Нарық дамуының қазіргі экономикалық теориялары: кейнсиандық, неолибералдық және неоклассикалық синтез


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

НАРЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ

Батыс мемлекеттері шаруашылық саласындағы саясатты анықтайтын қазіргі әртүрлі экономикалық теория мен мектептердің шартты түрде екі бағытын бөліп қарауға болады: біреулері сұранымды ынталандырушы жақтаса, екіншілері - ұсынымды құптайды.

Бірінші бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс болып табылады. Оның басты еңбегі - «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1936) деп аталады. Нарық жағдайыңда сұранымын ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмысыздықтан құтқарады деген тұжырымға келді. Жұмыстылық деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж. М. Кейнстің жасанды негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылынан 80-ші жылына дейін «кеңестіліктің» әсерінен реттеу жүйесі жүзеге асты. Дж. М. Кейнстің ізбасарларына француз «дирижистерінде» жатқызамыз. Олардың ойынша, «экономиканың өзін-өзі реттеуі» автоматты түрде жүзеге асатынына сенімін жоғалтқан. Олардың басты жоспарлайтын нәрсесі макроталдау (макроанализ) болды. Экономиканың негізін жалпы нәрселер құраған: мысалы, ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, жиынтық қоғамдық сұраным мен ұсыным мәселелері және т. б. Экономиканың тиімді дамуы бұл бағыттағы экоиомистер мемлекеттік реттеумен байланыстырады. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың көптеген бөлігін алып, оны тиімді сұраным мен толық жұмыстылықты қамтамасыз етуге колданады: экономикада мемлекетгік сектор ұлғаяды, қосымша жұмыс орындары дайындалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесі (зейнетақы, жәрдем акы, білім мен денсаулық сақтауға қаржылар т. б. ) іске асады. Осы бағытты қолдайтын экономистердің ойынша, экономиканың дамуына мемлекет басты бағыттаушы күшке айналып, оның көмегімен нарықтың келеңсіз жақтары баяулайды.

ХХ-шы ғасырдың жетпісінші жылдарындағы эколомикалық дағдарыс пел кәсіпкерліктің белсенділіктің бәсеңдеуі. А. Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен эколомикалық теорияда жаңа бағыттар туа бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру идеясын тілге тисек етті. Олардың ойларынша нарық механизмі, бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық» немесе «неолибералдық» бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жайдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынталандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқты әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бой көтере бастийды. Олардыц қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс мен қоғамдық әл-ауқаттың қарқынды өсуіне алып келеді. Ұсынымды ынталандыру теориясы рейганомика мен тэтчеризмнің негізін қалады.

«Неолиберализмнің» белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес (1881-1973 жж. ), Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридмен (1912 ж. т. ), Германияда - Фридрих Август фон Хайекті (1899-1964 жж. ) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық теорияның қазіргі вариантымен осы бағытқа « монетаризмді » айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы - экономикалық өсудің мүмкіншілігі меп тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру.

Негізгі екі бағыттың іштей дифференциацияланудың өрбуі осы бағыттардың өзара жақындасу тенденциясын тудырады. Осы тенденцияның айқын көрінісін америка экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915 ж. т. ) «неоклассикалық синтез» теориясы болып табылады. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше, «еркін бәсекеде адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен - нәтижесінде аралас экономика пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі нарық теориялары және нарыққа көшу
Қазіргі нарық теориялары мен нарыққа көшу модельдері
Жалпы экономикалық тепе-теңдік: классикалық, неоклассикалық және кейнсиандық модельдер мен ішкі-сыртқы тепе-теңдіктің өзара байланысы
Қазіргі таңдағы валюталық нарық дамуының негізгі тенденциялары
Халықаралық сауда теориялары: меркантилизм, классикалық және неоклассикалық көзқарастар
Кейнстің экономикалық ілімі: неокейнсиандық синтез пен посткейнсиандық эволюция
Джон Мейнард Кейнстің экономикалық теориясындағы белгісіздік факторы және кейнсиандық тұжырымдама
Еңбекпен қамтудың классикалық, неоклассикалық және қазіргі концепциялары мен реттеу механизмдері
Экономикалық дамудың циклдық теориялары және қазіргі циклдық ерекшеліктері
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы мен неоклассикалық теорияның микроэкономика мен экономиканы ғылым ретінде қалыптастырудағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz