Ақша жүйесінің мәні және түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ақша жүйесінің мәні және түрлері 1
Ақша массасы дегеніміз не? 2

Ақша жүйесінің мәні және түрлері

Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи
кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының
басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, йена, крона
және т.б.) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары
белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монетлар жүйесі, олар қолма-қол
айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде
бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымын жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе
күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін
атқарады.
2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға
айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және
монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті
пайдалану негізінде ХVІ-ХІХ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды.
ХІХ ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол
құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды
шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша
материалды болып, бір ғана металл – алтын есептелетін болды. Қағаз және
несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.
Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі – алтын монеталы стандарт.
Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие
ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталды. Екіншісі – алтын кесек
стандарты. Ол Англия мен францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде
енгізілді. Мұның ерекшелігі кұн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол
өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшіншісі –
алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда
банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады.
1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм
дәуірін тоқтатты.
ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие
ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айырықша белгілеріне мыналар жатады:
несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты
алтынға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналымының түрлері
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Экономикалық ұғымдар
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Ақша және ақша жүйесінің теориялық негіздері. ҚР ақша жүйесі
Ақшаның айналысының заңы ақша массасы
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер