ішінде мәжбүрлі).
Әлеуметтік мүдделер.
Қоғамдық келісім.
Әлеуметтік бақылаудың кең түрдегі теориясын Р.Лапьер жасап,
мемлекеттің ролін индивидтің әлеуметтік мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа беруі
деп білді.
Жалпы мемлекеттік игілік концепциясы, бұл капиталистік әлеуметтік
–экономикалық дамумен теңестіріледі. Ең белең алған кезеңі 50-ші жылдардың
аяғы 60-шы жылдардың басы. Осы концепцияға сәйкес капиталистік қоғамға
технологиялық құрылымдардың айтарлықтай дамуы, экономикалық даму, өздерінің
мүшелеріне өмір сүру деңгейінің жоғарлатуын қамтамасыз етеді. Концепция
идеологиясы аралас экономиканы меңзеп, мемлекеттік және жеке сектордың
үйлесімін қолдайды.
Жалпы мемлекеттік игілік концепциясына қарама-қарсы неоконсерватизм
өкілдері шықты. Олар экономикадағы жеке сектордың белсенділігін арттыруды
қолдап, мемлекеттің экономика саласына араласуын шектеуді ұсынды. Басқа
сөзбен айтқанда, олар мемлекеттің әлеуметтік бағдарламасына қарсы болды.
Олардың ойларынша мұндай жағдай экономиканың төмендеуіне алып келеді.

Қазіргі заманғы әлеуметтік концепциялар

Қазіргі заманғы әлеуметтік концепциялар теориялық жасалуы және даму
бағыты бойынша, пікір, ағым, бағыттары және мектептері ерекшеленіп
дисперсияға ұшырап отыр. Әлеуметтік ұғымы барлық теорияларда кездеседі.
Әлеуметтік концепцияларды жасауға теориялық негіз болатын концепциялар
М.Вебер, Т.Парсонс, Д.К.Хоманс, Н.Луман, Г.Д.Гурвич пікірлері негізінде
болып отыр. Т.Парсонстың әлеуметтік теориясы концептуалды сызбалардың
мазмұны мен суреттеуінде көрініс табады. Ол әлеуметтік жүйеге талдау
жасады. Әлеуметтік жүйе жеке және мәдени жүйелермен байланысты
қарастырылып, айнымалы әлеуметтік сызба типтері жасалынады. Парсонс
бойынша, әлеуметтік жүйе адамдық жүйелерімен бірге қарастырылады. Мына
категорияларға түсінік беріледі: Әлеуметтік қоғам және оның ортасы,
Мәдени орта. Қоғамның эволюциялық процесінің стадиясы жіктеліп
көрсетіледі. Парсонс теориясы либералдық теориялық сызбалардың негізі
болды.[2]
Жалпы мемлекеттік игілік – капиталистік қоғамның дамуының әлеуметтік
экономикалық концепциясы, оның авторы болып американдық экономист Гэлбрейт
есептеледі. Бұл концепцияның көзқарасы бойынша қазіргі заманғы капиталистік
мемлекеттер, бейтарап таптық күш болып, қоғамның барлық мүшелерінің
мүдделерін көрсетеді. Ол табысты еңбеккерлердің пайдасына қайта бөліп
әлеуметтік тенсіздікті жояды, яғни әділетті бөлу принциппен жүзеге асырып
қоғамның әрбір мүшесіне қамтамасыз ету.
Азаматтық қоғам теориясы – соңғы кездегі танымал болып авторитарлы-
бюрократиялық жүйеден демократияға өту жолындағы бірден-бір орталықты пікір-
таласқа айналды. Бұл мәселе қазіргі заманғы мәселемен тікелей байланысты:
қандай жолмен көнерген әлеуметтік жүйе басқаруды қайта құруға болады,
сонымен қатар қайта құру кезінде фундаментті әлеуметтік институттардың
бұзылмауын, әлеуметтік байланыстардың бұзылмауын, сондай-ақ тоталитаризмнің
жаңа типінің пайда болмауын ескеруді қажетсінеді.
Азаматтық қоғам құру идеясының жасалынуы көп ғасырларды қамтып
Аристотельден бастап, Локк, Ж.Ж.Руссо, М.Вебер, В.Дильтея, И.Кант, Гегель,
Берк, П.Сорокин ойларымен түйісті.
Ростоу ұсынған Өсу стадиясы теориясы, қоғамның тарихи дамыған
шаруашылық өсу этаптарына талдау жасалынды. Бұл этаптар бір-бірімен
логикалық тұрғыда байланысты болып, елдің жағдайындағы әлеуми-
мәдениеттікпен ерекшеленеді.
Эрих Фромның Әлеуметтік сипаттамалар ілімі философиялық
антропологияның және марксизмнің бірігу жолындағы фрейдизмнің дәстүрлі
жағдайына тексеруге негізделеді. Бұл өнім индивид психикасымен қоғамның
әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыс формасын қарастырады. Фромм қазіргі
қоғамды адамдық техницизм арқылы бөтенсу деп қарастырды. Фроммның
көзқарастарына маңызды ерекшелігі болып, капиталистік қоғамға критикалық
көзқарас танытуы, осы қоғамды ол тұлғаның өзін-өзі бөтенсу шегіне әкелетін
үрдес деп қарастыруы б.т.
Әлеуметтік құрылым концепциясы - басты объект ретінде әлеуметтік
құрылымды зерттеуді алады, индивид немесе топтың мінез-құлқын түсіндіріп,
олардың әлеуметтік құрылымдағы орнын қарастырады.
“Әлеуметтік жүйенің интеграциялану” концепциясы әртүрлі теория
жүйесінің “интеграция” түсінігімен байланысты. Бұл түсінік әлеуметтік
жүйедегі бөлшектердің арасындағы тәртіптелінген және жанжалсыз байланысты
көрсетеді, яғни әлеуметтік институттар мен нормативтік стандарттар арасы.
Әр уақыт кезеңінде бұл концепциямен Т.Гоббс, Д.Локк, Э.Дюркгейм, М.Вебер,
Т.Парсонс айналысты[3].

1.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

Әлеуметтік саясаттың бөлінбес элементі болып, халықты әлеуметтік
қорғау жүйесі есептеледі.
Әлеуметтік қорғау – бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де
заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі
лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете
алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың
белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. 5
Нарық халықты кепілді табыспен және жұмысбастылықпен қамти алмайды. Әр
түрлі себептерге байланысты азаматтар табыс деңгейіне денсаулық жағдайына
байланысты ерекшелініп, жұмыссыздар, мүгедектер, толық емес отбасылар және
т.б. болып өмір сүреді. Әлеуметтік нарықтық экономиканың міндеті-халықты
әлеуметтік қорғау болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың объектісі
және субъектісі болады (1 сурет).

Халықты әлеуметтік қорғаудың объектілері мен субъектілері.

Сурет 1.

Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі субъектісі болып, мемлекет
есептеледі. Басқалары – қоғамның барлық азаматтары және жеке әлеумет
топтары. Халықты әлеуметтік қорғау шаралары бір жағынан барлық қоғам
мүшелерін қамтыса, екінші жағынан жеке әлеуметтік топтарға бағытталады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
әр адамға өз қабілетіне байланысты табыс табуға мүмкіншілікпен
қамтамасыз етіледі;
өмір сүру минимумын ресми бекіту;
тұтынушылар мүддесін қорғау;
халықтардың табысын индексациялау.
Әлеуметтік қорғау жүйесі келесі топтарды қолдауға бағытталады:
жұмыссыздар;
зейнеткерлер;
мүгедектер;
ардагерлер (еңбек, соғыс);
балалары бар отбасылар;
жетім балалар;
оралмандар;
қуғын-сүргінге ұшырағандар.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы

Халықты әлеуметтік қорғау – бірнеше жүйелерден құралатын жүйе болып
табылады (2 сурет) 6.
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы

Сурет 2.

Әлеуметтік қамсыздандыру - бұл кәрі және еңбекке қабілетсіз азаматтар,
сондай-ақ балалары бар отбасыларды қамтамасыз ету жүйесі.
Әлеуметтік қамсыздандыру төмендегілерден тұрады:
зейнетақы;
жұмысшыларға жәрдемақы (уақытша еңбекке қабілетсіз, жүктілігінен
т.б.);
балалары бар отбасыларына жәрдемақы;
кәрілерге және мүгедектерге қызмет көрсету;
жұмыссыздарға жәрдемақы.
Әлеуметтік гарантиялар – азаматтардың маңызды әлеуметтік игілік пен
қызметтер алуын мемлекеттің жүзеге асыруы.
Әлеуметттік гарантиялар төмендегілерді қамтиды:
азаматтардың жұмыс орнын тандауға, кәсіби қызметіне құқығы;
еңбекақының ең төменгі мөлшері;
зейнетақының ең төменгі мөлшері;
ритуалдық жәрдемақы;
көпбалалы аналарға жәрдемақы;
стипендияның ең төменгі мөлшері;
тұрғын үйге құқығы;
денсаулық сақтауына және медициналық көмек алуға құқығы;
білім алуға құқығы.
Әлеуметтік көмек – бұл жасына, денсаулық жағдайына, әлеуметтік
тұрғысына, жеке табысының жетіспеушілігіне байланысты көмекті қажет ететін
азаматтарды қорғау.
Әлеуметтік көмек негізінен зейнеткерлерге, мүгедектерге, оралмандарға
және де апаттарға қатысқан азаматтарға көрсетіледі.
Әлеуметтік сақтандыру - бұл еңбекке қабілетін уақытша жоғалтуына,
кәрілігіне, мүгедектігіне, асыраушысынан айрылған жағдайына байланысты
азаматтарды материалдық жағынан қамтамасыз ету жүйесі 6.

Кесте 1. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі

КРИТЕРИЙЛЕРІ САҚТАНДЫРУ ФОРМАЛАРЫ
Әлеуметтік қатерлердің Зейнетақымен қамтамасыз ету
түрлері
Медициналық сақтандыру
Өндірісте болатын қауіп –
қатерлерден сақтандыру
Жұмыссыздық бойынша сақтандыру
Ұйымдастыру сипаты Ерікті
Міндетті
Таралу сферасы Мемлекеттік
Аймақтық
Муниципалдық
Халықаралық
Кәсіби

Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін.
Әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік қатерлердің түрлерін қарастырады, және
оның мақсаты – осы қатерлерден сақтауды жүзеге асыру (денсаулығына
байланысты еңбек қабілетін жоғалту, кәрілік, жұмысынан айрылу т.б.).
Таралу сферасына байланысты келесілерді қамтиды:
мемлекеттік сақтандыру елдің территориясындағы халықтың басым бөлігін
қамтиды;
муниципалды сақтандыру елдің ішінде белгілі бір бөлікті қамтиды;
кәсіби сақтандыру жұмысшылардың жеке категориясына ұйымдастырылады
(шахтерлер, ұшқыштар);
халықаралық сақтандыру бірнеше елдерде халқына жарамды.
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы
бойынша, әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда
әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған
табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына
арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтарының
қызметтеріне қол жеткізуі.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму
деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік
институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ыннталандыру деңгейі таңдалған
әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады.
Даму деңгейі бірдей мемлекеттердің өзінде де тарихи, мәдени, саяси
және өзге де факторларға да байланысты, әлеуметтік қорғау жүйесінде
ынтымақтастықтың және мемлекеттік институттардың қатысуының әртүрлі деңгейі
орын алуда.
Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында
өзара байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған
сәттен туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді
болмайды. Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілердің мойнына түседі де,
әлеуметтік қорғау жүйесінің төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады.
Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден-бір
көзі-мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет
етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға
әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады.
Шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы
адамның жарнасына байланысты болады. Әдетте мұндай жүйе еңбеккерлер мен
жұмыс берушілердің аударымдары есебінен қаржыландырылады, ал жарнасына
қарай төлемдерді алу құқығына аударымдар жасаған (немесе олар үшін жұмыс
беруші аударым жасаған) азаматтар ғана ие болады. Мұндай жүйелер әдетте,
халықтың белгілі бір тобын, мысалы, ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді
немесе белгілі бір еңбек ұжымының еңбеккерлерін әлеуметтік қорғаудың
қосымша көзі болып табылады.
Бұдан басқа, ынтымақтастық белгісі жоқ, әр азамат өмірдегі қатер
жағдайына қаражатты дербес жинайтын әлеуметтік қорғау жүйелері де болады.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым
тиімді және кешенді жүйелері келесі элементтерді қамтиды:
мемлекеттік жәрдемақылар;
міндетті әлеуметтік сақтандыру;
жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар
туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір
деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен
қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна
деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау
процесін реттеуге арналған.
Әлеуметтік көмек, азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты
есебінен қосымша қорғауға арналған.
Бұдан басқа азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін-өзі ерікті
сақтандыруы құқығы бар.
Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген
жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік
қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы,
өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында
әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай
төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың
нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауапты қадамдар болды.
Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметттік
қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің
жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен
сипатталады.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді
қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың
кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған
байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен
мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жетілдірілген
жүйесін әзірлеу қажеттігі туындап отыр.

1.3 Әлеуметтік қорғау жүйесінің шетел модельдері

Өтпелі экономикадағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің табиғатын
зерттеуді және терең әлеуметтік өзгерістердің салдары өзекті мәселе болып
саналады, себебі бұл халықтың барлық бөлігінің мүдделерін қамтиды. Жаңа
әлеуметтік қорғау моделінің қалыптасуы әлеуметтік саясаттың сабақтастығымен
қоғамның ынтымақтастық принциптерін сақтау және әлеуметтік әділеттілікті
қамтамасыз ету керек. Бір жағынан дамыған батыс елдердің әлеуметтік қорғау
саласындағы тәжірибесін ескеру керек. Осындай әдістеме Қазақстанның
әлеуметтік саясатында қателіктердің болмауын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ,
өтпелі экономикадағы әлеуметтік қорғау реформасындағы тәжірибелерге баға
беру де маңызды.
Халықты әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік құрылым қызметінің кеңеюі
бюрократизациялық дамуға, аз қамтамасыз етілген отбасылардың қажеттілігін
тексеру механизмі адамдық қасиетті төмендетуге алып келді. Жоғардағы
мемлекеттік жүйе келеңсіздіктері қазіргі кезеңде де сақталып отыр.
Капиталистік қоғамның бастапқы этаптарында әлеуметтік көмек жүйесі,
кедейшілік мәселесін шеше алмай біреудің арқасында күн көруді күшейтіп
еңбекке деген ынтаны төмендетіп, кәсіпкерлер үшін жұмыс күшін алуда
қиындықтар туғызды. Жаңа таптық идеология аз қамтамасыз еттілген
азаматтарға көмек беру масштабын қоғамдық пікірде шектеп отырды. Бұған
қарама-қарсы ретінде жұмысшылар өзіндік көмектеріне сүйену, ерікті
қайырымдылық институттары сияқты шаралар ұйымдастырды.
Сонымен мемлекет тарапынан мұқтаждарға әлеуметтік көмектер көрсетуді
азайту бағыты ұстанылды.
Осыған жауапты реакция ретінде өмірлік қатерлерден сақтандыру үшін
ерікті ұжым формалары құрылды.
Мемлекеттік әлеуметтік қорғау схемаларымен қатар мекемелердің және
ұйымдардың ұсынған әлеуметтік қорғау схемалары да бар. Мысалы, Скандинавия
мен континенталды Европада бұл мемлекет тарапынан ұсынылса, Оңтүстік Европа
елдерінде көп жағдайда Үкіметтік емес агенттіктермен ұсынылды. Бұлар,
шіркеулер, кәсіподақтар, әртүрлі халық бөлігін қосатын мүдделі ұйымдар мен
қайырымдылық ұйымдары. Католиктік елдерде мемлекеттің көпшілік
функцияларын шіркеулер өз мойнына алса, Солтүстік Европа елдерінде мемлекет
шіркеулерден озып отыр.
Қазіргі кезде, әлемде, әлеуметтік сақтандыру элементін кеңінен
қолданатын бірнеше әлеуметтік қорғау модельдері қызмет етеді: Скандинавия
елдерінің социал-демократиялық моделі, мұнда мемлекет әлеуметтік қорғаудағы
жауапкершіліктің басым бөлігін өз мойнына алады; неолибералдық модель
(АҚШ), мұнда әлеуметтік мәселелерді кәсіпкерлер мен кәсіподақтарға шешу
жүктеледі; неоканцервативтік модель (Германия), мұнда әлеуметтік
мәселелерді шешу мемлекетпен жеке сектор иелеріне жүктеліп, аралас
сипатқа ие жеке кәсіпкердің жауапкершілігі міндетті коллективтік
жауапкершілік жүйесімен ауыстырылып мемлекетт бақылауында болады[4].
Әр мемлекет өзінің әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамды
компаненттеріне, мазмұны мен формасына сәйкес өзіндік әлеуметтік саясатын
жүзеге асырып, мемлекеттің ауқаттылығына байланысты өзінің функциялық
жүйесін іске асырады. Әр елде әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты
өзінің әдістемелері болады.
Бірнеше елдің немесе ел топтарына бірегей сипатына ие әлеуметтік
жүйелерді кездестіруге болады. Әлеуметтік модельдерді жіктегенде бір-екі
критерийлермен шектеліп қалуға болмайды. Әр елдің белгілі бір топқа
жіктелуін қарастырғанда бірнеше немесе кешенді түрдегі критерийлерді ескеру
қажет.
Әлеуметтік қорғауға баға бергенде, мынадай критерийлерді жатқызуға
болады:
әлеуметтік саясаттың көздеп отырған түпкі мақсаты: берілген жүйе
минималды ауқаттылық пен гарантияларды ұсынумен ғана шектеле ме немесе
табыстарды қайта бөлуді салыстырмалы байлардан салыстырмалы кедейлерге
үлестіре ме;
экономикалық саясатпен өзара қарым-қатынас сипаты: осы саясатқа
бағыну, яғни экономикалық мәселелерді шешуге тең құқықтық немесе әлеуметтік
қорғау сұрақтарының басымдықтары;
әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдылық типі: белсенді, конструктивті,
немесе пассивті, компенсаторлы, яғни экономикалық (конъюктуралық)
ауытқулардан, нарықтық тепе-тендік пен теңсіздіктерден туындаған
жоғалтуларды толықтыруға арналуы.
Әлеуметтік қорғаудың құралдарын жүзеге асырудағы апараттарға жататын
критерийлер келесілер:
әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әртүрлі сектордың қатынасы: мұнда
мемлекеттік сектордың басым екені немесе жеке сектордың басымдылығы
ескеріледі, ерікті, қайрымдылық;
әлеуметтік қорғау жүйесін ұстаудағы жалпы ұлттық өнімдегі, ұлттық
табыстағы шығыстар үлесі;
мемлекеттік жүйенің құрылымы: әлеуметтік қызметтердің (білім беру,
денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау) немесе әлеуметтік
қамсыздандырудың басым болуы;
әлеуметтік қамсыздандыруда: артықшылықтың жалпы салықтық түсімдерге
немесе әлеуметтік сақтандыруға (сақтандырушылар жарнасы) көңіл бөлу.
Жоғарыдағы критерийлерге сүйене отырып, Европалық Одақ елдерінің
әлеуметтік қорғау жүйесіне 4 негізгі модельге бөліп көрсетуге болады:
континенталды модель, Скандинавиялық модель, Британдық модель және Жерорта
теңізінің моделі.
Континенталды модель өкілдеріне мынадай елдердің әлеуметтік қорғау
жүйелерін жатқызуға болады: Германия, Франция, Австрия және Бельгия. Бұл
елдерде әлеуметтік қорғауға көптеген қаржы жұмсалады. Континеталды модель
жәрдемақы ұсынуға екпінделеді. Бұл жерде мемлекеттің рөлі: бірінші кезекте
– әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру емес, алушыларға жәрдемақы төлеу[5].
Мысалы, Германияда азаматтарды зейнетақымен сақтандырудың заңдық
негізі мына мақсаттарды көздейді:
кәсіби және жалпы еңбек қабілетсіздігіне орай, тағы да жасына
байланысты зейнетақы төлеу,
отбасының сақтандырылған асыраушысынан айырылған жағдайда зейнетақы
төлеу[6].
Скандинавия моделінің өкілдері болып Швеция, Финляндия, Дания және
Норвегия елдері саналады. Бұл елдерде әлеуметтік шығындар өте жоғары.
Скандинавия моделінің орталық элементі – қоғамдық қызметтердің кең желісі
саналады. Континеталды модельден айырмашылығы, бұл жерде мемлекет
әлеуметтік қызметтерді басты өндіруші болып саналады. Қызметтер (білім
беру, денсаулық сақтау, балалар мен жасы жеткен қарияларды қорғау т.б.) көп
жағдайда муниципалитеттермен ұйымдастырылады. Скандинавия елдерінде
муниципиалды автономия әрқашан маңызды орында.
Британдық модель әлеуметтік қамтамасыз етуге шығындарды жеке сектор
арасында шамамен бірдей бөлуіне сипаттайтын мемлекет атынан Үкімет пен
жергілікті билік органдары болса, жеке секторды үй шаруашылығы мен
кәсіпорындар сипаттайды. Бұл модель Ұлыбританиядан басқа Италия,
Португалия және Люксембург елдерінде қолданылады.
Британдық модель – бұл бір жағынан Беверидж универсализмнің айрықша
комбинациясы болса, екінші жағынан әлеуметтік қамсыздандырудың аралас
жүйесінен орын алады. Британдық әлеуметтік қамсыздандырудың тарихи дамуы -
осы бірегей аралас әртүрлі типтерге құрылыммен түсіндіріледі. Британияда
денсаулық сақтау жүйесінің кең дамығандығы және жәрдемақылардың әмбебап
кестесі жұмыс істейді. Бір жағынан жәрдемақы деңгейі әмбебап жүйелерде
едәуір төмен болып және олар жеке сақтандыру мен әлеуметтік көмек
әдістерімен толықтырылады, біріншісі – жеңілдігі бар азаматтарға қатысты
болса, соңғысы – аз қамтамасыз етілген адамдарға қатысты.
Жерорта теңізі моделіне әртүрлі топтардағы елдерді жатқызуға болады:
Испания, Португалия, Греция, Италия және Ирландия. Мұнда әлеуметтік қорғау
жүйесінің негізгі жұмысы мен мазмұны мемлекет немесе Үкіметтік емес
ұйымдардың ұсынған әлеуметтік сақтандыруын бағыттайды. Бұл елдерде
әлеуметтік сфераға шығындар соңғы он жылда артса да, әлеуметтік қорғау
жүйесі халықтың басым бөлігін қамти алмайды. Жәрдемақылардың негізгі
деңгейі өте төмен болғандықтан, адамдардың бірнеше бөлігін ғана
қамтығандықтан, халықтың көп бөлігі көлеңкелі экономикада жұмыс істеп,
өздері күн көруде.
Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасу стадиясында
болып, оны әрі қарай дамыту үшін оптималды құрылымын белсенді түрде іздеу
жұмыстары жүргізілуде.
Орталықтандырылған экономика жағдайында әлеуметтік саясат халықты
әлеуметтік қамсыздандыру және қорғаумен байланысты болса, өтпелі кезеңде
әлеуметтік көмекке ауыстырылып, әлеуметтік приоритеттердің өзгеруі мен
мемлекеттік патернализмнің төмендеуіне алып келді.
Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда, нарықтық экономиканың бастапқы
қалыптасу кезеңінде экономиканың дағдарысқа ұшырауына байланысты қателіктер
жіберілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің Республикамыз
демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып есептеліп, халыққа
дұрыс жағдай жасау міндеттемесі алынды.
Бұл дегеніміз не?
Біріншіден, патернализмнен бас тартуы. Мемлекет әлеуметтік сферадағы
қызметтерді азаматтардың алуына қатаң бақылау шараларынан бас тартады.
Осы жерде айта кету керек, біздің азаматтардың менталитетінде негативтік
қоғамдық пікір туындап отыр. Біздің республика халқы және де бұрынғы
КСРО елдеріндегі халықтар мемлекеттің халықты толық қамтамасыз ету
принципіне үйреніп, нарықтық жағдайды ұнатпауда. Енді мемлекет өзінің осы
функцияларынан бас тартқанда, көптеген халық бөлігі наразылықтарын
білдіруде. Бұл саяси белсенділіктің төмендегенінде, Үкіметтің іс-әрекетінде
халықтың теріс көз-қарасы қалыптасып, билікке, сенімсіздігі арта түседі.
Екіншіден, әлеуметтік сфераның мемлекетсіздендірілуі және азаматтарға
әлеуметтік қызметтер көрсету функцияларынан мемлекеттің босатылуы. Көптеген
әлеуметтік қызмет түрлеріне мемлекет оператор болуды азайтады. Бұл
жағдайда, ол Заң шығарушы, ереже енгізуші ретінде танылып, делдалдық
қызмет атқарады.
Үшіншіден, әлеуметтік қызмет нарығының қалыптасуы, оларды өндірушілер
арасында бәсекелестікті дамытып, қызметтердің сапасын арттырып, оларды
өндіруге кеткен шығындарды төмендетеді.
Әлеуметтік саясат моделінің жүйелі өзгерісіндегі ең бірінші жағдай
болып, оның муниципализациялануы табылады. Әлеуметтік саясат табиғаты
муниципалды болуы керек: адам өзі тұрған жерде, өзі жұмыс істеген орнында
және тіршілік етіп отырған ортасында қолдау табуы керек және оның
материалдық қамтамасыз етілу деңгейі оңай бағаланады.
Жоғарыдағыны ескере отырып, Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғау
жүйесіндегі реформаларды жүзеге асыруда, қоғам мүшелеріне әлеуметтік
гарантиялармен қамсыздануына, еркіндік пен құқық беретін жүйелі әлеуметтік
қорғауды белсенді түрде іздеу міндеті тұр.

ІІ.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен
талдауы

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, оның алдында қалыптасқан
халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қайта қарау мәселесі өткір болды. 1991-
1992 жылдары бұл саладағы заңдық және институтционалдық базалары түбегейлі
өзгеріске ұшырады.
Жекелегенде мынадай Заңдар қабылданды: Семей ядролық полигонында
ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау
туралы(1992) және Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы (1992), және де Көпбалалы
отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы Президент Жарлығы (1992);
мемлекеттік сақтандыру Қоры (1992), Мемлекеттік жұмыспен қамту жәрдем
қоры(1991), Зейнетақы қоры (1991) құрылды.
1994 -1995 жылдары жаңа әлеуметтік қорғау жүйесінің бірқатар
концептуалды негізі салына бастады, бірақ оның ғылыми деңгейде екеніндігін
айту, әлі ерте еді.1994 жылдың 1 сәуірінен бастап республикада жаңа
дербестендірілген әлеуметтік жеңілдіктер ұсыну тетігі енгізілді. Мұнда
халықтың белгілі бір категорияларына ең төменгі бір айлық жалақы мөлшерінің
есебінен ақшалай өтемақы ретінде ай сайын дифференциалданған төлемдер беру
қарастырылды[7].
Жұмыс істемейтін зейнеткерлердің зейнетақысы ең төменгі жалақының 2-
дүркін шамасынан аспағандықтан, оларға заңды түрде белгіленген жалақы
мөлшерінің белгілі бір пайызы ретінде, ай сайын өтемақылар төленіп отырды.
1996 жылдан әлеуметтік қамсыздандырудың орнын басқан, әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің қалыптасуы басталды.
Әлеуметтік саланы реттеу жөніндегі көптеген нормативтік актілер нақты
әлеуметтік-саяси мақсаттарды көздегенмен, жалпы алғанда әлі толық піспеген
болды немесе елдің нақты экономикалық мүмкіншілігін ескере алмады. Сонымен
қатар жаңа саяси жағдайда әлеуметтік мәселелерді шешуде ескі әдістемелер
сақталды және рыноктық трансформация жағдайында тұтас әлеуметтік саясат
концепциясы жоқ болды.
1999 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы Заңына сәйкес, бұрынғы әлеуметтік зейнетақылар,
асыраушысынан айырылған жағдайда, жасына байланысты (тиісті стажы
жоқтарға), мүгедектігіне (1,2,3 топ мүгедектері, бала жасынан мүгедектер)
байланысты алатын тұлғалар, мемлекеттік жәрдемақы жүйесіне көшірілді, яғни
олар зейнетақы емес, мемлекеттік жәрдемақы ала бастады[8].
Жәрдемақылар халықты әлеуметтік қорғау органдары арқылы тағайындалып,
мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығын айналып өтіп, мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен төленіп отырды. 1999 жылдың басында азаматтарға жасына
байланысты жәрдемақы (зейнетақы алуға құқығы жоқ болғанда) 3-есептік
көрсеткіш мөлшерінде тағайындалды (2 мың теңгеге жуық), мүгедектерге (жалпы
ауруына сай) 2-4 мың теңге ( тобына сәйкес), еңбек зардабы және кәсіби
сырқатына байланысты мүгедектер 3300-5280 теңге мөлшерінде жәрдемақы алып
отырды.
Асыраушысынан айрылған жағдайдағы жәрдемақы мөлшері 4 –тен 10
есептік көрсеткішке дейін жетеді ( максималды сомасы 6 және одан да көп
балалары барларға беріледі, 7 мың теңгеге жуық). Заңды негізде жетімдерге
әлеуметтік жәрдемақы көзделген: 3300теңге - бірінші балаға, 1980 теңге
кейінгілерінің әрқайсысына, тұрғын-үй жәрдемақысы, егер тұрғын-үй
коммуналды қызметтеріне шығындар, отбасы табысының 30 пайызынан асқан
жағдайда беріледі.
Жанұялық жәрдемақы, егер, жиынтық табыс әр жанұя мүшесіне шаққанда 2-
дүркін есептік көрсеткіш шамасынан кем болғанда беріледі. Табысты
анықтағанда , жалақы, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, жеке
қосалқы шаруашылықтан түскен ақшалай және натуралды мағынадағы табыстар
алынады.
Әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен халықты әлеуметтік қорғау
1999 жылға дейін 1996 жылдың 18 шілдеде шыққан Міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы Заңымен реттеліп, соған сәйкес елдің азаматтарына
келесідей әлеуметтік гарантиялар ұсынылды:
зейнетақымен қамсыздандыру;
уақытша еңбек қабілетсіздігіне, жүктілігіне байланысты жәрдемақы;
сауықтыру сипатындағы қызметтер;
жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қолдау;
міндетті медициналық сақтандыру;
бала туылғандағы жәрдемақы;
жерлеу жәрдемақысы.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаты жұмыс берушілер мен жеке
тұлғалардың міндетті аударымдары есебінен құрылды. Оның ішінде 15 пайызы
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына, 10- жинақтаушы зейнетақы қорларына,
1,5 – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, 2 – Жұмыспен жәрдемдесу
қорына, 3 – Міндетті медициналық сақтандыру қорына бағытталды[9].
1999 жылы әлеуметтік қорлар төлемдері бірегей әлеуметтік салыққа
ауыстырылды, оның қаражаты қатаң мақсатта тағайындалып, жұмсалады, яғни,
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына, медициналық қызметтерді төлеуге,
жұмыспен қамту қызметіне бағытталады. 2001 жылы оның мөлшері еңбекақы
қорының 21 пайызын құрады.
Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік көмекке мұтаж және әлеуметтік
қорғауды қажетсінетін азаматтарға мемлекет тарапынан әр түрлі көмектер
көрсетіліп, жәрдемақы, зейнетақылар беріледі. Бұл көмектер мемлекеттік
бюджеттен қаржыландырылатын болғандықтан, республикалық және жергілікті
бюджет көздерінен төленеді.
Республикалық бюджеттен келесідей көмектер мен жәрдемақылар төленеді:
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы:
1.1. мүгедектігіне байланысты жәрдемақы;
1.2. асыраушысынан айрылғанына байланысты жәрдемақы;
1.3. жасына байланысты жәрдемақы.
Зейнетақы.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар:
3.1. Ұлы Отан Соғысына қатысқандар;
3.2. Ұлы Отан Соғысының мүгедектері;
3.3. ҰОС қатысушыларға теңестірілгендер;
3.4. Жауынгерлердің некеге отырмаған жесірлері;
3.5. ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдері;
3.6. Батырлар.
Жергілікті бюджеттен төмендегідей жәрдемақылар төленеді:
Хабар-ошарсыз кетіп, қайтыс болғандардың отбасылары.
ҰОС тылындағы орден және медальдармен наградталған тұлғалар.
1988-89 жылдардағы ЧАЭС жоюға қатысқандар.
І және ІІ топ мүгедектері.
ІІІ топ мүгедектері.
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.
Орден және медальдармен наградталғандар.
Көпбалалы отбасылар.
Саяси репрессия құрбандары.
Дербес зейнеткерлер.
Жоғарыдағы көрсетілген жәрдемақылар мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығынан төленеді[10].
Әлеуметтік салада аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мемлекет
тарапынан үнемі бақылауда. Сондықтан осы істі жүзеге асыру мақсатында 2001
жылы 17 шілдеде Мемлекеттік атаулы көмек туралы Заң шықты. Бұл Заңға
сәйкес, бұл көмек өте мұқтаж отбасыларына беріледі. Қаржыландыру көзі
жергілікті бюджет болып табылады. Жаңа Заң Республика көлеміндегі барлық аз
қамтамасыз етілген азаматтарды тең қамтуды көздейді. Көмек көрсетудің
негізгі белгісі кедейлік шегі мен учаскелік комиссияның шешімі болмақ, яғни
бұл Заңның қабылдануы негізінен аз қамтамасыз етілген азаматтардың табысын
кедейлік шегінен төмен түсірмеуді көздеп, сонымен қатар, мемлекеттік
қолдаудың атаулылығымен оны бөлу барысының әділ болуына бағытталған. Атаулы
көмек белгілі бір жағдайға байланысты өзін тұрақты табыспен қамтамасыз ете
алмайтын жұмысқа қабілетті азаматтарды уақытша қолдау екенін естен
шығармаған жөн. Бұл көмек халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы
ұйымдастырылады. Мемлекеттік атаулы көмекпен қатар, бұл басқармада тұрғын
үй жәрдемақысы беріледі, яғни отбасының жиындық табысының 30% коммуналды
төлемдерге кеткен жағдайда төленеді. Үшінші көмек түрі мүгедек балаларды
үйінде асырап отырған отбасыларға беріледі. Жүйелеп айтсақ, әлеуметтік
қорғау басқармасынан келесідей көмек түрлері беріледі:
Мемлекеттік атаулы көмек.
Тұрғын үй жәрдемақысы.
Мүгедек балаларды үйінде асырап отырған отбасыларға жәрдемақы.
Мемлекеттік атаулы көмек мөлшері өмір сүру минимумының 30 пайызын
құрайды. Қазіргі таңда бұл 1513 теңгені құрап кедейшілік шегін анықтап
отыр.Әлеуметтік қорғау басқармасына берілетін көмектердің барлығы
жергілікті бюджет есебінен қаржыландырыла-ды4.
Мемлекеттік атаулы көмек мынадай жәрдемақылардың түрлерін өз ауқымына
кіргізді:
Балалар жәрдемақысы.
Жұмыссыздық жәрдемақысы.
Жерлеу жәрдемақысы.
Бала туылғанда берілетін жәрдемақы.
4 баладан жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламасы
Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен талдауы
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасы тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейін және әлеуметтік жағдайын талдау
Кедейшілікке қарсы күресудің халықаралық тәжірибесі
Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық негіздері
Әлеуметтік-демографиялық процестер
Пәндер