Қазақстан Республикасының валюталық саясаты


Қазақстан Республикасының валюталық саясаты
КСРО күйрегеннен кейін Қазақстан Республикасында да өндірістің құлдырауы, инфляция мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі типтес көптеген экономикалық проблемалар туындады.
Қазақстан Республикасы экономиканы тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бірқатар реформаларды қолға алды, бірақ бұл шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді. Қазақстанда ашық экономика принципі жирияланған еді. Бұл принцип оның әлемдік шаруашылық байланыстар мен халықаралық еңбек бөлінісіне біртіндеп кіруінің қажетті шарты болып есептеледі.
Қазақстанның экономикаға өту бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
1-кезең. 1992-1994 жж. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. Меншік пен нарықтық қатынастардың жаңа субъектілерін құрудың негізі ретінде мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру бағамы қолға алынды. Аралық капиталы бар бірлескен кәсіпорындар, шетелдік инвесторлар үшін жеңілдік жүйесі және қолайлы режимі бар еркін кәсіпкерлік аймақтар құрылды.
Елде нарықтық инфрақұрылым қалыптасты: коммерциялық банктердің кең жүйесі құрылды, биржалық сауда зор қарқынмен дамыды. Бірақ өнеркәсіптік және тұтынушылық пайдаланудағы өнімдерді шығару төмендеді. Инфляция 45-50%-ке жетті. Республика өзінің ұлттық валютасы - теңгені енгізуге мәжбүр болды. Айырбастаудың әлемдік жүйесінде қазақстандық ақша бірлігі өтімді емес (еркін айналмайтын) валюта болып саналады. Банктік ортада теңге жартылай айналымға түсетін валюта болады. яғни бұл келісімдер банкаралық валютада жүргізілуі тиіс.
Ұлттық валюта - теңгені енгізу күнінде (1993 жылдың 15 қарашасында) республика қажетті тұтынудың 60-65% көлеміндегі өзіндік алтын валюталық резервтерімен қамтамасыз етілген еді.
Қазақстан теңгесінің айналымға түскеннен кейінгі бағамы Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта биржасындағы күнделікті сауда-саттық кезінде анықталып отырды.
Валюталық нарыққа ұлттық валютаны енгізу сәтінде оның айырбас бағамы АҚШ-тың 1 долларына қатысты 4, 68 теңгеге тең болды. Ұлттық банк теңгенің жүйеге келтірген валюталық айырбас бағамы саясатын жүргізіп отыр, ол валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын сипаттайды.
Қазақстан “рубльдік аймақ” режимін сақтап қалуға ұмтылған еді, өйткені қалыптасқан экономикалық кеңістік пен шаруашылық байланыстарды қолдау қажет болды.
Бірақ көптеген экономистердің пікірі бойынша, бұл режим ең нашар ақшалық режмнің бірі болған еді. Қазақстан валютасы теңгені енгізуге дайындық процесі кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шетелдер, соның ішінде. ТМД елдері тәжірибесін мұқият зерттеді. Ұлттық валютаны енгізудің әр түрлі нұсқалары түбегейлі қарастырылды.
Әлемдік тәжірибеде валютаны енгізудің 3 түрлі нұсқасы бар:
- аралық енгізу;
- паралледі енгізу;
- тікелей енгізу.
Осы әдістердің үшінші нұсқасы таңдалды.
Валюталық режимді таңдау кезінде мемлекеттік комиссия Ұлттық банктің интервенциясымен валюталық нарықты басқаратын жүзу режимін белгіледі. Бұнымен қатар, біртұтас валюта бағамы мен теңгенің еркін айырбасталауы қолданылды. Олар ағымдық шот бойынша операцияларды қамтыды және шетелдік инвесторлардың пайдасын тіркеді.
2-кезең: 1994-1995 жж. Бұл кезеңде отандық заңды құқықтық база, соның ішінде валюталық базасы қалыптасты. Екінші кезеңде жекешелендіру процесін аяқтау және шетелдік акциялардың мемлекеттік пакетінің 80%-ке дейінгісін беру жоспарланды.
Валюта нарығының қалыптасуымен қатар, құнды қағаздар нарығы да құрылды.
Реформалау саясатының басым мақсаттарының бірі - еркін ауыстырылу (конвертация) проблемасы болды. Сондықтан валюталық нарықтың өтімділігін қамтамасыз ету және теңгенің ішкі өтімділігіне қол жеткізу мақсатында барлық валюталық табысты елге қайтару шаралары жүргізілді. 1993 жылдың желтоқсан айының соңында АҚШ долларына да, Ресей рубліне де қатысты теңге бағамы күрт төмендегені атап өтілді. Қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қатаң несиелік саясат жүргізді, ол нақты айырбас бағамын салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік берді. Бірақ наурыз айында номиналды айырбас бағамы төмендей берді (осының әсерінен несиелік эмиссия күшейді) .
1994 жылы Ұлттық валюта бағамының төмендей қарқыны шамамен 11, 6%-ті құрады (орташа айлық есептеу бойынша), ол 1995 жылы 11, 5%-ке тең болды. Осы жылдардағы валюта бағамының динамикасы оның төмендеу қабілетілігін көрсетті, ол инфляция деңгейі мен экономиканың дағдарыстық жағдайына толық сәйкес келеді.
Теңге бағамы төмендеуінің соңғы кездегі тенденциялары халықтың теңгеге деген сенімінің артқанын дәлелдейді, ол мүмкіндігінше экономиканың доллардан арылуы процесін жеделдетеді.
Теңге тұрақтылығын сақтау және төлем балансының тапшылығын қысқарту мақсатында сыртқы саудадағы экспорт ынталандырылды.
Осы шарамен бірге бір мезетте ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғау мақсатында жекелеген тауарлар импортына шектеулер енгізілді.
Төлемдік дағдарыстың әсерінен отандық өндірушілер жаппай банкротқа ұшырады. Несиеге қойылған процент шектен тыс жоғары болғандықтан, көптеген кәсіпорындардың оларды алуға мүмкіндіктері болмады.
1995 жылдың екінші жартысынан бастап, валюталық нарықтың биржадан тыс сегменті жедел дамыды. 1996 жылы оның көлемі валюта биржасындағы операциялардың көлемінен асып кетті.
3-кезең. 1996-1998 жж. Әлеуметтік-экономикалық жағдайға жүргізілген талдау көрсеткіші көрсеткендей, ел экономикасының барлық салаларында реформалар процесінің әлі де жүргізілмегендігі анықталған. Республикадағы мұнай-газ кешенінде ТМД-дегі ең ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Шетелдік инвесторлар үшін салық салудың ұлттық режимі белгіленген, сонымен бірге, осы қолайлы режимді қамтамасыз ететін бірқатар заңдар қабылданды. Осы кезеңнің мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:
- ұлттық валютаның тұрақтануы;
- болжамдалған инфляция мен жұмыссыздық;
- отандық банктік жүйенің құрылуы;
- шетелдік банктердің қызметі;
- қаржылық нарықтың, соның ішіндебағалы қағаздар нарығының дамуы.
Валютаның айырбас бағамы саясаты - валюталарды сатып алу қабілетін қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығында валюталық алып-сатушылық (саудагерлік) операциялардың белсенді дамуына жол бермеу шараларын ескере отырып құралады. Бұл саясаттың мақсаты - барлық басқа қаржылық нарықтардың дұрыс қызмет етуі мен теңгені нығайтуға жағдай жасау.
Валюталық саясаттың дәстүрлі формаларының ішінде мынадай құралдар қолданылады: валюта бағамы тәртібін реттеу, валюталық интервенциялар, алтын-валюталық резервтерді басқару және теңгенің еркін айырбасталуы дәрежесін реттеу. Ұлттық банк теңгенің реттейтін еркін өзгермелі айырбас бағамын белгілеген еді. Канада және бірқатар басқа елдерде кең қолданылатын валюталық интервенциялар Қазақстанның ішкі валюталық нарықтарында жүзеге асырылуда. Валюталық интервенцияның мақсаты: валюталық нарықтағы конъюнктураның қысқа мерзімді өзгерістері арқылы теңгенің номиналды бағамының тербелісін баяулату болып табылады. Шетелдік валютадағы алтын-валюталық активтердің уақытша төмендеуі Ұлттық банктің валюталық интервенцияларды жүргізу саясаты нәтижесінде болды (1991 жылы - 11, 2 млн. АҚШ долларына, 1994 жылы - 18, 9 млн. АҚШ долларына, 1995 жылы - 106, 8 млн. АҚШ долларына) . Ұлттық валютаның тұрақты бағамын сақтау үшін алтынның құнын анықтаудың жаңа жолы іздестірілуде, оның құны энергия тасымалдаушылардың құнына байланысты белгіленге, бүкіл әлемде осы жол қабылданған.
АҚШ долларына қатысты теңгенің ресми айырбас бағамы биржалық және биржадан тыс валюта нарығының жағдайына, сонымен бірге, инфляция деңгейіне байланысты белгіленді.
Көп жағдайда мұндай бағам заңды тұлғалар арасындағы келісімдерде қолданылады.
1996 жылы халықаралық валюталық қормен келісімдегі 8-баптың шартына қосыла отырып, Қазақстан өзіне төмендегідей міндеттемелерді алды:
- валюталық шектеулерді енгізбеу немесе күшейтпеу міндеттемесі;
- көп валюталық бағамдарды қолдану тәжірибесін енгізбеу немесе өзгерту;
- төлемдік балансқа байланысты себептер бойынша импортқа деген шектеулерді енгізу немесе күшейту.
Келісімге сәйкес, ағымдық халықаралық келісімдер бойынша төлемдер мен аударымдарды орындаудың шектеулері алынып тасталды. Бұл жағдай теңгенің еркін айырбасталуын қамтамасыз ету және төлемдердің көп жақты жүйесіне өту шарттарына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Неміс маркасына қатысты теңге бағамы динамикасы мен АҚШ долларына қатысты теңге бағамы динамикасының ұқсастығы болғанымен, бірақ оның кең ауқымды қысқа мерзімдік тербелістері бар.
Ресей “рубліне” қатысты теңге бағамы динамикасы АҚШ долларына қатысты теңге бағамы динамикасына қарама-қарсы дәрежеде дамыды.
Валюта нарығы - Қазақстанның өте динамикалық қаржылық нарықтарының бірі.
Биржалық және биржадан тыс нарықтардан тұратын валюта нарығының жалпы айналымының өсу тенденциясы бар.
Табыстылық, өтімділік, тәуекелділіктің іс жүзінде жоқ болуы сияқты көрсеткіштер бойынша валюта нарығы мен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына елде әзірше альтернатив (балама) жоқ.
1996 жылғы валюталыық тәуелділіктерді хеджирлеу механизмін құру валюталық нарыққа тән ерекшелік болды. 1996 жыл ішінде валюталық фьючерс бойынша екі ауданда Қазақстандық агроөнеркәсіптік биржасы (ҚАӨБ) мен Қазақстандық қор биржасында сауда жүргізілді .
1997 жылдың ішкі валюталық нарықтағы валюталық айырбастау операцияларының ерекшелігі операциялық тәжірибеге СПОТ операциялары сияқты құралдарды енгізу болды. Мұндай операциялар АҚШ доллары және Қазастан теңгесі бойынша қысқа мерзімдік өтімділікті көтерудегі банктік тұтынуды қанағаттандыруға мүмкіндік берді.
Бұл кезде биржа нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың көтерілмеуі және валюта бағамының сәйкес түрде өзгермеуі тиіс ішкі рынокта 10 СПОТ операциясы жүргізілді.
Биржадан тыс валюта нарығының дамуына қарай, биржадағы сауда-саттық көлемдері азайды. Валюталық операциялардың едәуір бөлігі биржадан тыс нарықтың үлесінде. Биржалық көлемдер динамикасындағы мерзімдік факторды атап өту керек. Жыл басы мен аяғы шетел валютасына деген жоғары сұранысты сипаттайды. Қантар айында сұранас биржалық көлемнен артық болды. Мұндай мерзімдік фактор экономиканың барлық субъектілері үшін қаржылық жылдың алдыңғы жылдық аяқталуымен байланыстырылған.
1997 жыл ішінде қырқүйекте қаржылық құралдырдың (AFІNEX) Алматы биржасы болып өзгертілген қазақстандық қор биржасында 257 валюталық сауда-саттық жүргізілген. Сауда-саттық көлемі 1. 124. 7 млн. АҚШ долларына және 11, 2 млн. неміс маркасына тең болды.
1996 жылмен салыстырғанда, АҚШ долларына бойынша сауда-саттық 10, 5%-ке, ол неміс маркасы бойынша 25, 3%-ке азайды.
Фьючерстік контрактылар шетелдік валютаның сауда-саттығынан кейін 1, 2 және 3 айға (СПОТ) шарты бойынша жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz