ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОГРЕСІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОГРЕСІ

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОГРЕСІ 3

І. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту 4

2. Шағын және орта бизнес туралы 5

3. Аграрлык мәселелер 6

4. Қаржылык сектор мәселелері 7

5. XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау 8

6. Ана, бала, аға ұрпақ 9

7. Тұрғын үй мәселелері 10

ҚОРЫТЫНДЫ 13

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 14

КІРІСПЕ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОГРЕСІ

Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мүны үлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.

І. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту

Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялык-инновациялық

стратегияны іске асыра бастадық. Бүл болашақтың бағдарламасы.

Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін тандай отырып, босекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандык кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.

Биылғы жылдың ортасына карай біздің қолымызда нарықтык туризм, мүнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және қүрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек деп санаймын. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы үзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.

Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі - үлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.

Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақүрылымы қазірдің өзінде кальштасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдан-дыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын қүраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институт-тарының колдауымен жүзеге асты.

Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қахарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жекеменшік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.

2. Шағын және орта бизнес туралы

Жапония, Германия, Бельгия, Йталия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын күрайды, көптеген дамыған еддерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді.

Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.

Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс.

Қазақстандыктардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!

Мен өңірлерді экономикада өршіл болуға шақырамын.

Ендігі жерде жаңа идеологияға сойкес заңнаманы сапалық жағынан жақсарту міндет.

Қысқасы, сөзден іске көшетін, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекетгік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жүмысты тындыратын сәт туды. Сол аркылы біз бизнеске тың тыныс ашамыз.

Бүл ретте бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы қүрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Әлбегге, бүл шараларға қарсыласу да, сөзбүйдаға салу да болмай қоймайды. Бірақ Үкіметтін батылдық танытып, бүл іске мықтап кірісетін кезі келді.

Келесі бір мәселе туралы. Даму банкі мен Инвестициялық корға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан «Шағын кәсіпкерлікті дамыту коры» өзіндік бір «Үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Біз қорға биылғы жылы республикальщ бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субъектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек. Мүның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.

3. Аграрлык мәселелер

Биыл үш жылдык аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру аяқталады. Біз еліміздегі аграрлык бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүиесін непзінен қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57, 9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді. Бүл рекордтық сан.

«Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет.

Алдағы уакытта Бүкілдүниежүзілік сауда үйымына кіруіміз, біз бүл мәселені талай мәрте талқылаған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге кабілеттілігіне айрықша талаптар коятын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустриялан-дыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жеке меншік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ кредиттерді де, атап айтканда, агроиндустриялық саясат арнасында осында тарту керек.

4. Қаржылык сектор мәселелері

Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір қүнды қағаздар нарығын дамыту мен 2005-2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту

бағдарламалары кабьшданды. Енді тек жүмыс істеу керек.

Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең аддымен, мүның меншік күрылымы мен аффилирленген түлғалар туралы моліметтерге қатысы бар. Банк кабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық түлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген түлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бүл жүмысты батыл жүргізуі міндет.

5. XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау

XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялык және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика қүра алмаймыз.

Демек, барлық денгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қоддануымыз шарт.

Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар денгейінде білім беру. Ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемде танылуға тиіс. Олар мүны істеуге міндетгі.

Біздің әрбір казақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беруіміз керек.

Студенттердің оқуын бюджеттен қаржы-ландырудың бірыңғай жүйесін қүру мақсатында Үкіметке білім беру кредиттерінің есебінен білім беруге арналған кредиттердін мөлшерін 50 пайызға арттыруды тапсырамын.

Сонымен бір мезгілде осы аталған кредиттердің қайтарылуына мемлекеттік кепілдігін беруді қамтамасыз ете отырып, екінші деңгейдегі банктер арқылы студенттерге кредит бөлудің осы заманғы жуйесін жасау керек.

Үкіметтің каникул кездерінде студенттерге тұрғын үйлер түрғызатьш қүрылыс отрядтарывда жүмыс беру, елімізді көгалдандырудың «Жасыл ел» бағдарламасын өрістетіп, бүл игілікті іске студенттерді қатыстыру мәселесін нақтылы карауы міндет.

Енді окытушылар жайында. Олардың проблемалары да бізге жақсы мәлім, бүл проблемалар шешіліп те жатыр, алайда, бәрін бір сәтте шешіп тастау да мүмкін емес. Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарының ассоциациясымен бірлесіп, профессор-оқытушылар қүрамына қолдау көрсету жүйесін ойластырғаны жөн. Айталық, қазірдің өзінде кез келген шетелге тәжірибеден өтуге баруды қарастыратын әрі бір жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргізуге берілетін гранттың мәртебесіне ие «Үздік оқытушы» мемлекеттік стипендиясын тағайындауға болар еді.

Менің тапсырмам бойынша биылғы жылы Қазақ Үлттық университеті мен Еуразия Үлттық университетіне 20 шетелдік оқытушы-кеңесшілер тарту үшін 2 млн. доллар бөлінді. Ендеше Батысқа танымал өзіміздің үздік маман-дарымызды дәл осылайша неге марапаттамасқа!

Өзіміз зәру болып жүрген әрі кадрларды сырттан шакыруға можбүр етіп отырған техникалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту керек деп санаймын.

Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біздің 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулыктар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек.

Біз мүғалім мамандыгынын беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз.

6. Ана, бала, аға ұрпақ

Біздің стратегиямыздың маңызды моселесі - қоғамның ең бір әлсіз корғалған мүшелерінің -балалардың, олардың аналарынын және аға үрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бүл мәселелерді шешу үшін қаражат аямайтын болады. Біз балалар мен жүкті әйелдерді дәрі-дэрмекпен қамтамасыз ету жөнінде нақтылы шаралар қабылдадық, енді оларды іске асыратын боламыз.

2003 жылдан бастап, перзенттің дүниеге келуіне байланысты біржолғы жәрдемақы төленіп келеді.

Биылғы жылдан бастап, біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған олеуметтік реформаларды терендетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі олеуметтік төлемдер.

Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру. Ақыр аяғында, бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың карттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады.

7. Тұрғын үй мәселелері

Ендігі бір өзекті міндет - түрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын.

Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, қолдарынан не келетінін қазақстандықтарға көрсетсін. Түрғын үй қүрылысы - біздің экономикамызды алға сүйреуші қуатты күш.

8. Рухани даму мен конфессиялар аралық келісім

«Мәдени мүра» бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет.

Біз осы саланы мемлекеттік қолдаудың толымды бағдарламасын қалыптастыруымыз керек.

Қазақ топырағы арқылы барлық әлемдік діндер откен, сондықтан да жатырқаушьшық немесе діни фанатизм сезімі бізге жат. Осынау рухани дәстүр, Жаратушының қандай жолмен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің ашықтығы - Қазақстандағы конфессиялар аралық татулықтың аса маңызды түғырларының бірі. Біз өзіміздің жатсынбас түрпатымызбен, этностар аралық, конфессиялар аралык татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз. Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мүқият сақталып, дамытыла береді.

9. Жоғарыда айтылған сөздердің бүгінгі күні әрбір отбасы үшін, әрбір қазақстандық үшін мәнісі неде?

1. Биылғы жылдан бастап, біз іс жүзінде әрбір отбасының мүддесіне игі ықпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі теревдету бағдарламасын іске асыра бастадық.

2. Үстіміздегі жылдан бастап, біз жекелеген сырқаттар бойынша бес жасқа дейінгі балаларды дәрі-дәрмекпен, ал жүкті әйелдерді - қүрамында темір мен йоды бар препараттармен амбулатория-лық деңгейде тегін қамтамасыз ететін боламыз.

3. 2006 жылдан бастап, диспансерлік есепте түратын және амбулаториялық деңгейде жеңілдік шарттары қолданылатын балалар мен жасөсшрімдерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге көшуіміз керек.

4. 2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына 18 жаска дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп бірге түратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе I және II дәрежелі «Ана даңкы»

2 3 белгілерімен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 4000 теңгеге дейін көбейтілуге тиіс.

5. Біз нәрестенін тууына байланысты бір жолғы жордемақыларды қазір де төлеп келеміз. Енді соларға қосымша бүрын жоспарланғандай 2007 жылдан емес, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап, бір жасқа дейінгі сәбиді күту жөнінде мемлекеттік жәрдемакылар енгізу қажет деп санаймын.

6. Биылғы 1 шілдеден бастап, біз барлық зейнеткерлерге, еңбек өтіліне, жалақысы мен тағайындалған зейнетакысының мөлшеріне қарамастан, 3000 теңге мөлшерінде косымша негізгі зейнетақылык төлем жасайтын боламыз. Осылайша ең төменгі зейнетақының мөлшері негізгі зейнетақылык төлеммен бірге 9200 теңгені қүрайтын, ал зейнетақының орташа мөлшері 12 мьвд теңгеден асатын болады.

7. Биылғы 1 шілдеден бастап, біз жоғары оку орындары студенттері, сондай-ақ орта кәсіптік білім беру үйымдары окушылары стипендиялары-ның мөлшерін 2 еседен астам өсіретін боламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы (1997-2011 жыл)
Қазақстан экономикасы, әлеуметтік саясат және интеграция
ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
Қазақстандағы саяси жаңарулар
Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде
Дәріхананы автоматтандыру бағдарламасын құру
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - еңбек құралдарының құндық көрінісі
Қазақстан Республикасының экономикалық проблемалары, мәселелері, ұсыныстар мен оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz