КАПИТАЛДЫҢ ҚОРЛАНУ ПРОЦЕСІ
АҒЫЛШЫНША БАСЫЛУЫНА АЛҒЫСӨЗ
Капиталдың ағылшынша аудармасын басып шығарудың қажеттігін дәлелдеп
жатудың керегі жоқ. Онан гөрі, керісінше, осы кітапта дамытылған теориялар
әлденеше жылдар бойы Англиянын да, Американың да мерзімді баспасөзі мен
ағымдағы әдебиетінде ылғи талқыланып та, шабуылға ұшыpaп та, қорғалып та,
түсіндіріліп те, бұрмаланып та жүрген мәселе болуына қарамаста, бұл
басылудың осы уақытқа дейін не себепті кешеуілдеп келгенін сұрастырған
дүрыс болған болар еді.
Капиталдың авторы қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай 1883 жылы бұл
еңбектің ағылшынша басылуының қажеттігі айқын болған кезде, Самюэл Мур
мырза — Маркстің және осыны жазып отырған автордың ескі досы, бұл кітаптың
предметімен, мүмкін, басқа жұрттың бәрінен де гөрі көбірек таныс кісі — бүл
кітапты аударуды өз міндетіне алуға келісті, бұл аударманы Маркстің әдеби
өсиетін орындаушылар жариялауға тырысты. Өз тарапымнан мен қолжазбаны
түпнұскамен салыстыруга және қажет деп тапқан өзгерістерді енгізуге тиісті
болдым. Алайда Мур мырзаның кәсіби қызметі оған аударманы, біздің
бәріміздің сонша тілегеніміздей, тез бітіруіне кедергі жасайтын болып
шықты. Сондықтан біз бұл жұмыстың бір бөлегін өз міндетіне алғысы келетін
доктор Эвелингтің ұсынысын ыкыласпен қарсы алдық. Мұнымен қатар Эвелинг
ханым, Маркстің кіші қызы, цитаталарлы салыстыруды және ағылшын авторлары
мен Көк кітаптардан алынған. Маркс неміс тіліне аударған көптеген
үзінділердің түпнұсқа текстін тауып беруді міндетіне алды. Бұл жұмысты ол
лажсыздан қалған азын-аулағы болмаса, түгелінен орындап шықты.
Доктор Эвелинг кітаптың мына бөлімдерін аударды:
1) X тарау (Жұмыс күні) мен XI тарау (Қосымша құнның нормасы мен
массасы); 2) VI бөлім (Жалақы, ХІХ-ХХІІ тараулар); 3) XXIV тараудың 4-ші
бөлімінен (Қорланудың мөлшерлерін анықтаушы жағдайлар және т.т.) бастап
кітаптың аяғына дейін, бүған XXIV тараудың соңғы бөлімі, XXV тарау және
бүкіл VIII бөлім. (XXVI— XXXIII тараулар) кірі
4) автордың екі алғысөзі. Кітаптың барлық баска бөлімдерін Мур мырза
аударды. Сонымен, аудармашылардың әрқайсысы жұмысының тек өз бөлімі үшін
жауап береді, ал бүкіл жұмыс үшін тұтас алғанда жалпы жауапкерлікті мен
өзіме аламын.
Біздің бүкіл жұмысымыздың негізіне алынған немісше үшінші басылуын
мен 1883 жылы әзірлеген едім. Мұны әзірлегенде мен автордың қалдырған
ескертпелерін пайдаландым, мұнда автор екінші рет басылған текстің кандай
бөлімдері 1872—1875 жылдары французша басылып шықкан текстің үзінділерімен
ауыстырылуға тиіс екенін көрсеткен. Сонымен, екінші басылуының текстісіне
енгізілген өзгерістер Маркстің өзі ағылшынша басылуына арнап жазған
бірқатар нұсқауларында ұсынған өзгерістермен жалпы алғанда дәл келеді; бұл
аударма бұдан тоғыз жыл бұрын Америкада жасалмақшы болған, бірақ көбінесе
лайықты аудармашының жоқтығынан орындалман қалған-ды. Бұл нұсқаулар
көрсетілген қолжазбаны бізге Хобокенкен, ІІыо-Джерси штаты, біздіц ескі
досымыз Ф.А. Зорге табыс стті. Онда французша басылуынан бірнеше қосымша
жазбалар белгіленген; бірақ бұл қолжазба Маркстің немісше үшінші басылуы
үшін жасаған нұсқауларынан бірнеше жыл бұрын жазылған себепті, мен оны тек
жеке реттерде ғана және көбінесе белгілі қиыншылықтарды шешуде ол бізге
жәрдем ететін кезде пайдалану праволымын деп есептедім. Қиын жерлердің
көбінде французша тексті де біз үшін мынадай ретте нұсқау болды: аудармада
түпнұсқа текстінен маңызы бар бірер сөзді алып тастау қажет болғандр
автордың өзі бұлай етуден тайынбағанын біліп отырдык
Алайда, біз оқушыларды құтқара алмаған бір қолайсыз жағдай бар. Бұл
кейбір терминдердің күнделікті өмір ғана емес, сонымен катар кәдімгі саяси
экономияда колданылатын мағынадан өзгеше мағынада қолданылуы. Бірак мұның
өзі болмай қоймайтын нәрсе. Ғылымда әрбір жаңа көзқарас ғылымның техникалық
терминдерінде революция жасалды.
Мұның өзі бәрінен де гөрі химия мысалынан жақсы көрінеді, оның бүкіл
терминологиясы әрбір жиырма жыл шамасында түбірінен өзгеріп отырады,
сондықтан түрліше атпен аталу сатысынан өтпеген бірде-бір органикалық
қосындыны табу екіталай. Саяси экономия әдетте коммерциялық және өнеркәсіп
өмірінің терминдерін бастапқы кездестірген түрінде алып, пайдаланып жүрді,
бірақ бұлай еткен күнде осы терминдер арқылы берілетін ұғымдардың тар
шеңберінен шыға алмайтынын ол мүлде байқамады. Мәселен, классикалық саяси
экономия пайда мен рента өнімнің акы төленбеген бөлегінің бір бөлшегі,
үлесі, жұмысшы өз кәсіп иесіне беруге тиісті үлесі ғана екенін (өйткені
кәсіп иесі оны тек бірінші болып иемденеді, бірақ оның бірден-бір ақтық
қожасы емес) білетін-ді.
Алайда тіпті классикалық саяси экономия да пайда мен рента жөніндегі
кәнігі көзқарастардың шеңберінен шыққан жоқ, өнімнің бұл бөлегін (Маркс
қосымша өнім деп атаған бөлегін) ешқашан да жинақтап зерттеген емес.
Сондықтан ол оның тегі мен жаратылысын да, оның құнының кейінгі бөлінісін
реттейтін заңдарды да анық түсіну дәрежесіне жеткен емес.
Дәл сол сияқты бүкіл өндіріс, ауыл шаруашылығы мен қолөнер кәсібінен
басқасы, ешбір талғаусыз мануфактура деген терминмен қамтылады. Сөйтіп
экономикалық тарихтың бір-бірінен едәуір алшақ жатқан, ірі-ірі екі
дәуірінің: қол еңбегі бөлінісіне негізделген нағыз мануфактура дәуірі мен
машиналар қолдануға негізделген осы заманғы өнеркәсіп дәуірі арасындағы
айырмашылық жоғалып кетеді. Сондықтан өзінен айқын бір жағдай, осы
заманғы капиталистік өндірісті адамзаттың экономикалық тарихының өтпелі
сатысы деп қана қарайтын теория өндірістің бұл формасын мәңгі және
түпкілікті деп қарайтын авторлардың кәдімгі терминологиясынан өзгеше
терминдер колдануға тиіс.
Автордың цитата алу жөнінде қолданған методы жайында бірнеше сөз айту
артық болмайды. Көп реттерде цитаталар ол үшін, әдеттегідей, текстіде
айтылған пікірлерді қуаттайтын документтік дәлелдер болып табылады.
Алайда көптеген ретттерде экономистер шығармаларынан алынған үзінділер
белгілі қағида қашан, қайда айтылғанын, оны тұңғыш рет кімнің айкын
айтканын көрсету үшін цитатаға алынады. Атап айтқанда цитатаға алынған
қағида белгілі бір уақытта үстемдік еткен қоғамдық өндіріс пен айырбас
жағдайларын азды-көпті адекватты көрсететін маңызды қағида ретінде
келтіріліп отырады. Онан соң цитата келтірілгенде айтылып отырған қағида
Маркстің әз пікірімен үйлесе ме, жоқ па, немесе, басқа сөздермен айтқанда,
оның жалпы маңызы бар ма, жоқ па, онын ешбір келер-кетері жоқ. Бұл
цитаталар, сонымен, текстіні жол-жөнекей ғылым тарихынан алынған
түсінікпен толықтырады.
Біздің аудармамыз бұл еңбектің кітабын ғана қамтиды. Бірақ бұл
бірінші кітап едәуір дәрежеде аяқталған тұтас кітап болып табылады және
жиырма жыл бойын дербес шығарманың орнын басып келеді. Германияда 1885ж.
мен шығарған екінші кітап 1887 жылдың аяғынан ерте жариялана қоймайтын
үшінші кітапсыз толық болмайтыны сөзсіз. Үшінші кітаптің немісше тұпнұсқасы
баспадан шыққан кезде екі кітаптың ағылшынша басылуын әзірлеу туралы ойлау
әбден орынды болады.
Континентте “Капиталды” жұмысшы табының библиясы деп жиі атайды.
Жұмысшы қозғалысымен таныс адамдардың ешқайсысы да бекер де алмайтын нәрсе
сол, “Капиталда” жасалған қорытындылар күн сайын бірден бірге тек Германия
мен Швецарияда ғана емес, сонымен қатар Францияда, Голландияда, Бельгияда,
Америкада және типті Италия мен Испанияда да жұмысшы табының ұлы
қозғалысының негізгі принциптеріне айналып келеді. Жұмысшы табы барлық
жерде де бұл қорытындыларды өздерінің тұрмыс жағдайы мен арман-тілектерін
дәл көрсететін қорытындылар деп білінеді.
Бірақ әңгіме мұнымен тынбады. Англияның экономикалық жағдайын терең
зерттеу ұлттың аса зәру қажеті болатын уақыт тез жақындап келеді.
Басқа елдердің тез дамушы өнеркәсібі барлық жерлерде де ағылшын
өндірісінің жолында көлденең тұра бастады.
Өндіргіш күштер геометриялық прогрессиямен өсіп отырған болса,
рыноктар ең мықтағанда арифметикалық прогрессиямен ұлғаюда. 1825 жылдан
бастап 1867 жылға дейін үнемі қайталанып отырған онжылдық тоқырау, гүлдену
асыра өндіру және дағдарыс циклі шынында тоқталған сияқты көрінсе де,
біздің барып тұрған үмітіміздің үздіксіз және үйреншікті депрессияның
батпағына батыру үшін ғана тоқталған болып шықты.
Оның бер жағында, әрбір қыс түскен сайын: “Жұмыссыздарды қайтеміз?”
деген келелі сұрақ көз алдымызда бадырайып тұра қалды.
Күмән жоқ, мұндай кезеңде өз өмірінің өнбойында Англияның экономикалық
тарихы мен жағдайын зерттеп, соның нәтижесінде, ең болмағанда, Еуропада
Англияның сөзсіз болатын әлеуметтік революциясы түгелдей бейбіт және жария
жолдарын іс жүзінде асыра аларлық бірден-бір ел деп қорытындыға келген
адамның үні естілуге тиіс. Әрине, бұл арада ол: Англиядағы үстем таптардың
осы бейбіт және жария революцияға “құлдықты қорғап бүлік” шығармай көне
қоюы екі талай деп ескертуге ешқашан да ұмытқан емес.
Фридрих Энгельс
5 ноябрь, 1886 ж.
ТӨРТІНШІ БАСЫЛУЫНА АЛҒЫСӨЗ
Төртінші басылуында мен мүмкіндігінше текстінің өзінің де,
ескертулердің де түпкілікті редакциясын анықтауды қажет деп есептедім. Бүл
міндетті қалай орындағанымды мен қысқаша көрсетіп өтейін.
Французша басылуын және Маркстің өз қолымен жасалған белгілерін тағыда
салыстырып шығып, мен одан немісше басылуына бірнеше жаца қосымшалар алдым.
Олар 80-бетте (үшінші басылуының 88-беті) [осы томның 130—131-беттері],
458—460-беттерде (үшінші басылуынын 509—510-бсттері) [осы томның
502—505-беттері], 547—551-беттерде (үшінші басылуының 600-беті) [осы томның
595—599-беттері], 591 —593-беттерде (үшінші басылуының 644-беті) [осы
томның 637— 639-беттері] және 596-бетте (үшінші басылуының 648-беті)
[осы томның 642—643-беттері], 79-ескертуде бар. Оның үстіне французша және
ағылшынша басылуларының үлгісі бойынша, мен текстіге (төртінші басылуының
161—467-беттері) [осы томның 506—511-беттері] кен жұмысшылары
туралы үзақ ескерту қостым (үшінші басылуының 509—515-беттері). Басқа
ұсақ түзетулср кілең жән түзетулер ғана.
Оның үстіне мен езгерген гарнхи жағдайларға сәйкес өз ойымша керек болып
көрінген жерлерге бірнсшс қосымша түсінік ескертулер енгіздім. Бұл
қосымша ескертулердің бәрі шаршы жакшаға алынып, менің инициалдарыммен
көрсетіліп отырды.
Көптеген цитаталарды толық тексерудіц өзі сол кездегі ағылшынша
басылуы үшін кажет болмп иіықты. Маркстің кіші кызы, Элеонора, келтірілген
цитаталардын басым көпшілігі ағылшын цитаталары болғандықтан бұлардың бәрін
түп нұсқаларынан іздеп табуды өз міндетіне алды, мұндағы мақсат бүл
цитаталарды немісшеден қайта аудару түрінде емес, тұпнұсқа ағылшын тексті
бойынша беру еді. Сөйтіп, мен төртінші басылуында қалпына келтірілген осы
текстіні еске алуға тиісті болдым. Бұлардың кейбір жерлерінде ұсақ-түйек
кемістіктер бар екені байқалды: беттері теріс көрсетілген, бұл қателердің
бір бөлегі дәптерлерден көшірерде кеткен болса, екінші бір тобы үш жолғы
басылуында жиналған әріп кателері; тырнақшаның немесе сөзді бөліп алу
белгілерінің теріс койылуы көшірмелі дәптерлерден көптеген цитаталар
келтірерде мүлдем сөзсіз болатын кемшіліктер; ксйбір реттерде цитатаны
аударғанда онша орынды алынбаған сөз де кездеседі. Кейбір цитаталар
1843—1845 жылдары Парижде жазылған ескі дәптерлсрдсн алынгаи, ол кезде
Маркс ағылшын тілін білмейтін де, ағылшын экономистерін французша
аудармасынан оқитын; кей жерлерде екі дүркін аударудың салдарынан цитатаның
мағынасы біраз өзгсріп кеткендіктен,— мәселен, Стюарттан, Юрдан және т. б.
алынған цитаталар,— мен ағылшын текстін пайдаландым. Басқа да, ұсақ-түйек
үйлесімсіздіктер мен кемшіліктер осылар тәрізді. Төртінші басылуын бұдан
бұрынғы басылуымен салыстырған оқушы бүкіл осы мұқият тексеру процесі
кітапқа айтуға тұрарлық тіптен де өзгеріс енгізе қоймағанын көріп біледі.
Тек бір ғана цитата, атап айтқанда Ричард Джонстан алынған цитата
(төртінші басылудың) 62-беті [осы томный 609-беті], 47-ескерту) мүлде
табылмады; Маркс, сірә, кітаптың атын жазғанда қателескен болар. Барлық
басқа цитаталардың дәлелдік күші толық сақталды немесе қәзіргі неғұрлым дәл
түрінде тіпті күшейе түсті.
Бірақ бұл арада мен бұрынғы бір оқиғаға қайта оралуға тиіспін. Менің
өз басым Маркс алған цитатаның дұрыстығына күмән келтірілген бір ғана
жағдайды білемін. Бірак бұл цитата жөніндегі оқиға Маркс қайтыс болғаннан
кейін де көтерілгендіктен мсн ол жөнінде үндемей кете алмаймын.
Берлиндік Concordia журналында, неміс фабрнканттары одағының осы
орғанында, 1872 жылы 7 мартта: Карл Маркс цитатаны қалай алады деген атпен
аноним мақала басылды. Моральдік ашу-ыза мен парламенттікке жатпайтын
сөздерді мейлінше мол төгіп, бұл мақаланың авторы: Гладстонның бюджет
туралы 1863 жылы 16 апрельде сөйлеген сөзінен алынған цитатаны Маркс
бұрмалап жіберген деп соғады (цитата Жұмысшылардың Халықаралық Серіктігінің
Құрылтай Манифесінде 1804 жылы келтірілген және Капиталда басылуының 671-
беті [осы томның 663-беті]. Hansard-тың стенографиялық (жалған ресми)
есебінде, дейді жоғарыда аталған мақаланың авторы, Маркс цитатаға алып
отырған: “байлық пен қуаттың мұншалық таңғажайып өсуі... тек қана дәулетті
таптармен тынады деген сөйлем атымен жоқ. Бірақ Гладстонның сезінде бұл
сөйлем жоқ. Онда мүлде басқа сөздер айтылған (ал одан кейін қара әріппен
басылған): Маркс бұл сөйлемді формасы жағынан да, мәні жағынан да ойша
қиыстырған.
Маркс “Concordia” ның бұл номерін майда алып, анонимге Volksstaall-
тың 1 июньдегі номерінде жауап берді. Ол өзінін цитатасын кандай газеттің
есебінен алғанын еске түсіре алмағандыктан, ағылшындық екі газетінен дәл
осындай цитаталар келтірумен тынды да. одан кейін Times-тың есебінен
цитата алды, бұл есепке қарағанда Гладстон былай деген:
Байлық тұрғысынан біздің еліміздің халі осындай. Шынымды атайын, егер
байлық пен күш-қуаттың мұншалық таңғажайып өсуі тек қана дәулетті таптармен
тынатынына көзім жеткен болса, мен бұған шамамда қауіптеніп те, қайғырып та
қараған болар едім. Ал оның бержағында біз қолымыздағы фактілерден жұмысшы
халықтың халі жөнінде ешкандай мәлімет ала алмай отырмыз. Өз ойымша мүлде
дәл мәліметтерге сүйене отырып, мен жаңа ғана суреттеп өткен байлықтың өсуі
тек қана дәулетті таптармен тынады.
Сонымен, Гладстон бұл арада: егер мұның өзі осылай болған болса, оған
қатты қынжылған болар едім дейді, бірақ жағдай шынында да нақ осылай: күш-
қуат пен байлықтың мұншалық таңғажайып өсуі тек қана дәулетті таптармен
тынады дейді; ал жалған ресми Hansard-қа келетін болсақ, Маркс одан кейін
былай дейді: Гладстон мырзаның естиярлығы соншалық, мезгілі өткен сон
барып редакцияланған өз сөзінен Англияның қазына канцлері ретінде өзінің
беделін сөзсіз түсірерлік жерін алып тастаған; мұның өзі, тегінде, әсте
титімдей Ласкердіц Бебельге қарсы ойлап тапқан өнері емес, Англияда әдетке
айналған парламенттік дәстүр.
Бірақ аноним барған сайын қатты күйіп-піседі. Өзінің жауабында
(Concordia, 4 июль) ол екінші колдан алынған деректемелердің бәрін
бекерге шығарады да, парламенттік сөздерді тек қана стенографиялық есептер
бойынша цитатаға алу әдетін қолдану керек деп білгішсіне ақыл айтады;
бірақ, деп сендірмек болады ол одан соң: Тіmes-тың есебі мұнда ойша
қиыстырылған сөйлем бар) және Hansard- тың есебі (мұнда ол сөйлем жоқ)
мазмұны жағынан бір-біріне әбден үйлеседі, “Times”-тың есебінде де
Құрылтай Маннфесіндегі атышулы жерге мүлде қарама-қарсы мәлімдеме бар
дейді; оның бер жағында бұл мырза осы мүлде карама-қарсы делінген
мәлімдеменің қасында дәл әлгі атышулы жердің тұрғанын ауызға алмауға
тырысып бағады. Осылардыц бәріне қарамастан, аноним өзінің тұтылып қалғанын
және бұдан жаңа бір амал-айла арқылы ғана құтыла алатынын сезеді.
Жаңа ғана дәлелденгеніндей, бастан-аяқ “өрескел өтірікке” толы өзінің
мақаласын ол: mala fides (арсыздық)
арамдық, өтірік көрсетущілік, бұл—өтірік цитата,
ерескел өтірік, “мүлде жалған цитата”, бұл — жалған,
нағыз ұятсыздық деген сияқты ең былапыт сөздермен бас
тайды. Бірақ сонымен катар ол даулы мәселені байқаусыз
жаңа арнаға аударуға тырысады да: Гладстон сөздерінің мазмұнына біз
(яғни шыншыл аноним) қандай мән беретінімізді екінші мақалада көрсетеміз
деп уәде етеді.
Жұрттың бәрі үшін мүлде манызы жоқ оның пікірінің іске пәлендей бір
қатысы бар сияқты. Бұл екінші мақала Сопсоrdiа-да 11 июлі
басылды.
Маркс 1863 жылы 17 апрельде шыққан Morning Star мен Morning
Advertisent-дің тиісті жерлерінен цитата келтіріп, 7 августағы Volksstaatt-
та тағы да жауап қайтарды. Бұл екі деректемеге сәйкес, Гладстон мынаны
айтқан: егер байлық пен күш-қуаттылық таңғажайып өсуі тек қана дәулетті
таптармен (classes in easy circumstances) тынады деп ойлаған болсам, бұған
қауіптеніп те, т. т. қараған болар едім, бірақ мұның өсуі шынында да
меншігі бар таптарға ғана қатысты (entirely confined to classes possessed
of property) деген; сонымен, Маркс “ойша қиыстырды” деген сөйлем бұл
есептерде сөзбе-сөз қайталанады. Онан соң Times пен Hansards-тың
текстерін салыстыра келіп, Маркс: келесі күні таңертең шыққан және бір-
біріне тәуелсіз үш газеттің де бұл пункт жөніндегі есептерінің сөзбе-сөз
үйлесуі бұл сөйлемнің ақиқат екенін айдан анық дәлелдейді деп тағы да
көрсетіп берді,— ол Hansards-тың есебінде бұл сөйлем жоқ, өйткені оны
белгілі әдет бойынша оратордың өзі қараған, сөйтіп Гладстон, Маркстің
сөзімен айтсақ, бұл сөйлемді кейіннен ұрлап қалады; ақырында, Маркс бұдан
әрі анониммен айтыс жүргізу үшін уақытым жоқ дейді. Бірақ аноним, сірә, осы
алған сыбағасына лықа тойған болу керек, әйтеуір енді Маркске Con-cordia-
ның номерлерін жіберуін қояды.
Жанжал сонымен түпкілікті аяқталып, ұмытылғандай болып еді. Рас, содан
бері Кембридж университетімен байланысы бар адамдардан Маркс Капиталда
сұмдық әдеби күнә
жасапты деген сыбыстарды бір-екі рет есіткеніміз бар-ды; алайла, бұл
жағдайды барынша мұқият іздестірсек те, ешнәрсенің анығына жете алмай
жүретінбіз. Сөйтіп жүргенімізде 1883 жылғы 29 ноябрьде, Маркс қайтыс
болғаннаи кейін 8 айдан соң, Times-тің бір хат басылды. Хат Кембридждегі
Тринити колледжінен келген, бұған Седли Тейлордың қолы қойылран; бұл хатта
өте жұпыны кооператор болып істейтін осы адамсымақ мүлде күтпеген жерден
бізге, ақырында, Кем-бридждегі өсек-аяң женінде ғана емес, сонымен қатар
Con-сог(1іа-дағы анонимді бүркеніп жүрген адам жөнінде де түсінік берді.
Ерекше таңқаларлық нәрсе,—дел жазады Тринити колледжіндегі адамсымақ,—
профессор Брентано (ол кезде Вреславльде кафедера басқарған, қәзір
Страсбургте)... Гладстонның сөзінен алынған цитатаны Интернационалын
(Құрылтай) Манифесіне сөзсіз ойша енгізлілген mala fides-ті әшкерелей
білді. Цитатаны қорғамақшы болған... Карл Маркс мырза Бренганоның шебер
соққысынан дереу күл-талқан болды, бірақ жан тәсілімі (deadly shifts)
алдында ол: Гладстон мырза :өзінің сөзі 1863 жылы 17 aпрельде Timеs-
қа толық күйінде басылғаннан кейін Hansard үшін кайталап киыстырып.
арылшыннын қазына канцлері ретінде өзінің беделін түсіретін бір жерін одан
алып тастады деуге дейін барды. Брентано текстерді мұкият салыстыра келіп,
“Times” пен “Hansarc”-тың есептері бір жерден шығады, сондықтан еппен
жұлынып алынған жеке цитаталар арқылы Гладстонның сөздеріне берілген мағына
мүлдем жойылады деп дәлелдеген Маркс уақытым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz