Мемлекеттік борыш оның түсінігі және түрлері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Мемлекеттік борыш оның түсінігі және түрлері 3
Мемлекеттік борышты шешу түрлері 9
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18
Кіріспе
Дүниежүзі экономикасының ең маңыздысы шаруашылық жүйелердің
интеграциялануы. Глобализациялану жағдайында көптеген елдер экономикасы
экспорттық бағытта дамытылуда, мемлекеттер және трансұлттық компанияларының
арасындағы бәсекелесушілік күшейтілуде. Глобализациялық процесс жағдайында
көптеген мемлекеттер өздерінің экономикалық саясатын өзгертуде. Мемлекет
экономикалық және әлеуметтік салаларда жетістіктерге жету үшін даму
стратегиясының дұрыс бағытын таңдауға тиіс.
Капитал өндіріс факторының бірі. Ол товар өндірісі үшін және
материалды байлықты құру үшін қажетті товар, ақша, өндіріс ресурстарының
қоры.
Сондықтан капитал ресурстарынының тапшылығы елдердің экономикасының
дамуына әсерін тигізеді. Осы себептен олар капитал ресурстарын шетелдік
инвестиция арқылы тартады. Шетелдік инвестиция арқылы ішкі нарық
бәсекелестігін арттыруға, импорталмастырушы өндірісті дамытып, экспорт
қабілеттігін арттыруға болады.
Ақырғы кездегі көптеген экономикалық жетістіктерге жеткен
мемлекеттерге тән ортақ қасиет - олар қарыз алмайды, тек шетелдік
инвестицияларды тартады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап
алған болатын. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Ресейдің үлгісімен
бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып
жекешелендіруге кірісті.
Нарықтық экономикаға қарай көшуде, меншіктің түрін өзгертуде, аралас
экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
Осы салада мемлекеттік борыш саласында да елеулі істер жасалынды.
Мемлекеттік борыш оның түсінігі және түрлері
Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.
Мемлекеттік борыш — бұл алынған және белгілі бір күнде өтелмеген
мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса).
Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өңдірісті және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде
мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет
мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногіне,
қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі
және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және
ағымдағы мемлекеттік борыш болып ажыратылады. Күрделі мемлекеттік борыш деп
мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл
сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады.
Ағымдағы борыш — бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша
несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу
жөніндегі шығыстар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей
Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған
кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер борышты несиегерлердің түрлері
(типтері) бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік банкке,
Халықаралық валюта қорына және Қазакстандық экспортты қаржыландыратын
ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиегерлерге де тиеді.
Бұлар көбінесе Қазакстанның бағалы қағаздарын — қазынашылық
міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноттары мен еурооблигацияларын сатып алатын
шетелдік жеке және заңды ұйымдар. Орналастырылған еурооблигацияларды өтеу
мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың негізгі
баптарының бірі болып отыр.
Жекеше несиегерлердің басқа тұрпаты — шетелдік коммерциялық банктер.
Несиегерлер арасында Республика экономикасына берілген қысқа мерзімді
жұмсалымдар айрықша танылып отыр. Ақшаны негізінен шетелдік қаржылық емес
ұйымдар берді. Шетелдік коммерциялық банктердің үлесіне Қазақстанның
кепілденбеген сыртқы борышының небәрі 23,6% ғана тиіп отыр. Ақшаны алған да
негізінен банктер емес. Борыштың 86,9% өзіне отандық кәсіпорындар алды.
Донор-елдер арасында Жапония, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды
елдері аса ірі несиегерлер болып отыр. Швецариядан алынған сыртқы ресурстар
10% дейін және халықаралық ұйымдардан — 21% дейін артты.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы
болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі
және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған
елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары
экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың
кіріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан,
банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелерінен қарызға алынған ақша
қаражаттары өнімді пайдаланылады жоне аталған қарызгерлердің активтері
ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш "ұлттың өзіне өзінің қарызы" ретінде
қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі
борышты басқару жөніндегі пайыздарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі
бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға
қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен
жабылады. Ішкі борыштын өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді,
мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар
келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:
Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет каражаттарының есебінен,
яғни салык төлеушілердің ессбшен жүргізіледі; сөйтіп, табыстар мемлекеттік
бағалы кағаздар иелеріне. әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.
Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік борышты азайту жөніндегі
мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалык, тәуелділіктер қосылады;
жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық өнімнің азаюына
ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жұмсалымына деген
ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау
қысқарады.
Жеке меншік кәсіпкерлердің "инвестицияларын ығыстыру" нәтижесі іс-
әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын
немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногіне шыға отырып, ақша рыногінде
бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақша капиталының пайыздық
мөлшерлемелері артады. Бұл жеке меншік секторды инвестициялардың бір
бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-теңді таза
ұлттық өнімді азайтады.
Егер мемлекет ақша рыногінің оқшауландырылған қаражаттарын тұтыну
мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика
жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің
келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.
Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік
борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптар бойынша ажыратылады.
Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет тұрғызатын өзгеше "қаржы
пирамидасы" болып табылатын мемлекеттік қазынашшық міндеттемелер бойынша
берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа
қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.
Ішкі мемлекеттік борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
Бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алған кредиттер бойынша Ұлттық
банкке берешек;
облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген
халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша
борыш.
Қазақстанда оның дербес дамуынан бастап, ішкі мемлекеттік борыштың
өзгеше нысандары болды: ауыл шаруашылығы өнімнің, жеңіл өнеркәсіп
шикізатының баға айырмашылығын өтеу және ауыл шаруашылығы өнімнің сатып алу
бағасына сараланған үстемелер бойынша бюджеттің есептен шығарылған
берешегі, мұның өзі бөлудің әкімшілік әдістері жағдайындағы баға
сәйкессіздігінің нәтижесі болатын;
ауыл шаруашылыгы кәсіпорындары мен су шаруашылығы ұйымдарының
қырсыздығы, несие берудің және шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп
әдістерінің қағидаттарын бұзушылык салдарынан болған банк несиелері бойынша
есептен шығарылған берешегі;
"директивалық " кредиттер деп аталатын нысандағы жинақталған, сондай-
ақ ішкі республикалық есепке алу міндеттемелеріне қызмет көрсету және
оларды өтеу жөніндегі берешек. Директивалық кредиттерді Ұлттық банк Қаржы
министрлігінің кепіддіктерімен кәсіпорындар мен салаларға дағдарыс
жағдайындағы олардың шаруашылық қызметін қолдау үшін беретін. Ішкі
республикалық есепке алу кәсіпорындар мен ұйымдардың дебиторлық және
кредиторлық берешектері бойынша өзара борыштарын өтеу үшін жүргізідді.
Директивалык кредиттер мен өзара есепке алуды пайдаланудың нәтижелері
бойынша келеңсіз салдарларға байланысты ішкі несие берудің бұл нысандары
бұдан былай қолданылмайды.
Ішкі мемлекеттік борыштың пайда болуы мен үдей түсуі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығынан туындайды. Қазақстан үкіметінің ішкі
мемлекеттік борышы 2000 жылы елдің ЖІӨ-нің 3,4%-ын және жалпы борыштың
(сыртқыны қоса) 13,2%-ын құрады, мұның өзі борыштың бұл түрінің біркелкі
параметрлері ретінде көрінеді.
Сыртқы мемлекеттік борыш — шетелдік несиегерлер турасында (жөнінде)
белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық
міндеттемелерінің сомасы.
Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүниежүзілік практика болып
саналады. Алайда оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы
қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын
қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкісінің таза алтынвалюта резервтерінің
50 пайызынан аспауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту
несиегер елдерді экономикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.
Дүниежүзілік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы
сипаттау үшін арнайы көрсеткіш — борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті
пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің (негізгі сома және пайыздар бойынша)
елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылады. Мұндай
қатыстың қауіпсіз деңгейі 25% болып саналады.
Елдің экономикасының көлемімен салыстырғандағы оның сыртқы борышьшың
мөлшері туралы түсінікті Дүниежүзілік банктің сыныптамасы негізінде жасауға
болады. Осы халықаралық қаржы ұйымының анықтауы бойынша мемлекеттің
берешегі төмен деп есептелінеді, егер:
а) жалпы сырткы борыштың жалпы ішкі өнімге қатысы 48%-дан аспаса
(Қазақстанда — 33,8); ә) жалпы сыртқы борыштың экспортқа қатысы — 132
(бізде — 113); б) берешекке қызмет көрсету сомасының экспортқа қатысы — 18
(22,8); в) сыйақы (мүдде) төлемдерінің экспортқа қатысы — 12 (5,1). Сөйтіп,
егер мезгілі өткен төлемдердің көптігін есепке алмасақ, Қазақстанның
берешегін әзірше төмен деп санауға болады. Бірақ республика борышының
жоспарлы өсіп отырғанын, ал оның экспортының керісінше төмендеп отырғанын
ескерсек ахуалдың нашарлауы мүмкін.
1- сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
Алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес
сыртқы қарыздардың, сондай-ақ Қазакстан Республикасы резиденттерінің
Қазақстан Республикасы бейрезиденттерімен келісімшарттары бойынша
берешектік мівдеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы жалпы сыртқы борышты
құрайды. Ол сыртқы мемлекеттік борышты және ішкі мемлекеттік борышты
қамтиды. Сыртқы мемлекеттік борыш — Қазақстан Республикасы өкіметінің
жергілікті атқарушы органдарының және Ұлттық банкінің Қазақстан
Республикасының бейрезидент несиегерлері алдындағы сыртқы мемлекеттік
қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының
құрамдас бөлігі. Ішкі мемлекеттік борыш — үкіметтің, жергілікті атқарушы
органдардың және Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының қарызгер-
резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздар мен басқа да борыштық
міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың құрамдас бөлігі.
1992 жылы бұрынғы КСРО-дан мұра болып қалған Қазақстанның сыртқы
борышы 3,2 млрд. долларды құрады. 1993 жылдың соңына Россия Федерациясымен
бұрынғы КСРО-ның сыртқы борышындағы Қазақстанның үлестік борышы мәселесін
реттеген "нөлдік вариантты" келісімге қол қойылғаннан кейін және берешектің
бір бөлігін қайта ресімдегеннен кейін Қазақстанның сыртқы борышы 1,9 млрд.
долларды құрады. Бұл борыш экспорттық мүмкіншілігі бар Қазақстан
Республикасы үшін көп емес еді. 1995 жылдың соңында ХВҚ-дан сатымдық
ресурстарды қоса жалпы сыртқы борыш 3,09 млрд. долларды құрады (шамамен ЖІӨ-
нің 19%). 1999 жылдың басында жалпы сыртқы борыш ең жоғарғы мөлшерге —
8229,4 млн. долларға жетті. 2001 жылдың басында Үкіметтің сыртқы борышы
3272 млн. долларға, Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш — 694,6 млн.
долларға, жиыны — 3966,6 млн. долларға бағаланды. Бұл ішкі борышты қамтыған
Үкіметтің барлық борышының 86,8%-ын құрады. Алайда жекеменшік сектордың
борышымен бірге — 8456 млн. доллар (соның ішінде фирмааралық берешекті —
6719 млн. доллар) жалпы сыртқы борыш 12422 млн. долларға жетті. 2002 жылы
мемлекеттің сыртқы борышының мөлшері ЖІӨ-нің 12 пайыздайын құрады.
Мемлекеттік борышты шешу түрлері
Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық
міндеттемелерді өтеуді төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығындарды қажет етеді,
олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шығындар деп аталады.
Қазақстан Республикасының өкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет
көрсетуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған республикалық бюджет
туралы Қазақстан Республикасы Заңында кезделген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz