Кәсіпорын қорларының (капиталының) ауыспалы айналымы


ЖОСПАР
Кәсіпкерлік капитал2
1. 1. Кәсіпкерліктегі капиталдың қалыптасуы2
1. 2 Кәсіпорын қорларының (капиталының) ауыспалы айналымы5
1. 3 Капиталдар нарығы және оның мазмұны9
Кәсіпкерлік капитал
1. 1. Кәсіпкерліктегі капиталдың қалыптасуы .
Капитал (ағылшынша-бас мүлік, бас сома, латынша-ең басты) -экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін-өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А. Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің-меркантилистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж. ) деп аталған еңбегінде К. Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнән, мазмұнын айқындап көрсетеді. К. Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті-станок, машина, шикізат, т. б. түрінде.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге-идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Бұл жағдай Екропада 16-18 ғасырларда орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты.
Біріншіден , еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шеттелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардың көбеюі-бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.
Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаппай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-ақша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ қолөнершілер мен шаруалар ыдырай бастады. 16-18 ғасырларда батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл заңдар тарихқа « қарсы қанды заңдар» атымен кірді. Өйткені бұл заңдар экспроприацияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.
Екіншіден , елдің ішкі жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихи классикалық мысал бола алады-бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өріс алды.
Үшіншіден , капиталдың барлық нысандары-сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік-екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.
Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашқы қадамдары, мүліктік жіктелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп, кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер-сатып алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру қарқынын жоғарылатуды талап етті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет аппараты кең пайдаланылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын тездету, отарлық сқғыстар мен басып алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз үлесін қосты.
Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет ақша капиталының иелері арасында ірі сомаға заём орналыстыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз беруші бейнесін алған буржуазияға, үкіметтің міндеттемелеріне сәйкес төленетін, елеулі көлемдегі проценттерді иелеуіне мүмкіндік берді. Мемлекет несиенің дамуы құнды қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандандырды.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесі қызмет етті. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.
Капиталдың алғашқы қорлануын дайындап дүниеге әкелген өндіргіш күштердің дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуі және шамамен кең дамыған ұллтық нарықтардың қалыптасуы болды.
Әр елдердегі капиталдың алғашқы қорлануының негізгі заңдылықтарының баршасына тән ортақ белгілерінің болуы, оның осы елдердің әрқайсысына тән нақты нысандарының болуын жоққа шығармайды.
Бүгінгі біздің елдің басындағы өтпелі кезеңді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен теңдестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне, осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі ұғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді.
Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінле жаңа материалдық негізде кәсіпкерлер табының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар көздері бар.
Ішкіге алдымен жкешелендіру жатады. Ол мемлекеттік меншікті келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:
- өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес қайта бөлу;
- капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;
- жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сақтаушылардың «өз еркімен» өзіне қаратып алуы;
- таңдаулы (элитикалық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету беру;
- сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
- «челнок» импортынан түскен табысты алу;
- мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;
- коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т. б. .
Сыртқы қайнар көздеріне шетелдерден келіп жатқан несиелер жатады.
Капиталдың алашқы қорлануының маңызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсәпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1. 2 Кәсіпорын қорларының (капиталының) ауыспалы айналымы
- Кәсіпорындар қорларының ауыспалы айналымы, негізгі және айналмалы қорлар.
- Инвестициялар - өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде. Инвестициялар құрылымы.
- Кәсіпорындардың айналыс қорлары. Айналыс қорлары.
Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығы
қ. т. к. шығын
с с
C G I фирма
т. к. т. к.
ресурстар
Ресурстардың нарығы
Government - мемлекет (G)
Consumer - тұтынушы (C)
Investor - сатушы (I)
- Капитал өзінің қорғалысында өндіріс және айналыс үрдістерінен өтеді. Өндіріске енгізілетін капиталдың жылжуы аванстанған капиталдан басталады.
Қорлардың ауыспалы айналым формуласы:
Жұмыс күші Жұмыс күші
А А - Т Ө . . . Т - A’- Т
Құрал-жабдықтар Құрал-жабдықтар
2
1 3
Ресурстар нарығында ақша иесі жұмыс күші мен құрал-жабдықтарға ие болады.
Үш сатыдан өтеді:
- өндіріс факторларын сатып алу;
- айналыс сатысы;
- айырбас сатысы.
Капитал өз қозғалысында үш сатыдан өтеді бірінші сатыда, ақша қорлары тауар қорларына айналады. Бірінші сатыдағы қорлар - ақша қорлары. Бұл - айналыс сатысы. Ақша қорларының қызметтері қажетті өндіріс факторларын сатып алып, өндіріске дайындық. Екінші сатысы, өндірістік қорлар қызметі етіп, жаңа өнім және пайда өндіріледі. Үшінші сатысында:негізгі қызметі өндірілген өнімді өткізу. Бұл жердегі қорлар тауар қорлары деп аталады. Бұлар: дайын өнім.
Қорларының ауыспалы айналымы белгілі бір мерзімде өтеді. Аванстанған капиталдың бәрі үш сатыдан өтіп, өзінің мөлшерін қайтарған мерзімді капиталдық айналым уақыты деп аталады.
Әр саланың айналым мерзімі әртүрлі.
Капиталдың айналым мерзімі = өндіріс мерзімі + айналыс мерзімі
Өндіріс мерзімі = жұмыс мерзімі + әр түрлі үзілістер
Капиталдың айналуының шапшаңдығына түрлі факторлар әсер етеді. Солардың бірі - капиталдың негізгі және айналмалы болып бөлетіндігі. Бұл бөлініс капиталдың бөлшектерінің айналысымен және өзінің құнын жаңа өнімге ауыстыру әдісімен белгіленеді. Негізгі және айналмалы капиталға тек қана өндірістік капитал бөлінеді (бірінші себебі) .
Қ. Ж. А А - Т Өндіріс
Қ. Ж.
Е. З. Е. Қ.
Е. Қ. Е. З. А Н
Өндірістік капиталдың өндірістік үрдісінде түгелімен қызмет етіп, жаңа өнімге өзінің құнын бірте-бірте тозу жағдайында ауыстыратын капиталды негізгі капитал деп атаймыз. Негізгі капитал еңбек құралдарын (ғимараттар, машиналар, жабдықтар, т. б. ) сатып алуға аванстанады. Кәсіпкер негізгі капиталды бірден түгел мерзімде аванстайды, содан сол капитал жаңа өнім өндіріп, сатудан өткеннен кейін қайтып оралады. Негізгі капиталға жұмсалған қаржылар тұрақты шығындар (FC - fixing cost) болып жұмсалады. Негізгі капитал пайдалану жағдайында тозып, өзінің құнын бірте-бірте жаңа өнімге ауыстырады. Негізгі капиталдың тозуы физикалық және моральды түрде болып, оның ақшалай көрінісі, ақшалай өлшеуі амортизация деп аталады.
Айналмалы капитал бұл өндіріс капиталдың бірден түгелімен жұмсалып, жаңа өнімге өзінің құнын бірден өткізеді, содан кәсіпкерлер бір ауыспалы айналымның мерзімінде ақша түрінде түгелдей оралады. Айналмалы капиталға шикізаттарды, материалдарды, жанармайлар қуаттарды сатып алатын ақшалай қорлар жатады. Айналмалы капитал (VC - variable cost) тұрақсыз шығындардың ақшалай көрінісі болып табылады. Негізгі және айналмалы капиталдардың айналу шапшаңдығы әртүрлі. Негізгі капитал бір-ақ айналым жасағанда, айналмалы капитал көптеген айналымнан өтіп кетеді. Аванстанған капиталдың мөлшерінде неғұрлым айналмалы капиталдың үлес салмағы жоғары, соғұрлым жалпы капиталдың айналымы тез. Демек, пайдасы да жоғарылау.
1 млн
FC - 70% 30%
30% 70%
(негізгі капитал) (айналмалы капитал)
Негізгі капиталдың моральды және физикалық тозуы бар.
- Инвестиция дегеніміз - жаңа ақша қорларын жаңа күрделі істерге енгізу. Инвестициялар негізгі қорларды жаңартуға, жаңа техниканың жетістіктерін пайдалануға жұмсалатын шығындар. Инвестициялар, әсіресе, негізгі қорларды жаңартуға пайдаланылғанымен, сонымен бірге айналмалы қорлар да жаңарады.
Таза инвестициялар = жиынтық инвестициялар - орнын толтыру (возмещение)
Бұл тозған негізгі қорлардың орнын толтыру қорлары жаңа инвестицияларорнын толтыру қорларынан жоғары болса, онда таза инвестициялар капитал қорларының өсуін, кеңеюін көрсетеді. Жаңа инвестициялар орын толтыру қорларынан төмен болса, онда бар капитал бекер жұмсалады екен. Таза инвестициялар болмайды. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрі - кемімелі. Егер жиынтық инвестициялар орнына толтыру қорларына тең болса, онда капитал қорлары өспей, ұлғаймалы ұдайы өндіріс жай түрде болады. Инвестициялардың көздері өзіндік қаржылар, өзіндік қарыз (несиелер), мемлекеттік қаржыландыру, шетелдік қаржыландыру, халықтың банктерде сақтайтын қорлары, жекешелендіруден түскен қаржылар. Инвестициялар қысқа және ұзақ мерзімді болады. Инвестиция жасаған кезде әр кәсіпкер бүгінгі шығын мен ертеңгі пайданы салыстырады. Нарықтық экономика тұрақсыз болғандықтан инвестициялық жобаларды, демек, шығындар мен пайданы әрдайым қатты сараптау керек. Сонымен бірге, нарықтық экономикада ақшаның мерзімдік құны бар. Сол себептен:
- Ақшалар құнсызданады. Бүгінгі 1 теңге мен бір жылдан кейінгі 1 теңгенің сатып алу мүмкіншілігін салыстырып, санау қажет;
- Инвестициялар жасауға қаржылар бөлінгенде, қаржы иесі банк пайызын бақылайды. Мүмкін банкке қаржысын салып, инвестицияларға қарағанда пайыз жоғарылау болар;
- Тәуекелділік (риск) . Бүгін біреуге берген қаржылардың қайтуы екіталай. Кәсіпорындардың айналмалы қорлары.
Ж. К.
А - Т . . . Ө . . . Т’ - А’
Қ. Ж.
1 Е. Қ. Е. З. айналыс қор 2 3
АҚ = А 1 + Т 3 + Айырбас 2
Айналыс қорлар өндірістік капиталмен бірге жылжып, оның үзілмеуін қамтиды. Қорлардың ауыспалы айналымында айналыс қорлары қызмет істеуіне қарай айналмалы қорларымен ұқсас. Айналмалы қорлар ұқсап, бұлар әрбір айналғаннан кейін жаңарады. Ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтуда айналыс қорлары әрбір сатыда өзіне тән түрінде айналады. 1 сатыда - ақша түрінде, 3 сатыда - дайын тауар түрінде, 2 сатыда - шикізаттар, жанармайлар, складта жатқан өндіріске қажетті заттар көздеріне қарай. Айналыс қорлар өзіндік немесе қарызды болып келеді. Өзіндік қорлар кәсіпорындікі болғандықтан, жаңа өнімді өндіруге және сатуға арналады. Ал қарызды қорлар уақытша қажеттіліктерге пайдаланылып, қайтарылуы керек. Өндірістің тиімділігі айналыс қорларының айналу шапшаңдығына байланысты, сол себептен түрлі катализаторлар пайдаланылып, қорлардың ауыспалы айналымын әрдайым тездету керек.
1. 3 Капиталдар нарығы және оның мазмұны
Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі.
Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды: брінші-капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция), екінші-капитал деген ақша сомасы («монетарлық») . Екі жақ та капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді.
Осымен қатар «кпиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.
Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық кпитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар, т. б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады. Бұның схемасы мынадай (1. 1-сурет) :
1. 1-сурет.
Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz