Қазақстан республикасындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық
жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік
шеңберінде өзінің ұлттық, мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазақстан
Республикасының мүдделері, ең алдымен мынадай саяси және экономикалық
факторлармен байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарақтың
бар болуы, космостық база, ішкі саяси жағдайдың белгілі мөлшерде тұрақсыз
болу қаупі, халық санының арту қарқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік-
экономикалық артта қалуы, КСРО-ның тарауы салдарынан пайда болған
республикалардың әлемдік аренадағы қызметін реттейтін халықаралық құқық
механизмдерінің болмауы, республиканың "нативизацияға" бейімделуі.
Бұндай жағдайда Республиканың алдына шетелдермен және таяу шетелдермен
қарым-қатынастардың ұтымды жағын табу және күштердің қазіргі кездегі
балансына байланысты Азия мен Орта Шығыс кеңістігіндегі Қазақстанның
ғаламдық рөлін белгілеу мәселесі қойылады. Ұлттық мүдделер мен басымдық
таңдауды мемлекеттің саяси, әлеуметтік және қорғану салаларындағы
қызметінен іздеу керек. Қазіргі кезде көрініс алып отырған Қазақстанның
Ұлттық позицияларының белгілену тенденциясы, болашақта бұрынғы КСРО
шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы күш балансына әсер етуі мүмкін.
Қазақстанға әсер етуші күштер мыналармен анықталады: Ресей
мемлекетінің қарым-қатынасы (Шығысқа әуестенуі); Қытайдың мақсаттары
(өзінің экономикалық және саяси әсерін күшейтуде); Иран, Түркия, және тағы
басқа мемлекеттердің өзіндік мүдделері. Осыған байланысты Қазақстанның
мүддесіне ең бастысы мыналар жатады: Қазақстанның егемендігін және таңдаған
даму моделін құрметтеу, шекара қауіпсіздігі, экономикада, мәдениетте өзара
тиімді ынтымақтастық. Сонымен, республиканың мүдделері сыртқы факторлармен
тығыз байланысты және ол ішкі саясаттың макро және микро деңгейдегі
бағыттарына әсер етеді.
Қазақстан Республикасының болашақпен байланысты проблемакарына кең
ауқымда қарағанда, олар мына факторларға байланысты болады:
• коммуникация құралдарымен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгеніне
қарамастан, ашық теңізге шығу жолдарының болмағандығы белгілі мөлшерде
Қазақстанның дамуын шектейді. Қазақстан көп мемлекеттермен шекаралас болып
келеді, соған сәйкес шекаралас мемлекеттердің тұрақтылығы қайта ұйымдастыру
үлгісі жобасының дамуын қамтамасыз етпеді;
• жобалық мүдделерде Қазақстан Батыс үшін Ресеймен салыстырғанда
екінші дәрежеге лайық;
• ТМД елдерінің ішінде ешқайсысы, солармен қатар Ресей Федерациясы да
авуар ретінде көрініс ала алмайды, яғни ондай авуарға қол жеткізу мемлекет
үшін әлемде биік деңгейдегі бәсекелестікті туындатуына мүмкіндік берген
болар еді. Бірақ ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының
ондай мүмкіншілігі жоқ.
• Республиканың мүмкіндігі бейбітшілікті күшейтумен сипатталады.
Қазақстан ТМД шеңберінде де және шетелге қатысты саясатында да көптеген
ынтымақтастық шараларының қолдаушысы болып табылады. Сондықтан Қазақстан
Республикасы соғыс қаупін білдіруден аулақ.
• шетел эксперттерінің бағалауы бойынша Республика ғаламдық
маңыздылығы жағынан ұзақ және қысқа мерзімдік болашақта халықаралық
бәсекеге қауіп төндіру мүмкіндігіне ие емес, мұның себебі қолда бар
өндірістердің өзін қалпына келтіруге қаражаты жоқ, яғни Қазақстан
перифериялық мемлекет күйінде қала бермек.
• дамыған орта класы болмағандықтан Қазақстанның әлемдік даму үлгісіне
бет қоюға мүмкіндігі жоқ.
Бұндай жағдайда біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекет саясаты
экономикалық дамуға бағыт алуы қажет. Экономикалық факторларды дұрыс
бағаламау саясат және соғыс сферасында қауіптің шиеленісуіне әкеліп соғуы
ықтимал. Бұндай қауіп ішкі және сыртқы сипат түрінде туындайтындығына
көзіміз жетеді. Дамыған экономика, елдің өмір сүру деңгейінің төмендігі,
мамандар біліктілігінің төмендігі және ең бастысы олардың макро, микро
деңгейдегі экономикалық және саяси билікті қолдана отырып жемқорлыққа
жақындығы Қазақстанның қауіпсіздігін құрайтын факторлар болып табылады.
Сондықтан экономикалық дамудағы ішкі қайшылықтарға ерекше ықылас аудару
керек.
Сол сияқты, қауіпсіздік әр түрлі формаларда көрініс алуы мүмкін,
соғыс, саяси факторлардан бастап әлеуметтік, қаржы, сауда ақпарат
факторларына дейін; бұлардың әрқайсысы өз бетінше іске асырылып отырады.
Бұндай автономды режимнің болуы, біздің ойымыз бойынша, экономикалық
тәуелділіктің негізі сауда, қаржы, техника сияқты факторларын, сонымен
қатар, азық-түлік дағдарысы, экология, қылмыскерліктің өсуімен байланысты
экономикалық қауіптерді қарастыру қажеттілігі туындайды.
Сауда тәуелділігі екі вектордың нәтижесі болып табылады: бір жағынан
сауданың өнеркәсібі дамыған елдерге тәуелділігі, ал екінші жағынан әлемдік
нарықтағы циклдық өзгерістерге тәуелділігі. Дамушы елдердің тәжірибесі
бойынша, шетел капиталы қатаң мемлекеттік реттеу жағдайында да сыртқы
сауданы өзіне жағымды бағытта жүргізудің жолдарын табады.
Жүзеге асыру құралдары ретінде несиелік саясат және банктік бақылау
қолданылуы мүмкін. Тәуелділік модельдері әр түрлі болуы мүмкін:
• инвестицияланған тауарларға арналған негізгі фондтар (қорлар) тек
солардың фирмалары арқылы алынады;
• өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және басқа да салалардың құрылымын
реттеу, яғни саясаттың негізгі инвестор елдерінің ұлттық мүдделерінен және
олардың нарық көлемінен тұрады.
Бұндай экономикалық саясаттың арам ниетке істелген әрекет екендігіне
талас болуы сөзсіз. Шетел мемлекеттерінің сыртқы экономикалық шараларының
өзіндік ішкі мақсаттары болғанымен, бірақ оған қол жеткізген тиімділік
біркелкі емес.
Мысалы, Қазақстан үшін белгілі бір келісім тек қана бір стратегиялық
мақсатқа қызмет етуі мүмкін. Мысалы, сауда балансын жақсарту және шетел
валютасының ағымын көбейту, ал экономикалық дамыған ел бірнеше мақсаттарын
іске асырады.
Әлемдік шаруашылық тәжірибесі көрсеткендей, көптеген акциялардың әдейі
қолданылатындығы айқын көрінеді. Дәлірек айтқанда, экспорт пен импортты
көбейту немесе азайту (эмбарго, импорт тарифтері, квоталар, несиелерді
қысқарту және тағы басқа) арқылы экономикасы дамыған ел нашар дамыған елге
өздерінің мақсатына сәйкес іс-әрекет жасауына мәжбүр етеді.
Сонымен қатар, серіктес елдегі дағдарыс немесе құлдырау нашар дамыған
елдің экономикасына кері әсер етеді. Бұндай сауда тәуелділігінің себептері
сыртқы сауда үлесінің басым болуы және оның құрылымының деформациялануы.
Нарықтарға преференциалдық жол ашықтығы қарама-қарсы елде бақылау
жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, серіктес ел жағдайының белгілі
мөлшерде нашарлауы және оған экономикасы дамыған ел өзінің мүдделерін
мәжбүр ету және зорлап міндеттеу преференциалдық жол ашықтығының нәтижесі
болуы мүмкін.
Қазақстан ішкі затты экспорттаушы мемлекеттерге жататындығы бәрімізге
мәлім. Шикізатты қазып шығаруға мамандану ең тәуелді қызметтердің бірі.
Бұндай экспортқа арқа сүйеген мемлекет әлемдік нарықтағы циклдылықтан
әрдайым аса ірі валюталық шығынға түседі. Әлемдік нарықта шикізат
материалдарына сұраныс азаюда, бұл жағдай мынадай мәселелермен байланысты:
өндіріске материалдарды үнемдейтін технологияларды енгізу және оларды
дамыту, жаңа жасанды материалдарды жасап шығару. Бір мезгілде шикізат
бағасы төмендеп, ал импортталып отырған тауарлардың бағасының өсу құбылысы
байқалады. Бұндай айырбас шынайы ұлттық табыс мөлшерін азайтады, капитал
қорлануына кедергі болады.
Сонымен, дамушы елдердің бұл экспорттық салаларға арқа сүйеуге
мүмкіңдігі жоқ; өнеркәсіпте өзгерістер жүргізе алмайды; ауыл шаруашылығын
дамытып, өндіруші өнеркәсіп және инфрақұрылымның деңгейін көтеруге база
жоқ. Қазақстанда машина жасау, құрал-жабдық жасау және басқа да өндіріс
құралдарымен қамтамасыз ететін, ішкі нарық шеңберінде кеңейтілген ұдайы
өндіріс потенциалын қалыптастыратын салалардың дамымағандығы жағдайды одан
әрі шиеленістіреді. Соңында, Қазақстанның тағдыры Шығыстан, Батыстан және
ТМД елдерінің бір қатарынан бір жақты күдіктілігі. Мысалы, 1993 жылы импорт
құрамының 20%і машина, көлік және құрал-жабдықтардан тұрды. Бұл процент
ішінде республикаға өте қажетті және әр сәтте өндірістің тоқтауы қаупін
төндіретін 140 жұмыс құралдарының тізімі келтірілген.
Сонымен, экспорт пен импорттың құрамы сауда күдіктілігінің жоғары
деңгейіне әкеп соғады, бұның себебі, индустрияны анықтайтын негізгі өңдеуші
өнеркәсіптердің КСРО кезінде қалыптасуы бойынша, Қазақстанда емес ТМД
мемлекеттерінде орналасуы.
Сауда осалдылығымен қатар, Қазақстан үшін қаржы-экономикалық
байланыстар да қауіпсіздік үшін қатер болуы мүмкін және оның салдары
көпжақты болып келеді.
Капиталдың және еңбектің төмен деңгейдегі өнімділігі ең кемінде жай
үдайы өндірісті де қамтамасыз ете алмағандығы және технологиялық,
өнеркәсіптік потенциалдың деградациялық құрамы негізгі өңдеуші бөліктердің
алдына аман қалу мәселесін қойып отыр. Шаруашылық жабдықтарының барлығы
қазіргі кездегі талаптарға сәйкес емес, ал көбісі тез уақытта жаңа ресурсты
үнемдейтін жабдықтарға ауыстыруды талап етеді. Бірақ республиканың
осалсыздығын қамтамасыз ету тек қана халық шаруашылығының салаларында
негізгі қорларды жаңартумен ғана шектелмейді. Ұлттық нарық шеңберінде
капиталды шынайы қорландыру процесі өте қиындатылған және оның күрделі де
жаңа ыңғайын табуды талап етеді. Индустрияның жаңа кезеңі өнімнің капиталды
көп қажет ететіндігімен байланысты.
Егер бұл инвестициялық шектеуді жойсақ ең тәуір дегенде біз өндіріс
барысын бұрынғы көлемінде және бұрынғы техникалық базада қайталаймыз, ол
болса капиталист өндіріс тәсілінің алдындағы деңгейге тән. Сондықтан,
қорландырудың көлемін көбейту үшін сырттан көмек қажет.
Шетел инвестицияларының артықшылықтарымен қатар, олардың кемшіліктерін
де айта кетуіміз керек. Жаңадан салынып жатқан зауыттар көбіне өндіру
циклін дайын өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі және оның конституциялық негіздері
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет
ҚР-ң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңы
ҚР-ң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңы туралы
Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы бойынша еңбекті қорғау мен еңбектік құқықтық қатынастар
Пәндер