Қазақстанның технологиялық дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның технологиялық дамуы

Ғылыми-техникалық потенциал кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының
негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткеніндей,
экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы - ғылыми-техникалық және
технологиялық салада лидер болу.
Технологиялық жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-
техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан
бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер жаңа технологияларды тиімді басқару мен
ұйымдастыруға көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және
технологиялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады.
Өйткені мемлекеттік технологиялық саясат – технологиялық жетістіктерді адам
игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде
жақсартуға бағытталған. Сондықтан да, шетел технологиясы мен техникасын
игерумен қатар, өз ұлттық ғылыми-техникалық потенциалымыздың дамуына жағдай
жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды
бағалай білуіміз қажет.
Технологиялық жетістіктерді өндіріске енгізу қазіргі кең талғамды
нарыққа сапалы, әрі тұтынушылардың сұраныстарын зерттей отырып, кең
ассортиментте әртүрлі өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.
Технологиялық процестерді жетілдіруге итермелейтін тағы бір жайт, ол -
көптеген өндірістердегі негізгі құралдардың тозуы.
“Қазақстанда өндірістік аппараттардың тозуы жоғары, сондықтан оларға
алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды енгізу қажет. Отандық тауар
өндірушілер мұндай құрал-жабдықтар шығара алмайды, бұл тұрғыда инновациялық
технологиялар импорты қажет және ол мемлекеттік мүддеге сай. Онсыз мемлекет
жоғары технологиялы бәсекеге қабілетті және ғылыми қамтымды өнімдер шығару
мүмкін емес”.
Жалпы, технологиялық процестерді экономикаға енгізу бағыттарына қарай
тауарлық және өндірістік деп ажыратуға болады. Тауарлық технологиялар
өнімнің сапалық қасиеттерін жаңартуға, өндірістік технологиялар жаңа өнім
түрлерін шығаруға бағытталған жұмыстарды қамтиды. Бұл тарапта, Қазақстанның
технологиялық дамуын қамтамасыз етуде кәсіпорындардың материалдық-
техникалық базасын нығайту, шикізаттардың терең және жүйелі өңделуі және
соның негізінде биологиялық қуаты жоғары сапалы өнімдер шығару мемлекеттің
қаржыландыруына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаржы тартылуына,
қазіргі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жарақтандыру мен жаңартуға
мүдделі.
Қазіргі кезде кәсіпорындардағы технологиялық жұмыстар өндірілетін
өнімдердің сапалық қасиеттерін арттырумен қатар, әлемдік нарықта үлкен
сұранысқа ие бола бастаған өнімнің жаңа түрлерін шығаруға да ықпалын
тигізуі қажет. Экономикалық әдебиеттерде өндірістік процестерді
диверсификациялау және өнімді дифференциациялау деген атаумен белгілі бұл
бағыттар жаңа өнімдер шығару арқылы, кәсіпорынның нарықтағы бәсекелік
қабілетін нығайтуға және өндіріліп жатқан өнімдердің сапасын жаңа
қасиеттермен арттыру арқылы тұтынушылар сұранысын қалыптастыруға сүйенеді.
Бұл бағыттардың өзіндік құндылықтары да бар, оларға:
- өнімнің бағасын жоғарылату;
- нарықта жаңа тұтынушыларды табу;
- сауда белгісін нығайту;
- бәсекелестерден ерекшелену мүмкіндіктері жатады.
Аталған ерекшеліктердің өндіріске тиімділігін арттыру үшін нарықтық
талаптарға сай, қажетті көлемде өнімдерді шығаруды қамтамасыз еткен жөн.
Біздіңше, отандық өндіріске технологиялық жетістіктерді енгізу
өнімдерінің бәсекелік қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған
кәсіпорындардың ғана емес, осы талпыныстарды қолдап отыратын мемлекеттік
саясаттың да бөлінбес бір бөлігі болуы тиіс.
Қазіргі жағдайларда жоғары технологиялы экономиканы құруда мемлекеттің
орны заңдылық ретінде ұлғаюы тиіс. Бұл мемлекеттік ғылыми саясатты әрдайым
дамыту мен диверсификациялау, маңызы жоғары түбірлі ғылыми зерттеулер
нәтижесін өндіріске енгізу негізінде жүзеге асуы мүмкін. Өнеркәсіптегі
құрылымдық-инвестициялық өзгерістерді жылдамдатуда мемлекеттің ықпалынсыз
ғылыми сиымдылығы жоғары технологияларды салықтық, бюджеттік және сыртқы
сауданың экономикалық инструменттері арқылы енгізу мүмкін емес.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық қызметті реттеу
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Бизнес инкубаторларды басқару
Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Үдемелі иновациялық бағдарламадағы жаңа саясат
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы
Инновация экономикалық дамудың негізі ретінде
Экономиканың аймақтық дамуы
Пәндер