Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының объективті негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының объективті негіздері 2
Экономикалық интеграция 3
Халықаралық еңбек бөлінісі 4
Қазақстан Республикасының әлем шаруашылық жүйесіндегі орны 6
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер 11

Кіріспе

XX ғасырдың екінші жартысы дүниежүзілік шаруашылықтың жедел даму
дәуірі болды. Бүгінгі қарама-қайшылықты әлемнің тұтастығы көптеген ортақ
мүдделерден өз көрінісін тауып отыр. Оларға дүниежүзілік шаруашылық
шеңберіндегі ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігі, халықтар арасындағы
дамып келе жатқан мәдени қарым-қатынастар және әр түрлі мәдениеттер мен
өркениеттердің өзара байланыстары жатады. Өздерін дүниежүзілік
шаруашылықтың социалистік жүйесіміз деп келген елдер тобының бірнеше
ондаған жылдар бойғы оқшаулану тенденциясы тоқталғаннан соң дүниежүзілік
шаруашылықтың бірлігі мен оның экономикалық заңдарының жетекші рөлі айқын
көріне бастады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының объективті негіздері

Дүниежүзілік шаруашылық өндіргіш күштердің тарихи ұзақ уақыт дамуының
объективті нәтижесі. Бұл процестің негізінде ұлттық шеңбердегі және
халықаралық сферадағы өндірістің қоғамдастырылуы жатыр. Өз кезегінде,
қоғамдастыру өндірістің қоғамдық сипатының күшеюінің белгісі болып
табылады. Тұтас алғанда, жеткілікті дәрежеде өзіндік, дара халық шаруашылық
кешендері бола тұрса да, дүниежүзілік шаруашылық жүйесімен көптеген арналар
арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтар әлемдік өндірістің тұлғалары болып
саналады.
Ұлттық шаруашылық шеңберінде қоғамдық, ұдайы өндірістің негізгі
процестері жүзеге асады. Тарихи тұрғыдан дүниежүзілік шаруашылық XIX—ХХ
ғасырларда дүние жүзі халықтарының басым көпшілігінің әлемдік шаруашылық
байланыстарға тартылуы нәтижесінде қалыптасты.
Дүниежүзілік шаруашылық пен ұлттық шаруашылық объективті біртұтас,
сонымен қатар қарама-қайшылықты. Бұл жерде дүниежүзілік шаруашылықты ұлттық
шаруашылықтардың тек жай ғана қосындысы деп қарастыруға болмайды, ол барлық
элементтері өзара әрекеттесетін және өзара тәуелді көп укладты экономикалық
кеңістік ретінде көрінеді.
Ұлттық, шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш
күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр қилы түр-
сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық т. б. байланыстар кешені.
Сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылықтың даму процесі өз негізінде
қайшылықты сипатта бола отырып, орталықтан алшақтау (ұлттық жіктелу) және
орталыққа ұмтылу (ұлтаралық бірігу) процестерінің бір мезгілдегі
әрекеттесуінің нәтижесі ретінде де көрінеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың
тұтастыққа ұмтылу тенденциясы қазіргі кезеңде өте айқын және оның болашағы
зор.
Дүниежүзілік шаруашылық біртұтас, сонымен қатар қайшылықты
экономикалық механизм ретінде экономикалық заңдардың, құн, бәсеке, қоғамдық
еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы салаларының арақатысы және халықаралық
еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің т. б. функционалдық өзара
байланыстардың ықпалымен айқындалады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы
неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топтасқан елдердің
экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің
интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен
көрсетуге болады.

Экономикалық интеграция

Дүниежүзілік шаруашылықта соңғы он жылдықта күрделі процестердің
жақындасуы және интеграция деп аталатын бірыңғай шаруашылық организмін
құруға бағытталған, көптеген елдердің ұлттық шаруашылықтарының бірін-бірі
толықтыру процесі жүріп жатыр. Ол интеграцияға бағыт алған елдердің
экономикалық және саяси өмірінің әр түрлі жақтарын қамтиды.
Интеграция — шаруашылық өмірді интернационалдандырудың (халықаралық
қоғамдастырудың) жоғары формасы, өте жоғары дәрежедегі халықаралық еңбек
бөлінісі және корпорациялық байланыстардың нәтижесі. Бұл жағдайда
халықаралық экономикалық байланыстар өзінің тұрақтылығымен айқындалады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде жүріп жатқан интеграциялық процестер негізінен
аймақтық сипатта болып отыр. Жоғары дамыған интеграциялық одақтар Батыс
Еуропада орналасқан. Ең алдымен осы елдердегі жаңа сипаттағы өндірістердің
ұлттық рыноктың тар шеңберіне сыймайтындығы көрінді. Оларды экономикалық
интеграцияға АҚШ және Жапония сияқты бәсекелестермен күресте төтеп беру
қажеттігі де итермелейді. 60-жылдардың ортасында Батыс Еуропада Еуропалық
экономикалық бірлестік ("ортақ рынок") құрылды. Ортақ рынок шеңберінде
кедендік салықтар жойылды, экспорт пен импортқа ұлттық шектеулер алынды,
үшінші елдерден алынатын импортқа қатысты бірыңғай кедендік тарифтер
енгізілді, аграрлық қор және ауыл шаруашылығындағы бағаны реттеудің жалпы
тәртібі қалыптасты. Жұмыс күшін, жалпы капиталды миграциялаудың либералды
шарттары жасалды, бірыңғай есеп айырысу бірлігі бар еуропалық валюта (экю)
жүйесі құрылды. Қазіргі кезде біріккен Еуропа идеясы практика жүзінде іске
асып отыр. 1992 жылдан кейін Батыс Еуропаның 12 мемлекеттерінің арасында
бірыңғай ішкі рынок нақты түрде құрылды, мұның өзін бір кездегі Еуропа
Құрама Штаттарын құру туралы ойды жүзеге асыру деп те атауға болады.
Бірыңғай паспорттар, стандарттар коммуникациялық жүйелер енгізіліп, өзара
саудадағы салықтар мен баж төлемдерін реттеуші нұсқаулар жойылды. Білім
туралы ұлттық дипломдар тең бағалы деп есептеледі. Еуропалық экономикалық
Бірлестікті Еуропалық Одаққа айналдыру процесі ойдағыдай жүргізілуде. ЕЭБ-
ке мүше барлық елдердің экономикалық дамуының дәрежесін теңестіретін және
валюталық паритеттерді біртіндеп қалыптастыруға негізделген валюталық Одақ
құру туралы да шешім қабылданды. Мамандардың бағалауы бойынша экономикалық
интеграцияның одан әрі даму бағдарламасын жүзеге асыру ең алдымен Батыс
Еуропа елдеріндегі өндіріс шығындарын төмендетеді, ғылыми-техникалық
процесті жеделдетеді, экономикалық өсу қарқынын жоғарылатады, сауда
жағдайын жақсартуды көздейді.

Халықаралық еңбек бөлінісі

Ұлттық шаруашылықтардың біртұтас дүниежүзілік шаруашылыққа бірігуінің
негізінде халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) жатыр. Ол жеке елдердің өнімінің
белгілі бір түрлерін өндіруге мамандануы болып табылады, солар арқылы елдер
өзара өнім айырбасын жүзеге асырады. ХЕБ капитализм дамуының мануфактуралық
сатысында пайда болды. Ол кезде ХЕБ негізінен екі жақты және үш жақты
сыртқы сауда байланыстары арқылы жүргізілді. Алғашқы кезде ХЕБ шектелген
сипатта болғаны даусыз.
Өнеркәсіп төңкерісі дәуірінде ұлттық шаруашылықтардың өзара байланысы
нығайып, олардың дүниежүзілік рынокқа тартылуы өсті. Ірі машиналы
индустрияның дамуы, өндіріс көлемінің ұлғаюы, өнеркәсіптің өзінде
мамандандырудың тереңдеуі жағдайында жекелеген елдер шеңберінде қазіргі
заманғы өнеркәсіп өнімдерінің ұлғаймалы ұдайы өндірісін қалыптастыру мүмкін
емес. Дүниежүзілік өндіргіш күштердің одан әрі дамуы ХЕБ-тің тереңдеу
тенденциясына жағдай жасайды. Өнеркәсіп салалары ішінде мамандандырудың
анағұрлым дамыған түрлері кеңінен тарала бастайды (заттық, бөлшектік,
технологиялық). Ал мұның өзі өнеркәсіп өнімдерінің халықаралық айырбасының
өсуінен көрініс тапты. Капиталды сыртқа шығару мәселесінде трансұлттық
фирмааралық кооперация елеулі рөл атқарады. Сонымен, халықаралық мамандану
неге негізделген? Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының барлық мүшелері
өздеріне пайданы қалай алады және әлемнің өндіргіш күштерін тиімді
пайдаланудың өсуіне қалайша жағдай жасайды? Бұл сұраққа осыдан 170 жылдан
астам уақыт бұрын салыстырмалы шығындар теориясын жасаған Д. Рикардо
жеткілікті түрде накты жауап берді. П. Самуэльсон, егер теориялар қыздар
сияқты сұлулық сынағына қатысатын болса, онда салыстырмалы шығындар
теориясының жеңіске жетері сөзсіз, өйткені ол әрі сымбатты, әрі қисынды
теория деп жазды. Әрине, егер біз оны асығыстықпен және ешқандай қисынсыз
қолданатын болсақ, онда ол өте қара дүрсін сияқты көрінер еді. Рикардоның
идеяларын қарапайым мысалдармен көрсетейік. Әрқайсысында табиғи байлықтың,
өнеркәсіптік тауарлардың, белгілі бір көлемі жинақталған екі елді алайық.
Бұл елдер арасында орын алатын айырбастың қажеттігінің бірінші дәлелі
олардың өндіріс жағдайларының әр түрлілігі. Климат жағдайларына сәйкес
солтүстік елдерде тропикалық жемістерді өсіру қолайсыз, немесе жекелеген
бір ел табиғи байлыққа, айталық мұнайға зәру. Ал екінші бір елде оның өте
мол қоры бар. Сондықтан басқа елдермен салыстырғанда белгілі бір тауарды аз
шығынмен өндіруге мүмкіндігі бар ел үшін де мамандану пайдалы. Айталық
кенеп өндірісінің шығыны Англияда Португалиямен салыстырғанда аз, ал шарап
өндіру шығыны керісінше. Бұл жағдайда артықшылықтары бар тауар өндірісіне
мамандану осы тауардың дүниежүзілік өндірісі мен сауда көлемін ұлғайтумен
қатар әрбір елдің осы екі тауарды тұтыну мүмкіндігін де жоғарылатады.
Сыртқы саудаға маманданудың себептері туралы мәселені А. Смит те
қарастырған, бірақ ол ұсынған шешім тым қарапайым еді. Ол Шотландияда да
жүзім шарабын өндіруге болады, бірақ еңбек шығындары шамадан тыс артып
кетеді, сондықтан ол елде мысалы, сұлы өндіріп, оны Португалияның аз
шығынмен өндірілетін шарабына айырбастаса неғұрлым тиімдірек болады деп
жазды. Д. Рикардо мамандануды салыстырмалы шығындар арқылы талдауды
негіздеді. Мысалы, Шотландия мен Португалияға қарағанда сұлыны да, шарапты
да аз шығынмен өндіреді. Дегенмен бұл елдегі шарап өндірісімен
салыстырғанда сұлы өндірісінің артықшылықтары бар, олай болса шығындар мен
айырбас пропорцияларының белгілі бір қатынастарына сәйкес Шотландияға сұлы
өндірісі неғұрлым тиімдірек те, Португалия үшін тек шарап өндірісі пайдалы
болар еді. Бұл қағиданы Рикардо еңбек құн теориясына негіздеп, мамандану
нәтижесінде екі жақта бірдей ұтысқа шығатынын дәлелдейді. Сонымен қатар Д.
Рикардо маманданудан келер пайданы халықтың барлық топтары пайдаланады деп
есептеді. Оның ойынша мамандану капиталдың қорлану деңгейін жоғарылатады,
ал ол өз кезегінде экономиканың өсу мен жұмысшы күшіне деген сұраныстың
артуын қамтамасыз етеді. Шығындардың салыстырмалы теориясы еңбек құн
теориясына негізделе отырып, Халықаралық еңбек бөлінісі мен
интернационалдық құнның мәнін түсінуге мүмкіндік берді. Салыстырмалы
шырындар тек қана екі ел үшін емес, тауарлардың да, елдердің де кез келген
сандары үшін де әділетті.
Швед экономистері Б. Олин мен Э. Хекшердің зерттеулері көпке белгілі,
Хекшер — Олин үлгісіне сәйкес, мемлекет өзіндегі артық өндіріс факторларын
неғұрлым тиімді пайдалану арқылы өндіретін тауарларды экспорттайды. Еңбек
ресурстарына қарағанда салыстырмалы артық капиталы бар мемлекет капитал
сыйымдылығы жоғары тауарларды өндіріп, оларды сыртқы саудаға шығаруы керек
және, керісінше, артық еңбек ресурстары бар ел негізінен еңбек сыйымдылығы
жоғары тауарларды экспорттауы тиіс. Халықаралық экономикалық байланыстардың
бастапқы даму сатысында артық мөлшерде бір өндіріс факторларының бағасы
салыстырмалы төмен болады да, ал олардың мөлшері жеткіліксіз жағдайда
бағалары салыстырмалы жоғарылайды. Хекшер — Олин үлгісінің қазіргі заманғы
варианттары ХЕБ-тің дамуы барысында өндіріс факторлары арасындағы
айырмашылықтар олардың бір елден екінші елге жедел ауысуы арқасында
жойылады деген пікірді ұсынады. Неокейнсиандық бағыттың өкілдері
халықаралық экономикалық қатынастарда мемлекеттік реттеу шараларының
жетілген механизмін жасау қажеттігін ұсынады. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық өндірістердің ұйымдастыру формалары
Шаруа қожалықтарының даму концепциялары
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Халықаралық еңбек бөлінісі
Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
Туркия республикасының құрылуы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Әлеуметтік шаруашылық нарығын құру қадамдары
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты
Пәндер